Бағалы қағаздар және қаржы рыногы



ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

Қаржы рыногы туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Бағалы қағаздар рыногы.
Бағалы қағаздардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

Қаржы рыногы туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...3

Бағалы қағаздар рыногы.

Бағалы қағаздардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...11

1. Қаржы рыногы туралы ұғым.

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын рыноктық
экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен
бірге қаржы рыногы бұрын - соңды болған емес.

Қаржы рыногы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде
бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы
қорының, сақтық институттарнының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін рыноктық
қатынастардың жиынтығы. Ол рыноктық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі
болып табылады, тауар және басқа рыноктармен: табиғи ресурстар, жұмыс күші,
тұрғын үй және басқа қозғалмайтын, жер, алтын сақтық рыноктарымен етене
байланысты.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы
ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді
пайдаланудың, ұлттық шарушылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың
айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай- ақ
кредит рыногы түрінде де қызмет етеді. Қаржы рыногы экономиканың түрлі
шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр
түрлі нысанда реттейтін рыноктық қатынатардың бүкіл жиынтығын біріктіретін
неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

Содан болар, экономикалық әдебиеттерде және шарушалық практикада қаржы
рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен
түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара –бар
категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік
практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі
меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы
қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Ақша рыногы дегеніміз қолма- қол ақша ғана емес, қолма –қолсыз төлем
қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.

Кредит рыногы несиелер бойынша банктердің кредит операцияларымен
байланысты: бұған коммерциялық кредит те жатады.

Ақша мен кредит рыноктары, әдеттегідей, айналым активтерінің
қозғалысына қызмет етеді.

Капитал рыногында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орта және ұзақ
мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

1. сызба. Қаржы рыногы мен бағалы қағаздарының өзара байланысы





Бағалы
қағаздар
рыногы


Қаржы рыногында сатып алу –сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар
–ақша және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.

Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын
экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын
алады. Ол қор құндылықтарының: корпоративтік бағалы қағаздардың - акциялар
мен облигациялардың айналысымен байланысты болатын қор рыногын және
мемлекеттің бағалы қағаздар рыногын кіріктіреді.

Қор рыногы термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын
және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты.
Функционалдық тұрғыдан қаржы рыногы – бұл шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын
шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың
жүйесі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе
инвестициялық үдерістерін тәртіпке (ретке) келтіріп, олардың тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса рыноктың қаржы құралдарының, ең
алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.

Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс
істеу шарттарын айшықтайды.Оған мыналар жатады:

1) қша ың объектілері айрықшалықты тауарлар өбайланысысырылады.мен
байланысты: бұған коммерциялық кредит те жатады.луы мүмкін.
кезреттелінген тауар рыногының болуы,яғни кез келген түрлердегі
және арналымдағы тауарлар мен қызметтер көрсету бойынша сұраным мен
ұсынымның теңгерімділігі;

2) ҰҰҮҰлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру:бұған
қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау
жатады;

3) Кредит рыногының жандандырылуы,оның толық коммерциялануы,яғни
кредит ресурстарын еркін рынокқа орналастыру; кредит ресурстарының
қозғалысы Ұлттық банктің пайыздың есептік
мөлшерлемесін,коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің
нормасын, ашық ақша рыногында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы
реттелінеді.

Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны
қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы рыногының жұмыс
істеуінің объективті алғышарты болып табылады.

Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

1) Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық
өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының-меншіктің барлық
нысандары шаруашылық жүргізуші субъектілердің,соның ішінде
мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

2) Қаржы ресурстарының қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы:
инвестицияларды орталықтан қаржыландырудың,қаражаттарды
кәсіпорындар арасында ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы;

3) Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға
және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

4) Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды
тоқтату республикалық ,сондай-ақ жергілікті бюджеттердің
тапшылықтары облигациялар мен басқа міндеттемелердің мемлекеттік
қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы рыногының маңызы бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және
оларды қайта бөлу жолымен ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал етумен ғана
айқындалып қоймайды.Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаңа тән
сатылас әдістің орнына деңгейлес қозғалыс бойынша ресурстарды қайта
бөлуге мүмкіндік береді.Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте
байланыстар іс-әрекет етеді.Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен
объектілерге жедел аудару есебінен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің,салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын
тұрақтандырады.Сөйтіп қаржы рыногы қаржының қосалқы категориясы ретінде
қайта бөлгіштік қосалқы функция орындайды,ал сонымен бірге экономикалық
агенттерді дамыту және ұдайы өндірісті ұлғайту мақсаттарында олар қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етілмейтіндігіне қарағанда қаржы рыногы
ұдайыөндірістік функция орындауы тиіс.

Қаржы рыногы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен
бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін
шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы
белгіленеді.

Қаржы рыногының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет
тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокта еркін
жүретін бағалы қағаздар шығаруы және олардың бағасы сұраныммен және
қамтамасыз етумен анықталады.

Экономикалық реформа үдерісінде қаржы рыногының қалыптасып, жұмыс
істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен
қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.Бұл рынок
әзірше экономикалық табысты жұмыс істеп жатқан көптеген компанияларын
қамтымайды.Бірқатар компаниялар ресми мойындалған акциялар шығарған
акционерлер болып табылады.Бірақ олар акцияларымен қаржы рыногына
шықпайды.Акциялардың пакеттері оларды ұстаушылардың қолында
болады,ұстаушылар дивиденттерден алған табыстармен қанағаттанады, ал
компаниялардың өндірістік қажеттіліктерін қаржыландыру ішкі бөлінбеген
табыс,амортизациялық аударымдар, кредиторлық берешектер есебінен
жүргізіледі.

Отандық қор рыногы басым бағыттарының бірі тартымды қаржы
құралдарының (тетіктерін) көлемді тізбесін қалыптастыру болып табылады. Бұл
бағыттың негізгі міндеті жаңа қаржы құралдарының пайда болып,
қалыптастыруына жағдай жасайды, мұның өзі инвесторларда жұмсалымдарды
әртараптандыру жолымен кредиттік тәуекелдерді қайта бөлу мүмкіндігі, ал
эмитентердің кәсіпорындарында банк кредитінің арзан баламасы болып келетін
қарызалулардың жаңа көзінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды – олар қысқа
мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі
өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға
ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар
үшін жылжымайтын дүние-мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы
қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

Қаржы рыногының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің
төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады.
Сондықтан қаржы рыногын дамытудың міндеті инвестициялаудың ұжымдық
нысандары арқылы халықтың (кәсіби емес инвесторлардың) жинақ ақшаларын
тартудың механизмдерін жетілдіру болып табылады.

Қаржы рыногының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси
тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналасы бірқатар елдердің
экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не
ол, не бұл кәсіпорындарының рентабелділігіне қатысты ұзақ мерзімді
болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы
қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.

Қаржы рыногының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды –
экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын
шығару және оларды айналасын жандандыру кезәнде мүмкін. Қазаұстанда соңғы
уақытқа дейін қаржы рыногының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы
экономикалық әлеуетті тежейді. Инвестициялық институттар, қор биржалары,
биржадан тыс сауда депозит мекемелері түріндегі құрамда элементтерді
кіріктіретін ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық
құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі түрпаттаға акционерлек қоғамдардың
қалыптасуымен, бұл жүйенңің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым
жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында
жүргізілуі тиіс.

1. Бағалы қағаздар рыногы.

Бағалы қағаздардың түрлері.

Бағалы қағаздар – мүліктік құқықты немесе олардың иелерінің осындай
құжаттар шығарған ұйымдарға қарыздық қатысын куәландыратын ақшалай құжаттар
болып табылады.

Бұл анықтамада мүліктік құқық бағалы қағаздарды кеңінен түсінуді қажет
етеді.

1) олардың иелерінің белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъектінің
капиталына қатысын және бұл қатысудан табыстың бір бөлігін
алуын растайтын құжаттар ретінде;

2) оларда тұлғаланған мүмкіндік құқықтарды іске асыру және
иеленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын
құжаттар ретінде; бұлай баяндауда "бағалы қағаздар" ұғымы
бірқатар есеп – қисап шаруашылық операцияларын: чекткрді,
консаменттерді, варранттарды қамтиды.

3) Қарыз қатынастарды мемлекеттік, сондай-ақ корпоративтік бағалы
қағаздар ретінде де тұлғаланады.

Жоғарыда баяндалғандардан туындағанындай, бағалы қағаздар рыногы –
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған)
бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы
рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе
инвестициялық үдерістерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік
береді. бұған осы рыногтың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және
өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған тән
онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар рыногы болуы тиіс. Алайда бағалы
қағаздар рыногында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені
бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар,
бірақ нақты емес капитал. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Қаржы рыногы және қор биржасы
Қаржы рыногы туралы ұғым
Бағалы қағаздар рыногы, оның мәні және белгілері
Қаржы рыногы және қор биржасы туралы
Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Бағалы қағаздар рыногы, онын мәні және негізгі белгілері
Бағалы қағаздар рыногы
Қаржы нарығы: мәні, құрлымы, түрлері
Пәндер