Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі нарық жағдайындағы ауыл мектебіне, оның ішінде шағын жинақталған мектептерге, мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде қалыптасқан жағдай ешқандай сын көтермейді. Оңтайландыру желеуімен ауылдық жерлердегі мектептердің, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерде орналасқан шағын жинақталған қазақ мектептерінің жабылуы ешкімді де бейтарап қалдыруы тиіс емес[1] .
Адам бойындағы ұлттық мінез-құлық қасиеттерін, өз халқының рухани дүниесін қалыптастырып, ұлтымыздың зиялыларын даярлайтын, рухани дүние негізін құрайтын, рухани дүние негізін қалайтын ауыл мектебі болады.
Жалпы білім беретін ауыл мектептерінің қала мектептерімен салыстырғанда айырмашылықтары бар екендігі сөзсіз. Атап айтсақ, олар ауыл мектептерінің көбіне тән шағын жинақталған сипаты, ауыл мектептерінің ірі мәдени, ғылыми орталықтардан алшақтығы, шалғай елді мекендерде орналасуы, ауылдық жерлерде мектепке дейінгі, мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жеткіліксіз болуы, мектепке қарасатын шағын аудандардың аумақтық жағынан шашыраңқылығы және т. б.
2008 жылы Республикадағы 779 мектептің 4-сыныптарында 33811 оқушыдан ашық 15 тапсырма бойынша тест тапсырмалары алынды. Орташа балл ретінде Республика бойынша 11, 44 балл көрсетілді. Бұдан ауыл мектептерінде оқушылардың білім сапасын жетілдіру көкейтесті мәселенің бірі болып отырғанын байқадық. Республика бойынша қалалық жалпы білім беретін орта мектептің саны - 2141, 6016 - ауыл мектептері[2] .
Кез келген мемлекетттiң өркениеттiлiгi онда өмiр сүретiн халықтың бiлiм деңгейiмен бағаланады. Ал өркениеттiлiктiң негiзi мектепте қаланып, мектепте қанат жаяды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында сөйлеген сөзiнде: “Мектеп туралы мәселенiң көтерiлiп жатқаны өте дұрыс. Мектеп әлеуметтiк мәселелердiң iшiндегi ең өзектiсi”[3], - деген пiкiрі айта келе әсiресе ауыл мектебiн өркендетуге, ауыл мектебiнiң жағдайын жақсартуға баса көңiл бөлу қажет екенiне баса мән бердi. Сол себепті де қазiргi нарықтық экономика жағдайындағы ауыл социумының бiлiм беру ісін ұлттық құндылықтар мен әлемдiк педагогика жетiстiктерiн ұштастыру аясында дамытудың ғылыми-әдiснамалық негiздерiн жасау мақсатында жүйелi жұмыстар жүргiзудiң қажеттiгi заман талабынан туындап отыр.
Ауылдағы бiлiм мекемелерін реформалап, оны нарықтық экономика жағдайында нормативтiк құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк негiзде ұйымдастыру, басқару, қаржылық-материалдық жағынан қамтамасыз ету, ауыл мектептерiнің құрылымдық жүйесiн жетілдіруді қоғамдық өмiр мен әлеуметтiк құбылыстардың ерекшелiктерiн ескере отырып, дамыту да өзекті мәселелер қатарынан орын алып отыр[4] .
Қазіргі өркениетті заманда жан-жақты, рухани, үйлесімді, жоғары мәдениетті адамды қалыптастыруға психология ғылымы ерекше үлес қосып отыр. Оның ішінде ауылдық мектептік педагогикалық-психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісіне ғылыми және практикалық психологияға аса мұқтаж[5] . Осыған байланысты елімізде күнделікті дамып келе жатқан ауылдық мектептік педагогикалық-психологиялық қызметтің ұйымдастырылуының ғылыми негіздемелері практикалық тәсілдеріне қатысты көптеген сұрақтар туындап отыр.
Мұндағы зерттеуіміздің мақсаты, ауылды қайта көркейтіп, дамыту және жастарды өркениеттілікке ұмтылдырып, білімді де тәрбиелі, ұлтын, туып өскен жерін қадірлеп, жаңалыққа талпынысын қанағаттандыру. «Ұлттық рух пайда болмай, балада ұлтына деген ерекше сезім пайда болмайды» -деп әл-Фараби рухани-адамгершілікті тәрбиелеген жеткіншек ғана өз ұлтын сүйетін, мейірімді, қайырымды азамат болатынын түсіндіреді. Осыған байланысты жалпы адамзаттық қадір-қасиетінің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді, рухани-адамгершілік сапа-қасиеттері бар, ұрпақ тәрбиелеу міндетін шешудегі ең алдыңғы мәселе ауыл мектептеріндегі педагогикалық-психологиялық қызметін дамыту болып отырғаны анық. Яғни, білім, білік, дағды алуын қаматамасыз етуге олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттілігі артуда. Қазақстандағы халық ағарту ісі және педагогикалық -психологиялық ой-пікірдің даму тарихына арналған қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектері мен диссертациялық жұмыстарының қарастырып отырған тақырыпты ғылыми тұжырымдауда мәні ерекше (Қ. Б. Бержанов[6], Қ. Б. Жарықбаев[7], А. Н. Ильясова[8], С. Қалиев[9], Қ. Құнантаева[10], Т. Т. Тәжібаев[11], С. А. Ұзақбаева[12], К. Ж. Қожахметова[13], М. М. Мұқанов[14], Ж. И. Намазбаева[15], С. П. Джакупов[16] ) .
Ауыл мектептерінің жұмысы мен олардың дамуын тарихи аспектіде қарастырған еңбектерде біршама (Е. В. Бондаревская[17] ) . Бұл зерттеу жұмыстарында ауыл мектептерінің даму тарихына жалпы сипаттама берілген. Ал ТМД елдерінде ауыл мектептері мәселелерімен М. П. Гурянова[18], Л. Ф. Стерлин[19], В. А. Сластенин[20] және т. б. ғалымдар айналысқан. Республикада ауыл мектептерін Г. З. Әділғазинов[21], К. Әбдімәжитұлы[22] және т. б. зерттеген.
Педагогика ғылымында оқушыларды адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған. Қазіргі кезде қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет-бұрыс оқу-тәрбие жұмысының рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу қажеттілігін айқындап отыр. Атап айтқанда, рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, маңызы туралы ұлы ойшыл ғұламалар, қоғам қайраткерлері мен ағартушы М. Жұмабаев[23], Ж. Аймауытов[24] және т. б. қарастыра, құндылықты бағдарлау негіздері және отбасы тәрбиесіндегі ізгілік мәселелерін Г. К. Нұрғалиева[25], зерттеген - ал адам сүйгіштік, имандылық қасиеттерге баулу А. Н. Көшербаева[26], Қ. Қ. Шалғымбаева[27], Б. И. Иманбекова[28] т. б. еңбектері арқау болған. Философиялық тұрғыдан рухани-адамгершілік құндылықтарды халықтық педагогика арқылы қалыптастыруға Р. Төлеубекованың[29] ғылыми еңбегі арналған. Тұтас педагогикалық процесте болашақ ұстаздардың педагогикалық қарым-қатынастарын тәрбиелеуді Н. Д. Хмель[30], Н. Н. Хан[31], тарихи-педагогикалық пен әлеуметтік мәселелерді А. Н. Ильясова[32], қиын қайта балаларды тәрбиелеуді Л. К. Керімов[33], оқушыларды азаматтыққа тәрбиелеуді Т. С. Сабыров[34], К. К. Жампеисова[35], М. С. Молдабекова[36], М. А. Құдайқұлов[37], А. Б. Нұрлыбекова[38] т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде білім беру сферасында тұлғаның этномәдениеттік қызығушылықтарын іске асыру туралы Л. Гумилев[39] қарастырған. Келесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінің үлкен маңыздылығы бар, оларда, нақты айтқанда, қазақ халқының педагогикалық-психологиялық ойларының пайда болуы мен дамуы туралы сөз етіледі.
Қоғамдағы саяси және идеологиялық өзгерістер еліміздегі психология ғылымы дамуына да күрт өзгерістер алып келді. Ғылыми білімнің детерминациясындағы мәнді факторларды ашып көрсететін экстерналдық тұрғыға сүйене отыра, әлеуметтік-саяси фактордың отандық психология ғылымы дамуындағы қозғаушы күш рөлін атқаратынына көзіміз жетті. Бұрындары еліміздегі жоғары білікті психолог кадрларды даярлау республикадан тыс жерлерде жүзеге асса, енді тікелей Қазақстанның өзінде мамандар әзірлеуге мүмкіндік ашылды.
Қазақстандағы ауыл мектептері дамуы туралы зерттеулерді Г. Қ. Шұғаева өзінің «Қазақстанда ауылдық шағын жинақталған мектептердің дамуы» [40] атты диссертациялық жұмысында қарастырған. Ауыл мектебі - рухани байлығымыздың бастауы және ошағы. Өйткені жас ұрпағымыз өз тілін, ділін құрметтеп және өткен рухани байлығымыздың нәрімен осында сусындатып, келешекте ұлтымыздың тәлім-тәрбиесін дамытып, жалғастыратын, ұлт тілегін орындайтын болашақ ел иелері, ауылдан шығатынына сенімдіміз. «Ауыл мектебі - оқушыға білім беретін орын ғана емес, ауылдың бүкіл мәдени өміріне қан жүгіртетін, рухани қсуіне ықпал ететін ордасы» және «бұл ауыл аумағында орналасқан жалпы білім беру, ұйымдар түрлерінің жиынтығы, олардың территориялық орналасуы, әлеуметтік ортасы, ұлттық құрылымы әр түрлі, оқушылардың білім және еңбек дайындығының ерекше міндетін орындауға және балалардың білім талаптарын қанағаттандыруға тырысады»- деп ауыл мектебінің оқу-тәрбие үрдісінің қалалық ортадан ерекше менталитет артықшылығы, халықтық тұрмысы мен өндірісі қызметтің шартталған ортасында өтетінін түсіндіреді.
Осы анықтамаларды басшылыққа ала отырып, өз тарапынан А. Т. Үтебаева «Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары» [41] атты диссертациялық зерттеу жұмысында ауыл мектебіне анықтама береді.
Ауыл мектебі дегеніміз - жас ұрпақтың ой-өрісін жан-жақты дамытып, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және халықтық педагогиканың негізінде мол мұраларын пайдалана отырып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығы.
Мемлекетіміздің білім беру жүйесін тұлғаға бағытталған парадигмаға ауыстыру сатысында, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үлкен мақсаттарды көздейді, яғни қалыптасып келе жатқан баланың өсуін, оның ерекшелігін зерттеуде психологиялық қолдау көрсетудің кәсіби, жаңа, әдіс-тәсілдерін құруды талап етеді.
Психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету саласымен бірге мектептерде кәсіби әрекеті баланы оқыту, тәрбиелеуге бағытталған педагог-психолог мамандарды әзірлеу мәселесі туындап отыр.
Білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызмет, мемлекетіміздің білім беру жүйесінің маңызды бөлігі. Бұл бағыттың соншалық өзекті болуының себебі неде? Оқу-тәрбие тәжірибесіндегі байқалатын өзгерістер, оқушы бала табиғатындағы тылсым сырын терең білу қажеттілігін туындатып отыр. Оқу-тәрбие үрдісі жаңаша өзгерістерді талап етеді. Психология ғылымының дамуының өзі психологиялық зерттеулердің жаңа ғылыми практикалық бағытының қажет екендігіне келіп отыр. Солай етіп білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызмет, ғылым мен практиканың сабақтастығы негізінде туындаған сала. Психологиялық-педагогикалық қызмет баланың дамуы туралы ғылыммен сол дамудың өмірдегі іске асу мүмкіндіктерін бір бірінен алшақтатпай, тұтастай қарап, біріктірді. Ғылым мен тәжірибенің ара қатынасы қалайда бір бірімен байланысқан бір біріне тәуелді психологиялық құбылыстар мен педагогикалық жағдайлар.
Жоғарыда педагог және психолог ғалымдардың еңбектерімен таныса келе, біз ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметінің ерекшеліктері өз дәрежесінде зерттелінмегенін айқындадық. Сондықтан, ауыл мектеп қабырғасында педагог-психолог қызметін қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда зерттеліп және ғылыми -әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі және аталмыш мәселенің қоғам талабына сай қарастырылмауы арасында қарама-қайшылық орын алып отырғандығы байқалады. Осы қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты қоғам талаптарына сай ауыл мектептерінде педагог-психолог қызметінің тиімді жолдары мен шарттарын қайта қарастыру мен белгілеу біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Қазіргі ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметінің ерекшеліктерг-психолог қызметінің ерекшіі және оны жетілдіру жолдары» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты : Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу және педагогикалық-психологиялық эксперименттер арқылы жұмыстың тиімділігін көрсету.
Зерттеу объектісі: ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу пәні: оқушылармен педагог-психологтың атқаратын қызметінің міндеті.
Зерттеудің болжамы: Егер ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметінің ғылыми мазмұны теориялық тұрғыда негізделсе, онда педагог-психолог мамандар қоғам талабына сай қызмет атқарып, оқушылардың бойына ізгі қасиеттер сіңіріп, оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, девиантты мінез-құлық пен эмоционалды қарым-қатынастың реттелуіне мүмкіндік туғызады.
Зерттеудің міндеттері:
- Қазіргі ауыл мектептердегі барлық сынып оқушыларына педагогикалық-психологиялық жеке көмек беру;
- педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне қарай, жан-жақты, тұлғалық, жеке даралық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;
- мектеп әкімшілігімен сынып жетекшілерінің және ата-аналардың сұраныстары бойынша педагогикалық-психологиялық қызмет, психологиялық сақтандыру, диагностикалық түзету, психокоррекциялық жаттығулар, кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Жеке тұлғаны қалыптастырудағы іс-әрекеттің маңызы туралы диалектикалық қағидалар, этнопедагогикалық және мәдениеттанымдық тұрғыдан келу, қоғам, табиғат пен ой-пікірдің даму заңдылықтары философия, психология, тарих, әлеуметтану, филология және педагогика ғылымдарының ілімдері.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы: Ауыл мектептеріне педагог-психолог мамандардың қажеттілігі ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, атқаратын қызметінің моделі дайындалып, тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.
Зерттеудің практикалық мәні:
- Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметі процесіне пайдалануға әдістемелік ұсыныстар жасалды;
- Жұмыстың нәтижелелерін орта мектептердің, лицей мен гимназиялардың және педагогикалық колледждердің психологиялық-педагогикалық процесінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмыстарының әдістері: салыстырмалы талдаулар, жинақтау, зерттеу, аналитикалық шолу, ғылыми дәйектеу, ғылыми тұжырымдау, әдіснамалық негіздеу.
Зерттеудің эксперименттік базасы: Казығұрт ауданы Қ. Сатапаев, Т. Рысқұлов, О. Жандасов атындағы қазақ орта мектебінің педагог-психолог мамандары.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
I АУЫЛ СОЦИУМЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі ауыл мектептерiне қатысты нормативтік құжаттарға аналитикалық шолу
Қазiргi кезде әлемдiк қауымдастық Қазақстан Республикасын нарықтық экономика елi ретiнде танып отыр. Тәуелсiздiк алған қысқа тарихи кезең iшiнде елiмiз өркениетпен ықпалдаса, жаңа прогресшiл технологияларды пайдалана отырып, экономика саласында үлкен бетбұрыс жасады. Осыған орай қоғам өмiрiнiң негiзiн құрайтын және экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздiгiнiң аса маңызды факторы болып табылатын бiлiм беру жүйесiнiң, соның ішінде ауыл мектептерінің қызметін арттыру мәселесі алға шығып отыр. Қазіргі жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуге талпынып отырған біздің мемлекетіміздің басты мақсаты да қала мен ауыл арасындағы байланысты нығайтып, олардағы білім мекемелерінде тұрақты хал-ахуал орнату болып табылады. Ауылдық мектеп оқушыларының бiлiм жетiстiгiн өркениеттi елдердiң бiлiм деңгейiне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, бiлiм берудi iзгiлендiру, оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескеру, іргелі бiлiм беру, оқушылардың құзырлылығын арттыру т. б. басым бағыттар оқыту үрдісінің негізін құрайды. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында төртінші басымдықтың білім беруге арналғаны да осының айғағы болса, зерттеу жұмысының нарықтық экономика жағдайындағы ауыл социумының даму деңгейін анықтауды мақсат етуі де қоғамдық талаптардан туындап отырған қажеттілік екендігі сөзсіз[42] .
Ғылыми-зерттеу жұмысында ауылдың әлеуметтiк педагогикасының негiзгi ғылыми обьектiсi ретінде «социум», «ауыл социумы», «ауыл мектебі» деген ұғымдарға бірқатар ғылыми еңбектерге шолу жасау арқылы төмендегідей анықтамалар берілді:
Социум -(латын тiлiнде «Socium» - «жалпы», «бiрлестiкте») адамдардың бiрiгiп, мәдени қоғамдастықта өмiр сүруiне қажеттi үлкен тұрақты әлеуметтiк қоғамдастық.
Әлеуметтiк орта - адамдардың нақтылы бiрлiкте, белгiлi уақытта, өзiнiң қандай да болмасын мақсатқа жетуге бағытталған, бiрiккен iс- әрекетiне жағдай туғызатын факторлардың жиынтығы.
Ауыл әлеуметі (ауыл социумы) - халықтың мәдени-тарихи өмірін дамытуға бағытталған, мектептегі оқу үрдісіне тікелей қатысы бар мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтендіру жүйесінің құрамдас бөлігі ретіндегі инфрақұрылым[43] .
Социумның қоғамдағы қызметі мекендік орналасу жағдайларына байланысты әлеуметтiк-тарихи, әлеуметтiк- экономикалық, мәдени бағытта қарастырылады. Социумның әлеуметтiк аумағы жеке адамдардың өзара қатынасы және оларды қоршаған ортаның құбылыстары мен процестерi арасындығы бiрiгiп еңбек ету нәтижесiнде ауыл өмiрiнiң тұрмыстық және шаруашылық негiздері қалыптасатын байланыстарды қамтиды. Ал әлеуметтiк саясат әлеуметтiк мүдделер мен қажеттiлiктердi қанағаттандыруға, салауатты өмiр салтын орнатуға қажетті саяси шешiмдер мен iс- әрекеттер жиынтығын құрай отырып, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Ауыл социумын барынша сипаттайтын ерекшелiктер қатарына жерге, табиғатқа айрықша қатынас, ауыл әлеуметiнiң ашықтығы, адамдардың бiр- бiрiмен қарым- қатынасының сенiмдiлiгi, әрбiр отбасына деген қамқорлық және т. б. жатқызуға болады.
Еліміздің кең байтақ дархан даласын алып жатқан халық саны аз, ірі мәдени орталықтан алыс, өмір салты қарапайым, еңбек түрі көбінесе жер өңдеу және мал өсірумен байланысты елді мекендер ауыл деп аталады. Ауыл өмірі оның ірі қалалардан алыс не жақын орналасуына байланысты әр түрлі болады. Қазіргі статистикалық деректерге қарағанда қазақ ұлтының 60 пайызы, жалпы Қазақстан халқының 45 пайызы ауылды жер тұрғындары болып табылады. Кейінгі кездегі ауыл халқының қалаға көшіп-қонуы салдарынан мұнда кәмелетке жеткен, еңбектену мүмкіндігі жоғары жастардың саны азайған. Жас отбасылардың қалаға көптеп көшуі себепті ауылдағы балалардың да саны азайып, бала- бақшалар жабылып қалуда. Бұл өз кезегінде ондағы мектептердің әр түрлі болуына ықпал етіп, шағын мектеп, аралас мектеп, бастауыш мектеп, 8-9 жылдық мектеп т. б. білім беру мекемелерін ұйымдастыру қажеттігін туындатып отыр.
Әрбір адамның қабілеттілігінде іс-әрекеттің тарихи шоғырланған жеке даралық тәжірибе көрінеді. Ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отырған білімдер - адамдарға жаңа міндеттер қойып оны шешуде негіз бола алады. Білім мен міндеттің қол жеткізген жетістіктер деңгейі - адамға, оның қабілеттілігіне жаңа талаптар қояды. Бұрынғы тарихи кезеңде ғүлама ғалымның қол жеткізген табыстарына қазіргі кезде оқушылар оңай қол жеткізе алады. Мәдениеті білімді мегеру инднвидтің іс-әрекетпен айналысу барысында өтеді. Адам іс-әрекет барысында, біріншіден материалдар қасиетін, адамдарды, психикалық сапаларды таниды, сондай-ақ өзіндік күштер мен мүмкіншіліктерін біле алады. Екіншіден, өзінің күштері мен мүмкіншіліктерін іс-әрекет талаптарына сәйкес теңестіредi, бейімдейді. Үшіншіден, өзіне етіспейтін қасиеттерді қалыптастырады. Міне, сондықтан да іс-әрекетті қабілеттіліктің даму мен қалыптасуының алғы шарты және факторыретінде қарастырамыз.
Оқу іс-әрекеті - баланың тек өзінің барлық күштерін қолдану мүмкіншілігін ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сондай-ақ оны жан-жақты етіп қалыптастырады. Қабілеттіліктің даму мен қалыптасуына оқу мен тәрбие ерекше орын алады. Қабілеттілік іс-әрекет барысында стихиялы қалыптаса береді, дегенмен одан өте көп уақыт пен өте көп күш талап етіледі. оқыту мен тәрбиелеу қабілеттііктің даму процесін жылдамдатады, іс-әрекет механизміндегі қажет емес жақтарын оқыту алып тастайды. Оқу барысына жеке адам білімнің екі түрін меңгереді: табиғи және қоғамдық болмыс жағдайларында теориялық және практикалық міндеттерді шешудің тәсілдері туралы білімдер. Адамзатта жинақталған болмыс заңдылықтары туралы ілім және танымның тарихи тәжірбиесі адамның іс- әрекетке дайындығы мен қабілеттіліктің дамуын қамтамасыз етеді. Қабілеттің қалыптасуы үшін ең алкен рольді тапсырмаларды шешудің рационалды тәсілін мегеру керек. Мұндай тәсілдер болашақта жалпыланып, қабілеттің бір бөлігі бола бастайды.
Үйрету мен үйренудің сәйкестігі - жеке адамның дамуына едәуір жағымды әсер етеді. Бұл екеуінің арасында алшақтық байқалған жағдайда, меңгерілген білім, дағды және ептілік көлемдерінің ұлғаюы, балалардың ақыл-ой күшінің, қабілетінің өсуі, әсіресе білімді тәжірибеде қолдану мен жалпылау едәуір тежеледі, баяулайды.
Оқыту әдістемесінде ең негізгі көңіл оқу ептілігін қалыптастыруға қойылады. Оқушыларға жүйелі тұрғыда сабақта мұғалім ролінде болуға мүмкіншілік туғызып отырады. Шығармашылық сипаттағы әртүрлі жарыстық тапсырмалар, рольдік тренингтер, топтық дискуссия кеңінен қолданылады. Бұл сынып біржақты құрамда болғандықтан (тек дарындылар) оқу процесі көптеген жағдайларда сыныпіші дифференциация негізінде құрылады. Бұл оқу жұмысын топтық формада қүруды пайдалануға, дарынды балалар үшін жеке даралық жоспар бойынша өз бетінше жұмыс істеу мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді. Бұл сыныпта өз бетінше көркем және ғылыми- көпшілік әдебиеттер оқуға көп көңіл бөлінеді.
Қазiргi ауыл мектептерi - ұлт мектебiнiң негiзiн қалаушы, Қазақстан Республикасының ұлттық бiлiм саясатын жүзеге асыратын мекеме қызметін атқарады[44] .
Ауыл мектебi - қазiргi кезеңдегi ауыл дамуының негiзi болып табылатын оқушылар мен ауыл тұрғындарының мүдделерi мен қажеттiлiктерiн есепке алатын, ауыл тұрғындарының рухани- адамгершiлiк құндылықтарын, дәстүрiн, әдеп- ғұрпын, тұрмыстарын және олардың азаматтық құқықтарын сақтап, дамытатын бiлiм беру мекемесі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz