Бастауыш мектеп оқушыларын әдебиеттік оқу сабақтарында Абай шығармалырын оқыту арқылы тәрбиелеу
Кіріспе
1 Бастауыш мектеп оқушыларын әдебиеттік оқу сабақтарында Абай шығармалырын оқыту арқылы тәрбиелеудің теориялық мәселелері
1.1 Бастауыш мектепте қазақ халқының ұлы ойшылы Абай шығармалырын оқытудың тәрбиелік мәні
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларына әдебиеттік оқу пәнінде оқылатын Абай шығармаларының негізгі ойын ұғындыру
ІІ Бастауыш мектеп әдебиеттік оқу пәнінде Абай шығармаларын оқытудың педагогикалық шарттарын негіздеуге байланысты эксперименттік іс.тәжірибелер
2.1 Әдебиеттік оқу пәнін оқыту барсында бастауыш мектеп оқушыларын Абай шығармалары арқылы тәрбиелеудің әдіснамалық негіздері
2.2 1.4 . сыныпта әдебиеттік оқу пәнін оқыту арқылы оқушылардың Абай шығармалары арқылы тәрбиесін жетілдіру жолдары
2.3 Жеке өз іс.тәжірибиемен сабақ жоспарларының үлгілері
Қорытынды

Қазіргі заманғы бастауыш сынып мұғалімі - дербес әрі сыни ойлай алатын, білімін жылдам өзгеріп тұратын әлеуметтік және кәсіби ортаға бейімдеп пайдалана білетін, рефлексияға, зерттеушілік және шығармашылық әрекеттерге дайын, оқыту технологияларын меңгерген, барлық педагогикалық жаңашылдықтарға ашық, өзін-өзі дамытудың тетіктерін меңгерген, бәсекеге қабілетті- ұстаз.
Мұндай мұғалімдер алдында қазіргі заман талабына сай білімді, ұлтжанды, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті, кез-келген жағдайдан жол таба білуге бейім, отансүйгіш, яғни өз елінің тағдырына немқұрайлы қарамайтын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндеттерді шешу неғұрлым ерте қолға алынса, соғұрлым нәтижелі болатындығы белгілі.
Бастауыш мектеп жасындағы бала оқуда табысты болуды қалайды. Бұл жастағы оқушыларға қиялдау тән. Олардың ерік сапалары жетіледі, зейіні тұрақталып, есте сақтау қабілеті дамиды. Ойында, оқуда ынтымақтасуға, бір-бірін түсінуге, өзара тапсырма бөлісуге үйренеді. Бұл сатыда мұғалім басты тұлға болып табылады.
Оқу - баланың жеке тұлғалық және әлеуметтік тәжірибесінің, сондай-ақ өзін-өзі тану мен дамытудың қуатты құралы. Бұл ретте «Әдебиеттік оқу» пәнінің алатын орны ерекше. Оқу сабақтары балаларды сөздік шығармашылыққа, көркем шығармаларды оқуға ынталандырады, тәрбиеге ықпал етіп, оқушы тұлғасын қалыптастырады.

1. Қазақстан-2050 Стратегиясы -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2013ж.
2. «Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты». Алматы -2006ж.
3. «Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары 1-4 сыныптар», Алматы-2010ж.
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. / Педагогика Алматы. 2002ж.
5. Жұмалиев. Т., Ақшолақов.А. / Әдебиеттік оқу 1996ж.
6. Қоянбаев Р.М., Ыбыраимжанов Қ.Т. / Педагогикалық сөздік түркістан. 2007ж.
7. Асанова Қ. « Пәнге қызықтыра білеміз бе?» «Қазақстан мектебі» 1989-4
8. Байжұманова Б. «Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту» «Қазақстан мектебі» 2000-№2
9. «Ақ сандық, көк сандық». Алматы. «Жазушы». 1988 ж.
10. Едігенова А. «Танымдық қызығу ерекшеліктері», «Қазақстан мектебі» 2003-№10
11. Тілешова. С. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау Алматы. 1993 ж.
12. Полянский С.Н. Хрестоматия по педагогике Москва «Просвещение» 1972ж.
13. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, Санат, 1995ж.
14. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. - А., 1994 ж.
15. Выготский Л. С. Педагогическая психология Москва 1991ж.
16. «Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы». 1-4 сынып. Алматы. 1997ж.
17. Бектаева Қ. Елеубаева Ж. Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу» сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. 2008ж.
18. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика 2003ж.
19. Қ.Р.білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы Қ.Р.Президентінің 2004ж 11 қазандағы №1459 жарлығы, өзгертулер мен толықтырулар 2007 ж 15 ақпаны
20. Лихачев Б.Г. Философия воспитания. - М.: Прометей. – 1996ж.
21. Ахметов Ә. Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы - Алматы, 1992ж.
22. Абай. (Ибрахим Құнанбаев) ІІ-томдық шығармалар жинағы.
Өлеңдер поэмалар. І-ші том. Алматы, 1986 ж.
23. Абай. Қалың елім қазағым, өлеңдер. Алматы, Атамұра. 2002ж.
24. Сухомолинский В.В. Избранные педагогические сочинения: в 3 т. /Сост.: учебное пособие. - 2-е изд., перераб. и доп. -М: Логос, 2003г.
25. Ахметов 3. Абайдың ақындық әлемі. Алматы, Әдебиеттік оқу . 1995ж.
26. Ахметов Ш. «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы». Алматы, 1980ж.
27. Жаманқұлов.А. «Әдебиеттік оқу оқулықтарының тәриелік нысандары». «Бастауыш мектеп». 2003ж. №7
28. Ізғұттынова А. Қазақ халық ауыз әдебиеті - тәрбие бастауы. 2004ж.
29. Молдатаева М. Тілді дамыта оқыту. //Бастауыш мектеп 2003ж. №9.
30. Нұрмұхаметова Р. Балалардың әдебиеттік оқуне сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
31. Әлиева 3. Қ. Әдебиеттік оқу мәселелері // Бастауыш мектеп 2004ж.
32. Рахимова Э. Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу //Бастауыш мектеп 2004ж.
33. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. - А., Мектеп, 1985ж.
34. Асанов Ж. "Оқушы оның дамуы және тәрбиесі". Қызылорда қаласы. 1993ж.
35. Иманбекова Б.И., Мадиева А.Т. «Әдебиеттік оқу» Алматы кітап баспасы 2011ж. 2-сынып.
36. Иманбекова Б.И., Мадиева А.Т. «Әдебиеттік оқу» Алматы кітап баспасы 2011ж. 3-сынып
37. «Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш білім берудің бағдарламасы 1-4 сынып Алматы 2009ж.
38. Жаманқұл П. «Әдебиеттік оқу пәнінің білім мазмұнын жетілдіру жолдары» Бастауыш мектеп №3-2003ж.
39. Досмағамбетова К.Н. Бастауыш мектеп «Әдебиеттік оқу» №9-2012ж.
40. Қарағойшиева С.Н. «Әдебиеттік оқу» Бастауыш мектеп №7-8,-2012ж.
41. Бөлтекова А. «Әдебиеттік оқу» Бастауыш мектеп №10, 2012ж
42. Абай. Қалың елім қазағым: шығармалар. Алматы: Жалын, 1995ж.
43. Абай. Қара сөз. Қаз аударған К. Серикбаева., Ю. Кузнеқова/.Семей Межд. клуб Абая. 2001 ж.
44. Әбдіғазиев Б. Асыл арна: Абай дәстүрі және Шәкәрім. Алматы:
Қазақ университеті. 1992ж.
45. Әуезов М. Абай Құнанбаев: Монографиялық зерттеулер мен мақалалар. Алматы: Санат, 1995ж.
46. Әуезов М. Абайтану дәрістері. Алматы: Рауан, 1994ж.
47. Құнанбаев Т. Әкем Абай туралы. Алматы: Әдебиеттік оқу, 1993ж.
48. Құнанбаев А. Сен де бір кірпіш дүниеге... Абай туындыларыны мектепке арналған хрестоматиясы. 1994ж.
49. Құнантаева К., Халитова I. Абай мұрасы және мектептегі тәрбие жұмыстары. Алматы: 2001ж.
50. Мырзахметұлы М. Ғалым Абай туралы. Алматы: 2001ж.
51. Әдебиеттік оқу оқулығы 1-4 сынып. Алматы, 2001ж.
52. Тұрғанбаева Б.А., Муфтибекова З., Алтаева К. Әдебиеттік оқу әдістемелік құрал. Алматы, 2013ж.

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі:Егемен еліміздің тірегі - білімді
ұрпақ.
Қазіргі заманғы бастауыш сынып мұғалімі - дербес әрі сыни ойлай алатын,
білімін жылдам өзгеріп тұратын әлеуметтік және кәсіби ортаға бейімдеп
пайдалана білетін, рефлексияға, зерттеушілік және шығармашылық әрекеттерге
дайын, оқыту технологияларын меңгерген, барлық педагогикалық
жаңашылдықтарға ашық, өзін-өзі дамытудың тетіктерін меңгерген, бәсекеге
қабілетті- ұстаз.
Мұндай мұғалімдер алдында қазіргі заман талабына сай білімді, ұлтжанды,
адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті, кез-келген жағдайдан жол таба
білуге бейім, отансүйгіш, яғни өз елінің тағдырына немқұрайлы қарамайтын
ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндеттерді шешу неғұрлым ерте қолға
алынса, соғұрлым нәтижелі болатындығы белгілі.
Бастауыш мектеп жасындағы бала оқуда табысты болуды қалайды. Бұл жастағы
оқушыларға қиялдау тән. Олардың ерік сапалары жетіледі, зейіні тұрақталып,
есте сақтау қабілеті дамиды. Ойында, оқуда ынтымақтасуға, бір-бірін
түсінуге, өзара тапсырма бөлісуге үйренеді. Бұл сатыда мұғалім басты тұлға
болып табылады.
Оқу - баланың жеке тұлғалық және әлеуметтік тәжірибесінің, сондай-ақ өзін-
өзі тану мен дамытудың қуатты құралы. Бұл ретте Әдебиеттік оқу пәнінің
алатын орны ерекше. Оқу сабақтары балаларды сөздік шығармашылыққа, көркем
шығармаларды оқуға ынталандырады, тәрбиеге ықпал етіп, оқушы тұлғасын
қалыптастырады.
Әдебиеттік оқу пәнін оқу барысында оқушылардың:
көркем шығармашылық және танымдық қабілеттері дамиды, сөз өнеріне үйреніп,
тілдік әрекеттің барлық түрлерін жетілдіреді; диалог жүргізу, мәнерлеп оқу,
әңгімелеу мен импровизациялау дағдылары қалыптасады;
бастауыш мектеп оқушысының базалық біліктілігі ретіндегі саналы, дұрыс,
жылдам және мәнерлі оқуды меңгеру, оқырмандық ой-өріс қалыптастыру, өз
бетінше оқырмандық тәжірибе жинақтау сияқты сапалар дамиды;
Білім бастауы - бастауыш мектепке берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш
мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға
үлес қосады. Баламен тіл тауып оның бойына білім ұрығын себетін басты тұлға
- ұстаз.
Ұстазы білімді болса ғана, осы ұлы мақсатқа - егеменді, терезесі тең
елге айналуға мойын бұрамыз. Абай айтқандай-ақ, білімімен теңессе ғана
ұлттар теңеседі. Білім қалай теңеседі? Бірден жауап берейік: оқу-тоқу
арқылы білім теңеседі.
Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламада барлық шәкірттердің
сабақтарға толық қатысулары, төл оқулықтармен қамтамасыз етілуі,
мектептердің компьютерлендірілуі, саналы тәрбие берілуі, ең негізгісі,
мемлекетіміздің болашағы болып есептелетін әрбір жас ұрпағымызға білім
негіздерін беру басты міндетіміз екені ерекше айтылған. Озық ойлы, нәзік,
сезімтал ұрпаққа сапалы білім беруде көпшілікке ортақ озат тәжірибені дер
кезінде игеріп, оқытудың жан-жақты технологиясын өмірге лайықты ендіру
негізгі мәселе болып табылады[1].
Оқытудағы мақсат - бағдарламада көрсетілген оқытудың негізгі
материалдарын оқыту, білімді, іскерлікті, дағдыны меңгерту, алған
білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету және тұлғаларды дамыту, оқытудың
міндетті нәтижелеріне жету, саналы тәрбиелеу, әрбір шәкірттің іскерліктері
мен мүмкіндіктерін ескеретіндей бағыт-бағдар беріп, дамытатындай жағдай
жасау, бұлақтардың көзін ашу [2]. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің
бірі - ол нәтижеге жетуге ынталандыру, әрбір тақырыпқа жан-жақты жете
дайындалу, сабақты өту жолдарының ең оңтайлысын іздестіру, оқыту,
әдістемесін жетілдіру[3].
Жалпы Абай шығармалары жайлы Кәмен Оразалин, Тұрсын Жұртбауов, Сәкен
Өзбекұлы, Құлмет Өмірәлиев, Мекемтас Мырзахметов, Мұхтар Әуезов, Сәбит
Мұханов, М. Силченко, Зәки Ахметов, А. Жұбанов, Б. Қазыханова, Е. Байзақов,
М. Базарбаев, Қ. Нұрманов, Т. Әбжанов сынды көрнекті ақын-жазушылар,
әдебиеттанушы, өнертанушы философ, ғалымдардың еңбектерінде құнды пікірлер
мен тұжырымдар айтылған.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев әдеби мұралары арқылы бүгінгі
жас ұрпаққа көптеген ағартушылық насихат қалдырған. Ақынның Әсемпаз
болма, әрнеге (1894 ж.) деген өлеңінде адамгершілік туралы ойларын қайрат,
ақыл, әділет, шапқат секілді адам бойындағы асыл қасиеттер негізінде ашады.
Сондай-ақ, Ғылым таппай мақтанба (1886 ж.) өлеңінде жастарды өнімді еңбек
етіп, ғылым мен білімге ұмтылуға, алға қойған мақсатқа жету үшін
табандылыққа, төзімділікке шақырады. Жасымда ғылым бар деп ескермедім
(1885 ж.) өлеңінде жастарға оқып, білім алыңдар деген құрғақ үгіт айтпайды,
жасында ғылым қажет екенін ескермей, ер жеткен соң қолын кеш сермеп, одан
мақрұм қалғанын өз басының айықпас қасіреті ретіңде өкінішті сыр етіп
шертеді. Қазақ халқының классигі А. Құнанбаев әдебиеттің халықтығын
көтерді, поэзия алдымен халық өмірінің айнасы болып, онда халықтық мәні бар
келеді шындықтар суреттелуін талап етті.
Ол үшін:
- Ұстаздың еңбек жолындағы алғашқы қадамы шәкірттің оқуға деген
ынтасына мән беруден басталады;
-Оқушыға қойылатын талап, оның дамуындағы ақиқат шындықпен іштей бірлік
тауып үйлесімді болса ғана, сіз жүргізген тәлім- тәрбие нәтижелі;
-Мұғалім үзбей өз бетімен білімін жетілдіріп, кәсіби шеберлігін шыңдауға
тиіс;
-Мұғалім алдында отырған шәкірттің басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша
білуінде;
-Ұстаз әрбір сабағында шәкіртін таң қалдыруды ұмытпаған жөн
Дарындылыққа ұмтылуы таң қалудан басталады;
-Мұғалімнің ой өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығының шебері
болуы керек.
-Міне, осы талаптарды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып басшылыққа алып
отырса, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл- күйі әрдайым жоғары, еңбегі
жемісті[4].
Ұлы ғұлама Әл-Фараби адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие
берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол
келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі -деген. Олай болса, білім
беру, білім бере отырып тәрбие беруді әрбір ұстаз жадында ұстауы шарт.
Осындай ізденімпаздық бастауыш сыныпта көп қажеттілік тудырады. Осы орайда
Абай шығармаларын оқытуда маңызын байқап көрелік.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын
жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймай былай тұрсын, заман өзгеріп,
қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа
бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі
уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес
шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына
ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы
елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар
тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп
келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды
десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны
бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен
азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді.(Ж.Ысмағұлов.)
Абай Құнанбаев шығармашылығы өмірбаяны, туған жер, өскен ортасы жайлы
оқушылар сабақ үстінде мәліметтер алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас
буындардың күнделікті өміріне іс-жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын
бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтап танытудың қажеттілігі
мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, әдебиеттік оқу
пәндеріне баса назар аударылады. Себебі әдебиеттік оқу ерте меңгерілсе,
басқа пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Әдебиеттік оқу арқылы
оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып,
өмірге бейімдейді. Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш
сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік,
бірізділік, сабақтастық секілді т.б. қағидаларға сәйкес келе бермейді[5].
Міне, осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық
жұмысымызды арнап отырмыз.
Зерттеу мақсаты: Әдебиеттік оқу, әдебиет пәні - қоғамтанудың басты
құралдарының бірі. Әрбір шығарманың өзінен ұғым, нәр, ләззат ала білмеген
оқушының жан дүниесі ойдағыдай өсіп жетілмейді. Балада көркем шығарманы
қызығып оқитын ынта болса, бұл- білімнің басы.
Бастауыш сыныптарда оқушы шығарманың жай мазмұнын игеріп, соны
жүрекке, саналы түрде түсініп оқиды.
Міне, осы кезден бастап шығарманың мазмұнымен бірге көркемдік
ерекшеліктері жөнінде толық түсініктер алып, оқу, талдау балалардың өз
біліміне негізделуі тиіс.
Ең бастысы, көркем шығарма арқылы тіл байлықтарын арттыру болып
табылады.
1. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын меңгеру және зерттеу;
2.Ақын шығармалары арқылы біртұтас тұлға қалыптастыру;
3.Бастауыш сыныпта көркем әдеби шығарманың айырықша роль
атқаратынын ескере отырып, Абай шығармаларының сынып-
сыныптарда оқытылу жүйесі мен атқаратын қызметін анықтау.
4.Ақын шығармаларындағы практикалық ой-тұжырымдарды іс-жүзінде қолдануға
үйрету.
Еңбектің нәтижелері: - Бастауыш мектеп мұғалімдеріне, студенттерге,
жоғары оқу орындарының оқытушылары әдістемелік көмекші құрал ретінде
пайдалана алады.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектеп жүйесінде әдебиеттік оқу пәні.
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектеп жүйесінде әдебиеттік оқу пәнін
оқыту үдерісінде Абай шығармаларын оқыту;
Зерттеу міндеттері:
Абай шығармалары тақырыбының мәнін кеңінен ашу;
Оқыту әдістемесін жетілдіре түсу жолдарын іздеу;
Балалардың әдебиеттік оқу пәнінен, оның ішінде Абай шғармаларын
оқыту арқылы терең де тиянақты білім алуына қол жеткізу;
Оқу үрдісінде алған білімдерін тәрбиелік мақсатта ары қарай
дамытуға мүмкіндік жасау;
Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын арттыруға
қол жеткізу;
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау
дайындау.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық, теориялық және әдістемелік әдебиеттерге
талдау жасау; оқу әдістемелік құжаттарды талдау; педагогикалық тәжірибелік
жұмыс жүргізу.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
- Тақырыпқа байланысты көрнекті, жаңашыл педагогтардың еңбектерін
талдау, жинақтау, зерттеу, теориялық негіздерін анықтау.
- Баланың рухани-адамгершілік қасиеттерінің дамуында отбасы тәрбиесінің
ролін анықтау.
Зерттеудің практикалық маңызы: ізденістің теориялық тұрғыда
негізделген, сыналған, іс-жүзінде тексеруден өткен материалдарын, оның
қорытындылары мен нәтижелерін зерделеу, оқушыларды Абай шығармалары арқылы
тәрбиелеуге негіз бола алады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 Бастауыш мектеп оқушыларын әдебиеттік оқу сабақтарында Абай шығармалырын
оқыту арқылы тәрбиелеудің теориялық мәселелері
1. Бастауыш мектепте қазақ халқының ұлы ойшылы Абай шығармалырын оқытудың
тәрбиелік мәні
Білім мен тәрбие - егіз. Оқушылардың білім сапасы тәрбиеге тығыз
байланысты іске асады. Білім - ақылдылыққа үйретсе, тәрбие – адамгершілікке
үйретеді.
Оқушыларға білім беруді тәрбие арқылы іске асыру - ұстаз шеберлігін жан-
жақты керек етеді. Қазіргі кезде мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы
тынымсыз ізденгенде ғана озат тәжірибелерді тез игеріп, сабақтың сапалылығы
да үнемі артып отырары анық.
ҚР-сы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары
жалпы бастауыш білім берудегі әдебиеттік оқу пәнінің негізгі мақсаты –
балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқушыларды
оқырмандық мәдениетке баулу, көркемдік - эстетикалық талғамын ояту, рухани
дүниесін кеңейту, ізгілікті-елжанды, шығармашыл оқушы тұлғасын
қалыптастыру.
Әдебиеттік оқу пәнін оқытудың міндеттері
- оқушылардың оқу-дағдыларын қалыптастыру (дауыстап оқу мен іштей
оқу; дұрыс оқу, саналы оқу, мәнерлеп оқу);
- қазақ және әлем ақын жазушыларының балаларға арналған көркем және
ғылыми-көпшілік әдебиеттерімен таныстыру;
- көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншілігін ояту;
- шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін қамтамасыз ету;
- сөйлеу тілін жетілдіру;
- жазба тілін қалыптастыру;
- өзіндік ой-пікірін жеткізуге баулу;
- талдау, жинақтау, саластыру, жүйелеп негіздеу әрекеттері арқылы өз
іс-әрекетін бағалай білу;
- оқырмандық қабілетін қалыптастыру;
- әдеби-теориялық ұғымдыр бойынша қарапайым түсінік беру;
- оқығаны бойынша баланың сана-сезімін, көңіл-күйін дамыта отырып,
шығармашылық әрекетке баулу;
- адамгершілік-ізгілік, елжанды-отансүйгіштік, этика-эстетикалық
тәрбие беру.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
2-сыныпта аптасына 4 сағаттан, оқу жылына 136 сағат;
3-сыныпта аптасына 4 сағаттан, оқу жылына 136 сағат;
4-сыныпта аптасына 4 сағаттан, оқу жылына 136 сағат.
Әдебиеттік оқу пәнінің базалық мазмұны
Бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу пәнінің базалық білім
мазмұны білім берудің негізгі бағдарламасының салаларына сәйкес анықталады:
Оқу дағдысы
Оқу техникасы оқығанын қабылдау үрдісіне кедергі жасамайтын оқу
тәсілін қамтамасыз етіп, оқу дағдыларының деңгейлік жағдайларын ескере
отырып қалыптастыруды көздейді.
Оқу қарқыны: дауыстап оқу және іштей оқу.
Оқу түрі: рөлмен оқу, таңдау бойынша оқу, жаттау.
Дұрыс және саналы оқу: жай сөйлемдерді қатесіз, орфоэпиялық,
интонациялық талаптарға сай оқу, тыныс белгілеріне, сөздің мән-мағынасына
қарай күрделі сөйлемдерді өз бетінше дауыс ырғағына келтіріп оқу, іштей
оқуда мағынасы түсініксіз, қиын сөздерге мән бере оқу және сөз мәнін ұғу
үшін анықтамаларға сүйену.
Мәнерлеп оқу: оқу қарқынын реттейтін қарапайым тәсілдерді меңгеру,
мән-мағыналық кідірістерді айқындау, мәтін мазмұнын өз бетінше түсіну
барысында ертегілер мен мысалдардың мәнін анық жеткізу, әңгімедегі
кейіпкерлердің мінез-құлықтық ерекшеліктерін байқата оқу.
Жаттау:
2-сыныпта – 4-5 өлең және 2-3 үзінді;
3-сыныпта – 6-7 өлең және 4-5 үзінді;
4-сыныпта – 8-9 өлең және 5-6 үзінді.
Жанр түрлері: тұрмыс-салт жырлары, өтірік өлеңдер, аңыздар, шешендік
сөздер, ертегілер, айтыс, әңгімелер, өлеңдер, мысалдар, әдеби ертегілер,
фантастикалық әңгімелер.
Оқу аясы:
- ауыз әдебиетінің үлгілері (төрт түлік жырлары, жұмбақ-жаңылтпаштар,
мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер, өтірік өлең
үлгілері, батырлар жырларынан үзінділер, айтыс өлеңдері);
- қазақ және әлем балалар әдебиетінің классикалық шығармалары;
- Қазақстандық және бүкіл әлемдік қазіргі ақын-жазушылардың
шығармалары.
Оқу тақырыптары:
- Отан туралы (туған ел тұрмысы, туған жер табиғаты, елдің әдет-ғұрпы,
салт-дәстүрі, елдің ерен еңбегі, өнер-білімі, тарихы мен тарихи тұлғалары
суреттелген көркем және ғылыми-танымдық шығармалар);
- балалар өмірі туралы (оқу-өнері, ойыны мен ертегі, еңбегі мен
іскерлігі, тәлім-тәрбиесі суреттелген көркем және ғылыми-танымдық
шығармалар);
- туған ел табиғаты туралы) аспан-жер, аң-құс, өзен-көл, тау-тас,
өсімдіктер дүниесі мен оларға адамдардың қарым-қатынасын көрсететін
көркем және ғылыми-танымдық шығармалар);
Мәтінмен жұмыс:
- мәтінді оқу түрлері (дауыстап оқу, іштей, таңдау бойынша, жаттау);
- оқиғаның мәнін түсіну, мәтін мазмұнына сай сұраққа жауап беру,
мәтінге сүйене отырып, дәлелді пікір айта білу;
- мәтінді түрлентіп әңгімелеу (толық, қысқа әңгімелеу, мәтінді
шығармашылықпен құрастыра білу, тілдік бейнелілікпен әңгімелеу);
- шығарманы талдау мен оқиғаларды түсіну;
- мәтінді бөліктерге бөлу, жоспар құру, бөліктерге ат қою;
- сөздікпен жұмыс;
- тілдің бейнелегіш- көркемдегіш құралдарына талдау жасау;
- шығармашылықпен мәтін құрастыру.
Әдебиет теориясынан бастапқы мәлімет.
Шығарманың тақырыбы мен идеясы; әңгіменің негізгі ойы, автордың
бейнелі-эмоционалды ойы, кейіпкердің сезім-күйі, әркеттері, қарым-қатынасы;
Сюжет пен композиция: жағдай, оқиға үзігі, оқиға жүйесі мен жалғасы
және олардың себеп-салдарлық байланысы;
Әдеби кейіпкер: қатысушы, кейіпкер, іс-әрекет, кейіптеу, тіл;
Көркем шығарманың тілі: тілдің бейнелілігі, автордың оқиғалар мен
кейіпкерлерге көзқарасы;
Жанр түрлері ерекшеліктері: әңгіме, ертегі, өлең, мысал, мақал мен
мәтел, шешендік сөз, аңыз;
Жазушыларды таныту: автор - шығарма - тақырып - кітаптар; алғысөз бен
сөз соңы, жазушы өмірінен мағлұмат.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне
қойылатын талаптар
Білімі:
- ауыз әдебиеті үлгілерін білу;
- қазақ және балалар әдебиетінің поэзиялық және прозалық шығармаларын
білу;
- көркем әдебиеттің жанрлық ерекшеліктерін білу;
- бастапқы әдеби түсініктерді білу;
- әдеби тілдік бейнелегіш-көркемдегіш құралдарын білу;
- көркем шығармаларды мәнерлеп оқу белгілерін білу.
Біліктілігі:
- әдебиеттің адам өмірінде сөз өнері ретінде атқаратын қызметін
түсіндіре алу;
- дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқи алу;
- дауыстап және іштей оқи алу;
- фольклор шығармаларын ажырата алу;
- оқыған шығармасының тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алу;
- көркем әдебиеттің жанрларын ажырата алу;
- прозаны поэзиядан, монологты диологтан ажырата алу;
Оқушылардың міндетті дайындық жеңгейіне жетуін тексеру
Оқу дағдыларының есебін бақылауды сол сыныптың мұғалімі оқушымен жеке
жұмыс түрінде немесе күнделікті сабақ процесінде жүзеге асырады. Бақылау
барысында мына көрсеткіштер тексеріледі: саналылық, дұрыстық және
мәнерлілік, оқу қарқынынының критерийлері әрбір оқушының жеке типологиялық
сипатын ескере отырып тексеріледі, сондықтан олар жетекші талап болып
табылмайды.
Мектеп әкімшілігі оқушылардың оқу дағдыларын тексеруді оқу
процесінің аралық кезеңдерінде, яғни оқытудың бастауыш сатысының соңында, 4-
сыныпта жүзеге асырады.
Әдебиет - жас өспірімдер ұрпақтарға әсер етуші құдіретті құрал. Көркем
әдебиет - әсемдік, әдемілік, сұлулық әлемі, көркем шығармадағы кейіпкер
арқылы оқушы бойындағы ізгілік, адамгершілік, адамдық сияқты асыл қасиеттер
қалыптасады [6]. Демек, көркем әдебиет жаратылысындағы эстетикалық қуатты
оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына орай іске асыру -
оқытудағы басты бағыт. Әдебиет сабағы - өнер сабағы екені белгілі. Кез-
келген сабақты жүргізетін де өтетін де - мұғалім.
Қазақтың қаны бір жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Еліміздің аз ғана
ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын
мұғалімдікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жұлдызымыз бір, жолымыз бір,
қазақ мұғалімдері- деп Мағжан Жұмабаев айтқандай мұғалімдер келешек
ұрпақты тәрбиелеуші, оларға үлкен әсерін тигізетін жандар аяулы біздің
ұстаздарымыз.
Біздің қазақ халқымыз салт-дәстүрлерге берік. Ол салттарымыз ұрпақ
тәрбиесіне үлкен мән береді.
Баласы қырқынан шығарған бір келіншек ауылдың абыз ақсақалына
келіп: Баламды қырқынан шығардым. Енді қалай тәрбиелейін? - деп сұрапты.
Ақсақал жаңа босанған анаға бала тәрбиесіне қырық күн кешіккенін айтыпты,
сонда. Бұл аңыз желісі. Негізі әр халықтың бала тәрбиесіне келгенде өз
қағидасы бар. Мәселен, жапондар баланы 5 жасқа дейін бетімен қоя береді
екен. Бала еркелеп, тектектік жасаса да ақыл айтып жөн көрсетепейді екен.
Еврейлер кішкентай баланы үнемі мақұлдап, Сенікі дұрыс! деп отыратын
көрінеді. ...Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!..
Абай болашақ ұрпақ, біздерге сөзін осылай арнады. Бұл сөз өткеннің
құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа
сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі. Даланы торлаған надандық түнегіне
ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын
жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының қазіргі
Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Өзінің әкесі
Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай бәрі де Тобықты руының
билеушілері, ірі феодалдар болған. Абай жастайынан сусындаған халық
әдебиетінің алғашқы үлгілері - әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан естіген ертегі
аңыздары болатын.
Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келген Абай, соңғы 40
жылдық әкесінің өмірін көрген ол Құнанбай туралы бар шындықты айтты,
әкесінің ел сүйсінерлік ерен тұлғасын жасайды. Абайдың суреттеуінше
Құнанбай-ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұңды-шерлі кедей
жігіттердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам болған.
Құнанбайдың қоғамдық қызметтегі игілікті қызметінің бірі - оның оқу ағарту
ісіне ерекше мән бергені. Ол діни оқуды мықтап жақтағанымен, орысша оқудың
заман ағымына қажет екенін ұғынып, өз аулының қазақ балаларына тіл үйретіп,
білім беретін училище ашпақ болып,1845 жылы шекара басқармасына орысша-
қазақша сөйлей алатын мұғалім жіберуді сұрап өтініш жазған. Құнанбай
Ескітам деген жерде балаларын оқыта бастайды. Абай да алғаш сауатын осы
мектептен ашады.
Он жасында әкесі Абайды Семейге оқуға жібереді. Әуелі Ғабдул-Жаппардың,
кейін Ахмет Ғизаның медресесінде оқып білім алады. Медресенің соңғы жылында
Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі Приходьская школада үш айдай
орысша оқиды. Бос уақытын ізденумен, кітап оқумен өткізген зерек Абай
осылайша орысшаны да тез игеріп кетеді. Абайдың ақындық жолға бет
бұрғандағы алғашқы сөзі орыс мәдениеті мен білімінің маңызын насихаттауға
арналады[4].
Абай замандастарының айтуына қарағанда, өлеңді өте ерте, он екі жасынан
бастап шығарған. Бұл кездегі шығармаларының көпшілігі бізге жеткен жоқ,
кейбіреулерінің аты ғана сақталған. Қазақстанда ол кезде жазу-сызу нашар
дамығандықтан Абайдың жас кезіндегі өлеңдерін сақтаған, өмір тарихын
баяндайтын жазбалар жоқ. Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қарсылығы аз
болмады. Осының әсерінен Абай өзінің көпеген өлеңдерін жас достарының
атынан таратқан.
Болашағынан көп үміт күткен Құнанбай Абайды ел билеу ісіне ерте баули
бастайды. Алғашқы кезде әке жұмсауымен елдегі даулы мәселелерге Абайдың
қасына ірілеу кісіні ертіп, барып кел, біліп кел деген тапсырмалар
береді. Осы жұмыстарды атқарып жүріп, ел ішіндегі жағдайларды, әкесінің
кейбір жағымсыз істерін байқап отырады. Ру таластарының қым-қуат дау-
жанжалына амалсыз араластырылған Абай әкесінің қаталдығымен,
әділетсіздігімен келісе алмай және көп істерге, әкесінің ырқына көнбей әділ
үкім шығарып отырады. Абайдың халық арасынан шыққан адал, ақылгөй
адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы
Құнанбайға ұнамады. Қатал, айлалы әке мен әділетті қайсар баланың арасында
елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрады. Жиырма сегіз жасқа келгенде Абай
әкесінен біржолата ажырасады. Ол өз тағдырын өзі белгілеп алатын болды.
Абай ең алдымен орыс тілін үйренуге қайтадан бет бұрады.
Оның жаңа достары кедей руларынан шыққан талантты жастар, ақындар,
жыршылар және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болды. Есейген,
мәдениетті өскен Абай орыстың классик әдебиеті мен Шығыс халық
творчествосын оқи бастады. Отыз бес жасқа келгенде ғана Абай творчествоға
қайта оралады. 1880-1886 жылдарға дейінгі көптеген өлеңдері Көкбай атынан
таратылған. Тек, 1886 жылы қырық жастан асқан соң Жаз деген атақты өлеңін
жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын қойды. Отыз жасқа келгенде
Абай феодал, рулық ортадан біржола түңілді.
Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін
түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодал-рулық билеп-төстеушілерді
аяусыз әшкереледі және халықты өнер-білімге шақырды.
Абай орыстың жер ауып келген 70-80 жылдардағы революционерлермен
танысады. Солардың бірі - Е.П. Михаилиспен таныстығы үлкен достыққа
айналады. Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек
көрсетті. Орыс халқының рухани мәдениеті мен білімінен нәр алған Абайдың ой-
өрісі мейлінше кеңейді. 1886 жылдан бастап ол Крылов, Пушкин, Лермонтов
шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Абай тек қана ақын емес, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете
бағалаған адам болды. Ол өзінің Евгений Онегиннен жасаған үзінді
аудармаларына да әуендер шығарған. 1889 жылдар арасында - Пушкин есімі оның
кейіпкерлері-Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл қазақ
даласына кең таралды.
Сексенінші жылдардың аяқ кезінде ақын, ойшыл, музыкант Абай халық жақсы
білетін әрі аса қадір тұтатын кісі болды. Оған алыс жерлерден ақындар,
музыканттар, жыршылар келді. Ауылдағы жас талантты ақындар Мұқа, Ақылбай,
Кәкітай, Мағауия, Шәкәрім тағы басқалар Абай төңірегіне топталған.
Абай маңына тек қазақтар ғана емес, шығыс халықтарының қуғынға ұшырыған
озат ойлы адамдары да келеді.
Сібірден өз еліне қашып бара жатқан кавказдықтар ауылына айлап жатып
қонақ болады. Абайдың ауылы Шығыстың прогресшіл ойдағы алдыңғы қатарлы
адамдары көптеп келетін орталыққа айналады. Олар Абайдың, оның
айналасындағы өнерлі жастардың шығармаларын жаттап ел арасына таратып
жүреді.
Абайды царизм үшін қауіпті адам ретінде далалық өлкенің генерал-
губернаторына дейін жетеді.
Шындықтың батыл жаршысы, әлеуметтік тәртіптің әшкерелеушісі болған
ақынды приставтар, урядниктер, болыстар үнемі қудалауда болды.
Ру басшыларының бірі - Абайдың қас жауы Оразбай, оның айналасындағылар
қосылып, қолдарынан келген қастандықтарын Абайға жасайды. Ақынның жаулары
Абайға деген халықтың сүйіспеншілігінен қаймықты. Олардың қолынан
келгендері жер ауып келген достарынан айырып, тығыз байланысты үзумен ғана
шектеледі.
Абайдың ақындық шығармалары дала жастарының арасына кеңінен жайылды.
Көптеген жиын-тойларға, қыз ұзатып, келін түсіргенде жыршылар мен
ақындар Абай өлеңдерін айтады. Абайдың өз ауылының қыздары ұзатылғанда
өздерінің жасауларының ішінде Абайдың өлеңдерін, нақыл сөздерін,
поэмаларының қолжазба жинақтарын ала кететін болған. Ондағы көзделген
мақсат жат жұртқа кетіп бара жатқан қыз елдің сағын сындырмасын, Абай
атасының өсиет өлеңдерін есте ұстап, әдепті, көрікті келін болсын деген
тілектен туған. Мысалы: Әсия, Уасила, Рахила сияқты қыздардың сондай
қолжазба жинақтары бүгінге дейін сақталған.
Абайдың үміт еткен оқыған баласы Әбдірахманның өлімі Абайға үлкен соққы
болады.Осы баласына арналған көптеген жоқтау өлеңдер жазған.
Абай шығармашылығының зерттелуі жайлы атап айтатын болсақ, Абай
өлеңдері мен поэмалар, аудармалар әдеби мұрасы үлкен-үлкен екі том болып
басылды.
1918 жылы ақпан-қазан айлары аралығында Семейде Жүсіпбек Аймауытов
редакторы болған Ғылыми-әдеби және шаруашылық журналының 1 санына Абайдың
Лай суға май бітпес қой өткенге өлеңін эпиграф етіп алып, Абай жайлы
көлемді мақала жарық көрген.
1939 жылы М.Әуезов пен Л.Соболев бірігіп жазған 4 актілі 7 суретті
трагедиясы, сахнаға 1940 жылы 30 қазанда қазақ академиялық драма театры
сахнасына қойылды. (Реж.-А.Тоқпанов суретшілері- Ә.Чарномский. Қ.Қожықов.)
Пьесада күрескер Абай жан-жақты көрсетілген. Абай ақынның туғанына 95
жыл толуына орай Қазақ мемлекет баспасынан 1940 жылы қазақ тілінде жарық
көрген өмірбаяндық жинағы (Құрастырғандар Е. Ысмайлов пен Қ.Бекхожин). Абай
әндерінің әуені бойынша 1941жылы А.Жұбанов жазған сюита ақынның
шығармашылық күрескерлік қызметін музыка тілімен баяндайтын бес бөлімді
лирик-драмалық шығарма.
1945 жылы орыс тілінде жарық көрген Абай жайлы ғылыми зерттеу еңбек.
(Авторы М.С. Сильченко.) Еңбек он алты мақаладан тұрады. Онда автор Абайдың
балалық, жастық шағын, өскен ортасын, ақынның надандыққа, әділетсіздікке,
зорлық-зомбылыққа күрес жолына тоқталған. Аудармалық шығармаларына, қара
сөздеріне талдау жасалған.
М.Әуезов - жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-
ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚазССРҒА-сының
академигі, ҚазССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік және
Лениндік сыйлықтардың лауреаты. Абайдың бүкіл өмір жолын жиырма жылдай
зерттеп атақты Абай және Абай жолы романын жазып, әлем оқырмандарына
қазақ халқы жайлы толық, жан-жақты түсінік берген.
Абай жолы - М. Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы-
қазақтың тұңғыш эпопеясы. Бірінші-кітабы 1942 жылы, екінші кітабы - 1947
жылы , үшіншісі - 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Эпопеяның Абай
атанған алғашқы екі кітабы ССРО Мемлекттік сыйлығы 1949 жылы Абай жолының
тұтас төрт томына Лениндік сыйлық 1959 жылы ( бір мың тоғыз жүз елу
тоғызыншы) берілді.
1954 жылы Алматы киностудиясы түсірген Абай деректі фильмі жарық
көрді. Мектеп баспасы 1976 жылы авторы Қ. Оразалин Абай ауылына саяхат
очерктер жинағы баспадан шықты.
1934 жылы Алматыдағы көркем әдебиет баспасынан жарық көрген Абайдың
Таңдамалы өлеңдер жинағы, Абай Құнанбаевтың 1936 жылы Москвадан Алматыға
Қазақстан өлкелік баспасы дайындауымен шыққан орыс тіліндегі кітабы.
1956 жылы Абайдың қара сөздері (авторы X. Сүйіншәлиев).
1986 жылы Пекиндегі Ұлттар баспасынан Абай қара сөздері жарық
көрді.
Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. (Мектеп
баспасынан авторы Қ. Өмірәлиев). Кітапта Абайдың нақыл сөздерін сабақта
пайдалану жолына тоқталған.
Абай – сатирик жинағы ақынның 125 жыл толуына байланысты баспадан
шықты.
Ұлы ақынның мұрасын танып білу мақсатымен республикалық жоғарғы оқу
орындарында арнаулы пән Абайтану арнайы курсы Абайтану сабағы өтіледі.
Абайтану бағдарламасы ұлы ақын мұрасы туралы ізденістер мен зерттеулердің
бірізге түсіп жүйеленген жоспары.
1995 жылы Абай энциклопедиясы (бас редакторы Р.Н.Нұрғалиев
басшылығымен ) Атамұра баспасынан жарық көрді.
Энциклопедия қазақтың ұлы ақыны данышпан перзенті, қазақ жаңа жазба
әдебиетінің негізін салушы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың (1845-1904 ж.ж.)
өмірі мен шығармашылық жолына арналған. Абайдың өскен-өнген ортасы, бай
мұрасы, дүниеге көзқарасы, эстетикалық, поэтикалық қоғамдық-саяси пікірлері
сөз болады.
Бүгінгі таңда Абай туралы, оның шығармалары жайлы сөз қозғағанда
қазіргі ұғым түсініктер деңгейіне көтеріле, бұрын-соңды айтылғанды жинақтай
айту қажет екені мәлім. Осы тұрғыдан келсек, Абайдың шығармашылық өнеріне,
ақындық тұлғасына, жекелеген өлең, дастандарына қатысты әр кезде айтылған
сын пікірлерге де назар салуға болады.
Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын
ауызға аламыз. А.Байтұрсынов 1913 жылы Қазақ газетінде басылған Абай-
қазақтың бас ақыны атты мақаласында:
Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын
болған жоқ,-деп Абайды аса жоғары бағалады[7].
Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі
ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы
деректер жетерлік (Р. Мұсаұлы Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы. Абай
журналы 1993ж. 9-13беттер.) - Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын
қарастырылып, 1909 жылы Санк-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің
жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңқорын қосып санағанда)
және Ескендір мен Масғұт поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі
поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап
айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы
мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.
Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы
жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын оған кірген Кәкітай
Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың
көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі - екілі ғана екенін және ақын
өзі қолмен жазған жазбалары сақталмай шығармалары түгелдей дерлік
М.Бүкеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл жинақтың мәні зор
екені анық.
Абай шығармаларына қатысты жеке деректер туралы айтсақ, ақынның көзі
тірісінде 1903 жылы Санкт-Петербургте Ә.Бөкейханов берген мағлұматтар
бойынша басылған. Ресей біздің Отанымыздың географиялық баяны атты көп
томдық жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада: Абай-қазақтың
әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі - деген баға берілгенін көреміз.
1914 жылы Санкт-Петербургте шыққан По киргизской степи деген
кітабында Дм.Львович (Иванов Дмитрий Львович-кейбір кітаптарында авторын
солай көрсеткен.) Татьяна хаты ел ішінде әнге салып айтылып жүргені
туралы нақтылы дерек келтірілген.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарға ілесе Абай шығармашылығы
жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын шығармаларын жұртшылыққа танытуға
Н.Рамазанов, Ғабдрахман Сағди және Н.Н.Белослюдов т.б. да атсалысты.
Бұлардың еңбектерінің Абай шығармашылығын сипаттап, бағалаудағы мәні
әркелкі болса да, ақын шығармаларын насихаттауға қалайда үлес қосқанын
білеміз.
Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс
көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 жылы М.Әуезов бастырған жинақтардан
(мұнда М.Әуезов бастырған жинақтардан өмірбаяны берілген) және 1934 жылы
жарық көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым
қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады.
Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М Әуезов болды.
Әуезов өзінің Абай жолы эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын
дүние жүзі оқырмандарына толық танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе,
ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтың Абай жөніндегі
зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылды. Әсіресе, 1957 жылы
Ғылым баспасынан жарық көрген, М.Әуезовтың басшылығымен және тікелей
қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының
Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет.
40-50 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде
жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық,
философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін,
ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген
еңбектер жарық көрді. Абайтану ғылымына Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев,
Қ.Мұхамеджанов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев,
М.Мырзахмет, А.Ысқақов, Р. Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты.
Абай шығармаларын қалай түсініп, қаншалықты терең талдап дұрыс бағалап
жүрміз деген мәселе ойлануға тұрарлық.. Абай сөздерін түсінудің оңай түсе
қоймайтынын кезінде А.Байтұрсыновтың атап айтқаны тегін болмаса керек.
Мұхтар Әуезов Абайдың өмірбаяны атты зерттеу еңбегінде былай дейді:
Абай өзі бір жазып тастаған өлеңін қайтадан жоқтап, жинап отырмаған.
Әрқашан, кейде кітап оқып отырғанда, кейде жай бір оймен қозғалып
отырғанда, қолына қағаз, қарындаш алып, айтпақ ойын өлең етіп жазады екен.
(М.Әуезов, Абайдың өмірбаяны, А.Құнанбаев шығармаларының екі томдық толық
жинағы.1957, 2-том, 55-бет).
Ғ.Сағди Абай атты мақаласында былай дейтіні бар: Абай барлығы 5313
жол шамасында өлең жазған. Бұлардың ішінен орысшадан тәржіма қылғаны 1700
шамасында соңғыларын шығарып тастағанда, Абайдың нақ өз тарапынан шығарған
өлеңі 3612 жол шамасында болады.
Ақын мұрасының құндылығы санымен емес, сапасымен өлшенетіні ешбір
толассыз.
Абай халықтың мұңын мұңдап, өмірде әділетсіздік, қиянатшылдық көп деп
налыған болса, оны өмірден торығушылдық, күйгелектік деп санау мүлде
орынсыз.
Ендеше, М.Әуезовтың 1922 жылы жазған Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі
атты мақаласында айтқан Абай өлеңқорында сүлдері құрыған зар да, әлі
құрыған уайым да жоқ, оның орнында қазақ өмірінің кем-кетігін түсінген көзі
ашықтық бар, дәлелдеп ауруын тауып, емін айтқан шырақтық бар. Абай қазақтың
жасына: Білім жарығына ұмтыл, адал еңбек ет, парызыңды атқар, -дейді.
Бірде жыр алыбы Жамбылдан Абайдың ақындығына байланысты қандай пікір
айтасың?-деп сұрағанда XX ғасырдың Гомері атанған ұлы жырау:
- Абай ақын емес, ол - ғұлама депті.
Ия, Абай-өзіне теңдесі жоқ ғұлама екенін уақыт дәлелдеп отыр.
Абай-тұтас бір халықтың рухани әлемі. Кемеңгер ойшыл, данышпан Абайдың
артында қалдырған мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетер, мәңгілікпен ұласар асыл
қазына.
Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы бүгінде егеменді мемлекетін құрып,
төрткүл дүниеге танымал болуы Абайдың: Мынау азған - қу заман қалыбында
тұрмайды -деген ұрпағына байлаған үкілі үмітінің орындалуының дәлелі.
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларына әдебиеттік оқу пәнінде оқылатын
Абай шығармаларының негізгі ойын ұғындыру
Бір халықтан емес, тілегі бір, мүддесі бір туысқан сан халықтан
сомдалған Қазақстан қауымы, тек бүгінгі сәулетті өмірді ғана өткені мен
қазіргінің, қазіргі мен болашақтың рухани мұраларына, сол мұралардың өшпес
жұлдыздары Пушкин, Наваи, Абай сындас тарихи қайраткерлеріне бірден-бір
әділ де адал бағасын беріп отыр.
Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша
шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір
бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге, соншама ыстық, соншама жақын
леп естіледі, ол леп өткен заманның кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы
болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні, Абай
тынысы заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнімізге қосылып,
жаңғырып жаңа өріс алып тұр.
Кешегі сағымша өткен бұлдыр заманның буалдыр желігін түріп тастап, дәл
өзімізбен бірге тілдесіп, болашаққа қадам басып Абай да сапта тұр. Біздің
көп тілді, бір үнді дауысымыздың ішінде Абайдың да дауысы, тамаша үні
естілгендей. Бұл Абайдың жаңа өмірі, жаңа өмір дәуірінің басталуы, ол
бізбен де, біздің ұрпақтарымызбен де берік қол ұстасып болашаққа, бақытқа
толы ұлы заманға қадам басады, оған күмән жоқ.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін
жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
Мыңдаған қазақ, орыс басқа ұлттың жастары байтақ өмірде Абайдың тамаша
әндерін радиода, сахнада, кең жайлауда мал шетінде, ұлы құрылыстың ірге
тасында шырқатып салады, жүрек қылын шерткен тамылжыған өлеңдерін тамсана
оқиды. Бұл тек әсем әнге еліктеу ғана немесе әсем сөзге сүйсіну ғана емес.
Еңбек иесінің күні кеше ғана сахара даласындағы қайғы-зарын, қорғансыз әйел
мұңын таниды ол саздан. Білім, еңбек, теңдік, достық туралы еңбекші елдің
көкейкесті арманын сезінеді. Осындай жарқын, ізгі тілектің көлеңкесінде
ойлағандай қаулаған күншілдік, мақтангөйлік, жалақорлық, жалқаулықты
шенеген сынды көреді[8].
Ұлы орыс мәдениетіне шақырғаны, алты бақан алауыздық кезде бірлікке,
халықтар достығына мезгеген идеясы жастар жүрегіне қонады. Демек, Абай
жырларын бүгінгі ұрпақ бар санасынмен сүйіп айтады.
Ұлы ақынның осы мұрасы туған халқы үшін сан рет басылса да
сарқылмайды. Оған себеп – туған елен, өскен жерін Абай қаншама сүйсе,
қаншама оның отымен суына түсіп, күңіреніп тебіренген болса, бүгін елді де
оны соншама құрметтеп, әлпештеп, сүйіп отыр. Біз мақтануымызға да болады.
Өйткені Абай өзінің заманы мен замындасынан көрмеген сый құрметті бізден,
өзі баулыған ұрпағынан көрді, көзі тірісінде жетпеген арманына бүгін жетті.
Балалар мен жеткіншектерде ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі ұлы
Абай шығармаларында жақсы көрініс тапқан. Ұлттық патриотизмді
қалыптастыруда ол халық ауызекі шығармаларының рөлін өте жоғары бағалаған.
Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін бала жастан меңгерген, өзінің өлеңдері мен
қара сөздерінде өте ұтымды пайдаланған.
Абай біріншіден, қазақ ертегілері мен аңыздарын, өлеңдері мен жырларын,
мақал-мәтелдері мен жұмбақтарын бала кезден естіп, бойына сіңіріп өсті және
ұдайы қалың елдің ішінде, өмір бойы фольклорлық дәстүр арасында болды.
Небір әдемі айтыстардың, шешендер мен билер да күйшілерді тыңдады. Яғни
халық творчествосын өле-өлгенше көзімен көріп, фольклор шығармаларын
соңғы демі біткенше естіді. Екіншіден, сол кезде әр түрлі мақсаттармен һәм
түрлі себептермен жарық, көрген фольклорлық жинақтар мен ауыз әдебиеті
үлгілерін оқыды, оларға айтарлықтай көңіл аударып отырды. Үшіншіден, араб,
парсы, түркі тілдерінде жазылған шығыс әдебиеті классиктерінің шығармалары
мен алуан түрлі қисса-хикаяттарды, дастандарды, тәсіл-мысалдарды оқыды, ал
олардың дені фольклорлық екені аян. Төртіншіден, орыс тілінде жарияланған
орыс және европа халықтарының классикалық әдебиетімен қатар фольклорлық
үлгілерімен де жақсы таныс болды, тіпті олардың кейбіреулерін қазақшаға
аударды.
Бесіншіден, Абай өз бетінше орысша білім алып, ғылымның пайдалы екенін
түсінгендігінің арқасында ел ішінен қол-өнер бұйымдарын жинастырып, Семей
мүзейіне тапсыртады, маңайындағы ақын-жазушыларға халық арасына кең тараған
жырларды қайта жырлауды, оларды хатқа түсіруді жүктейді- деген
С.Қасқабасовтың ой-тұжырымы Абайдың ата мұра дәстүрін жоғары бағалағанын,
өз Отанына, туған еліне деген сүйіспеншіліктің, патриоттық,
интернационалистік сана-сезімінің жоғары болғанын дәлелдейді.
Абай өзінің еңбегінде халықтың ауызекі шығармаларын көркем өнердің
шебері, эстетика өкілі ойшыл ақын ретінде пайдаланады.
Ол өзінің қара сөздерінде (отыз тоғызыншы т.б) және Біраз сөз қазақтың
түбі қайдан шыққаны туралы атты еңбегінде 10 мақалға талдау береді.
Макалдарды халықтың өмірімен және тарихымен тығыз байланыста алып қарайды
және қоғамдық мәні тұрғысынан бағалайды, мақал-мәтелдерді талдау барысында
адамгершілік, ұлтжандылық, ынтымақтастық, татулық, әділдік, еңбекшілдік,
адалдық, талапкерлік, талаптанушылық, ел тарихы мәселелеріне аса назар
аударады, оларды зұлымдық, сұрқиялық, екіжүзділік, барымташылық тәрізді
жағымсыз мінез-құлықтармен салыстырмалы түрде қарастырады.
Мысалы, Үшінші сөзінде, Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы,
Күл төбенің басында күнде кеңес, Би екеу болса, дау төртеу болады-
деген мақалдарды негізге ала отырып сол кездегі сайлау мен сот, билік
тәртіптерін сынға алады, ертеден келе жатқан бұл сөздерді ескеру қажеттігін
ескертеді және биліктің әділ еместігін әшкерелейді.
Он үшінші, Отыз алтыншы сөздерінде жастарды имандылыққа шақырады.
Қазақтың Құдайтағаланың кешпес күнәсы жоқ, Ұят кімде болса, иман сонда-
деген мақалдарын келтіре отырып, олардың мазмұнын дұрыс түсіндіруге
талпынады.
Бесінші, Жиырма тоғызыншы, Отыз тоғызыншы сөздерде мақалдарды тірек
ете отырып, сол кездегі қоғамның көлеңкелі жақтарын, адамдардың жағымсыз
қылықтары мен мінездерін сынға алады. Біраз мақалдардың өмірге сай емес
екендігін, кейбірінің (мысалы, Өзіңде жоқ, болса, әкең де жат, Малдының
беті - жарық, малсыздың беті – шарық, Ер азығы мен бөрі азығы жолда,
Ердің малы елде, еріккенде қолда, Берген жерде бұзар, Мал тапқан ердің
жазығы жоқ, Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз) қара халықты еңбекке
баулудың орнына енжарлыққа, жалқаулыққа шақыратынын ескертеді.
Жиырма тоғызыншы сөзде- Абай қазақ мақалдарының көбінің іске
татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа
жарамайтыны да бар - деп мақал-мәтелдердің адам өміріндегі міндетін
көрсетеді, адамға, қоғамға, өмірге практикалық тұрғыда пайдасы бар,
кісілерді жоғары адамгершілікке баулитын мақалдарды ғана пайдалану
қажеттігін ескертеді. Пайдасыз мақалдардың әлеуметтік және гуманистік
көзқарасты қалыптастырудағы тиімсіз екендігін дәлелдеуге талпынады. [8]
Әуелі Жарлы болсаң арлы болма- дейді. Ардан кеткен соң тірі болып
жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал
тап деген сөз болса, - ол ар кететұғын іс емес, тыныш жатып, кезін сатып,
біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек-ол арлы
адамның ісі.
Осы мақалды талдау арқылы Абай әлеуметтік мәселені көтереді. Арлы болу-
адал еңбек ету, еңбектің еш түрінен қашпау, тіленбей, өз еңбегіңмен күнелту
деп түсіндіреді.
Қалауын тапса, қар жанады, Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ
деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын
деп қорлықпен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден
сұрау керек қой- деп Абай біреуден сұрағанша, аяңбай еңбек ету керек, мал
бағып, жер жыртып, егіншілік кәсіп жасауға шақырады.
Абай сондай-ақ Атың шықпаса, жер өрте, Жүз күн атан болғанша, бір күн
бура бол, Алтын көрсе періште жолдан таяды, Ата-анадан мал тәтті, алтын
үйден жан тәтті деген мақалдарда ешқандай адамгершілік сипат жоқ екенін,
дүниеқұмарлық, зұлымдық әрекеттердің ешқашанда да абырой әкелмейтінін
ескертеді.
Абай Отыз тоғызыншы сөздегі (Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер,
Ағайынның азары болса да, безері болмайды, Алтау ала болса, ауыздағы
кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді, Жол қуған қазынаға жолығар,
дау қуған бәлеге жолығар) мақалдары арқылы халықты гуманистік көзқарасқа
шақырады, елдегі тыныштық, ынтымаққа, татулыққа, отан-сүйгіштікке,
елжандылыққа байланысты дегенді айтады.
Абай өзінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz