«Арал теңізі мен Балхаш көлінің экологиялық проблемалары»
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Арал теңізінің экологиялық ахуалы ... ...4
1.1 Арал тағдыры . адам тағдыры ... .6
1.2 Арал . Сырдарья су алабының қазіргі экологиялық жағдайы ... ... ... ..9
1.3 Арал теңізінің экологиялық жағдайын жақсартуға арналған шараларға жүйелік талдау ... ... ... ... ...12
2. Балқаштың экологиялық ахуалы ... ... ...19
2.1 Балқаштағы болашақ атом электр станциясы туралы не білеміз? ... .21
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... 25
ІV. Қолданылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбавтың “Қазақстан – 2030” деп аталатын Қазақстан халқына жолдауының “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты бөлігінде арнаулы назар аударылған: “Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өмірінің 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұннан да қиын. Отандастырымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады”.
Осындай экологиялық төтенше жағдайлар туып отырған аймақтарға Арал өңірі, Семей полигон аймағы, Каспий маңы ойпаты, Байқоңыр ғарыш аймағы жатады. Барлығының қолдан жасалғанын және бұрынғы Совет Одағында басталғанын анық байқаймыз. Егер соңғы ел санағы (1999 ж) бойынша республикада 15 миллиондай адам тұрса, онда осы экологиялық апат аймақтарында халықтың 40 проценті өмір сүреді.
Арал мәселесіне келсек, ХХ ғасырда адамзат қолымен жасалған экологиялық апат – Арал трагедиясы. Осы өңірде өмір сүретін тұрғындардың басым көпшілігі қазақтар екені белгілі. Арал аймағында тұратын адамдардың төрт миллионға жуығы онкологиялық және жұқпалы ауруларға шалдыққан.
Арал өңірінің экологиялық апаты сол жердегі тұрғын халыққа ғана емес, одан алыс аймақтарға да теріс әсер тигізуде.

1. “Атамекен” газеті,23 мамыр 2001 ж.
2. “Ана тілі газеті” газеті, №9, 2002 ж.
3. “Атамекен” газеті, 15 қыркүйек – 1 қазан 2007 ж.
4. “Арал тағдыры” оқулығы, Алматы – Қазақстан,1989 ж.
5. “Арал – Сырдарья экологиялық тұрақтандыру” оқулығы, Алматы - 2000ж.
6. “Экология және табиғат тиімді пайдалану” Ә.Бейсенова, А.Самақов, Т.Е.Есполов, Ж.Шілдебаев. Алматы – 2004ж.
7. “Экология негіздері” Ж.Ж.Жатқанбаев. Алматы – 2003ж

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Арал теңізі мен Балхаш көлінің экологиялық проблемалары
Жоспар
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Арал теңізінің экологиялық
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Арал тағдыры – адам
тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
2. Арал – Сырдарья су алабының қазіргі экологиялық
жағдайы ... ... ... ..9
3. Арал теңізінің экологиялық жағдайын жақсартуға арналған шараларға
жүйелік
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..12
2. Балқаштың экологиялық
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1. Балқаштағы болашақ атом электр станциясы туралы не білеміз? ... .21
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
ІV. Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...27
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбавтың “Қазақстан – 2030”
деп аталатын Қазақстан халқына жолдауының “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты бөлігінде арнаулы
назар аударылған: “Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өмірінің 20
процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұннан да қиын.
Отандастырымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады”.
Осындай экологиялық төтенше жағдайлар туып отырған аймақтарға Арал
өңірі, Семей полигон аймағы, Каспий маңы ойпаты, Байқоңыр ғарыш аймағы
жатады. Барлығының қолдан жасалғанын және бұрынғы Совет Одағында
басталғанын анық байқаймыз. Егер соңғы ел санағы (1999 ж) бойынша
республикада 15 миллиондай адам тұрса, онда осы экологиялық апат
аймақтарында халықтың 40 проценті өмір сүреді.
Арал мәселесіне келсек, ХХ ғасырда адамзат қолымен жасалған экологиялық
апат – Арал трагедиясы. Осы өңірде өмір сүретін тұрғындардың басым
көпшілігі қазақтар екені белгілі. Арал аймағында тұратын адамдардың төрт
миллионға жуығы онкологиялық және жұқпалы ауруларға шалдыққан.
Арал өңірінің экологиялық апаты сол жердегі тұрғын халыққа ғана емес,
одан алыс аймақтарға да теріс әсер тигізуде.
Құрғаған Арал өңірінен жыл сайын атмосфераға 70 миллион тоннадай тұзды
әрі шаңды қосындылар көтеріліп, аудандағы жердің әр гектарына 600-700 кг
жоғарыдағы зиянды қоспа қайтадан жауады. Қазақстандық ғалымдардың
зерттеулері бойынша Арал теңізінің құрғаған бөліктерінен пайда болған
дауылдар аталған зиянды қоспаны атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтеріп, 5-
10 мың шақырым жерге дейін апара алады. Құрғаған теңіз түбінен көтерілген
тұзды шаң атмосфераның жоғарғы қабаттарына жетіп жатыр.
Ал Балқаш мәселесіне келсек, Балқаш көлі – Қазақстандағы ең
экожүйелердің бірі. Көл Бақан – Алакөл ойысында орналасқан. Балқаш көлі
шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқан, оның климаты шұғыл
континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған
байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады. Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты
болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің
экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол
суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне
бұрынғы кездері Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып,
оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа
құймайды.
1. Арал теңізінің экологиялық ахуалы.
Арал теңізі – Қазақстанның інжу маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір
көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейін, көлемі – 1066 км2,
тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-20% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы
балықтарға бай, жағасы қоғамен қамысты теңіз еді. Сол кездері жылына 50-150
мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық
тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді
мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты
тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы
игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түркіменстан
2,4, Қазақстан 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың
саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есе артты. Халық санының өсуіне орай
суға деген қажеттілікте артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында
Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері – антропогендік
факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта
өсіру ірі қарқындап дамыды.
Оның үстіне ауыл шаруашылығынаң басқа да салалары барынша дамыды. Өзен
бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға
1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіші 1974-1978
жылдары 13мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды, нәтижесінде, Арал
теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге
дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі
өзен бойындағы шаруашылықтарды тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды
қолдану бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-
15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар арал өңірін экологиялық
апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы
өте жоғары 2 млн.т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен,
Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп
жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді
пайдаланбау;
- табиғи ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны
меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны
экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген
қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған
қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда.
Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте
жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2
жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы
төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20
млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия
республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде.
Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда – 60-70%-ға артып отыр.
Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың
өзгеруі шөл белдемінің табиғи ланшафттарын бірте-бірте күрделі әрі
қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-
дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз
қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға
еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл
өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу,
өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен
салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандырады. Оның
біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстандағы ғана емес көптеген Шығыс
елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың
өзгеруі, шөлге айналуы, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік
экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда
географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызады. Арал
мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер
қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей,
АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтақару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар
бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттеулерін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны
күттірмейді. Бәріде қаражатқа тіркелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат
қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анықталады.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми
негізде жұмыстар жасалуда. “Арал тағдыры – адам тағдыры” болғандықтан оны
сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
1.1. Арал тағдыры – адам тағдыры.
ХХ ғасырда адамзат қолымен жасалған экологиялық апат – Арал трагедиясы.
Оны қалай қалпына келтіруге болады? Бұл проблема бүгін де бүкіл плонетаның
бас ауруына айналып отырғаны белгілі.
Сырдың құты – Арал теңізі. Осы теңіз соңғы жиырма жылдан бері құрдымға
кетіп, өзінен - өзі тартылып барады. Ғалымдар мен оқымыстылар жағдай осы
күйінде тұра берсе енді он жылдан кейін Арал теңізі жер бетінен мүлдем
жойылып кетуі мүмкін деген болжам айтады. Әрине, ғалымдардың пікірін жоққа
шығармайық, бірақ Арал мүлдем құрып кете қоймас. Аллатағала Арал теңізін
құртып жібермес. Аралдың бар болуы да, жоқ болуы да Аллатағаланың еркінде.
Жиырма жылдан бері Арал теңізі күн сайын құрып бара жатқанына көзіміз жетіп
отыр. Қазақстанның Батыс және Оңтүстік Батыс бөлігіне орналасқан
дүниежүзіндегі ірі ағынсыз тұзды көл табиғаттың сирек сыйы – Арал теңізі
бүгінде экологиялық апатқа ұшырап отыр. Оның себебі неде?
Ғылыми зерттеу нәтижесін сараласақ, “средезгипрохлопок” институтының
тапсырмасы бойынша Қазақ СССР-інің гидрометеорологиялық ғылыми – зерттеу
институның берген “Арал проблемасы” деп аталатын еңбектерінің
қорытындыларына қарағанда жоспар бойынша келесі бесжылдықта және де
болашақта Орта Азияда ирригациялық және гидроэнергетикалық құрылыс үшін
Амудария мен Сырдария өзендеріндегі су ресурстарын пайдалану мәселесі
қойылған. Ол үшін екі ірі проблеманы шешу қажеттігі туып отыр, ол Арал
теңізі проблемасы және Арал өңірінің климаты.
Арал теңізінің тартылуына байланысты туған көптеген проблемалардың түп
тамыры суда жатыр. Арал теңізі тартылып барады: оған басты себеп – Аралға
Сырдария мен Амудария суының аса шектеулі мөлшерде жіберілуіне немесе кей
жағдайда мүлде берілмеуінде болып отыр. Аталған екі өзеннің суы шын мәнінде
азайып кетті ме, әлде олардың суын дұрыс, тиімді пайдалана алмай отырмыз
ба? Негізінде соңғысы шыңдыққа әлде қайда жақын. Сөзіміз дәлелді болу үшін
деректерге сүйенейік.
“Средазгидрохлапок” институтының жасаған шаруашылықтардың суды
пайдалану жөніндегі есептері бойынша Сырдария бассейіні 3360 мың гектар
жерді, ал Арыс – Түркістан су шаруашылығы ауданын қоспағанда 3160 мың
гектар жерді суландыра алады деп белгіленген.
СССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Мемелекеттік комиссиясының 1973
жылғы 7 февральдағы 2 қаулысы бойынша республикадағы жалпы суармалы жер
көлемі 2910 мың гектар деп белгіленген болатын, бірақ бұл көрсеткіш
Сырдария бассейінің суландыру мүмкіндігі тұрғысынан қаралып, 3160 мың
гектарға, яғни 7% ке көбейтілді.
1979 жылы нақтыланған суландыру схемасында, суландыруды қызылқұм өңірін
игеруге байланысты оны мамандандыру саласының өзгеруін ескере отырып
дамыту, яғни бұл өңір күріш өсіру номасын азайтуға және Сырдарияның
суландыру мүмкіндігін арттыруға жағдай жасайды. Бұл вариантты схеманы
жасаушылар бекітуге ұсынып отыр. Бұл жерде Сырдария бассейінінде суармалы
жер көлемін, Қазақстанға, соның ішінде Шымкент облысына бөлінген су
есебінен ұлғайту көзделген, мұнда 1990 жылдан әрі қарай Қызылорда облысында
суландыру дамыту шаралары белгіленген.
Сырдария бассейінінің су ресурстарын комплексті пайдалану схемасына,
сондай – ақ Қазақ ССР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің
Қызылорда облысында суландыруды одан әрі дамыту жөніндегі нұсқауына сәйкес
біздің институт облыстың 2000 жылға дейінгі су пайдалану балансын жасады.
Суландыру жүйелерінің пайдалы әсер коэффициеті 0,75-ке тең, суармалы жер
көлемі 290 мың гектар, орташа суландыру гектарына 16,7 мың текше метр деп
белгіленді. Су тапшылығының осы аса қиын жағдайында суландыруға
пайдаланылатын жалпы судың көлемі жылына 6,82 текше километр, соның ішінде
нақты пайдаланылатыны 4,92, өнеркәсіп – коммуналдық шаруашылықтарды және
ауыл шаруашылығы мен жабдықтауға 0,21, балық шаруашылығы қажетіне 1,35,
айналадағы ортаны қорғауға 1,8, санитарлық тазарту шаралырына 0,50 текше
километр. Барлығы Шардара су қоймасын жылына 12,84 текше километр су, соның
ішінде Қызылқұм массивіне, 1,71 және Қызылорда массивіне 6,82 текше
километр берілуге тиіс. Алайда, өзбек ССР Ғылым академиясмының өндіргіш
күштері зерттеу Советі Сырдария алқабында қосымша 845 мың гектар жерді
игеріп, суландыруға болады деп отырғанын атап айтқан жоқ. Болашақта осы
мақсатқа жылына 15,7 текше километр, соның ішінде Қызылорда облысына
шамамен 14,0 текше километр су бөлу көзделініп отыр.
“Средазгипроводхлопок” институты дайындаған Сырдария өзенінің су
ресурстарын комплексті пайдалану жөніндегі схемасы және СССР Мемелекеттік
жоспарлау Комитетінің мемлекеттік сарапшы Комисиясы Сырдария бассейіні
үшін суды пайдаланудың 1985 жылғы 0,67 ал 1990 жылы 0,73 соның ішінде Қазақ
СССР – іне тиісінше 0,73 – 0,78 пайдалы әсер коэффициентті белгіленген.
Сондықтан облыстың халық шарушылығын, әсіресе суармалы жерді сумен
суландыру жүйелерін қайта жаңғыртып, жетілдіруді жетелдету қажет. Жылдық
есеп бойынша, суармалы жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту жөніндегі
шаралардың жоспары 63 % - ке, суландыру жүйелерін қайта құру мен жаңғырту
43 және бұрынғы суармалы жерлерді күрделі жоспарлау 63% - ке орындалды.
Жалпы ұзындығы 2409 километр магистральдық каналдардың 41 километрінің ғана
жақтаулары немесе 9%, жалпы ұзындығы 17406 километр шаруашылық ішіндегі
каналдардың тиісінше 10,5 километрі немесе 0,06 проценті битонмен жабылған.
Сырдария суы Шардара су қоймасынан Арал теңізіне дейін қазірдің өзінде
ауыз суға жарамсыз, бұл судың керектігі Қызылорда төңірегінде 1977 жылы 15
мг экв\л, ал 1980 жылы – 16,8 мн экв\л болды. Сырдария суында сульфат өте
көп. Судағы мөлшерін 500 мг\л – ден аспауы керек десе, онда оның Жаңақорған
төңірегіндегі консентрациясы – 1 метрге шаққанда 552 мг, дарияның төменгі
сағасында 825 мг, яғни концентрация – мөлшері тиісті нормадан 1,6 есе артық
жетіп отыр.
Су пайдаланушыға таза және лас суды тең бөлу үшін Шардара су қоймасының
жоғары жағына орналасқан егістікті суғаруға пайдаланылған және қалалар мен
өнеркәсіптің лас жағын Сырдарияға жібермей арнаулы каналға ағызып, сол
арқылы оны жоғарыда аталған супайдаланатын аудандардың су қоймаларына
жеткізіп, шаруашылықтарға бөлу қажет, нәтижесінде Қызылорда облысына таза,
ластанбаған су жеткізілуге тиіс. Сырдария бассейінінде суландыруды дамыту
Аралға дарияның құюын қысқартты. Арал теңізінің бірте – бірте тартылуы
нәтижесінде деңгейі 53,3 метрден 46 метрге дейін төмендеді.
Республика гидрометерологиялық қызметтерінің мәліметтер бойынша, 1978 –
1980 жыл аралығында Арал теңізі акваториясынан буланатын судың мөлшері 146
текше километрден астам болды, ал осы кезең ішінде теңізге Сырдария мен
Амудариядан құятын су мөлшері небары 61 текше километр ғана болды. Арал
теңізне құятын су көлемінің осындай апатты жағдайында, таяу уақытта оған
бөлек – бөлек болып тартылған, сор басқан ұсақ өлі су шұңғылдарына айналу
қаупі туып тұр.
Теңіздің тартылуына байланысты оның аумағы тартылады. 1990 жылы 1980
жыл мен салыстырғанда ол шамамен 20 процентке, 2000 жылы 60 процентке
кемиді. Судың тұздылығы күрт артады. Теңізде 1980 жылғы деңгейінде ұстап
қалу үшін су тапшылығы 1990 жылы шамамен 240 текше километр, 2000 жылы 484
текше километр болуға тиіс.
Арал теңізін құрғап кетуден қорғаудың және оны қажет деңгейде ұстаудың
енді бір жолы – су жіберілетін бас каналдағы барлық суды Аралға беру. Бірақ
бұл жерде Аралдың қажетті деңгейін сақтау үшін берілетін бұл суға 50-60
миллион сомның ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге болатынын да ескерген жөн.
Сондықтан теңіз деңгейін сақтап қалу үшін Аралға жылы тұрақты түрде
кемінде 5 текше километр Сырдария суы құйылып тұруға тиіс және Берг
бұғазынан дамбы су қажет. Аралға жылына Сырдария мен Амударияның 15 – 20
текше километр суын жіберіп, жағдайдың өзінде де бұл үлкен теңіздің
деңгейін сақтап, оның тұздылығын азайтуға болады деп айту тым қиын.
Аралдың тартылуының зардаптарын жою мен экологиялық жағдайдың қиындап
кетуіне байланысты шұғыл шаралар бірсыпыра екі жиындарда, мамандардың
конфенцияларында, Өзбек ССР ғылым академиясы президумының екі көшпелі
мәжілісінде талқыланды.
1.2. Арал-Сырдарья су алабының қазіргі экологиялық жағдайы.
Арал-Сырдария су алабының соңғы жарты ғасырда зор экологиялық апатқа
ұшырағаны белгілі. Үлкен Арал теңізінің қайрылмас құрдымға кеткені халқымыз
үшін орны толмас өкініш. 1992 жылы үлкен теңізде ең соңғы экологиялық
зерттеу Ресей ғалымдарының қатысуымен біз жүргізген болатынбыз. Сол жылы
теңіз суының тұздылығы орта есеппен 33,8 % (% - промиля, немесе гдм3)
болған. Демек 1950 – 1960 жылғы мөлшерінен (10,08 %) үш еседен артық
жоғарлаған болатын. 1996 жылғы зертеулеріміз бойынша теңіз суының тұздылығы
42,1 – 84,3% шамасында кей жерлерде 85,8 % жетті. Кейінгі жылдардағы
деректер бойынша су тұздылығы 100% дейін көтерілген. Демек үлкен Арал
айтарлықтай тіршілік қалмаған өлі теңізге айналды.
Кіші Арал теңізінің қалпына келтіру шаралары 1992 – жылдан басталды.
Жергілікті ұйымдардың күшімен екі дүркін екі теңіз аралығына уақытша бөгет
салынды. Бірақ олар су деңгейі көтерілген мезгілде жарылып, жиналған су
Үлкен теңізге ағып кетіп жатты.
Соңғы жылдары Кіші теңіз және Сырдарья өзенін қалпына келтіру жобасы
іске асырылуда. Көкарал бөгеті салынып теңіз суы 42 метрлік деңгейге
көтерілді. Бұл деңгейде теңіздің жалпы аумағы 330 гектарды құрайды.
Келешекте Кіші Арал теңізін қалпына келтіру жобасының екінші сатысында су
деңгейі бұдан да жоғары көтеріліп теңіз суын Арал қаласы маңына жеткізу
шаралары көзделіп отыр. Сырдарья өзені атырауында орналасқан үлкен көл
жүйелері соңғы жылдары мөлшерлі деңгейіне дейін суға толтырылып, өздерінің
табиғи аумағына келтірді. Бұл маңдағы бес көлдер жүйесінің жалпы аумағы
85,8 мың гектар, оның ішіндегі ең ірілері Қамысты бас көлдері 51,4 мың
гектар, Ақсай-Қуаңдарья көлдері 25,0 мың гектар, Ақшатау көлдер жүйесі –
20,5 мың гектар.
Әрине бұның барлығы қуанарлық іс, өйткені бұл айдындардың қалпына
келтірілуі балық шаруашылығын және экономиканың басқа да салаларын
өркендетуге үлкен ықпал жасамақ. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге
және осы маңайдың экологиялық жағдай ын жақсартуға бұл шаралардың мәнісі
үлкен.
Іске асырылып жатқан Кіші Аралды және Сырдарья өзенін қалпына келтіру
жобасына енгізілген біздің мекеме мамандарының болжамы бойынша келешекте
жылына Кіші Арал теңізінен 3,0 мың т., көлдер жүйесінен 4,2 мың т. балық
аулауға мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде Кіші Арал суының біртіндеп тұщылануына байланысты өзенде
мекендейтін балықтар – сазан, табан, көксерке, жайын т.б. теңізге кең
тарала бастады. Оларға қоректік теңіз организмдері де көбейіп келеді.
Көлдер жүйесінде де су едәуір тұшып балықтың өсуіне, көбейуіне жағымды
гидрохимиялық жағдайлар бар. Бұл қолайлы өзгерістер теңізде және көлдерде
балық шаруашылыған қалпына келтіруге және одан әрі дамытуға жол ашады.
Бірақта Арал – Сырдарья су алабындағы өзен, көлдер суының сапасына
антропогендік әрекеттердің ықпалы өте үлкен болып отыр. Өзен жүйесіне
құйылатын ауыл шаруашылығы және өндірістік кәсіпорындары тарапынан улы
қалдықтармен ластанған сулар мөлшері өте мол. Сырдарья жүйесіне жыл сайын
12-14 км3 ластанған өндірістік және коллектор –дренаждық сулар құйылады.
Өзеннің тек төменгі ағысында ол сулардың мөлшері 1,2-1,5 км3.
Сонымен қатар өзенге өте көп ласты Өзбекстан территориясынан әкеледі.
Өзеннің транзитті ағысында пестицидтердің (ДДТ,ГХЦГ), мұнай өнімдерінің,
фенолдар мен азотты қоспалардың мөлшері өте жоғары екендігі байқалады.
Мырыш, мыс, және сынап мөлшері балық шаруашылық суларының нормативті шекті
деңгейінен жыл бойы артық.
Сырдарья өзені Қазақстан территориясында да едәуір ластанады. Табиғат
қорғау мемлекеттерінің ресми деректері бойынша, сырдарьяның салалары Келес,
Арыс және Бадамның суының ластану индексі 3,2-4,3, яғни 4-5 “ластанған”
және “лас” кластарына жатады.
Өзен суының осындай жоғарғы деңгейде ластануы оны қабылдайтын Шардара
бөгеті, Арал теңізі және көптеген көлдер жүйесінің су сапасын өте
төмендетіп отыр. Пестицидтер, ауыр металдар және басқа да улы заттар
аталған су айдындарының экологиялық жүйесінде кең тарап, жинақталуда.
Оларда мекендейтін балықтар және өсімдіктер денесінде пестицидтер
метелдардың тұну мөлшері жоғарғы көрсеткішке жетуде. Айдындар экожүйесінде
соңғы жылдарды ДДТ метаболидтері мен мырыш, хром элементтерінің жоғары
мөлшерде жинақталуы байқалды.
Арал-Сырдарья су алабында соңғы 15-20 жылдарда балық өлу оқиғасы
тіркелген жоқ. Бірақта улы заттардың суда, балықтар денесінде және олар
қорек ететін объектерде нормативтен жоғары деңгейде жиналуы балықтардың
көбею тағы басқа маңызды тіршілік жүйелеріне зиян келтіреді. Бұл ғылым
жүзінде дәлелденген қағида.
Айта кететін бір жайт, салынған Көкарал бөгеті Кіші Арал теңізі балық
қорына тигізіп отырған кейбір жайымсыз әсерлері де бар. Бұл бөгет 2005 жылы
іске қосылып Кіші теңізде Сырдарья суы қарқынды жинала бастады. 2006 жалдың
көктемінде теңіз суы 42 м деңгейге көтерілді. Жобаға сәйкес одан артық су
бөгеттің су ағатын қондырғылары арқылы Үлкен Арал теңізіне қарай ағызылды.
Өкінішке орай сол сумен Кіші Аралдан өте көп балық және оның шабақтары
кетіп екі теңіз арасында жаппай қырылды.
Бұның себебі бөгеттің жобада көзделген балық қорғау қондырғысымен
жабдықталмаған, демек бұл бөгет құрылысы кезінде жобада ауытқудың нәтижесі.
Жасалған жобада Қаракөл бөгетінде бұл қондырғының керектігі дәлелденіп,
құрлыс құрамындағы объектілер қатарына енгізілген. Аталған жобада балық
шаруашылығын қалпына келтіру және өркендету мәселесі үлкен маңызды орын
алған. Өйткені жобада көрсетілгендей, бұл гидротехникалық құрлыстың
экономикалық және шаруашылық тиімділігі балық шаруашылығын дамытумен
тікелей байланысты.
Айтылған және де басқа жағдайларды еске ала отырып, Балық шаруашылығы
ғылыми өндірістік орталығы мамандары мынадай шараларды жүзеге асыруды
ұсынады:
Кіші Арал теңізін және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасының екінші
сатысын жүзеге асыру;
Кіші Арал деңгейінен артық Көкарал бөгеті арқылы босататын суды үлкен
теңіздің Тұщыбас шығанағы жіберіп, оны тұщытып, балық өсіруге пайдалану;
Көкарал бөгеті арқылы ағытқан сумен кететін балық мөлшерін тежеу үшін ол
суды күз немесе қыс мезгілінде ағыту қажет;
Көкарал бөгетін балық қорғау қондырғысымен жабдықтау құрылысын тездетіп
жүзеге асыру қажет.
1.3. Арал теңізінің экологиялық жағдайын жақсартуға арналған шараларға
жүйелік талдау
Егер барлық табиғи-құбылыстарды гидроэкологиялық тұрғысынан қарайтын
болсақ, бұрынғы КСРО республикаларында орын алып отырған көптеген
экологиялық апаттар мен терең кеткен жағымсыз әрекеттердің басты себебі
түсінікті болады. Арал теңізінің тағдыры және теңіз маңындағы тұрғындар тап
болып отырған апаттар жайлы осы ұсынылып отырған жұмыстың тарауларында
айтып отырмыз. Ал бұл жерде айтқымыз келетіні, Орта Азия мемлекеттерінде
суармалы егістік алқаптарының көлемін тез арада ұлғайтуды жоспарлаған
адамдар, теңіздің күйзеліске ұшырайтынын жақсы білді және біле отырып осы
іске саналы түрде барды. Бірақ олар Арал теңізінің күйзелісте болуы
глобалдық сипаттағы экологиялық апатқа әкеліп соқтыратыны жайлы ойланбады.
Арал теңізінің қазасы-Арал апатының дүние жүзі қауымдастығына белгілі
болып отырған бір ғана пұшпағы. Ал оның ең ауыр екінші жағын Орта Азия
елдерінің және оған шекаралас жерлердегі халықтар көріп отыр. Ғалымдар мен
мамандардың айтуынша, Орталық Азияда екі жақты шөлдену процесі жүріп жатыр:
бір жағынан кеуіп қалған Арал теңізінің түбінен желмен көтерілетін және
егістік жерлерде айдап апарылатын улы, ұсақ дисперциялы шаң-тозаң мен
тұздармен келсе, екіншісі суарамалы егістік алқаптардағы жер асты суларының
көтерілуі мен қайта тұздану процесімен келуде. Арал теңізінің қазасы арқылы
гүлденген шұрат алуды жоспарлап, соның нәтижесінде уланған жерлерді, шөл
далаларға айналып бара жатқан егістік алқаптарын алдық; ол аз болғандай
теңізден де айырылып қалдық.
Енді Арал апатының барлық қауіпі белгілі болғаннан кейін жұртшылық бұл
мәселенің қыры-сырын білуі керек.
50-ші жылдардың басында ел басшылығы Орта Азияда суармалы жерлердің
аудандарын көбейтуге бағыт алған кезде, кей бір мамандар мен ғалымдар бұл
қадам Арал теңізінің құруына әкеліп соғады деп ескерткен. Бірақ ол кезде
Лысенгковщинаның күш алған кезі еді; 1948 жылы ВАСХНИЛ-дың өзінің
трогедиялы салдарымен белгілі сесесиясы өтті, одан кейін оның төреағасы
академик Вавилов Н.И. тұтқынға алдынды, көптеген ғалымдар, оның ішінде
мелиоратор, академик Костяков Н.А академия құрамынан шығарылды. Сондықтан
олардың әлсіз үні “табиғатты бағындырушылардың” айқай шуында естілмей
қалды. Соңғылар өздерінің істерін ақтау үшін академик А.И. Воейковтың 1908
жылы жазған мақаласында келтірілген. “Арал табиғат қателігі” деген сөзімен
қаруланды. 1965-ші жылы жолғарыдағы климатологтың ішінде осы мақаласы бар
еңбектер жинағының шығуы, жерлерді мелиорациялаудың бағдарламасы
қабылданған көзбен сәйкес келуі кездей соқ жағдай емес, онда Арал ешбір
ескерусіз қалған. Осылай басталған Орта Азия Ресейге қосылуынан кейін, XIX
– ғасырдың аяғында басталған Арал теңізінің ресурстарын игеру тарихының
бірінші кезеңі аяқталды.
Арал теңізін сақтап қалу мәселесінің екіншк рет қойылуы 70-ші жылдардың
бас жағында Сібір өзененің суын бұру жобасының ТЭН-ін талдаған кезінде
жатады. Сол кездегі жобаның бас инженері И.А.Герарди ғалымдарға мынандай
сұрақ тастады; Арал теңізіні құру зардаптары қандай және оны құтқару халық
шаруашылығына қаншаға түседі? Өкінішке орай, уақытындағы ірі ғалымдардың,
академиктер Герасимов И.П., Ковда В.А., Яншин А.Л. және басқалары Арал
мәселесіне арналған қауіпті пікірліеріне көңіл аударылмады. Таза “
Экономикалық” көзқарас орын алды, соған балық кәсібінің шығымы есебімен
бағаланды. Анықтама бойынша, сол кездері Арал теңізінен жылына 50 мың
тоннадай балық ауланды, оның сол кездегі құны 40 млн.сом болып есептелініп,
ал суармалы егіншіліктің әр гектарынан жыл сайын мың сомның өнімі алынады
деп есептелінді. 50-ші жылдары Әму және Сырдың бойында суармалы егістік
көлемі 2,9 млн. гектар болса, егер сол көлемді 4,0 млн. гектарға жеткізсе,
онда жыл сайын одан 4,0 млрд. сомның өнімін алуға болады деп қорытындылады.
Сөйтіп, 1965 жылғы аты шулы май Пленумынан соң суармалы егіншіліктің
дамыту бағдарламасы дүниеге келді. Жоба бойынша 4,9 млн. гектар жерге 50
км3 су жұмсалады екен. Екі өзеннің сол кездегі орташа жылдық ағысы
100...110 км3 болғандықтан, балықшының кәсібіне ешқандай зиян тигізбей -
ақ теңіздің деңгейін 40...48 м абс. белгіде ұстап тұруға болады деген
ұсыныстар жасалды. Алайда, жоба мен оны практикалық жүзеге асыру барлық
уақытта үйлесімді бола алалмады. Бюрокаттық әмір берушілердің психологиясы
молынан қарпып қалуға бейімделіп, 1 гектардың орнына 2-3 гертар егіп, суды
артығымен пайдаланды. Осыдан келіп жер мен суды пайдалану жобаданда,
жоспарданда асып түсті.
Москва, Алматы, Нүкіс және Қызылорда қалаларында жұртшылықпен талқылау
және бірнеше мәжілістер нәтижесінде сараптау кеңесінің құрамында жұмыс
істеген арнайы конкурстық комиссия ұсыныстардың аталған санынан жеті
тұжырымдаманы таңдап алды, солардың негізінде Арал бойынша жалпы құжат
дайындау шешімі қабылданды. Келісілген мерзімде, 1990 жылдың күзінде құжат
дайын болып, конкурс комиссиясының төреағасы Глазовский Н.Ф. брошюра
түрінде жарыққа шығарды. Бұл құжатты толықтырып, оның негізінде Аралды
құтқарудың Мемлекеттік бағдарламасын жасау керектігі айтылды. Елдегі содан
кейінгі жағдайлар, август бұлігі, одақтың ыдырауы, жоғарғы кеңестің
таратылуы және аса қиын экономикалық дағдарыс Арал мәселесі бойынша барлық
жұмысты тоқтатып тастады. 1980 жылдардың соңында Орта Азия мен Қазақстанның
тәуелсіз республикалары президенттерінің қолдауымен Арал бойынша Үйлестіру
кеңесін құрды. Алайда елдегі саяси оқиғалар, ғылыми негізделген нақты
бағдарламаның болмауы бұндай беделді де күшті ұйымның жұмысына кедергі
болды. Осындай жағдайларда Қазақстан Республикасының үкімет органдары мен
оның халқына Арал теңізінің экологиялық мәселесін шешуі үшін барлық
жауапкершілікті өздеріне алуға тура келді.
1 - кестедегі ұсыныстар мен жобаларға талдау жасайтын болсақ, 13 топқа
бөлуге болады жергілікті, аймақтық және әлемдік. Көпшіліктің көңілін селт
еткізген, көптеген ғалымдар мен жобалаушылардың тұжырымдарының бірі –
Каспий теңізінің суын Аралға айдау. Егер Каспий варианты іске аса қалған
жағдайда Аралдың айдының бұрынғы қалпына келтіру үшін Каспийден жылына
90...100 км3 суды қуатты 4 млн. келоваттық су сорғышпен, каспий 29 абс.
белгіде болғандықтан, 60м көтеріп, 20...25 жыл бойы үздіксіз аралға айдау
керек екен. Аралды бұрынғы қалпына келтірген соң жылына 60км3 су айдап тұру
қажет. Құрылысты салуға кететін шығын 15...16 млрд. сом, оған қосымша
эксплуатациялық шығын 500 млн. болған. Ғалымдар тарапынан, онда Каспий
аймағының өзінде экологиялық апаттан қорғау мәселесі пайда болады деген
пікірлер айтылды, сонымен бірге, ұзақ жылдар бойы теңіздің ащы суына төтеп
беріп, мүлтіксіз жұмыс істеп тұратын су сорғыш жоқ. Сондықтан бұл ұсыныста
сөз жүзінде қалды.
Суармалы массивтерден жер асты суларының деңгейін көтеру кең өріс
алғаны соншалық, гидрогеологтар оларды тұщы судың жаңа орнын аштық деп
есептеп жүр. Жоғарыда айтылған үкімет конкурстында осы суларды өзендерге
қайта тарту арқылы Аралды құтқару тұжырымдамасы берілген. Гидрологтар Арал
теңізінің аймағында жер асты суының 15 гидродинамикалық бассейіндерін
ашқан, олардың ішінде ең көп суының қоры: Ферғана бассейіні – 16 мың км3,
Сырдарья – 8,0 мың км3, шу 9,0 мың км3, Мұрған – 10 мың км3. Барлығын қоса
есептегенде, жоба бойынша жер асты суның жалпы қоры 100...110 мың км3. Ол
үшін, тереңдігі 1500 метр., 10...12 мың су шығару скважиналарды бұрғылау
арқылы, жылына 30...35 км3 аймақтық жер асты суларын “жоғары көтеріп” 3 жыл
ішінде теңізді толытырамыз деген. Қарсы сұрақ туады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz