Ақша экономикалық категория ретінде


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе: Кіріспе
5: 5
Кіріспе: I. Ақша нарығы. Ақшаға ұсыныс пен сұраныс
5: 6
Кіріспе: 1. 1 Ақшаның мәні, анықтамасы, пайда болуы
5: 6
Кіріспе: 1. 2 Ақша жүйесі, ақша массасы
5: 11
Кіріспе: 1. 3 Ақшаға сұраныс және ақша ұсынысы
5: 15
Кіріспе: II. Валюта және валюталық жүйе
5: 22
Кіріспе:

2. 1 Валютаның, валюта нарығының және валюта жүйесінің мәні

мен мазмұны

5: 22
Кіріспе: 2. 2 Әлемдік валюталық нарықтар және валюталық биржалар
5: 28
Кіріспе: III. Қазақстан Республикасындағы ақша және валюта саясаттарының даму перспективалары
5: 32
Кіріспе: 3. 1 Қазақстан Республикасының ақша жиыны және ақша қаржы жаналығы
5: 32
Кіріспе: 3. 2 Қазақстан Республикасының валюталық саясатының даму ерекшеліктері
5: 36
Кіріспе: Қорытынды
5: 38
Кіріспе: Пайдаланған әдебиет тізімі
5: 40

АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыста - ақша экономикалық категория ретінде қарастырылған. Курстық жұмыста ақшаның мәні, анықтамасы, пайда болуы, түрлері, ақша жүйесі және ақша массасы ақшаға сұраныс пен ұсынысы қарастырылған.

Екінші тарауда валютаның, валюта нарығының және валюта жүйесінің мәні мен мазмұны, әлемдік валюталық нарықтар және валюталық биржалар қарастырылған.

Үшінші тарауда Қазақстан Республикасының ақша жиыны және ақша қаржы жаналығы зерттелінген және Қазақстан Республикасының валюталық саясатының даму ерекшеліктері қарастырылған.

Курстық жұмыс 40 бет комьютерлік текстте берілген, 1 сурет, 2 кесте және 29 түрлі әдебиет қолданылған.


КІРІСПЕ

Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кіруімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.

Өңірлік серіктестікке келгенде, біз ЕурАзЭҚ шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас Экономикалық кеңістікті қалыптастыруға одан әрі есептесе беру ниетіндеміз.

Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса назар аудару керек.

Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бікітіледі.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. «Дүниежүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін- әлемдік ақша белгілері.

Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымдағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті.

Қазақстанда валюталық бақылаудың валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.

Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.


I. Ақша нарығы. Ақшаға ұсыныс пен сұраныс

1. 1 Ақшаның мәні, анықтамасы, пайда болуы

Қүн түрлерінің даму заңдылыктарын тексеру, ақшаның шыгуы тауар айырбасынын дамуыман туған тарихи процесс деген қорытынды жасауға мұмкіндік береді. Ақшаның шығу себебі тауар ендірісі кайшылыктарының етек жайып, тереңдеуінде. Ақша - жоғарыда айтылғандай, жалпылама эквиваленттің ерекше қызметін атқаратын тауар. Ақша да, тауар да когамдық еңбектін өнімдері. Бірақ өндіріс кұрал-жабдықтарына жеке меншік жағдайында барлық тауарлар нарыкта тікелей жеке еңбектің өнімдері ретінде саналады, ал акша - тікелей коғамдык еңбектің (жалпылама эквивалент бейнесі ретінде болады. Тек акшага айырбастау аркылы ғана тауардың шын мәніиде когамдық еңбектің өнімі екендігін аныктауға мұмкіндік туады. Баскаша айтқанда, нарыкта қоғамдық еңбекке сан және сапа жағын есеп жүргізіледі, ал ақша онын құралы болып табылады.

Сырттай бір-біріне тэуелсіз тауар өндірушілер арасындағы қатынастар айырбас процесінде жүзеге асады. Ақша тікелей тауар айырбастаудың қайшылыктарын шеше отырып, сонымен қатар, тауар шаруашылығы кай шылыктарының онан әрі тереңдеуіне жағдай жасайды.

Тауар мен акша арасында үнемі болып тұратын үндестік пен қайшылық бар. Ол тұтыну құны арқылы көрініс табады.

Акша - зат та емес, байлық та емес, өндірістік катынас. Бұның мазмұны меп мәнін акшаның атқаратын кызметтерінен, яғни коғамдық міндеттерінен анык байқауға болады.

Акша бес түрлі қызмет атқарады. Олар: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау, дүниежүзілік ақшалар.

Акшаның құн мөлшері қызметі деп онын өзінен басқа тауарлардың құнын анықтау қабілетін айтады. Қазіргі кезде ақшаның бұл қызметін адамдардың ойлау кабілеттерінің нәтижелерінен қалыптаскан акшалар атқаруда. Бастапқы кезде акшаның бқл қызметін өзінің қүны болатын заттар ғана, ягни алтын атқарды. Алтынның қүнымен бейнеленген тауарлардың құны, оның бағасы деп аталады. Тауардың құны жогары болса, онда ол алтынның коп мөлшеріне теңестірілгсн болды. Демек, тауардын бағасы тауардың қүнына тәуелді. Бірак та тауардың бағасы тек қана тауардың құнына емес, ол алтынның кұнына да тікелей байланысты болады: егер де алтынның бағасы кымбаттаса, онда тауардың багасы арзандайды; егер де алтыннын багасы арзандаса, онда тауардын бағасы қымбаттайды. Жоғарыда аталған категория жөнінде құнның еңбек теориясынын басты ерекшеліктері осындай.

Акшаның айналыс құралы кызметі - тауар айырбасының формуласы Т-А-Т бойынша онын делдалдык рөлін аткаруына байланысты: тауар айырбасы екі актіден, яғни сатудан Т-А жэне сатып алудан А-Т құралады.

Тауар иесі. тауар сатып, жана тауарды іле сала сатып алмай акшаны өзінде қалдыруы мүмкін. Осы мезетте баска біреулер өз тауарларын сатып откізе алмауы мүмкін. Демек, ақшаның осы кызметін аткаруына байланысты артық өндіру дағдарыстары пайда болуы ықтимал.

Ақша озінің айналыс кұралы қызметін монеталар мен кағаз ақшалар түрінде атқарады.

Монета деп өзіне тән формасы бар және айрықша коспадан қүралатын күйма металды айтады.

Қағаз ақшалардың оз кұны болмайды, сол себепті олар кұн өлшемі қызметін атқара алмайды, бірақ ол алтынның рәмізі іспетті болады. Қағаз акшалар алғашкы рет Қытайда XII ғасырда жасалып шыгарылды, ал Ресейде 1769 жылы Екатерина ІІ кезінде жасалды.

Айналыстағы кағаз акшалар мөлшері айналысқа қажет алтын мөлшеріне сәйкес болуы тиіс. Егер де айналыстағы кағаз ақшалардың мөлшері қажетті алтын мөлшерінен көп болса, онда кағаз ақша құнсызданады, олардың төлемпаздык кабілеті төмендейді, ал тауарлар бағалары кымбаттайды.

Тауар бағаларының қымбаттауына байлаиысты акшаның құнсыздану процесін инфляция деп атайды.

Жалпы алғанда, айналысқа қажет акшаның мөлшері тауарлар бағаларының жиынтығын ақша өлшемдерінін жылдамдығыпа бөлу арқылы аныкталады. Ақша дегеніміз құдіретті байлыктың бейнесі және өтімділігі жоғары, яғни оның тез сатып еткізуді жүзеге асыратын қабілеті бар.

Егер бір тауарды сатып өткізгеннен кейін, басқатауар сатып алынбаса. онда алтын айналыс сферасына өз уакытында қайтып оралмайды және ол қазынаға (қорға) айналады. Алтынның қазынаны жинау қызметін алтын құймалары мен монеталары, алтын немесе күмістен жасалган әсемдік бұйымдар атқарады.

Қазына (қор) жииау қызметі - ақша айырбасы өркендеген кезде қазына айнадыс құралына айналады, осылайша алғашқыда тауар - акша катынасы кездейсок реттеліп отырды.

Қазіргі кезде алтынның - айналыстағы ақша массасын кездейсоқ реттейтін қызметі тоқтатылды, яғни бұрынғыдай ақша рәміздерін алтынға еркін айырбастау жойылған. Бүгінгі таңда алтынның қазына болу қызметі, мемлекет пен жеке азаматтардын сақтандыру қоры ретінде шектеулі шеңберде сақталады.

Жинақталған мемлекеттік және жеке меншіктегі алтын қорлары жалпылама байлықты қүрайды. Қағаз ақшалар қазына бола алмайды, ойткені олардын өздерінің құндары болмайды, бірақ қор жинау кұралы кызметін атқарады.

Тауар өндірісінің одан әрі дамуына байланысты тауарларды несиеге сату қажеттігі пайда болады. Мұның басты себебі тауарларды жасау мен оларды сатып өткізу мерзімдерінің әртүрлі болуында.

Ақшаның төлем құралы қызметін атқару барысында. оның жаңа түрлі несиелік ақшалар пайда болды. Оған жататындар - вексельдер, банкноттар, чектер.

Вексель деп борышқордың ақша сомасының мөлшері мен оны кайтару мерзімі жазбаша көрсетілген қарыз міңдеттемесін айтады.

Банкноттар деп банктін векселін айтады. Банкноттардың қағаз ақшалардан айырмашылыктары:

а) банкноттың екі тармағы болады - несиелік (коммерциялык вексель) және металдык (банктің алтын кора) ;

э) кағаз ақшаларды мемлекет жасап шығарады, ат банкноттарды орталық эмиссиялық банктер шығарады;

б) қағаз ақшалар айналыс кызметін атқарады, ал баикноттар - төлем
құралы қызметін аткарады.

Чек дербес тұлғаның агымдағы есеп-шотынан банктің белгілі акша сомасын төлеуі немесе оны басқа есеп-шотка аударуы жөніндегі жазбаша үкімін айтады.

Чектің уш турі бар:

  1. еншілік (басқаға беруге жатпайтын) ;
  2. ордерлік (индоссамент бойынша басқа адамга беруге болатын) ;
  3. сенімділік (индосаментті талап етпей берілетін) .

Бір елмен екінші ел арасындағы айналыстардагы акша - өзінін барлық кызметтерін атқаруы арқылы - дұниежүзілік ақшага айнапады. Дүниежүзілік акша: халықаралық төлем және сатып алу-сату, сондай-ак әр елдің байлығын бейнелейтін құрал қызметін атқарады.

Қазір дұниежузілік акша ролін номиналдық алтын мазмұны бар қағаз. ақша аткарады. Олар металл ақшадай тозуды, салмагы кемуді, кұны азаюды білмейді.

Ақша және тауар мөлшері тепе-теңдікте болуы шарт. Егер біріншісінің шамасы көбейіп кетсе құнсызданады, инфляцияга кызмет етеді. Белгілі бір елдің айналыстағы кағаз акшасының шамадан тыс көбейіп кету салдарынан онын кұнсыздануын - инфляцня дейміз. Ол тауарлардың багасын шамадан тыс кетеріп жібереді.

Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау немесе дұрыс калыпқа келтіру шаралары бар. Олар: девальвация және ревальвация.

Қағаз ақшанын ресми кұнын езінің тұракты калпына келтіруді - девальвация дейміз. Ашық және бүркемелі жолдары бар. Девальвация шараларының негізгілері: үлттық ақшіа өлшемінің алтындық мазмұнын кеміту; шетел валюталары мен қатынас курсын төмендету; толық құнды несие билеттерін шығару, бағасы төмендегеп ақшаларды айналымнан алыптастау; айналымдағы қағаз ақшаны ресми төмендету мақсатымен ақша реформасын жүргізу.

Ревальвация - ақшаның ресми құнын тұрақтандыру және баганың инфляция зардабынан өсуіне қарсы ықпал жасаудыи әдісі. Ақша курсын өсіру деген сөз.

Айналыс құралы қызметін атқаратын ақша арқылы тауарлар бағасы жүзеге асатын болғандықтан, айналыска қажетті ақша мөлшері ең алдымен тауар бағасының сомасына байланысты болады. Ақша неғұрлым шапшаң айналса, ол согұрлым айналысқа аз керек болады. Мұнан мынадай корытындыны жасауға болады: айналысқа қажетті ақша мөлшері тауар бағасы сомасынын белгілі ақша өлшемінің (баға. марка, доллар т. т. ) айналым шапшандығына бөлінуіне тең болады. Сөйтіп. айналыска қажетті ақша мөлшері (М), үш факторға байланысты болады 1 ) тауар мөлшері (Т) 2) тауар бағасының дәрежесі (Б), 3) ақшаның айналыс шапшандығы (АШ) . Бұл тәуелділікті мына төмендегі формула түрінде көрсетуге болады:

М= ТБ/АШ

Ақша айналысының халі ақша айналысы сферасынан тыс жатқан жағдайларга байланысты және оған объективті түрде болатын біркатар факгорлардың әсерін көрсетеді. Тауарды сату-сатып алу процесі, онын шапшаңдығы, сондай-ақ ақша айналымының шапшандығы өндіріс жағдайына, транспорттың даму дәрежесіне, қала мен ауыл арасындағы экономикалық қарым-қатынастарға, несие жұйесінің жағдайына және т. с. байланысты болады.

Ақша тек айналыс құралы қызметін аткарып қана коймайды, сонымен қатар ол төлем кұралы қызметін де атқарады, сондықтан несие катынастарының дамуына байланысты ақша айналысы заңының формуласы

М= ТБ-Кр+Т-От

АС

Айналыста болатын ақша мөлшері мынаған тең болады: сатылуға тиісті тауарлар бағасынын сомасына (ТБ), несиеге сатылган тауарлар бағасының сомасы (Кр), төлеу мерзімі жеткен төлемдер (Т), өзара өтелетін толемдер сомасы (ӨТ), ал осының бәрі белгілі бір ақша өлшемінін айналым санына бөлінеді (АС) .

Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, қүнның эквиваленттік формасы мен түтыну қүны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қогамдагы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қогамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қогамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдал-дық етуі арқылы қогамдық еңбектің сапалық деңгейі айқыңдалып, сандық есебі жүргізіледі.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, ягни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем қүралы қызметін атқарғаны.

Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың іішсі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар түтыну қүны түрінде айырбас қатынасының бір жағын-да түрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларга қарама-қарсы ақша түрады.

Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның түтыну қүны мен қүнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, болғандыгы. Бүл бір жағынан, ал екінші жағынан оның қүнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған қүн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті түтыну қүнын алуға мүмкіндік туады.

Ақша айналысы заңы - қүн заңының айналыс аясындагы көрінісі. Ол тауар - ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезенде, айталық бір жылда сатылуга тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылцамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

M=P*Y/V

Ақша айналысы заңының мәні - ақшаның айналыс қүралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.

Ақша тек айналыс қүралы ғана емес, сонымен бірге төлем қүралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма-қол ақшасыз жолымен де неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа согүрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылық-тың және халықтың тұрақты ақша қорын қүрайды.

Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ү мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша жиынын үлгайтумен шешідді дегенді көрсетпейді. Өйткені төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босандығы, төлемеушіліктің тізбегінде әлуетті күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді төжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құраддарының дамымауы және т. б.

Сөйтіп, айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т. б. байланысты өзгереді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:

  • несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
  • қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
  • ақша айналысы санының өсуі.

Айналысқа ақша екі түрде шыгарылады, эмиссияланады: қолма-қол ақша, яғни айналымдағы банкноттар және үсақ тиындар; банктік айналымдағы ақша түрі, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші түрін, ягни қолма-қол ақшаны монополиялы қүқықпен орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады. Ақшаның екі түрі бірімен - бірі тығыз байланыста жүреді. Егер банк клиенті - шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша түріне айналуын көрсетеді.

Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы жалпы ақша жиыны қүрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша жиыны ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындагы сандық езгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша жиынының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.

1. 2 Ақша жүйесі, ақша массасы

Ақша жүйесі - бұл тарихи түрде қалыитасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысы ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты ақша жүйесінің мынадай типтерін бөліп қарайды:

  • металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналысты бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады
  • несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:

  1. Биметаллизм - жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің үш түрі болған:

  • қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістең арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген
  • қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген
  • ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға ерік берілді.
  1. Монометаллизм - бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік стандарты.

Алтын монета стандарты - бұл еркін тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүнеижүзілік сауда мен капиталды сыртқы шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізі белгілерімен сипаталады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылардың жалпы түсінігі
Қаржы мен қаржы саясатының мәні.
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Несиелік процесті ұйымдастыру және оны жетілдіру
Несиенің мәні және функциялары
Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz