Баланың мектепке дайындығын ұйымдастырудың педагогикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-

ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫРТТАЙ ОҚУ ФАКУЛЬТЕТІ

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы»

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Баланың мектепке дайындығын ұйымдастырудың педагогикалық негіздері.

Орындаған: Қалибаева Қаракөз.

СМД-016 0

  1. Ғылыми жетекшісі, п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2013ж

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық - педагогикалық сырттай оқу факультеті

«Қорғауға жіберілді»

«Жалпы педагогика және

этнопедагогика» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., доцент м. а

Рысбекова А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Баланың мектепке дайындығын ұйымдастырудың педагогикалық негіздері.

Орындаған: Қалибаева Қаракөз .

СМД -016 0

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2013

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4-5

I БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ-ДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Баланың мектепке дайындығын ұйымдастырудың физиологиялық
ерекшеліктері . . . 6-12

1. 2 Баланың мектепке дайындығын ұйымдастырудың педагогикалық жолдары . . . 13-27

2 БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Мектепке баланың дайындығын ұйымдастыруда ата-ананың ролі

2. 2 Баланың мектепке дайындығын ұйымдастырудың педагогикалық әдіс-тәсілдері . . . 28-40

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 60-61

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. [1]

Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникация желілерге тығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. [2]

Баланың мектепке дайындығын ұйымдастыру, әрбір пәнді оқып, оны дамыту, яғни білімін дамыту, тәрбиені жақсылап алуы үшін мұғалімнің еңбегі зор. Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта. бірқалыпты жағдайда өтпейді. : Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата-аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі. Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Егер сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамақ болсаңыз бірінші өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз. Сіздің мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе. Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы тәрбиенің ең бірінші, ең басты әдісі - деген болатын А. С. Макаренко. Міне қазіргі кезде әрбір тәрбие беруші, мұғалім, сынып жетекшісі балаға оның болашағына үлкен мән беруі керек. Оларға рухани азық болатындай кеңес беру керек.

Мектеп жасына дейінгі баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор.

Баланың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін балалар бақшаларының тәрбиешілері кішкене жас топтарынан бастап, мұғалім өз сыныбына келген кішкене балалардың дамуы жолындағы жұмысты одан әрі жалғастыруды сүйене алатындай балалардың алған білімдерін, әдеттерін, шеберліктерін, дағдыларын, қабілеттері мен мүдделерін дамыту жолында жұмыс жүргізуі.

Зерттеу мақсаты: Мектепке баланың дайындығын дұрыс ұйымдастыру.

Зерттеу міндеттері:

- Баланың мектепке дайындығын ұйымдастырудың физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктерін қарастыру.

- Баланың мектепке дайындығын ұйымдастырудың педагогикалық жолдарын анықтау.

- Мектепке баланың дайындығын ұйымдастыруда ата-ананың рөлінің маңызы.

- Баланың мектепке дайындығын ұйымдастыруда педагогикалық әдіс-тәсілдері қолдану.

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ- ДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Баланың мектепке дайындығын ұйымдастырудың физиологиялық ерекшеліктері

Үздіксіз білім беру жүйесінің бір буыны болып табылатын білім беретін қазақ мектебі де, қоғамның басты міндеті - жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға қатысады. Бұл әлеуметтік педагогикалық міндетті орындау үшін тәрбие жұмысымен тікелей айналысушылардың жүргізетін тәрбие мазмұны қоғамның бүгінгі талабына сай болуы керек. Біздің еліміз сияқты көп ұлтты мемлекет жағдайында әрбір мұғалім, мектеп, ұлттық мазмұнда болуы тиіс.

Елімізде болып жатқан өзгерістер мектептің өз жұмысын ғылыми тұрғыдан басқаруды ұйымдастырудың тиімді әдістерін іздестіруді, басқару рөлінің өсе түсуін талап етеді. Мектептің басқару жүйесіне мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар ұжымы кіреді. Сондықтан оқу жылының басында әр сыныпта ата-ана, ұстаз, оқушы бірлесе отырып білім берудегі ұстаздың, оқушының, ата-ананың міндетін анықтайды. Оны реттеуші сынып жетекшісі болғандықтан оның жұмысының мазмұнын өзгертіп, жаңа тұрғыдан қарастыруды қажет етеді.

Мектепке бару-бала өміріндегі шешуші кезең. Ол өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады.

Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық рөлін жоғалта бастайды. Бастауыш мектеп оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар.

Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден отбасы немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс жаңалықтар кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың сыныптағы . мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибиелі ұзтаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың сыныпқа келген алғашқы күнінен -ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек.

Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және құқығының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету бірінші сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің, жаңа кезеңінің ерекшеліктерін сезбейді, бұл балалардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін

Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам (ұшқыш аспаз, жүргізуші) болуы үшін оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердін нақтылы құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық және құнды деп ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас баланың бойында оның ең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.

Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұны мен шын мәнінде әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді терендеп оқу кезінде қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағұлматтар ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға сүйенеді. Ынталықтың жеке дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе тілдамытуда байқалады. Мұғалімдер бұл ынталықты алғашқы сабақтарда дереу пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің реттілігі және т. б. сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.

Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, тілдамыту және басқа пәндерінің өздерінің күтпеген, таң-қаларлық жайттарын паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде балалардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың сыныптағы және үйдегі мінез - құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңнен қиналмай өтуі-оның мектепке жақсы даярлықпен келгендігінң белгісі. Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда қандайда бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды.

Бірінші сынып оқушыларының бастан кешіретін қиыншылықтары негізгі үш тиіпке бөлінеді. Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т. б. ) . Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық - физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.

Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғаліммен, сыныпағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал мұғалім болып табылады, ол белгілі бір мінез - құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.

Мұғалімнің позициясы мынадай: бала оның алдында қандай да бір меншіктік жасамай тұра алмайды. Осының салдарынан мектепке балалардың біреулері тым-тұйық, ал екіншілері босаңдау бола бастайды (олар үйінде тіпті басқаша болуы мүмкін) . Бірінші сынып оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренсе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.

Тәжірбиелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке - дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының “астарына” көз жүгіртіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің мақсаты барлық бірінші сынып оқушыларын сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне, сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға мұғалімнің ескертулеріне іскерлікпен жауап беруге тәрбиелеу болып табылады. Түптеп келгенде осының бәрі мұғалімге және оның іс-әрекетін сенуді тәрбиелеуге келіп саяды.

Мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, бәріне бірдей талап қойғыш болғанда, нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап, жақсы оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады. Бұл сыныптың ұжымдық жұмысына психологиялық жағынан жақсы жағдай жасайды. Мұғалім ықыластарының ортағы бойынша (олар маркалар жинайды, қуыршақ театрымен айналысады), сыртқы өмір жағдайларын ортақтығы бойынша (балалар бір үйде тұрады бір партада отырады) және т. б. бойынша балалардың достасуын қолдап отырады. Бала мектепке келгенге кейінгі алғашқы айлардағы тәрбие жұмысының маңызды мақсаты - сынып содан соң мектеп оған бөтен адамдар тобы емес, қайта құрбыларының өзінен кіші әрі үлкен жолдастарының тілектес те қайырымды ұжымы екендігін оның бойына дарыту.

Баланың мектепке барумен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Оның жаңа міндеттері мен жаңа құқықтары пайда болады, (мысалы, оқушыға үй тапсырмасын орындау үшін ерекше орын және уақыт бөлу керек оның күн режимі мен санасу керек) . Көпшілік отбасында баланың бұл құқықтары құрметпен қабылданып, толық қанағаттандыратынын тәжірибе көрсетіп отыр. Тіпті мынадай көрініс жиі байқалады: үлкендердің қарым-қатынасын және олардың “мектеп еңбектерінің” тілектерін дереу қанағаттандыруға дайын тұратындығын сезген кейбір балалар өздерінің жағдайын өктем пайдаланып, үйде өздері - оқушылар - басшы тұлға болатын тәртіпті орната бастайды. Ал, бұл оқушының ерекше өзімшілдігі пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан үй ішінде бірінші сынып оқушысына көңіл бөлуді оған отбасының басқа мүшелерінің де маңызы еш кем емес мүдделері мен қамы-қаракеті бар екенін көрсетумен ұштастыру керек.

Бала олармен санасып, үй іші істерінің жалпы ағымында өзінің мектептегі қақтығыстарын шамадан тыс көрсете бермеуі керек.

Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барады, кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісті, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрады. Бірақ бірінші сыныпта оқу процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте бұл білімдерге деген қажеттілік арнайы қарастырылмаған. Әрине мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады. Мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да осының нәтижесінде селқостық пен немқұрайдылыққа салынады. Мұғалімдер кейде материалға сырттай қызықты элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады. Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.

Оқуға “тоюды” болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымдық тапсырмалар алуында, тиіс ұғымдарды игеруді талап ететін проблемалық ситуациялармен қарастыруында жатыр. Сонымен бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және достарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты.

Мектепке келген жаңа бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделіп, төселеу кезеңін бастан кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар барлық бейімделу сатыларындағы қиындықтармен пара-пар Яғни баланың құрдастарымен, мұғалімен, мектебімен, сыныбымен қатынасты, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана-сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері-осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай-күйін жиі бақылап, жаңа ортаға баулу үшін, алдыңғы тәрбиеленушілердің психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлығын анықтау барысында алынады.

Баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар кешені - мектепке психологиялық даярлық мазмұнын құрайды. Ол баланың мектептегі оқу әрекетіне жағымды қатынасынан: мінез-құлықтың ырықтылығының барынша жоғары деңгейінен: білім, іскерлік, дағдыларының белгілі бір қоры мен таным процестерінің дамуынан, сондай-ақ үлкендерімен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас орнатуды, ұжым өміріне араласып кетуді, бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз ететін сапалардың қалыптасуынан тұрады.

Мектепке оқуға қабылдау баланы мектептік болмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру- өтпелі кезеңге тен психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу-тәрбие үрдісін осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұғырды қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді. Екі кезеңнің түйісер тұсындағы дағдарыс құбылысының бала психикасына әсері іс-түссіз жоғалып кетпейді.

Психикалық даму дағдарысы осы уақытқа дейін баланың ересектермен қарым-қатынасы кезеңіндегі қиындықтармен мінез-құлық ауытқуларын, теріс қылықтарын сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылып келеді. Мәселен “теріс қылықтары көрінісін жұмсаратындай етіп, тәрбиені қалай құрса болады?” деген сұрақтар іздестіріледі.

Психикалық даму дағдарысын педагогика ғылымы тұрғысынан қарастыру балалар психологиясына да тән: “тәрбиенің жетімсіздігі салдарынан туындаған психикалық даму барысындағы ауытқулар”. Бұған қарсы ТМД кеңестігінде, Л. С. Выготскийден дағдарыс дамудың ішкі аса қажетті кезеңі ретінде, сапалық секіріс ретінде қарастырылды . Соның нәтижесінде бала психикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Ал дағдарыстың оған қылықтар арқылы көрінуі-бұдан ары қарайғы даму үшін тежегіш ретінде көрінетін баланың үлкендермен қарым-қатынасының бұрынғы жүйесінің күйреуі; яғни оң жағымды жаңа құрылымдардың “келесі беті”. Баланың психикалық дамуы диалектикалық үрдіс. Ол біркелкі, тегіс өтпейді: ішкі қақтығыстардың пайда болуы мен шешілуі арқасында қауырт қайшылықты түрде жүреді. [3]

Л. С. Выготскийдің пайымдауынша, психикалық дамудың жалпы заңдарын түсіну кілтін өтпелі кезеңдерді, яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді. Себебі, осы кезде бала психикасындағы сапалық қайта құрулар барынша айқын көрінеді.

Белгілі балалар психологы Капица П. Л. 7 жас дағдарысының рөлін ерекше бағалайды:”баланың, бұған дейінгі барлық дамуының даярлығы нәтижесінде 7 жас дағдарысы пайда болады”. Осы дағдарыстың өту нәтижесінде балалардың мектепке психологиялық даярлығы қалыптасады. [4]

Жеті жас дағдарысы балалар психологиясы мен педагогиялық психологияда шартты түрде белгіленген жас мөлшері. Дамудағы даралық ерекшелікке байланысты, осы шамадағы дағдарыс кезеңі баланын, тура жеті жасында өтуі мүмкін. Сондай-ақ, алтыдан аса бере, немесе сегіз жасқа таяу уақытта да басталуы мүмкін Бірақ, бір жағдайы анық ол-7жас шамасындағы дағдарыстың мектеп жасына дейінгі балалық шақ пен мектептік кезең аралығындағы шекара іспеттес екендігі.

Бала дамуын күрделі үрдіс деп санаған Л. С. Выготский “даму дегеніміз бәрінен бұрын жаңаның пайда болуы”, -дегенді. [5]

6-7 жасар бала қоғамдық қатынастар әлеміндегі өз орнын түсіне бастайды. Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік қатынастың мәнін ашады. Бұл үлкендер аса жоғары бағалайтын оқу әрекетімен байланысты, оқушылық қатынас. Осы жаңа орынды иелену тілегі қай кезде басталса да, баланың ішкі бағытының қалыптасуы оның өзіндік санасын түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Ж. Т. Дәулетбекованың пікірінше, 7-жас дағдарысы баланың әлеуметтік“Менінің” қалыптасу кезеңі. Өзіндік сананың өзгеруі-құндылықтар сипатының өзгеруіне әкеліп соғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру
12 жылдық білім беру жүйесі
ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері туралы
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктер
Бастауыш сатыдағы оқу үрдісінің теориялық және практикалық негіздері
Педагог психологтың ата - аналарымен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Баланың мектепке оқуға дайындығының теориялық негіздері
Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру
Бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz