Балалардағы бронхиттер, пневмониялар, плевриттер, бронхты астма



1. Бронхит, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
2. Пневмониялар, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
3. Плевриттер, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
4. Бронхты астма, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, ұстама кезіндегі жедел жәрдем, алдын алуы.
Пневмония - өкпе ұлпасының қабынуы. Пневмонияның себептері: әр түрлі инфекциялар, бактериялар (стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар т.б.), вирустар, патогенді саңырауқұлақтар, микоплазмалар. Балалардың өкпе қабынуымен ауыруына келесі факторлар себепкер болады:
1. Баланың организмінің реактивтілігінің төмендеуі (қажып шаршау, стресстік ситуациялар, нашар тамақтану т.б.).
2. Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.
3. Фондық аурулар-мешел, анемия, гипотрофия, аллергиялық диатездер.
4. Қатты тоңу.
Патогенезі: инфекция өкпеге бронхогенді, лимфогенді, гематогенді жолдармен түседі. Өкпенің қорғаныс қызметі төмендеп қабыну процессі дамиды. Өкпенің вентиляциясының және газ алмасуының бұзылыстары гипоксияға және гипоксемияға әкеледі. Зат алмасудың барлық түрлері бұзылады.
http://gtlbfnhbz.at.ua/

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Балалардағы бронхиттер, пневмониялар, плевриттер, бронхты астма

• Бронхит, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
• Пневмониялар, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
• Плевриттер, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.
• Бронхты астма, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, ұстама
кезіндегі жедел жәрдем, алдын алуы.

Бронхит

Бронхит - бронхтың қабынуы. Көп жағдайда респираторлы вирусты инфекцияның
асқынуы.
Этиологиясы: вирустар, (парагрипп, аденовирус, қызылша, микоплазма
вирустары т.б.),  кейде бактериялар болуы да мүмкін (жұтқыншақтағы тұрақты
инфекция ошақтары, интубациядан болған асқынулар), тыныс жолдарына сырттан
бөгде заттар түскенде ( химиялық) дамуы да ықтимал.
Икемдеуші жағдайға - суық тию,  лас ауа, темекі түтіні және т.б.жатады.
Патогенезі: Вирустар тыныс алу жолдарының эпителийін зақымдайды. Бронх
қабатының кедергілік (барьерлік) қасиетін төмендетеді. Балаларда, әсіресе
сәбилерде тыныс жолдарының тарылуы, бронх қабатының ісінуі, ішіне
секреттердің жиналуы жиі байқалады.
Клиникасы: Баланың терісі, еріні,  ауыз қуысының шырышты қабаты көгіс
тартып тұрады, тыныс алуы жиілейді, дем алуға қосымша бұлшықеттер қатысады.
Көкірек  клеткасы кеңейіп, гипоксияға әкеледі. Кейде қатты жөтелгенде
тынысы тарылып, демалысы тоқтап қалуы мүмкін.
Тыңдағанда: орташа, ірі көпіршікті, құрғақ тұрақсыз сырылдар көкірек
кеудесінің екі жағынан да естілуі мүмкін.
Емі: Төсек режімі дене қызуы түскеннен соң  тағы 2-3 күнге тағайындалады.
• Диета:  Баланың тамағында сүт, өсімдік тағамдары болуы керек. Витаминге
бай, құнарлы, сұйықтық жеткілікті болғаны жөн. Әсіресе мүкжидек, итмұрын
тұнбасы, боржоми, лимон қосылған шай, бал аралас сүт, таңқурай қосылған
шай, жалбыз  беру керек.
• Антибиотиктер, сульфаниламидтер.
• Қақырық түсіретін дәрілер - алтей тұнбасы, мукалтин, мия түбірі,
бромгексин, пертуссин. Жөтелді азайту үшін көп беруге болмайды, себебі
жөтел қорғаныс реакциясы, қақырық шықпай обструкция болуы мүмкін.
• Қыздырғыш компресс, қышамен аяққа ванна жасау.
• В тобының витаминдері
• Физиоемі – УКС (ультракүлгін сәулелендіру), калий иодидімен, эуфиллинмен
кеуде клеткасына электрофорез жасау.
• Оттегімен дем алдыру, ингаляциялар.
• Ең жиі асқынуы - өкпе қабынуы (пневмония).

Пневмониялар.

Пневмония - өкпе ұлпасының қабынуы. Пневмонияның  себептері:  әр түрлі 
инфекциялар, бактериялар (стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар
т.б.), вирустар, патогенді саңырауқұлақтар, микоплазмалар. Балалардың өкпе
қабынуымен ауыруына келесі факторлар себепкер болады:
1. Баланың организмінің реактивтілігінің төмендеуі (қажып шаршау, стресстік
ситуациялар, нашар тамақтану т.б.).
2.  Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.
3.  Фондық аурулар-мешел, анемия, гипотрофия, аллергиялық диатездер.
4.  Қатты тоңу.
Патогенезі: инфекция өкпеге бронхогенді, лимфогенді, гематогенді
жолдармен түседі. Өкпенің қорғаныс қызметі төмендеп қабыну процессі дамиды.
Өкпенің вентиляциясының және газ алмасуының бұзылыстары гипоксияға және
гипоксемияға әкеледі. Зат алмасудың барлық түрлері бұзылады.

Диагностикалық критерийлері:

1. Ұзақ фебрильді қызба.
2. Интоксикация белгілері.
3. Тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері- ентікпе, цианоз, тыныс алуға
қосымша бұлшықеттердің қатысуы.Тұрақты жергілікті өзгерістер:
Аускультативті-ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар, перкуторлы-қабынған
жердің үстінде дыбыстың қысқаруы.
4. Рентгенографияда-көлеңкелер.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардағы тынысалу жүйесінің ерекшеліктері
ІШКІ АУРУЛАР ПӘНІНЕН ЕМДЕУ ІСІ МАМАНДЫҒЫ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
Бронх демікпесі. Муковисцидоз
Өткір вирусты таралымды инфекциялар балалардың бронхты демікпеге шалдығуына әкеп соқтыратын маңызды фактор
Иммунды тапшылықтар
Иммунопатологиялық үрдістер
Қоян шаруашылығы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Жоғары тыныс жолдары аурулары
Пәндер