А. Байтұрсыновтың шығармашылығы



Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім.
1.А.Байтұрсыновтың шығармашылығы
2.«Әдебиет танытқыш» еңбегінің қоғамдық маңыздылығы.
3.Қаламгерлік көсемсөзі.
4.А.Байтұрсыновтың казақ тіліне қосқан үлесі.

ІІІ.Қорытынды.

Әдебиет
Кіріспе.
XIX ғасырдың жарқын жұлдыздары — Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық-демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытұбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошакұлы еліне беделді, намысқор, қайрат иесі болған.Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына карсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15 жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмай, өздігінен оқып білімін жетілдіреді. 1895—1909 жылдар арасында Ахмет Актөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыс-тық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптен көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін, елдігін сақтап қалу мәеелесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құрыды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді колға алу керек деп ойлайды Ахмет. Осы ойын іске асыруға кіріседі.
Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастаған. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұрған болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын, олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады. Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандрдың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері — Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой-пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерін айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.
А. Байтұрсыновтын «Әдебиет танытқыш» еңбегінде он алты ғылыми мақала жинақталған. Оның әр-қайсысынан философиялық дүниетанымның' терен тұжырымдалғанын байкауға болады. Еңбектегі «Аңдату» деген бөлімівде: өнер түрлі болады, біреулер үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ьщыс істейді. Біреулер көрікті мешіт, көрнекті там, көркем сүгірет салады. Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен соңғы өнердің арасында айырым бар. Алдынғы өнерден шыққан нәрселер күн көру ісіне қажет шаруа керек-жарақтары. Мұны істегенде «Сұлуынан — жылуы» дегендей, көркем болуын көздемейді, тұтынуға қолайлы, жийлы, берік болу жағын көбірек кездейді. Екінші өнерден шыққан нәрселер — жылуьшан гөрі сұлу болуы көбірек. Көзделінгеңнен көзге көркем, көңілге жағымды болып істелген нөрселер: алдыңғы нәрселер адамның мақұлықтык жан сақтау керегінен шыққан нәрселер, соңғы нәрселер, адамның жан қоштасу керегінен шыққан нәрселер. Сондықтан алдыңғы нәрселерді жұмсауға жұмсалатын өнер — тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өяері болады да, соңғы нәрселерге жұмсалатын өнер — көркемшілік үшін кернек өнері болады», — деп сипаттайды да, келесі «Көрнек өнерінің тараулары» деген мақаласында А.Байтұрсынов көрнек өнерінің бес түріне талдау жасап, сөз өнерінің құдіретіне ерекше тоқталады.
«Өнердің ең алды — сөз өнері» деп саналады. «Өнер алды — қызыл тіл» деген казақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын — сезбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады» — деп Ахмет Байтұрсынов казак сөз өнерінің байлығын, философиялық тереңдігін көрсете отырып, бұл,
Әдебиет
1. А. Байтұрсынов. Жазу әдебиеті // Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989. 261—298 бб.
2. Е.М. Абакан. Тілдің мәдени философиясы. Алматы:Айкос, 2000. 184 б.
3. В.З. Панфилов. Гносеологические аспекты философских проблем языкознания. Москва: Наука, 1982. С. 356.
4. А.А. Потебня. Эстетика и поэтика. Москва: Искусство, 1976, С. 614.
5. Д.С. Раев. Қазақ шешендік сөз өнерінің әлеуметтік-философиялық негіздері: Философия ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін дайындаған диссертация.
Алматы: 2003. 309 б.
6. А. Байтұрсынов. Жазу тәртібі // Айқап. 1912. № 4, 84—86-66.
7. А. Байтұрсынов. Емле хакында // Қазақ. 1913. 30 ноябрь.
8. А. Байтұрсынов. Сөз талғау // Ақ жол. Алматы: Жалын, 1991. 350-371-66.
9.А, Байтұрсынов. Тіл (лүғат) әуезділігі // Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989. 177—190-66.
10.А.Байтүрсынов. Араб әліппесін жақтаған баяндамасы // Ақ жол. Алматы: Жалын, 1991. 325—335-66.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1.А.Байтұрсыновтың шығармашылығы
2.Әдебиет танытқыш еңбегінің қоғамдық маңыздылығы.
3.Қаламгерлік көсемсөзі.
4.А.Байтұрсыновтың казақ тіліне қосқан үлесі.
ІІІ.Қорытынды.
Әдебиет

Кіріспе.

XIX ғасырдың жарқын жұлдыздары — Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық-
демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды
ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда
бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытұбек деген жерде дүниеге
келген. Әкесі Байтұрсын Шошакұлы еліне беделді, намысқор, қайрат иесі
болған.Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына карсы тұрған. Ел-
жұртына қиянат жасаған Торғай Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға
шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15 жылға жер аударылады. Бұл оқиға
13 жасар Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы
екі сыныптық мектепте, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын
мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмай, өздігінен
оқып білімін жетілдіреді. 1895—1909 жылдар арасында Ахмет Актөбе, Қостанай,
Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыс-тық және екі сыныптық училищеде бала
оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптен көшіп келуі жергілікті
халықтың тілін, мәдениетін, елдігін сақтап қалу мәеелесін күн тәртібіне
қояды. Тіл құрыса, халық та құрыды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ
әдебиеті мен тілін өркендетуді колға алу керек деп ойлайды Ахмет. Осы ойын
іске асыруға кіріседі.
Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастаған.
Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін
басқарып тұрған болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы
туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын, олардың
қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді.
Осыдан секем алады. Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі
тектес оқығандрдың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері —
Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой-пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ
тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов
Ахметтің көп көмескі түсініктерін айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар
қоюына елеулі әсерін тигізеді.
А. Байтұрсыновтын Әдебиет танытқыш еңбегінде он алты ғылыми мақала
жинақталған. Оның әр-қайсысынан философиялық дүниетанымның' терен
тұжырымдалғанын байкауға болады. Еңбектегі Аңдату деген бөлімівде: өнер
түрлі болады, біреулер үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба істейді,
киіз басады, ьщыс істейді. Біреулер көрікті мешіт, көрнекті там, көркем
сүгірет салады. Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен
соңғы өнердің арасында айырым бар. Алдынғы өнерден шыққан нәрселер күн көру
ісіне қажет шаруа керек-жарақтары. Мұны істегенде Сұлуынан — жылуы
дегендей, көркем болуын көздемейді, тұтынуға қолайлы, жийлы, берік болу
жағын көбірек кездейді. Екінші өнерден шыққан нәрселер — жылуьшан гөрі сұлу
болуы көбірек. Көзделінгеңнен көзге көркем, көңілге жағымды болып істелген
нөрселер: алдыңғы нәрселер адамның мақұлықтык жан сақтау керегінен шыққан
нәрселер, соңғы нәрселер, адамның жан қоштасу керегінен шыққан нәрселер.
Сондықтан алдыңғы нәрселерді жұмсауға жұмсалатын өнер — тіршілік үшін
жұмсалатын тірнек өяері болады да, соңғы нәрселерге жұмсалатын өнер —
көркемшілік үшін кернек өнері болады, — деп сипаттайды да, келесі Көрнек
өнерінің тараулары деген мақаласында А.Байтұрсынов көрнек өнерінің бес
түріне талдау жасап, сөз өнерінің құдіретіне ерекше тоқталады.
Өнердің ең алды — сөз өнері деп саналады. Өнер алды — қызыл тіл деген
казақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз
қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама
қадарынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай
сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын — сезбен
сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады — деп Ахмет Байтұрсынов
казак сөз өнерінің байлығын, философиялық тереңдігін көрсете отырып, бұл,
шынында да басқа өнердің колынан келмейді деген корытындыға келеді. Сөз
көсемінің бұл ойы жадағай сипаттау емес, оны көптеген мысалдармен дәлелдей
білгендігі. Сөз өнерінің философиялық даналығына терең мән беріп, өзі де
қазак сахарасының фило-софиясын ой елегінен өткізіп, меңгергенін жүрегімен
қабылдап, жан-тәнімен сезінген, оны сешміне айналдырып, философиялық
дүниетанымын догмалық идеялардан тыс, ұлттық менталитетті сақтай отырып,
өркениетті түрде қалыптастырғанын аңғарамыз. Сөз өнерінің философиялык-
логикалық мағынасына талдау жасағанды Ахмет Абайдан бастағаны тегін емес,
өзі де абайтану мектебінен өтіп, Абай өлеңдерінің философиясына терең
бойлағандыктан, казак сөз өнерінің қасиетін көрсетіп, философиялық
аналитикалық талдауын Абайдан бастап, Абайдан үйренуі Ахмет Байтұрсыновтың
даналығын. көрсетеді. Бұл жерде Ахмет жалғыз Абай өлендерін мысалға алмай,
Мағжан Жұмабаевтан да мысал келтіріп, салыстырғаны байқалады.
Ахмет Байтұрсынов Абай өлең-шерінен Абайдың әйелді сымбаттап көрсетуі,
күзгі күнді сүгіреттеуі, ән мен күйді сезбен сипаттап танытуы деп бөліп
алса, Мағжанның толқынды кескіндеуін мысалға келтіреді. Абайдың Күз атты
өлеңінде:
...Кемпір-шал құржаң қағып,
бала бүрсең,
Көңілсіз қора суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек сорпа-су тимеген соң,
Тышқан аулап, үйде ит жоқ
қайда көрсең.
Кедей-кембағалдын сүреңсіз өміріне күздің қара суығы да сайма-сай келіп,
халықтың мүшкіл халін одан сайын бейшара калыпқа түсіріп түрғанын Абай
философиялык-аналитикалық тұрғыдан суреттесе, Мағжан Жұмабаев толкынды:
Мөлдіретіп көз жасын,
Жасымен жуып жартасы,
Сүйтіп сылқ-сылқ күледі.
Жылағаны — күлгені,
Күлгені — оның өлгені,
Жылай —- күле өледі, — деп бейнелейді.
Ахмет дүниетанымында сөз өнерінің философиялық мәселелері орынды
көтеріледі. Әдебиет танытқыш еңбегінде Сөз өнері деген мақаласында адам
санасындағы ақыл, қиял көңіл негізіне тірелетінін айта отырып, осы үшеуінің
мәнісін түсіндіреді. Ақыл ісі авдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану,
ақылға салып ойлау, қиял ісі меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі
нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқ- сату, бернелеп суреттеп ойлау, көңіл
ісі түю, талғау деп ақылға сипаттама берген соң, тілдің міндетіне
тоқталады.Алайда, кез келген адамның сөз өнері жетіспегендіктен, тілді
шеберлікпен жұмсай білетін адамның табылуы оңай емес. Сондықтан Ахмет
Байтұрсынов мүддесін тілмен айтып жеткізу қиын екендігін, оған өте
шеберлік керек екендігін мынадан байқауға болады: орыстың асқан ақыны
Пушкин жазған
өлендерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен.Орыстың асқан ойшысы, сез өнерпазы
Лев Толстой шығарған сөздерін баспаға беріп қойғаннан кейін де талай
түзетіп,
талай өзгертеді екен.
Бұл ойындағы, қиялыңдағы, көңіліңдегі нәрсені тілмен айтып жеткізу ете
қиын екендігін көрсетеді. ... Сөзден жасап, сөз шығару деген жұмыс
әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей
жақсы бола бермейді — деп түйіндейді ол. Осы арада ол тағы да Абайға
жүгінеді:
...Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да ішінде бар таңдамасы.
Іші алтын,сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы? — деп сөз шығаратындар көп, бірақ келіс-
тіретіндері аз. Сондықтан әркайсысының лұғатында өзіндік айырьшы, өзіндік
белгісі болады дей келе, жай ғана айтумен ол айырым белгілерді түсіндіру
қиын, соңдықтан әрқайсысының шығарған сөздерін оқып, әбден танысып?
үйреншікті болғанда ғана сезілетіні белгілі, — дейді.
Ахметтің осы тұжырымдарынан әр сөздің логикалық-философиялық мәніне терең
бойлап, адамның ой-өрісі мен санасының дамып, өзін-өзі білуге де әсерін
тигізеді деген ой жатқанын байқаймыз. Кейде орысшадан қазақшаға аударма
жасағанда сөзбе~сөз аударғандықтан, сөздің логикалық мағынасы езгеріп,
көптеген ағаттықтар кетіп жатады. Сондықтан Ахмет Байтұрсыновтан сөз енерін
калай меңгеру керектігін үйрену өте кажет деп есептейміз.
Ахаңның ұлылығы сонда, ол сез өнерін ғылым деп қарайды. Философия
тарихында көп қырлы философиялық ілімдер бар, бірақ, олардың бәрінен бұрын
ғылыми-философиялық дүние-танымға жүгінген дұрыс, себебі, ол ғылымға
сүйеніп, ғылымды одан әрі дамытады. Дүниетаным, философиялық дүниетаным,
ғылыми-философиялық дүниетаным деген үш ұғымның ішінен кең түрдегісі
дүниетаным ұғымы, оған философиялық дүниетаным да енсе, философиялық
ілімдердің бір бөлігі ғылыми-философиялық дүниетанымға жатады. Осы тұрғыда
Ахметтің дүние-танымына ғылыми-философиялық мән берсек, Сез өнерінің
ғылымы деп бірінші бөлімді атауының өзі бұл мәселеге ғылыми түрде қарап,
айқын көрсете білгендігін аңғартады. Сөз өнеріне жасаған анықтамасывда:
Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки кеңіліміздің күйін
сөз арқылы жақсылап айта білсек,- сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді,
қиялды, көңілдің күйін тәртіппен кисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз
аркылы тысқа шығару — сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз, осылай шығарған
сез. Сөз шығару өнерді керек қылса, өнер ғылымды керек қылады. Мұнан сөз
өнерінін ғылымы туады, — деп сөздін өзі іштен адам қиялы мен көңіл-күйінің
толғауынан келісе шыққанда сөз өнерге айналып, енер ғылыми мәнге ие
болатынына анықтама жасап, осылай сез енерінің ғылымына философиялык талдау
жасайды. Философия тарихында сөздің маңызы мен адамның танымдык қабілеті
мен танымдық қызметін жүзеге асыру үрдісінде сездің маңызы мен сөзді
қолдану мәселесі қай кезенде болсын үнемі қарастырылып келгені белгілі.
Мысалы, ағылшын философы Фрэнсис Бэкон (1561-1626) идолдар немесе
елестер теориясы мен идолдар нарығы туралы ілімінде сөздерді дұрыс
қолданбау мәселесін карастырған болатын. Негізінде сөзді дұрыс қолданбау
шынайы ғылыми танымның даму жолындағы үлкен кедергі болып саналады.
О.А.Сегізбаевтың айтуынша, ғылымнын даму деңгейі жоғары болып тұрған
қазіргі кезде де сөз бен ойдың өзара қатынасы күн тәртібінен түскен жоқ.
XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдын басындағы философия ғылымындағы өз ықпалын
әлі де жоймаған бірқатар бағыттар танымның әділдігі мен шынайылығының
байланыстылығы сөзді дұрыс қолданумен ғана байланысты деп тұжырымдауға
болады, сондықтан А.Байтүрсыновтын философиялык дүниетанымында сөз өнері
туралы әлі де маңызын жоймаған ой түйіндері болғанын мойындаған жөн.
Тіл қисыны (яки лұғат қисыны) деген тарауда А.Байтұрсьшов тіл қисынына
аныктама жасай отырып, сөз өнеріне философиялық тұрғыда талдау жасап, оны
материалдық мәдениетпен салыстыра отырып түсіндіреді. Тіл қисыны
дегеніміз, асьш сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым.
Лебіз ғылымның мақсаты, асыл сөздердің асыл болатын завдарын білдіріп,
түрлерін танытып, әдебиет жүзіндегі өнерпаздардың шығарған сөздерінің үлгі-
өнегелерімен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға
болатындығын көрсету деп ғылыми түрде анықтама береді. Одан әрі
А.Байтүрсынов салыстыру әдісімен сөз өнерінің де белгілі бір еңбектің,
ойдьщ нәтижесі екенін дәлелдейді. Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй
салу өнеріне үқсас. Үй салуға, мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат ~—
топырақ болса, оны бі-ріктіріп илейді, иленген балшықтан кірпіш құяды
Кірпішті калап, неше түрлі үй қылып шығарады, салыстыра дәлелдеуі жалаң
түрде ғана айтылмай, логикасы терең философиялық пайымдаулар жасайды.
Бір айтар жай, ана тілді жақсы білетін адам болсын, ана тілі басқа ұлттың
адамы болсын, тілді білгенмен, сөзді қисындыра қолдануы, әдемі сөйлеуі
екінің бірінің қолынан келмейді. А.Байтұрсыной осы жағына да көңіл беліп,
ойын былай түйіндейді. Біз қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз, қазақ
тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп — айтатын ойға
сәйкес келетін сөздерді тавдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем іпгіне
орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы
бәріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім әр
сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады...Бұл жерде А.Байтұрсыновтын
дүниетанымын зерделесек, әркім әр сөзді өзінше қолданады деп айтуының
сыры әр адам езінің логикасына сай сезді пайдаланатынын, әркімнің сөз
саптауынан-ақ санасын, дүниетанымын байқауға болатынын пайымдайды. Сөздің
келісті болатын зандарын, шарттарын біліп тізу — тіл қисыны деп айтылады —
деп аяктауының өзі Ахмет Байтұрсыновтың бір жағынан, әдебиетке тән ережені
айтса да, екінші жағынан, философиялық ойлау тұрғысынан қарағанда әр сезді
орынды қолдану арқылы адам тыңдаушысының таңдайын қақ-қызып, ұйыта да
алады, сөз құдыретімен сескендіре де алады деген ойын аңғаруға болады,
Сөз талдау атты мақаласында тіл тазалығы туралы тың пікірлер айтқан:
адам қай тілде сөйлесе де, сол тідде таза сөйлеп, ойын білдіруі қажет. Орыс
жазушылары мынадай түрлі сездерден қашқан: а) ескірген сөздерге жоламаған,
ә) жаңадан шыққан сөздерден қашқан б) өз тілінде бар сөздің орнына басқа
жүрттан сөз алудан қашқан, в) жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып,
бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған... — ал қазақтар жат сөзден ғана
қашады, ескі сөз, жаңа сез деп бөлмейді деп тұжырымдайды деп Ахмет
Байтұрсынов орыс жазушыларының сез қолдану тәсілінен мысал келтіріп, үлгілі
жағын үйренетіндей талдау жасаған.
Ахмет Байтұрсыновтың сез өнеріне байланысты философиялық дүниетанымына
мән берсек, мәдениеті жоғары екен деп сол жұрттың сөз қорын пайдалана
беруге қарсы. Бұл мәселеге ол үлкен сақтықпен карайды; ана тілі мен жат
тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін
білмей айрылып қалуы ықтимал деуі бізді де үлкен ойға қалдыруға тиіс.
Егер біз ойлау объектісі ретінде тіл туралы ғылымда қолда бар ұғымдарды
қарастырсақ, онда бұл ұғымдардың тілдің әр түрлі „теориясымен тең емес
екенін көреміз. Екі мың жылдан астам тілді зерттеудің еуропалық
дәстүрлерінде тілдің философиялық және эмпирикалық теорияларын қатаң
ажырату болған жоқ (мысалы, Платонның "Кратил" диалогы лингвистика бойынша
Европадағы бірінші арнайы шығарма болып табылады), тек соңғы екі жүз
жылдықта ғана тәсілдердегі айырмашылықтар философияда да, позитивті ғылымда
да зерттеудің дербес обьектісіне айналды.
Ахмет Байтұрсыновтың тіл философиясына байланысты көзқарастарының
қалыптасуына не әсер етті деген сауалға жауап іздесек, ол Европа
мәдениетімен салыстыра келе мынадай тұжырым жасайды: қазақ ақындарының
өздерінің де, сөздерінің де міндері, кемшіліктері, жаман әдеттері өнерпаз
Европа жұртының сындар әдебиетін көргеннен кейін байқалып, көзге түскен.
Сонан кейін ғана Европа әдебиетінен тұқым алып, қазақ әдебиетінің сүйегін
асылдандырып, тұлғасын түзетушілер шыға бастаған". Демек, біздің ойымызша,
А. Байтұрсынов Европа әдебиетімен жақсы таныс болған. Ал жоғарыда аталған
түзетушілер қатарына Байтұрсынов Абайды жатқызады, сөйтіп қазақ әдебиетінің
сындар дәуірін Абайдан бастайды. Абай тілі қазақ тіліне үлкен байлық
әкелген, сондықтан А.Байтұрсынов осы тілді өзі де жақсы меңгеру нәтижесінде
тіл мен ойға қатысты өз тұжырымдарын жасаған деп түсінеміз. Баяғы заманда
тілді сый ретінде таныса, қазіргі ғылым оны адам санасында пайда болатын
күрделі жүйе деп есептейді. Тіл философиясы тіл жүйесінің логикалық және
абстрактылы сипатын айхындайды. Тілдік зерттеу мына принциптерді басшылыққа
алады: тілдің белгілі бір жүйесі болады және тілдің дамуындағы тарихи
кезеңдер шартты түрде белгіленеді. Сондықтан қазіргі тілдердің ортақ тегін
анықтауда қиындықтар бар.
Тілді жинақтаудың бір жолы — оны мен-геру, сол тілде сөйлеу. Солай бола
тұрса да біз бұл жерде басқа, қандай да тілге көзқарасты жинақтайтын
синтетикалық жолды түсінеміз немесе қысқаша айтсақ, тіл философиясын
айтамыз. Тіл философиясының болуы мүмкін бе және ол не? Бір тіл жүйесінің
басқа тілдің жүйесінен айырмашылығы болатыны - факт.
Тіл адамның ойлау үрдісін жүзеге асыратын қажетті құрал емес деген
қөзқарасқа сәйкес 1) тіл бірліктерінің материалдық, белгілік жақтары адам
ойлауының міндеті, органикалық компоненті бола алмайды; 2) бұл тіл
бірліктерінің идеалды жақтарын қолданбай таза түсінікті формада (әсіресе,
соған сәйкес келмейтін сөздің мағынасы) жүзеге асады; 3) тіл бірліктерінің
сәйкес ойлау бірліктері мен байланысының таза сыртқы, ассоциативті мәні
бар. Осы ережеден түсінетініміз, егер тіл адам ойының пайда болуында және
дамуында қандай да бір роль атқарса, онысы тек ақпаратпен алмасуды
қамтамасыз етуі болып табылады . Мәселені осылай қойғанда, тіл ойлауға
қандай да бір кері әсер етеді деген ой болмауы керек, демек ойлау мен тіл
ара-сындағы өзара әрекет бір бағыт ретінде қарастырылады, яғни, тек ойлау
тілге әсер етеді, біреқ кері орны болмайды. А.А. Потебняның пікірі бойынша
ғойдың жетілуі тек оны сөз арқылы ғана көрсетумен мүмкін болса, ал сөз тек
ой жетілгенде ғана пайда болады немесе сөзге айналады" . Осы позиция
тұрғысынан қазіргі халықтардың түсіндірмелік ойлау жиынтығы бір деңгейдегі
әлеуметтік және ру-хани дамуға жеткенімен, олардың тілдері өз семантикасы
жағынан бір-бірінен айырмашылығы болады. Тіл білімінің философиялық
мәселелері бойынша жазылған еңбектерге қарағанда тіл мен ойлау үрдісі
арасындағы өзара байланысты алғаш рет ғылыми түрде қарастырған неміс ғалымы
Вильгельм фон Гумбольдт.
Тілді ойдан, адамды ойлау үрдісінен тыс қарастыруға болмайды әрі олардың
арасындағы табиғи байланыстың бар екенін де ұмытпау керек. Өйткені, сыртқы
қоршаған орта алғы шарттарына және адамзат рухына негізделе отырып, тіл
адам мен сыртқы орта арасындағы аралық ой әлемін жасайды .
Адамзат баласының саналы іс-әрекетінің жемісі — ой әлемі болғандықтан, ой
дүниесі әлемнің жалғыз бейнесі ретінде қабылданады, сондықтан ойлау тек
тілдік жаратылысқа ғана тән құбылыс. Тілдің философиялық мәні рухани
дүниенің күші ретінде көрінеді.
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаудағы А.Байтұрсыновтың бір ерекше
еңбегі -ғылымның осы сала терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі
грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атауды ұсынды.
Осы күнгі қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай,
үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз
деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы А.Байтұрсыновтікі.
Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жаңғырту арқылы, не жаңа
тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соңғы сөздер, сәтті шыққан
атаулар екенін олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан
өміршеңдігі дәлелдейді. Сездерді тұлғасына, мағынасына қарай бөліп, саралап
дәл етіп көрсетуі ма-мандардың қай-қайсысының қолынан келмейді. Ғалым
А.Байтұрсынов ашқан жа-ңалықтардың ешқайсысын қайта жасау мүмкін емес.
Мұның сыры Ахмет Байтұрсынов ұстанған принциптің ғылыми негізінде, табиғи
заңдылығында жатыр, яғни, А.Байтұрсынов термин жасау процесінде қазақ
тілінің ішкі өз мүмкіндігін барынша пайдаланады. Әлгі терминдердің әрі
қарапайым, әрі түсінікті, дәл болуы қазақ тілінің байырғы сөз байлығының
сауатты пайдалануға байланы-сты. Сондықтан да, олар өміршең, әрі оның
интернационалдық терминдерден де реті келгенде қашпайтынын байқаймыз. Бұған
көп дәлелдің қажеті бола қоймас. Фонетика, морфология, синтаксис,
грамматика тәрізді ұғымдардың А.Байтұрсынов қолданысында сол күйінде қалуы
осыған дәлел. А.Байтұрсыновтың қазақ тілінің морфологиялық тұлғатәсілдерін
мүлде басқаша қарап түсіндіруге тырысқанын көреміз. Ол тілдің типологиялық
ерекшеліктеріне аса зор мән береді. Әсіресе қазақ тілін зерттеген орыс
ғалымдарының тілдің табиғи тегін, тінін аршып, ашып түсіне алмауынан кеткен
қателіктерін анықтап, түзетіп талдай келе, өзіндік анықтамаларын береді.
Категориялардың бас-басына қазақша термин береді, атау телиді. Біздің
ойымызша, қазіргі қолданыстағы терминдердің бәрін қазақ тілі. ғылымына
алғаш категориялардың бас-басына қазақ-ша термин береді, атау телиді.
Біздің ойымызша, қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары
Шәкәрім мұрасы
XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны
А. Байтұрсыновтың өмірі
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
Пәндер