Қартайған шақта берілетін мемлекеттік зейнетақы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Австралия

Адам қартайған шақта берілетін мемлекеттік зейнетақы (age pension) бұл - мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын толығымен дәстүрлі қайта таратушы зейнетақы. Ол Австралияның 65 жасқа жеткен кез келген азаматына немесе тұрақты резидентіне төленеді. Қазіргі уақытта қартайған шақта берілетін мемлекеттік зейнетақының толық мөлшері жалғыз басты зейнеткерге айына А$500 және отбасылық жұпқа айына А$900 (сомалар бүгінгі жағдай бойынша келтіріліп, дөңгелектелген) . Салыстыру үшін - Австралиядағы орташа айлық жалақы салық салынғанға дейін А$4, 500 және нақты қолына алатыны А$4, 500. Зейнетақы мөлшері де, бұдан әрі көрсетілген басқа нормативтер индекстелген және бағаның өсуіне сәйкес жүйелі түрде қайта қаралып отырады.

Қартайған шақта берілетін мемлекеттік зейнетақыны алу үшін адамның қандай да бір уақытта жұмыс істеуі талап етілмейді. Оның бұрынғы жалақысы да маңызды емес. Мемлекеттік зейнетақының мақсаты - кез келген қартайған австралиялыққа өмір сүрудің ең төмен тиісті деңгейін қамтамасыз ету. Зейнетақыға едәуір қосымша жеңілдіктер қоса беріледі, олардың ішіндегі ең маңыздылары - толығымен тегін медициналық қызмет көрсетіледі және дәрі-дәрмекке қаржы бөлінеді. Бұдан басқа, зейнеткерлік куәліктің иелері біршама жеңілдікпен қоғамдық көлікке билеттер сатып алуға құқылы, ал жылына бір рет штат шегінде қалааралық көлікпен тегін жол жүреді.

Мемлекеттік зейнетақының мөлшері кіріс пен меншікке байланысты. Толық зейнетақы меншігі жылжымайтын мүлкі болған жағдайда $160, 000 кем бағаланатын (бұл сомаға жылжымайтын мүліктің бағасы кірмейді) немесе жылжымайтын мүлкі жоқ болса $280, 000 бағаланатын австралиялықтарға ғана төленеді. Өзіне меншікті тұрғын үйі жоқ ерлі-зайыптылар үшін өзге нормалар белгіленген. Үй, автомобиль, жиһаз, акциялар, т. с. с. меншік үлкен сомаға бағаланса, онда зейнеткерге тиісті мемлекеттік зейнетақының мөлшері меншік мөлшерін есептейтін арнайы формулаға сәйкес азайтылады. Егер зейнеткердің меншігі мемлекет белгілеген сомадан көп болса, онда оған мүлде ешқандай мемлекеттік зейнетақы төленбейді. Ол оның меншігі келтіретін немесе келтіруі мүмкін кіріспен өмір сүруі тиіс деп есептеледі.

Мұндай ережелер кіріске қатысты да қолданылады: кіріс неғұрлым көп болса, мемлекеттік зейнетақы соғұрлым аз болады (бұл ретте мемлекеттік емес зейнетақы да кіріс болып есептеледі) . Жалғыз басты зейнеткер толық зейнетақыны кірісі $130-дан аз болған жағдайда алады, ал ерлі-зайыптылар үшін бұл деңгей $230 құрайды. Бұдан әрі таныс қағидат жүзеге асырылады: қосымша кіріс зейнетақы мөлшерінің төмендеуіне әкеледі, зейнеткер бір айда кірістің белгілі бір деңгейіне жеткен соң тағы да мемлекеттік жәрдемақы алу құқығынан айрылады.

Әрине, мемлекет австралиялықтар қартайған шақта өз-өзін қамтамасыз етуді өз мойындарына алуы үшін барынша тырысады. Барлық дамыған елдер сияқты Австралия тез қартаяды, 2030 жылға таман оның халқының 25%-ын 65 жастан асқан адамдар құрайтын болады. Қазірдің өзінде зейнетақы мен жәрдемақы мемлекеттік шығынның ең ірі бабы болып табылады - оларға федералдық бюджеттің үштен бір бөлігіне жуығы жұмсалады. Осы бап бойынша шығындардың бұдан әрі өсуі ақылға сыймайды және мемлекеттік зейнетақы мөлшерін біртіндеп қысқарту шарасыз іс болса керек - әйтсе де саясаткерлер демократиялық Австралияда сайлаушыларының танымал емес белгілі шешімі үшін өздеріне жауапкершілік алуға онша тырыспайды.

Сондықтан жеке зейнетақы қорлары (superannuation funds) қызметінің маңызы көбірек. Бірнеше онжылдықтар бойы жұмыс істейтін барлық австралиялық жарналарын міндетті түрде осындай қорларға салып келеді. Міндетті жарнаның мөлшері бірнеше рет өсті және қазіргі уақытта салықтарды шегергенге дейінгі жалақының 9% құрайды. Сонымен қатар жұмыс беруші көп жағдайда сол зейнетақы қорына ұқсас соманы салуға міндетті, сондықтан жүйелі төлемдер жалақының ең кемі 18% құрайды. Әлбетте, қызметкерлерге салық төлегеннен кейін зейнетақы қорына қосымша төлем жасауына да тыйым салынбайды.

Зейнетақы қорларының қызметі қатаң реттеліп, бақыланып отырса да, олар жеке меншік мекеме болып табылады. Бұрынғы кезде компаниялар әдеттегідей қызметкерлер мен жұмыс берушінің барлық жарналары аударылатын қандай да бір қормен тұрақты келісімде тұрған. Қазіргі заңнама бойынша австралиялықтардың зейнетақы қорын таңдауға құқығы бар, алайда көбі әдеттегіше бұрындары олармен тұрақты байланыс орнатқан қорлармен істес болуды жалғастырып келеді.

Зейнетақы заңнамасын ырықтандыру бірнеше шағын зейнетақы қорларының пайда болуына алып келді, олардың көбінің бір ғана салымшысы бар, ол әрі салымшы, әрі сол қордың иесі. Заң кез келген австралиялықтарға өзіне меншікті зейнетақы қорын құруға мүмкіндік береді - одан тек тиісті ең аз аударымдарды жасау және зейнетақы қорларына қойылатын басқа талаптарды сақтау талап етіледі. 2007 жылғы наурызда Австралияда 338 мыңға жуық қор жұмыс істеді, алайда олардың басым көпшілігі шағын қорлар - осындай 331 мың қордың үлесіне зейнетақы жүйесінің барлық капиталының 23, 1%-нан ғана келеді. Жүйедегі 7, 000 орташа және ірі қорлардың маңызы зор.

Зейнетақы қоры өздері алған ақшамен кәдімгі инвестициялық қор сияқты жұмыс істейді - оларды бағалы қағаздарға және жылжымайтын мүлікке салады. Бұл ретте зейнетақы қорлары өз салымшыларына тәуекел дәрежесімен, сәйкесінше кірістілік дәрежесімен ерекшеленетін бірнеше инвестициялық стратегияларды таңдауға ұсынады. Зейнетақы және кәдімгі инвестициялық қордың арасындағы айырмашылық - зейнетақы қорының бірнеше салмақты салық жеңілдіктерін пайдаланатынында. Тіпті орташа табында салыққа шамамен 35-40% кіріс жұмсалатын елде осындай жеңілдіктер барынша сезіледі. Қартайған шағына ақша жинағысы келетін австралиялық үшін зейнетақы қорына инвестиция салу, бәлкім, ең дұрыс стратегия болар. Алайда, мәселе австралиялықтардың көбінің ақша жинауға онша ынталы еместігінде, оның үстіне қолдарында еркін ақша да ондай көп емес. Сондықтан австралиялықтардың үштен бірі ғана бір уақытта өз зейнетақы қорларына қосымша жарналар салды.

Жиналған ақшаны алу құқығы белгілі бір жасқа жеткенде ғана пайда болады. Қазір бұл жас ұлғаюда, сөйтіп болашақта 60 жасқа жетеді. Австралиялық осы жаста зейнетақы шотында жиналған соманы қолына ала алады. Қазіргі уақытта жинақталған қаражаттың мөлшері әдетте көп емес - 1983 жылға дейін қолданылған біршама либералдық заңдардың және зейнетақы қорларына міндетті аударымдардың біршама төмен нормаларының ықпалы байқалады. 2002 жылы орташа австралиялықтың еңбек ету кезеңі аяқталған кездегі зейнетақы қорындағы ақшасы А$40, 000 ғана болған. Бұл сома статистика бойынша өмір сүруі мүмкін 20 жыл бойында зейнеткерді қамсыздандыру үшін мүлде жеткіліксіз.

Зейнеткер өзіне тиесілі ақшаны алып, қажет деп санаған ісіне жұмсайды. Ақша біржолғы төлем түрінде неғұрлым жиі алынып, үйді жөндеу және қайта салу, жиналып қалған қарыздарды төлеу, т. с. с. түрлі күнделікті проблемаларды шешуге жұмсалады. Осы проблемаларды шешкен соң адам қаржылық-демографиялық ахуалын ойлап жүрген шенеуніктердің наразылығын тудырып, мемлекеттік зейнетақы алуға өтініш жасайды. Сондықтан қазір Австралияда халықты зейнетақы қорларына көбірек ақша аударып, оларды ұзақ уақыт сонда қалдыруға түрлі әдістермен көндіруге тырысады.

Жапонияның зейнетақы жүйесінің негізі бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету болып табылады, бірақ ол қызметкерлер мен жұмыс берушілердің зейнетақы жарналары есебінен қамсыздандырылады.

Жапонияның зейнетақы жүйесі екі негізгі деңгейден тұрады.

Бірінші деңгей базалық зейнетақыны құрайды. Базалық зейнетақының қаржыландыру дереккөзі - сақтандырылған азаматтардың, жұмыс берушілердің зейнетақы жарналары мен мемлекеттің дотациясы болып табылады.

Кәрілік бойынша базалық зейнетақыға құқық екі шартпен айқындалады:

- заңмен белгіленген жасқа жету - 65 жас;

- сақтандыру стажының болуы.

Икемді зейнетақы жасының механизмі қолданылады, оған сәйкес 60-64 жастағы азаматтар зейнетке шыққан кезде оны қысқартылған мөлшерде алады. 65 жасқа толып, жұмыс жасауды әрі қарай жалғастырған кезде зейнетақының мөлшері жыл сайын ұлғаяды.

Кәрілік бойынша базалық зейнетақының мөлшері жыл сайын негізгі өмірлік қажеттілікті қанағаттандыру үшін жеткілікті белгілі бір сомада белгіленеді. Оны ұлғайту жыл сайын 1 сәуірде бастап өткен жылға тұтынушылық бағаның өсу индексіне сәйкес жүргізіледі.

Екінші деңгей мемлекеттік және кәсіби жарналарды құрайды.

Екінші деңгейдегі қосымша зейнетақыны қаржыландыру дереккөзі жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жарналары болып табылады.

Жарналар мен зейнетақының мөлшері белгілі бір барынша жоғары шамамен шектелген орташа айлық жалақыға теңдей есептеледі.

Мемлекеттік қосымша зейнетақыға құқықты иелену үшін барлық жұмыс істейтін адамдар міндетті зейнетақылық сақтандырылуға жатады.

БҰҰ жектелімі бойынша, Жапония «қартайып бара жатқан» мемлекет болып табылады. Мұндай демографиялық ахуалда зейнетақыны төлеу үшін шығыстарды үнемі өсіруге тура келеді, сондықтан Жапонияның зейнетақы жүйесіне реформа жасау мәселесі өзекті болып қала бермек.

Германияның зейнетақы жүйесі үлгісінің Австрия, Италия, Франция және Батыс Еуропаның көптеген басқа елдері үшін өзіндік ерекшелігі бар. Германияның зейнетақы жүйесі «үш деңгейлі жүйе» ретінде сипатталады.

Бірінші деңгей - міндетті зейнетақылық сақтандыру. Бірінші деңгей заңнама нормаларының негізінде жұмыс істейтін жекелей жүйелер үшін міндетті болып табылады. Германияда мынадай типтегі төрт «міндетті жүйе» бар:

- қызметкерлер мен қызметшілерді, сондай-ақ өз-өзіне жұмыс істейтін халықтың кейбір санаттарын (өнер қайраткерлері мен публицистер; қолөнер мамандығын иеленген адамдар; үйде жұмыс істейтін адамдар, т. с. с. ) зейнетақылық сақтандыру;

- шенеуніктерді зейнетақымен қамсыздандыру, бұл мемлекеттік аппарат үшін міндетті жүйе болып табылады;

- фермерлер мен оның отбасы мүшелері үшін қартайған шақта көмек көрсету;

- кәсіби топтар бойынша (дәрігерлер, дәріханашылар, ветеринарлар, сәулетшілер, адвокаттар, нотариустар және басқалары) зейнетақымен қамсыздандыру.

Германиядағы мемлекеттік зейнетақының таратушылық сипаты бар және ол жалақы деңгейі мен еңбек стажына байланысты. Қызметкер мен жұмыс беруші мемлекеттік зейнетақы қорына еңбекақы төлеу қорының 19, 4% құрайтын сомадағы бірдей пайызды аударады.

Екінші деңгей - «кәсіпорындардан төленетін зейнетақы».

Көптеген кәсіпорындар өздерінің бұрынғы қызметкерлеріне зейнетақылық сақтандыру заңында белгіленген жүйеде жұмыс істеп тапқан зейнетақыға қосымша зейнетақы төлейді. Қартайған шақтағы бұл қорғау түрі ерікті болып табылады. Кәсіпорын өз қызметкерлеріне зейнетақы беру мәселесін өз бетінше шешеді.

Үшінші деңгей - жекелей тәсілмен қартайған шағының қамын ойлау.

Бұл үшін жекеше капиталды құрудың барлық түрлері құптарлық (жылжымайтын мүлік сатып алу, бағалы қағаздар қорын құру, ұзақ мерзімдік жинақ салымдары туралы, қаражат жинақтау мақсатында өмірді сақтандыру туралы, зейнетақылық сақтандыру туралы шарттар жасасу) .

Қаражат жинақтау мақсатында өмірді сақтандыру туралы шарт жасасу немесе зейнетақылық сақтандыру туралы жеке шарт жасасу жекеше капитал құрудың типті түрі болып табылады.

Германиялық үлгінің ерекшелігі мынада - кәсіпорында қызметкерлердің корпоративтік және жеке зейнетақы бағдарламаларымен айналысатын өзін-өзі басқаратын құрылымдық бөлімше құрылады.

Германияның зейнетақы жүйесі Еуропадағы ең тиімділердің бірі болып саналады және көптеген елдерде зейнетақы жүйесін дамытуға және құруға зор ықпалын тигізеді.

Франция

Францияның зейнетақы жүйесіне қызметкердің кәсіби тобына тәуелді түрлі зейнетақы схемаларының ең көп саны енгізілген. Ең маңызды екі схема: жеке сектордың жалдамалы қызметкерлерін қамтитын «жалпы» схема және мемлекеттік сектордың қызметкерлеріне арналған «арнаулы» схема. Схемаларды басқаруды «әлеуметтік серіктестер» тепе-теңдікті сақтай отырып, яғни кәсіподақ өкілдері немесе қызметкерлер қауымдастығы, бір жағынан және жұмыс берушілер басқа жағынан (мемлекеттік бақылауымен) жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарттарға әлеуметтік көмек көрсету
Зейнетақы жүйесі
Зейнетақы жүйесінің дамуы
Қарт адамдарға әлеуметтік көмек пен қорғау көрсетудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі
Қарт адамдардың қоғамдағы орнын зерттеу
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
Зейнетақы реформасы туралы
Қарт кісілерге интернат-үйлерде көрсетілетін әлеуметтік
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және жәрдемақы түсінігі мен түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz