Капитал туралы түсінік және олардың түрлері



Мазмұны

Кіріспе

Капитал туралы түсінік және олардың түрлері
Меншікті капитал мен жарғылық капиталдың есебі
Резервтік капиталдың есебі
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі
Капитал және оның аудиті
Меншікті капитал мен жарғылық капиталдың аудиті
Резервтік капиталдың аудиті
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) аудиті
Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебінде болатын тексерістер

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпорын капиталының қозғалысына бақылауды жүзеге асыру үшін аудиторларға ірі қаржылық операциялардың жағдайы және олардағы шектеулер туралы білу жеткілікті. Құжаттардың көлемі үлкен емес, олар стандартталмаған және бәрі дерлік басшылық тарапынан бақылау мен бекітуді талап етеді. Бұл операциялардың есебін жүргізу кезінде, әдетте, екі жақты бақылау жасаудың және қателерді тексерудің сондай бір кең жүйесі керек емес. Бірінші кезекте капиталдың қозғалысы бойынша операцияларға қаржы талдаушылары талдау жасайды және басшылық бақылау жүргізеді, содан кейін акционерлердің, директорлар кеңесінің жиналыстарында бекітіледі. Кәсіпорын капиталының жағдайы туралы ақпараттар ресми хабарландыруларда, директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамаларында және бағалы қағаздарды сатып-өткізу кезінде жасалынатын басқа да құжаттарда болады.
Басшылықтың пікірлерін (пайымдауларын) тексеру үшін аудиторда шаруашылық операцияларының орындалуының заңдылығын қарастыруға мүмкіндік беретін ақпараттардың болуы қажеті.
Сәйкестікке тексеруді аудиторлар төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді:
• жарғылық капитал туралы мәліметтерді, олардың дұрыстығына көз жеткізу үшін құрылтай құжаттарымен және Жарғымен салыс-тыру. Мүмкіндігі болған жерде барлық өзгерістерді хаттамалармен және жалпы жиналыстардың шешімдерімен салыстыру;
• хабарланған борыштар бойынша мәліметтерді әлі салынбаған сомалармен салыстыру, төленбеу себептерін зерттеу;
• акционерлік капиталдың акционерлер тізімдемесі (реестрі) бойынша сомаларының баланста көрсетілген сомаларға сәйкестігін тексеру;
• акционерлер – әкімшілік мүшелерінің тізімдемелерін (реестрлерін) зерттеу, бастапқы және ақырғы сальдоларды акцияларды сатып алу бойынша операциялардың нәтижелерімен салыстыру;
• кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес резервтік капиталдың есептелуі мен пайдаланылуының дұрыстығына бақылау жасау;
• шығарылған және айналымдағы акциялардың саны туралы клиенттен жазбаша куәлік алу;
• акционерлердің тізімдемесін (реестрін) қарап шығу және акциялардың үлкен санын ұстаушыларды анықтау.
Аудиторлар заң сарапшылары болып табылмаса да, олар заңсыз операциялардың болған жағдайларын айқындауға және қажет болса заңгерлердің көмегімен зерттеу жүргізуге міндетті.
Егер жоғарыда көрсетілген тексеру процедураларын орындау кезінде нормативтік-құқықтық құжаттардың ережелерінен (баптарынан) қандай да бір ауытқулар табылып қалса, онда аудитор объектіге қатысты тексеру жүргізеді.
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері үйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
Негізінен бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Меншікт ікапитал аудиті». Курстық жұмыс кіріспе бөлімі, үш бөлімі, қорытынды бөлімінен тұрады. Бірінші бөлімінде негізінен жалпы меншікті капитал есебінің қозғалыстары мен операциялары айтылған. Онда капитал туралы түсінік және олардың түрлері мен құрылымы жазылған. Ал, екінші бөлімінде, сол меншікті капитал туралы бухгалтерлік тіркелім мен шоттардағы жүргізілген шаруашылық операцияларын дұрыс көрсетуді талдау жүргізу керек. Үшінші бөлімінде меншікті капитал аудиті мен бухгалтерлік есебінің операцияларын байланыстыру болып табылады. /1/
Қолданылған әдебиеттер

1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ә. А. 34 Аудит: Оқулық – Алматы: 2006 ж.
2. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы: экономика, 2006 – 334 бет.
3. Радостовец В.К. «кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы: Центаудит Қазақстан, 2002 ж.
4. Жақыпбеков С. «Ішкі аудит»: Оқу құралы – Алматы: экономика, 2008 – 344 бет.
5. Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі»: Оқу құралы – Алматы: экономика, 2008 – 832 бет.
6. Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп» Алматы: 2005 – 312 бет.
7. Қабашова М.Қ., Доспалинова Ш.А., Оразалинов Е.Н. Бухгалтер (бухгалтерлік есеп негіздері): Оқулық – Астана: Фалиант, 2007 – 316 бет.
8. Байдәулетов М., Байдәулетов С.М. «Аудит» Алматы: «Қазақ университеті», 2004ж.
9. Исақова С.А. «Аудит теориясы»: Оқу құралы – Тараз: Тараз Университеті, 134 бет.
10. Абленов Д.О. «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит»: теориясы, Оқу құралы – Алматы, экономика, 2007 ж.
11. www.stud.kz
12. www.google.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
5
1 Капитал туралы түсінік және олардың түрлері 7
1.1Меншікті капитал мен жарғылық капиталдың есебі
Резервтік капиталдың есебі 7
1.2Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі 13
1.3Капитал және оның аудиті 15
2 Меншікті капитал мен жарғылық капиталдың аудиті18
2.1Резервтік капиталдың аудиті
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) аудиті 18
2.2Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебінде 22
2.3болатын тексерістер 26
3
28
Қорытынды
30
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Кәсіпорын капиталының қозғалысына бақылауды жүзеге асыру үшін
аудиторларға ірі қаржылық операциялардың жағдайы және олардағы шектеулер
туралы білу жеткілікті. Құжаттардың көлемі үлкен емес, олар
стандартталмаған және бәрі дерлік басшылық тарапынан бақылау мен бекітуді
талап етеді. Бұл операциялардың есебін жүргізу кезінде, әдетте, екі жақты
бақылау жасаудың және қателерді тексерудің сондай бір кең жүйесі керек
емес. Бірінші кезекте капиталдың қозғалысы бойынша операцияларға қаржы
талдаушылары талдау жасайды және басшылық бақылау жүргізеді, содан кейін
акционерлердің, директорлар кеңесінің жиналыстарында бекітіледі. Кәсіпорын
капиталының жағдайы туралы ақпараттар ресми хабарландыруларда, директорлар
кеңесі мәжілістерінің хаттамаларында және бағалы қағаздарды сатып-өткізу
кезінде жасалынатын басқа да құжаттарда болады.
Басшылықтың пікірлерін (пайымдауларын) тексеру үшін аудиторда
шаруашылық операцияларының орындалуының заңдылығын қарастыруға мүмкіндік
беретін ақпараттардың болуы қажеті.
Сәйкестікке тексеруді аудиторлар төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді:
• жарғылық капитал туралы мәліметтерді, олардың дұрыстығына көз
жеткізу үшін құрылтай құжаттарымен және Жарғымен салыс-тыру.
Мүмкіндігі болған жерде барлық өзгерістерді хаттамалармен және
жалпы жиналыстардың шешімдерімен салыстыру;
• хабарланған борыштар бойынша мәліметтерді әлі салынбаған
сомалармен салыстыру, төленбеу себептерін зерттеу;
• акционерлік капиталдың акционерлер тізімдемесі (реестрі) бойынша
сомаларының баланста көрсетілген сомаларға сәйкестігін тексеру;
• акционерлер – әкімшілік мүшелерінің тізімдемелерін (реестрлерін)
зерттеу, бастапқы және ақырғы сальдоларды акцияларды сатып алу
бойынша операциялардың нәтижелерімен салыстыру;
• кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес резервтік капиталдың
есептелуі мен пайдаланылуының дұрыстығына бақылау жасау;
• шығарылған және айналымдағы акциялардың саны туралы клиенттен
жазбаша куәлік алу;
• акционерлердің тізімдемесін (реестрін) қарап шығу және
акциялардың үлкен санын ұстаушыларды анықтау.
Аудиторлар заң сарапшылары болып табылмаса да, олар заңсыз
операциялардың болған жағдайларын айқындауға және қажет болса заңгерлердің
көмегімен зерттеу жүргізуге міндетті.
Егер жоғарыда көрсетілген тексеру процедураларын орындау кезінде
нормативтік-құқықтық құжаттардың ережелерінен (баптарынан) қандай да бір
ауытқулар табылып қалса, онда аудитор объектіге қатысты тексеру жүргізеді.
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және
ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері үйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық
құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.
Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін
ғана өзгеруі мүмкін.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған
акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары,
сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік
қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында
бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда
(Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның
акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға
сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
Негізінен бұл курстық жұмыстың тақырыбы Меншікт ікапитал аудиті.
Курстық жұмыс кіріспе бөлімі, үш бөлімі, қорытынды бөлімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде негізінен жалпы меншікті капитал есебінің қозғалыстары
мен операциялары айтылған. Онда капитал туралы түсінік және олардың түрлері
мен құрылымы жазылған. Ал, екінші бөлімінде, сол меншікті капитал туралы
бухгалтерлік тіркелім мен шоттардағы жүргізілген шаруашылық операцияларын
дұрыс көрсетуді талдау жүргізу керек. Үшінші бөлімінде меншікті капитал
аудиті мен бухгалтерлік есебінің операцияларын байланыстыру болып табылады.
1

1 Капитал туралы түсінік және олардың түрлері
1.1 Меншікті капитал мен капиталдың есебі
Қазакстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде
мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы
заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы
осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден,
тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет
атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы
бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және
айналыстағы активтер болып екіге болінеді. Мүліктерді қызмет атқару
мерзіміне қарай .негізгі (айналымнан тыс) активтер және айналымдағы
активтер деп екіге бөледі.
Негізігі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық
емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған
құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-
техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда
табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа
мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық
борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының
қүнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар
саналады:
• жарғылық капитал;
• резервтік капитал;
• бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан
басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ
мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық
борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған
қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып
табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның
жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және
ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері үйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық
құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.
Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін
ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы
(номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн
айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі
құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының
өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда)
болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып
кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік
капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен
құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның)
жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан)
барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен
(пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы
қалған бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған
акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары,
сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік
қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында
бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда
(Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның
акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға
сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі Жарғылық қор бөлімінің:
• Жәй акциялар;
• Артықшылығы бар акциялар;
• Салымдар мен жарналар
деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда,
сондай-ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде
немесе акциялардың атаулы (номиналдық) құнын өсіргенде жарғылық кордың
өскен сомасына:
Д-т: Төленбеген капитал шоты;
К-т: Жәй акциялар немесе
Артықшылығы бар акциялар шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде
салған жағдайда:
Д-т: Ақшалар шоты;
К-т: Төленбеген капитал шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Бұл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сәйкес:
• Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар;
• Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар;
• Есеп айырысу шотындағы ақшалар;
• Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар;
• Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар
деп аталатын шоттарының тиістілері дебиттелінеді.
Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін Материалдық
емес активтер, Негізгі құралдар, Материалдық құндылықтар және тағы да
басқа түрде салатын болса:
Д-т: Материалдық емес активтер:
Негізгі құралдар;
Материалдық құндылықтар және тағы да басқа шоттардың тиістілері;
К-т: Төленбеген капитал деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Сондай-ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық
жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:
Д-т: Материалдық емес активтер;
Негізгі құралдар;
Материалдық құндылықтар;
Ақшалар және тағы да басқа шоттардың тиістісі.
К-т: Салымдар мен жарналар шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға
тиіс.
Қайтарылып алынған капитал деп аталатын шот акционерлік қоғамның
акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл
жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында
бухгалтерлік есепте:
Д-т: Қайтарылып алынған капитал шоты;
К-т: Ақшалар шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.
Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып тастаған уақытта,
айналымнан алынған акцияның құнына:
Д-т: Қарапайым акциялар немесе
Артықшылығы бар акциялар шоттарының тиістісі;
К-т: Қайтарылып алынған капитал шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда Қосымша төленген; капитал
деп аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы (номиналдық) бағасынан
жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал Қосымша төленбеген
капитал деп аталатын шотта ақшаның құнсыздануына және тағы да басқа
жағдайларға байланысты ұйымның негізгі құралдарын, инвестицияларын,
сондай-ақ басқа да активтерін қайта бағалау нәтижесінде пайда болған
калиталдың өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз
акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың
келіп түсуіне қарай:
Д-т: Ақшалар шоты;
К-т: Қосымша төленген капитал шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Кәсіпорынның акционерлерден акцияларды олардың атаулы (номиналдык)
бағасынан төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:
Д-т: Қайтарылып алынған капитал шоты;
К-т: Қосымша төленген капитал шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Кәсіпорынның негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да
активтерді қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:
Д-т: Негізгі құралдар;
Материалды құндылықтар;
Инвестициялар және тағы да басқа шоттардың тиістісі.
К-т: Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал;
Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал;
Басқа да қосымша төленбеген капитал шоттарының тиістілері түріндегі
бухгалтерлік жазу жазылады.
Сонымен қатар:
• негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасына:
Д-т: Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал шоты;
К-т: Негізгі құралдардың тозуы шоты түрінде;
• негізгі құралдардың пайдаланылуына қарай, олардың қосымша
бағаланған сомалары және есептен шығарылған негізгі қорлардың
пайдаланылған мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа апарылмай қалған
қосымша бағасының сомасына:
Д-т: Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал шоты,
К-т: Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) шоты
түрінде;
• негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған
қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның құнының
азаю сомасына:
Д-т: Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал шоты;
К-т: Негізгі құралдар шоты түрінде бухгалтерлік жазулар жазылады.
Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген,
капитал шоты бойынша шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебінде:
• қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған
сомасы шегінде инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу
сомасына:
Д-т: Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал шоты;
К-т: Қаржылық инвестициялар шоты түрінде;
• қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ
мерзімді қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған
сомасына:
Д-т: Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал шоты;
К-т: Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) немесе Бағалы қағаздарды
сатудан алынатын табыс шоттарының тиістілері түрінде жазулар жазылады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін
жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың,
мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да
мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса,
жарғылық капитал жаңадан құрылған занды тұлғалар өз қызметін бастау үшін
бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың
(акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын
анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары,
ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да
мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса
алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда
салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе
барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы
ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың
айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз
эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың
ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп
берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері косқан сомаларының
шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында
бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда
бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында
көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке
салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке
бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық
капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады
және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден ету үшін берген күнінде, оның мөлшері
жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының
жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол
жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы
жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары
жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір
жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген
мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар
өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың
жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай
валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең
болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын
немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда
жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған
жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік коғамы
өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын
төлеуі тиіс.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік
қоғам үшін – бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін –
жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының
шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің
шешімімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі
шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған
(төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және
жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның
номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды
деңгейден төмен болмауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және
орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған
капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға
жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылык капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім
акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды
деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң,
жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда
кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге
құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын
қанағаттандырады:
- дивидендтер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге катыса
алатындығын. Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға
құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның
өз ұстаушысын ауыстыру, катаң тәртіпте арнайы құжатта –
акционерлік коғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі
жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана
пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5011-ші Жәй акциялар,
5012-ші Айрықшылығы бар акциялар, 5013-ші Қосқан үлестер мен жарналар
шоттары енетін 5000-ші Жарғылық капиталы деген шоттар бөлімшесінде
жүргізіледі.
5000 Жарғылық капитал бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның
құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес
келуі керек. 5000 бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың
белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған
жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.
5000 Жарғылық капитал бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын
қарастырайық.
5011-ші Жәй акциялар, 5012-ші Айрықшалығы бар акциялар шоттарының
кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын
салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5020-шы
Төленбеген капитал шотымен корреспонденцияланады. 2

1.2 Резервтік капиталдың есебі
Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы
есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік
капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдағы
жинақталған сома алдын ала болжанбаған (есептелмеген), төтенше
жағдайларданболатын шығындарды жабу .үшін жұмсалады. Жалпы резервтік
капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның
жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы
келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге тең
етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың
есебі Резервтік капитал бөлімінің:
Заңмен белгіленгеп резервтік капитал,
Басқадай резервтік капитал
деп аталатын шоттарда есептеледі Резервтік капитал ұйымның таза пайдасы
есебінен қалыптасқан уақытта бухгалтерлік есепте:
Д-т: Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы шоты;
К-т: Заңмен белгіленген резервтік капитал немесе
Басқадай резервтік капитал деп аталатьш шоттар түрінде жазу жазылуы
тиіс.
Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы
жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте:
Д-т: Заңмен белгіленген резервтік капитал немесе
Басқадай резервтік капитал шоттарының тиістісі;
К-т: Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны);
Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян);
Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу немесе тағы да басқа
шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.
Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза
пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады.
Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін
қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған
қорлардың есебі Басқадай резервтік капитал деп аталатын шотта
жүргізіледі.
Резервтік капитал – акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың
таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі.
Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған
зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда,
дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны
пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы зандармен анықталады.
Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге
бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның
меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 5300 Резервтік капитал бөлімшесінің
мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі. 5013-ші Заңдармен белгіленген
резервтік капитал және 5340-шы Басқа да резервтік капитал.
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші
серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың
кұжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-
ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен
таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.
Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 5410 шоты
дебеттеледі де, 5310 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5310-ші шоттың дебетінен мына
шоттардың кредитінде көрініс табады:
3031,3032 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет
қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі
дивидендтердің есебінен төлеген кезде: 5410 шот Есепті жылдың бөлінбеген
табысы (жабылмаған зияны), 5430 шот Өткен жылдардың бөлінбеген табысы
(жабылмаған зияны) – зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен
жапқан кезде.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5340-ші Басқа да резервтік капитал
шотында 5340 жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі
мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
5340 шоттың дебеті мен кредиті.бойынша шоттар корреспонденциясы 5310
шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы
бойынша қалыптастырылады. 3

1.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас
есеп – жоспарындағы 5400 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.
5410 шот Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны).
5420 шот Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны).
Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып
көрейік.
Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп
берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының
сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған
5410 шоты пайдаланады.
Есеп берілетін жылдың соңында 5410 шотқа жыл ішінде есептелген
табыстың немесе зиянның сомасы жазылады. Бұл ретте шоттардың мынандай
корреспонденциясы жасалынады:
– жыл ішінде алынған табыс сомасына
5610-ші Жиынтық табыс (зиян) шоты дебеттеліп, 5410-ші Есепті жылдың
бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған
зиян сомасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады.
Сонымен қоса, 5410 шоттың кредиті және 5410 шотының. дебеті – есепті
жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын
көрсетеді; 5410 шоттың кредиті және – есептен шығарылған негізгі құралдар
бойынша қайта бағалаудың сомасын, қызмет ету барысында бұрындары
таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын
көрсетеді; 5410 шоттың кредиті және шоттың дебеті – өз акцияларын қайтып
сатып алған кезде, номиналдық кұнынан төмен болған соманың айырмасы
көрсетіледі.
5410 шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылық операциялары көрініс
табады:
5310-ші Заңмен белгіленген резервтік капитал, 5340-ші Басқа да
резервтік капитал шотының кредиті қолданылып жүрген зандарға сәйкес
кұрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударылған
сомасы; 3031-шы Жәй акциялар бойынша есеп айырысулар, 3032-ші
Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысулар, 3390 Басқа да
кредиторлық қарыз және есептесулер шоттарының кредиті – жай және
артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерге, сондай-ақ шаруашылық
серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын
бөлінбеген табыстың сомасы; 5210 Қайтарылып алынған капитал шотының
кредиті – акционерлерден өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан
жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомасы.
Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы (зияны) есептен былайша
шығарылады:
- бөлінбеген табыс сомасына: 5410-шот дебеттеледі, – 5430 шот
кредиттеледі;
- бөлінбеген зиян сомасы: 5430-шот дебеттеледі, – 5410 шот
кредиттеледі.
Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін -ші шот бойынша қалдық қалмауы
керек, сондықтан ол міндетті түрде 5610 шотымен жабылады.
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және
табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы
есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны) болып табылады.
Ұйымдарда бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның) есебі:
• Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны);
• Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) деп
аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде
(келіп кірістелгенде) Есепті жылдың бөлінбеген табысы
(жабылмаған зиян) шоты кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген
пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зиян Есепті жылдың
бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) шотының дебитіне жазылады.
Мысалы:
• есеп беретін жылғы шарушылық субъектісінің шеккен қорытынды
зиянының сомасына:
Д-т: Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян) шоты;
К-т: Жиынтық кіріс (зиян) шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Ұйым өзінің кірісі есебінен резервтік қор құрған уақытта оған тиісті
сомаға:
Д-т: Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян) шоты;
К-т: Заңмен белгіленген резервтік капитал немесе
Басқадай резервтік капитал шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік
жазу жазылады.
• Акционерлік қоғамның (кәсіпорынның) акционерлерге
(серіктестіктерге) дивиденд ретінде төлейтін немесе төлеген
сомасына:
Д-т: Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян) шоты;
К-т: Артықшылығы бар акциялар бойынша есер айырысу;
Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванс
және тағы да басқа шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
• Акционерлерге (серіктестіктерге, қатысушыларға) дивидендтерді
төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген кірісі
сомасына:
Д-т: Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны) шоты;
К-т: Өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны) шоты түрінде
бухгалтерлік жазу жазылады.
Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандай да бір кәсіпорынның
құрылғаннан бастап жұмсалмаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы
болып саналады. Кез келген кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы,
яғни барлық активтерінің сомаларының қосындысынан міндеттемелері
сомаларының қосындысын алып тастағандағы қалған сомасы кәсіпорынның немесе
акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіліп белгіленген жарғылық капиталының
сомасынан кем болмауы тиіс. Егер баланс активінің нетто сомасы қоғамның
жарғысында белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда ұйымның
қызметінің рентабельділігінің төмен екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда
кәсіпорынның жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.
Есепті жылдың соңында барлық кәсіпорындардың бухгалтериясында жетінші
кірістер және сегізінші шығыстар деп аталатын бөлім шоттары жиынтық
кіріс (зиян) деп аталатын шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл шоттарда қалдық
қалмайды. Жоғарыда аталған жетінші бөлім шоттарын жабу барысында
бухгалтерлік есепте жетінші кірістер деп аталатын бөлім шоттары
дебиттелініп, жиынтық кіріс (зиян) деп аталатын шот кредиттелінеді. Ал
сегізінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте жиынтық кіріс
(зиян) деп аталатын шот дебиттелініп, сегізінші шығыстар деп аталатын
бөлім шоттары кредиттелінеді. Осы операциялардың қорытындысы бойынша
жиынтық кіріс (зиян) деп аталатын шоттың дебиті мен кредитіндегі сомалар
салыстырылып, егер дебитіндегі сома артық болған жағдайда кәсіпорынның
ағымдағы жылы зиян шеккендігі, ал кредиттік сома артық болған жағдайда
кәсіпорынның ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының қорытындысы бойынша
пайда тапқандығы болып табылады.
Егер кәсіпорын зиян шексе жылдың аяғында Есепті жылдың бөлінбеген
кірісі (жабылмаған зияны) деп аталатын шот дебиттелініп,
Жиынтық кіріс (зиян) деп аталатын шот кредиттелінеді.
Ал егер кәсіпорын пайда тапқан болса:
Жиынтық кіріс (зиян) деп аталатын шот дебиттелініп,
Есепті жылдың болінбеген табысы (жабылмаған зияны) шоты
кредиттелінеді. 3; 33-35бб.

2 Капитал және оның аудиті
2.1 Меншікті капитал мен жарғылық капиталдың аудиті
Жарғылық капитал дегеніміз – бұл, кәсіпорынның жарғысында тіркелген
капиталдың ең аз шамасы. Нарық жағдайында жарғылық капитал бір жағынан
кәсіпорын мүлкінің құнын, екінші жақтан құрылтайшылардың инвесторлардың
алдындағы міндеттемелердің сомасын көрсетеді. Ол әрбір құрылтайшының
(акционердің) қатысу үлесін анықтайды және акционерлік қоғамның үшінші
жақтың (тұлғаның) алдындағы міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді.
Сондықтан оның ең төменгі шамасы заңмен белгіленеді. Мысалы,
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер
туралы заңның 23-бабына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері
құрылтайшылардың салымдарына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден
өткізу үшін құжаттарды тапсырған мерзімге 100 айлық есептік көрсеткішке тең
сомадан аз болмауға тиісті
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан
Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржылық жылға
белгіленген 50000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Жарғылық капиталдың құралуының жинақтаушы (синтетикалық) есебіне
тексеру жүргізу кезінде аудитор төмендегі аудиторлық дәлелдеу жинау
әдістерін пайдалануына болады: құрылтайшылардың жарғылық капиталға қаржы
салу тәртібі туралы құрылтайшылар мен акционерлерге ауызша және жазбаша
сұрау беру.
Жарғылық капиталдың құралуына құжаттық тексеру жүргізу дегеніміз
кассалық кіріс құжаттарының, ұлттық және шетелдік валютамен ағымдағы
шоттардан банк үзінділерінің, басқа да бастапқы және растаушы құжаттардың
мәліметтері бойынша аудит өткізу болып табылады. Аудитор жарғылық капиталға
қосылған үлес ретінде салынған қаржылардың толық және өз уақытында кіріске
алынуын тексеруге міндетті.
Жарғылық капиталдың құралуын тексере отырып, аудитор оның сомасының
дұрыстығына көз жеткізуге тиісті. Ол баланста және Меншікті капиталдағы
өзгерістер туралы қорытынды есепте көрсетіледі. Аудитор оны құрылтай
құжаттарының мәліметтерімен салыстырады. Жарғылық капитал шоттары бойынша
сальдо кәсіпорынның (ұйымның) құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық
капиталдың мөлшеріне сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вексельдерді қолдану бойынша есеп айырысу есебі
Капитал
Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы, түрлері, өзгерісі
Ұйымның инвестициялық және инновациялық қызметін талдау
Шетелдік инвестициялардың түсінігі және құқықтық режимі
Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Қосымша капитал және резервтік капиталдың есебі
Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту
Пәндер