Медиация


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Медиация (латынның medius деuty сөзі - екі көзқарастың немесе екі жақтың ортасында болу, орта жолды ұсыну, бейтарапты болу деген мағынаны білдіреді) - бұл, дау - жанжалға қатысушылардың, біріге отырып, пайда болған келіспеушілікті шешу процессі. Айтылған процесстің белгілі бір жетістіктерге жету мүмкіндіктері зор, себебі бұнда ерекше процессуалдық жағдайлармен қатар медиатордың кәсіпкерлік көмегі, жақтардың бір келісімге келуіне бағытталған. Медиацияны кең танылған бітістіру мен табыстыру рәсімдерінің "кемелденген түрімен" салыстыруға болады. Медиация көптеген ғасырлар бойы бейбітшілікті орнықтыру қызмет жолында қолданылғаны мәлім.

Бүгінгі таңда, бүкіләлемдік тәжірибе, медиацияның ірі бизнесстерден бастап, жанұялық дау - жанжалдарда, айрылысу мен дүниені бөлісу деген сияқты мәселелерде қолданылатынын дәлелдейді. Халықаралық санаққа жүгінетін болсақ, мадиация арқылы бүкіл келіспеушіліктердің 30 - 40 пайызы өтеді, сонымен қатар, ойдағыдай нәтижеге оның 85 пайызы ие болады. Бұндай жетістікке жетудің өзі кездейсоқтық емес, себебі медиация бір шешімге келу мүмкіндіктері тәмәмдалды деген жағдайларында да өз шешімін тауып, көптеген қаржылық шығындарға ұшырамай, және де бос уақытты шығын қылмай, жақсы достық, серіктестік, қарым - қатынастарды сақтап қалумен қатар абыройға кір келтірмеуге мүмкіндк береді. Медиацияның ең негізгі артықшылықтардың бірі, оның іс жүргізілу рәсімінің құпиялылығы болып табылады, яғни не болғаны, не айтылғаны құпия болып қалады. Сонымен қатар құпиялы болып табылатын медиатормен жазылған ақпараттар, іс жүргізілу рәсімінің құжаттары мен материалдары жойылады.

Медиатордың негізгі қызметі, жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуіне барлық күш - жігерін салу болып табылады. Жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуі, олардың алда өткен келіссөздің аса дұрыс нәтижелі болды деген сенімін бекіте түседі. Осындай жолмен жетілген келісімде, жеке арақатынастық мәселелер қарастырылуы мүмкін, яғни келісімде талқыланған жағдайлар ресми сот талқылау кезінде сытрқа шығарылып айтылмауы әбден мүмкін. Жетілген келісімнің жеке арақатынастық мәселелерге қатысты болуы, келісімнің аса берік болуына негіз болады.

Кейбір сарапшылар медиацияның Қазақстан Республикасында даму мүмкіндігінің аздығын мәлімдейді. Бұндай мүмкіндіктің аз болуы, жақтардың тым ашушаң әрі сенімсіз болу себебінде деген ой - пікірлер аз да емес. Сонымен қатар Ресей Федерациясында медиаторлар саны 100 миллион долларға жететін келіспеушіліктерді айтарлықты жоғары дәрежеде қарастыруда, алайда бастапқыда, дауласып жатқан компанияларды бітістіру мүмкіндігі тым аз болған еді. Сенімсіздік көзқарастағы сарапшылардың пікірлерін өзгертуге Қытай елінің медиацияны дамытудағы үлгісі біршама негіз болар. Қытай елінің өкіметі он жыл ішінде медиацияға деген қызығушылықтың туындауына қол жеткізді. Қазіргі таңда медиация арқылы келіспеушіліктердің 40 пайызы қарастырылудың нәтижесінде, елді жаулап алған корпоративтік жанжалдардың мәселесі шешілді. Мендиациямен ондаған мемлекеттік жүйелер мен жеке мекемелер көптен бері айналысады. Ең танымал болған медиация орталықтары Ұлыбританияда, Францияда және де Италияда орналасқан. АҚШ - та соттардың қарамағында медиация арқылы келіспеушіліктерді қарастыруға арналған орталықтар мен кеңестері құрылған, ал медиаторлар ретінде экономиканың, құқықтың және де өндірістің әртүрлі салаларында құзырлы әрі беделді адамдары таңдалған.

Әңгіменің түйініне келе отырып, біздің елде медиация сияқты, келіспеушіліктерді қарастырудың альтернативтік инструментінің дамуы, өркениетті құқықтық кеңістіктің әрі жоғары сатылы демократиялы қоғамның көрсеткіші болып табылады

Медиация дауларды шешудің алтернативті жолы ретінде дауласушы жақтардың ұзақ және қымбат сот рәсімдерінен бас тартуына және медиатордың көмегімен дауды бейбіт шешуге мүмкіндік береді. Бүгіндері күн тәртібінде заңдағы медиацияның тәжірибесін дұрыс бейнелеу және оны тарату мәселесі тұр. Азаматтардың медиацияға хабарласу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру мәселе болып табылады, оны медиация туралы заң қабылдау ғана шеше алады.

Қолданбалы рәсімдер үдерісінде қатысу шарттарының бірі жақтардың келісімді түрде өз еркін білдіруі болып табылады. Сонымен қатар, жақтар кез келген уақытта медиация жалғастығынан бас тартып, сотқа жүгіне алады. Медиатор алаламайтын, тәуелсіз және жақтардан бейтарап болуы тиіс және дауласушы жақтардың біріне жағымды қарым-қатынас танытуға тиіс емес. Медиацияға қатысу артықшылықтарының тағы біреуі үдерістің құпиялылығы болып табылады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев сот, құқыққорғау органдарының жұмысын жетілдіріп, құқыққорғау саласын реформалаудың байыпты жүргізілуін қатаң қадағалауда. 2010 жылдың 17 тамызындағы «ҚР құқыққорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында «Қылмыстық сот ісін жүргізуде бітімгерлік рәсімдерді кеңейтуге, оның ішінде медиация институтын дамытуға, сондай-ақ, жеке және жеке-бұқаралық айыптау қылмыстық істерінің санатын кеңейтуге» тапсырма бергені баршамызға мәлім. 2011 жылдың 28 қаңтарында Елбасы дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңына қол қойды.

Медиация «mediare», латын тілінен аударғанда, делдалдық ету, яғни тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Азаматтар арасында туындаған дау-дамайларды билер, от ауызды, орақ тілді шешендер, данагөй ақсақалдар әділ шешіп отырған. Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына келтіріп, дауласушыларды бітімге жеткізіп, екі тараптыда қанағаттандыру.

Аталмыш Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады. Әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделеріне қатысты, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы істер бойынша қолданылмайды. Сондай-ақ, медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың (мәмілелестіруші) мәртебесін айқындайды. Медиаторлар тізіміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін. Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. Ал, негізінен медиатор болу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен даярлау бағдарламасынан өткендігі жөнінде сертификат алуы, жоғары білімі болуы шарт. Ол адамның жиырма бес жасқа толуы және кәсіпқой медиаторлар тізімінде тұруы қажет.

«Медиация туралы» заң ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң, яғни 5 тамызда қолданысқа енді. Оның даудың заңды шешілуіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға үлкен септігін тигізетіні даусыз.

Кезінде Авраам Линкольн: «Соттасудан аулақ болыңдар. Өз қарсыласыңызды бітімге келуге көндіріңіз. Соттағы бір жеңісіңіз - шығындар мен уақытты жоғалтудағы нақты жеңілісіңіз болып табылады», - деген екен.

Бұған дауласушы адамдардың жақсы, өркениетті қарым-қатынастарының жоғалуын, олардың жалпы өмір сапасының (денсаулық, еңбектегі табыс және т. б. ) нашарлауын қосыңыз. Заң ережелерін қолданысқа барынша белсенді түрде енгізу, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету, қоғам мен халық үшін жасалған игілікті іс болмақ.

Бұлай тұжырым жасауға негіз де бар, себебі, бұл заң қазіргі таңда соттарға түсіп отырған өте жоғары іс жүктемесін кемітіп, сот төрелігінің сапасының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністеріне, құқықұзушылықтары мен қылмыстарына құнарлы негіз болып отырған жайттардың жолын кесіп, кемітуге септігін тигізері анық деген сенімдеміз», - деген кіріспе сөзбен ашты.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындап берді.

Бұған дейін белгілі болғандай, бұл заң ресми жарияланған күн­­нен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі деп көрсетілген болатын. Осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап аталған заңды қолдану және оның талаптарын орындауға судьялар жан-жақты дайын бо­лулары қажет екені де міндеттелген еді.

Аталған заң даудың бітімгершілік жолмен екі жаққа бірдей тиімді шешілуіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қылмыстық құқықтағы жеңіл дәрежедегі қылмыстар бойынша жәбірленушілер мен айыпталғандардың кешірімге келуіне, қылмыстық құқықты ізгілендіруге ерекше үлес қосары сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциялық талаптарына сай, соңғы кездері сот істерін баламалық негізде шешуге айрықша көңіл бөлінуде. Соған бірден-бір лайықты жол - дауды бітімгершілікпен шешуді сот өндірісіне енгізудің қажет екендігі халық болып талқыланды. Бұл заңның жобасын ұзақ талқылаған еліміздің құқық қорғау органдары, басқа да зиялы қауымдар мен беделді заңгер ғалымдар, мамандар дауды бітімгершілікпен шешу - соттарға үлкен абырой әперетін нағыз әділетті сот төре­лігі болатынын бірауыздан мақұлдады. Осы тамыз айының басынан күшіне енген аталмыш заң алдағы уақытта халық пен сот билігі арасындағы ашықтық пен жария­­лылықты, әсіресе қарапайым халықтың соттарға деген сенімін одан сайын арттыра түсетіні шүбәсіз.

Өйткені дауларды сотқа дейін бітімгершілікпен шешу тәсілін заң жүзінде енгізу, оны ха­лық арасында жариялы түрде талқылау, сондай-ақ дау шешімдерінің бірнеше баламалы институттарын енгізу идеясы, дауласушы тараптардың дауы қиын жағдайда ілкімді тәсіл­мен тиімді жол табуға мүмкіндік туғызатынын өмірдің өзі көрсетіп берді.

Дауларды сотқа дейін баламалы негізде шешудің конституциялық негізгі принципі Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1-бөлігі болып табылады. Ата заңымыздың осы бөлігінде тайға таңба басқандай етіп, «Әркімнің құқық субъектісі ре­тінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорға­­нысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» екені анық көрсетілген. Бұл - әр азаматқа қатысты даулы істі бітімгершілікпен шешуге сілтеме беріп тұрған айқын да анық құқықтық тұжырым.

Соның ішінде еліміздің сот төрелігіне медиация институтын заңдылық тұрғыдан енгізу, оны айналымдағы заңдармен тең дәрежеде қолданудың негізгі принциптері, рәсімдері, медиатордың құқығы мен міндеттері, конфиденциалдығын сақтау жөніндегі кепілдік және келісімді бекітудің тәртібі, сондай-ақ қоғамдық ортада орын алған әртүрлі дауларды шешуде бұл тәсілдің тиімділігі жоғары екенін көрсеткен бірқатар елдердің тәжірибесі жан-жақты түрде бағамдалды.

Жалпы алғанда қоғамда орын алатын даулардың баламалы негізде шешілуі судьялар үшін үлкен жеңілдік туғызады. Ай сайын оларға толассыз келіп жататын істер ықшамдалып, бөлінетін жүктемелері азаяды. Соның арқасында тараптардың келтірген даулары тез шешіліп, сот төрелігінің әділеттілігі мен оның орындалуы халық арасына ке­ңінен таралып, ел ішіне өзінен-өзі насихатталады. Бұған нақты мысал ретінде бұрынғы билерден қалған «Өзі басталып өзі біткен дауды - жаным дерсің, бес бала тапқан әйелді - ханым дерсің» деген мақалды келтіре кеткенім жөн болар.

Бітімгершілік арқылы екі жақтың мәмілеге келуі - қазақтың әлімсақтан келе жатқан би­лер сотындағы ең тура жолдың бірі. Ауыл-үй арасында мал дауы, жер дауына байланысты рулы елдер арасындағы түрлі дау-дамайларды ара ағайынның араласуы арқылы шешу - рулар арасындағы елдің бірлігін, жердің тұтастығын сақтап келген. Бітіс­пес араздыққа бармай, кісі өліміне соқтырмай қанқұйлы ауыр қылмыстардың алдын алуда ерекше рөл атқарғанын, Қазақ елінің құқық тарихына зер салған адам жақсы білуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиация мәселелері
Тараптардың келісімімен айқындайды медиатор медиацияны жүргізу күні мен уақытын
Топтар арасындағы қақтығыстың жағы - әлеуметтік топ
Медиация дауларды реттеудің соттан тыс тәсілі ретінде
Сот медиациясы Пилоттық жобасы
Дауды шешудің консультативті жолы
Медиация туралы
Медиацияға қатысушылар - медиатор және медиация тараптары
Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдерінің мәселелері
Медиацияның шетелдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz