Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларын қолдану әдістемесін дайындау



КІРІСПЕ
1. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ.ПЕДАГОГИКА.ЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолданудың теориялық негіздері
1.2 Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
2. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ
2.1 Бастауыш сыныптарда деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану әдістемесі
2.2 Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын қолдану әдістемесі
2.3. Бастауыш сыныптарда модульдік оқыту технологияны қолдану әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық Жолдауын-да, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақтан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді[1,2,3]. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, «жалпыға білім беру» моделінен «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне негізделген.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
1. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы. - Астана, 27 шілде 1999ж.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2015 жылға арналған тұжырымдамасы. –Астана, 26 желтоқсан, 2003.
4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Педагогика, 1989.
5. Жанпейсова М.М. Технология модульного обучения. – Ақтөбе: РИПК: СО, 1999.
6. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования: научный фонд и перспективы развития (книга 1). -Алматы: Научно-издательский центр, «Ғылым», 2001.
7. Мұхамбетова Р.Қ. Педагогика. -Ақтөбе, 2001.
8. Педагогика. Дәріс құралы. - Алматы: «Нұрлы әлем», 2003, /Абай атындағы қазақ ұлттық Педагогикалық Университеті.
10. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. - Алматы: Дарын, 2004
11. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.- Алматы, 2000.
12. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология.-Тараз: ТарМУ, 2003.
13. Бұзаубақова К.Ж., Абдуалиев А.Б. Ізденіс - Тараз: ТарМУ, 2003.
14. Ахметов А.К. Принципы технологии и содержание образовательной программы. – Алматы, 1995.
15. Инновационное обучение: Стратегия и практика. /Под ред. В.Я. Ляудие. – М., 1994.
16. Керимбаева М.Р. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы, поиск. - Алматы, 1995.
17. Фирсов В.В. Дифференциация обучения на основе обязательных результатов обучения. - М., 1974
18. Шаталов В.Ф. Эксперимент продолжается. - М.: «Педагогика», 1989.
19. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. - М., 1986
20. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса. - Волгоград: Перемена, 1995.
21. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиясы. - Алматы, 2000.
22. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. - Усть-Каменогорск, 1999.
23. Лысенкова С.Н. Методом опережающего обучения. - М.: Просвещение, 1988.
24. Репкина Н.В. Что такое развивающее обучение? - М., 1993
25. Педагогикалық ізденіс. Құрастырушы И.Н. Баженова. - Алматы. Рауан, 1990.
26. Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп, №3, 4, 1999.
27. Амонашвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценки учения школьников. - М., 1984.
28. Махмутов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру.-Алматы: Мектеп, 1981.
29. Лернер И.Я. Проблемное обучение и его закономерности. -М., 1980.
30. Занков Л.В. О предмете и методах дидактического исследования. - М., 1962.
31. Беспалько В.П. Программированное обучение. Дидактические основы.- М., 1970.
31.Бабанский Ю.К., Поташкин М.М. Педагогикалық процесті оптималдандыру. - Алматы: Мектеп, 1984.
32. Юсуфбекова Н.Р. Тенденции и законы инновационных процессов в образовании. - М.: Педагогика, 1991.
33. Әнуар Ж. Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісіне қолдану// ХХІ ғасыр мектебі, №1-2, 2003.
34. Нұрашева Ж. Тірек конспектісін пайдалану//Бастауыш мектеп, №10, 2002.
35. Мұхамедина Ж. Деңгейлік саралай оқыту //ҚМ, №6, 2003.
36. Ауданбаева Қ. Деңгейлік тапсырмалар //ҚМ, №6, 2003
37. Сардарова Ж. Дамыта оқыту //Бастауыш мектеп. №3, 2003
38. Әлсерікова Ж. Әдіс-тәсілдер тиімді болсын //Қазақстан мектебі, №5, 2003.
1. 38. Н.И. Болдырев Мектеп тәрбие жұмысының методикасы. - Алматы, 1987
39. Дидактика средной школы/ под ред. М.Н. Скаткина.- М., 1982г.
a. 40.Г. Жаманқұлова Педагогикалық жүйеге жаңашылдық керек// Қазақстан мектебі, №2, 2002 ж.
40. Л.В. Занков Дидактика и жизнь. - М., 1968 г.
41. ҚР жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы республикалық баспа кабинеті – Алматы, 1995 ж.
44.В.Ф. Шаталов Точка опоры. - М.: Педагогика, 1987 ж.
45.В.Ф. Шаталов Куда и как исчезли тройки. - М.:Педагогика , 1980г.
46.В.Ф. Шаталов Эксперимент продолжается.- М.: Педагогика , 1989г.
47.Г.И. Шукина Ролль деятельности в учебном процессе – М., 1986 г.
48. Г.Б. Эльконин Психология обучения младшего школьника. - М.: Знания 1974 г.
49.Н.Р. Юсуфбекова Общий основы педагогической инноватики, опыт разработки тоерии инновационных процессов в образовании. - М., 1991г.
50.Ш. Т. Таубаева О структуре инновационного процессе в школе. – Алматы, 1996г,
b. 51.Ш.Т. Таубаева Передовой педагогической опыт от теоритического осмысления к практике. - Алматы, 1997 г.
52.Ш.Т. Таубаева Теоретические основы педагогичксой инноватики. - Алматы, 1992г.
c. 53.Н.Р. Юсуфбеков Инновационные процессы в образовании сущность закономерность тенденция . - Алматы, 1993 г.
54. Н.Р. Юсуфбекова Педагогическая инноватика как направления методологических исследовании. - М., 1992
55.Н.Р. Юсуфбекова Тенденции и законы инновационных прцессов в оброзовании. - М., Педагогика, 1991г.
58.Государственный общеобязательный стандарт Республики Казахстан дошкольного воспитания и обучения. Основные положения. 1.001-2009
59.Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2011-2020 годы.-Астана, 2011
60.Государственный общеобязательный стандарт среднего профессионального образования Республики Казахстан по специальности 0301002 - Дошкольное воспитание.
61.Ильминский Н. Воспоминания об И.А. Алтынсарине. Казань, 1891. - С. 13-47
62.Ударцева СМ., Смирнова Г.М. Содержание профессиональной компетенции педагога профессионального обучения.-М., 2006
63.Байденко В. Компетенции в профессиональном образовании (К освоению компетентностного подхода) // Высшее образование в России, 2004., № 11
64.Селевко Г. Компетентности и их классификация // Народное образование.- 2004, № 4.
65.Зеер Э., Сыманюк Э Компетентностный подход к модернизации профессионального образования // Высшее образование в России.-2005, № 4.
66.Сериков В.В. Болотов В.А., Компетентностная модель: от идеи к образовательной программе // Педагогика.-2003, № 10.
67.Лебедев, О.Е. Компетентностный подход в образовании // Школьные технологии. – 2004, №5
68.Хуторской, А.В. Ключевые компетенции и образовательные стандарты// Интернет-журнал «Эйдос», 2002. - (http//eidos.ru/journai/htm).

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКА-ЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолданудың
теориялық негіздері

1.2 Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолданудың
педагогикалық шарттары

2. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ

2.1 Бастауыш сыныптарда деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану әдістемесі

2.2 Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын қолдану әдістемесі

2.3. Бастауыш сыныптарда модульдік оқыту технологияны қолдану әдістемесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық Жолдауын-да,
1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы Білім туралы
Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған Білім мемлекеттік
бағдарламасы мен Қазақтан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және
әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің
ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой
қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді[1,2,3]. Ол Қазақстан Республикасы
жариялаған білім беру басымдығына, жалпыға білім беру моделінен әр
адамға таңдау бойынша білім беру моделіне негізделген.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт
алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы
қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі –
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды меңгеру. Білім мазмұны жаңа үрдістік
біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы
шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының
нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
• Қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен
қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде;
• Ақпараттық дәстүрлі әдістер қазіргі заманғы компьютерлік
құралдарға ығысып орын беруде;
• Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына,
азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті
ізденісі мен шығармашылығы, еңбегі қажет-ақ Келер ұрпаққа қоғам талабына
сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық педагогикалық
технологияларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Инновациялық үрдісті зерттеу
барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты
енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерінің зерттеу маңыздылығы М.В.
Кларин, М.М. Поташник, П.И. Пидкасистый, Т.И. Шамова, Н.Р. Юсуфбекова және
т.б. зерттеулерінде қарастырған. (4, 5, 6).
Инновациялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын
дамыту, жаңалықты енгізу мәселелерін Ю.К. Бабанский, В.А. Сластенин, А.В.
Лоренсов, В.П. Кваша, В.Я. Ляудис, Қ.Қ. Қабдықайыров, С.Н. Лактионова, Ш.Т.
Таубаева, М.М. Жанпейісова, Ж.А. Қараев және т,б, қарастырған (7, 8, 9, 10,
11).
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – жеке тұлғаның
шығармашылығын қалыптастыруға бағытталған жаңа оқыту технологияларын
шығаруға ұмтылуы. Осы орайда білім беру саласы қызметкерлерінің алдында
тұрған басты проблема - әлеуметтік және ұйымдастыру тұрғысынан білім
мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде
пайдалану. Педагогика ғылымында оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері
белгілі болғанымен, ол әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жағы
жеткіліксіз зерттелінген, сондықтан зерттеу жұмысымыздың тақырыбын
Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолданудың
әдістемесі деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық
технологияларын қолдану әдістемесін дайындау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық
технологияларын қолданудың әдістемелік жүйесі
Зерттеудің ғылыми болжамы: Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық
технологияларын қолдану сапасы жоғары болады, егер де:
• Әрбір оқушының жеке танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру
үшін дамыта оқытуды жүзеге асыру әдістемесі әзірленсе;
• Бастауыш сынып оқушысының пәнге деген қызығушылығы мен білімге
деген сенімін арттыру үшін деңгейлеп оқыту әдістемесі жүзеге
асырылса;
• Модульдік оқыту жүйесінің кезеңдік мазмұнын жетілдіру арқылы
оқушының білімінің берік, тиянақты, сапалы болуы үшін асырылса.
Зерттеудің міндеттері:
• Елімізде бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық
технологияларын қолдану әдістемесін әзірлеу тәжірибесі негізінде
теориялық ұстанымдарды айқындау;
• Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологиялардың
қолдану бағыттарын анықтау, жолдарын көрсету;
• Педагогикалық эксперимент арқылы оқытудың инновациялық
әдістемелердің тиімділігін тексеру;
Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш білім беру жүйесінде жаңа
педагогикалық технологияларды қолдануда оның әдістемелік механизмін үнемі
жетілдіру арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім беру сапасын арттыру
мүмкіндігі артады.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: Философиялық,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі іс-әрекет, инновациялық іс-
әрекет теориясы, таным теориясы және жеке тұлғаның шығармашылығы мен іс-
әрекеті жөніндегі түсініктер құрайды.
Зерттеудің әдістері: Зерттеудің болжамын тексеру мен міндеттерін шешу
мақсатында философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік
әдебиеттерді, педагогикалық озат іс-тәжірибелерді зерттеу проблемасына
сәйкес ғылыми тұрғыда талдау, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу,
эксперимент жүргізу (сауалнама, тәжірибе сабақтары) және тәжірибелік
жұмыстар нәтижелерін статистикалық өңдеу, қорытындылау әдістері қолданылды.
Зерттеудің деректі көздері: педагогтардың, психологтардың таным,
білім, жеке тұлға және оның шығармашыл әрекеті, инновация туралы ғылыми
еңбектері, Білім туралы Заңы, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Білім мемлекеттік
бағдарламасы, жалпы орта білім мазмұны тұжырымдамасы, оқулықтар мен оқу-
әдістемелік құралдар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2010-2011ж.ж.) зерттеу жұмысының тақырыбы, оның
мақсаты, міндеттері, әдістері айқындалды, зерттеу тақырыбы бойынша
философиялық, педагогикалық оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды,
алдыңғы қатарлы озат педагогикалық іс-тәжірибелер зерттелінді.
Екінші кезеңде (2011-2012ж.ж.) бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде
оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың бағыттарын,
жолдарын, көрсете отырып, бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген
қызығушылығы мен жауапкершілігін арттырудың, білім сапасы мен үлгерім
дәрежесінің қөтерілу жолдарын қалыптастыратын игі жұмыстар іске асырылды.
Инновациялық озық әдіс-тәсілдерді пайдаланып жатқан озат мектептер мен
жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелері зерттелініп, арнайы тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстар жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
• Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларын
қолдану әдістемесінің ғылыми-педагогикалық негіздемесі теориялық
тұрғыдан қайта жасалынды;
• Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды
қолдану әдістемесінің ерекшеліктері, мүмкіндіктері, жолдары,
бағыттары көрсетілді.
Зерттеу базасы. Тараз қаласының №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның
бастауыш сыныптарында(3-4 сыныптар).
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың
көкейкестілігі, зерттеу жұмысының мақсаты, объектісі, пәні, болжамы мен
міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу кезеңдері қарастырылады.
Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларын қолданудың
теориялық негіздері атты бірінші тарауда оқытудың мәні мен тиімді жаңа
әдістері, педагогикалық технологиялардың түрлері жан-жақты ашылып, бастауыш
мектептің оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық педагогикалық технологияларды
пайдаланудың теориялық негіздері ашылып, педагогикалық шарттары айқындалды.
Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану
жолдары атты екінші тарауда бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде
деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиялары жан-
жақты ашылып, оларды қолдану, пайдалану әдіс-тәсілдері көрсетілді.
Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстың нәтижесіне талдау жасалынып,
жинақталынды.
Қорытындыда зерттеу тақырыбының көкейкестілігімен байланысты ғылыми-
теориялық негізі, басты идеялары тұжырымдар мен ұсыныстар ретінде
баяндалған.

1 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды
қолданудың теориялық негіздері

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт
алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты
міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жөне
қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау
қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы
білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
• Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы
меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық
құрылым жүйесіне көшу;
• Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп,
саралап оқыту бағдарламасына көшу.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарлылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және
мәдениеттің өзін-өзі дамытуға өз бетімен білім алуға ізденуге іштей
қажеттілігін туғызу.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім
беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы
кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарта жол ашты.
"Инновация" ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген екен. Ол
кейбір ғалымдардың еңбектеріне "жаңа" "жаңалық енгізу" деп көрсетіледі
екен. Кейбіреулері оны "өзгеріс" деген терминмен анықтайды. Бұл түсініктер
кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті
сипаттайды.
Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен практикасында
кеңінен қолданылуда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы
белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың
көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны "білім беру
жүйесінде жаңалық енгізу" деп айтсақ, "Введение принципиального в
образовательную систему" ұғымның мағынасын тарылтқан болар едік.
Инновация ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениет танушылардың
зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел
мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге
дейін сақталған.
Инновация (латын сөзі іn - в, novis- жаңа ) жаңа, жаңалық, жаңарту
дегенді білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновацияны бірінші рет
шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш
ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық (4; 34).
"Инновация" ұғымын әр елде әртүрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ,
Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Араб, Жапон елдерінде инновация
ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа
қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық,
техникалық, саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет
елдерде, социалистік елдерде, Қазақстан мемлекетінде "инновация" ұғымына
берілген анықтамаларды қарастыралық.
"Ғылымның қайнар көзі" - Ресейде "инновация" ұғымына өте үлкен
күдікпен қараған: ХІХ-ХХ ғ. басындағы бірде-бір білім реформаларында
бұл термин кезікпейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, бірақ
"инновация" термині еш жерде аталмайды.
Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр
түрлі анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымының әр елдегі, әр түрлі
уақытта берілген анықтамалары: "Инновация" ұғымына берілген ең ескі емес
анықтама, бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі
Э.М.Роджерстің анықтамасы болып есептеледі. Э.М.Роджерс инновацияны былайша
түсіндіреді: "Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея" (6;
111).
Ал А.И.Кочетов "инновация" ұғымына төмендегідей анықтама береді:
"Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық
және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы". Алайда Р.Масырова
мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың
тұжырымдамасында, "Егер баратын деңгей" алдын-ала көрсетілген болса, ол
қандай инновация" делінген. В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша
"инновация" - бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің
шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып
табылады (6; 12).
Тәжірибелер көрсетіп жүргендей, кез келген инновация - мөлшерлі іс-
әрекеттің шегіне ұмтылуы және одан шығуы. Педагогика ғылымының тарихын
саралап талдау көптеген педагогикалық инновациялардың ерте уақыттарда да
болғанын көрсетеді. Мысалы, Сократ мектебі - "Қуаныш үйі", К.Д.Ушинский мен
Л.Н.Толстойдың ғылыми идеялары және т.б. Инновациялық құбылыстар білім беру
саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады.
Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады
да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты
үздіксіз жаңартуға жетелейді. "Жаңару" (новшество) дегенімізді былай деп
түсіндіреді: "Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі
ме оған байланысты емес, ашылған уақыттан бірінші қолданған уақытымен
анықталатын жаңа идея" (Масырова Р., Линчевская Т. Инновационные школы в
Казахстане. РБК, Алматы). Қазақстан мемлекетінде "инновация" ұғымын
пайдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш "инновация" ұғымы қазақ
тілінде анықталған ғалым процессор Немеребай Нұрахметов. Ол былай дейді:
"Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек
қызметі".
Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың - "инновация", "нововедение",
"новшество", "новое", т.б. қазақша аудармаларын жасаған, Ы.Алтынсарин
атындағы білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институты әдіскері
К.Құдайбергенова болып табылады. Өз еңбектерінде "инновацияны" - нақты
қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей
аудармалар жасаған:
"ИННОВАЦИЯ"-жаңарту.
"НОВОВЕДЕНИЕ" - енген жаңалық.
"НОВОЕ"-жаңа.
"НОВШЕСТВО" - жаңалық.
"ИННОВАЦИОННЫЙ ПРОЦЕСС" - жаңарту үрдісі.
Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген:
"инновация" сөзі латын тілінен енген - новый, яғни аударғанда "обновление -
жаңарту", "новинка - жаңалық", "изменение - өзгеріс" деген мағына береді
(4, 6, 12).
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу,
яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды
жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Жоғарыдағы мағлұматтарды бір жүйеге келтірсек, төмендегідей қорытынды
шығаруға болады:
Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсінеді екен.
1)жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі.
2)өзгеріс.
3) құрал, әдіс
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір, білікті маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық
лексиконымызға беріп еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы
пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: Технология – бұл қандай да
болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы делінген, Б.Т.
Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей
әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті
нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі
бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті
өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта оқушы мен мұғалімнің үнемі
түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы
құрылымы. Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат – мүддені
анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру
саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген
оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының
психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиынтығы (12, 13).
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал,
дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің
жүйесі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға,
ынтасына, оқу – іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашыл
қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне,
жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре
тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-
тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген
факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз
ететін жанды құрамдас бөлігі (компоненті).
Педагогикалық технология оқу-тәрбие үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-
әрекетімен тығыз байланысты.
Педагогикалық технологияның құрылымы:
1. Концептуалдық (тұжырымдық) негізі.
2. Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұндық бөлімі:
• Оқытудың, тәрбиелеудің нақты және жалпы мақсаты;
• Оқу материалының, тәрбие жұмысының мазмұны.
3. Процессуалды (үрдістік, бөлігі – технологиялық процесс (үрдіс).
• Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру;
• Оқушының оқу әрекеті мен тәрбиелік жұмыстардың әдістері мен
түрлері
• Оқытушының оқу-тәрбие үрдісін басқарудағы іс-әрекеті;
• Оқу-тәрбие үрдісінің диагностикасы.
Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына
бағытталған жаңа оқыту-тәриелеу технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа
педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттары мен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың
өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары
мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына
әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын
құрайды.
Білім бастауы – бастауыш мектепте берілетіні анық. Бастауыш мектеп –
бұл оқушының тұлға мен сананың дамуы қуатты жүретін кезеңі. Сондықтан да
бастауыш – білім берудің алғашқы басқышы.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті балалардың жеке басының алғашқы
қалыптасуын қамтамасыз ету, қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген
ықыласын, іскерлігін қалыптастыру. Өзі сабақ беретін бастауыш сыныпта, ең
алдымен оқушыларының қай бағытта өмірге икемділігін анықтап алып,
балалардың сол қасиеттерін дамытуға мүмкіндік жасалады.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу, жан-жақты дамыту
әрбір ұстаздың міндеті. Қазір кейбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін
пайдаланса да, мақсат – оқулықтағы материалдық мазмұнын шәкірт бойына
сіңіру деп ғана ұғынады.
Педагогикалық технологияларды төмендегідей топтарға жинақтауға болады:
1. Педагогикалық қарым-қатынасты демократиялық және ізгілік негізінде
құру педагогикалық технологиясы:
• Ынтымақтастық педагогикасы;
• Ізгілікті-тұлғалы оқыту-тәрбиелеу технологиясы;
• Адамгершілікті қалыптастыруға негізделген оқыту-тәрбиелеу жүйесі.
2. Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негізінде оқыту
технологиясы.
• Ойын-сабақ технологиясы;
• Проблемалық оқыту;
• Коммуникативтік оқыту жүйесі
3. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту
технологиясы.
• Бағдарламалап (программалап оқыту)
• Дифференциалдап оқыту және тәрбиелеу.
• Даралап оқыту
• Ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері.
• Компьютерлік технология.
4. Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай
құрылған оқыту, тәрбиелеу технологиясы:
• Ірілендірілген дидактикалық бірліктер (П.М. Эрдниев).
• Мәдениет диалогы (В.С. Библер, С.Ю. Курганов).
• Ақыл-ой әрекетін сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру
технологиясы (М.Б. Волович).
5. Ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген оқыту-тәрбиелеу
технологиясы:
• Сауаттылыққа тәрбиелеу (кушнир технологиясы).
• М.Монтессори технологиясы.
6. Альтернативті оқыту технологиясы:
• Вальдорф педагогикасы (Р. Штейнер).
• Еркін еңбек технологиясы (С. Френе).
Педагогикалық инновация – педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.
Педагогикалық жүйе құрылымын кй ғалымдар (И.П. Подласый, В.П.
Беспалько)
Оқушылар (тәрбие мақсаты – тәрбие мазмұны – тәрбие үрдісі ( мұғалімдер
( тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары түрінде қарастырады. (тәрбиелей
отырып оқыту жағдайында)
Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсіл –
оқушыларға осы деңгейлік тапсырмалар беру. Педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ж.А. Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге
бөледі:
1) Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі
тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда
алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты
құрылады. Сондықтан оқушы бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындауда аса
ойлануды қажет етпей, тез жауап бере алуы тиіс.
2) Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған
жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3) Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп қосымша әдебиеттерді қолдана
отырып, жауап береді Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі
негізгі қызмет атқарады.
4) Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады.
Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі
қажет (1-сурет).

1-сурет.

Осы тұжырым негізінде жасақталған жаңа педагогикалық технологияның
арнаулы талаптары бойынша мектепте өткізілген сабаққа қатысты деңгейлік
тапсырмаларға арналған арнайы кітапша шығарылды. Онда төрт деңгей бойынша
тапсырмалар дайындалған. Кітапшаның алғашқы бетінде Ом заңына байланысты
негізгі тұжырымдамалар мен анықтамалар беріліп, формулалар мен сызбанұсқа
көрсетілген. Яғни, деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушының осы
шағын сілтемеге сүйенуіне болады. Ал, деңгейлік тапсырмалардың өзі
дамымалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі
тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап
болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл - оқушылар арасында
жарысу жағдаятын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде
білім алуына кепілдік береді, сонымен қатар, әр оқушының өз қабілетіне,
қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды. Мәселен,
бірінші деңгейде оқушы бір ғана жауаппен шектеледі. Яғни, бұл деңгейдегі
сұрақтар оқушының алған білімін жан-жақты көрсетуін, мәтінді қайталау,
ережелер айту немесе түсініктеме беруін қажет етпейді. Екінші деңгейлік
тапсырма кезінде оқушының өз білімінің бастапқы элементтері сарапқа
салынады, олардың әрқайсысына анықтама беріп, ерекшеліктерін атайды.
Сабақта алған білімдерін практика жүзінде іске асырылатындығына көз
жеткіздіреді (4, 12).

1.2 Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды
қолданудың педагогикалық шарттары

Елімізді егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім
беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы
кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда
болған. Ал қазіргі кезеңде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып
отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса
оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.
"Оқыту технологиясы" термині алғаш рет АҚШ-та қолдана бастады.
Польшаның белгілі дидакторы У.Куписевич пен Ф.Янушкевич оқыту технологиясы
жалпы дидкатиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын
анықтайтынын терең түсіну керектігін қолдады.
Оқыту технологиясы — бұл оқытудың тиімділігін арттыру мақсатымен білім
беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау,
бағадарламаудың жүйелі тәсілі.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 60-жылдарда
шетел зерттеушілері "педагогикалық технология" терминін енгізді.
"Педагогикалық технология дегеніміз — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі
бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай
қолданылатын әдіс, тәсілдер — оның құрамды бөлігі ғана" (В.Беспалько) (4,
12).
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны
өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік
ерекшелігі - қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту
үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім
мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі
негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылынын
түсіну кілті бола алады.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның
негізіне жататындар:
• Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру
• Оқушылардың қабілетттері мен шығармашылықтарын арттыру
• Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын
калыптастыру
Жаңа педагогикалық технологиялар:
• Ынтымақтастық педагогикасы;
• Білім беруді ізгілендіру технологиясы;
• Проблемалы оқыту технологиясы;
• Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;
• Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы;
• Деңгейлік саралап оқыту технологиясы ;
• Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлеп саралап оқыту
технологиясы;
• Модульдік оқыту технологиясы;
• Жобалап оқыту технологиялары.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты — талап ету
педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік
тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі. Ынтымақтастық
педагогикасының ерекшеліктері:
• Мүғалім — оқушы, оқушы — мұғалім, оқушы — оқушы. Оқушы
да субъект, мұғалім де субъект;
• Оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
• Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік,
ынтымақтастық карым- қатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған
Ш.А.Амонашвили. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты — баланы
оны азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту,
баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату.
Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты — окушыны өз бетімен
ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Проблемасы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
• Оқушының белсенділіктерін арттыру;
• Оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар
мәселеге туғызу;
• Оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана
қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру
мақсатында меңгереді.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының негізін калаған
В.Ф.Шаталов болып табылады. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы
төмендегідей мақсатты көздейді.
• Білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
• Барлық баланы оқыту;
• Оқытуда жеделдету.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
• Үнемі қайталау, міндеті кезендік бақылау, жоғары
деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі
қолдану;
• Жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
• Ізгілік, еркімен оқыту;
• Әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге,
табысқа жетуге жағдай жасау;
• Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы — жаңашыл
мұғалімдердің бірі, ресейлік мұғалім С.Н.Лысенкова. Бұл технологиясының
негізгі мақсаты — барлық баланы табысты оқыту. Түсіндіре басқарып оза
отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
• Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі
• Саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
• Бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын
жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін
— оза оқыту әдісін қолдану: сабақты пысықтауға әуелі
озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар
қатыстырылады;
• Бірте-бірте толық дербестікке жету
• Сыныпта қалыпты жағдай калыптастыру:
түсіністік, өзара көмек, ынтымастастық қарым-
қатынас;
• Оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
• Үй тапрырмасы тек әрі оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім
өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;
• білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;
• түсіндіруді қабылдау (22).
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізіне әр оқушыны оның
қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды оқушылардың
әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады. Деңгейлік
саралап оқыту технологиясының ерекшеліктері төмендегідей:
• Күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі
бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға
мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады;
• Әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады;
• Білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздап
жеңілдейді.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы
төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
• Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін
міндеттілігі;
• Оқушыларға берілген тапсырманың саралануы: тапсырма
оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;
• Білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының
механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына
мүмкіншілік жасауы тиіс;
• Оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру;
• Оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем
емес білім алуға ерікті.
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік
оқытудағы негізгі мақсат — оқушының өз бетінше жүмыс істей алу
мүмкінділігін дамыту, оқу материалын өндеудің жекелеген тәсілдері арқылы
жұмыс істеуге үйрету (5, 11).
Модульдік оқытудың өзегі — оқу модулі. Оқу модулі:
• Ақпараттардың аяқталған блогынан
• Бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша
берілген мұғалімнің нұсқауларынан;
• Оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс
істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың
дербестігін қамтамасыз етеді.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты — оқушының жеке басының
дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін
арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру. 1- кестеде жаңа педагогикалық
технологияның ерекшеліктерін көрсеттік. (25).
Сөйтіп, жекелеген оқу-тәрбие бағытында мектептің ілгері дамуы ескірген,
тиімсіз әдістерден арылып, бүгінгі өмірге сай жаңа технологияларды
қолдануға тікелей байланысты. Бұл үрдісті ұйымдастыру: біріншіден,
педагогикалық технологиялар банкіне, яғни олармен қамтамасыз етілуге,
екіншіден, жоғарыда көрсеткеніміздей, педагогикалық технологияларды таңдай
білуге, үшіншіден, оны іске қосу механизміне негізделеді. Мұндай механизм
ретінде В.М. Монахов технологиясын ұсынуға болады. Біздің орындаған
теориялық және әдістемелік талдау негізінде бастауыш мектептің оқу-тәрбие
үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық
шарттары анықталды. Шарт – объектінің өмір сүруі үшін немесе әрекет етудің
қажетті базасы, негізі ретінде көрінеді. Ғылымда шарттар объективті және
субъективті болып бөлінеді. Ал философтар шарттарды қажетті және жеткілікті
деп бөліп қарастырады. Шарт оқиға салдарының, заттар өзгеруінің және
әлемнің объективті құбылысының жүруін анықтаушы ретінде қарастырылады.
Адам іс-әрекеті білімнің екі тегінің негізінде жүзеге асады: қоршаған
шындық (объект) туралы білімдер және ондағы іс-әрекет, іс-әрекет тәсілдері
жөніндегі білімдер. Педагогикалық шарттар деп, инновациялық іс-әрекеттердің
мазмұндық сипаттамаларын құрастыруды және нәтижеге жетуді айтамыз.
1-кесте. Жаңа педагогикалық технология ерекшеліктері

Технологияның аты, Мақсаты Ерекшеліктері
авторы, әдебиеттер
тұжырымның мазмұны мен
әдістерінің
1 2 3 4
1. Ынтымақтастық -талап ету -мұғалім-оқушы, -балаға жеке
педагогикасы. педагогикасынаоқушы-мұғалім, ізгілік
Әдебиеттер: 1. н оқушы-оқушы. қарым-қатынас;
Берулаева М.Н. қарым-қатынас Оқушы да субъект,-Дидактикалық
Общедидактические педагогикасынамұғалім де белсендіруші және
под-ходы к гуманизацииөту; субъект. дамытушы кешені;
образования -балаға -Екеуінің бірлік -тәрбиелеу
Педагогика. – 1994-№5 ізгілік одақта қызмет тұжы-рымдамасы;
2. Селевко Г.К., тұрғысынан іс-теуі, -қоршаған ортаны
Тихомирова Н.К. қа-рау; бір-бірін педагогикаландыру
Педагогика -оқыту мен ба-сымдық
сотрудничес-тва. тәрбиенің көрсет-пеуі.
Методические бір-лігі. -Жалпы мектеп
реко-мендации. ч. І, ұжымының арасында
ІІ. – Ярославль, 1988, өзара ынтымақ
1989. болуы.
2. Білім беруді - Баланы оның -ынтымақтастық -Меңгеруге тиіс
ізгілендіру жеке педагогикасының барлық білік,
технологиясы, қасиеттерін тұжырымдары; икемділіктер:
(Амонашвили Ш.А.) ашу арқылы - Бала – табиғат -жазу-сөйлеу
Әдебиеттер: азамат етіп пен ғарыштың қаракеті;
1. Амоношвили Ш.А. тәрбиелеу; туындысы, -математикалық
Воспитательная и -Баланың жаны сондықтан оны пайымдау,
образовательная мен жүрегіне мықтылық, математикалық
фукнции оценки учения жылылық шексіздік сияқты түсіну;
школьника. – М., 1984.ұя-лату; қасиеттеріне ие; -әсемдікті,
2. Педагогикалық - Баланың - Бала психикасы әдемі-лікті
ізденіс Құр. Н. танымдық күшіндамуға, есеюге сезіну,
Баженова. Алматы, қалыптастыру және еркіндікке қабыл-дау;
1992. және дамыту құштар. -өзге тілді
меңгеру;
-рухани жетілу
т.б. әдістері:
ізгілік.
1 2 3 4
3. Ойын арқылы оқыту Дидактикалық Ойындық Мазмұны: білімдік
технологиясы - тәрбиелік; іс-әрекеттің танымдық,
Әдебиеттер: дамытушылық психологиялық шығармашылық,
1. Коваленко В.Г. - механизмі жеке репродуктивтік.
Дидактические игры на әлеуметтен-дірбастың өзіндік Әдістері: пәндік,
уроках математики. – ушілік. талап-талғамдарынсюжеттік,
М., 1990 а сүйенеді. рольдік,
2. Самоекина Н.В. іскерлік,
Организационно-обучающ драмалық,
ие игры в образовании. еліктеушілік.
– М.: Народное
образование, 1996.
5. Тірек сигналдары -Білім, білік,-Үнемі қайталау, Мазмұны:
арқылы оқыту дағды міндеті кезеңдік -материал ірі
технологиясы. (В.Ф. қалыптастыру бақылау, жоғары мөл-шерде
Шаталов) Әдебиеттер: -Жеке деңгейдегі енгізіледі;
1. Шаталов В.Ф. Куда имәліметтеріне қиыншылық, ірі -материалды
как исчезли тройки. – (әлеуметтік) блокпен оқыту, блок-пен топтау;
М.: Педагогика, 1980. қарамастан, тіректі қолдану; -оқу
2. Шаталов В.Ф. барлық баланы - жеке бағдарлы материал-дарын
Эксперимент оқыту. қарым-қатынас, тірек – схема,
продолжается – М., - Оқытуды ықпал. тірек – конспект
Педагогика, 1989. жеделдету - ізгілік (барлықтүрінде хаттау.
(орта мектептібала талантты) Әдістері:
- зорлықсыз, 1) Теорияны
еркімен оқыту. блок-тау;
- Әр оқушының - теориялық
табысының материалды
жариялылығы, сыныпта меңгеру;
түзетуге, өсуге, - үйде өз бетімен
табысқа жетуге жұмыс істеу;
жағдай жасау; -Бірінші
- оқыту мен қайталау:
тәрбиелеуді -конспект
біріктіру. (меңгер-генін
жан-жақты
бақылау)
-тірек
конспектісін
ауызша баяндау.
1 2 3 4
6. Түсіндіре басқарып -Білім, білік,Педагогикалық а) Болашақ
– оза оқыту дағды ын-тымақтастық білімнің алғашқы
технологиясы. меңгерту; тұжы-рымдары; бөлігін алдын-ала
(Лысенкова С.Н.) -Мемлекеттік - табыс- баланы енгізу.
1. Әдебиеттер: стандарт оқыту арқылы ә) жаңа ұғым,
Богоявлинская Д. көлемінде дамытудың басты түсінікті
Психологический анализбілім беру; шарты; нақтылау,
педагогического -Барлық баланы- сыныптағы қолдану.
общения в системе табысты оқыту.қалып-ты жағдай б) оқу әрекеті
работы С.Н. Лысенковой (түсі-ністік, мен ойлау
Вопросы өзара көмек) қисынының
психологии-1987, №3 - қателікті жылдамдығын
2. Лысенкова С.Н. ескерту, дамыту.
Методом опережающего жазғырмау. 2. Бағдарламаның
обучения. – М., - Оқу кейбір
Просвещение, 1988. материа-лының тақырып-тарының
бірізділігі, қиыншылығын жеңу.
жүйелілігі;
7. Деңгейлік саралап - Әр оқушыны - Мықтылар Оқу мазмұны
оқыту технологиясы. оның қабілеті өздерінің мектептің;
Әдебиеттер: 1. Гроот мен мүмкіндік қабілеті мен - арнайы
Р. Дифференциация в деңгейіне орайикемділігін одан мектептер,
образовании оқыту. әрі бекіте гимназия, лицей,
Директор. – 1994, №5. - Оқытуды түседі, әлсіздер колледж, жеке
2. Селевко Г.К. и др. оқушылардың өзін-өзі сынап меншік мектеп
Дифференциация әртүрлі қарауға мүмкіндіксияқты
обучения. Ярославль, топтарының алып, өзіне типтерінің;
1995. ерекшелігіне сенімсіздіктен - гимназия,
сәйкес арылады. тереңдетіп
бейімдеу, - Күшті топтарда оқытылатын
ыңғайлау. оқуға деген ынта сыныптардың;
артады; - факультатив, әр
- Білім дәрежесі жастан
деңгейлес оқу біріктірілген
топтарында оқу топтар;
жеңілдейді.

1- сызбада бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттарын бердік.
1 - сызбада көріп отырғанымыздай, бірінші инновациялық іс-әрекеттерді
тудыратын ішкі және сыртқы факторларды анықтауымыз қажет, екінші
инновациялық іс-әрекетті қалыптастыру принциптері белгілі болуы керек,
үшіншіден инновациялық іс-әрекетті қалыптастыру әдістері анықталынып,
төртіншіден мұғалім инновациялық іс-әрекетті меңгеріп, бесіншіден оқу-
тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана алады.
Инновациялық іс-әрекетті тудырушы факторлар: ішкі және сыртқы болып
екіге бөлінеді. Ішкі факторларға оқу-тәрбие үрдісіндегі өзгерістер жатса,
сыртқы факторларға мемлекет тарапынан болатын өзгерістер, жаңақабылданған
заңнамалар мен тұжырымдамалар жатады.
1-сызба. Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиясын әдіс-тәсілдерін
пайдаланудың педагогикалық шарттары

Инновациялық іс-әрекеттерді қалыптастыру принциптері: жалпы әдіснамалық
және дидактикалық болып екіге бөлінеді.
Жалпы әдіснамалық принципке: ізгілендіру, біртұтастық, рефлекстік,
инновациялық жатады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына
арналған жолдауында көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі
нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен
білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары.
Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты
мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің мәселесі.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты
міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты
міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл
мұғалімдер лекция. Семинар, практикум, конференция, іскер ойын сияқты
әдістерді дәстүрге айналдырып отыр. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатын
- өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып,
әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие жүйесінің
қалыптасуына ықпал етті. Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру,
олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын мектеп
екендігі бәрімізге белгілі.
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен
сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі
инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап өскені, кезінде
өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты
өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін
меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындатып, оқушылардың мазмұны мен
әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік проблема болып
отыр. Бұл проблемаларды ойдағыдай шешу мектептің материалдық базасына, оқу-
әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына, мұғалімдердің
ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге
мектеп басшыларының педагогикалық білгірлігіне, сөйтіп, оқу-тәрбие жүйесін
бүгінгі күн талабына сай шебер ұйымдастыра білуіне байланысты болмақ.
Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы мектептің қандай негізге
құрылуына тірелді. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қыбысатын,
үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тыйынбай серттесуіне болады.
Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт - деп Ұлы педагог М.
Жұбанов айтқан. Мектеп – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру
саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік жүйе. Өсіп
келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің дене және жан сұлулығының, интеллектуалды
потенциалының қалын ойлау – тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды
мәселесінің бірі.
Білім туралы Заңымызда білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың интеллектуалдық дамуы, психологиялық- физикалық және жеке
ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейіндегі білімге қол
жеткізді;... білім берудің зайырлы сипаты,... білім ізгілікті және дамытушы
сипаты.
ХІХ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі – білім
беру прогрестің ең маңызды факторының бірі болып саналатын кезеңге келіп
жетті.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту Тұжырымдамасында
қазіргі мектептер:
1. практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
2. қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру;
3. еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
4. орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті
ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-
қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі
жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулер
қажет.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді іс жүзінде анықталып табылған оқыту
үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл,
инновациялық деп атайды.
Мектеп практикасымен танысу барысында мұғалімдердің инновациялық
технологияларды ұмтылғаны көзімізге түсті. Бірақта олар инновациялық әдіс-
тәсілдердің жалпы әдістерден айырмашылығы, оларды қолданудың тиімді жолдары
қандай деген мәселелерді анық айқын біле алмайды. Сондықтан, бұл мәселені
шешу қажеттілігін көре отырып, біз ең алдымен педагогикалық инновация қалай
дүниеге келіп, қалай дамыды? Оның қолдану ерекшеліктері қандай? деген
сұрақтарға жауап іздегенді жөн көрдік. Жұмысымыздың жүру барысында тарихи
негізге сала отырып, біз ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттедік.
Инновация ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір
ғалымдардың еңбектеріне жаңа жаңалық еегізу деп көрсетіледі екен.
Кейбіреулер оны өзгеріс деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша бұл
түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген
өзгерісті сипаттайды.
Инновация термині қазір де білім берудің теориясы мен практикасында
кеңінен қолданылуда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы
белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың
көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияның білім беру
жүйесіндегі жаңалық енгізу деп айтсақ, Введение принципиального в
образовательную систему ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік.
Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың
зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне
енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін
сақталған.
Инновация (латын сөзі іn - в, novis – жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту
дегенді білдіреді екен. С.И. Оженов сөздігі бойынша; инновация бірінші рет
шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш
ашылған, бұрынна таныс емес енгізілген жаңалық.
Инновация ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде
(АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес
инновация ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүкін емес. Сондықтан әр елде бұл
құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-
педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зертей келе
Ресейде, шет елдерде, социалистік елдерде, Қазақстан мемлекетінде
инновация ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.
Ғылыми қайнар көзі - Ресейде инновация ұғымына өте күдікпен
қараған: ХІХ-ХХғ. басындағы бірден-бір білім реформаларында бұл термин
кезікпейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіс өткен,
бірақ инновация ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа формация мұғалімі және болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың өзекті мәелері
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Құзыреттілік теориясы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру жайлы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Пәндер