Ақпаратты қорғау жолдары


Ақпаратты қорғау

Компьютерлер біздің өмірімізге сексенінші жылдардан бастап белсенді ене бастады. Адамдар компьютерлерге өзінің маңызды ақпараттарын сақтай бастады. Ал маңызды ақпараттың бөтен қолға түсуі ауыр зардаптар әкелді. Осыған байланысты ақпаратты қорғау мәселесіне байланысты арнайы мамандар дайындала бастады. Ең алдымен мамандар криптография сияқты ғылымға көңіл аудара бастады. Ақпаратты қорғау мәселесі ЭВМ базасында маңызды ақпараттық құрылым болып табылады. Ақпаратты қорғау мәселесі алдымен программамен жұмыс істейтін адамдарды ойландырады. Бірінші орында ақпаратты көшіруден. Өйткені әрбір адамға тегін ақпарат керек емес пе ? Сол үшін програмисттер өздерінің ақпараттарын қорғау үшін ақпаратты тығып (скрытый) немесе программаларды жазғанда пароль жазып қоятын болды. Ал ақпаратты көшіруден тек қана білікті адамдар ғана сақтай алады.

Қазіргі кезде үлкен компаниялар, фирмалар өздерінің ақпараттарын Word, Еxcel программаларымен сақтайды. Оны көбінесе кодтау арқылы және шифрлеу арқылы сақтау керек. Шифрлеу жүйесі нәтижесінде бүгінгі ең күрделі бағдарламалық кешендерді сақтауға болады. Ақпаратты шифрлеулейтін программалаларға қазір тапсырыс берушілер жиыны көп көрінді, бірақ сондай бағдарламаларды үлкен тиражбен шығару мүмкін емес. Шифровщик-программасын құру үшін негізгі шарттарды орындау қажет. Біріншіден бағдарлама универсалды болу керек. Екіншіден ақпаратты көшіруден қорғану керек. Үшіншіден ақпарат вирустарға және ақылды программа шабуылынан қорғана білу керек. Тағы да бір мәселе компьютерді үнемі бақылап отыру керек. Өйткені шифрлеу ақпараты өте нәзік болып келеді.

Ақпаратты қорғаудың әр түрлі әдістері бар:

1) Ақпарат тұрған мекемені қорғау

2) Ақпаратқа апаратын жолды қадағалау

3) Пароль қою арқылы қорғау

4) Шифрлеу арқылы

5) Кодтау арқылы

Ақпарат теориясы - ақпаратты сақтау, қорғау әдістерін зерттейтін бөлім болып табылады. 20 ғасырдың ортасында Бельгия ғалымы П. Отле ғылыми ақпараттарды өңдеу, қорғау, сақтау кешенін біріктіруді ұсынды. Ақпаратты қорғау үшін бір жерден екінші жерге жеткізу үшін оның кодталыну (таңбалануы ) , яғни арнаулы белгілерге (символдарға) және сигналдарға түрленуі керек. Соның ішінде пароль қою арқылы. Пароль әрдайым құпияда болады және өзгеріп тұрады. Парольдеу әдісі оңай және ақпаратты сенімді қорғай алмайды. Өйткені пароль бөтен қолға түскен жағдайда ақпараттың бұзылу әбден мүмкін. Парольді тек қана орындаушы білу керек.

Интернетте ақпаратты қорғау

Қазіргі таңда Интернетке қосылудың өзі ақпаратты құртып алу қаупін тудырады. CERT Coordination Center мәліметтеріне қарағанда 1995 жылы осындай 2421 жағдай болған. (CSI) 500 - ге тарта белгілі компанияларда және университеттерде 1991 жылы 48, 9 % тарта ақпараттың интернет әсерінен жойылуы байқалған. Ал АҚШ - та осы ақпараттың құртылу әсерінен 66 млн. долларға шығындалды. Ал интернеттегі хаккерлерден қорғану үшін брандмауэров (firewalls) экранын қолдану керек.

Ақпаратты вирустардан қорғау тәртіптері

Біріншіден, глобалдық желілер арқылы келетін программаларға және құжаттарына тереңірек көңіл бөліңіз. Таблица, құжатты, файлды ашудың алдында оларда вирустарға тексеріңіз. Электронды пошта арқылы келетін файлдарды ұшуы барысында тексеретін арнайы антивирустарды қолданыңыз.

Екіншіден, локалдық желілерді қорғау. «Тек қана жіберу» және «тек қана оқу» атрибуттарының орналастыруын шектеу. Бірақ әрине бұл бойынша жұмыс істеу мүмкін емес. Серверді жүйелі - тұрақты жай антивирустық программа арқылы қорғаңыз.

Үшіншіден, программалық қамтамасыз етудің дистрибутивтік көшірмелерінің ресми сатушылардан сатып алу керек. Пираттық немесе басқа көшірмелерді арзанға сатып алу өте қиынға соқтырады. Көшірмелерді өзгертуден қорғалған дискетада сақтау міндетті.

Төртіншісі, тексерілмеген файлдарды ашудан сақтаңыз. Егер тіпті BBS немесе электронды конференциядан алынған файлда вирустарға қарсы программалар ешбір «зиянкестікті» таппаса да, оны ашуға ұмтылмаңыз.

Жаңа программамен жұмыс істегенде, резиденттің жадысында антивирустық монитор болуы абзал. Бұндай монитор вирусты тез, тереңірек іздеп, оның таралуын тоқтата алады.

Бесіншіден, мәлімет бүтіндігін тексеретін утилиттер файлдар туралы мәліметті (атрибуттар, қорытынды есептеулер, файлды модификациялаудың соңғы күні) және дискінің жүйелі облыстар туралы мәліметті арнайы деректер базасында сақтайды. Бұл базадағы құжаттарды винчестердің реалды құрылымымен салыстырыңыз, өйткені кез-келген сай келмеушілік вирустың немесе «троян аттарының» пайда болуының себебі болуы әбден мүмкін.

Алтыншысы, жұмыс істеп отырған файлды сыртқы ұстаушыда сақтаңыз, яғни резерфтік көшірмелерін (BACK UP - көшірмелері) .

Программалардың бастапқы текстері бар файлдарды ( деректер базасын, құжаттары) бұлай көшіруге кеткен уақыт оларды вирустан кейін қайта құрудан әжептәуір аз уақыт алады.

Вирустарға қарсы прогаммаларды қолдану

Ең біріншіден жаңа программаларды қолданыңыз. Егер компьютерде вирус табылса, тыныштық сақтау керек. Егер вирус жаңа бір файлда пайда болса, оны жай ғана өлтіріп, жұмысты жалғастыруға болады. «Шыншылсыз хабарларға көңіл аудару керек. Егер антивирус баяғыда құрылған белгілі файлда вирусты тапса, онда бұл хабар «шыншылсыз хабар» болуы мүмкін, өйткені бұл файл бірнеше рет ашудың барысында вирустың басқа файлға жұқпағаны әлдеқалай түсініксіз болады. Егер компьютерде шын мәнінде вирус табылса, мына алгоритмді қолданған жөн:

Файлдық вирусты тапқан кезде, компьютерді желіден алып, жүйелік администраторға жеткізу керек. Егер вирус желліге өтпесе, онда бұл сервер мен жұмыс станциясын бүлінуден қорғайды.

Ал егер де вирус серверге өтіп кетуге үлгерсе, онда компьютерді өшіру іс-әрекеті вирустың құртылғанынан кейін компьютерге қайта келуді тоқтатады.

Жүктегіш вирус табылса, компьютерді желіден өшіру міндетті емес, өйткені бұндай типтегі вирустар желі бойынша тасымалданбайды.

Егер макровирус табылса, онда белгілі бір уақытта (Word немесе Excel) компьютерде белсенділік атқармайтынын тексеру керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты қорғау үшін ұйымдастырылатын әрекеттері жайында
Желілерде компьютерлік ақпараттарды қорғау мәселелері
Visual Basic ортасында тексттік файлдарды шифрлеу және қайта шифрлеу
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ АЛГОРИТМДЕРМЕН ҚОРҒАУ
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы
Ақпаратты қорғау үшін ұйымдастырылатын әрекеттер
Иньекциялық есірткі тұтыну және ИЕТ арасында АҚТҚ таралуының себепшілері
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері
АҚШ фирмаларындағы стратегиялық басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz