Бастауыш мектептің дамуында М.Дулатовтың педагогикалық көзқарастары мен ғылыми ізденістерінің алатын орны


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 3

Белгілер мен қысқартулар . . . 4

Анықтамалар . . . 5

І Кіріспе . . . 6-7

1Бастауыш мектептің дамуында М. Дулатовтың педагогикалық көзқарастары мен ғылыми ізденістерінің алатын орны .

1. 1 М. Дулатовтың ағартушылық мұрасының маңызы және қазіргі таңдағы өзектілігі . . . 8-26

1. 2 М. Дулатовтың тіл білімі мен балалардың математикалық сауатын ашудағы ғылыми ізденістерінің құндылығы . . . 27-35

2М. Дулатовтың педагогикалық және шығармашылық мұрасын бастауыш сыныптың оқыту үдерісінде қолданудың әдістемесі.

2. 1М. Дулатовтың қара есептерін математиканы оқыту әдістемесінде пайдалану . . . 36-44

2. 2 Әдебиеттік оқудағы М. Дулатов шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу әдіс - тәсілдері . . . 45-63

ІІІ Қорытынды . . . 64

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65-67

Нормативтік сілтемелер:

1. Назарбаев Н. Ә «Қазақстан - 2030» Алматы, Білім, 1997, -256.

2. «Математика» пәнінен оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

3. «Әдебиеттік оқу» пәнінен оқу бағдарламасы. Қ. Р. Үкіметінің 2012жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі, орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Белгілеулер мен қысқартулар

  1. СТО - сын тұрғысынан ойлау.

Анықтамалар

1. Әдіс - гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

2. Тәсіл - белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет.

3. Оқыту әдістері - оқытудың мақсат- міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал -тәсілдері мен құралдарының жиынтығы

4. Түсіндіру - оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы.

5. Әңгіме - мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеп, Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше мән берілген. Сондықтан, «Жан-жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге халықтардың тарихын, тілін, мәдениетін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін дамытуға ынтызар, өмірдің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу - ең басты өзекті мәселе», - деп көрсеткен [1] .

Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Жер бетін мекен еткен адамзаттың бір бұтағы -бір халықтың қандай дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнемен көрінуі - сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

Осыны білген «Алаш қайраткерлері» ХХ ғасырдың басында халқының сол кездегі тағдырына ой жіберіп, сауаттандырып, өркениетті ел қатарына қосуға күш салды, қараңғылық пен надандықтан құтыла алмай отырған халқына ең алдымен, білім мен мәдениет керек екендігін анық ұғып, халқын мәдениеті жоғары елдер санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өздеріне мақсат қылып қойған. Солардың бірі де бірегейі -М. Дулатов.

Ал, Міржақып Дулатовтың ағарту саласында жазған еңбектері арнайы зерттеуді қажет етеді. Оның ағарту саласында жазған еңбектері жеке тұлғаны қалыптастыру процесінде пайдаланудың бүгінде айрықша қызмет атқаратынын ескере келіп, М. Дулатов шығармаларына назар аударуға тура келеді. М. Дулатовтың ұлттық идеологияға негізделген педагогикалық мұрасы бүгінгі жас ұрпақтың бойына жағымды қасиеттерді қалыптастыруда ең тиімді құрал болатыны сөзсіз.

Оның бүкіл өмір жолындағы басты идеясы - қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс-жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқу-ағарту жұмыстарын дұрыс жолға қою. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәлім-тәрбие беретін шығармалар жазумен қатар, оқу құралдарын да жазып мұра етіп қалдырды. Осыдан Міржақып Дулатовтың педагогикалық және шығармашылық мұрасын пайдалану жолдарын қарастырудың объективтік қажеттігі туындайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: М. Дулатовтың ағартушылық мұрасына теориялық және әдістемелік тұрғыда сипаттама бере отырып, оның еңбектерінің тәрбиелік мәнін, маңыздылығын айқындау.

Зерттеу жұмысының міндеті: М. Дулатовтың ағартушылық қызметіне талдау жасай отырып, оған жоғарыдағы мақсатты айқындау үшін төмендегідей міндеттерді шешуді көздедік:

а) М. Дулатовтың педагогикалық көзқарастары мен ғылыми ізденістерінің бастауыш мектептің дамуына қосқан үлесін зерттеу.

б) М. Дулатов еңбектерін бастауыш сыныптардың оқыту үдерісінде қолданудың жолдарын, әдістемелік мүмкіндіктерін негіздеу.

Зерттеу жұмысының объектісі: бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: «Әдебиеттік оқу» оқулығындағы М. Дулатов еңбектерінің тәрбиелік мәні.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Бастауыш мектептің дамуында М. Дулатовтың педагогикалық көзқарастары мен ғылыми ізденістерінің алатын орны.

  1. М. Дулатовтың ағартушылық мұрасының маңызы және қазіргі таңдағы өзектілігі

Еліміздің егемендік алып, ұлттық тарихымызды шынайы зерттеуге жол ашылуы «ақтаңдақтарымыздың» тарихын зерттеп, оның нәтижесін бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға мүмкіндік берді. Әсіресе, ХХ ғасырдың басында саясаттың салдарынан зерттелінбей келген ұлттық тәлімдік мұраларды зерттеуге жол ашылды.

ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ой-пікірлердің дамуы ұлттық мәдениеттің негізін қалаған М. Дулатовтың ағартушылық идеяларынан саяси-қоғамдық көзқарастарынан, қайраткерлік іс-әрекеттерінен өрбитінін байқаймыз. Бар ғұмырын халық мүддесіне сарп еткен М. Дулатовтың артына қалдырған мәдени - ағартушылық еңбектері баға жетпес құнды мұра. Ал, осы мұраларды зерттегендердің бірі - Ж. Ысмағұлов болды. Ж. Ысмағұловтың көрсетуінше, «Негізгі ақындық кредосы, азаматтық платформасы, баяндалған поэзиялық монологтар», «нақыл- насихат, ақыл-парасат пайымдары», «бір ырғақтан, бір екпіннен, бір леппен шұбыртпалы, бір ұйқаста бәйіт үлгісімен жазылған». Сондай-ақ Ж. Ысмағұлов «М. Дулатовтың бес томдық шығармалар жинағы жайлы ойлар» атты мақала жазып, бес томдық шығармаларын талдап көрсеткен. Бірінші том - көркем шығармалары: өлеңдері, романы, пьесасы және бір сыпыра әңгімелері. Екінші, үшінші томдар - көсемсөз, әдеби сын және зерттеу мақалалары. Төртінші том - ағартушылық бағыттағы еңбектері мен оқу құралдары. Бесінші томға - аудармалары мен өмірбаяндары және басқа да деректі нұсқалар енгізілгендігін атап көрсетіп, мынадай баға берген: «М. Дулатовтың бес томдық шығармалары» халқымыздын рухани қазынасына қосылған кесек үлес деп, еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиға деп бағалаған жөн» [2] .

Ал, М. Әбсеметов «М. Дулатов (өмірі мен шығармашылығы) » деген еңбегінде М. Дулатов туралы: М. Дулатов (1885-1935 жж) ақын, жазушы, журналист, ағартушы - педагог, қоғам қайраткері деген сипаттама берген [3] .

Қ. Бөлеев Міржақып Дулатовтың халықтық идея туралы ой - пікірлерін зерттеген. Бұл жөнінде Қ. Бөлеев былай деген: «М. Дулатовтың поэтикалық шығармашылығы да халықтық идеяны насихаттауға тікелей бағытталған. Онда халықты ұлттық келісімге шақыру, ағарту ісіне және білімге ұмтылдыру мәселелері кеңінен айтылады. Жазушының мұндай ой - пікірлері «Оян қазақ!» «Насихат гумумия» «Таршылық халіміз хақында аз мінәжат», «Алаштың азаматына», «Алаш ұранды қазаққа», «Үшінші июнь законы» һәм қазақ», «Жер мәселесі» атты шығармаларына арқау болған. Мысалы, «Оян, қазақ!» атты өлеңінде «Ғылым үйрен, ашылсын көзің жастар, тәрбиеле өзіңді - өзің жастар» деген жолдары арқылы халықты оқу - білімге ұмтылуға дағдылайды» [4] .

С. Қирабаев «Алашорда және ұлтшылдық әдебиет Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» атты еңбегінде: «М. Дулатов - публицист - энциклопедист. Ол қазақ тілінде үш бөлімнен тұратын «Есеп құралын», ана тілінде қазақтардың тарихын жазған. Міржақып тек публицист - энциклопедист қана емес, ұлан ғайыр ілім негіздерін меңгерген ғалым энциклопедист те болған» - деп өз ойын білдірген[5] .

М. Дулатов туралы жарияланған еңбектермен зерттеу материалдарына шолу жасай келе, оның саяси және қоғам қайраткері, ағартушы ретінде әлемге аты әйгілі болғаны байқалады. Оған дәлел Жапон ғалымы Томихико Уямоның «ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллегенттерінің көзқарасы. М. Дулатовтың «Оян, қазақ» кітабы туралы» атты диссертациясы Жапон халқының патриоттық рухын оятуда негізгі тәрбие құралы ретінде ұсынылып отырғанын көруге болады.

Томихико Уямоның «Оян, қазақ!» кітабы туралы «М. Дулатов «Оян, қазақ» кітабында патшаны аллегориялық формада сынады. Жерінен айырылған қазақтардың аянышты хәлі М. Дулатовты мұңға батырды сонда да ол ұлтаралық наразылықты қоздырған емес, керісінше қоныс аударып келгендердің қарашекпенділердің еңбексүйгіштігін жоғары бағалады. Ол қазақтардың қазіргі өркениеттен Россия арқылы жететініне сенді» - деп, М. Дулатовтың болашақты алыстан көретін данышпандығы мен интернационалдық көзқарасын ашып көрсетті [6] .

ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамына жан бітірген, белсенді қимылға бастаған заман болды. Бұл патшалық Ресейдің отаршылдықты күшейтіп, қазақ даласына тізесін одан әрі батырып, озбырлығы өрши түскен кез еді. Патша пәрмені күшейтіліп, айдың күні аманда әр жерлерде құрылған дала соттарының шешімдерімен туған халқына жан-тәнімен берілген кінәсіз, асыл азаматтар сәл қарсылық көрсетсе болды Сібірге айдалып, абақтыға жабылып, атылды. Жергілікті әкімшілік тарапынан жасалатын әлеуметтік әділетсіздік күнделікті дағдыға айналды. Олар қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып алып, ойына не келсе соны істеп, жер аударылған мұжықтар үшін ешнәрседен тайынбады. Сауаты кем бұқара ел ішінен шыққан белсенділердің зорлық-зомбылығынан қажыды.

Осындай жағдайды күн сайын көзбен көріп, жете ұғынған Міржақып Дулатов өз кезінің өзекті әлеуметтік мәселелері туралы тамаша тұжырымдар жасады. Ол: «Енді шенеуніктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды» - деп жазды. Патшалық Ресейдің отарлау саясатының қасіретін тартқан қазақ халқын ояту үшін, 1909 жылы Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы М. Дулатов шығармаларының алғашқысы болып табылады. Осы алғашқы жинағының өзінен-ақ автордың мақсаты мен беталысы айқын аңғарылады. Кітапқа эпиграф ретінде берілген төрт жол өлеңге қаншалықты мән-мағына сыйып кеткен десеңізші! . . . Төрт жолды өлең сол тұстағы қазақ халқын құрсап алған қасіретті түгел көз алдыңызға келтіреді.

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал - һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

Осы төрт жолдан ақынның бүкіл тыныс-тіршілігінің болмысы танылғандай. Елін өлеңмен оятуға ұмтылған ақын негізгі түйінді мәселелерді нақты айқындап, назар салар тұсты дәл меңзейді. Сондықтан бұл төрт жолды өлең бүкіл жинақтың өн-бойына өзек болды. М. Дулатов төрт-ақ жолға сол кездегі қазақтың ащы шындығын тұтас сыйғызған. М. Дулатов «Оян, қазақты!» жазғандағы мақсатын былайша түсіндіреді: «Әркім өз қолында барынша жомарт болғаны секілді, мен де өз мағлұматымша бишара халқымызға пайда келтірмек мақсатыммен осы кітапты жаздым», - дейді [7] . Бұл кітап татар, башкұрт окығандарының да назарын аударды. Акынның «Оян!» сөзі - оның биік идеялық мақсаты, басты рухани нысанасы.

Акын қазақты оятамын деп маса болып шаққан А. Байтұрсынұлына қосылып, ұйықтаған жұрттың зердесіне ой салады. Осы жинағында кара сөзбен жазған «Сөз басында»: «Осыдан 15 жыл бұрынғымен салыстырғанда нашарлап кеттік, енді аз ғана жылда неміз қалады», - деп кынжылады. «Қой, бүйтпелік, әр халықтың күші - өнер болса, ол өнерге біз - қазақтар да ортақ болсақ керек. Сол үшін мұсылманша ғылымдар оқып, дінімізді танып, надандардың көзін, көңілін ашып, мұнымен әрекеттік пайдамызды табайық! Екінші дүниемізде қажетті ақымызды алып, жерімізді, малымызды сақтау үшін, орысша оқып, өнерлі болайық», - деп жазады.

Жинақтағы «Қазақ халкының бұрынғы һәм бүгінгі хәлі» деген алғашқы өлеңде ол қазақ халқының әлеуметтік ахуалына талдау жасайды. Қазақ неліктен жеке ел болудан қалды деген сұраққа жауап іздейді. Ақын алдымен халық тағдырын ойлау, оның мүддесіне кызмет ету - әрбір саналы азаматтың басты парызы екеніне назар аударады. Оның:

Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,

Бәйге алмас болғанымен жүйрік шаппай.

Шамаңды қадари - хал көрсетсеңші,

Байғұс - ау оянсаңшы қарап жатпай, - деуі - тек өз атына ғана айтылған сөз емес, жиырмасыншы ғасырдың көзі ашық жастарына арналған сөз. Одан әрі ақын туған халқының өз алдына ел болып, өзін-өзі билеген, төрт түлігі маңыраған, көшпелі өмірін есіне алады. Бірақ ол өткеннің бәрі жаксы еді деп жоқтамайды. Қайта өткен заманның көлеңкелі жақтарын сыншыл көзбен, сарапшыл оймен таразыға салып, бүгінгі мүшкіл хәліміздің бір себебін сол кездегі бейқамдық пен берекесіздіктен іздейді.

Халқын өнер-білімді игеруге, надандық-мешеуліктен кұтылып, мәдениетті өресі биік ел болуға шакырады. Бұл жарқын идея оның көптеген өлендерінің арқауы болды. Оған дәлел ретінде «Насихат гумумия» атты өлеңін атауымызға болады.

«Насихат гумумия» (гумумия - жалпы) атты ұзақ өлеңі 17 бөліктен тұрады. Жеке өлеңдерде айтылып отыратын өсиеттері, насихат ойлары бұнда бір жерге тоғысып жинақталған. Өлеңнің соңғы бөлігінде өзінің аты-жөні, руы, шыққан жері, 25 жасында жазғаны айтылады. Өлеңде насихат басым. Өнер іздемей, бекер сандалған жастарды, өзара бақ, байлық таластырған қайырсыз байларды, қызыл көрсе, құзғындай шүйілген молдалар мен билерді сынайды. «Насихат ойларын» - дейді, бұндай сөзді елін сүйген адал перзенттер ғана айта алады, деген өз тұжырымын айтқан.

«Оян, қазақ!» жинағы - осындай реалистік сипатымен күрес рухына, кайрат пен жігерге толы, ұлттық намыс пен сана-сезімді оятуымен, ағартушылық-демократтық сипатымен кұнды туынды.

Ал, «Азамат» атты жинағы - көлем жағынан алғанда, «Оян, қазақтан» да шағындау. Бірақ, мұндағы шығармалар автордың ақындық өнерге бұрынғыдан едәуір төселе түскенін аңғартады. Бірінші жинақтың тақырыбындағы ұранды үндеу ондағы барлық шығармаларға тән болатын. Ақынның оқушыға айтар сөзі көбінесе ашық үгіт, нақыл - насихат, діттеген ойын тәптіштеп ұғындыру түрінде жеткізілетін де, негізінен баяндау әдісіне құрылатын. Автор негізгі салмақты ойын мазмұн жағына аударуға тырысатын, сондықтан онда ажарлы бояу, бейнелі сурет, айшықты өрнек дегенге онша мән бермейтін. Әрине, бұл алғашқы еңбектің көркемдік қасиеті кемшін еді деген сөз емес. Ақын онда да қазақтың қара өлең өнерін жақсылап меңгерген, сөз саптауы жатық, айтайын деген ойы айқын, өлең ұйқастары толымды, ішкі құрылымы ырғақты, тыңдаушы мен оқушы зердесіне бірден ұялап қалатын ұтымды орам, ұшқыр тіркестері мол болып келетін.

Ал, мына жинақта сол қасиеттердің үстіне бұрынғы баяндау сарыны енді, ақынның көңіл-күйін білдіретін сыршыл сезімге, терең тебіреніске, ойшыл санаға қарай көбірек ойысып, шынайы поэзиялық өріске бет алғаны байқалады. «Таза бұлақ», «Шағым», «Мұң», «Арманым», «Сырым», «Қажыған көңіл», «Қиял», «Таң» сияқты өлең тақырыптарының өзі-ақ нәзік лирикаға сұранып тұрғандай. Бұл тақырыптардың көркемдік шешімі де көңілге қонымды, ақындық мәдениеттің едәуір жоғарылай түскенін дәлелдейді.

Бірақ, ақын - өзінің өмірлік мұратына әрдайым адал, ішкі ожданына берік. Қай өлеңінде болсын ол жай ғана жеке бастың мүддесін күйттеп, өзімшіл түйсік жетегіне ілесіп кете бермейді. Бұрынғысынша азаматтық ар үні, әлеуметтік әуен басым жатады. Солардың қалың ортасында, халық тарапының әр тараптан келіп тоғысқан тораптарында ел мүддесінің жоқшысы, қайтпай қайсар, мұқалмас қажыр иесі күрескердің бейнесі тұрады.

Бұл «Оян, қазақтағы» бұйығы халықты белсенді іске, саналы қаракетке, елдікке, бірлікке, өнер - білімге шақырған жүрек әмірінің жаршысы ғана емес, сол саналы азаттық қозғалысының белгілі бір кезеңін бастан кешіріп, оның азап-бейнетінің дәмін татқан, ұлы шайқастың қазанында бір қайнап шыққан тәжірибелі күрескердің бейнесі. Оның халыққа арнап ендігі айтар сөзінде өз басынан кешірген оқиғалардың шындығы бар, сол шындықты санамен ұғып, жүрекпен сезінген ақын жанының ыстық шарпуы бар.

Сондықтан, ол әлі де керенаулық пен бейқамдықтың шылауынан шыға алмай, ескі сүрлеуді шиырлап жүрген халқына:

Мен не болсам, болайын саған садақа,

Сүйікті жұртым, қақпанға түсіп алданба - деп ескертуі де,

Жұрттығыңды жоғалтпай әлден, басың қос,

Озу қиын көмбе жерге барғанда, - деп бұрынғы айтқандарын тағы пысықтап, шегелей түсуге де әбден хақылы болып көрінеді.

Осы тұста ақын елге көсемдік қылар ақсақалдардың, олардың соңынан еретін жастардың, адасқан елді дұрыс жолға бағдарлайтын оқығандардың, мал-дәулетімен ортақ іске жәрдемін тигізетін байлардың жұрт санасын ағартып, ақ батасымен елді жебейтін молдекеңдердің бас-басына тағы да сөз арнап, оларды бір арнадан тоғысуға шақырса, біз одан бұрын ел бірлігін көксеген азамат ақынның енді сол халқын ұлттық тұтастық дәрежесінде көруді аңсаған патриот күрескерге айналған бейнесін көреміз.

Мақсат биіктеп, міндет күрделене түскен сайын, қай қиындыққа да қасқиып қарсы шыққан күрескердің тәуекелшілділігіне де түбегейлі өзгеріс кіреді. Ол - енді бұрынғыдай ет қызуымен өз ұранына өзі еліккен көзсіз ер емес, ел тағдыры тығырыққа қамала түскен сайын құрбандық құнының арта беретінін ақыл-санамен ұғынған және ұғынған сайын еліне деген сүйіспеншілігі мен перзенттік махаббаты арта беретін нағыз қаһарман тұлғасында қара көрсетеді.

Дулатов ақындығының алтын жалауындай, туған елі үшін өмірін өкінішсіз құрбан етуге сәт сайын дайын тұрған жаңағыдай жан кешті адамның аузынан жалындап шығып, ел аузында жатталып қалған «Шағым» атты өлеңіндегі:

Қалғанша жарты қаңқам мен сенікі,

Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш! - деп келетін халық алдындағы, ар ал - дындағы ант сөзінің айнымас ақиқаттығы «Сырым» атты өлеңде:

Көздеген оқ, сермеген қылыш болса да,

Тәуекел жеп қасқайып көзді жұмармын, - деген шешім арқылы жаңа бір күшпен беки түседі. Ақынның өз сертіне сенімді екеніне күмәнданбайсың өйткені, ол халқының бақыты үшін күресіп өтуді жай бір көлденеңнен тап болған кездейсоқ шаруа деп қарамай, құдірет күшінің өз маңдайына жоғарыдан жазып жіберген үлесі деп қабылдайды.

Кім үшін тусам, сол үшін өлу - борышым,

Міндет қылып қосқаның маған құдайың.

Өз тағдырын осындай биіктен түсінген ақын, жоғарыда келтірілгендей, «Мұң» атты өлеңінде жұртына:

Мен не болсам, болайын саған садақа, -деп таусыла айтса, «Арманым» деген шығармасында:

Аяусыз жаным, мен бір құрбан лағың,

Болса алуға қаным себеп мұратың,

Болайын сүйінші, жұлдызы жанып бақыттың,

Сен көркейді деп естісе құлағым, - деп тарыққан көңілдің түкпіріндегі асыл аңсарын одан бетер ақтара түседі.

«Азаматқа» енгізілген бірқатар шығармаларында автор алғашқы жинақтағы ағартушылық идеясын ілгері қарай жалғастырады. Бұлардан да арада өткен аз жылдың өзгерістеріне байланысты ақынның халықты оқуға, өнер-білімге шақыруы - бұрынғыдай ұран түрінде болмай, бүгінгі күннің зәру қажеттеріне қарай, нақты міндет түрінде қабылданады. Мәселен: «Газет-журнал» деген өлеңде дүниеде болып жатқан оқиғалардан хабардар болып, көңіл көзіңді ашық ұстау үшін, елге тарайтын баспасөз органдарын жаздырып алу қажеттігі айтылады. «Айқап» журналының шыға бастауына және оның екі жылдығына арналған өлеңдерде, сондай-ақ, «Жастарға» атты арнауда да, халықтың санасына саңылау енгізіп, оған дұрыс жолды нұсқап отыру - оқыған азаматтардың ең бірінші борышы етіп көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Дулатовтың ағартушылық мұрасына теориялық және әдіснамалық тұрғыда сипаттау
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Зерттеудің негізгі кезеңдері
М. Дулатовтың педагогикалық идеяларының теориялық негіздері
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
Ғұламаның Оян, казақ
М. Дулатов шығармаларындағы елдік рух
Архимед Мыңбайұлы мен Рафиха Нұртазинаның негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі
Зерттеудің жетекші идеясы
Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz