Аралық ми. Орталық жүйке жүйесі



1 Аралық ми
2 Вароли көпірі
3 Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары).
4 Гипоталамус.
5. Орталық жүйке жүйесі
6. Дивергенция мен конвергенция
7. Жұлынның құрылысы.
8. Сопақша ми
9. Ретикулярлы формация.
10. Анатомиялық құрылымы және талшықты құрамы.
Аралық ми (көне грекше: diencephalon, көне грекше: dia - аралық; көне грекше: enkephalon — ми) — пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасынын (қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі. Ол үш бөліктен: көру төмпегі бөлігі — таламустан, төмпекасты бөлігі гипоталамустан және төмпекүсті бөлігі — эпиталамустан тұрады. Нейроциттер денелерінен құралған таламустың орталық ядроларында жүлыннан жөне сопақша мидан келетін өрлеме сезімтал өткізгіш жолдар аяқталып, таламус нейроциттерінен басталатын өткізгіш жолдар жүйке толқындарын (импульсін) үлкен ми қыртысына жеткізеді. Аралық мидың таламус бөлігі (көру төмпегі) - орталық жүйке жүйесін ің төменгі бөліктерінен келетін сезімтал өткізгіш жолдардың реттеуші бекетінің (станциясының) және ми қыртысымен байланыстыру қызметтерін атқарады. Гипоталамус — аралық мидың көру жолы, сүр төмпек, қүйғьпи (воронка), гипофиз, емізікше дене бөліктерінен, ал эпиталамус - үшінші ми қарыншасының тамырлы қабығынан, эпифизден, жүгеншектің жұп түйінінен құралған.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Аралық ми (көне грекше: diencephalon, көне грекше: dia - аралық; көне
грекше: enkephalon — ми) — пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасынын
(қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі. Ол үш
бөліктен: көру төмпегі бөлігі — таламустан, төмпекасты бөлігі
гипоталамустан және төмпекүсті бөлігі — эпиталамустан тұрады. Нейроциттер
денелерінен құралған таламустың орталық ядроларында жүлыннан жөне сопақша
мидан келетін өрлеме сезімтал өткізгіш жолдар аяқталып, таламус
нейроциттерінен басталатын өткізгіш жолдар жүйке толқындарын (импульсін)
үлкен ми қыртысына жеткізеді. Аралық мидың таламус бөлігі (көру төмпегі) -
орталық жүйке жүйесін ің төменгі бөліктерінен келетін сезімтал өткізгіш
жолдардың реттеуші бекетінің (станциясының) және ми қыртысымен байланыстыру
қызметтерін атқарады. Гипоталамус — аралық мидың көру жолы, сүр төмпек,
қүйғьпи (воронка), гипофиз, емізікше дене бөліктерінен, ал эпиталамус -
үшінші ми қарыншасының тамырлы қабығынан, эпифизден, жүгеншектің жұп
түйінінен құралған.

Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру
төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық мида да
бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан
келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына
өтеді.

Көру төмпегі, таламус (лат. thalamus — көру төмпегі) - аралық мидың орталық
бөлігін алып жатқан құрылым. Оң және сол көру төмпектері ми аралығы арқьлы
бір-бірімен өзара жалғасып, үшінші ми қарыншасының (қуысы) бүйір қабырғасын
жасай- ды. Көру төмпегі сезімтал нейроциттер денелері ( перикариондар)
құрайтын сұрзаттық орталықтардан ( ядролардан) түзілген. Көру төмпегінің
ядролары анализаторлардың сезімтал аралық орталықтары.[1]

Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде
орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г.
жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып
омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол
жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.

Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8
мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір
бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады
(орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы
нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер
омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-
жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін
нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін
нервтендіреді.

Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті
болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған
нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға
жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда
аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.

Жұлын жұйке жұйесінің маңызды бөлімдерінің бірі- түрлі нерв әрекеттерінің
бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік
қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв
импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв
импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса,
жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық,
тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің
эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер жұлынның қатысуымен
орындалады.

Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса
маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты.
Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне
байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.

Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-
қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).

Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12
жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның
еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін
мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV
шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X
кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады.

Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы
ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.

Сопақша мидың арт жағында м и ш ы қ орналасқан. Мишық 3 бөлімнен тұрады:
мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары.
Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың
қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып
орналасқан нейондардан (нерв клеткаларынан) құралған: І-сыртқы,
молекулярлық; П-ортаңғы, ганлиялық; III -ішкі, түйіршік баттары. Мишықтың
жарты шарларының қалған жері ақ заттан құралған. Ақ затында сұр заттың
түйірлері - тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан.
Мишықтың кұртында сұр заттан құралған екі ядро бар.

Сопақша ми-жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2,5-3 см,
салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік.
Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтелу, түшкіру,
сілекей шығару, қарын және қарынасты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв
орталықтары және ІХ-ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан.

Вароли көпірі-сопақша мидың үстінде орналасқан. Оның ұзындығы 2,5 см. Ол
үстіңгі жағында ортаңғы мимен, бүйір жақтарында мишықпен шектеседі. Сопақша
ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми
тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады. Көпірден V, VI
ми нервтері шығады және көпір мен сопақша мидың арасынан VII, VIII ми
нервтері шығады. Жаңа туған нәрестенің сопақша миы мен көпірінің жалпы
салмағы 8 г. 7 жасқа келгенде артқы мидын дамуы аяқталуға жақындайды.

Ересек адамның мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі - белгілі бір
қозғалысқа қатысатын бұлшық еттердің жиырылуынын жылдамдығын үйлестіру
арқылы барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бұлшық
еттердің тонусын сақтау. Қорытып айтсақ, мишық - тонустық рефлекстердің
жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бұған қоса, мишық тыныс алуды,
жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.

Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар
4 төмпешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршық нервтерінің,
қызыл және қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында
алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы дыбыс орталықтары
орналасқан. Олардың қызметіне қарай бағдарлау реакциялары орындалады. Қара
субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын
реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің тонустары реттеледі.

Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ ми орналасқан. Ол 2
төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал
төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық
сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус Дененің жоғары дәрежелі вегетативтік
орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық
және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары
бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол неиросекреттер гипофиз безінде
белсендіріледі. Сондықтан Гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін
біріккен орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық
бездердің қызметін реттеуге қатысатын орталық бар. Бұларға қоса, ол адамның
ұйқысын және сергектігін реттеуге қатысады.

Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады. Ми бағанасының ортаңғы бөлігін
ретикулярлық формация ( торлы құрылым ) деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және
мөлшерлі бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Микроскоппен
қарағанда торға ұқсас болғандықтан оны торлы құрылым деп те атайды. Торлы
құрылым негізінен орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын,
мишық және үлкен ми сыңарлары. Ол жұлынның белсенділігін арттырып немесе
тежеп отырады. Торлы құрылымның әсерінен жұлынның байланыс жолдары
жеңілденіп, әлсіз тітіркендіргіштің өзіне жұлын рефлекстері толығынан және
жақсы пайда болады. Ал тежеп әсер еткенде жұлын рефлексі әлсіреп, нашарлап
тітіркендіргіштің күшті әсерін қажет етеді. Ми сыңарларына белсенділендіріп
әсер етуіне байланысты оның қозғыштығы төмендеп, адам ұйқыға кетеді. Торлы
құрылымның әсеріне байланысты рецепторлардан келген арнайы мәліметтер ми
сыңарларында талданып, дұрыс ұғым пайда болады. Ми сыңарлары мен торлы
құрылым бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Тек қана торлы құрылым ми
сыңарларын белсенділендіріп қоймай, керісінше, ми сыңарларының қыртыстары
да торлы құрылымға белгілі шамада әсер етеді.

Қыртысасты ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішінде қыртыс асты
ядроларының сұр заттары болады. Ол ядролардың ішінде ең маңыздысы -
бозарған, қауызды және құйрықты ядролар.

Бозарған ядро қозғалу кезінде көмекші қимылдарды қамтамасыз етеді және
ортаңғы мидағы қызыл ядроны тежейді. Бұл ядроның қызметі күшейгенде қосымша
қимылдар көбейіп, бұлшық еттің тонусы төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда
қолдың қажетсіз еріксіз тырбаңдаған қимылдары пайда болады, беті тыржияды
т.с.с. қимылдар туады. Ондай еріксіз қимылдар, мысалы, хорея ауруымен
ауырған адамдарда байқалады.

Бозарған ядроның қызметі нашарлағанда бүлшық еттің хонусы күшейіп, көмекші
қимылдар мүлдем жойылады. Он-дай адамның беті маска тәрізді болып,
қимылдары икемсіз, бір-біріне сәйкестелмейді.

Қ ұ й р ы қ т ы ядро мен қ а у ы з д ы ядро бозарған ядроның қызметін
тежейді. Сондықтан бүлардың қызметі күшейгенде бозарған ядроның қызметі
темендейді, ал қызыл ядроның қызметі күшейеді. Мүндайда паркинсон ауруын-
дағы тәрізді белгілер байқалады. Ал оның қызметі нашарла-ғанда хореяға
үқсас кемшіліктер пайда болады. 2-3 жаста қыртыс асты ядроларының мөлшері
ересек адамның мөлшерінің 40%-ындай болады. Оның нейрондары бүл мерзімде
әлі де болса дифференцияланып (нейрондардың белгілі бір қызмет атқаруға
бейімделуі) үлгермейді, аксондарының көпшілігінде миелин қабығы жетілмеген,
сондықтан балалардың қимылдары әлі де болса ыңғайсыз-дау, дүрыс
бағытталмаған. 4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-ындай
болады. 7-13 жаста оның аксондары толық миелинденіп, ересектердің
ядроларына жуықтайды.

Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары). Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен,
ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып
жатыр. Онда 17 миллиардтай нерв клеткалары бар, яғни жүйке жүйесінің
нейрондарының тең жартысы осы ми сы-ңарларында орналасқан. Ми сыңарлары
қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан
орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бүған
қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне
негізделген.

Ми сыңарларының үстіңгі беті қатпарланған сайлардан тұрады. Олар бір-
бірінен қатпарланып бөлінген. Алдыңғы және артқы сайларды орталық немесе
Роланд қатпары бөліп тұрады. Алдыңғы орталық сай ортаңғы қатпардың артында,
ал артқы орталық сай ортаңғы қатпардың алдында орналасқан. Ортаңғы сайдың
алдыңғы жағында жоғары, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары бар. Олар
өздері аттас қатпарлармен бөлінген. Орталық сайдың артында төбе сайлары
орналасқан. Адамның желкесінде қатпарлармен бөлінген бірнеше сайлар болады.
Самай бөлігінде 3 қатпар бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Адамның самай
бөлігің маңдай бөлігінен бөліп тұратын терең қатпарды Сильвий қатпары
немесе мидың бүйір жақ саңлауы дейді. Бүл атал-ған негізгі қатпарлар мен
сайлардан басқа бірнешеуі бар. Олардың әрқайсысының өз аты болады.

Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм
сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе м и қыртысы деп атайды. Ми
жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қап-талған нерв
клеткаларының аксондарынан түрады.

Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми
қыртысының нейрондары 14 түрлі болады. Ми қыртысының қүрамында нейроглиялар
да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады және оларды
қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрон-дардан 10 есе артық болады.

Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейрондардан тұрады:

1. Молекулярлық қабат ми қыртысының ең үстіңгі жағында орналасқан үсақ
нейрондардан қүрылған;

2. Сыртқы түйіршікті қабат пішіні дән, пирамида және көп бұрышты
нейрондардан түрады;

3. Сыртқы пирамидалы қабат пирамида пішінді мөлшері әртүрлі нейрондар;

4. Ішкі түйіршікті қабат тығыз орналасқан әртүрлі пішінді ұсақ нейрондар;

5. Терең орналасқан пирамида қабаты Бец клеткаларының жиынтығы;

6. Көп пішінді клеткалар қабаты үш бүрышты, ұршық тәрізді, көп бұрышты және
жұлдыз пішінді клеткалардай тұрады;

7. Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нерв торшаларының кейбіреулерінің
дендриттері 1-ші қабаттағы нейрондарға өтіп кетеді

Ми қыртысында белгілі бір қызмет атқаратын бөлімдер сезім, қозғалыс,
байланыс және лимбика.

Орталык жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жар-шарлары бір-бірімен
байланысты екі үлкен қызмет атқарады: .

1. Организмнің сыртқы ортамен баиланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның
мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы ақыл-ойы - бұлардың бәрі жоғары жүйке
әрекеттері;

2. Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің
қызметтерін қажетті жағдайға қалыптас-тыру, келтіру, яғни үйлестіру. Бұлар
төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.

Бүдан бір ғасырдай бүрын ми жарты шарларының бірдей еместігі, әсіресе
олардың қызметінің арасындағы айырма-шылығы анықталған болатын. Мидың сол
жағындағы сөйлеу орталығы зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок
дәлелдеген. Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан
кейін, адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінің бүзылғанын Вернике
анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол жақ жарты шарының ойлауға
қаты-сы барлығы байқалды.

Мидың оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, алсол жақ жарты шары
сөйлеу, ойлау қызметтерін атқаратыны туралы мәліметті Р.Сперри ұсынды. Бұл
қағида бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген ғылыми деректер
жиналды. Сөйтіп адамның миының жарты шарларына тән негізгі қызметтер
анықталды. Р. Сперри өзінің пациенттерін бақылау арқылы мидың екі жарты
шары екі ми іспетті қызмет атқаратынын байқады.

Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу. Орталық тежелу. Жалпы алғанда, жүйке
жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне - нейрондағы қозу мен тежелуге
негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет
қабілеті. Тек қозу кезінде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бүрын
жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы
төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да, оның қызметі өшеді. Қозу мен
тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне
байланысты. Екеуінде де энергия жүмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері
өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелген.
Дегенмен бала-лардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін қозу мен
тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе
күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.

Гипоталамус.

Гипоталамус (гр. 'hypo'— төмен, астында, қалыптан төмен; thalamos - камера,
бөлім) - көру төмпегінің (таламустың) төменгі жағында, көру жүйкелерінің
қиылысы мен үлкен ми аяқшаларының аралығында орналасқан аралық мидың
бөлігі. Ол үшінші ми қарыншасының түбі мен қабырғасын құруға қатысады.
Гипоталамус - сұр төмпектен (tober cinereum), гипофизден - hypophysis —
(эндокринді без) және емізікше денеден (corpus mamillare) тұрады.
Гипоталамустың сыртқы беті ақзаттан (өткізгіш жолдар), ішкі беті —
қыртысасты вегетативті ядроларды (тыныс алу, қан және лимфаайналым, дене
қызуы, жыныстық қызметтер т.б.) түзетін сұрзаттан құралған. Гипоталамустың
вегетативтік орталықтары — организмдегі қан қысымын, дене қызуын, май-су
алмасуын, эндокринді бездер жұмыстарын реттеуге қатысатын мультиполярлы
нейроциттер ядроларынан тұрады.

Гипоталамус ядролары. Гипоталамус ядролары(гипоталамические ядра) —
мультиполярлы нейроциттерден құралған, гипоталамуста орналасқан сұрзаттық
орталықтар, яғни ядролар. Гипоталамустың сұрзаттық орталықтары алдыңғы,
ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Аталған ядролар нейроциттері
биологиялық тұрғыдан тым белсенді және жүйке жүйесі медиаторларымен
салыстырғанда, алыстан және ұзақ уақыт әсер етуге бейімделген
нейрогормондар бөледі. Гипоталамустың алдыңғы бөлімі — нейросекрет бөлетін
ірі мультиполярлы нейроциттер құрайтын жұп супраоптикалық және
паравентрикулалық ядролардан тұрады. Ядролар нейроциттерінің эндоплазмалық
торында протеинді (нонапептидтер) нейрогормондар түзіледі. Оларға
вазопрессин және окситоцин гормондары жатады. Окситоцин мен вазопрессин
гормондарының қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес
келеді, яғни бұлар мүшелер құрамындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы қабықтары
мен қабаттарына әсер етеді. Сондықтан, гипоталамустың алдыңғы ядролары
нейроциттерін — холинергиялық нейроциттерге жатқызады. Вазопрессин мен
окситоцин гормондары нейросекреторлы нейроциттер аксондары бойымен жылжи
ағып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы
нейрогипофиз бөлігіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан
ұсақ денешіктер (Херринг денешігі) түрінде аяқталады. Гормондар кейіннен
организмге керекті мөлшерде соңғы денешіктерден қанға өтеді. Гипоталамустың
ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі ішкі- негіздік (медиобазальдық) және
төмпектік (туберальды) ядролары, қызметі симпатикалық жүйке жүйесіне сәйкес
келетін ұсақ мультиполярлы нейроциттерден құралған. Сондықтан, бұл
ядроларды — адренергиялық нейроциттерге жатқызады. Аталған нейроциттер
гипофиздің безді бөлігі — аденогипофиздің гормондар түзу процесін реттеп
отыратын, қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар
бөледі.

Бұлар өз кезегінде гипофиз аденогипофизінің гормондар бөлу қызметін
күшейтетін — либериндерге (күшейткіш гормондар) және керісінше, аталған
қызметті баяулататын — статиндерге (баяулатқыш гормондар) бөлінеді.
Гипоталамустың гормондар бөлу қызметін мидың жоғары бөлімдері бөлетін
нейроаминдер (дофамин, норадреналин, серотонин, ацетилхолин) мен гормондар
(эндорфиндер, энкефалиндер) реттеп отырады.

Мишық (мозжечок); (лат. cerebellum) - дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін
реттейтін және дене мүшелерінің қимьш-қозғалыстарын үйлестіретін, орталық
жүйке жүйесінің мүшесі — мидың бір бөлігі. Мишық — сыртқы қатпарлы
сұрзаттық мишық қыртысынан және ішкі ақзаттан тұрады. Мишық қыртысы үш
қабаттан: сыртқы — молекулалы, ортаңғы — ганглионды жөне ішкі — дәнше
қабаттардан тұрады. Мишықтың сүрзаты: жұлдызша, себетше, алмұрт тәрізді
және дәнді нейроцит терден құралған. Мишықтың ақзаты — мишықты мидың басқа
бөліктерімен байланыстыратын өткізгіш жолдарды құрайтын миелинді жүйке
талшықтарынан тұрады.

Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам
дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды.
Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас
адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол -аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл
жасайды.

Мишық қыртысы (кора мозжечка); (cortex cerebelli, лат. cortex —қыртыс,
cerebellum — мишық) — мишықтың сыртқы бетіндегі қатпарлы сұр заты. Мишық
қыртысы үш қабаттан: молекулалы, ганглионды және дәнше қабаттардан
қүралған. Сыртқы — молекулалы қабатты мидың басқа бөлімдерінен келетін
жүйке толқынын (импульс) тежейтін, жұлдызша және себетше нейроциттер,
олардың өсінділері мен ганглионды нейроциттердің тарамдалған дендриттері
құрайды. Ортаңғы—ганглионды қабат мишықтың негізгі қызметін атқаратын
алмұртша нейроциттерден түрады. ішкі — дәнше қабат майда нейроциттерден
және импульстерді тежеуші ірі жұлдызша нейроциттерден құралған. Орталыққа
тепкіш (афферентті) жүйке толқындары мидың төменгі бөліктерінен мишық
қыртысына мүк тәрізді және өрмелегіш жүйке талшықтары арқылы келеді. Мүк
тәрізді жүйке талшықтары жүйке толқынын алмұртша нейроциттерге дәнше
нейроциттер арқылы, ал өрмелегіш жүйке талшықтары жүйке импульстерін оларға
тікелей жеткізеді. Мишық қыртысының қалыңдығы әртүрлі жануарларда түрліше.
Орта есеппен молекулалы қабаттың үлесі 55%, ганглионды қабаттың — 5%, дәнше
қабаттың — 40% болады. Мишық қыртысы адам мен жануарлар организмдерінде
дене тепе-тендігін реттеу және қимыл-қозғалыстарды үйлестіру қызметтерін
атқарады.

Кіріспе.

Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер
қыметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сытртқы орта
құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді.
Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі-ми. Ми сыңары қыртысының ерекше
қызметі - ойлау, дүниетану, пікір тудыру дегеніміз - жүйке жасушасы. Ол -
жүйке жүйесі құрамындығы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенің морфоәрекеттік
негізі. Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты
қоршайтын құрылым.

1. Орталық жүйке жүйесі. Нейрондар пішіні, көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ
қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады.
Нейрон талықтары ұзындығына қарай (1 микроннан-1,5 метрге дейін) аксон,
дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа
талшығы. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Нейтроглия деп
нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды (гли-опдарды) айтады. Глия грек
сөзі - желім дегей мағынада. Глиаксоны екі түрлі - астроциттер және өзара
түйіспелер құрайды.

Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша де-несінен
күннің сәулесі тәрізді жан-жақта таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан
тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады.
Олигодендпоциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады.

Бұл жүйенің аты латынның limbus - жиек деген сөзінен алынған. Өйткені
бұл жүйеге жаңа ми қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршағап
құрылымдар жатады. Олардың көбі ми сыңарларының ішкі бетінде сүйелді
дененің жан-жағында орңаласқан: белдеуші қатпар (gyrus hippocampi) миндаль
(бадамша) тәрізді кешен (комплекс), күмбез (fornix), гиппокамп, мамиллярлық
дене. Бұл құрылымдарды 1878 ж. лимбиялық қыртыс деп атаған. Ол қызмет
жағынан таламустың алдыңғы ядролары мен гипоталамус және ортаңғы мидың
торлы Құрылымымен тығыз байланысты. Осы аталған құрылымдардың қызмет
бірлігін, оның аса күрделілігіп көрсету үшін 1952 ж. П.Д.Мак-Лин (америка
ғалымы) оларды бір лимбиялық жүйеге біріктіреді Лимбиялық жүйенің ең
көрнекті қызметінің бірі ішкі ортаның тұрақтылығын және жануарлардың
белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы әсерленістерін сақтау.
Лимбиялық жүйенің әрбір бөлігін жеке тітіркендірсе түрлі вегетативтік
функциялар, ішкі ағзалардың қызметі өзгереді. Мысалы, бадам тәрізді кешенді
тітіркендіргенде жүректің соғу жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар
тонусы өзгереді. Ас қорыту ағзаларының қызметі ішек қимылы, сілекей бөлінуі
көбейін, шайнау, жұту қимылдары пайда болады. Мұнымен қатар, қуық жатыр
жиырылады, пилоэрекция күшейееді. Мұндай өзгерістер лимбиялық жүйенің басқа
бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Мұнымен қатар қуық, жатыр
жиырылады, пилоэрекция күшейеді. Мұндай өзгерістер лимбиялыық жүйенің басқа
бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Айтылған вегентативтік
әсерленіс гипоталамусты жеке тітіркендіргенде кездесетін әсерленістерге
ұқсас, дегенмен тұтас лимбиялық жүйенің қатысуымен вегетативтік
әрекеттердің реттелуі гипоталламустан көп жоғары дәрежеде өтеді.

Лимбиялық қыртыс гипоталамуспен бірге ішкі ортаның мұқтаждығын
қамтамасыз ететіп іс-әрексті мен эмоцияның калыпптасуына қатысады.

Лимбиялық жүйенің кейбір жерін тітіркендіргенде жануарларда себепсіз
ашу, ызалану, бой бермей шабуыл жасау немесе қорқыныш сезімдері пайда
болады. Егер ол бөліктерді алып тастаса, мысалы, бұрын шабуыл жасауға
әрқашан даяр маймыл жетекшісі жуас және сенгіш болып қалады. Мұнымен бірге
оның ас іздеу әрекеті және жыныстық функциясы бұзылады. Мұның бәрі
лимбиялық жүйе, гипоталамус секілді, вегетативтік және денелік, эндокриндік
әрекеттерді үйлестіріп біріктіретінің көрсетеді.

Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гап-покампын
алып тастаса, жақын арада болғап барлық окиғалар естен шығып, ұмытылады. Ал
операция кезінде бұл құрылым тітіркендірілсе, бірден тез өтетін оқиғалар
еске түседі.

Гиппокамптың құрылым ерекшеліктері ондағы қозудын кейрондар тізбектері
арқылы айналып жүруіне керекті жағдай туғызады. Осы мәселе, оның есте
сақтау қызметінің негізін құрады. Есте сақтау бұл гиппокамп пен жаңа
қыртыстың қызметі. Гиппокамп арқыпы лимбиялық жүйе жаңа ми қыртысының
самай, мандай бөлімдерімен байланысады.

Қорыта келгенде лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен
қызметі тығыз байланысты және онымен қосылып бүкіл вегетативтік және дене
қызметтерін реттеу, үйлестіру жұмыстарына қатысады.

Орталық жүйке жүйесінің негізгі кьпметі - рефлекс (ferlescsus -латын
сөзі –тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс
сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), оған
ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы
ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары
И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин.

Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінін
белгілі бір жерінде топ-талған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің
жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке
орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады.

Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер арқылы тарайды. Сондықтан
қозудың өткізу еректішеліктері түйіспелердің физиологиялық қасиеттеріне
байланысты. Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 ме кідіріп, жүйке орталынғынан баяу
өтеді.

Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке
талшықтарына қарағанда тез қажитыны анықталды. Бұл, біріншіден,
түйііспелерде медиаторлар мөлшерінің, екіншіден, нейтрон денесіндегі қуат
қорының азаюынан, үшіншіден, нейрондарға оттегі жетіспеуінен (гипоксия)
болады.

Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, келесі толқыны
жылдамырақ өтеді. Бастапқы қозу келесі қозудың өтуін жеңілдетіп, жүйке
орталығында із қалдырады, қысқасы, бастапқы қозу келесіге жол салады,
сөйтіп оның өтуін жеңілдетеді.

Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіштін жиілігі
мен күшіне тең бола бермейді. Жеке тітіркендіргішке жауап ретінде жүйке
орталығында көптеген қозу толқындары пайда болады.

Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайырылатып жауап (рефлекстік
әсерленіс) уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ. Қабылдағышты тітіркендіру
тоқтағанымен жүйке орталығында қозу көпке дейін тоқтамайды. Бұл үрдіс
тітіркендіруден кейінгі әрекет деп аталады.

2. Дивергенция мен конвергенция. Қозудың орталық жүйке жүйесін. Қоздыру
ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген
нейрондармен байланысады да түйіспе құрады, яғни бір нейрон аксонының
серпінісі бірдей бірнеше нейронды қоздырады. Мұндай құбылыс дивергенция
(тармақталыс) деп аталады. Бұған қарама-қарсы құбылыс - конвергенция
(түйістіріліс), яғни бірнеше нейроннан кепіп түскен серпіністердің бір
немесе азғана нейронда жинауы.

Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондары қозған кезде
басталатын. Жұлыннан Реншоу жасушасы табылды. Бұл жасуша жұлын
мотонейронының айналасында орналасқан. Оны мотонейрон аксоңының бұтағы
қоздыра ды. Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды. Тежеуші нейроның
аксонытның ұшыпан тежелу медиаторы (гаммааминмай қышқылы не глицин) бөлініп
шығады да оның әсерінен түйіспеден кейінгі тежеуші потенцил пайда болады.

Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде орталық жүйке жүйесіндсгі су
бординация кұбылысы мен қозуды өткізу ерекшеліктері әсіресе жинақы қозу,
конвергеция мен окклюзияның маңызы өте зор. Бұлармен қатар орталық жүйке
жүйесіндегі кездесетін бірнеше құбылыстар (принциптер) рефлекстерді
үйлестіру негізін құрады: қозу мен тежелудің жайылысы (иррадиациясы), бір
жерге шоғырлануы (концентрациясы), үрдістердің индукциясы мен реципроктық
тежелу, доминаттық қозу, кері байланыс, соңғы жалпы жол. Жүйке орталығында
пайда болған бір үрдіс екінші қарама-қарсы үрдістін тууына себепкер болады.
Бұл индукция құбылысы. Жүйке жүйесінде қозу тежелуді, тежелу қозуды
тудырады. Мәселен, жұлынның бір сегментін жартысында бұғу орталығы қозады.
Мұнымен бірге екінші жартысындағы жазу орталығы қозыт, бұгу орталығы
тежеледі. Келесіде осы орталықтағы үрдістер бірін-бірі алмастырады.
Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч. Шерингтон репрокцииялық
(жегілген немесе қосарланыс) тежелу деп атаған. Репрокциялық тежелудің
арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалтатын қимыл рефлекстері
тумайды Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді.

3. Жұлынның құрылысы.

Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа
жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы
шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін
созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік
жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның
дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің
айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі
мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның
ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты
сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.

Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері
(өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір
сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан
екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы
және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық
тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді.
Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық
жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан
тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары
болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне
таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі
арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы
жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған
жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық
әрекеті де жойылады.

4. Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және
өткізгіштік.

Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы
деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын
реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі
орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде;
көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан.
Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты.
Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің
жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады.
Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.

Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және
орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш
жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі.
Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі
бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың
бақылауында болады. Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі қабықша қаптап
жатады. Сыртқысы - қатты, ортаңғысы - торлы, ішкісі - жұмсақ қабық-шалар
деп аталады. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе
жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін.
Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. б.

5. Сопақша ми. Үлкен мидың бір бөлігі жұлынның жалғасы сұр және ақ
заттардан тұрады. Алайда ондағы сұр зат, жұлындағыдай бірақ жерге
топтаспаған, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген
ядроларға, қызметі әртүрлі орталықтарға айналған. Ақ зат жүйке
талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай
өткізетін жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлімдерімен
сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбір жұлын
жолдары осы мида бір-бірімен қиылысып оң жақтан келген талшықтар сол жаққа,
сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Сұр зат жоғарыда айтылғандай
нейрондардан тұрады, рефлекстік қызмет атқарады. Бас сүйектен шығатын 12
жұп ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің (VIII, IX, X, XI, XII) ядролары мен
бірқатар аса маңызды рефлекстерді іске асыратын орталықтар кәне жұлын
қызметін реттеуде маңызды рөл атқаратын торлы құрылымның бір бөлігі
орналасқан. Сопақша мидың нейрон шоғырлары жүйке орталықтары) адамның
өмірін қамтамасыз етуде үлкен орын алады. Оған тыныс, қан тамырларын
тарылтып кеңітетін, жүрек соғуын баяулатып сирететін (тежейтін) тіршіліктік
орталықтар жатады. Бұлардың қайсысы бұзылса да адам өледі. Сопақша мида
сондай-ақ көптеген қорғаныс (жас шығару, кірпік қағу, жөтелу түшкіру, тер
шығару) және ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сілекей шығару, қарын
сөлі мен ұйқы безі сөлін шығаратын және құсу) рефлекс орталықтары бар. Бұл
орталықтардың да өмірді сақтауда маңызы аз емес. Мәселен, эмбрион сатысывда
жұту орталығы дамымай қалса (бульбарлық паралич) жаңа туған бала анасын
емгенмен аузындағы сүтін жұта алмайды. Сүт өңеш арқылы қарынға бармай тыныс
жолы арқылы өкпеге құйылады да, бала өкпесі қабынып және ашығьш өледі.
Сопақша мидың мойын және көз еттерінің тонусын өзгертетін көптеген
қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бірге статикалық және
татокинетикалық (вестибулярлық) рефлекстерге қатысады. Сопақша мидағы торлы
құрылым екі түрлі қызмет атқарады: а) жұлын қызметін күшейтіп не
әлсірететін төмен қарай бағытталған әсер; б) ортаңғы мидың торлы
құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа
қарай бағытталған әсер. Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер
болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Ми қыртысының
сопақша ми қызметіне қандай әсер ететінін төменде келтірілген мысалдардан
көруге болады. Емізер алдында баланың жаялығын құрғатып құндақтап отырса,
балада осы қимыл әрекетіне сай шартты рефлекс қалыптасады да құндақтай
бастасымен онда ему рефлексі басталады.

Ми қыртысының құсу орталығына тигізетін әсерін мынадан көруге болады.
Аузына ас аларда оның шірік иісін сезсе, шірік-ау деген ойға келсе, адам
лоқсуы, тіпті қусуы мүмкін. Бұл тәжірибе әсіресе гипноз (иландыру)
жағдайында анық байқалады.

Воролий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір
құрамында ақ зат көп. Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін
өткізу. Ақ зат негізінен жұлынның жоғары өрлеуші және мидың жұлынға қарай
(төмен) құлдыраушы жолдары.

Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың
ішінде бас сүйекми жүйкелерінің V, VI, VII жұптарының ядролары, көлденең
жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және
ұйықтамау (сергек болу) тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар.
Бұлармен қатар көпірде дем алуды дем шығару үрдісімен алмастырып тұратын
пневмотаксис орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін
апнейзистік орталық орналасқан.

6. Ми көпірі (варолиев мост); (лат. pons - ми көпірі) — ми табанында
көлденең орналасқан қомақты жуандау құрылым. Оның негізін миды жұлынмен,
сондай-ақ ми бөліктерін өзара жалғастыратын өткізгіш жолдар құрайды.
Көлденең жатқан жүйке талшықтары мишықпен жалғасып, оның ортаңғы аяқшасын
түзеді. Ми көпірінде V- жүп ми жүйкесі — үшкіл жүйкенің ядросы орналасады.

7. Ретикулярлы формация.

Ретикулярлы формация ( formatio reticularis, лат. Reticulum- тор,
синонимдері- зат)- бас миының бағанасы мен жұлынның жоғарғы бөлімінің
орталығында орналасқан жасушалы және ядролы түзілістер комплексі.
Ретикулярлы торда әртүрлі бағытта басып өтетін талшықтардың көп мөлшері тор
тәрізді түр береді, сондықтан осы атқа ие болып отыр.

Ретикулярлық формацияның өрлеуші және төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ми
алаптарындағы бірінің жұмысын бірі реттеп (қоздырып, тежеп) өтуі
нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге асады. Әр түрлі импульстар
жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми бағанасына т.б. келіп өзіне
бағындырады. Мұны төмендеуші ретикулярлық формация деп те атайды. АҚШ
ғалымы Г. Мегун, Италия оқымыстысы Моруци импульстар төменнен жоғары ми
алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді.
Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді.

8. Ретикулярлы тор бөлімдері.

Барлық ретикулярлы тор каудальды немесе мезэнцефальды, немесе ростральды,
немесе таламикалық бөлімдерге бөлінеді. Каудальды бөлім бас миының кең
бөлімдері мен шекараларына әсер етудің диффузды, арнайы емес жүйесін
анықтайды. Ретикулярлы тордың диффуздылығы (немесе арнайылығы) нервті-
импульсті әсер модальділік сипатымен көрінеді. Сөйтіп, ретикулярлы тор- бұл
бас миының барлық бөлімінің функциональды көрсетіп, жүйке жүйесінің барлық
әрекет түрлеріне әсер ететін әмбебаб жүйе, яғни оны “ ми ішіндегі ми” деп
қарастыруға болады.

Ретикулярлы тордың жүйке жүйесінің жұмысына әсер етудің формалардың көп
түрлілігіне қарамастан ретикулярлы тордың әсер етуінің екі бағытын
ажыратуға болады: ретикулоспинальды әсер және ретикулокортикальды әсер.

Ретикулоспинальды әсерді жеңілдету немесе тежеу сипатына ие болады және
қарапайым және күрделі қозғалыстар координациясында, психикалық сфераның
адамның күрделі қозғалысты әрекеттерін іске асыруда маңызды рөл атқарады.

9. Ретикулокортикалық қарым- қатынас.

Ретикулокортикалық қарым- қатынастар әртүрлі жоспарлы. Клиникалық
тәжірибеден бас- ми бағанының белгілі бір бөлімдерінің зақымдалу кезінде
қозғалыс белсенділігі кезегі бұзылуы, психикалық әрекет төмендеу, яғни
қыртысты интеграция процестеріне белсенді әсер ету төмендеу болғаны
белгілі. Ретикулярлы тордың белгілі бір бөлімдерін тітіркендіру үлкен
жартышарлар қыртысының шекарасында белсенділік реакциясын шақырады. Бұл
ақпараттар ретикулялы тордың диффузды, белсендіретін жүйе концепциясын
қалыптастыруға ықпал етті. Ретикулярлы тордың үлкен жартышарлар қыртысына
әсер ету негізінде ағзаның сенсорлы жүйелерінен афферентті импульсация,
сонымен қатар гуморальды әсер ( норадреналин, тироксин, реттеуші пептидтер
және басқа физиологиялық белсенді заттар, ретикулярлы тор нейрондарымен
қатысты) жатыр.

Ұзақ уақыттар бойы қыртыстың ретикулярлы торға әсері зерттелмеген, бұл
ретикулярлы тордың үлкен жартышарлардың қыртысына әсерін белгілеген.
Сондықтан үлкен жартышарлардың ретикулярлы тордың нейрондарымен байланысы
басты фактор болып келген.

Ретикулярлы тордың қызметі бұзылуы ең алдымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйесі туралы
Жүйке - жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары
Жүйке жүйесінің қызметі дамуы.Қозу физиологиясы
Үлкен ми сыңарларының қызметі мен бөлімдері жайлы
7.4 Омыртқалылардың және хордалылардың жүйке жүйесінің эволюциялық дамуы
Ми және оның түрлері
Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
Жұлын құрылысы. Сұр зат. Ақ зат. Рефлекторлық доға. Жұлын-ми нервтерінің тармақтары. Вегетативті нерв жүйесінің бөліктері
Ми туралы
Адам организмі
Пәндер