Бастауыш мектеп математикасы тарихын оқытудың әдіснамалық негіздері



Қазіргі ғылым, оның іргетасы – математика заманымыздың аса мәдени құрылысы, жалпы өркениетіміздің бөлінбес маңызды бір бөлігі болып отыр. Сондықтан да тек болашақ математика пәнінің мұғалімдері ғана емес, білім – парасатқа ұмтылған әрбір азаматтың ғылым тарихынан, әсіресе «ғылым патшасы» математика тарихынан белгілі бір дәрежеде хабардар болуы игілікті нәрсе.
Математика тарихы математиканың бір саласы болып есептеледі. Ол – математика дамуының объективтік заңдылықтары туралы ғылым, осыған сәйкес математика тарихының көп мәселелерді қарастыруына тура келеді. Тарихи – математикалық зерттеулер: 1) математиканың дамуындағы фактілер мен мағлұматтар байлығын ашады; 2) математиканың практикалық мұқтаждығын және адам әрекеттерін, басқа ғылымдардың дамуын, қоғамның әлеуметтік және таптық құрылысы мен қатысын, байланысын ашуға тырысады; 3) математиканың логикалық құрылымының тарихи шарттылығын, оның өзгеру диалектикасын көрсетеді. Белгілі дәрежеде оның болашағын, перспетивасын болжауға мүмкіндік береді.
Математика тарихының методологиялық негізі – диалектикалық метриализм болып табылады.
Көрнекті математик А.Н.Колмогоровтың таратуы бойынша математика тарихвын шартты түрде төрт дәуірге бөлуге болады.
Бірінші дәуір – математиканың туу математикалық білім дағдылардың, мағлұматтардың жиналу және қорлану дәуірі. Бұл жазба тарихқа дейінгі санаудан, алғашқы қауымнан басталып математика өзінің белгілі бір зерттеу пәні, мақсаты, әдістері, салалары бар дербес теориялық ғылым болып қалыптасқан (б.д.д. ҮІ-Үғғ.) грек математикасына дейін созылады. Бұл дәуірде математикалық негізгі ұғымдар, сандар, фигуралар тағы да басқа қалыптасады.
Екінші дәуір – элементарлық математика дәуірі – б.д.д. ҮІ-Ү ғасырлардан басталып – біздің заманымыздың ХҮІ ғасырымен аяқталады. Бұл кезеңде математикада бүтіндей дерлік тұрақты шамалар қарастырылады. Математиканың арифметика, алгебра, геометрия және тригонометрия деп аталатын дербес салалары пайда болады.
Үшінші дәуір – айнымалы шамалар математикасының туу дәуірі. Бұл кезеңде математиканың негізгі нысанасы, объектісі – процестерді, қозғалыстарды зерттеп білу. Бұл дәуір ХҮІІ ғасырдағы Декарт, Лейбниц, Ньютонның ашқан математикалық жаңалықтарынан басталып ХІХ ғасырдың І-жартысын қамтиды. Бұл аралықта математиканың бұрынғы салаларына аналитикалық геометрия, дифференциялдық және интегралдық есептеулер, дифференциялдық теңдеулер, ықтималдық теориясы сияқты физика-математикалық, техникалық және басқа жоғары оқу орындарында оқытылып жүрген қазіргі математиканың классикалық негізі болып саналатын көптеген салалар қосылады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектеп математикасы тарихын оқытудың әдіснамалық негіздері.

Қазіргі ғылым, оның іргетасы – математика заманымыздың аса мәдени
құрылысы, жалпы өркениетіміздің бөлінбес маңызды бір бөлігі болып отыр.
Сондықтан да тек болашақ математика пәнінің мұғалімдері ғана емес, білім –
парасатқа ұмтылған әрбір азаматтың ғылым тарихынан, әсіресе ғылым патшасы
математика тарихынан белгілі бір дәрежеде хабардар болуы игілікті нәрсе.
Математика тарихы математиканың бір саласы болып есептеледі. Ол –
математика дамуының объективтік заңдылықтары туралы ғылым, осыған сәйкес
математика тарихының көп мәселелерді қарастыруына тура келеді. Тарихи –
математикалық зерттеулер: 1) математиканың дамуындағы фактілер мен
мағлұматтар байлығын ашады; 2) математиканың практикалық мұқтаждығын және
адам әрекеттерін, басқа ғылымдардың дамуын, қоғамның әлеуметтік және таптық
құрылысы мен қатысын, байланысын ашуға тырысады; 3) математиканың логикалық
құрылымының тарихи шарттылығын, оның өзгеру диалектикасын көрсетеді.
Белгілі дәрежеде оның болашағын, перспетивасын болжауға мүмкіндік береді.
Математика тарихының методологиялық негізі – диалектикалық метриализм
болып табылады.
Көрнекті математик А.Н.Колмогоровтың таратуы бойынша математика
тарихвын шартты түрде төрт дәуірге бөлуге болады.
Бірінші дәуір – математиканың туу математикалық білім дағдылардың,
мағлұматтардың жиналу және қорлану дәуірі. Бұл жазба тарихқа дейінгі
санаудан, алғашқы қауымнан басталып математика өзінің белгілі бір зерттеу
пәні, мақсаты, әдістері, салалары бар дербес теориялық ғылым болып
қалыптасқан (б.д.д. ҮІ-Үғғ.) грек математикасына дейін созылады. Бұл
дәуірде математикалық негізгі ұғымдар, сандар, фигуралар тағы да басқа
қалыптасады.
Екінші дәуір – элементарлық математика дәуірі – б.д.д. ҮІ-Ү
ғасырлардан басталып – біздің заманымыздың ХҮІ ғасырымен аяқталады. Бұл
кезеңде математикада бүтіндей дерлік тұрақты шамалар қарастырылады.
Математиканың арифметика, алгебра, геометрия және тригонометрия деп
аталатын дербес салалары пайда болады.
Үшінші дәуір – айнымалы шамалар математикасының туу дәуірі. Бұл
кезеңде математиканың негізгі нысанасы, объектісі – процестерді,
қозғалыстарды зерттеп білу. Бұл дәуір ХҮІІ ғасырдағы Декарт, Лейбниц,
Ньютонның ашқан математикалық жаңалықтарынан басталып ХІХ ғасырдың І-
жартысын қамтиды. Бұл аралықта математиканың бұрынғы салаларына
аналитикалық геометрия, дифференциялдық және интегралдық есептеулер,
дифференциялдық теңдеулер, ықтималдық теориясы сияқты физика-математикалық,
техникалық және басқа жоғары оқу орындарында оқытылып жүрген қазіргі
математиканың классикалық негізі болып саналатын көптеген салалар қосылады.
Төртінші дәуір – қазіргі математика дәуірі. Бұл ХІХ ғасырдың І-
жартысында Ұлы математиктер Н.И.Лобачевский, Э.Галуа ашқан математикалық
жетістіктерден басталады. Мұнда математика қамтитын кеңістік пішіндері мен
сандық қатынастар мейлінше кеңейеді, бұл тұста сандар ғана емес, вектор,
тензор, спинор тәрізді және басқа тектес шамалар қарастырыла бастайды.
Кеңістік туралы ұғымның шеңбері кеңейіп, әр түрлі геометриялар (Эфклидтік
емес) ашылады. Алгебраның көптеген жаңа салалары қалыптасады. Математиканың
өзін тарихи, логикалық және философиялық тұрғыдан негіздеу мәселесі қолға
алынады; есептегіш машиналар пайда болады.
ХІХ ғасырға дейін математика тарихы жөнінде қалам тартушы авторлардың
көбісі сандар мен сандарға амалдар қолдану әрекетін құдайлар немесе
кемеңгер философтар шығарған деп түсіндіріп келді. өткен ғасырдағы ең мықты
алгебращылардың бірі Кронекер бүтін сандарды құдай жасады, қалған дүниені
адам жасады, - дегені мәлім. Ескі аңыздарда сандарды біресе Пифагор,
біресе Прметей немесе басқа бір пайғамбар шығарыпты-мыс деген тұжырымдар
көп ұшырасады. Бұлардың барлығы, әрине, ғылыми шындыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ (5-9 СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)
Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама
Геометрия ғылымының аталуы ежелгі
Бастауыш қазақ мектебіндегі математиканы оқыту тарихы
Фараби шығармаларындағы есептердің бастауыш сыныптағы тәрбиелік мәнін анықтау
Математикалық білім беру
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Математика пәнін оқытуда батауыш мектептің оқу үдерісінде тиімді оқытудың әдістерін таңдап алу және ендіру
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Пәндер