Психология пәні бойынша дәрістер
Дәріс №1. Психологияның пәні, міндеті және әдістері.
Дәріс №2. Жоғары білімді маманға қойылатын талаптар және білімгер тұлғасы дамуының ерекшеліктері.
Дәріс №3. Жоғарғы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық сипаттамасы.
Дәріс №4. Кәсіби бағдар және жоғары мектепке кәсіби іріктеу.
Дәріс №5. Білімгерлердің іс.әрекетіне психологиялық анализ.
Дәріс №6. Жоғары оқу орны оқытушыларының қызметінің тиімділігін арттырудың психологиялық алғы шарттары.
Дәріс №7. Педагогикалық шеберліктің психологиялық сипаты және оның қалыптасу жолдары.
Дәріс №8. Жоғары оқу орны оқытушысының лекция оқу мен оған дайындығы, семинар мен емтихан жүргізудегі іс.әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
Дәріс №9. Кафедра ұжымы іс . әрекетінің психологиясы.
Дәріс №10. Білімгерлерге жеке тұлға ретінде кәсіптік бағыт беру.
Дәріс №11. Білімгерлердің жоғары сезімдері мен қайрат сапаларын қалыптастыру.
Дәріс №12. Білімгерлердің танымдық үрдістерінің кәсіби ерекшеліктерін қалыптастыру.
Дәріс №13. Білімгерлердің кәсіби білімдері, дағдылары және іскерліктерінің қалыптасуы.
Дәріс №14. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін білімгерлердің еңбек іс.әрекетіне даярлығының қалыптасуының психологиялық негіздері.
Дәріс №15. Жоғарғы оқу орнынында оқу.тәрбие процесін табысты басқарудың психологиялық жағдайлары.
Практикалық сабақтар

Қазіргі заман жағдайында жоғары мектеп алдында ғылыми – техникалық прогресс талаптарына сәйкес білімгерлердің идеялық – саяси және кәсіптік дайындығының деңгейін көтеру, ғылым мен техника дамуының алдынғы шартты жаңа бағыттары бойынша мамандарды дайындауды көбейту міндеті туралы жоғары білім мазмұны, формалары мен құрылымдағы өз тереңдігі, кеңдігі мен салдары бойынша өзгерістер жоғарғы оқу басшыларына, профессор – оқытушылар құрамына білімгерлерді оқыту мен тәрбиесіне талаптарды жоғарылатты.
Оқытушы тек ғылыми ақпараттың тасушы мен беруші болмай, сонымен білімгерлердің таным іс - әрекетінің, олардың өзіндік жұмысы мен ғылыми шығармашылығын ұйымдастырушы болып табылады.
Замана сай маманға қажетті білім көлемі жыл сайын өсуде, бірақ жоғары оқу орнына оқыту мерзімі бірнеше жылдармен шектелген. Осыдан, оқу үрдісін күшейту инженерге, дәрігерге, агрономға, мұғалімге қажеттерді қалыптастыру қажет екені мәлім. Әрбір маман өз кәсіптілігін, білімін өмір бойы жаңартып тұруы қажет. Білімгерлердің өмір кездерінде ол өзі білім алу әдістемесін меңгеруі, сыни ойлауға үйренуі және кәсіби міндеттерді шешудің жаңа жолдарын табу қажет және ғылыми, саяси ақпарат ағымында нақты бағытталуды үйренуі қажет.

Дәрістер.
Дәріс №1. Психологияның пәні, міндеті және әдістері.
Психологияның жалпы мәселелері.
Қазіргі заман жағдайында жоғары мектеп алдында ғылыми – техникалық
прогресс талаптарына сәйкес білімгерлердің идеялық – саяси және кәсіптік
дайындығының деңгейін көтеру, ғылым мен техника дамуының алдынғы шартты
жаңа бағыттары бойынша мамандарды дайындауды көбейту міндеті туралы жоғары
білім мазмұны, формалары мен құрылымдағы өз тереңдігі, кеңдігі мен салдары
бойынша өзгерістер жоғарғы оқу басшыларына, профессор – оқытушылар құрамына
білімгерлерді оқыту мен тәрбиесіне талаптарды жоғарылатты.
Оқытушы тек ғылыми ақпараттың тасушы мен беруші болмай, сонымен
білімгерлердің таным іс - әрекетінің, олардың өзіндік жұмысы мен ғылыми
шығармашылығын ұйымдастырушы болып табылады.
Замана сай маманға қажетті білім көлемі жыл сайын өсуде, бірақ жоғары
оқу орнына оқыту мерзімі бірнеше жылдармен шектелген. Осыдан, оқу үрдісін
күшейту инженерге, дәрігерге, агрономға, мұғалімге қажеттерді қалыптастыру
қажет екені мәлім. Әрбір маман өз кәсіптілігін, білімін өмір бойы жаңартып
тұруы қажет. Білімгерлердің өмір кездерінде ол өзі білім алу әдістемесін
меңгеруі, сыни ойлауға үйренуі және кәсіби міндеттерді шешудің жаңа
жолдарын табу қажет және ғылыми, саяси ақпарат ағымында нақты бағытталуды
үйренуі қажет.
Соңғы кезде ақпарат көлемінің көбеюі он жылға болады. Ғылыми –
техникалық ақпарат құндылықтарының төмендеу кезеңі едәуір тез болғандықтан
болашақ маман жағдайы қиындатылады.
Егер бұрын білімдерді жаңарту уақыты – ғылыми процесс дамуының негізгі
көрсеткіші – ғасырлармен есептелсе, онда қазір жаңару мезгілдері жеті, он
бес жылға дейін қысқарған. Ғылыми – идеяларды материализациялау, практикаға
ғылыми жаңалықтарды жаппай ендіру мерзімдері де өзгерді. Ғылым, мәдениет
пен өндіріс арасындағы қатынастардың жаңа сипаты жоғары білім беру жүйесіне
жаңа талаптарды қояды. Жоғары оқу орнында білім беру жүйесінің шешуші
бөлімі бойынша бастады, өйткені олар шығаратын мамандар сапасынан жалпы
білім беретін мектептерде оқыту деңгейі мен ғылыми қызметкерлерінің кәсіби
деңгейі, көптеген экономикалық, мәдени және әлеуметтік өзгерістер қарқыны
мен тиімділігіне байланысты.
ЖОО – білімгерлерін оқыту мен тәрбиесінің бағыты, мазмұны мен
әдістемесі туралы мәселені ғылыми шешусіз өсіп келе жатқан талаптарға
сәйкес мамандарды дайындау тиімділігін қамтамасыз ету мүмкін емес.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру
жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделінің кең тарағанын
көрсетеді: бакалавриат – магистратура – PhD доктарантурасы. Бұл модель АҚШ
университетінде және Европаның көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым
икемді де тиімді болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек
нарығының тез өзгеріп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамасыз
етеді.Кәсіптік жоғары білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету және
неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында кешенді тестілеу немесе
ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізу және конкурстық негізді мемлекеттік білім
беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы білімгерлер контингентін
қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді.(ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; ҚР Президентінің 2004ж. 11
қазандағы № 1459 жарлығымен бекітілді).
Білімгерлерді дамыту және қалыптастыру процесін басқару үшін, олардың
әр қайсысының тұлға қасиеттерінің ерекшеліктерін дұрыс анықтау қажет,
олардың өмірі мен тіршілік жағдайларын, дұрыс қасиеттерін нығайту
мүмкіндіктерін мұқият талдау керек. Оқу үрдісі мен білімгерлер тұрмысын
үстірт, жүйесіз зерттеу олардың тәрбиесіне қисық қараудың негізгі
себептерінің бірі болып табылады және керісінше, тәрбиешілердің психология
– педагогикалық бақылағыштығы, олардың білімгерлердің жас әлеуметтік –
психологиялық және басқа да ерекшеліктерін зерттеу ептілігі оқу және тәрбие
жұмысын жоспарлау мен мақсатқа сай құру мүмкіндігін береді.
Психологиялық білімді пайдаланбай білімгерлерді сәтті кәсіби әрекетке
жан – жақты дайындығын құруға, оларды оқыту мен тәрбиесінің жоғарғы
педагогикалық деңгейін, ЖОО профильі мен бітірушілердің мамандануын ескеріп
теориялық және практикалық дайындығы бірлігін қамтамасыз етуге
болмайтындығы бәріне белгілі.
Мұның бәрі үзіліссіз және мақсатқа бағытталған психологиялық зерттеу
жұмыстарының оқу орындарындағы білімгерлердің іскерлігін, оқытушылардың,
басшылықтың, әрекетінің ерекше маңыздылығын алдын ала анықтайды.
Кітапта жоғары білім берудің, білімгерлердің тәрбиесі мен оқытудың
жалпы психологиялық мәселелері қарастырылған, болашақ мамандарда кәсіби
маңызды қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары көрсетілген. Сонымен бірге ЖОО
оқу – тәрбие жұмысын басқаруды психологиялық зерттеулер әдіснамасы мен
әдістемесіне, психологиялық талдау, кафедра ұжымдары әрекетін талдауды
қарастыруға назар бөлінген.
Психологияның пәні, міндеті және әдістері.
Біздің қоғамның қарқынды ғылыми – техникалық дамуымен негізделген ЖОО
– ғы оқу-тәрбие процесіне жаңа талаптар білімгерлердің оқуын ғылыми –
зерттеу жұмысымен ұштастыру, оқу – тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігін
үнемі көтеруді, ғылыми – педагогикалық мамандарының санды және сапалы өсуі
туралы қамқорлықты талап етеді, өйткені олар ЖОО қабырғаларында халық
шаруашылығы, ғылым мен мәдениеттің әр түрлі салалары үшін жоғары сапалы
мамандарды дайындайды.
Ғылыми пәндер және жоғары білімді мамандарды дайындаудың бүкіл жүйесі
арасында маңызды орын жоғары мектеп психологиясына беріледі. Бұл пәннің
ғылыми мазмұны заманға сай оқытушы мен ЖОО басшысының теориялық және
практикалық арсеналының қажетті бөлімін құрайды.
Өмірдің барлық саласында прогресс қарқынын шапшандату үшін жан – жақты
дамыған және кәсіби дайындалған адамдарды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз
ету қажет. Қоғамның басты өндірістік күші адамның, оның қабілеттері мен
дарындығын дамуына қоғамға әкелетін пайдасын көбейтуге белсенді қызмет
ететін ғылымдар арасындағы бастапқы орындарының бірі психологияға беріледі.
Қоғамдық жаратылыстану және техникалық ғылымдарымен тығыз байланысты
болғандықтан, ол өз мәселелер өрісін кеңейтеді және зерттеулерді дамытуда
белгілі сәйкессіздікті жеңіп, жоғары білім беру мәселелерін шешуге, жоғар
мектеп білімгерлерін тәрбиесінің ғылыми негізіне олардың әрекеті мен
оқытушылар іс -әрекеттері ерекшеліктерін зерттеуге, жоғары сапалы
мамандардың дайындығының тиімділігі мен сапасын көтеретін жолдары мен
шарттардың ғылыми ізднісіне ену.
Психология жеке және топтық психологиялық құбылыстарды, олардың
мәнін, даму мен қалыптасу заңдылықтарын, адам тіршілігі мен мінез –
құлқындағы орны мен рөлін зерттейді. Жоғары мектеп психологиясы
білімгерлер, оқытушылар мен ЖОО басшылары іс -әрекеттерінің психологиялық
ерекшеліктері мен оның психикасын зерттейді.
Жеке адамның психикасына психологиялық процестер, күй мен қасиеттері
жатады. Психикалық процестер танымдық, эмоциялық және жігерлік болып
бөлінеді.
Танымдық процестері - сезіну, түйсік, түсінік, елестету, жады, ойлау
мен сөйлеу – білімді меңгеруге және есептерді шешуге мүмкіндік береді,
жағдайға бейімделу, жеке нысандарды және жалпы ортаны зерттеу, оқиғаларды
болжау.
Эмоциялық процестер – адамның бүкіл ішкі өмірін ажарлатады, оның
күштерін күшейтуіне қатысады, болып жатқан нәрсенің қажеттіліктер мен
мақсаттарға сәйкессіздігі мен сәйкестігі туралы білуге береді.
Жігерлік процестер. Өзін реттейтін саналы өз мінез – қылығымен,
күштермен басқаруды жинақтауды белгілейді. Анық болып олар қиыншылықтармен
кедергілерді жеңуде көрінеді.
Психикалық процестер адамдардың мінез – қылығымен әрекеттеріне енген.
Психикалық процес көрінусіз олармен шешілетіндей болатын бірдей бір міндет
жоқ.
Психикалық күй – бұл жалпы психиканың уақытша күйлері (көтеріңкілік,
сенімділік, дайындық, қанағаттанарлық, мәңгілік, жабырқаушылық және т.б.).
Олардан таным процестерін, әрекет деңгейлері, практикалық іс - әрекеттердің
практикалық іс - әрекеттер табысы, сонымен бірге адамға сыртқы әсерлерінің
нәтижелері, оның ішінде басқаратын және тәрбиесіне байланысты.
Тұлға, сана және сана – сезім негізінде шындыққа іріктеу қатынасы
пайда болатын кезде, адам белгілі өмірлік бағытынан мінез – құлықпен
тіршілік субъектісі бол бастаған кезде қалыптаса бастайды және көрінеді.
Негізгі психикалық қасиеттері болып бағыттылық, мінез, темперамент
және қабілеттері табылады.
Бағыттылық тұлға қасиеті ретінде – бұл терең дәлелденген мақсаттылық
себептер негізінен талаптану және мән беру функцияларын орындайды. Сонымен
қатар олар мінез – құлықты бағыттайды, адамның психикалық белсенділікті
энергетикалық қамтамасыз етуде қатысады. Бағыттылық негізі –
қажеттіліктер, қызығушылықтар, бейімділік, мұраттар, идеалдар, сенім,
көзқарас. Осы мақсаттар, себептер және шындыққа қатынасы тұлғаның
бағыттылығын, оның өмірлік бағытын ашады.
Адам мінез –құлығының барлық жағына әсер ететін және адамның еңбекке,
адамдарға, ұжымға, қоғамға және өзіне қатынасын белгілейтін біршама тұрақты
психикалық ерекшеліктерінің байланысы. Мінез тұлғаның психикалық
құрылымының өзгешелігін көрсетеді.
Мінез көріну формасына және адамның бүкіл мінез – құлығына темперамент
әсер етеді. Ол оның психикасының динамикасын өсіңкілігін белгілейді және
сыртқы ортамен әрекетін икемділігін және ептілігіне, ойлау жылдамдығына
жадына өмірдің жаңа жағдайларына, бейімділігінде көрінеді.
Бір адамды екінші адамнан ерекшелететін маңызды психикалық қасиеті –
оның қабілеттері, яғни іс - әрекетін бір немесе бірнеше түрлермен табысты
айналасуға және жетістікке жетуге көмектесетін психикалық ерекшеліктер.
Психикалық қасиеттері туралы бойынша адамның жеке ерекшеліктері туралы
айтуға болады. Қасиеттердің психикалық қасиеттермен процестермен күйдің
өтуімен көрінуі, белгілі адамға типтік психикалық белсенділіктің тұрақтығы
байланысты. Шартты түрде психикалық пайда болу деп атауға болатын оның
білімі ептілігі дағды әдеттері ерекшкліктері психологияны қызықтырады. Олар
санада психикалық процестер күйі, қасиеттері қызмет істеу нәтижелерінің
бекіту арқасанда қалыптасады. Психологияның пайда болу – кәсіби және басқа
да міндеттерді шешуде табыстылықтың маңызды шарты. Жеке психикасымен қатар
адамдар топтары мен ұжымдарында пайда болтын әлеуметтік психологиялық
құбылыстар бар: салт – дәстүрлер, бағалар қызығушылықтар, мәнерлік және
т.б. Топтар мен ұжымның процестері адамдар мен өзара қарым – қатынастары,
көңіл – күйлерімен, ой – пікірлерімен, саналылық деңгейімен, жолдастықпен
және т.б. сипатталады. Тұлға мен ұжым бірлікке болады, бір – біріне әсерін
тигізеді, оның шамасы олардың сапасына байланысты. Әлеуметтік психикалық
құбылыстар ЖОО өмірінде, студенттерді оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін
шешуде, кафедралар мен қоғамдық ұйымдардың жұмысында маңызды роль атқарады.
Жоғары мектеп психологиясының пәні – жеке, сонымен бірге ЖОО
жағдайымен туылатын әлеуметтік құбылыстар. Жоғары мектп психологиясы
психикалық процесінің күй қасиеттерінің, тәжірибесінің, олардың
білімгерлер, оқытушылар және ЖОО басшылары іс - әрекеттер көрінуі, дамуы
және қызмет істеуі.
Адамдардың психикалық өмірінің жалпы заңдылықтарын, мәнін зерттейтін
жалпы психологияға қарағанда жоғары мектеп психологиясын
білімгерлерписхикасының қызмет істеуі, өзгеруі, дамуы және қалыптасуы,
оқытушылар іс- әрекетінің пихологиялық ерекшеліктері қызықтырады. Жоғары
мектеп психологиясының пән аралық байланыстары 1 кестеде көрсетілген.
Жоғары мектеп педагогикасы, жеке
әдістемелер
Жоғары мектеп психологиясы психологиялық ғылымның біршама жаңа
саласы. Ол педагогикалық, әлеуметтік, жас психологиясы, еңбек
психологиясының және т.б. белгілі қатынастарында жинақталады. Өзінің
негізгі мазмұны бойынша ол ЖОО қатысты педагогикалық психологиясы болып
табылады. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады.
1) Жоғары білімді заманауи маманның моделін (үлгісін)
құрастыруға қатысу.
2) Білімгерлер, оқытушылар, кафедралар және ЖОО басқару құрамы іс
-әрекетінің психикалық сараптамасын өткізу және осы психологияның алдыңғы
шарттарнегізінде оқу үрдісінің ЖОО тәрбиесі мен оқытудың тиімділігін
көтеруді анықтау.
3) Білімгерлер ұжымының психикасын, оның оқуға, білімгерлердің
қоғамдық, ғылыми және өндірістік іс - әрекетіне әсерін зерттеу.
4) Жоғары білімді болашақ маманның тұлғасы мен маңызды кәсіби
қасиеттерінің қалыптасу заңдылықтарын анықтау (ЖОО профилі мен курсының,
жас және әлеуметтік ерекшеліктерін ескеру).
5) Білімгерлерді ЖОО бітіргеннен кейінгі практикалық іс -
әрекетке психологиялық дайындау проблемаларын құрастыру.
6) ЖОО оқытушының тұлғасы мен еңбек психологиясын, оның
педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығының психологиялық негіздерін
зерттеу.
7) Кәсіптік бағдар беру және жоғары оқу орындарына кәсіптік
талдау мәселелерін зерттеу.
8) Бұрынғы оқушылардың ЖОО оқытуына, ЖОО бітірушілердің – еңбек
іс - әрекет жағдайларына бейімделу процесін сараптау.
Жоғары мектеп психологиясының едәуір маңызды міндеттерінің бірі
білімгер іс - әрекетінің психологиялық сараптамасын жүргізу болып табылады.
Білімгер тұлғасы іс - әрекетте көрініп, қалыптасқандықтан, оның
ерекшеліктерінің, ұйымдастыру және мазмұның, қарқынын, деңгейін және т.б.
зерттеу жоғары білім берудің басқа психологиялық мәселелерді шешуде маңызды
кезеңі болып табылады.
Іс - әрекеттің әр түрлі түрлерінде, әр түрлі курстарда ЖОО профилін
ескере отырып білімгерлер психикасының және білімгерлер ұжымының
психологиясының жұмыс істеуі мен көрінуін зерттеу болашақ маман тұлғасын
қалыптасу процесін, оқу үрдісін жоспарлау мәселелерін шешуді, оқытудың
техникалық құралдарын қолдануын ойдағыдай басқару үшін қажет. ЖОО
психологиясының теориялық және практикалық мәні жоғары. Ол жоғары оқу
орындары жағдайында білімгерлер психикасының даму және қалыптастыру
заңдылықтарын, кәсіби іс -әрекетіне психологиялық дайындығын ашылуына
әрекет жасайды. Жоғары мектеп психологиясы білімгер тұлғасын қалыптастыру
міндеттері мен процесін білім беру мазмұны мен ұштасады, ЖОО басшылығына
оқу үрдісін ұйымдастыру мен жоспарлауда, білімгерлер мен оқытушылар еңбегін
ғылыми ұйымдастыру мәселелерін шешуде көмек көрсетеді. Жоғары мектеп
психологиясы мәліметтерін зерттеу әр түрлі ғылыми пәндерді оқыту
әдістемесін жақсартуға, білімгерлерді тәрбиелеу мн оқыту тиімділігін және
үлгерімінің көтерілуіне көрнекілік құралдары мен тоқ келтірілуіне ықпал
жасады.
ЖОО психологиясы негіздерін меңгеру оқытушылардың педагогикалық
шеберлігіне дұрыс әсерін тигізеді, оған өзеңбегін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Жоғары мектеп психологиясы оқу үрдісін қарқындату құралдарын табуға,
білімгерлерді оқыту мен тәрбиелеудін жаңа әдіс – тәсілдерін іздеуде көмек
көрсетуі мүмкін, сонымен бірге ол пән қатарының оқыту мазмұнын байытуы да
мүмкін.
Университеттік білім беру жүйесінде оқытылатын психология функциясы
туралы айтқанда Д.Г.Элькин олардың ең маңыздысы – идеологиялық жастарда
материалистік көзқарасын тәрбиелеу деп есептейді.
Философия, этика, эстетика курстары психологияда маңызды әдіснамалық
қаждалар қатарын қорғау үшін сенімді деректеуді табады. Білімгерлерді
тәрбиелеу мен оқыту мақсаттарын нақты анықтау, таңдау және кәсіптік бағдар
беру мәселелерін шеше отырып, заманауи маман моделін құрастыруына қатысып,
ЖОО ағзасының барлық бөлімдерінің жұмыс істеу тиімділігінің психологиялық
шарттарын анықтай отырып, жоғары мектеп психологиясы ЖОО арқылы халық
шаруашылығы, ғылым мен мәдениет үшін мамандарды даярлау жүйесін
негізделуіне қамтамасыз етеді.
Соңғы кездері ЖОО психологиясы мәселелерін зерттелуіне үлкен көңіл
бөлініп жүр.
Қазақстанның көптеген ЖОО-да жоғары мектеп педагогикасы мен
психологиясы мәселелерін зерттеу бойынша ғылыми орталықтары
ұйымдастырылған. Олардың негізгі міндеттері білімгерлердің өзіндік
жұмысының ең тиімді жолдарын табу, оқу үрдісін жетілдіру бойынша зерттеулер
жүргізу,білімгерлердің жұмыс қабілеттері проблемаларын шешу, жоғары білім
берудің психологиялық мәселелерін табу және шешу.
Көптеген психология кафедралары білімгерлер тұлғасының ақыл – ой
әрекеті программалап оқыту және білім беру бойынша зерттеулер жүргізіледі.
Жоғары педагогикалық, техникалық, дәрігерлік және басқа білім беру
психологиясы бойынша оқу құралдарын құрастыру тиімді және болашағы бар.
Жоғары мектепте психологиялық зерттеулер әдіснамасы мен әдістемесі.
Жоғары мектеп психологиясы алдында тұрған міндеттердің табысты
шешілуі өткізілетін және ұйымдастырылатын психологиялық зерттеулер
әдіснамасы мен әдістемесіне байланысты.
Әдіснама деп шындықты тану қайтадан түсіну әдістері туралы, таным
процесі мен практикаға көзқарас принциптерін қолдану туралы ілім. Әдіснама
ғылымға таным жолын, қажетті фактілерді алу және түсіндіру жолын,
зерттелетін құбылыстар заңдылықтарын табу және ашу жолдарын көрсетеді.
Жалпы әдіснама (барлық ғылымдар) және арнайы (белгілі ғылымның) болып
бөлінеді. Біріншісінің қызметін философия атқарады. Психологияның, оның
барлық салаларын ойын ішінде жоғары мектеп психологиясының да, жалғыз бір
әдіснамалық негізі бар – ол философия – табиғат қоғам мен адам санасы
дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Оның негізгі қағидалары мынандай:
1) Материя алғашқы, ал психика, сана соңғы, материя даму
нәтижесінде пайда болады және оның өнімі болып табылады.
2) Барлық құбылыстар себептермен негізделген.
3) Заттар мен құбылыстар өзара байланысқан және өзара бағынышты.
4) Барлық құбылыстар мен заттар дамиды және өзгереді. Жалпы
әдіснамада диалектика заңдары маңызды орын алады.
1) Қарама – қарсылықтың бірлігі мен күресі.
2) Сандық өзгерістердің сапалы өтуі.
3) Терістеуді теріске шығару.
Барлық ғылымдар үшін әдіснамалықта материалистік диалектика
категориялары маңызды болып табылады: мазмұны, құрылымы, формасы, себеп –
салдары, қажеттілігі, кездейсоқтығы, еркіндігі, ерекшелігі, жалпы және т.б.
туралы түсініктер.
Арнайы әдіснама жалпының негізінде құралады, бірақ оған белгілі
ғылымға, оның пәніне жататын өзгеше принциптер, теориялар, зерттеу әдіс –
тәсілдерінің қатары енеді. Бұл әсіресе философиямен тығыз байланысқан
психологияда анық байқалады.
Психологияның ғылым әдіснамасы психика мәні, оны зерттеу жолдары
менәдістері туралы жалпы теориялық ілімі ретінде диалектикалық материализм,
оның көзқарас принциптері, гносеология мен диалектикалық ойлау негізінде
құралады. Сонымен бірге оған психология, әлеуметтану, биология, физиология
және адам, іс -әрекет, тұлғаның дамуы мен өзгерісінің себептері туралы
басқа ғылымдардың жалпы қағидалар қатары жатады. Жоғары мектеп
психологиясының әдіснамасы диалектиклық материализммен қатар жалпы
психология, білімгерлер жасы пихологиясы, білімгер тұлғасының оқытушы,
білімгер және кафедра ұжымынын әлеуметтік психологиясының қағидаларына
негізделеді. Психологиялық ғылым, соның ішінде жоғары мектеп психологиясы
төменгі қағидаларын басшылыққа адам психикасы – объективтік шындықтың
бейнеленетін ми қызметі, материя дамуының жоғарға өнімі; психикалық
процестер – бұл объективтік шындықтың субъективтік бейнелері; адам тұлғасы
мен іс - әрекеті біріккен, психика іс - әрекетте көрініп, қалыптасады; адам
психикасының маңызды жақтары әлеуметтік тұрғыдан ескерілген. Бұл табиғат
сыйы емес, ал адам мінез – құлығының себептері, жігері, жоғарғы
сезімдерінің, қисын ойлаудың және оның санасының дамуына әкелетін қоғам,
тәрбие, оқыту әсерінің нәтижесі; сыртқы ықпал адамға оның ішкі дүниесі
арқылы әсер етеді (психикалық күй, тәжірибесі, қасиеттері және т.б.).
Қандай да бір психологиялық проблема зерттеудің әдіснамалық мәселелері
қалай теориялық, сондай –ақ бір жақты, нақты немесе қолданбалы сипатта
болуы мүмкін.
Жалпы және арнайы әдіснама қандай да бір құбылыстың зерттеу
концепциясын жасауға және белгілі жалпы теориялық түсіну түрғыдан
тәжірбиелі және басқа фактілерді талдауға ықпалы жасайды. Мұнда таным
принциптерін басшылыққа алу қажет: дұрыстық, детерминистік, тарихтық,
теория мен практикалық дамуы бірлігі. Жоғары мектепке бұл білімгер,
оқытушының тұлғасы мен іс- әрекеті, ЖОО-ң оқу үрдісі қоғамдық қатынастардың
келісімі, халық шаруашылығы қажеттіліктері көзқарасы тұрғыдан оқытылуы
қажет. Бұл жоғары білім беру проблемаларын психологиялық зерттеулерге
жүйелік талдауды жүзеге асыруға қатысады.
Зерттелетін психологиялық құбылысты, ЖОО білім беру процесін
құраушыларға бөліп, олардың өзара байланысы сипатын аша отырып, мамандарды
даярлау мақсаттарын, оларға қойылатын әлеуметтік және кәсіптік талаптарды
ұмытпау қажет.
Зерттеуші зерттеу объектісі мен пәнін тақырыбы айыру қажет. Зерттеу
объектісі – бұл объективтік шындық бөлігі, яғни зерттелуі керек. Біздің
еркіміз санамызға байланыссыз бар шындық. Зерттеу тақырыбын, объект сияқты
зерттеушінің өзі анықтайды. Зерттеу тақырыбы болып әдетте қандай да бір
жақ, бөліп, қасиет, зерттеу объектісінің қатынасы табылады. Зерттеу
тақырыбы зерттелетін объектінің нақты жағына көрсетеді. Зерттеу объектісі-
кең ұғым. Зерттеу объектісі – бұл тұтас, ал зерттеу тақырыбы – оның
бөлігі, оның қасиеттері, қатынастары. Мысалы, зерттеу объектісі білімгер
болу мүмкін, ал зерттеудің нақты тақырыбы болып оның үлгерімі, оның мінезі,
қабілеттері зерттеудің бір объектіге бағыттылығы басқа да тақырыптарды
зерттеу мүмкіндігін болжайды.
Зерттеу құбылыстары, процестің көрсеткіштерін анықтау маңызды болып
табылады. Психологиялық зерттеу мақсаттары үшін психикалық құбылыстардың
объективтік көрсеткіштерін табу тиімді. Әдетте көрсеткіштері ретінде іс –
қимылдар (олардың қарқыны, дәлдігі және т.б.), есептер шешуінің, тесттердің
нәтижелері, физиологиялық өзгерістер шамалары (тамыр соғуы, дем алу, қан
қысымы және т.б.) алынады. Егер тек объективтік көрсеткіштерді тіркеумен
шектелетін болсақ, мысалы, есепті шығаруға жұмсалған уақыттың, онда
психикалық заңдылықтардың өзі зерттелмей қалу мүмкін.
Объективтік көрсеткіштерді психикалық құбылыстармен ара қатынасын
дұрыс белгілеу керек. Олардың қайсысы және психикалық қай құбылысына сәйкес
екенін білу керек. Мысалы, білімгермен оқу тапсырмаларын дұрыс орындау
сияқты тәртіптің объективтік көрсеткіштері, сабақта тыныштық сақтау,
жинақылық, ұқыпты сырт келбеті жүріс – тұрыс нормаларына білімгердің
қатысы, әр түрлі жағдайда өз - өзін басқару ептілігі, тәртіп дағдылары мен
әдеттері сияқты психикалық құбылыстарды сипаттайды. Қандай да бір
психикалық құбылыстардың объективтік көрсеткіштерін анықтамай, олардың
деңгейін, динамикасын және т.б. анықтамай, психикалық құбылыстармен олардың
ара қатынасын зерттемей тәртіпті мінездің күрделі белгісі ретінде терең
тани алмайсын.
Жігер қасиеттері тұлғаны, оның себептерін, білімін, тәжірибесін ой
ерекшеліктерін және т.б. көрсететініне сүйене отырып, Л.В.Златков
қасиеттердегі жеке айырмашылықтар күш пен толықтықпен, тұрақтылықпен және
кеңділікпен байланысты екенін атап көрсеткен. Әрбір жігерлік қасиеттері
даму деңгейінің критериі болып тұрақтылықпен және кеңділік күшпен,
толықтықпен табылады. Тұрақтылық пен кеңділік әр түрлі салмақта болады.
Білімгерлердің ақыл – ой мүмкіндіктерін басқа зерттеуінде келесі
көрсеткіштері алынған:
1) Жады, ойлау және таным әрекеті процестерінде бейнелік және
абстракты бөлшектері ара қатынасындағы өзгерістер. Абстракты ойлаудың ең
жоғарғы деңгейін талап ететін күрделі оқу материалының өзіндік талдауын
ойдағыдай жүзеге асыруға қабілетінің қандай деңгейінде екені ескеріледі
(нақты материалдың теориялықтан көп болуы немесе керісінше; нақты материал
көп, бірақ теориялық тұжырым, қортындылары жеткіліксіз).
2) Білімгердің қызығу, ұзақ және өзіндік іс - әрекеті үшін
қажетті тұлғаның эмоциялық – жігер қасиеттерінің деңгейі.
3) Мақсатқа ақыл –ой өзін -өзі тәрбиелеуді жүзеге асыруға
тұлғаның дайындығын сипаттайтын сана – сезім, өзін - өзі талдау және өзін
-өзі бағалаудың деңгейінде және бағыттылығында өзгерістер.
4) Білімгерлердің сөйлеу мүмкіндіктердің күшеюі.
5) Ойлау логикасы мәселелеріне қызығушылықтың көбеюі.
Зерттелетін құбылыс, процестің кейбір көрсеткіштері жанама сипатта
болады. Мысалы, дәлдік деңгейі жеткілікті білімгердің жұмысқа қабілетін
орта білім беру аттестатындағы бағалардың орташа баллмен сипаттауға болады.
Бірінші және екінші курстарда аттестатында 3-3,5 орташа баллы бар нашар
білімгердің ⅓ бөлігі: оларға емтихандарда қанағаттанарлықсыз бағалардың 60
% келеді және дұрыс бағалардың тек 2-2,5 %. Білімі нашар білімгер көптеген
жағдайда бірінші және екінші курстарда ЖОО-н шығарылады.
Сабақтан қалудың негізгі себептері – білімгерлер денсаулығының күйі.
Ол тамақтану, демалу және сабақтар режимінің бұзылуымен байланысқан.
Сонымен жоғары мектептегі психологиялық зерттеулердің әдіснамасын психика
мәні туралы, сана мен іс - әрекет бірлігі туралы психологиялық ғылымның
және диалектикалық материализмның қағидалары құрайды. Олар ЖОО оқыту мен
тәрбиесінің өзгеше жағдайында психикалық құбылыстарды зерттеу процесіне
талаптарында көрсетілген. Жоғары мектеп психологиясының әдістері –
білімгерлердің, оқытушылардың, ЖОО басқару құрамының, білімгер, оқытушы
және басқа ұжымдары іс -әрекетінің психикалық ерекшеліктерін зерттеу
тәсілдері.
Қандай да бір проблеманы ғылыми шешу үшін әдетте әдістер кешенін
қолдау қажет, белгілі әдістемені құрастырып, жүзеге асыру қажет.
Әдістерді түсіну, анықтау және таңдау әдіснамаға байланысты.
Прагматикалық бихевиористік әдіснама белгілі себептерге реакцияларды тіркеу
әдісін ұсынады және осымен психиканы зерттеуін сырт жүріс – тұрысын
зерттеуге әкеледі.
Идеалистік әдіснама психологияның негізгі әдісі ретінде өзін - өзі
бақылау әдісін (интроспекция) бекітеді.
Тек диалектикалық – материалистік әдіснама психология әдістері туралы
мәселені шешуге ғылыми қарауға ықпал жасайды. Жоғары мектеп психологиясының
маңызды әдістері бұл бақылау мен тәжірибе.
Бақылау әдісінің объектісі болып білімгерлер, оқытушыларының іс
–қимылдары мен қылықтары табылады. Бақылау көмегімен адамның сезімдерін,
жігерлі, адамгершілік және басқа қасиеттерінзерттеуге болады. Адамның мінез
– құлығы мен ішкі дүниенің сырт картинасы ғылыми білім негізінде ар
қатынаста болса, бақылау нәтижелі болады. Мысалы, білімгердің ақпарат
көздерінің қандай да түріне сүйену жиілігін зерттеу (кино, радио,
теледидар, көркем әдебиеті, арнайы әдебиеті және т.б.) бір көзге сүйену
арқылы қажеттіліктер қатарын қанағаттандыру ақпарат көздерінің тұлғаға әсер
ету тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Бақылаудың анық мақсаты, жоғары
болуы мүмкін, жүйелі түрде, білімгер іс - әрекетінің әр түрлі жағдайында
өткізілуі қажет. Ол, тәжірибеге қарағанда, психиканың бақыланатын
құбылыстарына қатыспаушылықты талап етеді, сондықтан көп еңбекті талап
етеді, бірақ зерттеудің нәтижелі әдісі болып табылады. Бақылаушы
құбылыстарды табиғи түрінде көреді. Бұл өте құнды, өйткені оларды дәл
сипаттауға мүмкіндік береді. Кейбір мәселелерді зерттегенде бақылау әдісі
жалғыз мүмкін әдісі болып табылады,мысалы, сабақтарда топтың назарын,
емтиханда екі алған білімгердің уайымын зерттеу және т.б.
Тәжірибе әдісі, бақылау әдісіне қарағанда, белсенді болып табылады.
Психикалық құбылыстарды суреттеу және түсіндіру үшін қажетті мәліметтерді
береді. Тәжірибеде зерттелетін процесті шақырып және оның өтуіне әсер
тигізу үшін арнайы жағдайлар жасалынып, өзгертіледі. Бұл зерттелетін
құбылыстың сандық және сапалы сипаттамаларын алуға мүмкіндік береді.
Оқудың психофизиологиялық механизмдерін талдау, білімгерлердің оқуын
бақылау, түсіну үшін оқуды тездетудің едәуір қырлары бар екенін болжауға
мүмкіндік береді. Бірақ бұл қырлары оқудың жаңа техникасын меңгеру бойынша
арнайы сабақтарды өткізу нәтижесінде жүзеге асырылады.
Бірінші курс білімгерлермен өткізілген практикалық тәжірибе 45 минут
созылған 16 сабақтан тұрады. Сабақтар мерзімділігі – аптасына екі рет.
Оқыту курсының жалпы ұзақтығы – екі ай. Оқытудан кейінгі минутына оқылған
белгілердің саны екі есе көбейді. Зертханалық және табиғи тәжірибені
айырады. Зертханалық тәжірибе арнайы құрылған жағдайларына, әдетте
аспаптар, құралдар және басқа техникалық құрылғыларды қолданумен
өткізіледі. Сынаушы тәжірибеде өткізіп жатқанын біледі. Табиғи тәжірибе
өмірлік жағдайларда, лекция, семинар, емтихан және т.б. өткізіледі. Ол
дағдыларды, ойлауды, ұжымдық сезімдерін қалыптастыруға педагогикалық еңбек
тиімділігінің жағдайларын анықтауға бағытталған және т.б. бұл кезде сынаушы
тәжірибе өткізіліп жатқанын білмейді де, сезбейді тәжірибе кезінде
зерттелетін құбылыс тәжірибеші ерігі бойынша өмірге келеді, толық ғылыми
зерттеу үшін қанша қажет, сонша рет келтіріледі. Осы қасиет зертханалық пен
табиғи тәжірибе арасындағы ұқсастық болып табылады.
Әңгіме бақылау мен тәжірибені толықтырады. Адам басқаларға өз мінез –
қылықтарын көрсетіп, түсіндіре алады. Әңгімелесудің табысты болу шарты –
зерттеушіге сенімділік, сөйлесудің қолайлы, жағымды психологиялық
атмосфераны құру және т.б. Кейбір ақпаратты сынаушының сырт келбеті, оның
сөйлеу ырғағы береді.
Әңгімеде адамның себептері, оның ойлау деңгейі және т.б. анықталуы
мүмкін. Мысалы, тәжірибені оқытушының талаптарымен танымдық әңгімесі оның
тұлғасы туралы пайдалы кеңестер беруі мүмкін.
Білімгерлер мен оқытушылар іс - әрекетін оқу – тәрбие жұмысының
практикасын сараптау әдісі жеке білімгерлер мен білімгерлер ұжымының дамуы
туралы, оларды тиімді басқару, тәрбиелеу шарттар туралы пайдалы кеңестерді
береді. Білімгерлер іс - әрекеті әр алуан оқу, қоғамдық ғылыми оқу жұмысы
қоғамдық – саяси практика, еңбек семестрі білімгерлер алдында шартты емес,
ал нақты сынақтар қояды. Оларды жеңу дәрежесі олардың тұлғасының, азаматтық
және кәсіптік қасиеттерінің қалыптасуы туралы нақты айтуға ықпал жасайды.
Тестілеу әдісі (есептерді шешу) білімгерлер талаптары деңгейін, олардың
қабілеттері мен басқа ерекшеліктерін зерттейді.
Сауалнама және анкета әдісі білімгерлердің әр түрлі оқиғалар туралы
ойларын, қатынастарын зерттеу үшін қолданылады. Бұл әдіс сыналушылардың
сұрақтарға еркін жауаптары жолымен, сондай – ақ анкета сұрақтарына берілген
бірнеше сұрақтардан тұратын дайын жауаптарды таңдау жолмен жүзеге
асырылады. Мысалы, институтқа түскенде және осы мамандықты таңдағанда нені
басшылыққа алдыңыз? (Не үшін біздің институтымызда оқығыңыз келеді?)
деген сұраққа төмендегі жауаптар алынды:
1) Институтта меңгергім келген мамандық бар – 54,7%.
2) Ата – анам, достарым, институт білімгерлері кеңес берді – 36,6-
40,6%.
3) Кіші конкурс – 13-23,5%
4) Жатақханасы бар – 47 – 6,3%.
5) Ұқсас мамандық бойынша жұмыс істедім – 7,6 – 7,8%.
6) Кездейсоқ – 6,3 – 7,8%.
Жоғары мектеп психологиясында тәжірибелі оқытушылардың оқытудың қандай да
әдістерінің артықшылығы немесе кемшілігі туралы, лекция, семинарға
талаптары туралы ойлары – бағалары пайдаланылады.
Психологиялық зерттеулерде білімгерлердің психикалық процестері мен
күйін объективті бақылау үшін электроэнцефалография әдісі қолданылады.
Олай болса, жоғары мектеп психологиясында білімгерлердің,
оқытушылардың, ЖОО басқару құрамының іс - әрекеті ерекшеліктерін нақты
ескеру негізінде, жоғары білімді маман тұлғасын қалыптасу мақсаттары мен
міндеттерін негізінде де қолданылатын әр түрлі әдістер пайдаланылады.
Дәріс №2. Жоғары білімді маманға қойылатын талаптар және білімгер тұлғасы
дамуының ерекшеліктері.
Әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі ғасырлар бойы қалаптасқан тұрмыстық,
әдет-ғұрыптық салт-санадан туындайтыны секілді әр адамның да тұлғалық
ерекшеліктері бар екені даусыз. Біреу өнерге , біреу әдебиетке, енді біреу
техникалық мамандықтарға бейім болады, соған сай мінез-құлық ерекшеліктері
де қалыптасатынын өмір тәжірибесі көрсетіп келеді . Сондықтан да еліміздің
ертеңі- жас ұрпақты сапалы білім , саналы тәрбиемен қаруландырып , олардың
туа біткен тұлғалық ерекшеліктерін мүмкіндігінше тиімді жетілдіре түсу әр
ұстаздың басты міндеті , абыройлы борышы. Ал қай жас жеткіншек болсын,
білім мен тәрбиенің негізгі көзін әуелі мектептен, кейін арнайы және
жоғары оқу орындарынан алатынын ескере келе , сондағы ұстаздардың алдына
дұрыс талап қойып, тәрбие мәселесін біліммен ұштастырғанда ғана заман
талабына сай , жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең , зерделі маман даярлай
аламыз .
Әрбір азаматтың тұлғалық қалыптасуына отбасы мен қоршаған ортаның
әсері үлкен. Бірақ жасыратыны жоқ, оқу орнына келген жастардың басым
көпшілігі, тіпті баршасы деуге болады, иі қанбаған тері секілді. Сондықтан
олардың ары қарай қалыптасуына дұрыс бағытталған оқу-тәрбие жұмысының
ықпалы зор болмақ.
Білімгер қай мамандықты қалап алсын (ол ертең экономист бола ма,
заңгер бола ма, бәрібір), халық педагогикасының қайнар бұлағынан сусындап,
елін сүюге , халқын құрметтеуге , өзге халықтардың да мәдениетін , салт-
дәстүрін сыйлап, озығынан үйреніп, тозығынан жиреніп , тек мамандығына
байланысты ғана жетіліп қоймай,ой шеңберін , мәдениеттілігін дамытуға тиіс
екендігі ескеріліп отырады.
Президентіміздің Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында
денсаулықты сақтау және салауатты өмір сүру басты әлеуметтік мәселе ретінде
қойылып отырғаны да баршамызға мәлім.
Білімгер сөзі латын тілінен аударғанда ізденуші, бір іспен
айналысушы, еңбекқор мағынасын білдіреді. Білімгерлік кезең – жас дамуы
кезеңдерінің ішінде өзіндік орны бар кезең. Жас кезеңдерін анықтау
теорияларына (Э.Эриксон, Ф.Фельдштейн,Б.Г.Ананьев, А.В.Дмитриев , И.С.Кон,
В.Т.Лисаковский және т.б) сүйенсек,білімгерлік шак негізінен адамның
бозбала шағы мен жастық кезеңін қамтиды. Ал , бозбалалық шак пен жастық
кезеңде адам өзі туралы, адамдармен қарым-қатынастағы алатын орны туралы
мәселелерге ерекше мән беретінін ескерсек, білімгердің өзіндік санасының
толығып, өзін тәрбиелеу мен дамытуға ден қояр кезеңі де осы уақыт болары
сөзсіз.
Бұл жасқа тән адамгершілік дамуының негізгі сипаты мінез- құлығының
саналы мотивтерінің күшеюімен байланысты болады. Жоғары сыныптарда аса
жеткілікті дами қоймаған мақсаттылық, шешімге келу, табандылық, дербестілік
, бастамашылдық, өзін ұстай білу тәрізді сапалар бірқатар беки түседі.
Моральдық мәселелерге қызығу (мақсаттар, өмір салты , міндет, махаббат,
сенім , т.б) жоғарылай бастайды.
Білімгер тұлғасы - бұл жас адамның тұлғасы, жоғары квалифицияланған
еңбек қызметін орындауға дайындалып жатқан маман. Оқу барысында білімгерге
қажетті дағды , білім, қабілет, игерілуі керек.
Білімгердің өміріндегі басты бағыт – оқу, өз интеллектісін дамыту,
рухани өсу, адамгершілік, физикалық, эстетикалық мамандарды игеру.
Қазіргі танда бірінші курсқа келген білімгер жасы, әлеуметтік жағынан
мүлдем бұрынғы отызыншы, қырқыншы жылдардағыдай емес . Қазір бірінші
курстағылардың 70%-80% - 20 дан жас.
ЖОО ның тәртібін қабылдауға 17-23 жастары лайық екені белгілі. Сонымен
қатар өмірдің аз тәжірибесі ЖОО оқу сұрақтарын шешуге қиындықтар туғызады.
Мектепті алтын медальмен бітіргендер ЖОО да жақсы оқи бермейді екен. Ол
үшін психологиялық өсу керек ,өзбетінше белсенді жұмыс жасауға санамен өсу
қажет.
Осы жас кезеңдеріне қатысты зерттеулер білімгерді белгілі бір жас
кезеңіне қатысты және тұлға ретінде үш жақты сипаттайды:
1. Психологиялық жағынан тұлғаның психологиялық процестері мен
жағдайларының және қасиеттерінің бірлігін қарастырады . Мұндағы ең бастысы
– тұлғаның психологиялық қасиеттері ( бағыттылығы, темпераменті, мінезі,
қабілеті ).
Тұлғаның бойындағы барлық психологиялық жағдайлардың пайда болуы,
психикалық процестердің жүруі және психикалық белсенділік дәрежесі осы
қасиеттерден бастау алады. Әрине , білімгер тұлғасын зерттеуде , осылармен
бірге индивид ретіндегі ерекшеліктерін де ескеру қажет.
2. Әлеуметтік жағы білімгердің белгілі бір әлеуметтік топқа, ұлтқа
жататындығына байланысты анықталған қоғамдық қатынастар мен қасиеттерінен
көрінеді.
3. Биологиялық жағы жоғары жүйке іс-әрекетінің типін, анализаторлардың
құрылымын, шартсыз рефлекстер мен инстинктерді , дене күшін , дене
құрылымын , бойы мен бет әлпетін , тері мен көздің түсін т.с.с биологиялық
сапаларды қарастырады. Бұл сапалар туа пайда болатын нышандар мен тұқым
қуалау арқылы берілетіні белгілі, дегенмен , өмір жағдайлары да оның
өзгеруіне әсер етуі мүмкін.
Бұл жақтарды зерттеу білімгердің жастық пен тұлғалық ерекшеліктерін
ашады. Білімгер тұлғасының дамуы болашақта жоғарғы білімі бар маман ретінде
мына бағыттарды жүреді:
• профессионалды бағыттылық қатаяды, қажетті қабілеттер дамиды;
• психикалық процесс,күй, тәжірибе анализденеді;
• жауапкершілік сезімі , қызметтің жетістігіне , білімгердің жекелігі
жоғарылайды;
• білімгердің өз болашақ мамандығына қызығушылығы өседі;
• білімгердің болашақ маман ретінде өзін-өзі тәрбиелеуі жоғарылайды;
• болашақ практикалық жұмысқа өзбетінше профессионалдық дайындық
қатаяды.
Осы үш жақты зерттеу білімгердің сапалары мен мүмкіндіктерін, оның
жас ерекшелігі мен тұлғалық ерекшеліктерін айқындауға көмектеседі. Егер
білімгерді жас шамасы жағынан қарастырсақ, ол қарапайым, аралас және сөз
арқылы берілетін сигналдарға деген реакциясының латенттік кезеңінің
қысқалағымен, күрделі психомоторлық және басқа да дағдыларының пайда болу
икемділігімен сипатталады.
Білімгерлік кезең жас кезеңдерінің ішіндегі бозбалалық кезеңге сай
келетіндіктен оперативтік есте сақтау мен зейінінің ауысу жылдамдығы, сөз-
логикалық есептерді шешу шапшаңдығы жоғары болады. Сөйтіп, білімгерлік жас
кезеңі ең жоғары, биік нәтижелерге жетумен сипатталады. Білімгерлік
жылдар тұлғалық қалыптасуға ғана емес , тұлғалық дамудың жоғары
дәрежелеріне жетуге мүмкіндік беретін кезең болып саналады.
Білімгер өзін тәрбиелеу арқылы өзіндік сананың құрамына енетін
нормалар , идеялар мен құндылықтарының мазмұнын толықтырады. Өйткені бұлар
мәні жағынан қоғамдық болып табылатындықтан, тұлғаның жеке құндылықтары мен
идеялары , нормалары дәрежесіне жету арқылы оны қоғамдық сананың бір
бөлшегіне айналдырады. Сөйтіп , тұлға өзінің іс-әрекеті мен қарым-
қатынасына қажетті жеке стилін қалаптастырады. Стиль – индивидтің дене күші
мен психикалық жағынан неғұрлым аз мөлшерде энергия жұмсай отырып, көздеген
мақсаттарына жетуіне көмектесетін іс-қылық тәсілдерінің жүйесі . Ал ,
өмірлік стиль деп белгілі бір тұрақтылықпен сипатталатын мінез-құлықтық
жүйені айтады. Тұлғаның өзін басқаруы осындай стиль түріне қалыптаса
отырып, саналы бақылаудан, босайды. Әрине, бұл жағдайда ерік күшінің ролі
мен маңыздылығын атап өтуіміз қажет. Ерік күші тұлғада пайда болатын (іс-
әрекеттің немесе қарым-қатынастың мазмұнына қарай) түрлі түрткілерге
тәуелді болады. Сондықтан да , өзін сақтау және қоғамдық міндетін орындау
сияқты түрткілер арасындағы тартыста тез шешім қабылдау тұлға үшін оңай
бола бермейді. Өзін өзгерту , өзін қайта тәрбиелеу мәселелері де
қалыптасқан әдеттерді күшпен өзгерту қажеттілігіне апарып соқтырады. Тұлға
әдеттенген мінез-құлығы үшін энергияны аз жұмсайтыны анық, бірақ онысы
мотивациялық дәрежесі жағынан төмен болып шығады . Жоғары дәрежелі
мотивацияға жету үшін субьект өзінің бұрынғы өміріне қатысты мінез-құлық
әрекеттерін түбірімен өзгертіуне дайын болуы керек. Өміріндегі түрлі
кедергілер, өз жетістігіне қанағаттанбаушылық кез-келген саналы адамды өзін
өзгертуге, қайта тәрбиелеуге жетелейді. Мұндай жағдай барлық жас кезеңінде
кездессе де , білімгер үшін дәл осы мәселеге міндет ретінде бас тартуға
болмайтындай дәрежеде кездеседі. Оның негізгі себептері төмендегідей:
1. Білімгер жаңа өмірге аяқ басты, сондықтан өзін ересек сезіну,
ересектер өміріне ену, өзін көрсету мен өзгелерді де көре беру
міндеттері пайда болды;
2. Оқу үлгеріміне , қоғамдық белсенділікке , білімгерлік ұжым ішінде
өзіндік орнын анықтауға байланысты мәселелерді шешу қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүмкіндіктерін іздейді;
3. Кәсіби білім алуға , кәсіпкер маман болуға талаптанады (талпынуы
қажет)
Егер білімгерді тұдға жағынанан қарастырсақ , 18-20 жас аралығы –
адамгершілік пен эстетикалық сезімдердің өте белсенді дамуымен ,
мінезінің қалыптасуы мен тұрақтануы арқылы ересек адамның азаматтық ,
кәсіби еңбек сіңіретін кезеңі болып табылады. Бұл уақытта демографтар
атап көрсеткендей , адамның өз бетімен өндірістік іс - әрекетке
араласатын , еңбек жолын бастайтын және жеке отау құру мәселелерін
қамтитын экономикалық белсенділік бастау алады. Біріншіден ,
білімгердің мотивациясының өзгеруі, құндылық бағдарлар жүйесіндегі
өзгерістерді, екіншіден, кәсіп алуына байланысты арнайы қабілеттіліктің
пайда болуы бұл жас кезеңін адамның мінезі мен интеллектісінің
қалыптасуының орталық кезеңі етіп ерекшелейді. Бұл – спорттық
рекордтардың , көркемдік техникалық және ғылыми жетістіктердің басталу
уақыты.
Білімгердің тұлғасын зерттеуге арналған еңбектерде ішкі жан
дүниесінің қарама- қайшылығы , өзіндік жеке өмір ерекшелігін табу мен
айырықша жеке тұлғалығының қалыптасуындағы қиындықтар атап көрсетіледі.
Адамдардың бірдей еместігі қандай аксиомалық түсінік болса, білімгер
жастардың да әркелкі дамуы жағдайлары да – сондай түсінікті нәрсе. Біз
осыған дайын психикалық дамуы мен адамгершілік қалыптасуы нормаға сай
немесе түсінігі жоғары , қабілеті жеткілікті , белсенділігі бар жастар
жайында сөз етсек , енді психикалық жағдайы нашар немесе түсінігі мен
қабілеттілігі шамалы болған жағдайындағы білімгерлердің тұлғалық дамуын
уйымдастыру мүмкіндіктеріне тоқталып көрейік.
Тұлғалық дара ерекшеліктеріне (темперамент, мінез, қабілет) және өмір
жағдайларына ( материалдық, моральдық) , өзгермелі өмір сипаттарына
(стрес, күйзеліс,көңіл-күй) қарай білімгер жастардың оқу мен қоғамдық
істегі белсенділігі төмендеп кетіп жататыны бар. Міне , осындайда
психология ғылымының көмегі зор. Әсіресе , психодиагностикалық зерттеу
мен психологиялық кеңес түрлерінің маңызы ерекше. Бұл екуін білімгердің
тұлғалық дәрежесін көтерудің негізгі факторлары ретінде бағалауға болады.
Білімгерлік жас кезеңінде интеллектуалдық және дене күштерінің дамуына
оңтайлы жағдайлар мол. Бірақ осы мүмкіндіктер мен олардың іске асырылуы
арасында сәйкес келмеушіліктер жиі кездесіп қалады. Осындай сәттер, яғни
, шығармашылық мүмкіндіктер мен интеллектуалдық және дене күштерінің
дамуы, сонымен бірге сырт келбетінің тартымдылығы жастарда осылайша өсе
беру өмір бойы бола беретіндей , жақсылықтың бәрі алда әрі оған жету оп-
оңай сияқты көріне бастауы ғажап емес.
Білімгерлердің психология пәнін , әсіресе, түрлі тәжірибелік
жұмыстарды ұнататыны жасыратын нәрсе емес. Тек осы ниеттерді психология
пәнінің оқытушысы пәнді жетік меңгеруге ұтымды пайдалана білгені жөн.
Психология пәнін меңгертудің қазіргі заманғы озық әдістемелері бұл міндетті
шешудің бірден- бір құралы болып табылады. Соның ішінде теория мен
тәжірибені ұштастыра оқытуды ұйымдастырудың мүмкіндіктері мол. Психология
пәні жоғары оқу орнындағы барлық мамандық бойынша оқытылып, болашақ
мамандардың психологиялық сауаттылығы бүгінгі күннің басты талаптарының
бірі болып отыр. Көп салалы психология курсының қай-қайсысы болмасын
білімгердің тұлғалық дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Дегенмен , пәнді
оқытудан басқа, жоғарыда айтып өткеніміздей , психодиагностика мен
психологиялық кеңесті тиімді ұйымдастырудың да білімгердің тұлғалық дамуына
тигізер ықпалы мен пайдасы зор екендігіне назар аударсақ, көзіміз мыналарға
жетеді:
а) Психодиагностикалық зерттеу білімгерлің өзі туралы білімін
толықтырады;
ә) Зерттеудің нәтижесін талдау арқылы білімгер өзін түсінуге , тануға
мүмкіндік алады;
б) Психологиялық кеңес зерттеу нәтижелерінің мазмұнына байланысты
тұлғалық дамуды әрі қарай дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі;
в) Психологиялық кеңес тәсілдері тұлғалық қалыптасуды ұйымдастырумен
бірге , дамуды жетілдіруге , тұлғалық жағынан өсуге көмектеседі.
Аталған психологиялық көмек түрлері негізінен психологиялық қызмет
көрсету орталықтарының , психолог- практиктердің еншісіндегі мәселе
болғанымен, тәжірибелі психолог- оқытушы үшін сапалы оқу әдістемелерінің
бірі ретінде қарастырылуына да толық мүмкіндік бар.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының
басты мақсаттарының бірі – жан-жақты , жоғары білімді , шығармашылық
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім туралы заңда (8-бап) білім беру жүйесінің басты міндеті ...
ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға , дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау делінген. Қазақстан
Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші
түлектердің біліміне қойылатын талаптар төмендегідей:
- әлеуметтік – гуманитарлық ғылым саласында негізгі оқу мазмұнын білу ,
әлеуметтік жағынан қажетті білгірліктер мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан
талдай білу , ғылыми әдістерді кәсіптік және әлеуметтік қызметтің әр
алуан саласында қолдана білу;
- адаммның адамға, қоршаған ортаға қарым- қатынасын реттейтін этикалық
және құқықтық нормаларды білу, оларды экологиялық және әлеуметтік іс
жобаларын әзірлеуде ескере білу;
- өзінің алдына кәсіптік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мақсат
қойып, оларды шешу үшін өзі оқып-үйренген ғылымның әдіс-тәсілдерін
пайдалана білу;
- өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызметі саласында
қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін
меңгеру;
- өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық
жобалармен жұмыс істеуге әдістік және психолгиялық жағынан дайын болу.
Бұл талаптар –маман даярлығына қойылатын жалпы талаптар.
Педагогикалық қызмет – қоғамдық құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың
өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы , өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік
прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді, себебі
ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет. Қазіргі кезеңде
мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасынның жаңаша қалыптасуы ,
әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz