Бастауыш мектеп оқушыларына психологиялық сипаттама


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш мектеп оқушыларына психологиялық сипаттама.

Жоспары

  1. Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгерісі.
  2. Бастауыш сынып оқу іс - әрекетінің психологиялық тұрғыдан қалыптасуы.
  3. Бастауыш мектеп шағындағы оқушылардың психологиялық жаңа құрылыдары.

Пайдаланылған әдебиеттері:

  1. А. В. Петровский. «Педагогикалық және жас ерекшелігі ппсихологиясы» Алматы 1987ж.
  2. Егорова Т. В. «Особенности памяти и мышление младших школьников отстающих в развитием» М., 1973г.
  3. С. Ф. Жуйкова «Психологические вазможности младщих школников» М. 1968г.

Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгерісі . Атап көрсетілгендей, баланың психикалықдамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар, үйреніп тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әртүрлі ойындар болып табылады. Ойын үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды . Осының бәрі баланың мектепке дярлығын сипаттайтын негізгі сәттер болып табылады.

Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен -ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш класс оқушысының жетекші іс әрекетінің оны мінез-құлық мативтерін елеулі түрде өзгертетін оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.

Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылапды. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярлнған. Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірдеңелерді кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланы кластағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым- қатынас нормаларына, күн тәртібіне мұғалімнің талаптарының жылдам қабылдауға көмектеседі.

Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан ойластырылған мынадай қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күнінен ақ оған оқушыны сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындағы мінез-құлық ережелерін айқында нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның көзқарасының, міндеттерінің және правасының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын түсіндіру маңызды. Жаңа ережелермен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету - бірінші класс оқушысына орынсз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігн ұйымдастыруға тиісті шарт.

Осылайша, мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне даланың клстағы және үйдегі мінез-құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңнен қиналмай өтуі оның мектепке жақсы даярлықпен келуінің белгісі. Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда қандай да бір қиыншылықтарға кезедеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды.

Бастауыш сынып оқу іс - әрекетінің психологиялық тұрғыдан қалыптасуы . Оқу іс-әрекетінің процесі бірқатар жалпы заңдылықтарға бағынады. Алдымен оқытушы балаларды оқыту ситуацияларына жүйелі түрде тартып, балалармен тиісті оқу әрекеттерін, сондай ақ тексеру мен бағалау әрекеттерін тауып көрсетіп отыру керек. Оқушыларда өз кезегінде, оқу ситуацияларының мәнін түсінуі және барлық әрекеттерді дәйекті түрде орыдап отыруы тиіс. Басқаша айтқанда, заңдылықтарды бірі мынада: бастауыш кластардағы бүкіл оқыту процессі мен алғашында балаларды оқу іс-әрекетінің басты бөліктерімен ке таныстыру негізінде құрылады және балалар оларды белсенді түрде іске асыруға тартылады.

Балаларға оқу іс-әрекетінің белгілі бір жүйелілігін егжей-тегжейлі асықпай көрсету, олардың арасынан заттың, сыртқа тілдік және ақыл-ой шеңберінде орындалатындарын ерекше бөліп көрсету керек. Бұл жерде заттық әрекеттер тиісті дәрежеде қорытындыланып, қысқартылып және игеріліп ақыл-ой формасына келетіндей жағдай жасау маңызды.

І-ІІ кластардағы оқу ситуацияларында балалар мұғалімнің тікелей сырттай нұсқауларының негізіне әрекеттенеді. Бірақ ІІ-кластың соңы мен ІІІ-класта оқу іс-әрекетінің кейбір бөліктерін балалар өзіндік реттеу жолымен орындайтыны біртіндеп аңғарыла бастады. Оқушылар алдымен бағалау әрекетінің мәні мен мазмұнын меңгереді, олар есепті шығарудың жалпы тәсілін игеру сәттерін есте ұстап, балалар белгілі бір нақтылы-практикалық есептерді шығарудағы өз мүмкіндіктерін әзірше ішкі түйсік арқылы, бірақ жеткілікті дрежеде дәл анықтайды. «Мұны мен шығара аламын-мұны қалай шығаруды біз өткенбіз»; «қолынан келмейді-мұндай есептің қалай шығарылатынын мен әлі білмеймін», есептерді шығару тәсілін оқып үйренгені үшін алған бағалары бара бар оқушыларға осындай жауаптар тән. Өз жұмыстары үшін белгілі бір баға алуына негізді бұл оқушылар, әдетте өздігінен анықтай алады.

Балаларды шын мәніндегі танымдық ынталарын бар жоғы осыдан байқалады. Шындығында, бала жәй ғана қандайда бір нақтылы және жеке нәтиже алуға емес, сол типтегі есептерді барлық нәтижелерді алудың жалпы тәсілін алуға тырыса, онда бұл оны оқып жүрген пәннің елеулі байланыстарын және қатынастарын түсінуге деген ынтасын білдіреді. Мұндай талпыныстың негізінде оқуға деген ынта мен қабілет жатады. Егер мұндай ұмтылыс бастауыш мектеп шағында ақ тиісті үлгіде қалыптаспаса, онда бұдан кейін ыждағаттылық та ниеттілік те, қуанышты да тиімді оқудың психологиялық қайнар көздері бола алмайды. Мұндай қайнар көз сол оқу процестерінің ішкі мазмұнын тануға деген ұмтылыс қана бола алады. Бастауыш мектеп шағынын өн бойында балалардың оқуға көз қарасын белгілі бір динамикасы байқалады. Алғашында олар оған жалпы қоғамдық пайдалы қызмет сиақты ұмтылады. Оны қалыптасуын заңдылықтары мен зерттеу-қазіргі балалар және педагогика психологиясының бірінші кезекті және сонымен бірге қиын проблемалардың бірі.

Бастауыш мектеп шағындағы оқушылардың психологиялық жаңа құрылыдары . Бастауыш клас оқушылары психологиясының дамуы басты жағдайда олар үшін жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді. Оқу ісіне араласа отырып, балалар біртіндеп олардың талаптарына бағынады, ал бұл талаптарды орындау мектеп жасына дейінгі балаларды жуық жаңа қасиеттердің пайда болуын жоамалдайды. Бастауыш класс оқушыларыны жаңа қасиеттері оқу қызметінің қалыптасу шамасына қарай туып дамиды.

Егер балалар бәрі бірдей мұғалімді тыңдаса және оны айтқандарын істесе ғана класта жалпылама сабақтарды ұйымдастыру мүмкін болады. Сондықтан әр бір оқушы осындай сабақтардың талаптарына сәйкес өз зейінін басқаруды игереді. Бала көгершіндер тынымсыз құрқылдап жатқан терезеге қарағысы келеді. Бірақ есепті шығарудың жаа әдісін түсіндіруді тыңдау қажет жай ғана тыдау емес, ертеңгі бақылау жұмысын дұрыс орындау үшін бұл әдістің барлық егжей тегжейін жақсы есте сақтау керек. Осындай «қажетті » әрдайым үлесу берілген үлгі негізінде өз мінез құлқын басқару балалардың психикалық процесстердің ерекше қасиеті ретінде еркіндікті дамытуға көмектеседі. Ол іс-әрекет мақсатын саналы түрде қойып, оларға жетудің қиындықтарымен бөгеттерін жеңіудің құралдарын алын ала ойластыра іздеп білуден көрінеді. Оқу іс-әрекетіне, сондай ақ оның басқа да бір қатар ерекшеліктеріне бақылау жасау және өзін өзі бақылау қажеттігі бастауыш клас оқушыларында іс-әрекетті өздігінен және іштей жоспарлау және орындау қабілетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептерде компьютерлік техниканы тиімді қолдану негізінде оларға компьютерлік сауаттылық элементтерін меңгеру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ қысқаша лекция курсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz