Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау


Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау

Автомат (пулемет) толық жарамды және әрекетке дайын болуы керек. Бұған оны дер кезінде және тазалау және майлау, дұрыс сақтау арқылы қол жеткізіледі.

Бөлімшедегі автоматты (пулеметті) тазалау:

  • атысқа дайындық кезінде; ұрыстық және оқтық патрондармен атыс алаңында, атыс аяқталғаннан кейін бірден жүргізіледі: мұнда ұңғы қорабы, ұңғы арнасы, газ камерасы, газ поршені, бекітпе жақтау мен бекітпе тазартылып, майланады; автоматты (пулеметті) ақырғы тазалау атыстан оралған соң, одан кейінгі 3-4 күн бойы күн сайын; болмайтын сабақтардан және нарядтан кейін, яғни нарядтан немесе сабақтан қайтқан бойда; ұрыстық жағдайда және ұзақ жаттығулар кезінде, ұрыс тыншыған кезде және жаттығудағы үзілістер кезінде күн сайын жүргізіледі; егер автомат (пулемет) қолданылмаса, онда сирек дегенде - аптасына бір рет жүргізіледі.

Автоматты (пулеметті) тазалаған соң, майлау керек. Металл беті жақсы тазартылып, құрғатылған соң, тазалаған бойда металға ылғал әсер етпес үшін дереу май жағу керек.

Автоматты (пулеметті) тазалау мен майлау бөлім командирінің тікелей басшылығымен жүргізіледі. Бөлім командирі бөлшектеуге, тазалау мен майлау жұмыстары қандай дәрежеде жүргізілуі керектігін; керек-жарақтардың жарамдылығы мен тазалауға қажет құралдардың сапасының жақсылығын; сондай-ақ өткізілген тазалау жұмысы дұрыстығы мен сапасын анықтап, майлау мен жинауға рұқсат беруі; автоматқа (пулеметке) жүргізілген майлау және жинау жұмыстарының дұрыстығын тексеруі керек.

Офицерлер автоматты (пулеметті) тазалау кезінде оқтын-оқтын қатысуға және оның дұрыс жүргізілуін бақылауға міндетті.

Казармада немесе далада орналасу кезінде автоматты (пулеметті) тазалау осы мақсатқа арнайы жабдықталған үстелдерде, ал ұрыстық жағдайлар мен жаттығулар кезінде - таза төсеніш, тақтай, фанера үстінде жүргізілуі тиіс.

Ату орындарында автоматты (пулеметті) атыс аяқталғаннан соң ҰТЕ немесе сұйық қару майымен арнаулы орындарда тазалау керек. Автоматты (пулеметті) ҰТЕ-мен тазалау тек офицер немесе бөлімше старшинасы жетекшілігімен жүргізіледі.

Ату орындарында сұйық қару майымен тазаланған автомат (пулемет) казармаға қайтарылғаннан кейін ҰТЕ-мен қайта тазалануы қажет.

Далалық жағдайда автоматты (пулеметті) тазалау және майлау тек сұйық қару майымен жүргізіледі.

Автоматты (пулеметті) тазалау және майлау үшін:

  • сұйық қару майы: автоматты (пулеметті) тазалау және оның бөлшектері мен механизмдерін +5°С-тан +50°С-қа дейінгі ауа температурасы кезінде майлау үшін; қару майы: тазаланған соң, ұңғы арнасын автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерін майлау үшін; бұл майлау жұмыстары ауаның +1 - +5°С және одан жоғары температурасында жүргізіледі; ҮТЕ (ұңғы тазалау ерітіндісі) ерітіндісі: ұңғы арнасын тазалау және дәрілі газ өсеріне ұшыраған автоматтың басқа да бөліктерін тазалауға арналған; шүберек немесе КВ-22 қағазы: автоматты (пулеметті) сүрту, тазалау және майлау үшін;

- талшықтан тазартылған кендір (қысқа зығыр талшықты) : тек қана ұңғы арнасын тазалау үшін ҰТЕ бөлімшелерде 1 тәулік бойы қару тазалауға жететіндей мөлшерде дайындалады.

Ерітіндінің құрамы мынадай:

  • ішуге жарамды су - 1 л;
  • көмір қышқылының аммонийі - 200 г;
  • екіхром қышқылды калий - 3-5 г.

(ҰТЕ-нің аз мөлшерін жеті тәуліктен артық емес уақыт қақпақпен жабылған шыны құтыда, қараңғы жерде және жылыту аспаптарынан қашықта сақтауға рұқсат етіледі. ҮТЕ-ні металл май құтысына құюға тыйым салынады) .

Саңылауларды, қуыстар мен тесіктерді тазалауға ыңғайлы болу үшін ағаш таяқшаларды қолдануға болады.

Автоматты (пулеметті) тазалауға қырғыш материалдарды (зімпара қағазды, құмды және т. б. ) қолдануға болмайды.

Автоматты (пулеметті) тазалау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

  1. Тазалау мен майлау құралдарын дайындау;
  2. Автоматты (пулеметті) бөлшектеу;
  3. Керек-жарақтарды тексеріп, оны тазалауға қолдану үшін дайындау (71-сурет) ;
  4. Ұңғы арнасын тазалау.

Автоматты тазалауды аяқтағаны туралы жауынгер бөлім командиріне баяндайды, содан соң оның рұсатымен автоматты майлап, жинауды жүргізеді. Автоматты тазалағаннан кейін металға ылғалдың әсерін болдырмау үшін майлайды.

Автоматты (пулеметті) қару тазалауға арналған ойыққа немесе қарапайым үстелде, ал үстел жоқ кезде оның дүмін жерге не еденге тіреп қояды.

Ұңғы арнасын сұйық қару майымен тазалау үшін сүрткіш ойығына кендір не шүберекті енгізу керек, мұнда кендір ұшы тазалағыш өзегінен қысқа, ал қабат қалыңдығы кендірлі тазалағыш ұңғы арнасына аз ғана қол күшін жұмсау арқылы енетіндей болуы керек; кендірге аз ғана сұйық қару майын құйып және оны аздап уқалау керек. Тазалағышты және кендірлі сүмбіні ұңғы арнасына кіргізеді.

Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен сүмбіні ұңғы арнасының

бүкіл бойымен бірнеше рет баппен жүргізеді. Сүмбіні суырып алып, сүрткіні ауыстырып, оған мылтық майын сіңіріп, сол ретпен ұңғы арнасын қайтадан тазалайды. Осылай бірнеше рет қайталайды. Бұдан кейін сүмбіні, ұңғы арнасын таза, құрғақ сүрткімен мұқият сүртіп, одан кейін таза шүберекпен сүртеді. Шүберекті алып қарайды. Егер онда күйенің ізі (қарайған), тот немесе ластың ізі болса, ұңғы арнасын өткізілетін шүберек таза болып шыққанға дейін тазалауды жалғастырады. Ұңғы арнасын ұңғыны қолмен баяу айналдырып тұрып, ауыз жағынан және оқтық жағынан жарыққа мұқият қарайды. Бұл ретте ойықтардың бұрыштарына ерекше назар аударып, оларда күйенің қалмағаны тексеріледі. Осы әдіспен оқтық ұңғы қорабы жағынан тазаланады.

Ұңғы арнасын тазалау ҰТЕ-не батырылған сүрткіш арқылы жүргізіледі; содан соң ұңғы арнасы кендірмен сүртіледі. ҰТЕ-мен тазалау күйені толық кетіргенше ерітіндімен ылғалданған сүрткіш не кендір ұңғы арнасынан күйесіз немесе көгермей шыққанша жалғастырады. Бұдан соң ұңғы арнасын құрғақ кендірмен, сосын таза шүберекпен сүртеді. Келесі күні жүргізілген тазалау жұмысының сапасын тексеру керек; егер ұңғы арнасын таза шүберекпен сүрту кезінде одан күйе табылса, онда тазалауды да сол тәртіппен жүргізу керек.

Ұңғы арнасының ойықты бөлігін тазалау аяқталған соң, осы тәртіппен оқтықты ұңғы қорабы жағынан тазалайды.

Ескерту. Егер тазалау кезінде сүмбі мен тазалағыш ұңғы арнасына қыстырылып қалса, арнаға аздап қыздырылған сұйық қару майын енгізіп, оны бірнеше минут өткен соң шығарып алуға тырысу керек. Егер сүмбі алынбаса, автоматты (пулеметті) жөндеу шеберханасына жібереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматпен ату реті
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Атыс негіздері
Атыстың ережелері мен тәсілдерін оқып үйрету
Атыс қаруы құрылысы оны пайдалану күту және сақтау
Калашников автоматы
Ерлік салтанаты
Машиналардағы және аппараттардағы өзгерістер
Ғали Ормановтың 1941-1945-жылдардағы көпшілік шығармалары
Электрожабдықтар және автоматика приборлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz