Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылық жерлерінің құқықтық жағдайы



1 Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру
2 Жеке меншіктегі және жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері
Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру - жерге айрықша мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру, жерді сату-сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да шаралар жаңа жер туралы заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келді. Жаңа жер реформасын жүзеге асыру қатынастарының мүліктік сипатын жоймайды, керісінше оның мемлекет байлықтарын табиғи ресурс ретінде ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтті [1].
Қазақстан Республикасының агралық саясатының негізінде жерге меншік құқығының болуы да аса маңызды болып табылады. Жерге меншік құқығы мәселесі қоғамда белсенді түрде талқыланды. Яғни, жерге жеке меншікті енгізудің басты негіздемесі болып инвесторлардың ауыл шаруашылық саласына қызықпаушылығы табылды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мүліктің өтімділігін төмен болуы ауыл шаруашылығына инвесторларды тартуға және де қаржылық құрылымды енгізуге басты кедергі болды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшін яғни, жеке меншікті пайдалануға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру ғылыми- зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргізу үшін, сонымен қатар жер учаскесін жер пайдалану құқығымен беру мерзімі кемінде бес жыл болады, оны бес жылдан аз мерзімге беруге жер учаскесін алуға мүдделі өтініш берушінің келісімімен ғана беріледі. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі [2].

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылық жерлерінің құқықтық жағдайы

А.М. Байжұманова
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Қазіргі кезде ауылды одан әрі дамыту мақсаттарын шешу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының ауылдық
аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын”
бекіткен Жарлығы қабылданды.
Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру - жерге
айрықша мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру,
жерді сату-сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да шаралар
жаңа жер туралы заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келді. Жаңа жер
реформасын жүзеге асыру қатынастарының мүліктік сипатын жоймайды, керісінше
оның мемлекет байлықтарын табиғи ресурс ретінде ұтымды пайдалану
мүмкіндіктерін кеңейтті [1].
Қазақстан Республикасының агралық саясатының негізінде жерге
меншік құқығының болуы да аса маңызды болып табылады. Жерге меншік құқығы
мәселесі қоғамда белсенді түрде талқыланды. Яғни, жерге жеке меншікті
енгізудің басты негіздемесі болып инвесторлардың ауыл шаруашылық саласына
қызықпаушылығы табылды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мүліктің өтімділігін
төмен болуы ауыл шаруашылығына инвесторларды тартуға және де қаржылық
құрылымды енгізуге басты кедергі болды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер Қазақстан Республикасының
азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын
дамыту үшін яғни, жеке меншікті пайдалануға Қазақстан Республикасының жеке
және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге, тауарлы
ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру ғылыми- зерттеу, тәжірибе жүргізу
және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал
шаруашылығын жүргізу үшін, сонымен қатар жер учаскесін жер пайдалану
құқығымен беру мерзімі кемінде бес жыл болады, оны бес жылдан аз мерзімге
беруге жер учаскесін алуға мүдделі өтініш берушінің келісімімен ғана
беріледі. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі
мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі [2].
Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншікке
берілетін ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттік бақылау
мақсатында бюджет қаражаты есебінен топырақты зерттеу, топырақ-
мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары
деректерінің негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің
паспорты жасалады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын
жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Жер учаскесінің паспортын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және оны
беруді жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, аудандардың уәкілетті
органдары жүзеге асырады.
Қазіргі кезде шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алуда
артықшылық құқықтарды өз шаруашылығын өзінің еңбек қатысуының негізінде
жүргізілетін, арнайы ауыл шаруашылық білімдері мен біліктілікке ие, ауыл
шаруашылығы саласында жұмыс өтілі бар, нақты бір ауданда, қалада, ауылда,
кентте тұрғылықты тұратын азаматтар иеленеді.
Өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелеріне құқықтың
субъектілері ретінде ауылдық жерде тұратын азаматтар болуы мүмкін.
Бағбандық және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерінің субъектілері болып
Қазақстан Республикасының азаматтары, бағбандық серіктестіктер немесе жер
учаскелерінің, соның ішінде, олардың ортақ мүддесімен құрылған үй жанындағы
учаскелердің меншік иелерінің тұтыну кооперативтері табылады.
Меншік иелерімен құрылған ұйымдастырылған құрылымдардың жер
учаскелерінің құқықтық жағдайы меншік иелерінің өзімен немесе олармен
құрылған заңды тұлғаның жарғысымен анықталады. Жолдар, арық жүйесі,
өсірілген өнімдерін сақтайтын орындар, қоймалар және басқа да ортақ меншігі
немесе осы үшін құрылған заңды тұлғаның кондоминиум тәртібіндегі меншігі
болып табылады [3].
Бақшалық үшін уақытша жер пайдаланудың субъектісі болып Қазақстан
Республикасының азаматы және басқа тұлғалар табылады.
Жеке меншіктегі және жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін,
босалқы жерлерді және кез-келген бос жер учаскелерін жалға алу жолы арқылы
бақшалық үшін пайдалануға болады.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде жер
қатынастарының басқа субъектілері де болуы мүмкін. Мысалы, ұйымдар мен
мекемелердің ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты өзіндік қажеттіліктерін
қамтамасыз етуге арналған ауыл шаруашылық қосалқы шаруашылықтары. Ауыл
шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру қажеттігі табиғи
факторларға, оларды бұдан кейін де басқа жер алқаптарының құрамында
пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негізделеді.
Жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесінің
орналасқан орны бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның бастамасы ауыл
шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жұмыстарды
жүргізуге негіз бола алады. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша
жүргізілетін ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру
жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын қаржыландыру – бюджет қаражаты
есебінен, ал жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың
өтініштері бойынша – олардың өз қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Ауыл
шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жер учаскесі,
учаскелер тобы, суармалы алқап, жер пайдалану бойынша жүргізілуі мүмкін.
Топырақ – мелиорациялық жай-күйі оларды басқа алқап түріне
ауыстыруды қажет ететін ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы қолда бар
жоспарлау-картографиялық материялдары, жерге орналастыру, мелиорациялық
құрылыс жобаларын, топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық тұрғындарының құқықтық нормаларының түсінігі
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Жер құқығы пәнінен дәрістер
ҚР жер қоры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Жер құқық қатынастары туралы
Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер құрамы
АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануының құрылуы
Пәндер