Қазақ халқының көпшілік салт-дөстүрлері


Бала тәрбиесі
Қазақ халқының көпшілік салт-дөстүрлері баланың дүниеге келуімен байланысты туған. Отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі-бала. Халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп ой түйген. Бұл-отбасы ошағының түтіні сөнбесін деген жеке бастың тілегінен туған мақал емес, сонымен қатар халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам жеу. Қазақ халқының: «Бір баласы бардың шығар- шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде маздаған шамы бар», «Балалы үй-базар, баласыз үй -мазар», «Бала- адамның бауыр еті» деуі-баланы бақыт санағандық. Ананың отбасындағы бақыты баламен байланысты. Халық ұғымында баласыз өту ана үшін үлкен қайғы, қасірет болып саналған. Ертегілер мен батырлар жырында баласыз ата-аналардың құдайға жалынып, әулие, әмбиелердің басына түнеп, ақсарбас айтып, мал сойып бала тілеуі, ал сол үлкен үміт, зор тіліктен кейін дүниеге келген баланың ерекше батыр болып өсуі, біріншіден, халық арманының ауыз әдебиетіндегі көрінісі болса, екіншіден, діни сенімнің әсері екіні байқалады. Баласы жоқ адамдар «қу бас» атанудан қорыққан. Осы атақтан арылу үшін баласы жоқ ата-аналар жақын ағайын-туыстарының балаларын асырап алған. Ал бұл дәстүр ізгі адамгершілік қасиет деп саналып, дәріптеліп келген. Ондай ата-аналар асырап алған балаға барынша мейрімділікпен қарап, тұған баласынан, да артық еркелетіп өсірген, жақсы тәрбие берүге тырысқан. Басқаның баласын баурына басып, өз баласындай етіп тәрбиелеу ағайнды адамдардың арасын былай қойғанда, Ұлы Отан соғысы жылдарында жау уақытша басып алған Украинадан Беларусиямен Балтық жағалауынан Қазақстанға әкелінген жетім балаларды көптеген қазақ ата-аналары асырап алып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірді. Мысалы, Еңбек Ері, атақты құрылысшы М. Т. Қазыбеков жеті ұлттың баласын асырап, азамат еткен. Ұшқыш-космонавт Владимир Жәнибековтің өміре де соның айғағы.
Н. К. Крупская балаға деген бауырмаудық, жылы жүректі шығыс халқына тән қасиет екінін айта келіп: «Балаға деген сүйіспеншіліктің россиялықтар шығыс халқының үйренсін» деп өте орынды айтқан. Асырап алған баладан кейін анасы өз құрсағына бала тапса; асырап алған баланы «ақ жолтай» атаған. Оның ит көйлегін кейінгі балаларына рындап кегізетін болған. Көпшілік ырымдар жол-жоралғылар баланың дүниеге келуімен байланысты жасалған. Мысалы, «шілдехана» тойында жас нәрестелі, жас босанған әйелді үш күн бойы жын-пері жағалап жүреді. Әйлдер, қызкеліншектер жас босанған әйелді үш күн бойы жын-перден қорғап күзету керек» деген діни ұғымнан пайда болған. Күн батқанннан таң атқанша жас босанған әйел жаңа туған жас сәбиді ұйықтамай күзетіп отыру үшін үш күндей түнімен өлең айтып, ән мен жыр, күй мен би, ойын-сауықпен өткізген. Кейін бұл дәстүр жас нәрістенің дүниеге келген құрметіне арналған жастардың ойын-сауық кештері болып кеткен. Жас босанатын әйелдің басына пышақ, балта сияқты заттарды жастатып қою, «бала ырысты болып тусын» деп қазанның қақпағын ашып, сүт пісіріп қою, «жынперінің көзі қызылға түседі» деп әлем-жәлем, қызылды-жасылды заттарды тығып немесе бетін жауып қою, әйел босана алмай қиналғанда леген дағырлату (жын-періні аластау) сияқты ырымдар жасалған.
Сүйінші. Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне, әкесімен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі мен атасы отбасын асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабар әкелушінің еңбегін бағалау болса, екіншіден; жақындықтын белгісі ретінде саналған. Нәрестені атасына, нағашысына немесе әкесіне көрсетіп, көрімдік алу дәстүрі де ертеден ел ішіне кең таралған салт. Баланы қолына алып қуанышқа бөленген атасы:
Ақ тілек, ақ тілек,
Атаңның тілін ал, білек,
Атаң кәрі шал, білек,
Отынға өзің бар, білек.
Ерте тұрып ерінбей
Еңбек істе қар күреп . . .
деп батаберіп, маңдайынан иіскеп көрімдік берген.
Балаға ат қою. Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «қырықтың бірі-қыдыр» деп құдайды қонаққа да баланың атын қойғызады.
Бесікке бөлеу. Жана туған баланы бесікке бөледі. Бесік алдымен гигиеналық жағынан бала тәрбиесіне қолайлы. Баланы жөргектен шешіп жатпай-ақ, ана бесікке асылып отырып емізе береді. Тіпті анасы емізе отырып, мызғып алады. Баланың зәрі денеге жайылмай шүмек арқылы түбекке кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz