Ақпараттарды ықшамдау (архивтеу)


Мазмұны

1. Кіріспе . . . 3

2 Ақпараттарды ықшамдау теориясының даму тарихы . . . 4

3 Архивтеу программалары . . . 7

3. 1 ARJ . . . 8

3. 2 PKZIP . . . 10

3. 3 RAR . . . 10

3. 4 QUARK . . . 11

3. 5 GZIP . . . 12

3. 6 ARJZ . . . 13

4 Архивтік файл . . . 13

4. 1 Файлды архивке енгізу . . . 14

4. 2 Файлдарды архивтен шығарып алу . . . 15

4. 3 Файлдардың қысу деңгейін көрсету . . . 15

4. 4 Архивтік файлдардың аттары . . . 16

4. 5 Архивтік файлдарға қызмет көрсетуші программалар . . . 16

5 Архивтік программалардың режимі . . . 16

6 Файлдарды архивке орналастыру . . . 17

7 Архивтік файлдарды өңдеу режимдері . . . 18

8 Өздігінен жинақталатын архивтегі файлды құру . . . 18

9 Дискте бар файлдың режимде орналасуы . . . 18

10 Каталогтың астындағы архивтелген файлдар19

11 Архивтің мазмұнын қарап шығу . . . 19

12 Мазмұнын шығару форматы . . . 19

13 Архивтендіруде пайдаланылатын терминдер . . . 20

14 Файлды информацияда сорттау . . . 21

15 Архивтің дұрыстығын тексеру . . . 21

16 Зақымдалған архивтерді қалпына келтіру . . . 22

17 Архивтің қоректену кезінде өшірілуі . . . 22

18 Парольдың көмегімен файлдарды корғау . . . 22

19 Архивке файлды қосу . . . 23

20 Файлдарды архивтен алу . . . 23

21 Файлдарды уақытпен таңдау және оларды өзгерту. …23

22 Архиватор ZIP for Windows . . . 24

Қорытынды . . . 25

Қолданылған әдебиеттер . . . 26

Кіріспе

Компьютерді камтамасыз ету барысында әртүрлі себептерге байланысты қатты дискідегі бірқатар ақпараттар жоғалуы немесе жойылып кетуі мүмкін. Ақпараттарды компьютерлік вирустардың жойып жіберуі, дүрыс түзетулер енгізбеу немесе кездейсоқ жағдайда файлдарды өшіріп және т. б. жағдайлар, қатты дисктың бұзылуына әкеп соғады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін қолданып жүрген файлдардың көшірмесі немесе жүйелі түрде өзгертілген файлдың көшірмелерін жаңартып отыру керек. Ақпараттарды сақтау үшін олардың көшірмесін алу керек. Файлдар қанша орын алса, көшірмелерде сонша орын алады және де керекті файлдарды көшіріп алу үшін көп дискета керек болады. Мысалы: қатты дискідегі сыйымдылығы 1, 2 Гбайт файлды көшіріп алу үшін әркайсысының сыйымдылығы 1, 44 Мбайттан түратын 854 дискета керек. Мүндай саны көп дискетпен жүмыс істеу және көшірмелерді жасау өте қиын.

Файлдарды архивтеуге арналып жасалған программаларды көшірме жасау барысында пайдалану тиімді болады. Бүл программалар дискетадағы орынды үнемдеп, қатар қолданып отырған файлдарды бір архивтік файлға біріктіруге көмектеседі. Бүл архивтерді енгізуді едәуір оңайлатады.

Архиваторлар файл көлемін 10-70 пайызға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.

Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдардың форматымен, жүмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады.

2 Ақпараттарды ықшамдау теориясының даму тарихы

MS DOS - тың даму тарихы барлық ақпараттық технологиялардың даму тарихына өте ұқсас. Сонымен қатар, MS DOS тұжырымдамасы тікелей URIХ операциялық жүйесінен алынған URIХ, көбінесе, OS/360 тәрізді ең алғашқы операциялық жүйелерге тіпті IBM 704 -ке негізделеді. Мәліметтерді сақтаудың (архивизация) негізгі алгартимдері алдымен URIХ-те, сосын (кейде кейбір алгоритмдердің даму процесі паралельно іске асырылады) MS DOS -та сыналды. Негізінде, архивтендіруді (сақтау) үшін қайта өңдеу (утилит) қазіргі уақытта, MS DOS 2. 0-ден бастап іске асырыла бастады. Сонымен, қырқыншы жылдары ақпараттық технология саласында жұмыс істейтін ғалымдар кеңістікті барынша үнемді қолдануға болатын мәліметтерді сақтау тәсілін ойластыруға болатынын түсінді. Клод Шеннон, семантика (semantics) мен синтаксис (syntax) арасындағы айырмашылықты зерттеп, бұл теорияның базалық ұғымдарын әзірледі. Қандай да бір ұғымдардың (семантика) түрлі тәсілдермен іске асырылатын (синтаксис) ұғыну заңды сұрақты туындатады: «Бір нәрсені айтудың қандай тәсілі барынша үнемді болып табылады?» Бұл сұраққа жауап іздеу Шеннонды пайдалы мәліметтер файлымен сәйкес келетін энтропия туралы ой тоқтамына келтірді. Ықшамдау әдісі файл энтропиясын кеңейтуге тырысады, яғни барлық мәліметті сақтай отырып, файл ұзындығын кемітеді.

Дегенмен, мәліметтердің мәні мен оның саны туралы Шенноннан да бұрын ойланғандар болды. Бұл жолда алғашқы қадамды 1928 жылы Хартли жасады. Оның алған негізгі нәтижесін былайша тұжырымдауға болады: егер N элементі бар берілген көпшілікте осы көпшілікке қатысты екені ғана белгілі х элементі атап көрсетілсе, онда х-ті табу үшін Log 2 N-ге тең ақпараттар санын алу қажет. Бұл формуланы, әдетте, Хартли формуласы деп атайды. Хартли формуласы белгіленген альфавиттің кездейсоқ мәліметтеріндегі ақпараттар санын табуға мүмкіндік беретін Шеннонның жалпы формуласының жеке жағдайы болып табылады. ХІ, . . . , Хn - бұл альфавиттің символдары болса, PI, Pn - мәлімет тексінде болу мүмкіндігі, онда Шеннон формуласы мынадай болады:

H=PI*Log 2 (1/PI) + . . . + Pn*Log 2 (1/Pn),

Мұнда H - мәліметтің бір символындағы ақпараттар бит-нің саны немесе мәліметтер символының энтропиясы. Бұл сан берілген мәлімет алфавиттің бір символын көрсету үшін қажетті бит-тің ең аз орташа санын көрсетеді. Кейбір жағдайларда мәлімет алфавиті белгісіз болуы мүмкін, онда мәлімет алфавиті алфавитпен ықшамдаудың түрлі коэффицентіне қол жеткізуге болады. Мәселен, текстті файл, егер оны биттордың жүйелілігі деп қарастырсақ онда энропияны 0, 7-0, 9 түрінде көре аламыз, егер байттар жүйелілігі деп қарастырсақ. - 0, 5 - 0, 7, дегенмен ықшамдаудың қарапайым программалары тексттік файл өлшемін бастапқы өлшемнен 0, 3-0, 4-ке дейін кішірейтеді. Шеннонның дәлелдемесі үйлесімді болмады, яғни осы қолайлы кодтарды құрастыру тәсілі болмады, тек олардың бар екендігін ғана көрсетті. Шеннонның жұмысы пайда болғанға дейін байланыс арнасы бойынша мәліметтерді жіберуде алфавит символдарын кодпен хабарлау Хартли формуласы бойынша алынған биттердің бір\келкі сонымен іске асырылды. Бұл жұмыстың пайда болуымен текстте олардың пайда болу мүмкіндігіне байланысты биттердің түрлі сонымен символдарды кодпен хабарлайтын тәсілдер пайда бола бастады. Мәселен, көбінесе файлдарда байттың кейбір белгілері басқаларға қарағанда көбірек кездеседі. Осылайша, әрбір байт белгісі үшін түрлі ұзындықтағы кодты пайдалану есебінен мәліметтердің жалпы өлшемін едәуір келтіруге болады. Бұл базалық идея Шеннон Фоно (Shannon - Fano) және Хафманның (Huffman) ықшамдау алгаритмдері негізінде жатыр. Мұндай алгоритмдер байттардың жиі кездесетін белгілері үшін барынша қысқа және сирек кездесетін байттары үшін барынша ұзын кодтарын таңдайды. Әдетте текстік файлдар (басқаларға қарағанда барынша жиі қайталанатындар) оңай ықшамдалады.

Отыз жылдан астам уақыт Хафманның ықшамдау алгаритмі және оның варианттары барынша қарапайым әдіс болып қала берді. Дегенмен, 1977 жылы Иәрайльдің екі зерттеушісі бұл проблемаға мүлде басқа тәсіл ұсынды. Абрахаш Лемпел және Якоб Зув мәліметтердің жалпы жүйелілігінде, «сөздікті» қалыптастыру идеясын ұсынды. Бұл жағдайда мәліметтерді ықшамдау сөздіктен тиісті кодтар жазуын ауыстыру есебінен іске асыралады. Екі алгоритм бар, қазіргі кезде LZ77 және LZ 78 ретінде белгілі. Олар архивке мәліметтер сөздігін өндіруді талап етпейді, өйткені егер сіз сөздігіңізді белгілі тәсілмен қалыптастырыңыз, кодсыздандыру программасы оны тікелей сіздің мәліметіңізден қалыптастыра алады. Өкінішке орай LZ77 және LZ 78 тиімді сөздік жасауға көп уақыт жұмсайды. Sperry, Teppu Belz (Terry Weech) LZW ретінде кеңінен танымал жаңа вариантын жасап, LZ 78 алгоритмін кеңейтті.

Велч жұмысына Unix бағдарламашылар тобы көңiл аударды және compress деген атқа ие болған LZW қосымшасында оның алгоритмiн пайдаланды. Оны едәуiр жетiлдiрiп, телеконференциясында көпшiлiкке қолайлы бағдарламасын жариялайды, соның арқасында көптеген пайдаланушылар онымен жұмыс iстей бастады. LZW көпке танымалдығы Compress бағдарламасының жетiстiкке жетуiне тiкелей байланысты. Ықшамдауды iске асыратын бағдарламаның соңғы түрiндегi бастапқы мәтін бары-жоғы 1200 қатардан тұрады.

Ықшамдау кодының ядросы жазу қатары жүзден аспайды, ал декомпрессия одан онша көп емес. Бағдарламашылар бұл алгоритмдi оқуды және түсiнудi жеңiлдетедi, сондай-ақ түрлi мақсаттар үшiн оны қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. LZ-стильдi алгоритм (LZW, LZ77, LZ78 және басқа көптеген варианттар) әмбебап ықшамдауы ықшамдауды талап ететiн барлық жерде танымал. LZW V. 42 bis модем стандартында, Z Modem мәлiметтер беру хаттамасында, GIF, TIFF, ARC және басқа қолданбалы бағдарламаларда қолданылады.

LZ басқа алгоритмдерi Doublespase және Stachen сияқты дискiлi ықшамдау қолданыстарында (утилит), PNG сияқты графикалық форматтарында, сондай-ақ әмбебап архивтер және ықшамдау ZIP, GZIP және LHA қолданыстарында (утилит) пайдаланылады. Көп көңiл аударылатын, сөздiкке негiзделетiн алгоритмдерден басқа да тәсiлдер бар. Байттардың кейбiр ерекшелiктерiн таратудағы статистикалық ауытқуға негiзделген Хафман ықшамдау алгоритмi арифметикалық кодтау (arith metic cobind), энтропиялық кодтау (entropy coding) немесе Q-кодтау (Q - codind) сияқты танымал ықшамдаудың өте тиiмдi әдiстерiнiң негiзiнде жатыр. Арифметикалық кодтау Хафман ықшамдауын екi жолмен жақсартады. Бiрiншi жетiлдiру-таңдалған кодтар бүтiндей бит санын талап етпеу болып табылады. Хафман ықшамдары екi және төрт битты кодты таңдай алатын болса, арифметикалық кодтау программасы ұзындығы 6, 23 битты кодты пайдалана алады. Екiншi жетiлдiру (сондай-ақ Хафман ықшамдауында қолданылады) - арифметикалық кодтаудың барынша күрделi статистиканы пайдалануында болып табылады. Ол файлдағы байттың пайда болу жиiлiгiн бақылап қана қоймайды. Сонымен қатар, белгiлi сөйлемде оның пайда болу жиiлiгiн бағалайды. Мәселен, онша жиi кездеспейтiн Хафман ықшамдауының бастапєы алгоритмiн пайдалануда "u" символы барынша ұзын кодка ие болған болар едi. Бiрақ, арифметикалық кодтаудың күрделi бағдарламасындағы "u" символы, келесi "g" символы өте тығыз кодталады, өйткенi "u"-дi бiрден "g"-ден кейiн келетiндiгi әбден мүмкiн. Бұл екi жетiлдiру тәсiлдерi тиiмдi ықшамдауға әкелiп соғады.

Ықшамдаудың басқа әдiстерi белгiлi типтегi мәлiметтерге арналған, сондықтан олар архивтендiруге онша ыңғайлы емес. Соңғы кезде пайда болған көптеген жетiлдiру әдiстерi осы үш әдiстiң синтезiне (мәселен, сөздiктi жазу үшiн Хафман кодтарын пайдалану) немесе осы әдiстердiң бiреуiнiң тиiмдi ықшамдауын көбейтетiн мәлiметтердi алдын ала күрделi өңдеуден өткiзуге негiзделген. Мүмкiн, ықшамдау алгоритмi саласында соңғы он шақты жылдың iшiндегi елеулi оқиғаның бiрi программалық қамсыздандыруда патенттердiң пайда болуы шығар. 1981 жылдан бастап Unifeod Stafes Patent and программалық қамсыздандыру алгоритмдерiн патенттеуге сұраныстар қабылдай бастады. ұсынылған патенттердiң көпшiлiгi ықшамдау әдiстерi бойынша болды. Олардың iшiндегi ең танымалдары - LZW ықшамдау алгоритмiне unisus формасының патенттерi және арифметикалық кодтарға IВМ формасының патенттерi болды. өкiнiшке орай, USPTO-да сұраныстарды өңдеудегi алғашқы жұмыстар мардымсыз болды. Нәтижесiнде, көптеген адамдарға бiрдей алгоритмге (керек десеңiз, бiрдей тұжырымдамамен) түрлi патенттер ұсынады. Бұл патенттердiң кейбiреулерiн сот жүзiнде шешуге тура келдi, бiрақ, талапкерлердiң сот тексеруiндегi шығындарының көптiгi мұндай үмiткерлердiң санын азайтады. Нәтижелi жүргiзiлген патенттеу қайта қарала қоймады. Программалық қамсыздандыруды патенттеу ықшамдаудың жаңа алгаритмдерiн әзiрлеуде ауқымды жұмыстардың пайда болуына әсер етедi (көпшiлiгiн өнертапқыштардың өздерi тез арада патенттейдi) . Дегенмен, басқа нәтиже керiсiнше болды. Ықшамдау алгоритмдерiнiң көпшiлiгi ерекше әдiспен қолданылады. Мәселен, халықаралық стандарттардың бiр білiгi ретiнде (V. 42 bis және JEC) . Сонымен қатар, кейбiр компаниялар мен пайдаланушылар жалпыға қолайлы кодты көшiрiп алды (мәселен, compress) LZW түрлi мақсаттар үшiн кеңiнен көшiрiлдi) . Бұл алгоритмдердi пайдаланудағы қаржылық айыппұлдар, бұл стандарттардан шартты ақысыз және ақысыз программалық қамсыздандырудан және ақысыз кiтапханалардың қолдау көрсетуiне бас тартуға әкелiп соқты.

Кейбiр компаниялар ақысыз программалық қамсыздандыруда олардың патенттелген алгоритмдердi пайдалану үшiн авторлық аударымдарды талап етпейтiндерiн ашық жариялады. Дегенмен, бұл барлығына қатысты емес. Бұл түсiнiспеушiлiк ақысыз программалық қамсыздандыру мен патенттiк заңдарға қалай әсер ететiндiгi қазiрше түсiнiксiз. Бiрақ, бiр ғана мекеме Leadue for Prodrammind Freedom программалық қамсыздандыру патентiмен күресуде және оларды болдырмауда белсендi қадам жасауда.

3 Архивтеу программалары

Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Бірақта, бұндай программаның көбі "sһареwаге" ретінде таралады. Яғни оларды тегін алуға болады. Егер сіз оларды барлық уақытта қолданылатын болсаңыз программа авторына немесе таратушыларына белгіленген (әдетте 50$ дейін) соманы алу керек.

Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін кысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды шығарып алуға, архив мазмұнын көруге т. с. с. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлдарды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады.

Компьютермен күнделікті жұмыс істеу барысында кеңінен қолданылатын берілгендері қысудың "классикалық" форматтары ZIP және ARJ болып табылады. Соңғы кезде бұлардың қатарына әйгілі RAR форматы қосылды. Осы форматтарда жасалған архивтерге арналған программалық құралдар.

1-кесте Файлдарды архивтеу құралдары кестеде келтірілген:

Операциялық жүйе:

Операциялық жүйе

Форматтың қысылуы: Форматтың қысылуы
Архивтік құралдары:

Архивтік құралдары

Архивті ашу дың кұралдары:

Архивті ашу дың кұралдары

Операциялық жүйе:

МS-DOS

Форматтың қысылуы:

ZIP

Архивтік құралдары:

РКZІР. ЕХЕ

Архивті ашу дың кұралдары:

РКUNZІР. ЕХЕ

Операциялық жүйе:
Форматтың қысылуы:

RAR

Архивтік құралдары:

RAR. ЕХЕ

Архивті ашу дың кұралдары:

UNRАR. ЕХЕ

Операциялық жүйе:
Форматтың қысылуы:

АRJ

Архивтік құралдары:

АRJ. ЕХЕ

Архивті ашу дың кұралдары:
Операциялық жүйе:

WINDOWS 9Х

Форматтың қысылуы:

ZIP

Архивтік құралдары:

WіпZІР

Архивті ашу дың кұралдары:
Операциялық жүйе:
Форматтың қысылуы:

RAR

Архивтік құралдары:

WINRАR

Архивті ашу дың кұралдары:
Операциялық жүйе:
Форматтың қысылуы:

АRJ

Архивтік құралдары:

WINARJ

Архивті ашу дың кұралдары:

3. 1 ARJ

ARJ архиваторы командалық жазулармен жұмыс істейді. ARJ архивтеріне, оның ішінде көп томды архивтерді қолдануда, барлық жұмыстар орындалады. ARJ архиваторының кілті бойынша команданың көмегімен анықтама алу:

ARJ (қарапайым анықтама)

ARJ/? (нақты анықтама)

ARJ -дің өте көп кілті бар. Көп әрекеттерді автоматтандыруға болады - дискінің резервтегі көшірмесін жасау, қандай да бір күннен бастап архивтеу, ағымдағы күнді архив атына қосу (arh 970821. arj), нақты орыннан файлды, ықшамдаудың бірнеше деңгейлерін т. с. с архивтеу. 2. 55 түрінде ұзақ атаулармен жұмыс істеу мүмкін.

Артықшылығы: кілттер саны өте көп, бұл қызметтерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Архивті бұзудан қорғайды.

Кемшіліктері: диалогтық режимнің болмауы, ауытқымалы ортада (ARJ_SW) және жазу қатарын қосуда қандай да бір кілттің болуында кейбір қолайсыздықтардың өзара жойылуы.

Командалары:

arj a arc. arj file. doc - архивтеу;

arj c arc. arj file doc - кеңейтілуі;

arj d arc. arj file doc - архивтен жою файлы;

arj e arc. arj file doc - архивтен файл алу;

arj f arc. arj file doc - архивтегі файлдарды жаңарту;

arj g arc. arj file doc - архивтерді біріктіру;

arj g g parol - архивке пароль қою;

arj l arc. arj file doc - архив мазмұнын қарау;

arj n arc. arj file doc - атын өзгерту;

arj o arc. arj file doc - файлдарды сұрыптау;

arj t arc. arj file doc - архивті тестіден өткізу;

arj х arc. arj file doc - жолын қалыпқа келтіріп шығару;

Кілттері:

? - командалар мен кілттердің толық тізімін экранға шығару;

$ - тон меткасын қою, алып тастау;

В - өзгертілген файлдарды көшіру;

D - кейін қосылған файлды жою;

f - бұрыннан бар файлды жаңарту;

k - архитің бас көшірмесін құру;

m - сығу әдісі;

m 0 - тек қана сақтау(сығусыз) ;

m 1 - максималды сығу;

m 2 - қалыпты сығу;

m 3 - жылдам сығу;

m 4 - минимум сығу;

m n - тек архивте жоқ файлды архивке қосу;

q - әр сұраныс жасап отыру;

r - ішкі каталогтарды қарау;

3. 2 PKZIP

Командалық жазумен жұмыс істейді. PKZIP архивтеріне қызмет көрсетуде түрлі функциялар, түрлі бағдарламалармен орындалады:

PKZIP - файлдарды архивке орналастыру;

PKUNZIP - файлдарды архивтен алу;

ZIP2EXE - өздігінен ашылатын архивті жасау;

PKZIPFIX - бүлінген архивті қалпына келтіру;

Pkzip архивторымен жұмыс анықтамасы мына командалар көмегiмен зерттеу:

PKZIP/h

PKUNZIP/h

ZIP2EXE/h

Командалары:

a - файлды архивке қосу;

m - файлды архивке тасымалдау;

u - жаңа файлды архивке қосу;

f - кейінгі мерзіммен құрылған файлдарды архивке қосу;

v - архив аттарын шығару;

r - ішкі деректорияны өндеуге қосу;

d - архивтен файлды жою;

p - файлдың қатынас жолын сақтау;

ex - максималды сығу;

Негізгі командалары:

e - шығару;

d - файлға қатынас жолын сақтай отырып шығару;

f - тек жаңаларын архивтен шығару;

n - жаңа файлды архивтен шығару;

o - бұрыннан бар файлды жаңадан жазу;

t - архивтің бүтіндігін тексеру;

v - аттарын шығару;

3. 3 RAR

DOS үшiн RAR архивтерi - Архивтердi басқарудың брiктiрiлген (интегрированная) бағдарламасы. RAR - бұл архивтердi жасау және оларды басқарудағы қуатты құрал.

RAR -мүмкiндiгi:

  • Толық экранды интерактивтi интерфейс (өшiрiлетiн) ;
  • Тышқан мен менюді қолдау;
  • АрхивтердiңRARемлесiн қолдау;
  • Командалық оқу жазудың стандартты интерфейсі;
  • Мәлеметтердi ықшамдаудың ерекше жоғары нәтижелi алгоритмi;
  • Мультимедиялық файлдарды ықшамдау үшiн арнайы алгоритмі;
  • "үздiксiз" ықшамдау режимiн пайдалану есебiнен ұқсас өнiмдерге қарағанда реттеу дәрежесi жоғары;
  • Архив авторы туралы мәлiмет (тек тiркелген түрi) ;
  • өздiгiнен ашылатын (SFX) қарапайым және көп томды архивтер;
  • бөлiнген архивтердi қалпына келтiру;
  • SFX инстолициялық архивтерi үшiн программалау тiлi;
  • құлыптау (блокировка), шифрлау, файл тәртiбiнiң тiзiмi, томдарды белгiлеу т. с. с.

Командалар:

а - архивке қосу;

с - архивке түсініктеме қосу;

d - жою;

e - шығару;

f - жаңарту;

l - қатарды табу;

k - архивті тұйықтау;

r - бүлінген архивті қалыпқа келтіру;

RN - файл атын өзгерту;

RC - жоқ томды құру;

S[аты] - архивті өздігінен ашылатынға түрлендіру;

t - архив файлдарды тестіден өткізу;

u - архив файлды жаңарту;

x - жолын көрсетіп шығару;

3. 4 QUARK

QUARK - Хафман кодтармен ықшамдалған ағымның екiншi қайтара тығыздалуымен жүйелi байт (RSE- алгоритм) қайталануын кодтау жолымен бастапқы мәлiметтердi тығыздау үшiн LZ77 - алгоритмнiң пайдаланатын классикалық типтi архиватор болып табылады. Бұл тәрiздi әдiстер мәлiметтердi жинақтау саласында барлық үш лидердi - ARJ, LHA, PKZIP архиваторларды пайдаланады. Сонымен қатар, QUARK мәлiметтер тығыздығындағы таңдаулы нәтижелерге LHA - ға қарағанда жылдамдықта PKZIP жылдамдығынан өте ерекшеленетiн, пайдаланғанда мәлiметтердiң жоғары тығыздығына қол жеткiзедi. Бұл бiрнеше себептермен шартталады;

  1. QUARK айнымалы өлшемдi 32Кб - нан 64Кб -қа дейiнгi терезелермен (окно) жұмыс iстейдi. (белгiленген LHA- да 16Кб -ға және PKZIP-дан 32Кб-ға және ARJ- дан PKZIP-ға қарсы) .
  2. QUARK бiрiншi сапалы қолайлылықты (LZ77 сiлтемелi адрестер оңтайлылығы) және екiншi сапалы қолайлылықты (ағымның сiлтемелi жабылуының оңтайлылығы) орындайды.
  3. QUARK текстi файлдар үшiн текстi редукцияны қолданады.
  4. Бөгде аппараттың бағыттары мен операциялық жүйелерге ұмтылмастан, ең аз қызметтік мәліметтерді архивке ендіреді.

3. 5 GZIP

GZIP - (LZ77) кодпен жазуын пайдалана отырып, тапсырылған файлдардың өлшемін қысқартады. Мүмкін болған жағдайда әр файл кеңейтілген '. gz' файлымен ауыстырылады, бұл жағдайда иесі, режимі (тәртібі), кіруі және түр өзгерту (модификация) уақыты сақталады (басқа кеңейтулер '. gz', VMZ, 'z', MS DOS, OS/2, FAT және Atari үшін) . Егер ешқандай немесе файл аты көрсетілмесе '_', онда стандартты ену іске асырылып, стандартты шығаруға беріледі. GZIP тек қарапайым файлдарды салуға тырысады, атап айтқанда GZIP жанама сілтемелерді ескермейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Архивтеу программалары туралы
Мәліметтерді сығу және сығу түрлері
Winrar архивтік программасын пайдалану
Архивтеу бағдарламалары
Сервистік бағдарламалар
Архивтік файл
Информатиктерге архивтеу туралы аздаған жаңалықтар
Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Файлды архивтеудің қажеттілігі
Дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz