Бастауыш мектепте дамыта оқыту концепциясын оқу үрдісінде пайдаланудың тиімділік дәрежесі


Бастауыш мектепте дамыта оқыту концепциясын оқу үрдісінде пайдаланудың тиімділік дәрежесі
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
1. Білім беру процесіндегі дамыта оқыту проблемасы
- Қазіргі оқыту жүйесінің негізгі бағыттары
- Оқыту жүйесіндегі дамыта оқыту концепциясы
2. Бастауыш мектепте дамыта оқыту концепциясын пайдаланудың тиімділігі
- Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың логикалық дамуын қалыптастыру
- Дамытудың көпдеңгейлеп оқыту механизмі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
К І Р І С П Е
Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білім беру мен оқытудың жаңа жүйесі құрылып жатыр. Бұл үрдіс педагогика теориясын мен оқу тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі.
Қазақстанның білім беру жүйесінің реформалаудың жаңа кезеңі елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында, Үкіметін, Білім және ғылым министрлігінің құжаттарында көрсетілген идеялар кешінін енгізуді талап етеді. Мұның мәні 1999 жылы маусымда қабылданған Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында. 30 қыркүйек 2000 жылғы «Білім» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерлеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделінен «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Сонымен қоса, бағдарлама жалпы орта білім берудің басты аспектілерін танытып осы саланың нақты жағдайына баға берді, оны ретке келтіру мен одан әрі дамытуға қажетті шаралар мен басым бағыттарды нұсқайды (2, 5 б. ) .
Жалпы білім берудің Қазақстандылық моделі берік негізді болу үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын азаматтық және отан сүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет. Осы мақсатта елімізде 2004 жылы қабылданған « Білім беру -2015» концепциясында мұғалім қызметін күшейту туралы ерекше айтылған (3, 4 б. ) .
Біз белгілі бір біліімдер мен дағдылар жиынтығын меңге рген адамдар ғана емес, қазақстандылық дін мен дүниетану негізінде азаматтық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл тұлғалар тәрбиелеп өсіруге баса назар аударуымыз қажет.
Ол үшін:
- біріншіден, еліміз мектептерінде әрбір шәкірт ұлтына, дініне, жынысына, қарамай барлық қазақстандылықтардың ортақ Отаны - Қазақстан екенін түсінетіндіктен ахуал қалыптастыра алудың мәні зор. «Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайтындығы, ол әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген түсінік жас ұрпақ санасында берік орнығуы шарт.
- екіншіден, жас ұрпаққа өзі туған аймақтың ғана емес, кең байтақ Отанымыздың барлық қайырымдығы таудың да, өзеннің де, көллдің де, жан-жануардың да, қазба байлықтардың да өз елінің байлығы болып табылатынын сездірудің де тәрбиелік әсері зор. Бәлкім каникул күндері еліміздің қастерлі орындарына, табиғаты сұлу аймақтарға экспедициялық жорықтар ұйымдастыру шараларын қолға алу қажет болады.
- үшіншіден, өскелең ұрпақ өз елінің ғылымы мен ғұлама ғалымдары, өнері мен талантты өнерпаздары, спорты мен спортшылары, т. б. туралы хабарлар болып, оларды мақтаныш тұтып өскені жөн. «Қазақстан ғылымы», «Қазақ киносы», «Қазақ музыкасы», «Қазақстан спорты», т. б. тақырыптарға арналған викториналық ойындары, сауық кештерін ұйымдастырып отырудың қиындығы жоқ.
Ең соңында жас ұрпаққа біздің ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың жалпы азаматтық құндылықтарымен ұштасып жатқанын аңғарудың мәні зор, өз мәдениетін түсінетін адамның ғана өзге мәдениеттерді терең қабылдай алатынын әрбір адам жас кезінен ұғынып өсе құба-құп деп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б. Айтымова айтқанындай қазіргі заманғы мектептердің өсіп келе жатқан тұлғаны қандай бағытта дамытатындығы жеке тұлғаның әлеуметтік және шығармашылық мүмкіндіктерін ашуы еліміздің дамуы мен гүлденуіне қатысты. (6, 4 б. )
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Конституциясының «Білім туралы» заңына және «Білім» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамыту үшін жағдайды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы міндетті мемлекеттік стандартын әзірлеуді одан әрі жалғастырып және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың озық, технологияларын белсенділікпен енгізу керек екендігі, сонымен бірге жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбиесі үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау қажеттігі ескерілген. Алайда, қазіргі мектепте білім беру мен оқыту мәселелерінің нақты бір жүйеге, яғни теориялық негізге сүйенбеуінен және мектепте оқытудың ғылыми психологиялық-педагогикалық негіздемелерін пайдаланбаудан оқыту процесінің сапалалығы мен мұғалім қызметін күшейту мәселелері арасында қайшылық тууда. Аталған қайшылықты болдырмаудың мүмкін болатын жолдарын анықтау мақсатында Бастауыш мектепте д амыта оқыту концепциясын пайдаланудың тиімділік дәрежесін зерттеуді диплом жұмысының тақырыбы етіп таңдадық.
Зерттеудің мақсаты
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім қызметін күшету мүмкіндігіне психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізе отырып, оның тиімділігін көрсету
Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектептертің оқу-тәрбиесі үрдісі.
Зерттеу пәні : Бастауыш мектептердің оқу-тәрбиесі үрдісінде дамыта оқыту концепциясын пайдалану жолдары
Зерттеу болжамы: бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімді болады, егер де: мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін таңдап алынса және Д амыта оқыту концепциясы тұрғысынан негізделсе ; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының жеке және дербес ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, оқытудың саралап оқыту әдісін қолданса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асырса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы және өз күшіне, біліміне деген сенімін арттыру үшін мұғалім қызметінің әрекеттік белсенділігі күшейер еді, яғни білім беру мен оқыту сапасы артар еді деп есептейміз.
Зерттеу міндеттері:
1. Қазіргі оқыту жүйесінің негізгі бағыттарын анықтау;
- Оқыту жүйесіндегі дамыта оқыту концепциясының негізгі идеясын көрсету;
- Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру;
- Эльконин-Давыдовтың оқыту жүйесін дамыту проблемалары мен перспективалары туралы тұжырым жасау.
Зерттеу жұмысың әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде кіргізетін барлық пәндер мен сабақтан тыс жұмыстардың бағдарламасына әдістемелік құралдарына талдау жасау; бастауыш мектептерде өткізілетін дәстүрлі емес сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесіне педагогикалық талдау жасау; жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу, талдап қорыту; оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланатын алдыңғы қатарды мектептердің іс-тәжірибелерін қатарлы мектептердің іс-тәжірибелерін зерттеу, талдау жасау.
Зерттеу кезеңдері:
1-ші кезеңде тақырыптың өзектілігі дәлеледеніп, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды; оқытудың педагогикалық технологиялары педагогикалық тұрғыдан негізделді;
2-ші кезеңде жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесі зерттелінді, талдап қорытылды; Дамыта оқыту жүйесін пайдаланудың тиімділігі тұжырымдалды.
Қорғауға ұсынылады:
- Оқыту жүйесіндегі дамыта оқыту концепциясының негізгі идеясы;
- Дамыта оқытудың деңгейлеп оқыту механизмі;
- Дамыта оқыту жүйесін проблемалары мен перспективалары туралы тұжырымдар.
1. Білім беру процесіндегі дамыта оқыту проблемасы
- Қазіргі оқыту жүйесінің негізгі бағыттары
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап оқытудың негізгі бағыттары оның екі сипаттамаларының айналасында қалыптаса бастады: оқушылардың білімді өз бетінше алу қабілеттерін қалыптастыру және оларды басқаруға болатындығы туралы. Жаңа педагогикалық технологиялардың аса үлкен жылдамдықпен дамуына қарамастан олардың ешқайсысының таза түрде емес, түрлі технолгиялардың элементтері ретінде берілетіні анықталды. Алайда барлық технологиялардың ортақ талаптарына оқытудағы тәрбиелеушілік, дамытушылық сипат жататыны белгілі.
Білім беру мен оқыту бағыттарын кейбір жалпы негізделген позиция-дан қарастыруға болады. Орыс психологы И. А. Зимнейдің классификациясы бойынша қазіргі оқыту формаларының төмендегідей түрлері айқындалған.
1. Оқушы мен оқытушының тікелей өзара байланысы негізіне сәйкес -контактілі және дистанциялы оқыту. Контактілі оқыту формасына дәстүрлі оқытудың барлық бағыттары жатады, ал дистанциялы оқытуға - арнайы жабдықталған оқу құралдары арқылы арақашықтықтан басқару мен оқыту жатады.
2. Оқытудың саналалығы (интуитивті) принципі негізінде тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасатын оқыту сипатын айтамыз. Бұл, мысалы, Л. С. Выготскийдің анықтамасы бойынша баланың ана тілін интуитивті негізде қабылдауы немесе меңгеруі, яғни «төменнен-жоғарыға» ауысуы саналы түрде жүргізілуі деп түсіндіріледі.
Саналылық принципіне негізделген оқыту теориясын қарастырғанда «Оқыту процесінде таным обьектісі болып не табылады ? » деген сұраққа жауап беру өте маңызды. Егер оқушылар тек қана ережелер мен құралдарды ғана қабылдаса, онда бұл форма дәстүрлі, хабарлаушы, догматикалық оқыту деп аталады. Егер бұл нақты ережелерге бағынған әрекеттерді қабылдау болса, ол ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыратын теорияға сәйкес келеді. Егер бұл әрекеттер алгоритмін, бағдарламаны қабылдау болса, онда оны бағдарлап оқыту немесе алгоритмдеу теориясын меңгеру деп атаймыз. Егер бұл шешілуіне қажетті құралдар, тәсілдер, әдістерді меңгеру қажет болатын проблеманы, міндеттерді қабылдау болса, оны проблемалық оқыту деп айтамыз.
3. Білім беру процесін басқару мүмкіндіктері негізі бойынша : а) басқаруға негізделмеген оқыту (дәстүрлі) ; б) басқаруды меңгерудің басты механизмі ретінде қарастыратын оқыту (ақыл-ой әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру теориясы, бағдарлар оқыту, оқытуды алгоритмдеу) ;
- Білім беру мен мәдениеттің өзара байланысы негізінде: а) оқушылардың мәдениеттік дүниетанымы бойынша жобалау қызметін қалыптастыру; б) пәндік негізде оқыту (дәстүрлі оқыту) .
- Оқытуды болашақтық қызметімен байланыстыру негізі бойынша: таңбалы- контексті, немесе контексті, контекстен тыс дәстүрлі оқыту ;
- Оқытуды ұйымдастыру әдістері бойынша: оқытудың белсенді әдістері мен формалары және дәстүрлі оқыту байланыстырушы әрекеттер жүйесі (ақпараттық, хабарлау сабақтары) .
Дәстүрлі оқыту жоғарыда айтылған оқыту негіздеріне сәйкес контактілі (немесе дистанциялы), хабарлаушы болып сипатталуы мүмкін (саналылық принципіне негізделген) .
Н. Ф. Талызинаның анықтамасы бойынша дәстүрлі оқыту ақпараттық- хабарлаушы, догматикалық, енжар ұйымдастыру формалары ретінде жоғарыда айтылған сипаттамаларға сәйкес келеді. Сонымен бірге дәстүрлі оқыту білімдерді меңгерудің шарттары мен талаптарына толық жауап береді, оның ішінде оқушылардың даралық- психологиялық ерекшеліктеріне қатысты. Білім беру жүйесінде дәстүрлі оқытумен қатар басқа да оқыту бағыттары : дамытушылық, проблемалық, бағдарлап оқыту, ақыл-ой әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру, алгоритмдеу, дамыта оқытуды таңбалы-контексті типте ұйымдастыру, т. б. болып табылады. Орыс дидактарының бірі В. Оконьнің зерттеуі бойынша, оқыту - әртүрлі бағыттардың элементтерін қамтитын көпжақты процесс. Бұл көпжақтылық оқытудың нақты бір кезеңдерінде қандай да бір бағыттың мүмкіндігінің жоғары екендігін, қажетті жағдайларда оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес таңдау мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді (8, 24 б. ) .
В. Оконьнің классификациясы бойынша оқытудың көпжақтылығы оқыту әдістерінің түрлеріне, оқыту әдістемелеріне тікелей тәуелді болады және оларды төмендегідей мазмұнда сипаттауға болады деп көрсетеміз (1-ші кесте) :
1 -ші кесте
Меңгеру
Жаңалық
Толқу
Қызмет ету(әрекет ету)
Баяндау
Проблемалық
Жаңғырту
Практикалық
Сипаттау
Түсіндіру
Бағалау(сынау)
Нормаға сәйкестендіру
Рецептивті
Зерртеушілік
Аффективті
Белсенді
Ақпараттық
Проблемалық
Эмоцияналды
Әрекеттік
Қазіргі білім беру практикасына маңызды әсер етуші дәстүрлі емес оқыту бағыттарына дамыта оқыту, бағдарлап оқыту, проблемалық оқыту моделдері жатады.
Қазіргі ұсынылып жүрген оқыту формалары мен моделдерінің арақатынасын зерттеу арқылы педагогиканың өзекті мәселерін шешу ХХ ғасыр дидактикасының зерттеу міндеттерін айқындап береді. Түрлі тарихи кезеңдерде оқыту міндеттері өзгеріп, дидактикалық талаптар ауысып отырды, яғни жеке адамды жанжақты дамыту мен оқыту процесінің кезеңдік мәселелері түрлі трактовкалармен беріліп келді.
Оқыту мен жеке адамды дамытудың байланысы - білім берудің негізгі ұғымдарының бірі. Бұл мәселені қарастыруда: а) дамудың күрделі эволюциялық-инволюциялық ілгерілемелі қозғалыс екендігін, соның негізінде прогрессивті және регрессивті интеллектуалдық, даралық, мінез-құлықтық, әрекеттік ьөзгерістердің жүретінін; б) жеке-даралық қасиеттердің дамуы адамның соңғы сәттеріне дейін жалғасатыны, оның тек бағыттары мен қуаттылықтарының, сапаларының, сипаттарның өзгеретінін атап өту керек.
Л. И. Анцыферова дамудың мынадай жалпы сипаттамасынатап көрсетеді: қайтымсыздық, прогресс/регшресс, бірқалыпсыздық, өткен тәжрибені жаңа әрекетте сақтау, өзгеру сақтау бірлігі.
Кезкелген білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы туралы айта отырып, қазіргі психологияның негізгі қағидаларына сәйкес тұжырым жасауға болады: Оқыту жеке адамның психикалық және жалпы тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін шарт қана емес, сонымен бірге негізгі құрал да болып табылады.
Оқытудың адамның табиғи мүмкіндіктерін дамытудағы басты ролін мойындау педагогика ғылымының негізін салушы Я. А. Коменскийдің еңбектерінде қарастырылған. Бұл идея тура осы мағынада немесе басқа түрде көптеген ғалымдардың еңбектерінде тұжырымдалған. Орыс педагогтары К. Д. Ушинский, П. Ф. Каптерев, К. Н. Вентцель, П. П. Блонский, Л. С. Выготский жеке адамның дамуында оқыту процесіне ерекше орын беру қажеттігін дәлелдеген (12, 262 б. ) .
Осы мәселені шешуге қатысты түрлі көзқарастар қалыптасты. Генетикалық даму концепциясының авторы Ж. Пиаже «Даму мүмкіндік тудырады, ал оқыту оларды жүзеге асырады» - дейді, немесе «оқыту дамудың соңынан келеді, яғни дамудың құйрығы» деп санайды. Немесе «ойлау белгілі даму фазаларынан өтеді, ол баланың оқығанына немесе оқымағанына байланысты емес» - деген тұжырым жасайды.
Л. С:Выготский Ж. Пиаже тұжырымымен келіспейтінін, яғни жеке тұлғаның тәрбиесі мен дамуында оқытудың шешуші ролі басым екендігін айтады. Оның мәдени-тарихи даму концепциясы бойынша «оқыту дамуда оқшауланған сипат беруі мүмкін, бірақ оқыту дамудың артында ғана жүрмей алдында да бола алады» - дейді.
АҚШ психологы Дж. Брунер «оқыту, тіпті элементарлық деңгейде болса да баланың табиғи дамуына, танымдық дамуына көзсіз ере бермеуі тиіс. Оқыту даму процесінде жетекші фоктор бола алады, оқушыны қызықтырып, оның дамуының өзіндік мүмкіндіктерін ашады » - деп оқытудың жетекші факторға жататынын атап кетеді(12, 264 б. ) .
. Л. С. . Выготский бойынша баланың психикалық дамуы әрекет етудің тарихи қалыптасқан формалары мен тәсілдерін игеру жолымен жүзеге асады. Психикалық дамудың қозғаушы күші болып оқыту жатады. Бірақ осы жерде оқыту мен білім берудің ара салмағын нақты ажыратқан дұрыс. Даму процесі ішкі қозғалыс заңына бағынады, ал оқыту баланың даму процесінде қажетті компонент ретінде түсіндіріледі, яғни оқыту дамудың жақын зонасын жасайды, балада дамудың ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Дамудың жақын зонасы» - жоғары психикалық процестердің қалыптасу заңының логикалық салдары болып табылады.
Психикалық процесс бірлескен әрекеттерге сәйкес қалыптасу кезінде ол дамудың жақын зонасында болады, қалыптасып біткен соң олсубьектінің актуальды даму формасына айналады. Дамудың жақын зонасы балалардың ақыл-ойын диагностикалаудың критерийі болып саналады. Әлі пісіп жетілмеген, бірақ жетілі процесіндегі аумақты қамти отырып, ДЖЗ баланың ішкі резервтері мен потенциалы, жағдайы туралы түсініктеме береді және сорның негізінде ғылыми негізделген болжам мен практикалық ұсыныстарды жасайды. Дамыта оқыту идеясының негізгі авторы ретінде Л. С. Выготский «дамыта оқыту кешегі нәтижеге емес, баланың дамуының ертеңгі көрсеткіштеріне бағдарлануы тиіс» - дейді (13, 251 б. ) .
Л. С. Выготскийдің, сол сияқты Д. Б. Элькониннің, В. В. Давыдовтың зерттеулері дамыта оқыту концепциясының біртұтас психологиялық негізін қалады, баланың дүниеге белсенді қарым-қатынасын көрсететін төрт ұстанымын анықтады: табиғат әлеміне ену; жалпы адамзаттық мәдениет әлемінеену; басқа да маңызды әлемдерді тану; баланың өзіндік санасының дамуы.
Дамыта оқытудың әдіснамалық(методологиялық) жобаларына негіз болып Л. С. Выготскийдің ұсынған ұстанымдар ды алуға болады:
- Психикалық дамудың қозғаушы күші туралы ұғымдар;
- «дамудың жақын зоналары» және «жас кезеңдік қалыптасу»
категориялары;
- даму периодтарының бірқалыпсыздығы және дағдарысы;
- интериоризация механизмі ұғымы;
- дамудың әлеуметтік жағдайы туралы ұстаным;
- оқытудың әрекеттік сипаты туралы түсінік;
- сананың жүйелі-мағыналы құрылысы мен дамуы туралы
ұстанымдары.
Жеке тұлғаның психикалық дамуының қозғаушы күші оның қол жеткізген білім, іскерлік, дағды деңгейлері мен қоршаған ортамен байланысының типтері арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Мұндай түсінік Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің тұжырымдарына сәйкес берілген.
Осыған байланысты оқыту процесі ерекше қызмет түрі ретінде оқушының тұлғалық қалыптасуының шарты болып есептеледі. Бұл түсінік Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың оқу қызметі туралы концепциясына алғы шарт болды. Қазіргі уақытта дамыта оқытудың В. В. Давыдов және Л. В. Занков ұсынған екі негізгі бағыттары дайындалды . Оның біріншісі Л. С. Выготскийдің, Д. Б. Элькониннің, А. Н. Леонтьевтің ұстанымдарына негізделсе, екіншісі Л. В. Занковтың және соңғы педагогикалық, психологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді.
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні - Л. С. Выготскийдің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин және Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ, жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындықтар тудырады. Өйткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта.
Балама мектеп идеяларын дәстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза әлеуметтік бағытталған мақсаттан (жас өспірімге мәдени тарихи-тәжірибені жеткізіп, оны қоғамдағы еңбекке дайындау) тұлғалық бағытталған мақсатқа оқушы тұлғасының дамуына жәрдемдесу ауысуында.
Баланың жасырып, тіпті тым теренде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін оны оқытып, жан- жақты дамыту керек және оны тек оқыту үрдісі кезінде ересектердің басшылық етумен жүзеге асыруға болады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Енді осы бірінші сыныптан бастап балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін қандай жұмыс түрлерін, әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады деген мәселе. Бұнда ең алдымен, біздіңше, оқушыға түрлі тақырыпта мазмұнды шығарма жаздырту жұмысы орын алады. Бұнда ескеретін бір мәселе - бұл оқушыға алдымен шығарманың үлгісін көрсету немесе тірек схема беру. Себебі, кез-келген оқушы бір рет шығарма жазуға сөзсіз. Екіншіден, ересектердің ықпалынан құтқару мақсатына оқушыға алдын-ала осы бағытта ізденуіне жағдай жасай отырып, шығарманы іште, яғни сыныпта жаздырту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz