«Оқу қызметіндегі квалиметрия» пәнінің оқу-әдістемелік нұсқауы


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ - ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
«ОҚУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ КВАЛИМЕТРИЯ»
пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
«6Д010300 - Педагогика және психология» мамандықтарына арналған
ТҮРКІСТАН - 2013
№1 лекция.
ЖОО-дағы квалиметрияның негізгі сипаттамасы.
Лекция жоспары:
- ЖОО-дағы квалиметрияның негізгі сипаттамасы.
2. ЖОО-дағы квалиметрияның негізгі анықтамалары
Лекция мәтіні. Квалиметрия - кешенді өлшеу мен педагогикалық нысандар, құбылыстар мен процестер сапасын бағалау әдіснамасын, теориясын және практикасын ашатын педагогикадағы бағыт.
Мектепті басқару үрдісі, оның мақсаты, әдістері, формалары (түрлері) және мазмұны қоғамның әлеуметтік тапсырысы, мемлекеттің (үкіметтің) білім беру саясатымен анықталады. Әр түрлі әлеуметтік үрдістер сияқты мектепті басқару процесі мектепішілік әкімшіліктің басқару әрекеті арқылы ғана жүзеге асатын белгілі бір заңдылықтарға бағынады.
Заңдылықтарды игеру (білу, түсіну) мектепті ғылыми басқарудың негізін қалайды, оның қатынастарының мәнін ашады, ішкі және оданда терең басқарушы мен басқарылушы арасындағы байланыстардың табиғатын түсінуге үйретеді, ғылыми негізде іс-әрекеттердің мақсатын анықтап алуға және нақты шешімдерді дайындауға мүмкіндік береді.
Мектепті басқару заңдылықтары - бұл аса мықты, мазмұнды, жалпы, қажетті, қайталанатын және объективті байланыстар мен қатынастардың көрінісі. Олар басқарудың практикалық барысында пайда болады және көрінеді. Енді осы мектеп басқарудын, біздің көзқарасымызға сай, жалпы заңдылықтарына сипаттамалар бере кетейік.
Сипаттаманың алғашқы көрінісі мектепті ғылыми басқару тек жоғары аналитикалық дәреже сақталғанда ғана мүмкін болады. Басқару объектісін күрделі әлеуметтік организм есебінде жан-жақты және кешенді зерттеу қажет екендігін Д. М. Гвишани және басқалар атап көрсетіп отыр.
Қандай да бір әлеуметтік объектіні басқару үшін оның нақты құрылымы және әр уақыттар бөлігінде қалай өзгеріп тұратынын білу керек. Мұндай мәліметті тек қана басқару процесінде дүниетанымдылық іс-әрекеттің тұрақты жүргізіліп тұрған жағдайында алуға болады. Оның мектеп жағдайындағы нақты көрінісі-педагогикалық болмысты тану процесі ретінде түсінілетін оқу-тәрбие процесі.
Басқарудың эмпирикалық деңгейі берілген мәліметтің, көріністің, үстіртте жатқан қасиеттің, қарым-қатынастың, басқарылатын объектінің байланыстарына негізделген. Ғылыми деңгей анализге сүйенеді, өйткені ол берілген мәліметтің шеңберінен шығып, нақты көріністің бейнесінің жасырын ішкі механизмін құрастырушы жасырын бағыныгтылықтың сферасына кіріп кетеді. Бұған тек қана информацияларды (мәліметтерді, ақпараттарды) тұрақты аналитикалық сараптауға салғанда жетуге болады. Аналитикалық сараптаманың болмауы циклдардың ыдырауына, басқару процесінің төмендеуіне алып келеді. Аналитикалық қызметтің нәтижесінде мектеп жетекшісі басқарудың мақсатын нақтылауға мүмкіндік алады.
Анализдің қорытындысы оқу-тәрбие процесінің мектепішілік тексерістерімен (контроль) бірлікте басқару қызметінің басқа екі өте маңызды ғылыми және әсерлі (эффективный) - (пайдалы) негіздерін қалайды: оның бірі - жоспарлау болса, екіншісі - реттеу. Бұлай қауымдасу мектепішілік тексерістің өміршеңдігін және жемістілігін (пайдалылығын) көрсетеді.
Өткен жылдың қорытындысын зерттей отырып, анализ ескі жылды жауып, жаңа жылдық мектеп басқарудың жылдық циклын ашады. Сонымен басқару процесінің үздіксіздігін сақтап отырады.
Сабақтарды жан-жақты талдаудың орасан зор маңызы бар. Талдау - сабақтың сапасын басқарудың жетекші мен мұғалімнің жеке әдістемелік жұмыстарын іске асырудың, ұжымының шығармашылық ізденістерін қалыптастырудың жағдайын жасаудың, оқытушының өзіндік білімін арттырудың және т. б. ең басты жолдары болып табылады.
Сонымен қатар талдау мектепті басқарудың заңдылықтардың жалпы қатарында заңдылықтардың жүйе құрушылық қызметін атқарады. Анализ көрсетілген процестердің байланыстарының тереңдігін, маңыздылығын, тұрақтылығын, қажеттігін және атрибуттылығын бейнеледі.
Басқару процесінің екінші өте маңызды заңдылығы төмендегідей анықталады: басқару қызметінің қажеттілігі (пайдалылығы) неғұрлым жоғары болса, солғұрлым оның қорытындысы әсерлірек (елеулі, қомақты) болады. Қажеттілік қажеттілікпен құрылымдық байланысты, ол жүйелілік қызметінің жүйеліліктің бүтіндігін сақтап қалу үшін бағыныштылығы қажет.
Бағдарламаны жүзеге асыруда мақсаттың ролі орасан зор, себебі оған жүйеліліктің құрылымы мен тәртібі бағынады.
Ғылыми басқару - мақсаткерліктің негізінде жүзеге асады. Қажеттілік (мақсаттылық) - жоғары дәрежеде ұйымдастырылған әлеуметтік жүйенің фундаментальдық (түпкілікті, тұғырлы, текті) сипаттамасы, оған мектеп те кіреді.
Бұл заңдылық біріншіден басқару қызметінің бағдарлы мақсаттылығымен бейнеленеді. Үлкен және күрделі жүйеде мақсат және оның бөліктері үшін өзінің анықтамасын нақтылауы оны тікелей орындаушыларға нақты өндірістік тапсырма ретінде жеткізуі қажет. Жоспарлау мен мақсат қоя білу - басқарудың сапасын арттырудың маңызды қоры. Екіншіден, заңдылық мақсатқа ұмтылу қасиетімен бейнеледі, бұл ұмтылыс мақсатқа жетудің жоспарлауға белсенділікті біріктіру, ұйымдастыру, ескеру, реттеу және талдау қызметгерінің қажеттілігін көрсетеді. Субьектінің мақсаткерлігі - бұл сыртқы және ішкі кедергілерге қарамай өзінің күш-қуатын мақсатқа жетуге бағындыра және басқарылатын объектіні осы мақсатқа жетуге жұмылдыра ала білуді қажет етеді. Мақсат жүйесі неғұрлым көптармақты болса, соғұрлым мектеп жетекшісі жеңіл және дәлелді түрде өз қызметінің жүйелі және тактикалық және стратегиялық желісін жоспарлап алады.
Келесі заңдылықтың мазмұны басқару әсерінің үздіксіздігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның қорытындысы әсерлірек (пайдалырақ) дегенге келеді. Үздіксіздік көп жағдайда басқарудың мақсаткерлігінен өрбиді және мынадай жағдайда қол жеткізеді:
а) тұрақты қызмет ететін ақпараттық жүйе және одан түсетін оқу-тәрбие процесінің барысы мен дамуы басқару әсерлерінің қорытындысының негізінде басқарылатын жүйенің өзгеруі туралы ақпараттар;
ә) осы ақпараттардың үздіксіз талдануы;
б) осы талданудың қорытындысы бойьшша жылдам басқарушылық шешімдер мен реттеуші шешімдер қабылдау;
Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жалпы идеясы педагогикалық еңбектің ерекшілігіне сәйкес өзгереді, жаңартылады. Педагогикалық еңбек - бұл еңбек түрлерінің бірі, мұндай еңбекте мұғалім мен оқушылар бірлесіп әрекет жасайды.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру -бұл ынтымақтастық педагогикасы негізінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау. Ал еңбек бұл нақты мақсатқа сәйкесті адамның іс-әрекеті. Іс әрекетінің бастысы дене, ақыл-ой еңбегі, материалдық және рухани еңбек, ойын, оқу т. б.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бұл қазіргі ғылым мен озат практика жетістіктерінің нәтижесінде негізделген еңбекті ұймдастырудың жетілдіру процесі.
Оқыту мен тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру және жетілдіру, еңбек іс-әрекетінде уақытты, күштерді, әдістер мен құралдарды барлық қатысушылардың толық және тиімді пайдалануы -педагогикалық ұжымның тікелей міндеті. Бұл мәселелерді еңбек процесінде іске асыру интенсификациялау, ізгілендіру мен гуманитарландырудың диалектикалық ұштасуы жағдайында ғана мүмкіншілік алады. Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бұл интенсифициялау, ізгілендіру мен гуманитарландыру бірлігі.
Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің бүкіл саласы қайта құру жағдайында педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылуда. Солардың ішінде басты мәселелердің бірі мұғалім шығармашылығын дамыту дәрежесі.
Педагогикалық шығармашылық -бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат тәрбиені жасау, тұтас педагогикалық процесс проблемаларын шеберлікпен шешу, оларды педагогикалық шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие процесін шығармашылықпен іске асыру.
Халыққа білім беру жүйесіндегі озат оқу тәрбие мекемелерінің іс-тәжірибесі еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мынандай негізгі бағыттарын анықтап жүзеге асыруда:
1. Мектептің және басқа да оқу орындарының жоспарлау және есепке алу жұмыстарын жетілдіру.
2. Мектеп басшыларының міндеттерін дұрыс бөлу. Мысалы: мектеп директорының міндетіне педагогикалық ұжымға басшылық ету, кадрларды іпіктеп алу, дұрыс орналастыру және тәрбиелеу, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды бақылауды іске асыру, озат педагогикалық тәжірибе, кәсіптік бағдар беру жұмысы, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ата-аналармен, жұртшылық пен жұмыс істеу жатады. Сонымен бірге ішкі тәртіп ережесін, қауіпсіздік техникасын қорғау мәселелерін де қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстарды демократиялық және жариялылық принципі негізінде басқарады.
Сонымен, халыққа білім беру жүйесіне еңбекті ғылыми ұйымдастыруды кеңінен енгізудің барынша мүмкіншілігі және қажеттілігі арта бермек.
Мектеп жұмыстарының ішінде ең басты мәселердің бірі -педагогикалық ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау қажет. Мектеп жұмысын меңгеріп, зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға директор және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Олар өздерінің міндеттерін педагогикалық принцип негізінде іске асырады.
Мектептерде педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірбие оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу обьектісі, фактілермен ғылыми мәнді жинақтардың негізгі көздерінің бірі сондықтан педагогика озат тәжірбие оқу тәрбие жұмысын дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай әр бір мұғалім еліміздегі жаншыл ұстаздардың бай тәжірбиесін белгілі педагоктар мен психолоктардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады. Оқу мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін зерттеуде мұғалімнің өз тәжірбиелерден өзі зерттеп жинақтау ісі әрі қиын әрі мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойлайтындай зерттеп практикада дәлелдеу өзіне байланысты мұғалім оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты мәселелерді таңдап алады да олардың тиімділігін сабақтардың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылап терең зерттейді. Зерттеу жұмыстарын материалдарға талдау жасап қорытындылап үнемі дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін әр түрлі әдістердің қолданудың тиімді жолдарын оқыту мен тәрбие процесінде оқушының ынтасы мен таным қабілетін дамытуды шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді көре басатайды. Сөйтіп оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін мұғалім педагогикалық әдебиеттермен танысады. Қажетті әдебиеттерге аннотатция және белгілеу графия жасайды. Аннотатция- мұғалім өз мекендігі немесе көршілес мектептердегі тәжірбиені мұғалімнің тәрбие жұмысын танысады. Сабаққа қатысады. Олардың оқытумен тәрбие әдістері өзінің қамтып жүрген әдістерімен салыстырады, тиімді қортынды жасайды.
Зерттеу жұмыстарына байланысты құжаттарын мұғалімдер бірте -бірте жинастыратын болады. Мұғалімнің өз тәжірбиесін өзі зерттеп жинақтау. Жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімнің іс тәжірбиесін тарату және жинақтау. Жанашыл мұғалімнің озат тәжірбиесін тарату және оны оқу процесіне енгізу.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері әрбір ғалым өзінің дербес әдіснамасын зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістері зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғалымдардың төл ісі болмай, барлық мұғалімдерінің игілігіне айналуы қажет. Мұғалім өз жұмысында зерттеу әдістерін ғылыми негізінде меңгеріп, социялогия және психология ғалымдардың әдістерімен ұштастырып жүргізе білгенде ғана өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірбиелерін жан-жақты зерттей алатын болады.
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей бұл бағытта педагогика үлкен прогресске ие. Бір кезеңдерде үстірт философиялық-әлуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келеді.
Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүгін бір жүйесін жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық тәжірбиені үйрету және қорытындылау, әлеуметтік талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу және тағы басқа әдістерде жатады.
Педагогикалық тақырыптарға жазылған бірсыпыра құнды еңбектер педагогика ғылымның дамуына игі әсерін тигізді. Озат педагогикалық тәжірбиені үйрену және жинақтау. Бұл әдіс оқытумен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан озат мектептермен мұғалімдердің тәжірбиесін үйрету және оны теориялық пайымдауға негізделген. Көп жағдайларда мұғалімдер күнделікті сабақ тәжірбиесімен эмпирикалық түрде маңызды педагогикалық жаңалықтарға жетіп отырады, бірақ олардың бұл пайдалы істерін педагогикада танылмай, тиісті зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшіліккке жетпей, қалып кете береді.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық қылған жалықбас
Үйретуден балаға - дей отырып, «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, ақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан боладың.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру жалпы педагогикалық еңбектің ерекшелігіне сәйкес өзгереді және жаңартылады. Педагогикалық еңбект бұл еңбек түрлерінің бірі, мұндай еңбекте мұғалім мен оқушылар бірлесіп әрекет жасайды. Сондықтан материалдық өндіріс орындарында қолданылатын еңбекті ғылыми ұйымдастырудың педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың айырмашылығы бұл бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау, екіншісі оқушы.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру - бұл ынтымақтастық педагогикасы негізінде мұғалым мен оқушылардың бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау. Ал еңбек бұл нақты мақсатқа сәйкес адамның іс-әрекеті.
Іс-әрекеттің бастысы дене, ақыл-ой, еңбегі, материалдық және рухани еңбек, ойын, оқу т. б.
Еңбек өндірілетін материалдық және рухани құндылықтармен байланысты.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бұл қазіргі ғылым мен озат практика жетістіктерінің нәтижесіне негізделген еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру процесі.
Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты. Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау мұғалім көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып белгілі жүйелікпен жүзеге асырылатыны айқын.
Мысалы: оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен бейтараптылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін есіне алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын.
Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра оытырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете және білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаздық еңбек негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық танымы.
Ұстаздық шеберлік еңбегі, екіншіден, пәнді жетік білуді, ойды оқушыларға жеткізу үшін негізгі материалды терең түсініп, олардың алдына жан-жақты дайындықпен баруды, сонымен қатар, оқушылардың басына әдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білуі тиіс.
Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру керек. Педагог көп біліп қана қоймау сол білгендерін оқушыларға бере білуі, яғни белгілі бір сынып оқушыларының жас мөлшері мен шама-шарықтарын ескеріп, сабақтың қызық та түсінікті әрі жеңіл өту жағын ойластыруы қажет. Педагогикалық әдеп ауадай қажет. Оған қоса, педагогикалық істің шебері оқушылардың түсінігін, тәжірибесін біліммен байтып, моральдық сапасын қарастыруға, программалық материалдың жақсы мұғалімі болып қана қоймай, оқушылардың тәрбиешісі де болуы керек.
Алайда, зер салып байқасақ, жалпы әдеп бар да, педагогикалық әдеп бар ғой. Кеқ келген тәрбиелі де мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп - медицина қызметкерлерінің дәрігерлік этикасы сияқты мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберлігі еңбектің құрамдас бөлігі болып табылады.
Педагогтық ғылыми ұйымдастыру еңбегі, кең мағынасында ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушыларға біздің тарапымыздан болатын әр бір педагогтық әдіс-тәсіл, әр бір ескерту мұғалімнің беделін жоғары көтеретіндей, не болмаса оған нұқсан келтірмейтіндей болуы керек. Мұғалімдер өз талаптарын оқушылардың қалай орындайтынына маңыз беріп қана қоймай, сонымен қатар, реніш тумау жағын да ойластырғаны жөн.
Педагогтық әдептен хабары мол оқытушы, меніңше, ұстамды, бірақ талап қойғыш мұғалім, қайсар және өз дегенінен қайтпайтын адам. Әр нәрседен хабары мол әдепті мұғалім оқушылардың жүрегіне жол таба біледі. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерлік-жігер, ұстамдылық, дәйектілік, талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік, орынды мысқыл, ептілік, әзіл оспаққ ырғағының мол болуы.
Оқушылармен жұмыс барысында ешқендай ымыраны мойындамайтын мұғалімдер де бар. Ондайлардың көбісі көтеріңкі дауыспен сөйлейді. Сабағы түсінбегенде, күлкі буғанда, класта тақта сүртілмегенде ұрсып сөйлейді.
- Сонда қалай мұндай жәйттерге мән бермеу керек пе?
- Мән беру керек, бірақ түрліше мән беру керек.
Одан да олардың белсенділігін көтерген жөн. Оқушылар айтқанды ұғып алмаса, айқайдан пайда жоқ. Сол материалды қайтадан түсіндіру керек. Оқушыларды күлді екен деп мен өзім, мысалы, оқушыларға айқаламаған болар едім.
Күлетіндей жағдай болса, олар күлкілерін бәрібір жасыра алмайды. Одан да оқушылардың күлуіне мүмкіндік беріп, өзің де қосылып күліп, содан кейін құлаққа жағымды үнмен бір қызық әңгіме бастап, сөйтіп барып жоспарланған материалдың мазмұнына көшу керек. Мысалы: тақта кір болса, оқушыларға реніш білдіруге де болады немесе тақтаны үн-түнсіз сүрте бастап, сәлден соң оларға естірте: «Егер сіздерге тақта сүрту қиын болса, мен-ақ сүртейінң - деп айтсақ жеткілікті. Келесі жолы тақта айнадай жалтырап тұрады.
Әрбір әдіс-тәсілдің орынды қолданғаны жақсы. Орынымен айтылса, әзіл-қалжың ашу-ызаның бетін қайтарады.
Педагог әрқашан оқушылардың жүректеріне жол таба білу қажет.
Оқушыларды дұрыс тәрбиелеу үшін оларды жақсы білу керек. К. Д. Ушинский «Адам - тәрбие нысанасың деген өзінің күрделі еңбегінің кіріспесінде: «Егер педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білу керек, ң - деп жазды.
Оқушыларды зерттеу - әр мұғалмнің және әсіресе класс жетекшінің міндеті. Ол мектеп оқушыларын сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта, оқушы семьясына барғанда зерттейді.
Оқушыларды зерттеу - оларды жекелеп тәрбиелеуді қажетті шарты. Мектеп оқушыларын зерттеу - тәрбиелеу мен оқыту процесінде жекелеп тәрбиелеу әдісін қамтамассыз ету үшін керек. Зертеуге кірісе отырып, нені зерттеу, неге болса назар аудару керегін анық көз алдыңа келтіре білген жөн. Зерттеу процесінде, әдетте, оқушының жалпы және саяси дамуы, оның моральдық бейнесі, мінез ерекшеліктері, үлгерімі мен тәртіптілігі, еңбек сүйгіштігі, мінез-құлық мәдениеті, жеке өзінің қасиеттері айқындалады.
Мектеп оқушыларын жан-жақты зерттеу ең алдымен қарым-қатынас процесінде және нақты іске оның басқа адамдармен байланысын зерттеу.
Зерттеу мақсаты болу және нақты сипат алу үшін, оқушылардың педагогикалық зерттеудің үлгі программасына ия болу қажет. зертеу процесінде оқушының жеке басының негізгі белгілерін айқындауға ерекше назар аударылады: оның идеялары мен талпыныстарының негізгі бағыттары, бұл идеяларды нақты істерде - оқуда, еңбекте, қоғамдық жұмыста көрсете білу, отанды сүю, шыншылдық және адалдық, сияқты моральдық қасиеттерінің болуы, мінезінде жігерлік сезімдері сияқты моральдық қасиеттерінің болуы.
Оқушыларды педагогикалық бақылау. Бұл мектеп оқушыларының зертеудің негізгі және неғұрлым кең тараған әдісі. Бақылау оларды әдеттегі өмір мен іс-әрекет жағдайында жүйелі зерттеуге бағытталған. Ол сабақта, сабақтан тыс уақытта, қоғамға пайдалы еңбек және қызыметтің басқа басқа түрлері процесінде жүзеге асырылады.
Бақылау неғұрлым жақсы әрі мақсатты ұйымдастырылса, мектеп оқушыларын соғұрлым терең әрі жан-жақты зертеуге болады.
Бақылау - бұл еңбекті көп керек ететін әдіс. Обьектив дерек алу үшін әртүрлі жағдайда мінез-құлықты сипаттайтын сан алуан фактілерді жинау керек. Жеке, кейде кездейсоқ фактілердің негізінде ғана мінез-құлықты сипаттауға және бағалауға болмайды. Жеке адам үшін неғұрлым типті болып табылатндары айқындау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz