Хунну-қытай соғыстары


Хунну-қытай соғыстары
Хунну-қытай соғыстары (б. д. д. 201 ж. - үзілістермен шамамен б. д. д. 181 ж. ) - Хун мемлекетімен Хань Қытай арасындағы әскери қақтығыстары.
Алғышарттар.
Хунну пайда болуы туралы аңыздар. Б. д. д. 3000 ж. - б. д. д. 1046 ж. аралығы.
Хунну-қытай соғыстары Қытай мен оны қоршаған варвар (жабайы) халықтар арасындағы мыңжылдық күрес бөлігі болып есептеледі. Бұл қақтығыс басы терең ежелге барады. ІІІ - ІІ б. д. д. ғ. Хуанхэ өзен бойында ежелгі қытай мемлекетінің құрылу процесі болған. Қытай мифологиясына сәйкес Ся династиясының мифтік басқарушылар кезеңі болған. Қытай ата-бабалары оны қоршаған, мысалы жундар, халықтарымен күрескен. Б. д. д. 1600 ж. Ся династиясы талқандалып, Шан династиясы билікке келді. Цзе баласы Шуй Вэй солтүтсік варварлар ху тұратын солтүстік далаға қашқан. Олар Гоби аумағындағы тайпалармен араласып кеткен беп аңызда айтылған. Палеонтология мәліметтері Гобидың оңтүстік шетінде шындығында да европалық нәсілдің моңғол, қытай нәсілімен араласқаны дәлелденген.
Б. д. д. 1600 ж. - 822 жж. Хунну құрылуы
Хундар тарихының бұл кезеңі қытай көздерінде көрсетілмеген. Себебі олар Гобидың солтүстік өмір сүрген.
Палеонтология мәліметтері бойынша прото-хундардың европалық нәсілмен (динлин) араласуы келтіріледі. Дәстүр, тұрмыс, көшпенді мал шаруашылығының құрылуы басталады. Б. д. д. 17 ғ. Хунну рулық ереже құрылады. Хуннуларда Шан кезеңінінң кейбір өнер дәстүрлері сақталды. Мысалы, Каталаун даласында табылған ғұндық ыдысты (ю ыдысы) айтуға болады.
Хунну өсіп, өз билігін басқа тайпаларға жүргізе бастады. Солтүтсік батыста олар Хами, оңтүстік-батыста Лобнор өзеніне, солтүтстікте - динплиндерге дейін, оңтүстікте - Хэбейге дейін тарады. Археология мәліметтері бойынша хунну мен басқа халықтар арасындағы қатынастар туралы айту қиын. Олар солтүтсіктегі сібір халықтарымен (бома, т. б. ), динлиндермен (тағар мәдениеті), үнді еуропалықтармен, шығыста - дунхумен байланысқан. Қытайлар жундарды бойы биік, көзі көк, тауда өмір сүретін халық деп санаған.
Б. д. д. 820 жж. Хуннулардың Чжоумен қақтығысы
Қытайдың хуннулармен бірінші тарихи қақтығысы Ши-Цзин өлеңінде сипатталған. Б. д. д. 823 ж. хунну Қытайға басып кіріп, Цяо, Ху, Хао, Фэнь қалаларын басып алды. Сюань-ван (б. д. д. 827 - 782 жж. ) әскерін жинап, хуннуды талқандады.
Осыдан соң хуннулар Чжоуға шабуыл жасамаған. Чжоу халқы негізінен жундармен күресіп, әлсіз тайпаларды кезек кезекпен жойды. Нәтижеде жундар жойылып, қытайлармен тағы басқалармен Кукунор өзені бойында сақталған.
Б. д. д. 822 жж. - 201 жж. Чжао мен Цинь мен Хуннулардың қақтығысы
Б. д. д. 8 ғ. Чжоу үйі әлсіреп, Қытайда орталықтандырылған билік жойылды. Чжоу ванының билігі тек Лои қаласында сақталып, ірі князь үйлері салынды. Феодал жерлері өсіп, өзара қақтығыс, таластар кезеңі келді.
Жундарды жеңіп, қытайлар хунну мен дунху көшпенділермен шекаралас болды. Чжао хандығы қауіпті жағдайда болды. Б. д. д. 307 ж. Улин-Ван - Чжао патшасы Иньщан тау бөктерінде Яймынь камалын және қорғаныс дуалын құрайды. Янь хандығында Цинь Кай қорғаныс қабырғасын салады. Бірақ камалдар хунну шабуылынан сақтай алмады. Баяу ат-арба әскері мерген хуннуларға қарсы тұра алмады. Сондықтан жеңіл кавалерия пайда бола бастады.
Хунну тактикасы қорғалмаған тұрғындарға кенеттен шабуыл жасауға негізделеді. Қытай армиясымен қақтығысқа хуннулар жарамады, себебі олар сауыт-саймансыз болды. Чжао қолбасшысы Ли Му оларды жойып тастады.
Қытайды біріктіруші Цинь Шихуанди хуннуларды өз шекарасынан мүлде қайтару үшін Ұлы Қытай қабырғасын салдыруға бұйырды.
Хунну батыста юэчжайлардан, шығыста дунхулардан, оңтүстікте цинь армиясынан шығындалды. Ол кезде хунну басшысы Тоумань болды.
Соғыстар басы. Алғашқы кезең - б. д. д. 209-174 жж.
Шаньюй Модэ
Шаньюй Модэ шаньюй Тоуманьның бірінші баласы болды. Әкесі баласын жақсы көрмей, юэчжандарға тұтқынға берді. Ал мұрагер болып екінші әйелінің кіші баласын қалдырды. Тоумань баласы Модэге 10 000 атты мергендерін берді.
Модэ өз жауынгерлерін шынықтырып, тек өз командасы бойынша атуға бұйырды. Ол ысқырық оқ дайындап, сол оқ бағыты бойынша атуға дайындады.
Модэ өзі ысқырық оқты арғымағына жіберді. Кейбір жақындары атпаған еді, ол олардың бастарын шапқызды. Бір уақыттан соң Модэ өз әйеліне садақ жіберді. Кейбір жауынгерлер қорқып, атпаған болатын, Модэ олардың да бастарын шапқызды. Бір уақытта Модэ Шаньюй арғымағына атты, қасындағылары да сол арғымаққа атты. Осыдан Модэ жақындарына сене бастады. Модэ өз әкесімен бірге аңға шығып, ысқырық оғын әкесіне жібереді. Сол кезде жақындары да бірге оқ атқылайды.
Модэ өзіне көнбеген өге шешесін, інісін, басқа ағаларын өлім жазасына кеседі. Б. д. д. 209 ж. Модэ хунну шньюйі болып сайланады.
Дунхулар хунну арасында тартыс болып жатыр деп есептеп, жерлерін берсін деп бұйырды. Хунну ағалары келісеміз дегенде Модэ олардың бастарын шауып тастап, өзі соғысқа шықты. Дунхулар жеңіліп, Ухань тауына көшіп кетті. Моде тоқтамай, өз әскерін батысқа апарып, юэчжейлерге шабуылдады. Б. д. д. 204 ж. Ордостағы лоуфань мен баянь тайпаларын басып, Қытайға алғашқы шабуылдар жасалды. Модэ 24 тайпадан тұратын 300 000 ат әскері бар хун мемлекетін құрды.
Б. д. д. 201-198 жж. алғашқы соғыс.
Б. д. д. 203 ж. дейін Модэ көршілес тайпалармен соғысты. Хуньилар, , динлиндер, енисей қырғыздары, цайли басып алынды. Б. д. д. 201 ж. Модэ азаматтық соғысепн әлсіреген Қытайға шабуыл жасады. Маи бекеті алынды. Хуннулар б. д. д. 200 ж. Шаньсиге кірді. Гао-цзу 320 000 -дық әскерімен Модэге қарсы шықты. Жалған қашу тактикасын пайдаланып, Модэ императорды қоршап алды. Жеті күнді шайқастан соң қытайлар бейбітшілік келісім сұрады - б. д. д. 198 ж. Бейбітшілік пен Туыстық келісімі жасалды. Хундар Қытайдан кетті.
Б. д. д. 198-174 жж. әскери қақтығыстар
Келісім жасалған соң шаньюй Хань Синь, Чэнь Си, Лу Гуана князьдерін қолдады. Б. д. д. 192 ж. шаньюй Модэ жесір Люй-хоу императоршадан неке құруды сұрады. Ол қарсылық білдірді. Сөйтіп, хуннулар Қытайға қайта шабуыл жасады. Хуннулар юэчжилерді жеңіп, Шығыс Түркістан, Үйсін жерлерін өзіне қосып алды. Б. д. д. 174 ж. шаньюй Модэ қайтыс болды.
Екінші кезең. Хуннудың мықты шағы б. д. д. 174 - 141 жж.
Б. д. д. 174 - 166 жж. екінші соғысқа дайындық.
Таққа отырып, Лаошань әке ісін жалғастырды. Кидола әскерін қиратты. Лаошань батыс шекараны бекітіп, үйсіндермен Батыс өлке (Сиюй) - ге салық беруді бұйырды.
Лаошань өзіне қашқын қытай шенеуніктерің алып, басқару аппаратын құрды. Хун мемлекеті бағынған халықтардан салық жинап, байыды, бірақ хуннуларға нан, мата жетпеді. Сондықтан Лаошань көрші қытай провинциялармен ауысым сауда жасауды бұйырды. Бірақ бұл жағдай империя билігіне тура келмеді де жаңа соғысқа сылтау болды.
Б. д. д. 166 - 152 жж. екінші соғыс
Б. д. д. 166 ж. хуннулар Лаошань басқаруымен 140 000 әскермен Қытайға басып кірді. Хуннулар қорғалмаған тұрғындарды тонап, өртеді. Вэнь-ди үлкен армия жинай бастады. Қытайдан кетіп, хуннулар шекаралас провинцияларды тонады. 162 ж. Вэнь-ди бейбітшілік келісім сұрады. Шаньюй келісті, бірақ олар еркін сауда жасауға құқық ала алмады. Лаошань баласы Цзюньчэнь б. д. д. 158 ж. соғысты қайта бастады. Екі хунну армиясы Қытайға басып кірді, тонап шығып кетті. Қытайлар оларға жете алмады. Хуннулар б. д. д. 152 ж. Жаңа Бейбіт Келісім жасасып, қытай патшайымын және еркін сауда жасауға құқық алды.
Б. д. д. 152 ж. хун мемлекетінің ең мықты кезеңі болып саналады.
Үшінші кезең. б. д. д. 141 - 87 жж. У-ди мен соғыс
Қытай күшейді. Жаңа амбициялық император У-ди хуннуларды жою жоспарын құрды. Сонымен қатар ол дайындықсыз соғысу мәнсіз екенін түсінді. Ол хуннуларға елшісін соғыс жариялау туралы хабарлауға жіберді де өзі бірінші шабуыл бастады.
Б. д. д. 133 - 126 жж. үшінші соғыс
У-ди шаньюйді Маи қаласын тонау қиындық тудырмайды деп сендірді. Шаньюй 100 000 армиясымен Қытайға кірді. Маи қаласында 300 000 қытай армиясы дайын тұрды. Хуннулар жасырын қоршау туралы алдынала естіп, артқа қайтты. Одан соң хуннулар қытай шекарасын аздап мазалай берді. Бірақ хун-қытай саудасы тоқтаған жоқ. Б. д. д. 129 ж. ханьдар 9000 адамнан тұратын төрт ат әскерін жіберді. Вэй-Цин деген қытай қолбасшысы 700 адамды тұтқынға алды. Басқа отрядтар жеңіліп қалды. Б. д. д. 128 ж. 25 000 хуннулар Ляосиге басып кірді де көптеген адамды тұтқынға алды. Бірақ 30 000 қытайлықтар оларға тойтарыс берді. Б. д. д. 127 ж. шаньюй Цзюньчэнь қайтыс болды.
Үшінші соғыстың жалғасы. Б. д. д. 126-107 жж.
Цзюньчэнь өлімі хуннулар арасында талас тудырды. Оның жеңімпазы болып Ичжисе болды. Б. д. д. 126-125 жж. Хэбей, Ляоси, Ляодун, Ордосты шабуылдады. У-ди жауап ретінде 100 000 ат әскерімен дайындалды. Б. д. д. 123 ж. Вэй-Цин хундарға қайта шабуылдады, бірақ көп шығындалды.
Б. д. д. 121 ж. қытай қолбасшысы Хо Цюйбин батыс хундарға басып кірді де 30 000 адам тұтқынға алды. Б. д. д. 120 ж. хуннулар тойтарыс берді. Қытайлар қайта күшейді. Шаньюй осыған кіналі Хуньше деді. Ол өлім жазасына кесілді де күтпей, өзімен 40 000 әскерін қытайға алып кетті. Одан соң хундың басып кірулер азайды. Сөйтіп, қытайлықтар демалып, жаңа соғысқа дайындалды. Б. д. д. 119 ж. У-ди үлкен әскер жинап, Гобиге бет бұрды. Үлкен шайқас болды. Қатты шаң дауыл басталып, хундар мергендері әлсіреді. Қытайлар оларды қоршап алды. Хуннулардың көбісі өлді, шаньюй өзі қашып кетті. Бірақ қытай шығындары көп болып, хуннуларды қууды тоқтатты.
Осының нәтижесінде хуннулар Қытайға қосылуды ұйғарды.
У-ди хуннуларды жоймақ болды, бірақ Империя тибетшілермен, Корея мен конфликт болып, жоспары іске аспады.
Төртінші соғыс. Б. д. д. 103-87 жж.
У-ди шаньюй Ушиладан қорықты. Ол хуннуларға егер олар Ушиланы құлататын болса, әскери жәрдем берем деді. Хуннулар келісті, бірақ шаньюй бұл сатқындықты біліп қойды.
Б. д. д. 103 ж. Ушилу қытай бекінісін қоршап, Қытайға бірнеше шабуыл жасады. Бірақ соғыс қызған кезде ол өліп қалды. Шаньюй болып оның тәтесі Сюйлиху болды. Бірақ ол б. д. д. 101 ж. өліп қалды. Хуннуларда мұрагер қалмады. Хуннулар жақын рулас Цзюйдихоуды сайлады. Басшы У-димен келісім сұраса, ол Қытайға қосылсын деп бұйырды. Цзюйдихоу император келісіміне қарсы болып, сатқындарды өлтіруге бұйырды. Жынданған У-ди соғысты қайта ашты. Б. д. д. 99 ж. қытайлықтар 30 000 ат әскерімен батыс хунну ордасын қиратты. Б. д. д. 97 ж. 180 000 әскері бар жаңа қытай әскері ли Гуанли басшылығымен хуннуға басып кірді. Хуннулар осыған дейін бұндай үлкен әскермен соғыспаған болатын. Қарсы тұру үшін хуннуар вассалдарын: динлин, хагас, тоба, турфан, т. б. жинады. Қытайдың батыс армиясы Чэшиды басып алды. Қалған қытай әскері оардан қалып кетіп, азық-түлік жетіспей, еліне оралуына мәжбүр болды. Соғыстың қызған кезінде Ли Гуанли өз отбасы тұтқынға алынғанын естіді. Ол У-ди жеңіспен аламын деп, өз әскерін ел ішіне кіргізді де қоршауға алынып қалды. Б. д. д. 96 ж. Цзюйдихоу қайтыс болып, баласы Хулугу шаньюй болды. Жаңа басшы Қытаймен бейбіт Келісімге келді. Б. д. д. 87 ж. У-ди де қайтыс болды.
Төртінші кезең. Хунну арасындағы таластар. Қытайға қосылу. Б. д. д. 87-9 жж. Хуннулар әлсіреуі.
Қашқан қытайлықтар өз-өзімен таласып, соғысты. Сөйтіп мемлекетте мал қырылып, эпидемия басталды. Шаньюй б. д. д. 85 ж. қайтыс болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz