Бастауыш сыныптағы еңбекке баулуды оқыту әдістемесі



1.1. Бастауыш сыныптағы еңбекке баулуды оқыту әдістемесі пән ретінде
2 Еңбекке баулуды оқыту курсының негізгі мақсаты
3 Еңбекке баулу пәні мұғаліміне қойылатын талаптар
4 Бастауыш білімнің еңбекке баулу пәні бойынша мемлекеттік стандартын талдау
Әдістеме пәні ретінде оқыту және тәрбиелеу процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырады.
Педагогикалық ғылымның жалпы және жеке әдістемесі бар. Жалпы оқыту заңдылықтары дидактикамен байланысты, ал жеке - әрбір оқыту пәнінде зерттеу объектілерін, міндеттерін және әдістерін қарастырады. Оқыту мен дамытудың өзара тығыз байланысты үдерістері бар, олар: оқытудың мазмұны, мұғалімнің қызметі - оқыту, оқушылардың қызметі - оқу. Әдістеменің міндеті осы үш заңдылықтардың байланыстарын зерттеу және соның негізінде оқу пәнінің, оқытудың мазмұнының талаптарын құрастыру.
Сонымен, әдістеменің объектісі болып оқыту процесі саналады.
Оқыту әдістемесі әрдайым бір мақсатқа бағытталады. Қазіргі мектепте оның мақсаты тек оқушыларды біліммен, білікпен және дағдымен қаруландырып қою емес, сонымен қатар денесі шыныққан, иілімді ақылымен, жақсы эстетикалық талғамымен және жоғары ізгілік қасиеттерімен жан-жақты дамыған оқушыларды әзірлеу.
Оқыту әдістемесі машықтық тәжірибені теориялық жағынан қорытындылайды, өзін дәлелдейтін және жақсы нәтижелер беретін оқыту әдістерін ұсынады.
Қазіргі әдістемеде, соның ішінде еңбекке баулу әдістемесінде, оқу пәніне және оны құру жүйесінде ғылыми материалды таңдауда белгілі мөлшерде айқындалады, яғни оқу пәнінің логикасын талап етеді.
Еңбек пәнінің әдістемесі- бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі негізгі пәннің бірі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
1.1. Бастауыш сыныптағы еңбекке баулуды оқыту
әдістемесі пән ретінде

Әдістеме пәні ретінде оқыту және тәрбиелеу процесінің ерекшеліктері
мен заңдылықтарын қарастырады.
Педагогикалық ғылымның жалпы және жеке әдістемесі бар. Жалпы оқыту
заңдылықтары дидактикамен байланысты, ал жеке - әрбір оқыту пәнінде зерттеу
объектілерін, міндеттерін және әдістерін қарастырады. Оқыту мен дамытудың
өзара тығыз байланысты үдерістері бар, олар: оқытудың мазмұны, мұғалімнің
қызметі - оқыту, оқушылардың қызметі - оқу. Әдістеменің міндеті осы үш
заңдылықтардың байланыстарын зерттеу және соның негізінде оқу пәнінің,
оқытудың мазмұнының талаптарын құрастыру.
Сонымен, әдістеменің объектісі болып оқыту процесі саналады.
Оқыту әдістемесі әрдайым бір мақсатқа бағытталады. Қазіргі мектепте
оның мақсаты тек оқушыларды біліммен, білікпен және дағдымен қаруландырып
қою емес, сонымен қатар денесі шыныққан, иілімді ақылымен, жақсы
эстетикалық талғамымен және жоғары ізгілік қасиеттерімен жан-жақты дамыған
оқушыларды әзірлеу.
Оқыту әдістемесі машықтық тәжірибені теориялық жағынан
қорытындылайды, өзін дәлелдейтін және жақсы нәтижелер беретін оқыту
әдістерін ұсынады.
Қазіргі әдістемеде, соның ішінде еңбекке баулу
әдістемесінде, оқу пәніне және оны құру жүйесінде ғылыми материалды
таңдауда белгілі мөлшерде айқындалады, яғни оқу пәнінің логикасын
талап етеді.
Еңбек пәнінің әдістемесі- бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындау
жүйесіндегі негізгі пәннің бірі. Өйткені ол педагогика, психология және
техника мен өнеркәсіп технологиясындағы казіргі ғылыми жетістіктерге
негізделген. Еңбекке баулу әдістемесі курсын психологияны, оқу процесін
ұйымдастырудың талаптарын, сонымен катар техника, технология, өнер-кәсіп
экономикасының заңдылықтарын білмей, меңгеру мүмкін емес. Педагогикалық
мамандықты игеру үшін оқу-тәрбие процесін тыңғылықты меңгеруді үйрету
қажет, әрбір нақты жағдайда қандай оқу әдістері жаксы нәтижелер беретінін
қандай көрнекіліктерді пайдалану неғұрлым тиімдірек болатынын және т.б білу
кажет.
Мұғалім өзінің шығармашылық, сонымен қатар ғылыми-әдістемелік деңгейін
үнемі жетілдіріп тұруы тиіс.
Еңбекке баулуды оқыту курсының негізгі мақсаты:
- педагогикалық колледж оқушыларына, болашақ мұғалімдерге. еңбекке
баулудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін тиімді пайдалана білуге үйрету, оқыту
процесінде оқушыларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, эстетикалық, т.б.
тәрбие беру, еңбектің маңыздылығын, оның қоғам өміріндегі әлеуметтік-
экономикалық рөлін түсіндіру;
- мектеп окушыларын еңбекке баулудың теориялық жене практикалық
білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыру;
- сабақта және өнеркәсіптерде қолданылатын құрал-саймандармен, құрал-
жабдықтармен жұмыс істей білуге үйрету;
- Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік
стандартында қарастырылған түрлі бұйымдарды жасауға, оқушыларды өзін-өзі
күтуіне, көркем, ауылшаруашылық, техникалық еңбек бойынша жұмыстарды
орындауға үйрету;
- мектеп оқушылары белгілі бір мамандық жөнінде нақты кәсіптік бағдар
алу үшін оларды үнемі кәсіби-техникалық колледжге, фабрикаларға, зауыттарға
және т.б. орындарга апарып, саяхат ұйымдастыра білу;
- оқушының тұлғасын, оның еңбекке деген шығармашылық қатынасын
қалыптастыру мен дамытуда сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларды
үйымдастыра білу.
Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың міндетmepi:
Бастауыш сыныптарда еңбекке баулу оқушыларды
- еңбек материалымен (өңдейтін материалдармен);
- еңбек құралдарымен (өңдеуші құрал-саймандармен);
- еңбектегі адамның қызметімен (еңбек құралдарына сүйенумен);
- еңбек нәтижесімен (аяқталған бүйымдармен) таныстырады.
Бастауыш сыньшта еңбек пәнінің политехникалық бірлестігін шамамен мына
сызба бойынша көрсетуге болады:

ЕЗ - Еңбек заты.
ЕҚ - Еңбек құралы.
АЕ - Адам еңбегі.
ЕН - Еңбек нәтижесі.
1. ЕЗ - Бастауыш сыныпта колданылатьш материалдар: қағаз, тері,
ермексаз, әр түрлі материалдар, т.б.
2. ЕҚ - қарандаш, қайшы, біз, сызғыш, циркуль, т.б.
3. АЕ - білімі, әдісі, жұмысты жоспарлай білуі. Мысалы: бүктеу, кесу,
біріктіру, т.б.
4. ЕН - біткен жұмыс: қорапша, ұшақ, машина, т.б.
Еңбекке баулу сабақтарында мұғалім бастауыш сынып оқушыларының еңбек
құралдары мен материалдар туралы танымдарын ұлғайтады. Бастауыш сынып
оқушылары жартылай өңдеуден өткен материалдармен, мысалы қағаз, картон,
мата, пластилин, ағаш сынығы, металл, полуфабрикат және басқаларды
қолданады. Осымен қатар, балалар тірі табиғаттан алынған материалдарды
өңдейді, мысалы шырша, емен жаңғақтары мен жапырақтарын, аққайың қабықтары
мен бұтақтарды және т.б.
Сонымен қатар, мұғалім балаларды аталған материалдардың физикалық,
механикальщ және технологиялық қасиеттермен таныстырады. Әңгімелесу,
саяхатқа шығу және практикалық жұмыстарды жасау барысында оқушылар қағаз-
картон, мата, пластмасса шығаратын полиграфия және құрылыс өнеркәсіптері
туралы жалпы мәліметтер алады. Материал қасиеттері мен оны өңдеу тәсілдерін
оқыту оқушылардың политехникалық бағдарларын кеңейтіп қана қоймай, олардың
еңбегінің нақты, тиімді және нәтижелі болуына ықпал етеді.
Оқушыларды еңбек құралдарымен жүйелі таныстырып отыру мұғалімнің
маңызды міндеті болып табылады. Бастауыш сынып оқушылары жұмыстың тәсілін
үйреніп, соған сәйкес қайшы, пышақ, біз, ине, отвертка, тістеуіш, гайкалық
кілт, бұрғы, ою арасы сияқты жұмыс құралдарын қолданады. Қол аспаптарымен
жұмыс тәсілін оқытуды еңбектің машиналық құралдарын оқыту базасы ретінде
қарастыруға болады. Еңбек құралдарының қол және машиналық негізінде бір
ғана принциптердің болуына мұғалім көңіл аударуы қажет. Осылайша, қиюшы қол
пышағының кесуші станок пышағынан, қол қайшыларынан айырмашылығы жоқ.
Мұғалім оқушыларды еңбектің қол құралдарымен таныстыра келе, ең күрделі
машиналық жұмыс негізінде қол жұмысының принциптері енгізілгенін көрсетіп,
еңбектің қол құралдарын жақсы меңгеру машинадағы жұмыстың жемісті болуын
қамтамасыз етуін мәлімдейді. Модельдеу процесінде мұғалім жалпы түрде
балаларды кейбір машина жұмыстарының негізіне алынған жаратылыстану
ғылымдық заңдармен таныстырады.
Маңызды болып есептелінетін міндеттер - оқушыларды
еңбектегі адам қызметімен таныстыру.
Мұғалім нақты мысалдарда кандай да болмасын өнер кәсіптік бұйымның
бірнеше сатысының болуымен таныстырады. Бірінші конструктор болашақ
бұйымның сызбаларын шығарады: технолог оның дайындалуының реттілігін
жоспарлайды; кейін сызба дайындау реттілігі бейнеленіп, өнеркәсіп
орындарының цехтарына түседі, онда жұмысшылар танысып, оны шығаруға қажетті
материалдарды, инструменттерді, станоктарды дайындап, түрлі технологиялық
өңдеулерді жүргізеді, осы қызметтін, нәтижесінде тапсырылған еңбек өнімі
пайда болады. Оны аяқталған бұйым деп санауға болады. Технологнялық процесс
туралы әңгімелеуді мұғалім өнеркәсіптік еңбекте бәрі - еңбек пәні де, еңбек
құралы да, адамның еңбектегі қызметі де - аяқталған бұйымда, еңбек
өнімінде көрсетіледі. Осы білімдер жалпыланған біліктердің қалыптасуына
және онын, бастауыш сыныптарда политехникалық білім берудің жалғастыру
базасы болуына фундамент болады.
Еңбекке баулу пәні мұғаліміне қойылатын талаптар
Балаларды оқыту үрдісін ұйымдастыратын - мұғалім. Ол әр сабақтың
мақсатын, құрылысын, тиімді әдіс-тәсілдерін анықтайды. Мұғалім оқу
материалын жүйеге келтіріп, бағдарламаға сай одан әрі жетілдіреді.
Сабақ нәтижелі болу үшін мұғалім нақты дайындалып, сабақтың мақсаты
мен түрін, әдіс-тәсілдерін, сабаққа қажетті материалдар мен құрал-
саймандарды, пайдаланылатын оқу көрнекіліктері мен техникалық жабдықтарын
алдын ала ойластырғаны дұрыс. Сабақты жүргізу барысында мұғалім оның
білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін нақты анықтайды. Бұл
міндеттер сапалы орындалуы үшін мұғалім сыныптағы әр оқушының жас
ерекшеліктерін, қабілеттерін, мінез-құлқын үнемі зерттеп отыруы керек.
Еңбекке баулу пәні мұғалімі оқушылардың білімдерін, іскерліктерін,
дағдыларын қалыптастыруымен қатар, бір маманға кәсіби бағдар беріп отырады.
Үлкен адамдардың еңбегін сыйлап құрметтеуге, адамгершілік, эстетикалық,
патриоттық тәрбие көрсетіп, өз еңбегіне жауапкершілікпен қарауға, өзін-өзі
қадағалауға бейім болып табылады.
Мұғалім өз пәнін және оның әдістемесін, сонымен қатар педаготика мен
психологияны жетік білетін, біліктілігі жоғары мұғалім болуы керек. Ол
өзінін, педагогикалық және кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отырғаны
дұрыс. Ол үшін мұғалім әрдайым білім саласындағы, өндіріс пен экономикадағы
болып жатқан жаңалықтардан әрдайым хабардар болып отыруы керек.
Бастауыш білімнің еңбекке баулу пәні бойынша
мемлекеттік стандартын талдау
Пәнді оқытудың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы бастауыш
білімнің мемлекеттік стандартында анықталады. Оның түсінік хатында
мектептің бастауыш сатысында еңбекке баулу пәнінің басты мақсаты
оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру екендігі айтылады.
Бұл мақсат мынадай міндеттерді анықтайды:
- еңбекке баулу сабағында оқушыларды жұмыс орнында материалдар мен
құралдарды дұрыс орналастырып қоя білуге үйрету;
- жұмыста қолданылатын материалдарды үнемді жұмсауға үйрету;
-әр түрлі бүйымдарды дайындау барысында оқушылардың эстетикалық
талғамын қалыптастыру, оларды құрастыруға және безендіруге үйрету;
- сәндік-қолданбалы қоленер туралы түсінік қалыптастыру.
Еңбекке баулу оқу пәнінің мазмұны төмендегідей бөлімдерді қамтиды:
- техникалық еңбек;
- көркем еңбек;
- дизайн;
- тұрмыстық еңбек.
Техникалық еңбек. Қағаз, қатырма кағаз, тоқыма, табиғи материалдар,
ағашпен және сымтемірмен, техникалық үлгілеумен жұмыс.
Көркем еңбек. Сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдарымен таныстыру: ұлттың
киімдер, зергерлік бұйымдар, жиһаз, ыдыс-аяқтар, түрлі
тұрмыстық бұйымдары, бұл бұйымдарды әр түрлі ою-өрнектер қолдану арқылы
дайындау. Өру элементтерімен таныстыру.
Дизайн. Көркем безендіру; түрлі-түсті қағаздар мен матадан әр түрлі
бұйымдарды құрастыру және жасау, оларды үлттың ою-өрнек элементтерін
безендіруде қолдану.
Тұрмыстық еңбек. Өзінің киімдерін, оқу жабдықтарын күту; гигиенаны
сақтау; мектептің (сынып) аумағын жинаудағы бүкіл мектептік түрлі шараларға
қатысу. Бөлме өсімдіктерін күту.
Бұл бөлімге сабақ уақытында жалпы жүктемеден оқу уақыты бөлінбейді,
қажетті дағдылар оқу-тәрбие үрдісі барысында меңгеріледі.
Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып, бірінші, екінші
сыныптардағы еңбекке баулу пәнінің бағдарламасында дизайн бөлімі
енгізілмеген, сондай-ақ техникалық еңбек бөлімінде ағаш және сымтемірмен
жұмыс істеу түрлері көзделмеген.

Техникалық еңбек бөліміндегі тақырыптардың ішінде қағаз және қатырма
қағазбен жұмысқа үлкен көңіл бөлінеді.
Себебі, бұл материалдар өңдеуге ең қолайлысы.
Құрастыру жұмыстарында 1-2 сынып оқушылары конструктордың
жиынтықтарынан бұрауышпен, кілтпен түрлі бұйымдар құрастыруға үйренеді. Ал
3-4 сыныпта осындай бұйымдарды белгілеу, өлшеу, қию, желімдеу
арқылы қағаздан, қатырма қағаздан жазық немесе көлемді ойыншықтар жасауға
үйренеді.
Көркем еңбек бөлімінде сәндік қолөнерге әдейі көңіл бөлінеді. Оқушылар
қағаздан, қатырма қағаздан, матадан, т.б. материалдардан қазақ халқының
ұлттың бұйымдарын жасауға үйренеді (киіз, түскиіз, ұлттың киімдер, киіз
үйдің, саз аспаптарының, т.б. модель, макеттерін жасауға үйренеді).
Жергілікті жағдайды, жанұя, ұлттық салт-дәстүрді ескере отырып,
мұғалім көркем еңбек тарауының мазмұнын өзгерте алады.

Еңбекке баулудың мемлекеттік білім стандартына сай міндетті және
мүмкін деңгейдегі білім, білік,дағдылары
Еңбекке баулу пәні бойынша оқушылардың білім. ,білік, дағдыларына
қойылатын талаптар бұрынғы бағдарламаларда да болды. Бірақ ол талаптар
білім мазмұнының жалпыға бірдей бір деңгейімен ғана анықталғандықтан, оқу
үрдісін окушылардың жеке-бас ерекшеліктерін (кабілетіндегі, икемділігіндегі
жалпы дамуындағы, т.б.) ескере отырып ұйымдастыруға мүмкіндік бермеді.
Жаңа оқу бағдарламаларында бастауыш білім мазмұнына оқушылардың білім,
білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен беріледі,
міндетті және мүмкіндік.
Міндетті деңгей
Білуі керек:
- құрал-сайманмен жұмыс істеген кезде жеке бас гигиенасы мен еңбек
қауіпсіздігін сақтау ережелері;
- көркем өңдеудің технологиясы жайында жалпы мағлүмат (кесте,
аппликация, тоқыма, фольганы өңдеу, ағаш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Еңбек пәнін оқыту әдістемесі (оқу-әдістемелік құрал)
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын еңбек тәрбиесіне тәрбиелеу (еңбек дағдысы)
Қазақ бастауыш мектебінде оқушыны еңбекке баулу пәнін оқыту барысында баланың еңбек дағдыларын арттыру
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу
Сан есімді проблемалы технологиямен оқыту әдістемесі
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Пәндер