Бастауыш мектепте қатысымдық бірліктерді оқыту


Бастауыш мектепте қатысымдық бірліктерді оқыту
Тіл ғылымының әрбір саласының өз дербестігі мен даралығы бар, дегенмен олар өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі, қазақ тілі ғылым салаларының барлығының зерттейтін басты объектісі - сөз. Ол, тілдің негізін, оның грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры жасайды. Кез келген дыбыстардан әркім өз қалауынша, сөз немесе грамматикалық бірлік жасай алмайды. Себебі, лексикалық элемент те, грамматикалық элемент те дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалынып, жарыққа шығады. Дей тұрғанмен әрбір оқушы ойын жеткізу үшін білетін сөздерді бейберекет, қалай болса солай орынсыз қолданбайды. Әрбір бала белгілі бір қоғамға, ортаға тікелей бағынып бейімделеді. Көзін ашқаннан ата-анасынан т. б. қалай сөйлеу, тілдесу керек, кімге не айту керек дегенді үйренеді және өзі де өзгені үйретеді.
Балалардың сөздік қоры неғұрлым мол болса, соғұрлым өзара ұғынысу мен түсінісу мүмкіндігі мол болады. Нәтижесінде лексикалық қор тілдің өркендеуімен бірге тілдік қатысымды арттырады.
Тілдік қатысым: оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім тілді меңгеруге бағыталған әрекет болғандықтан тіл білімімен тығыз байланысты. Себебі, тілді меңгеруге қызмет ететін бірліктер тіл білімінің өзегі ретінде балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауына игі әсер етеді.
Оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылымның лингвистикалық негізін қалаушы орыс ғалымдары: Е. И. Пассов [1, 214], С. К. Фоломкина [2, 107], Н. В. Бассова [3, 56], Т. М. Никитина [4, 162], т. б. тілдік қатысым әрекеттерінің грамматикалық дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән берген. Өйткені, тілдік қатысым әрекеттерінің жүзеге асуына тілдік бірліктер мен қатысымдық бірліктердің айрықша қызмет ететіндігі белгілі. Қатысымдық бірліктер арқылы балалар бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түседі.
Тілдік бірліктер дегеніміз фонетикалық, лексикалық, грамматикалық қасиеттерге ие, өзіндік таңбалық сипаты бар, адамның өмір сүруі мен тілінің дамуына қызмет ететін тілдің құрылымдық бірліктері. Ал қатысымдық бірліктер-белгілі бір ойлы хабарлау мен қабылдау қасиеті, қарым-қатынастық мәні бар бірліктер. (В. Л. Наер [5, 70], Б. Н. Головин [6, 231], В. В. Чесноков [7, 287], А. А. Леонтьев [8, 368], Е. И. Пассов [9, 214],
Ф. Ш. Оразбаева [10, 208] ) .
Қатысымдық бірліктер мен тілдік бірліктер өзара тығыз байланысты және олардың өзіндік ерекшеліктері де бар.
Тілдік бірліктер бір ғана субъектіге тән болса, қатысымдық бірліктер жалпы тілдік қарым-қатынасқа тән.
Тілдік қатысым арқылы тілді меңгертетін қатысымдық бірліктер: морфема, сөз, сөйлем және мәтін. Бұлардың ішіндегі ең бастысы - сөз. Cебебі, сөз арқылы ғана тілдік қарым-қатынас жүзеге асады. Оның үстіне сөз- тілдесім, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым барысындағы күрделі тілдік бірлік. Қатысымдық мақсатта жұмсалған сөз айтылатын ойды түсінікті, мазмұнды етіп көрсетеді. Демек, сөз сөйлемнің құрамында нақты, айқын мағынаны ұғындырып, мазмұнға қызмет етеді. Себебі сөйлем қазақ тілін қатысым әдісі арқылы меңгертуге негіз ұйытқы болатын қатысымдық бірлік [10. 244]
Қатысым әрекеті арқылы қазақ тілін оқыту барысында сөздерді дұрыс оқытуға баса көңіл бөлу керек, себебі, балалардың кейбір сөздерді қате оқып, қате айтатындықтары жиі ұшырасады. Мұндайда, фонетика саласы бойынша дыбыстардың жазылуына, олардың түбір мен қосымшаның арасындағы жазылу ерекшеліктеріне мән беріп, әрбір дыбыстың емлелік сипатына, орфографиялық заңдылықтарына сай сөз, сөйлем үлгілерін беріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу керек.
Тілдік қатысым барысында балалар өздері білетін ақпарат, деректермен, әр түрлі хабарлармен алмасады. Жан дүниесі арқылы көңіл-күйлерін сезініп, бір-бірімен ой бөліседі.
Сөз мағынасын түсіндіру, оны ашу әрі нақтылау үшін сөздің тура және ауыспалы мағынасы жөнінде түсінік беру керек. Мысалдар арқылы балаларды қатыстыра, іздендіре отырып сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасы ұқтырылады. Мұндайда тақырыптар бойынша білімдік дағдының түсіндірме сөздікпен жұмыс істеу арқылы берілгені нәтижелі болады. Мұның екі жағы бар:
1. Балалар сөздікте сөздердің алфавит тәртібімен орналасатынын көреді, сөздікпен жұмыс істеуді үйренеді;
2. Сөз мағынасын түсінеді. Мысалы, үйдің іші, адамның іші, орманның іші, малдың басы, адамның басы, таудың басы, т. б.
Сөз молдығы - бала сауаттылығының ең басты шарты. Сөз байлығы кемшін баланың тілі жұтаң тартып тұратыны белгілі. Оқушының белсенді сөзі тым аз болған сайын оның тілінде мақсатсыз қайталау көп болады. Ал бұл өз кезегінде тілдің қарым-қатынастық қызметін нашарлатып, айтылатын ойын анық, дәлме-дәл, мазмұнды жеткізуіне кедергі болады. Сондықтан тілдегі ауыс, тура және көп мағыналықты синоним, антоним, омонимді меңгерту арқылы сөз мағынасын жете түсінуге жаттықтыру керек.
Сонымен, сөз дегеніміз-оқушылардың тілдік қатысым арқылы өзара қарым-қатынас жасауына, ұғынысуына мүмкіндік беретін әрі олардың ойлау қабілетін жетілдіретін, айтар ойын жарыққа шығаратын, дыбыстары мен мағынасы бар тілдік қатысымдық бірлік. Сөздер тіркесе келіп сөз тіркесін жасайды. Соның нәтижесінде басқа да сөз тіркестерімен байланысқа түседі, күрделі істі, ойды білдіретін сөйлемді құрайды. Ал сөйлем тілдік қатысымды жүзеге асырады.
Сөз тіркестерінің еркін және тұрақтылардың (екеуі жиналып фразеологиялық бірлік) біреуі болып екіге бөлінетіні белгілі. Соның ішінде фразеологиялық бірлік - тілдік қатысым әрекетін жүзеге асыруда көркем де жатық етіп жеткізуде айрықша қызмет етеді.
Фразеологиялық бірліктер-ұлттық ерекшелігімізді бойына сіңірген басты рухани байлығымыз. Ол жөнінде фразеолог ғалым Г. Смағұлова былай дейді: “Әдетте мәтін, сөйлем ішіндегі түрлі тұрақты сөз тіркестерімен безендірілген көрікті ой салмағының оқушы, тыңдаушы үшін әсері ерекше. Фразеологизмдер өз табиғатында лексикалық қорды байытатын суретті сөз тіркестер екенін ескерсек, олар мәнерлі сөйлеу, ойды әсерлі жеткізу амалдарын жүзеге асыруда таптырмайтын тілдік әрі көркемдік құралдар” [10, 27] . Олай болса оқушыларға халқымыздың рухани, мәдени және саяси-әлеуметтік тіршілігінен хабардар етіп, білім беруде фразеологиялық бірлік арқылы жүзеге асатын тілдесім әрекетінің мәні ерекше. Балаларға небір айшықты сөз қолданыстарын, теңеулерді, мақал-мәтелдерді игерту - олардың өз халқына, оның тіліне деген құрметі мен мақтаныш сезімін арттырады. Фразеологиялық бірліктердің қатысымдық ерекшеліктері бірнеше сөздің өзара бірігіп, әрі атаулы, әрі экспрессивті мағынаны білдіруі арқылы қатысымдық және ақпараттық мәнге ие болуына байланысты.
Фразеологиялық бірліктердің мағыналық, эмоциялық ерекшелігіне қарай оқушылар арасындағы қатысымдық байланыстың алғышарттары қалыптасады. Фразеологиялық бірліктердің мұндай ерекшеліктері көбінесе есім сөздерден құралған тіркестерге тән.
Фразеологиялық бірліктер ауыспалы мағынаға ие. Себебі, ондағы ой нәрсені мегзеу, ишара ету түрінде болжаммен беріледі. Мысалы, Емен ағашы, жүйрік ат, темір күрек, киіз үй, жез шәугім, қой қора, алтын медаль, қыш құмыра, түлкі тымақ, қыл шылбыр, қара көз, ашық аспан, ақ тауық, тұнық су, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену, отпен ойнамау, күннің жүзі, үміт жұлдызы, самал есу, қоңыр жел, мұнтаздай ету, т. с. с. мысалдардан оқушылар тұрмыс-тіршіліктен хабардар бола алады. Сонымен фразеологиялық бірліктер оқушылардың сөздік қорын байытады. Оның бір сөздің орнына жүретінін, мағына тұтастығын, құрамының тұрақтылығын, сөйлеуге дайын қалпында балалар сөйлеу кезінде қолдану үшін оның мағынасын жақсы түсінуі және оны қолдану дағдысы болуы керек.
Фразеологиялық бірліктерді жеткілікті үйрету, оны тілдік қатысымда қолдануға дағдыландыру балалардың сөздік қорын байытумен қоса оның сөйлеу тіліне көркемдік беріп, сөзіне әсерлілік туғызады. Оқушының сөйлеуі неғұрлым көркем, шебер болса, ол тілдік қарым-қатынасқа еркін түсе алады, білімі де тереңдейді.
Қатысымдық бірлікті құраушы ретінде қызмет ететін фразеологиялық бірліктердің бірі мақал-мәтелдердің де ұлттық ерекшелігімізді таныту ролінің айрықша екені даусыз.
Тілді меңгертуде мақал- мәтелдердің өзіндік ерекшеліктері мол. Себебі мақал-мәтелдер құрамы жағынан күрделі, мазмұны жағынан ізгілік қасиеттерге үндеу сипатында болады.
Лексиканы оқытуда оқушылардың сөздік қорын байыту мақал-мәтелдерді меңгертумен тікелей байланысты. Сондықтан фразеологиялық бірліктердің бірі мақал-мәтелдерді үйретуді айтылым, тыңдалым, оқылым тілдесім және жазылым әрекеті арқылы әрбір сабақта жүйелі түрде жүргізу қажет. Мысалы: “Ақыл-тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен”, “Еңбек ер атандырар”, “Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен”, “Кекшіл болма, көпшіл бол”, “Бір түйір дәнде, бір тамшы тер бар” сияқты т. б. мақал-мәтелдер балалардың дұрыс сөйлеуіне, сауатты жаза білуіне, ой өрісінің дамуына көмектеседі.
Мақал-мәтелдердің ізгілік қасиеттерге, жақсылыққа уағыздау, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мәнінде болатыны белгілі. Сондықтан мақал-мәтелді орынды пайдалана, қолдандыра білдіру оқушы-
ларды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, бауырмалдыққа, имандылыққа т. б. яки жан-жақты тәрбиелейді.
Мақал-мәтелдер - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Олар - халықтың ғасырлар бойғы өмір тәжірибелерінен екшеліп, сұрыпталып, тұжырымдалып алынған өнегелі де шешендік сөздер.
Мақал-мәтелдерді - сынып-сыныпқа өтілетін тақырыпқа орай, сонымен байланыстыра берген дұрыс. Бұл олардың сол тақырыпты толық игеруіне көмектеседі, сабаққа қызығушылықтарын арттырып, сенімдерін нығайтады. Мысалы, 4- сыныпта “Сөйлем, дыбыс және әріп” тақырыбына байланысты 5 -беттегі 4 -жаттығуда “Еңбек, бәрін де жеңбек”, “Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді” дейтін т. б. мақал-мәтелдердің тәлімдік мәні зор. Қатысым әрекеттерінің ең басты көрсеткіші - мәтін. Тілдегі сөз, сөз тіркесі мен сөйлемдерді жүйелі қолданудың негізінде мәтін түзіледі. Өтілетін тақырыпқа қатысты мәтіндерді дұрыстап оқыту оқушылардың ынтасын арттырып қана қоймай, тіл байлығын молайтып, білімін, дүние-танымын тереңдетеді. Бұл үшін адамгершілік, имандылық, отансүйгіштік тәрбиелік бағдар беретіндей мәтіндер іріктеледі. Мысалы, “Сәкен жаздыгүні бәрімізден бұрын тұратын. Үй шаруасына көмектесетін. Ол бізді бұлаққа алып баратын. Әуелі кішкентай қарындастарымыз Рахима, Халима, Салималарды жуындыратын. Содан кейін өзі жуынатын. Немесе “Бір күні ағайым екеуміз қыдырып ауылдың шетіне шықтық. Жапалақтап қар жауып тұр. Жуық маңнан қоян көрінді. Жақындасам қашатын емес. Сөйтсек қақпанға түсіп қалыпты. Аяғынан аққан қаны сорғалап қар үстіне тамып жатыр. Біз оны босатып алдық. Үйге әкеліп аяғын емдеуге кірістік. Аяғы жазылған соң, босатып жібердік. Ағам өте мейірімді, кішілерге ұдайы қамқорлық жасап жүреді”.
Мәтінді оқытудағы ең басты мақсат баланы сөйлете білу болса, бұл ретте айтылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерінің ролі ерекше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz