Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек


Мазмұны

КІРІСПЕ . . .

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1. Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек . . .

1. 2. «Таза ауа-жанға дауа» бағдарламасы . . .

1. 3. Радиоактивті қалдықтар қаупі . . .

1. 4. Сорбұлақ проблемасы . . .

2. Оңтүстік астананың ластануы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Алматы қаласы табиғи-климатикалық факторлық жағдайы атмосфераның жоғары ластауына әкеп соғады. Қала қасиеті бойынша жел аз, күші аз жел (1 м/с шейін) қайталануы жазда 71%, ал қыста 79%, сонымен қатар желдің орташа жылдамдығы 1, 7 м/с аспайды. Соның нәтижесінде зиянды газдар ауа слойында жиналып, ауа ауысуының дамуына қатер төнеді.

Алматыда бір миллиондай адам жиналуына байланысты Қазақстандағы урбанизация центрі болып саналады. Бірақта индустриалдық қаланың дамуы керекті физика-георграфиялық және табиғи-климатикалық ерекшеліктеріне және экологиялық міндеттер орындалмауына экаологиялық тепе-теңдікті мегаполис территориясында жоғалтады.

Экологиялық жағдайдың анализі бойынша келесі мәліметтер алынды, Алматының амосфераның ластануы Қазақстандағы басқа қалалармен салыстырғанда, Алматы нормадан 2, 5-3, 7 есе асады.

Ғалымдардың жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде белгілі болғандай, табиғатта қағаздың толық ыдырап, зарасыздану үшін 2-10 жыл қажет болса, консерві банкісі 90 жылда, темекі фильтрі 100 жылда, полиэтилен қапшығы 200 жылда толық ыдырап, зарарсызданады екен. Бұл зерртеу нәтижелері баршымызды ойландыру тиіс.

Бір жарым миллион халқы бар үлкен мегаполис күнделіеті күтімді талап етеді. Тазалық жиналған жерде емес, шашып-төкпеген жерде болатынын ұмытпайық.


1. 1. Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек.

Алматы сияқты 1, 5 миллион тұрғыны бар еліміздегі ең ірі мегаполистің экологиясын қорғаудың оңай еместігі кім-кімге де белгілі. Бұл үшін Алматы қаласының 1999-2015 жылдарға арналған «Таза ауа -жанға дауа» кешенді бағдарламасы қабылданған болатын. Осы бағдарламаны жүзеге асыру, оңтүстік астананың экологиялық ахуалын жақсарту үшін біздің қалалық басқарма көп жұмыстар атқарып отыр. Негізгі міндетіміз экологиялық ахуалды жақсарту жоспарының атқарылуына мемлекеттік бақылау жасау болып табылады. Атап айтар болсақ, 1999-2015 жылдарға арналған «Таза ауа-жанға дауа» бағдарламасын жүзеге асыруда ұйымдастыру мен мониторинг жүргіземіз. Басқарманың ақпарат, мониторинг және жобаны дайындау бөлімі бағдарламаның жүзеге асырылуын қадағалап, апта сайын қалалық әкімшілікке есеп беріп отырады. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға тек өткен жылы ғана 442 миллион теңге бөлінді, бұл 1999 жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Мұның ішінде атмосфералық ауаны қорғауға 70, 3, қалдықтарды көмуге 11, 5, су ресурстарын сақтауға 16, 2, жасыл желек қорын жаңартуға 114, 7, миллион теңге жұмсалды.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев үнемі біздің алдымызға экологияны қорғау туралы жаңа міндеттер қойып келеді. Президенттің бірде-бір сөйлеген сөзінде экология мәселесі назардан тыс қалмайды. Елбасының биылғы халыққа арналған Жолдауында арнайы «Жасыл ел» бағдарламасы бар. «Бір ағаш кессең-екі ағаш ек!» дегенді Елбасы үнемі қайталап айтып отырады. Қала әкімі И. Тасмағамбетов те қала экологиясына басым бағыт беріп, үнемі басты назарда ұстайды. Өйткені орналасу ерекшілігіне байланысты әсем Алматымыз бүгінгі таңда еліміздегі ауасы лас қалалардың қатарына қосылып отыр. Бұл күндері саны 250 миллионнан асатын автокөлік, жылу қазандықтары, өндіріс орындары мен кәсіпорындардың қаланы көк түтінмен тұншықтырып отырғанын жасыра алмаймыз. Оның үстіне қала тау баурайындағы ойпат, тіпті шұңқыр жерге орналасқан. Біздің көптеген экологиялық проблемаларымыз Киев қаласымен бірдей. Бірақ онда арқырай аққан Днепр өзені бар. осы өзен қаланы көмкерген көк түтінді тазартып отырады. Ал бізде шағын-шағын өзеншелер болмаса Днепр сияқты құдіретті өзен жоқ. Есесіне қала ауасын басында мәңгі қар жатқан Алатау тазартып отырады. Бірақ соңғы жылдары қаланың жоғарғы жағынан көп қабатты үйлер көптен салынып, таза ауа бұрынғыдан да азая түсті. Сондықтан қала әкімі Әл-Фараби даңғылынан жоғары көп қабатты үйлер салуды тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл өте дұрыс шешім болды.

Алматы өзінің жасыл желегімен бүкіл дүние жүзіне аты шыққан қала. Сондықтан алматылықтарды ең алдымен осы жасыл желек тағдыры толғандырады. Өкінішке орай, соңғы он жылда қаладағы ағаштардың көбі қартайды. Жүз жылдан бері өсіп тұрғандары да бар. Олардың көбін кесуге тура келеді. Өткен жылы осындай 40 мың ағаш кесілді. Ал олардың орнына жасыл желекті жаңарту бағытында көп жұмыттар жасалып, 44 мың түп ағаш отырғызылды, 2507 қураған ағаштар отынға дайындалды. Ал заңсыз ағаш кескендерге айыппұл салынады. Мысалы, «Алтын Тараз» жауапкершілігі шкетелген серіктістігіне 124 ағашты заңсыз кескені үшін 1 миллион, Жұмабеков деген азаматқа 28 ағашты кескені үшін 1 миллион теңге айыппұл салынды. Өз басым табиғат заңдылығын бұзушыларға қатаң шара қолданылғанын дұрыс көремін. Әйтпесе көп адамдар ойларына келгенін істейді.

Басты назарды ерекше қорғалатын аумақтарға аударып отырамыз. Мысалы, Көктөбенің көрікті жерлерін қорғауды тұрақты бақылауда ұстаймыз. Өткен жылы ғана Баум бағын қорғау мен сақтауға «Алматыэкологстрой» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына 10 миллион теңге бөлінді. Медеу, Кіші Алматы өзендері бойларының да жасыл желегін қорғауда көп жұмыстар жасалып жатыр.

Қазір адамдардың табиғат қорғауға деген жаупкершілігі, мәдениеті өте төмендеп кеткен. Кейбір ірі-ірі өндіріс, кәсіпорын басшылары да қоршаған орта тазалығына жүрдім-бардым қарайды. Амал жоқ, оңдайларға тиісті қатаң жаза қолдануға тура келеді. Өткен жылы біз 60 тексеру жүргізіп, табиғат заңын бұзған мекмелерге 2, 5 миллион теңге, жасыл желек отағандарға 10 миллион теңге айыппұл салдық. Биылдан бастап айыппұл мөлшері айлық есеп көрсеткіш бойынша 30-50 есе өсті. Енді табиғатты бүлдірушілер тәубесіне келер деп ойлаймыз.

Бұл күндері оңтүстік астанамыздағы автокөлік санының көптігі бәрімізді қатты толғандырып отыр. Қалада есепке алынған 250 мың автокөлік, күнделікті келіп-кетіп жүретін ең кемі 50 мың автотранспорт бар. Олардың көбі сапасыз, арзан бензинмен жүреді. Автокөліктерге катализатор қондыру ісі өкінішке орай мандымай келеді. Сол сияқты оларды газға көшіру де өткір проблемаға айналып отыр. Қазір автокөліктерді тексеретін жол полициясы взводы құрылып, онда арнаулы 22 инспектор жұмыс істейді. олар өткен жылы 30 мың автокөліктің ауаға улы газ шашып жүргенін анықтады. Қазір де автокөліктердің 70 % ауаны ластап жүр.

Алға қарай қала ауасын тазалау үшін таяу жылдарда метро құрылысын аяқтап, рельсті көліктерді көбейту жұмыстары жүргізілуде. Қаланың жылу-энергетика жүйесі де жаңартылатын болады. биыл «Таза ауа - жанға дауа» бағдарламасына сәйкес қаланың барлық энергия көздері газға көшіріледі. ТЭЦ-терге қондырылған жаңа қондырғылар атмосфераға таралатын зиянды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

1. 2. «Таза ауа-жанға дауа» бағдарламасы

1990 жылдардан кейін бұрынғы жабық қаланың кілті ашылған соң бүкіл еліміздің түкпір-түкпірінен халық астанаға лап қойды. Содан кейін қала маңын архитуралық келбеттен жұрдай, опырайған, жапырайған «Алғабас», «Ұлжан», «Дархан», «Ақбұлақ», «Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2», «Маяк», «Қалқаман» т. б. шағын аудандар басты. Олардың бәрі тұрғын үйлерге көмір, ағаш, мазут жағады. Одан шыққан көк түтін тау ойпатында тұрған қала тұрғындарының тыныс жолдары арқылы өкпесіне, бауырына, бүйрегіне, жүрегіне қонақтайды. Аурухана біткен толған ауру.

Міне, адамдардың денсаулығының кемуі, тіпті кеше аттай шауып жүрген жігіттердің өліп кетіп жатқаны осы экологияның нашарлап кетуінен екені анық. Енді ше, топырақ азды, су бүлінді, ауаны ыс басты. осының бәрі жинала келе адам денсаулығын бұзды. Мұның басты себебі осы тәуелсіздік алдық деп жүрген он төрт жылда халықтың экологиялық мәдениеті сұмдық төмендеп кетуінен сияқты. Табиғатты тікелей қорлау басталды. Күн сайын бүгінде өзен аңғарларында, тау етектеріне, көше бойларына, бейберекет лақтырылған темекінің тұқылы мен қорапшалары, полиэтилен қапшықтар, газет-журнал қиындылары, шемішке қауыздары, әйтеуір неше түрлі қоқыстан аяқ алып жүре алмайсыз.

Қазір қала орталығын былай қойғанда Алматының төңірегіндегі «Медеу» шатқалы, «Бутаковка», «Көктөбе», «Алма-Арасанның» экологиясы жыл өткен сайын нашарлап бара жатыр.

Бұл проблема бұрынғы қала әкімі В. Храпуновтың да бас ауруы болғанын білеміз. 1999 жылы «Таза ауа-жанға дауа» деген атпен 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған арнайы бағдарлама қабылданды. Осы мақсатқа 1999-2015 жж 145, 4 миллиард теңге бөліну көзделген. Соның ішінде атмосфералық ауаны қорғауға 133, 597 миллиард теңге бөлінуі тиіс болатын. 1999-2004 жылдары республикалық, қалалық бөджеттен 1, 8 миллиард теңге бөлінуі тиіс болса, бөлінгені 628 миллион теңге ғана болды. Бұдан «Таза ауа-жанға дауа» бағдарламасына бөлінген қаржы 2002 жылдан бастап ұана жүзеге аса бастағаннын көреміз.

Осы қаржының көбі неліктен қала ауасын тазартуға бөлініп отыр? Бұл туралы «Айқын» газеті былай дейді: «Еуропалық сарапшылар қала ауасы ластануының 85 пайызы автокөліктерден бөлінетін улы газдың үлесіне тиетіндігін анықтаған болатын. Осыған байланысты бағдарламада ауқымды іс-шаралар қарастырылған. Солардың бірі - кейінгі кезде жиі айтылып жүрген автокөліктен бөлінетін газды тұншықтырғыш катализатор. қала ауасын тазартуға үлкен септігін тигізетін бұл құрал әр машинаға орнатылуы тиіс еді. Катализатор шығаруымен шұғылданатын Алматыдағы электрохимия органикалық катализатор институтының жыл сайын 5 мың катализатор шығаруға ғана шамасы жетеді екен. Қаламызда 500 мыңнан астам машина барлығын ескерсек, қала көлігін катализатормен қамтамасыз ету үшін ондаған жылдар керек болады. бағдарламада осы үшін 16, 6 млн. Доллар қаржы бөлінуі керек екендігі көрсетілген. Қалай болғанда да бағдарлама қабылданғаннан кейін бес жыл өтме де, әлі күнге катализаторды көре алмай отырмыз.

Үстіміздегі ғасырдың құрылысына айналған метроның алғашқы желісі 2006 жылы пайдалануға берілу керектігі де бағдарламада анық жазылған.

Бағдарлама бойынша, қалаға кіретін негізгі 3 күре жолға экологиялық «сүзгіш» құрылысы салынбақшы болатын. Ауа ластайтын ақауы бар машиналарды осы «сүзгіштен» қағып қалып, қалаға жібермеу көзделген. Бұл жоспар да аяқсыз қалды. »

Қазір алматы ауасының ластану деңгейі өте жоғары (ИЗА-13, 1) болып отыр. Тұрақты жылу көздері, соның ішінде АПК-ға қарасты ЖЭС-1 8253 тонна зиянды зат бөліп шығарады. Бөлінген заттар ауада химиялық реакцияға түсіп, бұрынғыдан да қауіпті жаңа қосылыстар түзеді.

Алматы қаласы үлкен шұңқырда орналасқандықтан, ауаның алмасуы - сирек құбылыс. Өндірістің шығаратын газ тәріздес лас заттарын бөлу немесе олардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі химиялық немесе физикалық әдістерді пайдалануға болады. органикалық отындардың ішінде ауагы көп ластайтыны - тас көмір, ал газды пайдаланғанда ауа ластанбайды. Сондықтан отынның таза түрін, табиғи және жасанды газды, электр энергиясын, биогазды пайдаланған жөн. Қаладағы және қаланың айналасындағы тас көмірмен жағылатын өндіріс орындары мен тұрақты жылу жүйелерін, мекемелер мен шағын кәсіпорындарды жаппай табиғи газға көшіру керек. Барлық жеңіл, жүк және жолаушы таситын көліктерді де газға көшірген тиімді. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанаржағармай стансаларын жауып, олардың орнына газ стансаларын орнату қажет.

Ауаны тазартудың жолы - өндірістің технологиялық процесстерін жетілдіру немесе түбегейлі жаңарту. Қалдықтардың құрамындағы химиялық заттарды бөліп алып, пайдаға асыру да уақыт талабы. Қазіргі кезде табиғи шикізаттардың 2-4 пайызы ғана пайдаға асады, қалған 96-98 пайызы әртүрлі қалдықтарға айналады және бұл қалдық қоршаған ортаны ластайды. өндіріске қалдықсыз, тіпті болмағанды аз қалдықты технологияны енгізу керек. Мәселен, радиациялық технологияны қолдану арқылы қалдықтардан жаңа қасиеттері бар өнім алуға болады.

Қала мен қала сыртындағы жайма базарлардың айналасы лас қоқысқа, әртүрлі тұрмыстық қалдықтарға толы. Осылай ауаның ластануына жол бермес үшін, әр жерде шашылып жатқан қоқысты жинап, оларды өңдеп, пайдаға асыру керек. Ол үшін шет мемлекеттердің жобасымен қоқыс өңдейтін зауыт салсақ ұтылмаймыз.

Көше бойы мен саябақтарға қайың, қарағай, терек, емен, долана отырғызған абзал.

Қорыта айтқанда, қалалық әкімшіліктің «Таза ауа - жанға дауа» бағдарламасын орындауға әбден болады. ол үшін жоғарыда айтқан проблемаларды рет-ретімен шешу қажет.

1. 3. Радиоактивті қалдықтар қаупі

Алматы қаласының прокуратурасы қала ішіндегі мекемелер мен кәсіпорындарда «ҚР радиациялық қауіпсіздік туралы», «ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы» және «ҚР азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» заңдардың орындалу барысын тексеріп, көптеген кемшіліктің бетін ашты.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына дейін қаладағы 10 кәсіпорындарда 2789 дана радиациялық қалдық сақталып келген. Мысалы, Ауыл шаруашылығына қарасты маркетингтік зерттеу және нарықтық ақпарат орталығының ауласында 1989 жылы тіркеуге алынған 5 радиоизотоп сақталып келген. Оны пайдалану мерзімі 1994 жылы аяқталған. Соған қарамастан әлгі зиянды қалдық 2000 жылы ешбір құжатсыз, рұқсатсыз «Даңғыл» акционерлік қоғамының ауласына жеткізілген. «Үндемей үйдей пәледен» құтылмақшы болған орталық директоры енді санитарлық-гигиеналық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Ал «Қазмехнабор» кәсіпорны «Лицензиялау туралы» және «Экологиялық экспертиза туралы» екі заң талабын қатар бұзып, қауіпті заттарды жасырып ұстаған. Тіпті радиоактивті қалдықтарды тездетіп жою жолын да қарастырмаған. Себебі ұлттық ядролық орталықтың өз өнімінен басқа қалдықтарды көмуге мүмкіндігі жоқ. «Д. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны да мерзімі біткен екі жабдықты ашық жағдайда ұстап келген. «Жылуэнерго құрал-жабдық» мекемесі 1983 жылы радиациялық апат салдарынан «Цезий-137» радиоизотобымен ластанған заттарды 2002 жылға дейін көмуге тиіс болғанымен, оны ұмыт қалдырған.

Прокурорлық қадағалау орындары қаладағы зиянды қалдықтардың балалар бақшасы мен мектептерге тигізетін әсерін де тексерген. Тазалық-індет қадағалау стансасы басқармасының мамандары былтыр 204 мекемеде, тұрғын үй құрылыстары мен ғимараттарда 7599 рет радиологиялық бақылау жүргізіп, радиациялық жағдай қалыпты деген шешім шығарған. Бірақ . . . бұл шешіммен прокурорлық қадағалау орындары мүлде келіспеді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Соло» ЖШС жүргізген тексерулер барысында 80 нысанның 55-інде радон деңгейінің жоғары екендігі дәлелденді. Оның ішінде 32 нысанда зиянды қалдықтардың сынып бөлмелері, кабинеттер мен шеберханалардағы мөлшері 450 Бк/м 3 -тен (№ 159 гимназияда6 № 28 техникалық лицейде, № 23 мектепте) мөлшері 600-ден 1100 Бк/м 3 -ке (№ 19, № 285 балалар бақшасы мен № 92 мектепте) асып кеткені анықталды. Ал қалыпты жағдай 200 Бк/м 3 -тен аспауы керек. № 22 арнаулы спорттық бағыттағы мектепті, мемлекеттік музейдің орталық жылу пунктін тексеру кезінде радон мөлшерінің жоғары екені байқалған.

-«Қазақстан Республикасындағы елді мекендердегі радиациялық қауіпсіздік туралы» заңның баптарын бұзу жиі ұшырасады. Алматы қалалық тазалық-індет стансасы басқармасы мен сәулет және қала құрылысы департаментінің басшылары тұрғындарға жер телімдерін берерде тиесілі аймақта радонға қатысты зерттеулер жүргізбейді, -дейді Алматы қаласы пркурорының баспасөз хатшысы Итен Қарымсақов.

Прокуратура басшылары радиоактиаті қалдықтарды сақтау және олардың жоюды Алматы қалалық әкімшілігіне тапсырды. Бірақ қалада әлі күнге адам өміріне қауіпті қалдықтарды көметін орын қарастырылмаған. Сонда бүгінге дейін көзге шыққан сүйелдей болып келген радиоизотоптар мен радонды қайда сақтаймыз? Әлде ол қазіргі күйінде ашық-шашық жерде жатып, онсыз да өлшеулі өмірімізді қысқартуға «көмектеспекші ме» ?

Алматы қалалық тазалық-індет басқармасының бөлім бастығы Г. Ожахлиевтің айтуына қарағанда жасыл желекті қалада жан ауыртар, түйінді мәселелер баршылық. Бірінші кезекте радиоактивті қалдық көметін орын керек. Ядролық физика институтында 1960 жылдары салынған орта деңгейдегі ядролық қалдық қоймасына қаладағы уыты күшті қалдықтарды көмуге болмайды екен. Ол «қойманың» өзі 60-70 пайызға толған көрінеді. 1991 жылға дейін есігін айқара ашып келген Ресей, Бішкек, Ташкенттегі қалдық қоймалары бізді маңайына жолатпайтыны анық. Ядролық физика институтында кез-келген зиянды қалдықты қабылдайтын қойманың қашан салынары белгісіз.

1. 4. Сорбұлақ проблемасы

Алматы қаласының жуынды суы қала іргесіндегі Сорбұлақ атты жасанды көлге құйылады. Қала жуындысында барлық пәле бар. олар адамның денсаулығы мен тегіне, жан-жануардың тегі мен саулығына өте зиянды. 1960 жылдан бастап қауіп төндірген Сорбұлақ апатынан құтылудың жолын іздеген сол кездегі Қазақстан өкіметі Сорбұлақ тоспасын биіктету, ұлғайтумен ғана шектеледі. Жандары қанша қысылса да, Сорбұлақ улы суын Іле мен Балқашқа құйып, қолдан апат жасамады және ауыр қылмысты қателікке барған жоқ.

Ал ел жағдайын, жер жадысын жетік білмеген бір кездегі премьер-министр Сергей Терещенко Сорбұлақтың улы суын Ілеге құю үшін су жүйесін салдыра бастады. Кейінгі үкімет басшысы Әкежан Қажыгелдин де Сорбұлақ суын Іле мен Балқашқа құйғызған еді. Кейінгілер де Сорбұлақ апаты туралы бас ауыртпады. Даниал Ахметов те Сорбұлақ үшін қиналып жүрмегенін аңғартты. Іле мен Балқашқа Сорбұлақтың улы суы құйылып жатқанын көріп отыр.

Кеше ғана кеңес өкіметі «табиғатты бойұсындырамыз»деп Орта Азияның мақсаты үшін Арал теңізін суалтып еді. Табиғи тепе-теңдігі бұзылған Арал-су орнына у беріп, төбемізден тұз жаудырды. Бұл күнде қолдан жасалған апат бүкіл әлемдік деңгейге көтерілді.

Енді, міне, бүгінде Сорбұлақ улы суы Іле мен Балқашқа құйылып, тағы бір үлкен апат қолдан жасалайын деп тұр. Оның үстіне Арал мен Балқаштың, тіпті қазақ жерінің, қазақ елінің экологиялық тағдырын ойлап көрмеген кейбір шенеуніктер ғасырдан-ғасырға созылған ядролық жарылыстар мен Байқоңыр зардабын шегіп отырған халықты тағы сорлата түсуді мақсат еткендей Балқаш жағасына АЭС саламыз деп отыр.

Іле өзенінің басында Қытай, аяғында Қазақстан, екі мемлекеттің қайсысы оны қаншалықты ластап жатқаны белгісіз. әзірше ел-жұртты алаңдатып, шулатып отырған - Сорбұлақ апаты. Егер бүгінгі таңда апаттың беті қайтарылып, дұрыс шешімі табылмаса, Сорбұлақ улы суы Балқаш пен Іле табиғатын мүлде құртуға бет алады.

Жер мен ел тағдырын көп ойлайтын қазақ ойшылдары мен қазақ ғалымдары Сорбұлақ апатынан құтылудың шараларын әр қырынан ұсынып келеді. Солардың ішіндегі ең тиімдісі, ақылға қонымдысы, оған шығарылған барлық шығынды толық қайтара алатын, келешекте мемлекеттік алып өндірістің біріне айналатын табиғи мүмкіндігі бар Сорбұлақ биосферасын құру болып табылады.

Сорбұлақ биосферасын құрудың екі мақсаты бар. Біріншісі - Іле мен Балқаш табиғатын Сорбұлақ улы суы апатынан құтқару. Екіншісі - Алматы қаласының сағаи сайын, күн сайын үздіксіз молайып жататын улы жуынды суын Іле мен Балқашқа құйып, апатты қолдан жасамай, апаттың бетін алып, жуынды суын өндіріске пайдалану.

Сорбұлақ биосферасын құруға ең қолайлы жер - Алматы-Қарағанды тас жолының бойы деп есептелінуде. Даңғыл жол Сорбұлақ көлін басып өтіп, батысқа қарай мидай жазық қара даланы кеседі. Осы қара дала құмды жиектеп, сонау Шу алқабына дейін созылып жатыр.

Бұл даланың кеңістігі, бет-бедері, қалың сары топырағы, құйқалы табиғаты әзірше мемлекет иелігінде жатуы биосфера құруға толық мүмкіндік береді.

Бұл далаға су екі жолымен барады.

Бірі Алматының улы жуынды суы Сорбұлақ көліне соқпай, алматыдан тіке Бозай даласына айдалады да, содан батысқы қарай созылады.

Екіншісі Алматы жуынды суында барлық пәле барын ескеріп, жуынды суды Сорбұлақ көліне түсіріп, оның зиянды уларын көл астына біршама шөгінді жасатып, биосфераға ьаратын суды төте Бозайға айдаса, тіпті дұрыс болады.

Сорбұлақ биосферасы бізге не береді?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы ауасының ластану деңгейі
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Оңтүстік астананың экологиясы
Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі тартыс
Қазақстанның табиғи-тарихи рекреациялық нысандарына жалпы сипаттама
Жергілікті жердегі диалект сөздер
Талдықорған мен Жаркент орналақан орны мен табиғаты
Астана Қазақстан Республикасының бас қаласы
Туризмді түлету – Ақ жайыққа бір арман
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz