Алтын орданың құрылуы және нығаюы, ішкі және сыртқы саясаттағы жеңістері


Алтын Орданың құрылуы және нығаюы
Жаулап алу жорықтарының нәтижесінде Шыңғыс зан негізін қалаған Моңғол империясының батысында оның құрамына енетін үш ұлыс қалыптасты. Олар біраз уақыт моңғолдардың Қарақорымдағы ұлы ханына тәуелді болып келіп, кейіннен дербес мемлекеттерге айналып кетті.
Өзбектің тұсында Алтын Орда орта ғасырлық аса ірі мемлекеттердің біріне айналды. Өзбек хандық құрған бүкіл 30 жыл бойы ол билік тізгінін өз қолына берік ұстап, бағыныштыларының дербестікке талпыну ниеттерін аяусыз басып тастап отырды. Жошы ұрпағының көп санды ұлыстарындағы ханзадалар, оның ішінде Көк Орданың билушілері де Өзбектің талаптарын екі айтқызбай орындап жүрді. Өзбектің қолында 300 мыңға дейін жауынгер болды. ХІҮ ғасырдың 20 жылдарында Алтын Ордалықтардың Литваға жасаған бірнеше шапқыншылық жорықтары литвалықтардың шығысқа жылжуын уақытша тоқтатып тастады. Өзбектің тұсында Алтын Орданың Руське жүргізген билігі бұрынғыдан да күшейе түсті.
Алтын Орда алғаш құрылғанда оның мемлекеттік құрылысы тым қарапайым еді. Ол Батыйдың аға-інілері немесе жергілікті әулеттердің өкілдері басқарған жартылай дербес ұлыстарға бөлінген. Бұл бағынышты ұлыстардың хан әкімшілігімен байланысы тым әлсіз болған еді. Кейіндеп Алтын Орданың тұтастығы аяусыз жазалауға негізделді. Басқыншылардың негізгі ұйтқысы болған монғолдар көп кешікпей өздері жаулап алған түркі тілдес халықтардың, ең алдымен қыпшақтардың қалың ортасында қалды. XIII ғасырдың аяғына қарай монғоддардың қатардағы қалың бұқарасын былай қойғанда, олардың көшпелі ақсүйектерінің түркіленгендігі сонша, тіпті қыпшақ тілі монғол тілін ресми құжаттардың өзінен ығыстырып шығарды.
Мемлекетті басқару төрт әмірден құрылған Диванның қолында болды. Жергілікгі жерлерді басқару тікелей Диванға бағынышты жергілікті әкімдердің қолына берілді.
Басыбайлы адамдарды, көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде монғолдардың көшпелі ақсүйектері орасан кең жерлердің, өте көп мал мен басқа да байлықтардың иелеріне айналды. ХІҮ ғасырда араб жазушысы Ибн Баттута олардың табысын 200 мың динарға, яғни 100 мың сомға дейін жетеді дейді.
Салық бастапқы кезде заттай жиналды, кейіндеп ақшамен (күміспен) ауыстырылды. Қаладағы және ауылдағы әрбір шаруашылыққа салынатын алым-салықтың белгілі бір өлшемі болды. Тұрақты берілетін алымның ауыртпалығы хандардың жиі-жиі қосымша ірі сомалар ("сұратулар" деп аталатын) жіберіп тұру жөніндегі талаптарымен күшейе түсті. Сауданың баж салығынан алынатын жарнасы да хандардың пайдасына түсіп отырды. Жәмшік және көлік борышы, жолаушы жүрген ордалық шендегілер мен олардың нөкерлерінің "күнкөрісі" де шаруалардың иығына түскен үлкен ауыртпалық еді. Хандар алым жинауды толығымен мұсылман көпестерінің ("бес-ермендердің") билігіне берді. Ал олар халыққа өз ойларынан шығарған қосымша салық салды, шаруалар мен қала тұрғындарын өсімқорлықтың шырмауына түсіріп, қарызды төлеуге шамасы жоқтарды шығыстық базарларда құлдыққа сатты.
XIII ғасырдың аяғында орыс жерлерінен салық жинау орыс князьдарына тапсырылды да, орыс қалаларындағы өкілдер кері шақырылып алынды. Бұл Орданы орыс жерлерінің ішкі саяси өміріне тікелей араласу мүмкіндігінен айырды. Русьтің мемлекеттік саяси бірлігі үшін болған күрестің үлкен маңызы болды.
Жеке князьдардың күшеюіне жол бергісі келмеген Алтын Орда хандары орыс жерлерінің бөлшектелуі және князьдардың арасында қырқыстың өрши түсуі үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Хандар тіл алғыш князьдарды Ордаға қауіпті және жақпаған князьдармен қақтығыстырып, соңғыларды хан ордасыңда өлтіру немесе жазалаушы әскерлер жіберу арқылы құртып отырды. Хандар жарлық беруді князьдардың арасындағы күндестік пен сауда объектісіне, оларға саяси қысым жасау құралына айналдырып, "тақты" мұра етудің Русьте қалыптасқан тәртібін әдейі бұзып, Руське тонаушылық шабуыл жасау сылтауы ретінде князьдардың қырқыстарына араласып отырды. Көп жағдайда орыс князьдарының өздері бұрын қыпшақтарды "қақтығыстыргандай" өз бақталастарымен күресте олармен Алтын Орда өскерлерін "қақтығыстырып" жүрді.
Алтын Ордаға қарасты елдерден Русьтің бір айырмашылығы - ол өзінің мемлекеттігін сақтап қалды. Русьтің Алтын Орда хандарына тәуелділігін ең алдымен орыс халқының басқыншыларға беріп тұруға мәжбүр етілген ауыр алымда еді.
Русьтің әскери мүмкіндіктеріне және орыс халқының өз ұлттық мемлекеттігін қорғап қалуға әзір екеніне көзі жеткен монғол-татарлар Русьті тікелей Алтын Орданың құрамына қосудан және орыс жерлерінде өз әкімшілігін жүргізуден бас тартты.
1243 жылы Батыйдың ордасына Сить өзеніңде қаза болған Владимирдің ұлы князы Юрий Всеволодовичтің бауыры Ярослав шақыртылып, ол Ордаға бағынышты екенін ресми тұрде мойындағаннан кейін хан оны Солтүстік-Шығыс Русьтің "ең үлкен" князы деп танып, оған Владимирде ұлы князьдық құруға жарлық (грамота) береді. Ярославтің ізінше басқа да орыс князьдары Ордаға келіп, ханға бағынышты екенін тайға таңба басқандай етіп көрсететін жарлықтар алып қайтты.
Өз князьдықтарында билік жүргізуді князьдардың өз қолдарына беріп, олардың бағыныштылық сипаттағы іс-әрекеттерін бақылап отыруға өкілдер жіберумен шектелді. Өкілдердің міндеті князьдардың іс-әрекеттеріне қатаң бақылау жасау бодды. Өкілдердің жеткізуі бойынша бір нәрседен "жазықты" болған князьдар Ордаға шақырылатын немесе олардың жерлеріне жазалаушы әскер жіберілетін. Қалай болғанда да Русь өз мемлекеттігін сақтап қалды, орыс халқыла монғол-татарлар жағынан ассимиляция қаупі төнбеді. Монғолдар орыс халқына өзінің тілі мен мәдениетін таңа алмады.
Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы саясаттағы жеңістері (1227-1359 ж. )
Жошының екінші ұлы, Шыңғыс ханның немересі Батый хан тұсында монғолдар орыс елінің көп жерін басып алды (1236-41 ж. ) . Польшаны, Венгрияны, Дальмацияны шапты, Грузияны жеңіп, Кавказдың басқа да кейбір халықтарын 5 бағындырды. Алтын Орда шекарасы Ертістен Днестрге дейін созылды. Шығыс Еуропада оған Еділ булғарларының жері, Дешті Қыпшақ, Қырым және Дербентке дейінгі Солтүстік Кавказ (кейде Бакуге дейін), Орта Азияда Үргеніш қаласымен қоса Солтүстік Хорезм, Сырдарияның төмеші ағысына дейінгі аймақ түгел қарады.
Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласында болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды. Алтын Орда XIII-ХІҮ ғасырларда күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекет ретіндегі беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезеңдерде Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет салалары өсті. Оған, біріншіден, түркі текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениеті, Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бируни, Ас-Сығанақи, бин Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оң әсерін тигізсе, екіншіден, көрші елдер мәдениетінен үйренудің ізгі ықпалы болды.
Алтын Орда хандары Батый (1256 ж. өлді), Берке (1257- 66 ж), Мөңке-Темір (1266-80 ж. ), Туда-Мөңке (1280-87 ж. ) ; Төле-Бұқа (1287-91 ж. ), Тоқты (1291- 1312 ж. ), Өзбек (1312-42 ж. ), Жәнібек (1342-57 ж. ) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер, Жошы мен Батый Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттығы өркендеді, әр түрлі кәсіпшілік пен қолөнері дамыды. Берке тұсында Алтын Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек тұсында ол үстем дінге айналды. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезендеріңде билеуші әулеттің өкілдері бастаған әскери феодалдық алпауыт-бектердін құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекеттік құрылыс әскери негізде бодды, шет аймақтарды әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-оғландар: түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерді атқаруға билеуші топтың өз адамдары - оғландар, әмірлер, даруғабектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың дуан бітікшілері, талғамшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін губернаторлар - жаруғашылар басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бүпіуда ұстау, әскер күшімен алым-салық жинау еді. Алтын Орда халқыпың қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әр келкі болды. Көшпелі халықтарда (қыпшақ, монғол, татар тайпалары) жартылай патриархтық, жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдайы мейлінше ауыр болды - олар екі жақтан бірдей қаналды: ханға жергілікті ірі алпауыттарға да алым-салық төледі. Кейіннен АлтынОрда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді кеңінен қолданды. Мұның өзі феодалдардың бағынышты халықты шексіз билеуіне және салықты өз қалауынша жинауына ерік берді. Егінші шаруалар өнделген жерден заттай алынатын салық төледі. Серіктес шаруалар феодалдарға еріксіз жүмыс істеп, салықтарыл өтеді. Бұлардың үстіне жол, көпір, көлік, арық, жүзім т. б. салықтары болды. Жеке меншікті қорғау үшін мемлекеттік заң және мемлекеттік идеология қалылтасты. Ол туралы Лев Гумилев "Мені Евразиялық деп атайды" атты еңбегінде: "Жошы ұлысына қарайтын бүкіл елге - Еділдегі" Алтын Ордадан, Тюменьдегі Көк Орда мен Ертістегі Ақ Ордаға дейін ислам дінін қабыдлауға мәжбүр етілді", - дейді.
Аңғал да, ақкөңіл көшпенділер өздерінің хандарына қалтқысыз сенді, ал хандар болса, ақылды әмірлерге зәру еді. Әмірлер сауда орталығы болған қалалардың тұрғындарымен тығыз байланыста болып, жүз жыл ішінде шынайы мұсылманға айналып шыға келді. Ал бұл Шыңғыс тұқымының жауына айналды деген сөз еді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ булғарлары қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т. б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ аймағы мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар мүдде аз болды.
Монғолдар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы - Еділ бойы (қазіргі Саратовтан Астраханға дейін), басты астанасы - Берке сарайы (немесе Сарай-әл-Хадид), негізгі әскери-феодалдық күші қыпшақ тайпалары болды.
Алтын Ордада 132 жыл үстемдік еткен Батый династиясы (1227-1359 ж. ) (Берке ханның 9 жыл жүргізген билігін косқанда) сыртқы қақтығыстағы жеңістері мен династия ішіндегі тыныштықты сақтауда өздерін Алтын Орда хандығының ішіндегі ең белсендісі екенін көрсетті. Сарай тағындағы Батый ұрпағының соңғы мүрагері өлгеннен кейін Жошы ұлдары Орда-Ежен, Шайбан (Шайбани) және Тоқа-Темір арасында таққа отыруға деген ұмтылыс өріс алды. Осындай қат-қабат қайшылықтар ең алдымен Ақ Ордада басталды.
Шыңғыс хан тектес сұлтандар және олардың міндеттері мен құқықтары
Түркі халықтарылда ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы сұлтандар болды. Монғол сұлтаңдары үстем тап өкілі еді және қарастырылып отырған кезенде олар түркі қоғамының ең беделді саяси күшіне айналды. Алғашында "сұлтан" сөзінің мағынасы жоғары билік туралы жинақтық ұғымды - билік жүргізу, үстемдік, үкімет дегенді білдірді. Х ғасырдың ортасынан бастап бұл термин билік жүргізушіні, мемлекет билеушісін атау үшін қолданыла бастады, оны алғаш қолданысқа енгізген және ақшаға жазған селжұқтар болды. Осман империясыңда патшаны сұлтан деп атады. Бірақ сұлтан сөзі тек падишахқа ғана емес, Осман династиясының барлық ханымдары мен ханзадаларына да қолданылды (1299-1922 ж. ) .
Қазақстан мен Орта Азияда көшпелі өзбектер кезінен (ХІҮ ғ. ) бастап "сұлтан" сөзі Шыңғыс ханнан тарайтын ұрпақтың әрбір мүшесіне берілетін атақты көрсетті.
Сұлтан деген терминмен қатар ер адамдар бойынша Шыңғыс ханның билік жүргізбеген ұрпағына оглан не төре деген термин қолданыдды. Бірақ көбінесе төре сөзі тек сұлтандарды ғана емес, көбінесе шонжарлар мен билерді, көрнекті және білімді адамдар тобын атауға да қолданылды.
Шыңғыс хан ұрпағы туылғанынан бастап экономикалық жағдайына, адамгершілік, ақыл және физиологиялық қасиеттеріне қарамастан, сұлтан деген атаққа ие болды, сонымен бірге осы әлеуметтік топ ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан сұлтандық құқықтарға да ие болатын болды. Шыңғыс ханның әрбір ұрпағы оның қай бұтағына жатқанына қарамастан, монғол империясының дәстүрі сақталған қай жерде болмасын хандық атаққа таласа алатын еді. Сондықтан қазақ ұлысының Шыңғыс ұрпағы, мысалы, қарақалпақ пен қырғыздар падишахының орнында не Бұхара мен Хиуаның уақытша хандары болып отыратын. Айта кететін бір жайт, сұлтандар қазақ та, өзбек те емес, тіпті ездерін түркі-монғол тайпаларының біріне де жатқызбады. Олар шығу тегі бойынша Шыңғыс ханның билікке құқықты ұрпағы болды. Мазмұны мен сипатына қарай тұқым қуу құқығына негізделген Шыңғыстықтар билігінің ұлттық мағынасы болмады. Мысалы, жалпы мемлекеттік басқаруға қатысу құқығын қазақ ұлыстарының сұлтандары жыл сайын шақырылатын құрылтайға - қазақ қоғамының бәріне қатысты істерді жүргізетін жиналысқа келу арқылы жүзеге асыратын "Жеті жарғының" бабында былай делінген: "Халық істерін шешу үшін барлық сұлтандар, ақсақалдар мен тайпа басшылары күзде бір жерде, даланың ортасында жиналатын болсын".
Қазақтар, өзбектер, қырғыздар және түрікмендер дала мемлекеттілігінің дәстүрін сақтады және Шыңғыстықтардың қалыптасқан құқығын жоймады, сондықтан әрбір беделді сұлтан ұлыстың басшысы болуға таласатын. ХҮІ ғасырдағы қазақтардың әкімшілік-саяси құрылымыл Ибн Рузбехан былайша суреттейді: "Әрбір қазақ ұлысын Шыңғыс хан тегінен тарайтын бір сұлтан басқарады, олар өзінің халқымен бірге бір жерде "киіз үйде" отыратын өздерінің толық билікті сұлтаны болады". Ұлысты басқару сұлтандарға, ұлыс адамдарына әскери-саяси билік жүргізуге, сонымен бірге жайлаулар, су көздері мен т. б. иемденуге құқық береді.
Сұлтандар билігінің белгілі бір саяси және аймақтық маңызы болды, бірақ дәстүр бойынша әрбір сұлтанның белгілі аймаққа ғана билік жүргізуімен анықталды. Әрбір ұлыстың сұлтаны ұлысты және ұлыстық әскерді басқаруға құқықты болды, бірақ жекеменшіктік құқығы бар ұлыстық аймактың иесі емес. Сол кездегі саяси сананың деңгейі бойынша барлық жердің жоғарғы меншік иесі түгелімен үстем ру (сұлтан шыққан ру) болды, яғни жердің барлығы Шыңғыстықтардын, жеке меншігі болды, бірақ жоғарғы басшылық (хан) әрбір уақыт аралығында ұлысты басқа сұлтанға беруге құқылы болды.
Орыс хан мен Тоқтамыс кезіндегі Ақ Орда мемлекеті
Ақ Орданың негізін салған Шыңғыс ханның, немересі, Жошының тұңғышы Орда-Ежен еді. Бастапқыда ол Алтын Орданың құрамында болды. Жошы өлген сон, оның балалары мемлекетті бөліске салды. Алтын Орданың орнатушысы және оның ең жоғарғы билеушісі Батый хан әскердің оң қанатын тікелей өз қарамағына қалдырды да, сол қанатты (Жоңғарды) Орда-Ежен мен оның төрт іңісі - Улур, Тоқа-Темір, Шингкум, Сингкумге берді. Сөйтіп Сырдария алабынан Балқаш көліне дейінгі кең байтақ жер іргелес отырған ру-тайпалармен қоса түгелдей Орда-Еженнің, билігіне көшті. Шығыстағы шекарасы Ертіс атырабы мен Алтай тауларына дейін созылыл жатты. Хан Ордасы алғашында Ертісте және Алакөл маңында, яғни Орда-Еженнің әкесі Жошы ханның бастапқы отырған жерінде болды. Ақ Орданың билеушілері ХІҮ ғасырдың екінші жартысында өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде мойындағанымен, іс жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Барлық ішкі саяси күш Ақ Орданың өзінде болды. Сол себептен де Шығыс қолжазбаларында Ақ Орда Алтын Ордамен қатар өмір сүрген, одан бөлек жеке мемлекет ретінде сипатталады. Тәуелсіздік жолындағы саясатты Ақ Орда ханы Орыс хан бастады.
Орыс хан 1376-1380 жылдары Ақ Ордада атасының (Орда-Еженнің) орнына таққа отырды. 1368-1369 жылдардан бастап Ақ (Зрданың астанасын Сығанақ қаласына көшірді және осы қалада Орыс хан соқтырған теңгелер осы кезден бастап белгілі болды. Орыс хан Ақ Орданы дербес билеп, оның саяси тәуелсіздігін нығайтуға ұмтылды. Ақ Орданың Сырдария маңындағы аймақтарында егін және қала шаруашылықтарын дамытуды қолға алғаны белгілі. Орыс хан Шымпай ханның тұсында-ақ Алтын Орданы өзіне бағындыруға әрекет етті. Дәл осы кезде Ақ Орда ханы Орыс ханға қарсы құрылған тарих сахнасына Тоқтамыс пен Едіге қатар шықты.
Бұл кезең феодалдық өзара қырқыстың өршіп, Ақ Ор-даның Жошы ұлысынан (Алтын Ордадан) іс жүзінде бөлініп, өз алдына жеке мемлекет болған кезі еді. Тоқтамыс сұлтан Ақ Ордадағы соғыс кезінде Самарқанға қашып кетіп, Әмір Темірдің ғұзырында әрі қонақ, әрі тұтқын ретінде біраз тұрады. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Әмір Темір Тоқтамысты оған қарсы айдап салады. Темірдің әскерй көмегіне сүйенген Тоқтамыс 1374-1375 жылдары Орыс ханға қарсы жорыққа аттанады. Соғыста орыс ханның баласы Құтлұғ-Бүқа өлгенмен, Тоқтамыс әскері талқандалады.
Темірден жаңа өскер алып екінші рет жорыққа аттанған Тоқтамыс Орыс ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерінен тағы да жеңіледі. 1375-1376 жылдардағы қыста Орыс хан Темір мен оның одақтасы Тоқтамысқа қарсы өзі жорыққа шығады. Екі жақ Сығанақ түбінде кез-келгенімен күннің тым суып кетуіне байланысты Орыс хан шайқасты тоқтата тұрады.
Келесі жылы (1376) Орыс хан Темірге қарсы аттанады. Ол осы жорық кезінде өліпті-міс (1376-1377ж) . Басқа деректер бойынша Орыс хаң 1380, 1381 жылдары қайтыс болған делінеді.
Тоқтамыс 1377жылдың ақырында Ақ Орданың Сығанақ, Сауран қалаларын басып алады. Насыр-ад-Дин баһадур ханның көмегімен өзін Ақ Орданың билеушісі етіп жариялайды.
Тоқтамыстың Орыс ханды, оның балаларын жеңуі ешқандай кездейсоқтық емес. Ол батыс елдеріне арқа сүйеді, генуездік көпестерден ақшалай да, әскери де көмек алып тұрды. Сондай-ақ ол Самарқан мен Бұхара саудагерлерінің қорғаны болған Темірдін қолдауына ие болды. Бірақ екі одақтасы да тұрақты емес еді.
1377-1378 жылдары Тоқтамыс Ертіс пен Еділ маңындағы басқа да қалаларды бағындырды. Сонымен Тоқтамыс Ақ Орда мен Көк Орданың билігін өз қолына алды.
Ақ Орда мен Көк Орда ханы - Тоқтамыс пен Мамай мырза арасындағы соғыс және Куликово шайқасы
Көк Орданың басқа этностармен және басқа мәдениетпен байланысқан белгілі нақты шекарасы болған жоқ. Оның ішкі қуат-күші әлі сақталып тұрған. Ал Алтын Орда мен Ақ Орда ХІҮ ғасырдың аяғында бастапқы ішкі қуатынан белгілі мөлшерде айырылып қалған болатын.
Сол себепті де Еділ мен Ертістің бойында халықтық қасиет әлсіреген кезде Көк Орда әжептәуір күшейіп алған еді. Мұндай жағдай Тоқтамысқа Еділдің сол жақ жағалауын иеленуіне мүмкіндік бар екенін көрсетті.
Көк Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ булғарлары, қыпшақтарға, орыстар, тағы басқалар, далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т. б. тайпалар мекендеді.
Лев Гумилев айтқандай, егер Алтын Орданың халқы қырық рудан құралған құрама болмаса, мұнда бәрі де жақсы болуға тиісті еді. Бағыныштысы билеушісіне қандай тәуелді болса, билеушілері де бағыныштысына сондай тәуелді болды. Сондықтан Кама булғарлары арасында немесе Қара теңіз жағасындағы далалықтар, қыпшақтар арасында сағалап жүрген кейбір монғол баһадурлары біраз уақытқа тәуелсіздікте жүрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz