Қазақ философиясында билердің маңызы
1 Қазақ би.шешендерінің ел арасындағы саяси қызметі
2 Бидің қоғамдағы рөлін жан.жақты түсіну

Қазақ би-шешендерінің ел арасындағы саяси қызметін сөз еткен тұста, билік пен шешендік қазақ даласында ежелден бірге қалыптасқан дәстүрлі құблыс екендігін айту керек. Өйткені би мен шешен халық ұғымында бірінен-бірі ажырағасыз тел түсінік. Бисіз – тапқыр шешендікпен айтылатын көркем төрелік сөз болмақ емес, шешен сөйлей алмайтын адам – би болмақ емс. Екеуіне де бірдей тән қасиет – белгілі бір үрдіс, дәстүрлі рухи принциптерге бағынушылық. Сондықтан елдің бүкіл би-шешендері оны тек өнер деп қарамай, әлеуметтік –саяси феномен ретінде мойындап, дала демократиясын қалыптастырып, әлеуметтік-саяси тұтастықты барынша орнықтыруға ат салысқан.
«Би» ұғымының шығуы мен қоғамдық санада орнығу тарихына үңілетін болсақ та, би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі болатындығын көреміз. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген.

Қазақ би-шешендерінің ел арасындағы саяси қызметін сөз еткен тұста, билік
пен шешендік қазақ даласында ежелден бірге қалыптасқан дәстүрлі құблыс
екендігін айту керек. Өйткені би мен шешен халық ұғымында бірінен-бірі
ажырағасыз тел түсінік. Бисіз – тапқыр шешендікпен айтылатын көркем төрелік
сөз болмақ емес, шешен сөйлей алмайтын адам – би болмақ емс. Екеуіне де
бірдей тән қасиет – белгілі бір үрдіс, дәстүрлі рухи принциптерге
бағынушылық. Сондықтан елдің бүкіл би-шешендері оны тек өнер деп қарамай,
әлеуметтік –саяси феномен ретінде мойындап, дала демократиясын
қалыптастырып, әлеуметтік-саяси тұтастықты барынша орнықтыруға ат салысқан.
Би ұғымының шығуы мен қоғамдық санада орнығу тарихына үңілетін болсақ та,
би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық
биліктің иесі болатындығын көреміз. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В.
Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі
тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел
билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік
формасынан ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы,
әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. ХҮІІ ғасырда өмір
сүрген Махмұд ибн Уәлидің Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар атты
еңбегінде жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тіршіліктен
азат адамдардың барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі
түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада қолданылады: 1) ел билеуші; 2)
сот, төреші; 3) батагөй, шешен; 4) елші, дипломат. Оған дәлелді пікірді
Ә.Бөкейхановтың: Қазақтың би һәм билігін өзгертіп не керек...? Бұл биді,
билікті жоғалтып, орыс судьясына қарату керек деп орыс айтады, шариғатқа
қарату керек деп біздің молдалар айтады. Біз мұның екеуіне де қол
қоймаймыз..., -деп айтқанынан табамыз.
Белгілі академик – С.З.Зимановтың сөзімен айтқанда, ...көне дәуірдің
мұрасы ретінде ұрпақтар үшін қазақтар екі мәңгі құндылықты сақтап қалды –
ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті (Қазақтың ата заңдары, 2004). Билік пен
шешендіктің арасындағы мұндай тұтастықты, біздің ойымызша, бірнеше
факторлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, биліктің қоғамдық жүйенің
негізгі қажетті атрибуттарының бірі ретінде мойындалуы болса, екіншіден,
дәстүрлі қазақ қоғамындағы саяси өмір әлеуметті дамудың біртекті айналымы
және оның қауымдасқан формасына тәуелді болды. Үшіншіден, биліктің беделі
мен саяси биліктегі діни түсініктерге байланысты болды. Төртіншіден,
қоғамдық қатынастағы әлеуметтік тұтасуға нұсқан келтіретін ауытқуларды
реттей отырып, әлеуметтік ыдырауға тосқауыл қойып, халықты белгілі бір
этникалық-саяси шеңберде ұстап тұру қажеттілігінің болуы. Бесіншіден,
қазақтың дәстүрлі қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымының өз ерекшелігінде
деп айтар едік. Алтыншыдан, қазақ қоғамындағы Дала заңының үстем
билігінде дер едік, оның рухани қорының сақтаушысы да. Реформаторы да,
жүзеге асырушысы да – билер болды. Жетіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамындағы
билер билігін, олардың қоғамдағы беделінің жоғары болуымен негіздеуге
болады. Осыған байланысты, қазақтың көрнекті ғалым-зерттеушісі Ш.Уәлиханов
былайша тұжырым жасайды: Билердің беделі Европадағы ақындар, ғалымдар мен
адвокаттар сияқты өздерінің жеке бастарының қасиеттеріне байланысты
болған. Жалпы қазақ даласындағы әділ билік, ақыл мен ар
үйлесімділігі, қоғамдағы әлеуметтік-саяси тәртіп бидің беделді
төрелігімен байланыстырылады. Демек, билер халықтық санада әділдіктің
символы ретінде сақталады. Оған А.Байтұрсыновтың: ...Бұрынғы әділ билердің
қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатұғын жақсы дәрі еді..., -деп
айтқаны дәлел. Оған билердің кәсіптік ұранына айналған: Шындықтан өткен
құдай жоқ, Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы, -деген
шешендік нақылдары дәлел бола алады. Мысалы, С.З.Зиманов билер өздерінің
жеке қасиеттері мен әлеуметтік межелер биігінде ханнан да жоғары тұрды
дейтін тұжырым жасап, билер беделінің биік мәртебесін көрсетеді. Міне,
сондықтан да халық арасында: Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық
кісінің ары, білімі бар деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан би беделді,
дәстүрлі билік төрінен орын алды деуге болады.
Бидің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіну үшін қазақ халқының тарихи-
әлеуметтік даму кезеңдерінің ерекшелігін жете ескеру шарт. Өйткені, ежелгі
дәуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік
жүйесінің негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі бұқаралық билікті ауыл-
аймаққа, ру-тайпа ішіне сыйлы, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар атқарса,
орта буындағы, яки, потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары — билер
уысына ұстады. Ал мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді
қамтитын жоғары билікті төре тұқымы — хандар мен сұлтандар иеленген. Міне,
бүкіл қазақ қоғамының елдік тұтастығы осы соңғы екі билік жүйесінің өзара
тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді.
Саяси-әлеуметтік құрылымға арқау болған рулық-тайпалық жүйенің өзі айқын
қандас туыстардың ұйымы емес, саяси билік және саяси-әлеуметтік қауымдастық
қызметін ғана атқарды. Сондықтан қоғам болмысындағы рулық негіз мемлекеттік
әрі саяси институттардың нығайып, жеке-дара үстемдік құруына қай кезде де
мүдделі болған емес. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей
қолдауына арқа сүйеген потестарлы билік иелері, яки ру-тайпа басылары —
билер хан-сұлтандардың билігін белгілі бір дәрежеде шектеп отырды. Сол
арқылы олар өздерінің әлеуметтік-саяси статусын нығайтып, абырой-беделге
кенелді. Әйтсе де, ерекше әлеуметтік-саяси жік ретінде билерді тарих
сахнасына шығарған рулық құрылым өзіне субэтникалық-әлеуметтік топтарды
тарта отырып, қоғамды ұйымдастырушылық, мемлекеттілік нышандарын
нығайтушылық қызметін атқарды.
Хандық билік жүйесінде бидің ерекше беделді тұлға болғандығын айғақтайтын
жазба деректер де, ауыз әдебиетінің нұсқалары да жетерлік. Қазақтың алғашқы
заңгерлерінің бірі Д.Сұлтанғазин “Бұрынғы замандағы қазақтардың билік
қылуы” атты мақаласында: “... бағзы билер болыпты, бек білімді, атақты һәм
ақылды, әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде әдет рәсімдерін тегіс
біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен..., һәм
солардың бітірген жұмыстарын ұлы хандары да әрқашан бұзбайды екен... Сондай
билер турасында қазақтың мақалы да бар. Батыр мен биді салыстырғанда, биді
қатты артық көретінін білдіретін сол мақалы мынау: “Батыр деген бір барақ
ит, екі қатынның бірі табатын, би деген бір ақсарағат, бүтін елден біреуі
ғана табатын” дейді (“Дала уәлаятының газеті”, 1888, ғ51). Билердің батыр,
бай, т.б. әлеуметтік жіктерден ерекше құрметтелуінің бірнеше тарихи
себептері бар.
Біріншіден, би мемлекет басқару жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді:
Жеті Жарғы қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және
әкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Мысалы, С.З.Зиманов: Би, ең
алдымен – сот (судья), -деп көрсетеді. Сот төрелігін жүзеге асыратын
болғандықтан, би халықтың әдет-ғұрпын, салт-рәсімін, жол-жосығын жатқа
білуге, дауласқанға әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол
көрсетуге, әсіресе, “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген
құқықтық-гуманистік принциптен айнымауға тиіс болды.
Билердің негізгі ұстанымына айналған бұл моральдық құндылық әділ соттың
өзіндік болмысын білдіреді. Мәселен, орыс ғалымы А.Е.Алекторов қазақ
билерінің сотын таңдана сипаттай отырып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz