Бөлме гүлдері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Алоказия: Алоказия
Алоказия: Температура
Жазда 20 0 С-тан аспауы қажет, бірақ өте жоғары температурада жағымсыз, қыста - 18 0 С-тан төмен болмауы қажет.
Алоказия: Жарық түсіру
Қыста жарқыраған жарық, ал жазда өсімдікті күңгірт көлеңкеге орналастыру қажет.
Алоказия: Суару
Жер үнемі ылғал болуы қажет, қыста өте мұқият суару қажет.
Алоказия: Ауа ылғалдылығы
Үнемі су бүрку қажет.
Алоказия: Орын алмастыру
Жыл сайын көктем айының басында.
Алоказия: Өсіп-өну
Орын алмастыру кезінде бөліну арқылы
Алоказия:

Бұл өсімдік ароид тұқымынан шыққан, бірақ өте сақ болу қажет, себебі өте улы.

Гүлденген алоказия - қарапайым үйде көп өспейді, дегенмен табиғат аясында ол уақытылы гүлдеп тұрады. Және жалпы бұл өсімдік кеңінен таралмаған. Алоказиямен жұмыс жасаған кезде, әсіресе оның орнын алмастырғаннан кейін сақ болыңыз, қолыңызды жуыңыз!

Бeгoния

Бeгoния - сабағы тік шөпті өсімдік. Көбінесе жазда, күзде және қыста гүлдейді. Жапырағы күміс тәріздес қара-жасыл. Егер оны кесіп тұрмаса, онда ол 2 м-ге дейінгі биіктікте өсе береді. Бегонияның ескі түрлері бірте-бірте жалаңаштанады, бірақ жалаңаштанған бағанды кескен кезде жас балауса бұтақтар өседі. Ашық-қызғылт гүлдері көп гүлді гүл шоғырына жиналған. Ұзан уақыт бойы гүлдеп тұрады және жасанды жарық түсіру арқылы көбейеді.

Жапырақты бегония - қыста және жақсы күтім жасаған кезде жалаңаштанбайтын, жапырақтары әдемі шөпті өсімдік. Тікелей күн сәулесі жақпайды және жаз мезгілінде көлеңке іздейді. Жазда көп суарады, қыста - біркелкі. Оларды қыста 12 0 С-тан төмен температурада ұстау қажет.

Көптеген бегонияларға ауаның ылғалдылығы жоғары болғаны жөн. Жапырақ пішіндері көлеңке сүйгіш, жаз маусымында көлеңкені қажет етеді, декоративті-гүлденген бегониялар едәуір жарық жерді қалайды, дегенмен оларды тікелей күн сәулесінен қорғау қажет.

Бегониялар үстіне су құйғанды ұнатпайды. Ең алдымен жердің толығымен кепкенін күтіп, сосын барып суару қажет. Үнемі жердің ылғал болуы тамыры мен сабағының шіри бастауына әкеліп соқтырады.

Жолбарыс тәрізді бегония топырақ жамылғысы өсімдіктеріне ұқсас. Бұл бегония түрін баптау қалған бегонияларды баптауға ұқсас. Көктемде және жазда қызғылт гүл ашады.

Бенджамин фикусы - каучукты Фикустың майда жапырақты тұқымы, дегенмен олар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Бенджамин Фикусының бұтақтары иілгіш, ол өсімдікке әдемілік пен әсемдік береді. Ала жапырақты түрлері едәуір кең тараған.

Бенджамин фикусын күту тұрақты суарудан тұрады, бірақ өсімдік суару тоқтап қалғанды ұнатпайды, топырақты кептіруге болмайды, себебі топырақтың кеуіп қалуының салдарынан ұзаққа созылған «қоңыр күз» басталады. Оларды қалпына келтіру ұзаққа созылады. Гүлдің ұшар басын сумен бүркіп тұрған жақсы, неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы болады. Бұл Бенджамин фикусына ауаны дымқылдаушы интерьердегі ауаның құрғақшылығына төзуге көмектеседі.

Бенджамин Фикусының ала жапырақты түрлері жарық сүйгіш келеді. Температураның +12 0 Цельсийге дейін төмендеуіне төзеді, сол себепті бұл гүлді қыста жылыту құрылғылары орналасқан ғимараттарға орналастырады. Жазда ашық ауаға шығарып қояды. Дегенмен, тікелей күн сәулесінен сақ болу қажет. Ағашты үнемі тұндырылған су жүйесінің суымен суару қажет. Ағаштың ұшар басын қайнаған сумен бүркіп шығады - бұл жапырақтың бетіне су жүйесінде судың құрамында көп болатын тұздың іздерін қалдырмайды.

Бұл гүлдің түрін мамырдан бастап қыркүйек айлары аралығында 10 күн бойы күніне 1 рет мұқият органикалық және минералдық тыңайтқыштармен көп құнарландыру қажет. Қыс маусымында құнарландыру жарты есе қысқартылады.

Фикус Али - сырттай басқа фикустарға мүлдем ұқсамайды. Жапырақтары сыртқы пішіндері бойынша олеандра немесе үйінгі талдың жапырақтарына ұқсас. Көлеңке сүйгіш, бойы ұзын.

Фикустардың тропикалық түрлері мен олардың сорттары - ең пайдалы бөлме өсімдіктерінің бірі. Олар тұрғын үй және офистік ғимараттағы құрғақшылыққа төзімді және қалың жапырақтарының арқасында бір жылдың ішінде декоративті күйде болады.

Гибискус

Қытай раушаны (Rosa сhinensis) - бұтақтары тік тұратын немесе иіліп тұратын мәңгі жасыл бұта. Сабақтары жас және жапырақтары қызыл. Гүлдері бірнеше гүл шоғырына жиналған. Отаны - Қытай. Мына түрлері кеңінен тараған: var. minima (R. roulettii Correv. ) - кішкентай бұта (биіктігі 15-30 см) . Жапырақтары қауырсын тәрізді, әдетте қияқ жапырақты болады. Гүлдері көбінесе диаметрі шамамен 4 см болатын жалғыз, қарапайым немесе түкті болып келеді. XIX ғасырда пайда болған. Қазіргі таңда гүлдерінің түстері бойынша әр түрлі көптеген сорттары бар: «Maid Marion» - ашық-қызыл, «Torrero» - қанды-қызыл, «Starina» - кірпіш-қызыл, «Baby Maskarad» - ашық-сары, «Rosmarin» - күміс-қызыл. Сонымен қатар гүлдері ала түсті сорттары да кездеседі. Известны сорта с пестрой окраской цветков. var. Semperflorens түрі - биіктігі 1 м бұтақ, жыл бойына гүлдеп тұрады, әсіресе маусым айынан бастап қазан айларының аралығында мол болады. Среди популярных сортов «Hermosa» сортының нәзік-раушанды түкті жұпар иісті гүлдері бар, «Ducher» сортының ақ ұлпа гүлдері бар, «Pallida» қызғылт гүлді.

Оны өсіру қиын емес. Топырағы жеңіл нейтралды немесе сәл қышқыл болады. Суару біркелкі. Қайта-қайта су бүркіп тұру қажет. Гибискус гүлінің гүлденуі үшін ең басты жағдай жарықтың қолайлы түсірілуі және тар құмыра болып табылады. Сол себепті оған барынша жарық көп түсіретін орын бөлген жөн. Бұл гүл құмыраның ішін толығымен тамыр жайлаған кезде - міндетті түрде гүлденеді. Жарық жақсы түсірілгенде және жетерліктей құнарландырылған кезде ғана гүлденеді. Топырақ қабатының кеуіп кетуіне жол бермеңіз. Көктемде бұтақтарын кесу керек, себебі жаңа бұтақшаларда гүлдер көп шығатын болады.

Зиянкестері. Раушан гүлдер көбінесе көптеген зиянкестерден зардап шегеді: бал ара құрттары, трипстер, шіркей, жапыраққа байлайтын зиянды көбелектер, өрмекшінің өрнегі.

Қолданылуы: декоративтік-гүлді құмыралы бұйым ретінде, сондай-ақ тікелей көгелдандыру, балкон және ашық жерлер үшін қолданады.

Пеперомия

Peperomia magnoliaefolia магнолиялы пеперомия - жапырағының ұзындығы шамамен 12-15 см болатын, жұмыр немесе жұмыртқа тәріздес қысқа шыбықшада орналасқан және қызыл реңді түк тұратын бұтақты. Жапырақтары таза-жасыл немесе әр түрлі пішіндегі ақ немесе жасыл дақтары бар қалың жылтыр келеді.

КҮТІМГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР

Температура: 18-20 0 С болғанда жылы ғимаратта, ал қыста 16 0 С-тан төмен болмаған жағдайда жақсы өседі.

Жарықтандыру: жап-жарық шашыраңқы жарық, әсіресе жаз маусымында тікелей күн сәулесінен көлеңкелеу қажет. Қара-жасыл жапырақты пеперомия түрлері жеңіл көлеңкелеуде, ал ала жапырақты түрлері едәуір жарық сүйгіш жағдайда өседі. Қыста жақсы жарық түсіру қажет, әйтпесе жапырақтары ұсақтала бастайды және түсінен айырылады, сондықтан қыста пеперомияны терезеге жақын қойыңыз.

Суару: көктемде және жазда біркелкі, қысқа аз суарылады. Топырағы толығымен кеуіп кетпеу қажет немесе өте ылғал болмауы қажет.

Ауаның ылғалдылығы: негізінен пеперомияларды жапырақтарының шаңдарын сүртіп және өсімдікті сергіту үшін қайта-қайта су бүркіп тұрады. Ірі жапырақты пеперомияларының жапырақтарының шаңдарын ылғал губкамен сүртеді.

Орын алмастыру: Әрбір екі жылда көктемде немесе қажет болғанда, өсімдіктің бойы өсіп кеткенде және кәріз саңылауларынан тамырлар пайда болғанда басқа ыдысқа алмастырады. Себебі пеперомиялардың тамырларына қарап құмыраларды өте кең етіп алмайды. Топырағы - жапырақты (1 бөлігі), шым тезек (1 бөлігі) және құмды (1 бөлігі) .

Майда жапырақты пилея (Pilea microphylla) - сәндік папоротник түрі, қарапайым. Жылдың барлық мерзімінде өсе береді, бірақ көктем мен жазда едәуір белсенді өседі, ол кезде оннан аса жаңа жапырақ шығарады, уақыт өте келе олардың ұзындығы 30-40 см-ге жетеді.

Пилеяның бұл бөлмелік түрі шашыраңқы жарықта жақсы дамитын болады. Көлеңкеге жаймен бейімделеді, сонымен қатар жапырақтары қарайып кетеді. Пилея гүлін терезенің солтүстік жағына орналастыру қажет.

Пилея үшін қолайлы температура - қышқылы аз - бөлме температурасы. +14 градустан төмен салқындату тамыр сабағының өлуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Температура жоғары болғанда жапырақтардың мерзімінен бұрын қартаюына әкеліп соқтырады, ол жапырақтарды жұлып тастау қажет. Ыстық күндер мен қысқы кезеңде су бүркіп тұрған дұрыс.

Өсімдікті күту кезінде тамырының шіріп кетуін алдын алу үшін топырақты қатты ылғалдандыруға болмайды. Майда жапырақты Пилея гүлін құмырыдағы топырақтың үстіңгі қабаты кепкеннен кейін суарады. Көктем мен жазда көп су құяды, мысал, су құбырынан, себебі пилея кальцийді қажет етеді.

Пилея гүлін көктемнен бастап күзге дейін әрбір 4 аптада концентрациясы төмен кешенді тыңайтқыштармен құнарландырады. Барлық папоротниктер органикалық тыңайтқыштармен құнарландыруға жақсы әсер етеді.

Пилея гүлінің тамырлары құмыраның ішінде таралып, қысылып кеткен жағдайда орын алмастыруды қажет етеді, ол үшін тиімді мерзім көктем, жаз. Көбейту немесе солып қалған өсімдіктерді жасарту үшін тамыр сабақтарын өткір пышақпен бөледі. Құмыраға пилеяны отырғызғаннан кейін бірнеше күн үстін пленкамен жауып және оны жылы қараңғылау орынға орналастырады.

Бегония

Синоним: Қысқы Бегония - Begonia x hiemalis

Тұқымы: Бегониялық (Begoniaceae) .

Гүлденуі: көп, ұзақ мерзімді.

Өсуі: жылдам.

Жарық: жартылай көлеңке. Өсімдікті тікелей күн сәулесінен көлеңкелеу қажет.

Температура: көп болып гүлдеуі үшін температура мүмкіндігінше 18 0 С-тан төмен болмауы қажет, ең дұрысы 20-25°C.

Су құю: уақытылы.

Ауа ылғалдылығы: өсімдік су бүркігенді ұнатады.

Құнарландыру: бегониялар жапырақ тарату үшін, оларды басқа жерге отырғызғаннан кейін екі-үш рет жеті күн бойы калий селитрасымен, кейін құрамында азот жоғары болмайтын кешенді тыңайтқыштармен толық құнарландыру қажет.

Кесу: өсімдікті қысқа күннің ішінде өскін мөлшеріне қарап екі-үш кесіп отырады.

Тыныштық кезеңі: әдетте өсімдік гүлдеп болған соң жаңасына ауысады, себебі өсімдік қатты өсіп кетеді.

Орын алмастыру: өсімдікті ашық топырақтан суық басталғанға дейін қыш құмыраға отырғызуға болады.

Көбейту: жоғарғы ұшынан және жапырақтың кесіндісінен және тұқымынан көбейтеді.

Бегония

Бегония элатиор немесе қысқы бегония - қазіргі таңдағы ең танымал бегониялар, себебі негізінен жыл бойы гүлдеп тұрады және көптеген әр түрлі түстері болады. Элатиор бегониясының гүлдері кез келген түсте болады: қызыл, қызғылт, ақ, сары, қызғылт сары. Олар бір түсті немесе екі түсті болады, және олардың көптеген реңктер болады.

Гүлдеу уақыты: жыл бойына

Тұқымы: бегониялық, Begoniaceae.

Отаны: Оңтүстік Америка.

Тұратын жері: жарық, тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғалған. Жылы жерде өсіру қажет, температура 18 0 С-тан төмен болмау қажет. Өтпе желден қорғану қажет. Егер сіз бегонияны жазда көшеге отырғызатын болсақ, онда ол жердің желсіз болуын қадағалаңыз және біршама уақытқа оны үйге алып кетіңіз.

Су құю, құнарландыру: біркелкі суару. Топырақты шамадан тыс ылғалдандырмау және толық кептірмеу қажет. Әрбір 14 күнде уақытылы кешенді тыңайтқыштармен құнарландыру қажет. Уақытылы құнарландырылмаған жағдайда гүлденбей қалады.

Күтім: СУ БҮРКІМЕУ ҚАЖЕТ. Көктемде гүлді диаметрі 12-16 см-лік құмыраға отырғызу.

Көбейту: жылы топырақта сабақтың ұшын ең дұрысы тамырдың қалыптасуын реттеушіні қолдану. Шыбықшаларын тек таза өсімдіктерден ғана қолдану қажет.

Зиянкестер: ауа ылғалданған кездегі ұнтақты шық. Топырақтың шамадан тыс ылғалдануы салдарынан тамырларының шіруі. Көгерген шірік.

Кеңес: солып қалған гүлдерді жұлып тастаңыз, себебі олар көргенген шірікке айналады. Егер сіздің өсімдігіңыз қатты өсіп кетсе, оған шыбықша жалғап қойыңыз, бірақ бұнымен сіз гүлденуді тоқтатып аласыз.

Драцена Сандера

Драцена Сандера - қалың сабақты әсем қысқа бойлы өсімдік. Жапырақтары біршама бүгілген, сопақша-қияқты, жасыл ақ және сұр жолақтары бар. Бұл гүлді террариумде өсіреді.

Көлемі: 60-90 см, гүлі: сирек пайда болады, жапырағы: ұзындығы 7. 5-15 см, ені 2. 5 см.

Драцена Сандераның отаны - тропикалық Африка.

КҮТІМІ

Температура: 18-21°С.

Жарықтандыру: жарық, тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғау қажет.

Ылғалдылығы: біркелкі.

Су құю: уақытылы, құрғап кетуден сақтау қажет, жазда жапырақтарына су бүрку қажет, қыста шектеу қажет.

Құнарландыру: көктем-жаз мезгілдерінде арнайы тыңайтқышпен 2-4 аптада бір рет құнарландыру.

Көбейту: сабақтың ұшын және шамамен ұзындығы 10 см бұтағының тілімін алу қажет, көктемде алу қажет.

Зиянкестер: ұнтақты құрттар және тамырдағы ұнтақты кішкентай қоғыз.

Жапырақтағы қоңыр дақтар - судың жеткіліксіз құйылу салдары. Топырақ қаюаты үнемі ылғал болуы қажет.

Өсімдіктің өлуі - не қыста өте көп су құю, не өте төмен температура.

Жапырақтағы құрғақ ашық дақтар - күннің сәулесінің өте көп түсуі.

Шырмауық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағаш бұтақтарын дұрыс кесу
Замиокулькас өсімдігін жапырағы арқылы өсіру
Қазтамақ тұқымдасының түрлері
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет ғұрыптарды қалыптастыра отыру
Табиғат мүйісіндегі өсімдіктер
Құрманың қасиеті және оны үй жағдайында өсіру
Тікенекті,жуан және ерекше өсімдік
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру
Ботаникалық бақ
Бөлме өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz