Бастауыш мектеп оқушыларына математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру мүмкіндіктері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінде экономикалық тәрбие берудің педагогикалық негізі
1. Бастауыш сыныпта экономикалық тәрбиенің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Бастауышта сынып оқушыларына экономикалық тәрбие берудің формалары және әдістері ... ... ... ... ... ... .13
3. Экономикалық тәрбие беруде экономикалық тақырыптардағы мазмұндық есептердің ерекшелігі ... ... ... ... .21
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ...28
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін жуық арадағы болашақта барлық деңгейдегі білім беру стандарттарын түбегейлі қайта қарап жетілдіру, оқу-әдістемелік кешендерді толық жаңарту, бүкіл білім беру жүйесін одан әрі демократияландыру, оқу сапасын жетілдіру, нәтижеге бағдарлап оқыту т.б. көкейтесті мәселелерді шешу қажеттігі туындайды. Осы орайда білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім сапасын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Адамның өзгермелі жағдайға бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп табуы және пайдалануы, оның қоршаған ортаның шақыруларына тиімді қарсы тұра білу біліктілігі оның сауаттылық дағдыларына байланысты болмақ.
1.Қайыңбаев Ж.Т. Білім стандарты және бастауыш сыныптарда математиканы оқыту. –Алматы, 2003.
2.Қоянбаев Ж.Б., Р.М.Қоянбаев. Педагогика. –Алматы. 2000.
3.Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары. (1-4–сыныптар). //Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы. –Алматы. 1997.
4.Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік. –Алматы. 1999.
5.Болатқызы Ш. Оқушыларды экономикалық терминдермен таныстыру. //Бастауыш мектеп, 2004.
6.Баймұқанов Б., Нұғманова Ф. Экономикалық білім мен тәрбие берудің дидактикалық ерекшеліктері. //Қазақстан мектебі. №5-2004.
7.Қалдыбаев Ә., Мұсақұлов Қ. Экономикалық білім қажеттіліктер. //Қазақстан мектебі. №9-2004.
8.Лев Ла. Экономикалық сауат ашу. //Қазақстан мектебі, .№8-1990.
9.Есенжолв Е. Экономикалық білім беру. //Қазақстан мектебі, №5-1986.
10.Г.Әлиакпарова. Экономикалық білім беру.//Бастауыш мектеп, №7-2004.
11.Иманалиева З. Экономикалық білім беру. //Бастауыш мектеп, №6-2005.
12 Нұғыманова Ф., Баймұханов Б. Математикалық есептерді шешу кезіндегі экономикалық тәрбие. //Бастауыш мектеп, №5-2004.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінде экономикалық тәрбие
берудің педагогикалық негізі
1. Бастауыш сыныпта экономикалық тәрбиенің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Бастауышта сынып оқушыларына экономикалық тәрбие берудің формалары
және
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .13
3. Экономикалық тәрбие беруде экономикалық тақырыптардағы мазмұндық
есептердің
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .21
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8
IV Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Кіріспе
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту
Тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін жуық арадағы болашақта барлық деңгейдегі
білім беру стандарттарын түбегейлі қайта қарап жетілдіру, оқу-әдістемелік
кешендерді толық жаңарту, бүкіл білім беру жүйесін одан әрі
демократияландыру, оқу сапасын жетілдіру, нәтижеге бағдарлап оқыту т.б.
көкейтесті мәселелерді шешу қажеттігі туындайды. Осы орайда білім беру
жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді
қанағаттандыра отырып, отандық білім сапасын әлемдік білім кеңістігіне
кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы
деңгейге көтеруді алға тартады. Адамның өзгермелі жағдайға бейімделуге
арналған ақпараттарды іздеп табуы және пайдалануы, оның қоршаған ортаның
шақыруларына тиімді қарсы тұра білу біліктілігі оның сауаттылық дағдыларына
байланысты болмақ.
Халықаралық тәжірибеде білім стандарты күтілетін нәтижелер түрінде
берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарастырылып, нәтижеге бағдарланған
білім моделіне көшегу басым бағыт беріледі. Онда білім компонентілігі
оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде
жеке тұлғаға бағдарланған білім, білік, дағдыны іс-әрекет білім
компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді.
Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсаттарының күтілетін нәтижеге
бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін, бәсекеге түсе
алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды.
Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім деңгейін
анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір
оқушының даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесінің
сапасын жан-жақты және әділ бағалауға қол жеткізеді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өркениетті елдердің қатарына
қосылу жолында, қоғам алдында келер ұрпақты заман талабына сай
интелектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды
етіп тәрбиелеу міндеті түр. Осыған орай білім беру саласы мен тәрбие
жүйесінде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыру қажеттілігі туады.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын үлы міндет - өзінің
өмірін жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол
жеткізген соң жас үрпаққа үлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге
келген игілікті іс екендігі белгілі. Кез келген адам баласының өмірі,
тіршілік әрекеті оның туған - туысқандарымен, ата-анасымен, жора-жолдасымен
ғана емес, сонымен қатар оның өмір сүріп жатқан әлеуметтік ортасымен, ғасыр
уақытымен байланысты болады.
Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалауға
байланысты оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие беру талаптары
қойылуда. Осы талаптар толыққанды орындалу тұрғысында экономикалық
тақырыптардағы есептерді пайдаланудың әдістемелік негіздерін қарастыруды
жүзеге асырдың мақсатында курстық жұмысымның тақырыбын: Бастауыш мектеп
оқушыларына математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру
мүмкіндіктері деп таңдауды талап етті.
Экономикалық тақырыптардағы есептердің басты ерекшелігі олардың
оқиғаның немесе үрдістің экономикалық құбылыстық сандық жағын табиғи
(мәтіндік) тілмен суреттеруінде болып табылады. Сондықтан математика
сабақтарында өзіміздің әдеттегі функцияларымызбен қоса бұл есептерде
оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие берудің тиімді құралы болып
табылмақ.
Зерттеу нысаны: оқушылардың математика пәні бойынша өткен
тақырыптары бойынша білімі.
Зерттеу пәні: математика 4-сынып.
Зерттеу мақсаты: математика сабақтарында оқушыларға экономикалық
білім беру мүмкіндігі.
Зерттеу міндеттері:
• Бастауыш мектепте оқыту үдерісінде оқушылардың логикалық ойлауын
жүзеге асыруда педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді
талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
• математика сабақтарында есеп шығаруда оқушылардың логикалық ойлауын
дамыту;
• Математика сабақтарында логикалық алгоритмдік мәдениет элементтерін
қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері – табиғат,
қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту
теориясы; дамыта және деңгейлеп оқыту теориясы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Бастауыш білім туралы
Заңы, Қазақстан Республикасы бастауыш білім мемлкеттік стандарты; Бастауыш
мектеп математика оқулығы, оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу-тәрбие
үдерісі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет, газет-журнал
көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; дарынды
оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды зерделеу, байқау, анықтау,
педагогикалық тәжірибелер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: математика сабақтарында оқушылармен жұмыс
жүргізудің негіздерін және мазмұнын түзу; оқытудың тиімді әдістері.
Зерттеудің практикалық маңызы: бастауыш сынып оқушыларын
математиканы оқытудың мазмұнын дайындау.
Зерттеу кезеңдері: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан әр тарау
екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер бөлімінде, әдебиеттердің тізімі, мақала
авторлары, жарық көрген кезеңдері көрсетілген.
1 Бастауыш сыныпта экономикалық тәрбиенің мәні
Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі
экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде
жатыр.
Оқушының еңбекті қажетсінуі еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі
белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын
қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.
Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен
қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас,
бөлісу және тұтыну шеңберіндегі (ауқымдағы) негізгі экономикалық
қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек.
Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін
түсіндіреді, адамзат қоғамы өмірінің құпия сырларын ұғынудың, қоғамды қайта
құрудың объективті негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам
және оның экономикалық қатынастарын зерттейді.
Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың
экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде оқушылар қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші рөлін ұғынуы, қоғам және
тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды
қалыптастыруға үйренуі керек. Қазіргі күні бастауыш мектеп, негізгі
базистік мектеп және бағдарлы мектептердің оқу тәрбие жұмыстарына
экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі ендіру мүмкіндігі туып отыр.
Бастауыш мектептегі қол еңбегі барысындағы құнттылық, базистік
мектептегі салалық еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа
негізге көшірудің құралына айналуда.
Қаржыландыру көзі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың
төлемінен құралады. Халыққа білім беруді қаржыландыруға рыноктық экономика
ықпалының өзіндік ерекшелігі бар. Олар:
– қосқан еңбек үлесіне сай мұғалімдердің еңбек ақысын елеулі
жекелендіру;
– оқу орындарының тек өзіне лайықты оқушыларды таңдап алудағы өзара
бәсекенің пайда болуы, ал мұның өзінің оқытуды ұйымдастырудың жаңа жолдарын
іздеу мен оны тәжірибеге ендіруді жандандыру;
– оқушылардың және олардың ата-аналарының оқыту процесіне ықпал етуге
түбегейлі мүмкіндік алуы, ал мұның өзі барлық оқушыларға бірдей деңгейлікте
қарамай, олардың дербес қабілеттерін айқындауға және дамытуға жағдай
туғызу;
– оқу орнының материалдық-техникалық базасын осы заманғы ғылыми-
техникалық талаптар деңгейіне жеткізу жағдайының жасалуы;
– әкімшілік басқаруға жұмсалатын қаржының үнемделіп, оның білім беру
мұқтажына бағытталуы;
– педагогикалық-зерттеу мекемелерінің оқу орындарымен тікелей келісім
шарттар арқылы қаржылануы т.с.с.
Мұның бәрі елімізде халыққа білім берудің деңгейін көтеруге қолайлы
жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Дегенімен, халық ағарту және осы тұрғыдан қараудың көмескі жақтарының
болатынын алдын ала біліп отырған жөн. Олар:
– халықтың белгілі бір бөлігінің білім алуға қаражатының жетпеуі
мүмкін, сондықтан елімізде сауатсыздықтың өсуіне кездесуі;
– оқу орындарының жіктелуі пайда болып, төлем ақысы жоғары мәртебелі
оқу орындарының жарыққа келуі;
– білім алудың төлем ақысының үнемі өсе түсуі т.с.с.
Рыноктық экономикалық саясаттың бұл салаларын түбегейлі жою мүмкін
емес, бірақ мемлекет тарапынан белгілі бір деңгейде реттеуге болады.
Мемлекет білім алғысы келетіндердің бәріне көмектссуі қажет. Мұны жүзеге
асырудың ең тиімді жолы білім алуға ынталы адамдарға мемлекет тарапынан
белгілі мерзімге кредит (қарыз) беру.
Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте
көкейкесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі
салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық,
гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет.
Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың
өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және маңызды шарты.
Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық
саясатымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік-экономикалық саясаты
оқушылардың тәрбиесі мен білім алуына жоғары талап қойып отыр. Себебі бұрын
қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа
рыноктық экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.
Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп
төмендегідей міндеттерді ескереді.
1. Қоғамның рыноктық экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің
түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі білімдерді
игеру;
2. Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын, өндірісті жедел
қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы
білетін, өзінің оқу-өндірістік іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге
қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты және
ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру;
3. Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай,
еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеруге мүмкіндік беретін
біліктермен қаруландыру;
4. Ақыл-ойға сыйымды қажеттіктерді қалыптастыру;
Оқушылардың экономикалық ойлауын дамытуда, әсіресе Қоғамтану,
Құқық негіздері, Тарих, География, Биология, Химия, Физика,
Еңбекке баулу пәндерінің мүмкіншіліктері мол.
Түрлі пәндерді оқу барысында, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда
оқушыларда меншік түрлері, тұтынымға сай игілікті жасау бағыттары, еңбек
және өндірістік тәртіп, жалақы сияқты ұғымдар қалыптасады.
Оқушылардың ең алғашқы экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша
сабақтарда қалыптасады. Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша
жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым сорттарын
пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп, өсімдіктерді қоректендіруде
тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылық тәжірибесі оқушылар өндіріс бригадасының учаскесінде
ұйымдастырылады. Республикамыздың әр түрлі зоналарында топырақ және ауа
райы жағдайлары еске алынып, тәжірибе учаскесінде мәдени өсімдіктер
өсіріледі. Мысалы, Республикамыздың Оңтүстік зонасында күріштің Кубань-3,
Дубровский -129, т.б. сорттары, ал Терістік облыстарда бидайдың Ишимский-
10, жүгерінің Днепетровск-438 сорттары өсіріледі.
Өсімдіктерді өсіру, олардан мол өнім алу үшін агротехникалық ережелер
басшылыққа алынады. Басты мәселелердің бірі – дақылдар егілетін жердің
топырағындағы қоректі элементтердің мөлшерін агрохимиялық лабораторияда
анықтайды. Бір гектар жерде өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әр түрлі
тыңайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйене, топырақтағы қоректі заттардың
(N, P, K) және минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін орта есеппен анықтап,
топырақты қоректендіреді.
Химия сабақтарында, әсіресе эксперимент өткізуде оқушылар еңбек
мәдениетіне төселеді, олардың біліктілігі дамиды, лаборатория жабдықтарын,
аспаптарды (приборлар), реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды,
электроэнергияны, суды үнемдеп жұмсауда олардың жауапкершілік сезімі
артады.
Физика сабақтарында ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттары
анықталады. Олар өндірісті электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру.
Бұл бағыттармен танысу үшін сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылар
мұғалімдердің тікелей басшылығымен әр түрлі экономикалық тақырыптарға
баяндамалар, рефераттар жазады, физика пәнінің айналадағы ортаны қорғауға
және халық шаруашылығының салаларына ықпалы баяндалады.
Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қоғамдық пайдалы және өнімді
еңбек ерекше орын алады. Олар еңбек арқылы түсіретін қаржының құндылығына
түсінеді. Егер еңбек материалдық құндылықты өндіруге бағытталса, онда
ұтымды табысқа жетеді.
Өнімді еңбекте оқушылардың жоспарлау ісіне, өнімділік процесін
ұйымдастыруға, есеп алу, бақылау және нәтижені талдау жұмыстарына
оқушылардың қатысуыныц маңызы өте зор. Бұлардың бәрі материалдық қаржы
қорын, жұмыс күшін өнімді пайдалана білуге, ұйымшылдыққа, шаруашылыққа
тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Экономикалық тәрбиеде оқушылар мынандай ұғымдарды білуі қажет. Олар:
ұлттық кіріс, қаржы, еңбек ақы, пайда, рентабельдік, өзіндік құн, еңбек
өнімділігі, акция, бизнес, рынок, т.б.
Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесін негізгі бағыттардың бірі. Бұл
мәселе негізінен, үйелменде шешіледі, мұндағы мектептің қатынасы жанама
ғана. А.С.Макаренко: Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы қоры
жөнінде тәжірибесі болуы және ақшаны жұмсай білуі керек, - деп жазды.
Бұл үшін оқушылар еңбегімен ақша табуға және оны жұмсауды жоспарлауды
үйренуі қажет. Жазғы демалыс күндері оқушылар ересектердің өнімді еңбегіне
қатынаса отырып, еңбек нормасын, оны бағалауды, еңбек ақыны есептеуді дәл
білуі керек. Әсіресе, жоғарғы сынып оқушылары лагерьде онда жүргізілетін
мәдени іс-шараларын қаржыландыратындай және ұжым қорына қосатындай ақшалай
табыс табуына болады.
Еңбекті жандандыру үшін жоғары сынып оқушыларының еңбек ақысын қолына
берудің маңызы зор, өйткені бұл кезеңде олардың өз бетінділікке ұмтылуы
ерекше байқалады. Бұл өз еңбегімен өзін лагерьде болған күндерінде
қаржыландыруға және қолына тиген ақшаға зат сатып алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі рыноктық қатынастар оқушыларды оқудан тыс уақыттарында ақылы
еңбекке қатыстыру мәселесін шешуді қажет етеді.
Қазіргі қоғамдық өмір оқушылардың қалада, ауылда, құрылыста, үлкен
ұжымдық, кішкене топтық, жеке еңбегін ұйымдастыру, оның жыл бойына
мезгілдік, қысқа уақыттағы жүйесін жасауды талап етеді. Мұндай жүйені жасау
шаруашылық (жұмыс қолы жетіспеушілік, педагогикалық еңбекке тәрбиелеу, бос
уақытын ұйымдастыру), жеке тұлғалық (қаржы көзі) сияқты көп мәселелердің
шешімін табар еді. Осы мәселені ақыл-ойға сыйымды шешу оқушылардың ақшаға
қатынасын, сонымен бірге жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік бағдарын
қалыптастырады. Экономикалық тәрбиенің маңызды бағытын шешуге көмектеседі.
Халқымыз жастарға экономикалық тәрбие және білім беру ісіне зор көңіл
аударуда. Қазіргі халық шаруашылығына өз еркімен еңбектенетін, өз еңбегінің
мәніне түсінетін, мақсатқа сәйкес экономикалық шешім қабылдай алатын,
экономикалық біліммен қаруланған құнтты, ыждығатты, шаруақор жас мамандар
керек.
Осы тұрғыдан қарастырсақ, оқу мектепте экономикалық тәрбие
мәселелеріне байланысты теориялық және практикалық біліммен оқушыларды
таныстыру қажет. Ол үшін мынандай көрсеткіштер еске алынады.
– қазіргі кезеңдегі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі
міндеттері мен бағыттары;
– жас ерекшелігіне сәйкес оқушылардың экономикалық түсініктерді,
ережелерді, заңдарды меңгеру деңгейі;
– жұмысты жоспарлау, материалдарды, құралдарды, жабдықтарды тиімді
пайдалану, жұмыс орнын тәртіпке келтіру, уақытты бағалай білу, өзінің және
жолдастарының жұмыс процесін, оның нәтижесін таңдай білу және сапасын
көтерудің мүмкіндігін табу, еңбек өнімділігін арттыру;
Мұның бәрі оқушылардың ұқыптылық, ұйымдастырушылық, іскерлік,
тәртіптілік, жауапкершілік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
Жалпы орта білім беретін мектептер жағдайында оқушылар экономикалық
тәрбие мен білім беруді ұйымдастырудың негізгі формалары: сабақ,
факультатив, саяхат, үйдегі оқу тапсырмасы, қоғамдық пайдалы және өнімді
еңбек, т.б. Экономикалық тәрбиенің оқудан тыс қолданылатын формалары да
бар. Олар қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, әр түрлі пәндер үйірмелер,
пікірталастар, конференциялар, сұрақ-жауап кештері.
Бұл ұйымдастыру формалары, әдетте, оқу және тәрбие саласында жиі
қолданылады. Бірақ әрбір бағытта жүргізілетін іс-әрекеттердің маңызы мен
мақсатының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық тәрбиенің
көздейтін мақсаты нақты экономикалық мәселелермен оқушыларды таныстыру,
қанағаттандыру. Осыған сәйкес экономикалық тәрбиеге байланысты тақырыптарды
іріктеп алу және оларды орынды пайдалану мұғалімнен сауаттылықты,
білімдарлықты талап етеді.
2 Бастауышта сынып оқушыларына экономикалық тәрбие берудің формалары және
әдістері
Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді
бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін мынадай әдісті қолдануға болады.
1.Жаттықтыру. Әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру,
жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау,
материалдарды, электроэнергияны, суды, газды үнемді пайдалану.
2.Практикалық жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың
өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативке, үйелмендік
мердігерлікте немесе үйелмендік сүт фермаларда, мектептерде шағын мал, құс
фермаларында қолдануға болады. Практикалық және эксперимент жұмыстарының
мақсаты оқушыларды өнімді бағалай білу, бизнес, ақша мен пайда сияқты
ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
3. Экономикаға байланысты есептер шығару – еңбек ақыны, уақыт және
өндіру нормаларын есептей білуге, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және
басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету,
жаттықтыру.
4. Цифрлы материалдарды талдау әдісі – саяхат кездерінде жиналған
мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да
экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау үшін цифрлы материалдарды
талдау.
5. Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
6. Экономикалық сөздік жасау, рыноктық экономика терминдерін қазақ
тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік
қорын молайту.
Қазіргі кезеңде болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық
саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер
өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы
керек. Бұл өте жауапты іс. Сондықтан, нарықтық экономикаға байланысты
оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын
іздестіру және ұтымды қолдану мектеп педагогикалық ұжымдарының төл ісі.
Дүниеге жаңа көзқараспен қарайтын саналы да ойлы жастарды оқытып,
тәрбиелеп шығу - басты міндеттердің бірі. Сондықтан оқу мен тәрбиенің
сапасын көтерудің ең тиімді жолдарын тауып, тәжірибеде қоддану бүгінде ең
басты мәселе болып саналады.
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуына жеке адамның белсенділігін
және ізденпаздығын арттыру мақсатында білім беруді қалыптастыру,
оқушылардың алған білімдерін өз бетінше өмір талабына сай практикалық
мазмұнды есептер шығаруға қодана білу-оқу процесінің негізгі мәселесі.
Оқытудың тәрбиелеу мақсаттарына өзара байланысқан қоғамдық - саяси,
еңбектік, эстетикалық тәрбие және білімгердің дене тәрбиесі жатады. Бұндай
мәселелерді шешу жеке тұлғаның өмірге деген көзқарасына үлкен үлес қосады.
Әсіресе математика сабақтарында тәрбиенің түрлі қырларын жүзеге
асыруға болады. Сабақ барысында, яғни тапсырмаларды орындағанда, дәптермен
жұмыс жасағанда, тапсырмаларды талдағанда мұғалім оқушыларға білім бере
отырып тәрбиелей алады. Мәселен дәптермен жұмыс жасағанда жазуымыз
эстетикалық талғамға сай, теңдеудің өз үлгісіне, мәселе есептердің
шарттарын жазғанда.
Экономикалық тәрбие адамзаттың қоғамдық өмірінде айрықша орын алады.
Әсіресе, қазіргі таңда жас ұрпаққа жүйелі экономикалық тәрбие беру
мәселесінің барынша нақты қойылып отыруының өзіндік үлкен мәні бар.
Нарықтық қатынастардың қоғамдық өміріміздің барлық салаларына дендеп енуіне
байланысты. Экономикалық сауаттылықтың қажеттігі күннен - күнге айқын
сезіле түсуде. Бұл қажеттіліктің онан әрі өсе түсетіндігін өмірдің өзі
көрсетіп отыр.
Қазіргі мектеп оқушылары қоғамымызда болып жатқан әр алуан
өзгерістердің және осыған орай орын алып отырған қиыншылықтардың себептерін
білгісі келеді. Балалардың бұрнағы уақыттағыдай космонавт немесе ұшқыш
емес, тіптен балабақшаның өзінде-ақ кәсіпкер немесе бизнесмен болуды
армандайды. Осыдан келіп бүгінгі мектеп алдында экономикалық ой-өрісі мен
мәдениеті жоғары, іскер жас ұрпақты тәрбиелеу міндеті қойылатыны өзінен -
өзі айқын.
Еліміздің экономикалық дамуын нарықтық қатынастардың дамуымен,
қалыптасуымен сипатталады. Барлық күш - жігерді еліміздің әлеуметтік-
экономикалқ дамуын жеделдету бағытында шоғырландыра бір-жаңа талапқа сай
оқушы жастарға тәрбие беру проблемасының ерекшеліктерінің бірі. Осы ретте
жастарға экономикалық білім және тәрбие беру ісіне зор көңіл бөлінуде.
Р.М.Қоянбаев өзінің Педагогикаң еңбегінде экономикалық тәрбиенің формалары
мен әдістеріне тоқтала өтіп, білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін
мынадай әдістерді қолдануға болады:
1. Жаттықтыру. Бұл әр түрлі іс-әрекеттер істей білуге машықтандыру, жұмыс
орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау,
материялды, электроэнергетиканы, суды, газды үнемді пайдалану т,б.
2. Практикалық жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың
өндірістік бригадасында, үйелмендік мердігерлікте немесе мектептерде
шағын мал, құс фермаларында қолдануға болады. Практикалық және
эксперимент жұмыстарының мақсаты -оқушыларды өнімді бағалай білу, ақша
мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қалай қолдана білуге дағдыландыру.
3. Экономикаға байланысты есептер шығару-еңбек ақыны уақыт және өндіру
нормаларын, есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да
экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету,
жаттықтыру.
4. Цифрлы материялдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған
мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау қандай болса да
экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау үшін цифрлы
материялдардыталдау, т.б.
5. Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс .
6. Экономикалық сөздік жасау, рыноктық экономика терминдерін қазақ тіліне
аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын
молайту,- дейді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz