Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау



Кіріспе
Негізгі бөлім
Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды
әлеуметтік қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468.XII Қазақстан
Республикасының Заңы
І бөлім. Жалпы ережелер
ІІ бөлім. Арал өңіріндегі экологиялық апат пен дағдарысты жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы
ІІІ бөлім. Экологиялық қасірет аймағында тұратын азаматтардың әлеуметтік қорғалуы
ІV бөлім. Осы заңның жүзеге асырудың ұйымдастырушылық және экономикалық амалы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Арал теңізі Тұран қырандарының негізінде 35000 жыл бұрын пайда болды. Арал теңізін ең алғаш рет өзінің еңбектерінде араб геогрофы және ғалымы Ибн-Руста (950ж) енгізген.
Арал теңізі – жер шарындағы ең ірі ішкі континентте орналасқан тұзды сулардың бірі. Арал теңізіндегі нақты деректерге тоқталатын болсақ, соңғы 35 жылда, яғни 1960 жылдан 1995 жылдар аралығында теңіз шамамен 1000 куб.км өзен суын алмады. Осының нәтижесінде теңіз деңгейі 17 метрге төмендеді, акватория ауданы жартысынан көп кеміді, ал көлемі 75% жетті. Сондай-ақ, Амудария мен Сырдария өзендерінің ағыстары барынша кемуінің және 1960-1990 жылдардағы Арал теңізінің қажеттілігі мен қоршаған ортаны ескермей, жерді зерттеу көлемімен және игеруде су ресурстарын қолданудың нәтижесінде, Аралда халықаралық мінездегі экологиялық-әлеуметтік-экономикалық мәселелердің ірі комплексінің ұйымдастырылды. Теңіз балық шаруашылығы мен транспорттық мағынасын жоғалтты. Ол екі бөлікке бөлінді – Үлкен және Кіші (Солтүстік) Арал жағадан 100-150 км-ден алыстап кетті.
1. Бортник В.Н., Кукса В.И., Цыцарин А.Г. Современное состояние и возможное будущее Аральского моря // Изв. АН СССР. Сер. геогр. 1991. № 4. С. 62-68.
2. Гидрометеорология и гидрохимия морей СССР. Л.: Гидрометеоиздат, 1990. Т. 7: Аральское море. 195 с.
3. Гидрометеорологические проблемы Приаралья / Под ред. Г.Н. Чичасова. Л.: Гидрометеоиздат, 1990. 277 с.
4. Кривошей М.И. Арал и Каспий: (Причины катастрофы). СПб., 1997. 130 с.
5. Кукса В.И. Южные моря (Аральское, Каспийское, Азовское и Черное) в условиях антропогенного стресса. СПб.: Гидрометеоиздат, 1994. 319 с.
6. Шиварева С.П., Смердов Б.А. О моделировании уровней Аральского моря и его частей на перспективу // Гидрометеорология и экология. 1996. № 3. С. 96-115.
7. Шикломанов И.А. Влияние хозяйственной деятельности на речной сток. Л.: Гидрометеоиздат, 1989. 334 с.
8. Космические методы геоэкологии / Под ред. В.И. Кравцовой. М., 1998. 108 л

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе
Негізгі бөлім
Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен
азаматтарды
әлеуметтік қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Қазақстан
Республикасының Заңы
І бөлім. Жалпы ережелер
ІІ бөлім. Арал өңіріндегі экологиялық апат пен дағдарысты жағдай
салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы
ІІІ бөлім. Экологиялық қасірет аймағында тұратын азаматтардың
әлеуметтік қорғалуы
ІV бөлім. Осы заңның жүзеге асырудың ұйымдастырушылық және
экономикалық амалы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Арал теңізі Тұран қырандарының негізінде 35000 жыл бұрын пайда болды.
Арал теңізін ең алғаш рет өзінің еңбектерінде араб геогрофы және ғалымы Ибн-
Руста (950ж) енгізген.
Арал теңізі – жер шарындағы ең ірі ішкі континентте орналасқан тұзды
сулардың бірі. Арал теңізіндегі нақты деректерге тоқталатын болсақ, соңғы
35 жылда, яғни 1960 жылдан 1995 жылдар аралығында теңіз шамамен 1000 куб.км
өзен суын алмады. Осының нәтижесінде теңіз деңгейі 17 метрге төмендеді,
акватория ауданы жартысынан көп кеміді, ал көлемі 75% жетті. Сондай-ақ,
Амудария мен Сырдария өзендерінің ағыстары барынша кемуінің және 1960-1990
жылдардағы Арал теңізінің қажеттілігі мен қоршаған ортаны ескермей, жерді
зерттеу көлемімен және игеруде су ресурстарын қолданудың нәтижесінде,
Аралда халықаралық мінездегі экологиялық-әлеуметтік-экономикалық
мәселелердің ірі комплексінің ұйымдастырылды. Теңіз балық шаруашылығы мен
транспорттық мағынасын жоғалтты. Ол екі бөлікке бөлінді – Үлкен және Кіші
(Солтүстік) Арал жағадан 100-150 км-ден алыстап кетті.

Негізгі бөлім
Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды
әлеуметтік қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Қазақстан
Республикасының Заңы
(20.03.94 ж. N 1612 ҚР Президентінің Жарлығымен; 12.04.94 ж.; 19.06.97 ж.
N 134-I; 04.11.97 ж. N 186-I; 17.12.98 ж. N 323-I; 07.04.99 ж. N 374-I;
19.11.99 ж. N 481-I ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса
өткір сипат алып отыр. Осыны негізге ала отырып, "Арал өңірінде тұратын
халықтың өмір сүру жағдайын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар
туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі
қаулысымен Арал аймағының Қазақстан бөлігі экологиялық қасірет аймағы деп
жарияланған болатын.
Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы және оның
құлдырауының қалпына келмейтіндей тұрақты процесі, тіршілік жағдайының
нашарлауы, аурудың көбеюі экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықты
әлеуметтік қорғау шараларын заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді
талап ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызды.
І бөлім.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Заңның мақсаты мен міндеттері.
Осы Заң Арал экологиялық апаты салдарынан зардап шеккен азаматтардың
қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс және олардың статусын, аумақтардың
топталуын айқындайды, әлеуметтік оңалту шараларына мұқтаж адамдарға өтем
мен жеңілдіктер белгілейді, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын
халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, тұрақты тіршілік жағдайын
қамтамасыз ету, халықты экологиялық таза тамақ өнімдерімен, медицина
құралдарымен, ауыз сумен басым жабдықтау, санитариялық-эпидемиологиялық
жағдайды жақсарту жүйесін қалыптастыруға принципті көзқарастарды баянды
етеді.
Заң Арал өңірінің әлеуметтік проблемаларын шешу жөніндегі шараларды
жүзеге асырудың негізгі амалын белгілейді.

2-бап. Арал өңірі Қазақстан бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағын топтау.
Қалыптасқан экологиялық қолайсыз жағдайдың ауыртпалық дәрежесін,
айналадағы табиғи ортаның шөл далаға айналуы мен ластануының адам
денсаулығына әсерін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым
академиясының тұжырымдамасы негізінде Арал өңіріндегі экологиялық қасірет
аумағы:
- экологиялық апат;
- экологиялық дағдарыс;
- экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтар болып бөлінеді.

3-бап. Экологиялық апат аймағы
1. Экологиялық апат аймағы шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері
мыналар:
- халық өлімінің тұрақты өсуі;
- экологиялық себептерге байланысты амалсыздан көшіп кету;
- айналадағы табиғи ортада ластаушы заттар шоғырлануының жол берілетін
шекті нормативтерден халық өміріне қауіп төндіретін мөлшерде асып кетуі;
- экологиялық жүйенің толық күйреуі және олардың өздігінен қалпына келу
қабілетін су объектілерінің ғасырлар бойы ауытқудан асып түсетін апатты
жағдайда тайыздауы.
2. Экологиялық апат аймағына Қызылорда облысындағы Арал және Қазалы
аудандарының, Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданының аумақтары кіреді.

4-бап. Экологиялық дағдарыс аймағы
1. Экологиялық дағдарыс аймағы шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері
мыналар:
- халықтың ерекше ауруларының тұрақты өсуі;
- айналадағы табиғи ортада ластаушы заттар шоғырлануының жол берілетін
шекті нормативтерден халық денсаулығына қауіп төндіретін мөлшерде асып
кетуі;
- экологиялық жүйелердің түр-тұқым құрамының азаюы мен құрылымдық
тұтастығының бұзылуы, экологиялық жүйелердің биологиялық өнімділігінің 75
процентке төмендеп кетуі;
- су объектілерінің орташа көп жылдық ауытқудан асып түсетін мөлшерде
дағдарысты жағдайда тайыздауы.
2. Экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысы (3-бапта
көрсетілген аудандардан басқа) аудандарының аумағы, Қызылорда қаласы мен
әкімшілік-аумақтық бағынысына жататын елді мекендерді қоса, Ленинск
қаласы кіреді.
5-бап. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ
1. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ шекарасын
белгілеудің негізгі өлшемдері мыналар:
- халықтың экологиялық дағдарыс жағдайына себепті байланысы бар
ауруларының тұрақты өсуі;
- айналадағы табиғи ортада ластауыш заттар шоғырлануының жол берілетін
шекті нормативтерден тұрақты асып кетуі;
- экологиялық жүйелердің сан жағынан алғанда түр-тұқымы құрамының
азаюы және олардың биологиялық өнімділігінің кемінде 50 процент төмендеп
кетуі;
- су объектілерінің орташа көп жылдық ауытқудан асып түсетін мөлшерде
тайыздауы.
2. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа Ақтөбе облысының
Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар (бұрынғы Мұғалжар ауданының елдi мекендерi
шекарасының шегiнде), Темiр аудандарының; Оңтүстiк Қазақстан
облысының Арыс (оның iшiнде Арыс қаласы), Отырар, Созақ, Шардара
аудандарының және Түркiстан қаласының, сондай-ақ Қарағанды облысының
Ұлытау ауданының (бұрынғы Жезқазған облысының Жездi ауданының елдi
мекендерi шекарасының шегiнде) аумақтары кiредi.

ІІ-бөлім.
АРАЛ ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ ПЕН ДАҒДАРЫСТЫ
ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫҢ
СТАТУСЫ

6-бап. Экологиялық апат салдарынан зардап шеккен
азаматтардың статусы
Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерге мыналар жатады:
1) белгіленген тәртіппен экологиялық апат аймағы статусын алған
аумақта 1970 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 10 жыл тұрып жатқан
немесе тұрған азаматтар (он жасқа дейінгі балаларды қоса);
2) экологиялық қасіретпен себепті байланысы бар аурудан денсаулығын
жоғалтқан, осы аймақта кемінде 3 жыл тұрған немесе тұрып жатқан азаматтар.

7-бап. Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы
Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккендерге мыналар жатады:
1) белгіленген тәртіппен экологиялық дағдарыс аймағы статусын алған
аумақта 1975 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 15 жыл тұрып жатқан
немесе тұрған азаматтар (15 жасқа дейінгі балаларды қоса);
2) экологиялық қасіретпен себепті байланысы бар аурудан денсаулығын
жоғалтқан, осы аймақта кемінде 5 жыл тұрып жатқан немесе тұрғын азаматтар.

8-бап. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындау ықпалының салдарынан зардап
шеккен азаматтардың статусы
Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындау салдарынан зардап шеккендерге
мыналар жатады:
1) белгіленген тәртіппен экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған
аймақ статусын алған аумақта 1975 жылдан осы кезге дейін кемінде 20 жыл
тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (балалар мен 18 жасқа дейінгі
жасөспірімдерді қоса);
2) экологиялық қасіретке себепті байланысы бар аурудан денсаулығын
жоғалтқан, осы аймақта кемінде 7 жыл тұрған немесе тұрып жатқан азаматтар.

9-бап. Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу
тәртібі туралы
Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілеген тәртіппен тұрғылықты
жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша
жүзеге асырылады.

10-бап. Аймақтар шекарасын және экологиялық қасірет салдарынан зардап
шеккен азаматтардың статусын өзгерту
Экологиялық апат, экологиялық дағдарыс және экологиялық дағдарыс
жағдайына жақындаған аймақ шегінде экологиялық қасірет аймақтары
шекарасын, сондай-ақ экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен
азаматтардың статусын өзгертуді Арал өңірі проблемалары жөніндегі арнаулы
мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлігінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы
Гидрометеорология жөніндегі бас басқарманың, Қазақстан Республикасы Ғылым
академиясының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
жергілікті әкімдермен және басқа құзыретті мекемелермен және ұйымдармен
бірлесе отырып ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинеті Жоғарғы Кеңестің қарауына енгізеді.

ІІІ бөлім.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСІРЕТ АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН
АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛУЫ

11-бап. Тамақ өнімдерімен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі басымдық
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті мен жергілікті әкімдер
экологиялық қасірет аймағының халқына экологиялық жағынан таза тамақ
өнімдерімен және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде басымдық береді.

12-бап. Медициналық қызмет көрсетуді, денсаулық сақтау ісін қаржыландыруды
және материалдық жағынан жабдықтауды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті экологиялық қасірет
аймағы
1) медициналық мекемелерді ұстауға қаржы бөлу нормаларын бір тұрғынға
шаққанда экологиялық апат аймағында 1,5 есе, экологиялық дағдарыс
аймағында 1,3 есе және экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақта
1,15 есе ұлғайтуға;
2) медицина техникасын, дәрі-дәрмектерді нысаналы бөлуді қамтамасыз
етуге;
3) аймақтың барлық халқын дүркін-дүркін кешенді түрде медициналық
тексеруден өткізіп отыруға, тиісті денсаулық сақтау органдарының
жолдамаларымен республиканың барлық клиникаларында, медицина
орталықтарында және басқа медицина мекемелерінде медициналық-санитариялық
және медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілуіне кепілдік береді.

13-бап. Халықты әлеуметтік жағынан қолдау
1. Экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа:
1) экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып
жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың
экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрып жатқаны үшiн мынадай аймақтар
бойынша коэффициент қолданыла отырып зейнетақы алуға құқығы бар:
Экологиялық апат - 1,5;
Экологиялық дағдарыс - 1,3;
2) экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:
экологиялық апат аймағы бойынша - 1,5
экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 1,3
экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша - 1,2 коэффициентті
қолдана отырып, еңбекке ақы, стипендия төлеу;
3) жыл сайын ақы төленетін қосымша демалыс (еңбектің зиянды
жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне):
экологиялық апат аймағы бойынша - 12 күнтізбелік күн экологиялық дағдарыс
аймағы бойынша - 9 күнтізбелік күн экологиялық дағдарыс жағдайына
жақындаған аймақ бойынша - 7 күнтізбелік күн беру белгіленеді;
4) еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап
қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе
қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

19.11.99 ж. N 481-I ҚР 60 Заңымен 13-баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 5)
және 6) тармақшаларының қолданылуы 2005 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2. Экологиялық қасірет аймағында тұратын зейнеткерлер мен
мүгедектерге:
1) қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрлерінде (таксиден басқасы)
және тұрғылықты жері бойынша әкімшілік ауданы шегінде ауылдық жердегі
жалпы пайдаланылатын автомобиль көлігінде тегін жүруге;
2) дәрі-дәрмектерді (дәрігерлер рецептері бойынша) тегін алуға, тіс
протездерін (асыл металдардан жасалған протездерден басқаларын) тегін
дайындатуға және жөндетуге;
3) медициналық көрсеткіштер бойынша жұмыс орны немесе тұрғылықты
жері бойынша санаторий-курорт жолдамаларымен жыл сайын кезектен тыс тегін
қамтамасыз етілуге;
4) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде орындармен
қамтамасыз етуде артықшылық алуға;
5) экологиялық қасірет себепті мүгедек болған адамдарға және асыраушысынан
айрылған үйелмендерге шеккен зияны үшін мынадай мөлшерде:
- І топтағы мүгедектерге - екі жылдық жалақысының ең аз мөлшерінде;
- ІІ топтағы мүгедектерге - бір жарым жылдық жалақысының ең аз мөлшерінде;
- ІІІ топтағы мүгедектерге - бір жылдық жалақысының ең аз мөлшерінде;
- асыраушысынан айрылған - екі жылдық жалақысының отбасыларына ең аз
мөлшерінде бір жолғы өтім алуға;
6) жыл сайын мынадай мөлшерде:
- І және ІІ топтағы мүгедектерге - жалақысының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Қызылорда экологиялық ахуал
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу
Кәмелетке толмаған балаларға алименттер
Кәмелетке толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларға алименттер
Экологиялық қауіпті аудандардағы халықтың денсаулық жағдайы
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экономикалық орнықты дамыту
Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР АРАЛ ЖӘНЕ СЕМЕЙ АЙМАҚТАРЫ
Пәндер