Бастауыш мектепте оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру


бастауыш мектепте оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
ХХІ ғасырда өркенниетті дамудың талабы - қоғамды ізгілендіру, яғни әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы - зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс - гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ мамандарымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленген, білімді азаматтар деңгейінде даярланғаны қажет.
Қазақстанда білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында болашақ маманның гуманистік көзқарасын қалыптастыратын білім, біліктілік және дағдылардың мазмұнын анықтау төмендегіше берілгені
- дүниетану мен түйсінудің негізін құрайтын, дүниені түсіндіру қабілетін іске асыратын, өмірдің құндылықтары туралы бағдар беретін философиялық білімдер; нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталуы туралы қазіргі түсініктер негізінде қалыптасатын этикалық біліктіліктер; әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым мәнді идеялар мен тұлғаларды білу; мәдениеттің негізгі кезеңдеріне түсінік беру; әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтарын түсіне отырып, тарихи жылнамаға талдау жасай білу; қазіргі өркениет жолдарын пайымдау қабілеті;
тарих субъектілері, оның ішінде осы заманғы әлеуметтік күштер, қазіргі қоғамның әлеуметтік құралы туралы кең ауқымды түсінік; қоғамдағы мектептердің құрылымы мен функциялары жайында нақты түсініктің болуы; әлеуметтік-технологиялық даму мәселелерінде еркін бағыт-бағдар ұстай білу.
Аталған мазмұн жүзеге асырылу үшін елімізде жүргізіліп жатқан білім беру саласын реформалау саясатында мынадай қағидалар тұжырымдалған:
1. Білім берудің гуманитарлық сипатын бағамдау, яғни барлық оқу пәндерінің гуманитарлық әлеуетін айқындап, оларды оқыту әдістемелерін тиісінше өзгерту;
2. Қазақстан халықтарының өзіндік этномәдени болмыс-бітімін танып білу, оны дәріс алушы ортаның этникалық мұқтажына сәйкес реформалау, -яғни ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтардың өзара кірігуін қамтамасыз ету;
3. Әрбір адамның қоғамда имандылық пен зиялылық ахуалының орнығуына жағдай жасау;
4. Өркениетті нарыққа ену гуманитарлық білім беруді нарықтық пайымы биік кадрларды тыңғылықты даярлауды талап ету, яғни гуманистік көзқарасы жоғары маман дайындау арқылы адамгершілік қасиеттің тозғындауына, мәдениет пен білімге деген нигилистік көзқарасқа қарсы тұра алатын азамат тәрбиелеу керек.
Рухани құндылықтың адамгершілік мәнінде жағымды қарым-қатынас тәрбиелеу:
- ата-ана, ата-әжеге қарым-қатынас;
- әйелге, анаға қарым-қатынасы;
- балаларға, інілерге, қарындастарға қарым-қатынас,
- табиғатқа қарым-қатынас;
- материалды құндылықтарға қарым-қатынас;
- өсекке және қоғамдағы басқа жағымсыз жайттарға (шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, т. б. ) .
Оқушылардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудың жолдары:
1. Оқушыларды қоғамдық орындарда (қонақта, концерттерде, театрларда, көлік ішінде, көшеде) жанұяда, мектепте өзін-өзі ұстауға үйрету.
2. Оқушылардың өздерін қарт адамдармен, достармен, ата-анасымен, оқытушылармен, өздерінен үлкен немесе кіші адамдармен, жан-жануарлармен, мәдени мұралармен, табиғатпен қатынаста болу кезіндегі сыпайы мінез әдеттерін дамыту.
- Оқушылардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу дегеніміз - сөйлеу мәдениетін, киім кию мәдениетін, пікір таласу мәдениетін, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау мәдениетін, өмірге қайшы әрекеттерге деген көзқарас мәдениетін дамыту.
Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың моделі:
Қарым-қатынас мәдениеті - зиялы мектеп тәрбиесінің негізгі бастауы.
Жеке адамның қарым-қатынас мәдениеттілігін тәрбиелеудің әлеуметтік институты - мектеп пен отбасы.
Қарым-қатынас мәдениетінің алуан түрлі саласынан зиялы мектеп тәрбиесі қажетті деген жақтарын пайдаланамыз:
Білімділігі: оқушыларға біртұтас білім беру ( тарих, география, әдебиет, музыка, сәулет өнері т. б)
Дамытушылық : оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдық белсенділігі, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеу, дүниеге көзқарасы, сын тұрғысынан ойлау .
Тәрбиелік: адамгершілік, ұлттық, азаматтық, экологиялық, эстетикалық мәдениеті, әдептілік нормалары, патриоттық сезім, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін анықтау үшін келесі белгілерді (критерийлерді) анықтаймыз: танымдық, сезімдік, әрекеттік.
Танымдық белгілері - оқушылардың мәдени құндылықтарды игеруі.
Сезімдік белгілері - гуманистік көзқарасы, қызығушылығы, пікірі.
Әрекет белгілері - оқушылардың оқуда, еңбекте, білімін іс жүзіне асырудағы белсенділіктері.
Әрбір тәрбиенің негізі әрбір жеке оқушының мінез-құлқы мен тәрбиесіне келіп тіреледі. Жеке оқушы мен қоғам арасындағы байланысты төмендегіше көрсетуге болады:
Мен - адаммын (адамзат құндылығы) .
Мен - қазақпын (ұлттық құндылық) .
Мен - азаматпын (азаматтық мәдениет, патриотизм) .
Мен - ұлмын (қызбын) . (отбасы дәстүрі, өмір салты, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық) .
Мен - оқушымын (әлеуметтік құндылық) .
Қарым-қатынас мәдениетті қалыптастыруда рухани, адамгершілік құндылықтарды оқушының бойына дарытуда ұстаз оқушылардың жас ерекшеліктерін, ұлтын, қызығушылығын арттыру тиіс. Тәрбиелеу процесінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді падалануға болады. Жоғарғы сынып оқушылары үшін түрлі интеллектуалды ойындар, диспуттар, ғылыми конференциялар, брифингілер, кездесулер, өз бетінше орындалатын шығармашылық жұмыстар: өлең жазу, реферат, мұрағаттық зерттеулер сияқты іздену технологиясына сәйкес жұмыстар жүргізген тиімді.
Орта буындағы сыныптарға танымдық ойындар (аукцион, ислам туралы білгірлер сайысы, т. б) дін тақырыбына жазатын жазушылардың шығармаларын талқылау, мешіттерге саяхат, этикалық әңгімелер, ауызша журналдар, театрлық қойылымдар, «Мейірім» операциясы, соғыс ардагерлері мен мүгедектерге, жетім балаларға көмектесу, өнегелі хабарламалар ұйымдастыру. «Қонақта өзін қалай ұстау керек?», «Сөйлесу мәдениеті», «Адам денсаулығы», «Шығыс Араб маржандары» т. б.
Жеке адамға тән қасиеттерді қарастырамыз.
Адам бойындағы ізгі қасиеттер
Ізгі, аяушылық сезімдер
Үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, ақкөңілділік, тіл алғыштық, қайырымдылық, махаббат, нәзік сезім, жаны ашу.
Жауапкершілік
Тәртіптілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік, өзін-өзі ұстау, өзін тежей білу, батылдық, ар-ұят.
Кеңпейілділік
Кешірімді болу, рақымдылық, адалдық, ізеттілік, риясыздық.
Белсенділік
Ынталылық, ержүректілік, батылдық, шыдамдылық, ұжымшылдық, табандылық, өзіне сенімділік, шыншылдық.
Адамгершілік
Адалдық, ақылдылық, шыдамдылық, ашықтық, беделділік.
Белсенділік
Ақжарқын, өзгенің қуанышын бөлсу, жомарттық, мәрттік, беделділік, әзілқой, достық, қонақжайлылық, әдептілік.
Ар - ұят
Кеңпейілділік, ұялу, қатесін мойындау, тәртіптілік, жауапкершілік.
Сыртқы және жан дүниесінің тазалығы
Тазалық, ұқыптылық. жинақылық, қарапайымдылық, қаталдық, ұстамдылық, талап етушілік.
Бұл кестеде біз оқушыларды ізгі қасиеттерін негізге ала отырып, тәрбиелеуді негізге алдық. Бірақ өмірде адам бойында бірыңғай ізгі қасиеттер ғана болуы мүмкін емес, сондықтан жаман қасиеттерден құтылудың жолын ізгі қасиеттерден іздейміз.
Адам бойындағы жаман қасиеттер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz