ЖОО білімгерлерінің гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар



1 Жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарастарын қалыптастыру
2 Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар
3 Студенттердің құндылықтарының салыстырмалығын зерттеу
Жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарастарын қалыптастыру жоғары мектеп педагогикасының аса маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта гуманистік көзқарастың ізгіліктік компоненттерін анықтау, сол арқылы студент жастарды ұлттық патриотизм рухында тәрбие-леудің басты педагогикалық шарты ретінде қазақ этнопедагогикасы- ның құралдарын пайдалану табысты нәтиже береді. Сол себепті бүгінгі жоғары мектеп педагогикасы алдына студенттердің жас ерекшеліктері мен азамат-тық парызы және таңдаған мамандықтары мен танымдық қызметтері арасында белгілі заңдылық пен байланыстарды ескеру қажеттігіне сәйкес, олардың рухани құндылықтары мен гуманистік тәрбиесін қалыптастыру туралы көзқарастарының басты бағыттарын айқындау міндеті қойылып отыр.
Рухани құндылықтар мен гуманистік тәрбие туралы теориялық ұстанымдарға жасалынған талдау жеке адам дамуының ең жоғарғы деңгейі тұлға дамуының гуманистік

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ЖОО білімгерлерінің гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар
Жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарастарын
қалыптастыру жоғары мектеп педагогикасының аса маңызды міндеттерінің бірі.
Осы мақсатта гуманистік көзқарастың ізгіліктік компоненттерін анықтау, сол
арқылы студент жастарды ұлттық патриотизм рухында тәрбие-леудің басты
педагогикалық шарты ретінде қазақ этнопедагогикасы- ның құралдарын
пайдалану табысты нәтиже береді. Сол себепті бүгінгі жоғары мектеп
педагогикасы алдына студенттердің жас ерекшеліктері мен азамат-тық парызы
және таңдаған мамандықтары мен танымдық қызметтері арасында белгілі
заңдылық пен байланыстарды ескеру қажеттігіне сәйкес, олардың рухани
құндылықтары мен гуманистік тәрбиесін қалыптастыру туралы көзқарастарының
басты бағыттарын айқындау міндеті қойылып отыр.
Рухани құндылықтар мен гуманистік тәрбие туралы теориялық ұстанымдарға
жасалынған талдау жеке адам дамуының ең жоғарғы деңгейі тұлға дамуының
гуманистік теориясына сай (А.Маслоу, К.Роджерс) оның өзін-өзі
актуальдандыруы болып табылатынын айқындап берді. Мұнда адамның сапалық
даму сатыларының иерархиялық жүйесінде адамның туа біткен потенциалын
қолайлы жағдайда іске асыруға, барлық тұлғалық мүмкіндіктері мен
шығармашылық қабілеттерін барынша ашуға және дамытуға ұмтылысты өзін-өзі
актуальдандыру арқылы қол жеткізуге болатыны, яғни жеке тұлға-ның өзін-өзі
бағалау және өзінің мәнділігін сезініп, соған баламалы іс-әрекет жасауға
мүмкіндік беретін гуманистік қатынас пен көзқарас жүзеге асырылады деп
көрсетілген. Егер адамда өмірлік мақсаттар ретінде жоғары қажеттіліктері
бар болса, онда өзін-өзі актуальдандырудың көптеген жолдары олардың
шындықты, сұлулықты, қайырымдылықты, әділеттілікті мойындауы арқылы жүзеге
асырылады, атап айтқанда тұрақты гуманистік көзқарас қалыптасады.
Білімгерлердің өмірлік мақсаттар ретінде жоғары қажеттіліктері мен
олардың гуманистік сипатын анықтау мақсатында Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты базасында өткізілген зерттеу жұмысы ұйымдастырылып,
студенттерге Рухани және материалдық құндылықтар дегенді қалай
түсінесіз?, Имандылық, адамгершілік, ізгіліктік, руханилылық,
парасаттылық, әділеттілік, рақымдылық, қайырым-дылық, т.б. секілді адам
бойындағы ізгі қасиеттерді қалай түсінесіз?, Рухани және ұлттық
мәдениет, этникалық құндылықтар, рухани-өнегелік ізгіліктер, тәрбиенің
жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетпен байланысы туралы ой-пікіріңіз,
Достық пен махаббат, жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық,
адалдық пен екі жүзділік, ұлтшылдық пен отансүйгіштік, сенім мен
сенімсіздік, т.б. қарама-қарсы мағыналы жеке адам қасиеттерінің ізгіліктік
мазмұнын көрсететін қасиеттердің мәнін ашып көрсетіңіздер, Ізгіліктік
және гуманистік көзқарастардың айырмашылығы неде?, Жетілген адам мен
өзінің мәнділігін сезіну дегенімізді қалай түсінесіз?, т.б. сұрақтарға
жауаптар алынып, оларға сандық және сапалық талдаулар жасалынды. Мамандану
ерекшеліктері бойынша педагогикалық гуманитарлық сала студенттерінің
гуманистік көзқарастарының мазмұнына талдау жасалынды. Болашақ мамандардың
гуманистік тәрбие мазмұнының құндылық негіздерін қаншалықты түсініп, оған
эмпирикалық және теория-лық ұстанымдарға сай ғылыми негізделген жауаптар
бере алатынын анық-тауы тиіс. Олардың гуманистік көзқарастарының
қалыптасу дәрежесі мен құндылық бағдарларының рухани деңгейін анықталды.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, гуманистік тәрбие мен
көзқарас, олардың ізгіліктік компоненттері туралы студенттердің
түсініктері біркелкі болмады және бірде-бір студент гуманистік көзқарастың
құрылымдық мазмұнын көрсете алмады. Бақылауға алынған студенттердің 75%
гуманистік көзқарасты адамгершілік тәрбиесімен, 10% азаматтық борышымен
шатастырды, 8% өз әрекетінен басқа адамдардың зиян шекпеуі деп түсіндірді,
7% өз қызметіне адал болу жеткілікті, ал гуманистік көзқарас кейін
қалыптасады деп жауап берді, халық педагогикасының тәлім-тәрбие жүйесі,
оның ізгіліктік тәжірибесі туралы қарапайым мысалдармен шектелді.
Ал студенттерінің жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға берген
түсініктерінде біркелкілік анықталды. Студенттердің төрттен үш бөлігі
өздерінің бүгінгі өмірге аса риза еместігін және болашақтағы келешекке
күдікпен қарайтындарын айтты. Ең алдымен олар барлық адами жақсылықтар
мен заттық ғанибеттерді өзі және өз жанұясы үшін қалайды екен. Бірақ,
еліміздегі қазіргі қоғамдық формацияның басты құндылықтарын және олардың
ұлттық сипатын ажырата алмайтындықтарын көрсетті. Сонымен бірге, олар
қоғамның шарттылықтарын ортаға лайықты толық қабылдай алатынын байқатады,
өйткені олар өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында
Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас
Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жүйесін ізгілендірудің ұлттық мазмұны
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу-әдістемелік кешені
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Болашақ Мұғалімдердің Оқу-Тәрбие Үдерісінде Ізгілік Қасиеттерін Қалыптастыру
Жастардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің орны
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ГУМАНИСТІК СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер