Темперамент және мінездің теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе
- Темперамент және мінездің теориялық негіздері1. 1. Темперамент және мінез жөнінде түсінік1. 2. Темперамент және мінез туралы теориялар1. 3. Темперамент түрлері1. 4. Мінездің қалыптасуы
- Темперамент және мінездің байланысы2. 1. Мінез бітістері2. 2. Мінез түрлері мен типтері2. 3. Темперамент және іс әрекет2. 4. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Темперамент дегеніміз-жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент-ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысын (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б. ) эмоция сезімдерінен де (біреуі сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б. ) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде- ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса сангвиникалық (латынша “сангиус”-қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма”-шырын), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше “мелайне- холе”) -қара өт, ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше “холе-өт”) темпераменті деп аталған.
Гиппократ: “ағзадағы сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды”-деді, ол мидың ролін түсіне біледі, оны “бездердің бірі”, -деп санады. Бұл-адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми жолға салды.
Мінез-жеке адамның өзіне тән қылық-әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар-әр түрлі жағдайларда көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады. [2]
Зерттеу жұмысының мақсаты: Психология ғылымындағы тұлғаның жеке - дара өзгешеліктері: темперамент және мінез ұғымдарына жалпы сипаттама, түрлеріне анықтама беру.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- Темперамент және мінез туралы теорияларын көрсету;
- Олардың түлерін анықтау;
- Мінез бітістерін көрсету.
Зерттеу объектісі. Темперамент және мінез. Олардың арасындағы байланысы және айырмашылығы.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. ТЕМПЕРАМЕНТ ЖӘНЕ МІНЕЗДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Темперамент және мінез жөнінде түсінік
Темперамент-2, 5 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні-адамдар бойында болатын дара өзгешіліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден- әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психологиялық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы-бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент-жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді.
Алайда, жеке тұлға ерекшеліктеріне бай келеді, ал солардың бәрі де адам мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші-адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері. Егер адам қандайда дау-дамайлы жағдайда дөрекілік көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиеті деу жөн емес. Жайдары мінезді, көңілді адамның өзі кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуі мүмкін. Өмірге келумен бастауын алып, мінез нақты адамның өмір барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезім, ниет, әрекет сипатын бірлікті анықтап барады. Мұнда адамның бүкіл өмірін жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді. Дегенмен, мінездің нақты қалыптасуы әр түрлі деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы және т. б. ) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершілік, қоғамдық құндылықтарға тәуелді мүшелерінің мінез ерекшеліктері орнығады. Мінез бітістері, сонымен бірге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерімен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгеріске түседі. Жоғары деңгейлі дамыған топ, ұжым мінездің мәнді де ұнамды бітістерінің қалыптасуына оң әсер етеді. Жақсы мінезді адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейін арттыра түседі.
Қоғам әсерлері мен ықпалдарын бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмірлік бағыт-бағдарын құрайды, яғни оның заттай және рухани қажеттеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мұраттарына және т. б. негіз болады. Бағыт-бағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары мен сол жоспарды іске асыруда қажет белсенділік деңгейін белгілей алады. Мінезге орай адамның дүние талғамы, өмір мәні, белгіленген мақсат- мүдделерінің, әрекет қылықтарының себептері ашылады.
Мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасы шешуші мәнге ие. Әр қоғамның өзіне сай маңызды да мәнді міндеттері болады. Міне осы міндеттерді іске асыру барысында мінез қалыптасады. Кейін солар тұрғысынан тексеріледі, бағаланады. Сондықтан да мінез қандай да адам қасиетінің (төзімділік, өжеттік т. б. ) көрінісі ғана болып қоймастан, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке болған бағыт-бағдар сипатын аңдатады. Осыдан мінездің тыңғылықтығы, біркелкілігі адамның өмірлік бағыт-бағдары негізінде нақты бір қалыпқа келеді. Мінез қалыптасудағы басты шарт- өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы-босбелбеулік, мінезсіздіктің белгісі. Солайда болса, жеке адам мінезі мен оның бағыт-бағдары екіталай нәрсе. Алдыңызға ақ көңіл кейіппен келген адамның бірі-ізгі ниетті де, ал екіншісі-жауыз болуы мүмкін. Жеке адам бағыт-бағдары оның барша әрекет-қылығына із береді. Әрдайым қылық “осылай болсын” деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының біртұтас жүйесіне негізделеді, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мінезіне белгілі сипат ендіреді[17] .
Қалыпқа түскен мінезде адамның наным-сенімдер жүйесі жетекшілік етеді. Тиянақты көзқарас-наным адамның өз іс-әрекетін ұзақ мерзімді бағыт -бағдарға сай белгілеп, мақсатқа жетуде жігеріріліктің, орындап жатқан ісінің дұрыс та маңызды екеніне сенімділік туғызады.
Мінез ерекшеліктері адам қызығулармен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстірт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестігінің кемдігі мен тиянақтылығы болмағанынан жеке адам електегіш келеді. Қызығулар ұқсастығы мінез теңдігін аңдатпайды. Мысалы, өнертапқыштар арасында көңілді не мұңды, кішіпейіл не өзімшіл тұлғаларды айыруға болады.
Мінез адамның қолы бос уақытындағы (досуг) өзі қалап шұғылданған істерінен де танылуы мүкін. Мұндай қызығулар тұлға мінезінің жаңа, ерекше қырларынан хабардар етеді. Мысалы, ұлы ғалым-химик Ебней Бөкетов қолы босаса, аудармашылықпен айналысып, орыс, батыс, қаламгерлерінің небір әйгілі көркем шығармаларын қазақ оқырманына жеткізген; атақты тіл ғалымы Әбдуәли Хайдари демалыс уақытында қазақы ер-тұрман, қамшы және т. б. заттарды оюлап, жолдастарын таң қалдырған; ғұлама-түркітанушы академик Рахманкүл Бердібай қолы босаса, күйшілік өнермен айналысады. Адамның рухани немесе заттай қажеттіліктерінің қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезімдерінің ғана емес, сондай-ақ іс-әрекетінің де бағыт-бағдары айқындалады. Бұл арада аса маңызды нәрсе-іс-әрекеттің алға қойылған мақсатқа тікелей сай болғаны, себібі адам не істеп жатқаны немесе не істейтініне қарай бағаланбайды, әңгіме сол істі қалай орындайтынында. Осыдан мінез қалпы адамның бағыт-бағдары мен іс- әрекет кейпінің бірлігінен келіп шығады[2] .
1. 2 Темперамент және мінез туралы теориялар
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип-адамның дене құрылмына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген-конституциялық типология (Э. Кречмер) . Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде, және т. б. ) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
- Лептосоматик-бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
- Пикник-мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
- Атлетик-бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойылы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
- Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар-әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ- қолы кемістер) .
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған (астенический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик-денесі мығым (атлетический), мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик-семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған-Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанған принципі-адам дене құрылымы және оның өзінің жаңалығы-эмбриологиялық белгілер.
Конституциондық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі-тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі. У. Шелдон теориясын сынға алған Я. Стреляу былай жазады: “Адамның тамаққа әуес болу, ұжымшыл болу не қайырымды болу сияқты темпераменттік қасиеттері оның дене құрылымындай нәсілдік белгі емес, мұндай қасиеттер анатомиялық-физиологиялық негізге ие болғанымен тәрбие және әлеуметтік ортада ғана қалыптасады”[4] .
Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден- ақ белгілі болған. Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелегіне тәуелді келуі И. П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде эксперименталды дәлелденген.
И. П. Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешіліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекстік қозулары мен сол қозулардың сөну теңдігі мен дәлділігінен көрінген. Бұл жағдайлардың көрінуі жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер- қозу және тежелуге байланысты екендігі жөнінде эксперименттермен дәлелденген. И. П. Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалығын атап көрсетті.
Қозу күші мен тежелу күші-бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшеңдік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімжі әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.
Жүйке жүйесі процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейілік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы, не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті-жүйке процесінің қозғалмалылығы-бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығында көрінеді. Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмалылығы адам қылық-әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетін де танытады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшемін бір әрекеттен екіншісіне, енжарлықтан белсенділікке немесе кері өту шапшыңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс -жүйке жүйесінің селқостығы (инертность) . Бұл процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты көп уақыт пен күш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша үлкен болғаны.
Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі деп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И. П. Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты:
- күшті, қозу мен тежелуі, қозғалмалы-сангвиник;
- күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт-флегматик;
- күшті, қозуы басым-холерик;
- әлсіз тип-меланхолик.
Сонымен, И. П. Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері-жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті- жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі[2] .
И. П. Павлов негіздеген типология темперамент психология саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді. 50-жылдары жүргізілген осындай ізденістер нәтижесінде И. П. Павловтың шәкірттері В. М. Теплов, кейін В. Д. Небылицын темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жүйке жүйесін эксперименталды талдауға ала отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиеті: лабильдік және динамикалық-ашты. Жүйке жүйесінің лабильдігі- жүйке процесінің туындау және сөну шапшаңдығында көрінеді де, ал динамикалылығы-қоздырғыш, ұнамды және кері әсерлі, тежегіш шартты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен байқалады.
Көп зерттеулердің нәтижесінде осы заман психологиясының теориялық тоқтамы: әрқандай адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие. Нақты жүйкелік типке сай темперамент қасиеті дара психологиялық өзгешеліктердің мазмұнын құрайды.
Мінез құбылысын зерттейтін ғылым-характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мінездер типін саралап, адамның әр түрлі өмір жағдайларындағы әрекет-қылығын болжастыру мақсатында әрқандай мінез сипатын нақтылаумен шұғылданып келді. Адамның тума емес, өмір барысында қалыптасатын белгісі болғандықтан, мінез типтерін жіктеу көбіне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негізделеді. Осы бағытта ежелден өрістеп келе жатқан, мінез танып, әрекет-қылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбіріне қысқаша түсінік:
Жұлдызнама (гороскоп) -адам мінезін туған күнімен байланыстырып түсіндіреді. Жалпы қабылдаған уақыт өлшемдері белгілі кезең, аралыққа бөлінеді, олардың әрқайсысына нақты белгі, символ беріледі. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т. б. ) тән түрлі қасиеттерге орай адам мінезі суреттеледі. Мысалы, кельт жұлдызнамасында 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында туылған-алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкімді, ақ жарқын, кейілшең т. б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған күндері туылғандар-таутеке, яғни мұндайлар-өжет, тұрақты, төзімді, тұйық, сыршыл келеді.
Физиогномика (phisis-табиғат, gnomon-білу) -адамның сыртқы келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бітістеріне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тән мінез ерекшелігі оған таңылады. Мысалы, Аристотель пікірінше, адамның мұрын танауы өгіздікіндей жуан да қалың болып келсе, ол еріншектік белгісі; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын-ақымақтық; қой, ешкі жүніне ұқсас шашты адам- үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тіке шашты адам-ержүрек, батыл және т. б.
Адамның басқа да келбет көріністері (көз, ауыз, отырыс-тұрыс т. б. ) негізінде мінезді байқастыру осы физиогномика аймағында жоғары дамыған.
Хиромантия (cheir-қол, mantia-бал ашу) -адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.
Дерматоглифика-бармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.
Графология-мәнерлі әрекет-жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым[17] .
А. Е. Личко бойынша мінездің жасөспірімдерге арналған типологиясы:
1. Гипертимді тип. Бұл типті адамдардың қарым-қатынасы жоғары, қимыл - қозғалысы ширақ, қалжыңға бейім. Өздерінің ортасында шулы, көңіл - күйі жоғары. Өте жоғары қабілеті бар, бірақ тұрақсыздығының нәтижесінде сабаққа дайындығы біркелкі емес. Көңіл - күйі үнемі көтеріңкі жүреді. Ересектермен, ата - аналарымен, ұстаздарымен қарым - қатынас барысында әртүрлі қақтығыстарға түседі.
2. Циклойдты тип. Апатияға бейім, өте қызба. Көбіне үйде жалғыз қалғанды ұнатады, өздерінің құрбыларымен қарым - қатыныас жасамайды. Айналадағылардың ескетпелерін қабылдамайды, қабылдаған күнде өте қызба, жағымсыз түрде өтеді. Сәл болатын өзгерістерді қапаланып қабылдайды. Көңіл - күйі жоғарыдан өте төмен деңгейге тез ауысып отырады. Көңіл -күиінің ауысу мерзімі 2-3 апта.
3. Лабильді тип. Мінезі тұрақсыз, көңіл - күйі жиі өзгергіш. Көңіл - күйінің өзгеруіне кез - келген ұсақ - түйек әсер етуі мүмкін. Мұндай адамдардың көңіл - күйі жабырқау кезінде өздерінің жанын түсінетін адамдардың көмегін қажет етеді. Олар басқа адамдардың өздеріне деген қатынасын аса сезімталдықпен сезінеді.
4. Астенал - невротикалық тип. Бұл типті адамдар аса жоғары көңілге алушылығымен, тез шаршап, болдыруымен, қырсықтығымен көзге түседі.
5. Сензитивті тип. Аса сезімталдық: біреудің қуанышына да, қайғысына да ортақтасады. Аса үлкен ортаны, қатты қимыл-қозғалыс орындарын аса ұнатпайды. Олар танымайтын, бөтен адамдармен қарым - қатынасқа көп түсе бермейді. Өздерінің қабілет саласындағы кемшіліктерді аса ұқыптылық, кез - келген істі орындаумен толтырады.
6. Психастеникалық тип. Секем алғыштық, көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзік келеді. Болашақта қауіп пен сәтсіздікті сезінеді. Интеллектісі жоғары. Бірақ оқуы нашар, себебі, ауызша жауап бергенде мазасызданып, білгенін жеткізе алмай қиналады.
7. Шизойдты тип. Тұйық, айналасындағылармен қарым - қатынасқа түсуге ынта -ықыласы жоқ, оқшау жүреді, ішкі жан -дүниесі бай, бірақ сырт келбеті кедей адам. Ақыл - ой дарындылығы бола тұра, икемсіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz