Нарықтық экономика модельдері


Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Нарықтық экономика модельдері»
Орындаған
Ф-13 к топ студенті
Сарсенбекова Г. А.
Тексерген:
Мусатаева А. А.
Қарағанды 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
І Бөлім. НАРЫҚТЫҢ экономиканың жалпы сипаттамасы5
1. 1 Нарықтық экономиканың мәні және ерекшеліктері5
1. 2 Экономиканы ұйымдастырудың әдістері7
1. 3 Нарықтық экономика мақсаттары10
2 ҚР-ң нарықтық экономикасының қазіргі жағдайы12
2. 1 ҚР-ң нарықтық экономика модельдері12
2. 2 ҚР-ң нарықтық құрылымы15
3 ҚР нарықтық экономика модельдерінің жетілдіру жолдары27
ҚОРЫТЫНДЫ30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ32
КІРІСПЕ
Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі нарықтық катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет "күш" деп те дәріптеуде.
Нарықтың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістін үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы кұрылымдары, өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен нарықта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, нарық белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнін оған жұмсалған енбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Нарықтың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл қызметін олбағаның қоғамдық кажетті еңбек шығындарын накты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар нарықтық өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.
Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынасытары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.
Нарықтың құрылуы процесінің көптеген үшкір мәселелерін жеңілдететін өзіндік буфер қызметін атқаратын (жұмыссыздық, тауар өндірісі жетіспеушілігі) табиғи және жартылай табиғи шаруашылық жойылды.
Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы қазіргі таңдағы нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін көрсету.
Менiң осы тақырыпты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:
- Нарықтық экономиканың мәні және ерекшеліктерін қарастыру;
- Нарықтық экономика мақсаттарын қарастыру;
- ҚР-ң нарықтық экономикасының қазіргі жағдайын талдау;
- ҚР нарықтық экономика модельдерінің жетілдіру жолдары жолдарын қарастыру.
Осы тақырыпты зерттей отырып, нарықтық экономика тақырыбына арналған еңбектерінің көптігін байқай аламыз (оқулықтар, ғылыми әдебиеттер) қазіргі кезде де экономистер осы тақырыпқа назарын аударып отыр, олар экономикалық қатынастарды басқарудың принциптерін, заңдарын, рычагтарын қарастырады.
І Бөлім. НАРЫҚТЫҢ экономиканың жалпы сипаттамасы
1. 1 Нарықтық экономиканың мәні және ерекшеліктері
Нарық дегеніміз - тауарды (қызметті) сатып алу болмаса сату мақсатында сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас орнығатын кеңістік. Онда ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеті жеке тауар, жергілікті тауар, ұлттық тауар, аймақтық тауар және дүниежүзілік тауар деңгейінде зерттеледі.
Нарықтық экономикада адам, бір жағынан, игілікті жасаушы болса, екінші жағынан, сол игілікті тұтынушы. Игілікті адамдар арасында бөлу мен тұтынуда да бағаның қызметі зор. Нарық пен адамдар арасындағы экономикалық әрекет сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының түйіскен жерінде, яғни нарықтық бағамен шешіледі. [1. б. 27]
Нарықтық экономиканың үлгілері. Нарықтық экономиканың даму үлгілері әлемнің әр жерінде түрліше қалыптасқан.
Дүниежүзілік тәжірибедегі нарықтық экономика модельдері 1-кестеде көрсеілген.
Кесте 1
Дүниежүзілік тәжірибедегі нарықтық экономика үлгілері
1. Әлеуметтік-
нарықтық
экономика
үлгісі (Гер-
мания, Шве-
ция және
басқалар)
2 . ¥лттық
шаруашы-
лыққа негіз-
делген үлгі
(Жапония,
Онтүстік
Корея және
басқалар)
- халықтық тұрмыс қажет-
тілігін өтейтін салалардың
ұдайы өндіріснің қалыптастыру;
- үнемі халықтың тұтыну
мүмкіндіктерін арттыру;
- халықтың әсіресе, тұтыну
мүмкіндігі аз топтарын әлеу-
меттік қорғау шаралары ар-
қылы жүзеге асыру;
- өз отанының дамуына ұлт
болып күш салу;
- мемлекет ішіндегі ай-
мақтармен, жергілікті жер-
лердің даму ерекшеліктерін
ескеру;
- ғылыми-техникалық бағ-
дарламаларға арқа сүйеу;
- экономикалық дамудың орташа өсуі;
- нарықтық қатынастарға көшу мерзімінің
үзақтығы;
- жұмыссыздық денгейі-
нің 2-3% көлемінен ас-
пауы;
- экономикалық даму-
дың жоғарғы қарқыны;
- экономикалық озық
Құрылымдарды қалып-
тастыру;
1-кестенің жалғасы
3. Американ-
лық даму
үлгісі
- ашық эканомикалық қатынастарға жол беру;
- дүниежүзілік экономика-
лық жаналықтарға сүйену;
- бәсекелестікті дамыту;
- мемлекет тарапынан жеке меншік кәсіпорындарын қор-
ғап көтермелеу;
- экономикалық даму-
дың жоғары қарқыны;
- халықтың әлеуметтік
тұрғыдан нашар қорғалуы;
- жұмыссыздардың көптігі (8-10%) ;
4. Қазақстан-
ның эконо-
микалық да-
му үлгісі
- либералды ашық эконо-
миканы қалыптастыру және
оның қауілсіздігін сақтау;
- экономиканың әлеумет-
тік бағытта дамуын қамта-
масыз ету;
- экономикалық еркіндік-
ті сақтау;
- жеке, аралас меншік түр-
лерін дамыту
- дағдарыстан шығып,
экономиканы тұрақты
дамытуға бет бұруы;
-жұмыссыздықты мейлінше азайтуға бағытталған шаралар жүйесінің
қалыптасуы;
- экологияның халық ден-
саулығына әсерінің орын
алуы
Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды.
Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілдік) ресурстарды өткере (өткізу) отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өндірісіне қажетті сұраным ресурстарын талап етеді. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.
Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды (қор) және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.
Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты (өткеруден түскен табыс) ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т. б. [2, б. 123]
Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы және құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнетақы, табыс аздарға көмекақы, жұмыссыздарға жәрдемақы) төлейді. Құқықтықнегізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып, теңгеіледі. Түпкі есепте (нәтижеде) өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.
Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі инфрақұрылым болып табылады.
Инфрақұрылым - бұл институттар ( ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.
Нарықтық инфрақұрылымының элементіне - тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т. б. жатады.
Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық инфрақұрылым негізгі элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Құрылған объектілер қалыпты экономикалық нарықтық қызметті қамтамасыз етуге тиіс. Оларға:
- топтасқан тауарларды көтерме сауда жасау үшін сауда биржасы;
- бағалы қағаздарды саудалау үшін қор биржасы;
- өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын сату үшін коммерциялық көтерме сауда кәсіпорындары;
- акционерлік кәсіпорын мен бірлестіктер қаржысына құралған қоймалар, элеватор, тоңазытқыш, транспорт шаруашылықтары;
- коммерциялық банктердің коммерциялық несиелер арқылы қызмет жасауы, ол несиелер құрылтайшы-кәсіпорын пай жарнасынан немесе акционерлік негізде құрылуы керек;
- коммерциялық ақпараттық орталықтар және кәсіпорындағы маркетингтік бөлімдер. Нарық конъюктурасы мен сұранымды зерттеу орталықтары;
- жарнамалық сипаттағы қызмет үшін құрылтайшылар;
- сервистік, ремонттық, консультациялық, банктік және құқықтық қызметтер жатады.
1. 2 Экономиканы ұйымдастырудың әдістері
Экономиканы ұйымдастырудың әдістерін қарастыруда ең алдымен экономиканы ұйымдастырудың моделдерін қаарстырамыз.
Адамның коғамда өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың үш моделі қалыптасқандығын айтқанбыз. Олар: а) жоспарлы-нұсқаулы; ә) нарықтық; б) аралас болып келеді. Жоспарлы-нұскаулы экономика жағдайында шаруашылықты үйымдастырудын әкімшілдік-әміршілдік механизмі өндіруші үстемдігіне негізделген. Мұндай жағдайда нарықтық инструмент кажет емес. Тауар өндіруші мен тұтынушылардың арасындағы шаруашылық байланысы орталық орган арқылы жоспардың кемегімен жүзеге асады. Әміршілік модельде барлығы ертерек есептелініп, бар позиция бойынша алдын-ала баланс жасалады. Орталықгың жоспарлаушы органдары нұсқау түрде төменгі ұйымға нені өндіруді және кімге, қандай бағамен өндіруді анықтап береді. Мұндай модельдің негізгі принципі: «Қолымыздан не келеді, соны өндіреміз; қолда не бар, соны алыңыз». Орталықтан бекітілген қор бойынша материалдық ресурстарды жоспарлы бөлу - экономиканың осындай моделінің негізі болып табылады. [3. б. 142]
Шаруашылықты осындай модельмен ұйымдастырудың бірнеше олқылығы бар:
- біріншіден, барлық шаруашылық мәселелерін жоғарыдағы бюрократтық инстанция арқылы шешу. Олардың келісімін алуға көп уақыт кетіп, сол кезде жағдай мүдде езгеріп, мәселені шешу мүмкін болмай қалуы немесе дұрыс шешім қабылданбайды;
- екіншіден, жоспарлы тұтыну жөне өнімге бекітілген баға ғылым мен техниканың жетістігін өндіруге, өңдіріс шығынын төмендету мен ресурсты үнемдеуге жағдай жасай алмайды;
- үшіншіден, тауар өндірушілердің материалдық ресурстар мен өнімнен алшақтауы қоғамдық өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, оның қарқыны мен даму деңгейінің құлдырауына алып келеді.
Нарықтық модельге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырды: жеке түлынушы мен өндірушілер нарық арқылы өзара іс-әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселені шешуді мақсат етеді. Оларға: нені, қалай және кімге өндіруді жүзеге асыру қажеттілігін жатқызамыз.
Нені өңдіру? Тұтынушы кез-келген тауарды таңдау арқылы өз дегенін жүргізеді. Егер сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу шығаратын болса, онда ол тауарға баға өседі. Мұндай механизмнің қалыптасуы экономикалык тәртіпке шакырып, бірақ ретсіздікке жүгіне анархияға жол бермейді. Нарықтық шаруашылық механизімінің іс әрекеті сипат алып: тауарға сұраным өссе, баға көтеріледі және тауар өндіруші өндіріс көлемін ұлғайтады. Кейде кері құбылыс болуы әбден мүмкін.
Қалай өндіру? Тауар өндірушінің өзара бәсекелестігімен анықталады. Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар өндірушінің бір ғана сабағы бар - арзан әрі сапалы өнімді шығару. Мұндай өнім қандай тауар өндірушіде болмақ? Әрине, өндірісте ҒГП элементін кең колдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеген, білікті кадрлары бар тауар өндірушілер болады. Нарық өндіріске ҒТП-ті ендіріп, тұтынушыға баға мен сапасы көңілінен шығатын өнімді шығаруға өндірісті барынша итермелейді.
Кімге өндіру? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымның арақатынасымен байланыстырылып түсіндіріледі. Нарықты тұтынушының саны мен кұрылымы, оның табыс деңгейі және т. б. параметрлер арқылы тамырын басып, біліп отыру керек.
Нарықтық модепь кезінде экономиканы кім баскарды? Экономиканы тұтынушы сұраным мен техникалық професс деңгейінің дамуьш ретгеу аркылы рыноктық механизм басқарады. Осы үш мәселе «нені өндіру керек», «Қалай өндіру керек», «Кімге өндірілуі керек» экономикалык жүйенің деңгейі болып табылады, бірақ оларды шешу әртүрлі жолмен жүзеге асады.
Нарығы дамыған елдер ғалымдарының пайымдауынша, «таза күійңде» экономиканы ұйымдастырудың әміршілдік әрі нарықтық моделі ешқашан болмайды. Олардың айтуынша, нарықтық экономикасы дамыған елдерде аралас модель кызмет жасайды. Соңдықтаң да онда жеке және коғамдық институттар экономикалық бақылауды жүзеге асырады: жеке жүйе басқаларға байқатпай нарықтык, механизмді бағыттаушы, әкімшілдік реттеу мен салықты ынталандыру арқылы қоғамдық институтгар ниеттерін жүзеге асырады.
Нарық - қоғамдық тұтыну мен өндірісті келістірудің тиімді механизмі. Сондықтан да ол әлемдік өркениеттің басты жетістігі болып табылып, адамзат ойының математика, геңдік инженерия, электроника сиякты жаңалықтарымен салыстыруға болады.
«Таң ғажайып» неміс экономикасының авторы, профессор Людвиг Эрхард «Барша жанға әлаукаттылық» (1956 ж. ) еңбегінде былай деген: «Нарықтық шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы сол, нарықтық шаруашылықта күнде, сағат сайын икемделу процесі жүрді. Ол ұлттық өнім мен ұлттық табыстың, сұраным мен ұсынымының арақатынасын дұрыс жолға койып, тепе-тендікке келтіреді».
Алайда, нарықтык, механизм идеалды емес. Оның да келенсіз жақтары баршылық: әлеуметтік жіктелу, дәрменсіздерге қаталдығы, әсіресе банкрот болғаңдарға, жұмыссыздықтың болуы. Бұл келеңсіздіктері оның жетістігімен көмкеріліп отырады. Қоғам нарықтық катынастардың келеңсіз салдарын амортизациялауды үйреніп, оны бағаны реттеу, салық жүйесі негізінде табысты қайта бөлудің үлестірудің көмегімен іске асырады. Соңдай-ақ бюджетгік қаржыландыруды арқасында жұмыскерлердің біліктілігін артырып, жұмыссыздарға жәрдемақы және әлеуметгік қамсыздандыру жүйесін калыптастырады. [4. б. 89]
Нарық күрделі экономикалық категория бола тұра өзімен өзі болған емес. Ол белгілі және нақты әлеуметтік-экономикалык жағдайда өмір сүреді және көптеген факторларға тәуелді:
а) меншік түрлерінің кеп болуы;
ә) нарықтағы шаруашылық субъектілерінің қойылатын экономикалық жауапкершілікке сай болып, тәуелсіз әрі өз-өзінше болуы;
б) тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының бәсекелестігі (аз дегеңде 5-7 бәсекелес) ;
в) белгісіз нарыққа өнім шығару;
г) өнімге бағаны контрагенттердің кою құқықтығы;
д) керекті инфрақұрылымның болуы.
Сонымен экономиканы ұйымдастырудың үш моделі қалыптасқан, олар: а) жоспарлы-нұсқаулы; ә) нарықтық; б) аралас болып келеді.
1. 3 Нарықтық экономика мақсаттары
Нарық экономикасы практикада өзінің жоғары тиімділігін дәлелдейді, оған мына төменде көрсетілген процестерді кәсіпорын деңгейінде шешуде парапар келетін басқа әдіс жоқ.
1. Өндіріс пен тұтынудың өзара байланысын қамтамасыз ету. Нарық бұл қызметін төлем қабілеті бар сұранысты қанағаттандыруға арналған ұсыныстар ассортиментімен сәйкестендіру арқылы атқарады.
2. Өз алдына тәуелсіз шаруашылық жүргізетін өндірушілер еңбегі нәтижесін қоғамдық бағалау. Осы бағалау механизмі қарапайым, тиімді және объективті. Сатып алу және сату орнықты ма? әлде жоқ па? Сатып алу мен сатуды болжау қиын болғандықтан, рынок экономикасында сатушы - өндірушілер мен сатып алушы - тұтынушылар тұрақты түрде рыноктың жағдайын зерттеп отыру қажет.
3. Бағаның еркін қозғалысы. Рыноктық бағаның мөлшері мен динамикасы, сұраныс пен ұсыныстың еркін өзара қатынасы процесінде қалыптасады. Бағаның еркін қозғалысын рынок қана қамтамасыз етеді, тікелей айтсақ осының өзі рынок.
4. Экономикасы сауықтыру дербес шаруашылық жүргізулердің еңбек нәтижесін бағаның еркін қозғалысы арқылы жүзеге асырса, артта қалған өндірушілерді озық өндірушіден тым алшақтады.
Басқаша айтқанда рынок экономикасы механизміне артта қалған өндіріс сауықтыру мүмкіндіктері бар.
5. Бәсекенің жалпыға бірдейлігі. Рынок экономикасы дегеніміз бәсеке, оның барлық саласында, барша дәрежесінде пайда іздеу жолындағы жарыс, күрес. Сатушылар арасында үздіксіз жарыс:
а) өндіріс көлемін неғұрлым ұлғайту үшін;
б) шығынды неғұрлым азайту үшін;
в) неғұрлым пайдасы мол салаларда қызмет атқару үшін; сатып алушылар рынок бағасының дәрежесі мен мөлшерінде неғұрлым көбірек әсер ету мақсатында әрдайым бәсекеге түседі. Рынок экономикасының негізгі қызметі жоғарыда айтылған бәсеке, жарыс бағытында орын алатыны айқын. Осы механизм арқылы рынок экономикасы өзінің тиімділігін дәлелдейді.
Жоғарыда рынок экономикасын дәріптеуден оның күш қуаты шексіз мол деген ұғым тумауы керек. Дәлірек айтсақ бірсыпыра өте маңызды қоғамдық қажеттіктерді өтеуді рынок қатынастарына арнаулы институттарды қатыстырмай қамтамасыз ету мүмкін емес. [5. б. 147]
1. Макроэкономикалық пропорциялар. Рынок экономикасы халық шаруашылығы салалары арасындағы қарым - қатынастарды, пропорцияларды реттей алмайды, керісінше, диспропорциялар туғызады. Бұл өте қауіпті, құрылымдық дағдарыстар туғызады. Сондықтан мемлекет құрылымдық дағдарыста жол бермеу жағын қарастырып отыруы керек.
2. Ғылыми - техникалық прогресс. Рынок экономикасы ғылыми - техникалық жаңалықтарды қолдануға, ерекше ұмтылғанымен осы жетістіктерді пайдалануға сарандық жасайды. Ол түсінікті де, себебі: ҒТП - тәуекелділікпен жұмсалатын көп қаржы - капитал. Рынок экономикасының бұл кемшілігін ғылыми - техникалық прогресс саласындағы капиталды қолдайтын мемлекеттік бюджеттен арнаулы қаржы бөлу арқылы бәсеңдетуге болады.
3. Стратегиялық инвестициялар. Капиталдың айналымын тездетуді көздейтін рынок экономикасы күрделі құрылыс жоспарына қаржы жұмсауға ынталы емес, себебі, бұл салада қаржы айналымы ұзақ мерзімге созылғандықтан бұл қызметті қоғам атқаруы керек.
4. Рыноктың емес секторларды қолдау. Рынок экономикасы рынокқа тікелей жатпайтын салаларды қаржыландыруға немқұрайды бұл міндетті де мемлекет өз мойнына алуға тиіс.
5. Әлеуметтік қорғау. Рынок экономикасы өте күрделі әлеуметтік проблемаларды тудырады. Оған жататындар- жұмыссыздық, табыстардың күрделі жіктелуі, инфляция. Рынок экономикасының осындай қиындықтарын, азайту мемлекеттің ерекше назарында болуға тиіс.
Шаруашылықты рыноктық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған ғасырларға созылғанымен, бірақ та ол адамзат қоғамының даму тарихынан - қоғамдық еңбек бөлінісі және қосымша өнім болмағандықтан рыноктың өмір сүру қажеттігі болмады.
Өндіріс құралдарын жетілдіріу және еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде артық өнім, онымен қоса айырбас пайда болды.
2 ҚР-ң нарықтық экономикасының қазіргі жағдайы
2. 1 ҚР-ң нарықтық экономика модельдері
Қазақстан өзінің жаңа экономикалық тарихында дәйекті түрде дамудың екі кезеңінен өтті.
Бірінші кезеңде - 90-шы жылдары экономикалық жағдайды тұрақтандыру және базалық құрылымдық қайта құруды жүргізу маңызды болды. Осы кезеңде мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі міндеттері «тірі қалу», реформалар жүргізу және қоғамда әлеуметтік толқуларды болдырмау болды. Сондықтан мемлекеттің күш-жігері ағымдағы проблемаларды шешуге бағытталды.
90-жылдардың экономикалық реформалары экономиканы нарықтық жолға көшіріп қана қоймай, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ұзақ мерзімді жоспарлауға көшіру үшін дайындық жасады. Сол кезеңді бүгінгі күннің көзқарасымен қарай отырып еске алар болсақ, Мемлекет басшысының Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу қажеттігі туралы шешімінің дұрыстығы мен көрегендігін атап өтпеуге болмайды. Нақ осы үшін 1997 жылы Президенттік Жарлығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылды, оған арнап Мемлекет басшысы «болашаққа көз салу, Қазақстан қайда бет түзеуі тиіс моделін, стратегиясын ойластыру» міндетін қойды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz