Бүкіл әлемнің және Қазақстанның ірі газ кен орындары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе. … . . . …1
I. Бүкіл әлемнің және Қазақстанның ірі газ кен орындары…… . . . …2
II. Дүние жүзіндегі елдердің газ өндіру көрсеткіші . . . …. …4
Пайдаланылған әдебиеттер. . ……6
Кіріспе
Қазіргі таңда біздің тұрмысымызды және экономикамызды газ және электроэнергиясыз елестету мүмкін емес. Газдың өзін үш түрге бөлінеді -табиғи газ, ілеспе газ, газоконденсат. Табиғи газ - мұнай сияқты жер асты кен орындарынан алынатын пайдалы қазба. Оның кен орындары көбінесе мұнаймен бірге кездеседі. Табиғи газдың сапасы, өндіру аймағына қарай өзгеретін, химиялық құрамына байланысты болады. Табиғи газдың құрамында 98 %-ке дейін метан және этан, пропан, бутан, пентан, күкіртсутек, көмірқышқыл газы т. б. компоненттер кіреді. Егер құрамындағы метан 87-98 % аралығында болса, онда мұндай Н-газ ең жоғарғы сапалы табиғи газ болып саналады. Әлемдегі ең жоғарғы сапалы табиғи газ Р. Ф. болып саналады. Ал L тобындағы табиғи газ құрамындағы метан сәл азырақ 80 - 87 %. Егер сапасына қойылған талаптар орындалмаса (11, 1 кВт-ч/куб. м), онда (қосымша өңдеусіз) соңғы тұтынушыға тікелей беру мүмкін емес. Табиғи газды -162° С температурада суытып сұйылтуға болады. Сұйылтылған кезде табиғи газдың көлемі 600 есеге дейін азаяды. Сұйылтылған табиғи газ ерекше криогенді ыдыстарда сақталады, ол ыдыстар 0, 4 МПа қысымда газдың төмен температурасын ұстап тұрады. Оны суытып тұру қосымша энергияны қажет ететіндіктен, жылыту жұмыстарына пайдалану тиімсіз болып саналады. Аз орын алатындықтан сақтауға және тасымалдауға қолайлы. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында ірі газ және газоконденсат кен орындары ашылып пайдалануға берілді. Тенгиз, Қарашығанақ, Қашаған, Жаңажол, Теңге, Құмкөл және Құрманғазы. Қытай мен Қазақстанның шекарасында үлкен табиғи газдың кен орны табылды. ҚХР-ның пайдалы қазбаларды бағалау комиссиясы тексеру барысында, Қазақстанмен шекараның жанындағы Жоңғар ойпатында қоры 100 млрд м 3 болатын табиғи газдың улен кен орны табылғанын растады. ҚХР-дың Синьцзянь ұйғыр автономдық ауданындағы Қарамай қаласынан 250 км жердегі газ кен орнын барлау жұмыстары 2006 жылы басалған. Кен орнында бастапқы жылдық газ өндіру 1 млрд м 3 қарқынымен 50 жыл бойында тұрақты жетуі керек. Жалпы айтқанда Жоңғар ойпатындағы газ қоры шамамен 2, 5 трлн кубометр, оның тек 10% ғана барланған. Қызылорда қаласын газдандыру жобасы бойынша, өткізу қабілеті- жылына 421 млн. м 3 , ұзындығы 123 км Ақшабұлақ -Қызылорда газ құбыр магистралі
- Бүкіл әлемнің және Қазақстанның ірі газ кен орындары
Табиғи газдың кен орындары - белгілі бір аумақтағы табиғи газдың және газоконденсат қорының жиынтығы. Әдетте бірнеше жүз километр орынды алады, өндіру үшін газ скважиналары қолданылады. Газ кен орындарын былайша жіктеуге болады: ұсақ - 10 млрд м 3 -қа дейін; орташа - 10-100 млрд м 3 -қа дейін (Астрикс, Амангелді) ; үлкен - 100-1000 млрд м 3 газы бар(Ормен Ланге, Кенган, Хангиран) ; өте үлкен - 1-5 трлн м 3 газы бар(Хасси Р'мейль, Шах-Дениз, Гронингенское, Дхирубхай) ; бірегей - 5 трлн м 3 -тан көп(Солтүстік/Оңтүстік Парс, Уренгойское, Оңтүстік Иолотань-Осман)
Әлемдегі ең ірі газ кен орындары
Қазақстанның ең ірі газ кен орындары: Қарашығанақ, Жаңажол, Теңге, Қисымбай, Амангелді т. б. жатады. Осылардың ішіндігі ең ірісі Қарашығанақ мұнайгазоконденсатты кен орны. Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласынгың маңында орналасқан. 1979 жылы ашылып, ал игеру тек 1990-шы жылдардың соңына таман басталды. Кен орны көлемді(массивная) мұнайгазоконденсатты. Кен орнындағы газоконденсаттың ұзындығы 1420 м. Конденсаттың тығыздығы 778-ден 814кг/м 3 -ке дейінгі аралықта. Газдың құрамындағы күкіртсутек 4%-тен аспайды. Кен орнындағы газдың бастапқы қоры 1, 35 трлн м 3, мұнай 1, 2 млрд тонна. Шығарылып жатқан өнімдерді халықаралық «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В. » консорциумы келісім бойынша бөліп алады. Бұл консорциум құрамында British Gas және Eni (32, 5 %-дан), ChevronTexaco (20 %) және «Лукойл» (15 %) . Осы консорциум бұл жобаны 2038 жылға дейін иелік етеді деп күтілуде. Газоконденсаттың ірі кен орындарының бірі - Жаңажол. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында орналасқан. Каспий маңы мұнайлы-газды аймағына жатады. 1978 жылы ашылған, кен орыдарындағы көмірсутек қоры 1, 9 - 3, 6 км тереңдікте шоғырланған. Газ дебиты 219 мың м 3 /тәулігіне. Конденсаттың тығыздығы 770 кг/м 3 . Кен орнының операторлары CNPC-Актобемунайгаз. Теңге - ірі мұнайгазоконденсат кен орыны. Маңғыстау облысында оңтүстікке қарай 8 км жердегі Жаңа Өзенде орналасқан. Кен орыны 1964 жылы ашылған. Газоконденсат кеніндегі газ - жеңіл. Құрамындағы ауыр көмірсутектер 6, 6 - 9 %, метан 86 - 91, 7 %, азот 0, 45 - 2, 55 %, көмірқышқыл газы 0, 3 -3, 2 %, сутек 0, 2 - 4, 9 %, гелий және инертті газдар бар. Тағы бір ірі мұнайгазоконденсатты кен орындарының бірі Атырау облысында, Атырау қаласынан оңт-шығ. -қа қарай 210 км жерде орналасқан - Қисымбай кен орыны 1978 жылы ашылған. Газдың құрамы метан 61, 68-72, 34 %, этан 5, 77-7, 45 %, пропан 0, 09-4, 38 %, ал құрамындағы азот 12, 17 %-ды құрайды. Амангелді мұнайгаз кен орыны Жамбыл облысында орналасқан. Шу-Сарысу мұнайлы-газды аймаққа жатады. 1975 жылы ашылған. Кен 0, 45 - 2, 2 км тереңдікте орналасқан. Газ дебиты 37 - 213, 4 мың т /тәулігіне. Сонымен, қорыта айтқанда Қазақстандағы газдың және газоконденсаттың барланған мөлшері шамамен 3 трлн м 3 (әлемдік қордың 1, 7 %), ал болжаулар бойынша 5, 9 трлн м 3 Құрайды.
II. Дүние жүзіндегі елдердің газ өндіру көрсеткішіне сипаттама
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz