Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби қызметін қалыптастырудың ғылыми- педагогикалық негізі



1 Балалардың бойында оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру міндеттері
2 Қазіргі маманның кәсіби іс.әрекетінде инновациялық технологияны игеру
3 Бастауыш білім беру теориясы мен практикасында мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі
4 Бастауыш мектепте оқыту теориясы мен практикасы туралы психологиялық, педагогикалық зерттеулерді талдау
5 Мұғалімнің кәсіби.педагогикалық білімдері мен іскерліктерінің жүйесі
Балалардың бойында оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру міндеттерінің терең тарихы бар. Бастауыш білім беру көптеген жылдар бойы білім алудың негізгі және жалғыз сатысы болды. Сондықтан ол оқуға, жазуға үйрету мен қарапайым арифметика элементтерін білу мақсатын көздеді. Міндетті жеті жылдық оқуға, кейінірек толық орта білімге көшуге байланысты психология мен педагогикада кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың дамытушы міндеттеріне мән беріле бастады. Осыған байланысты олардың өз бетімен білім алу білік-дағдыларын қалыптастыру қолға алынды. Бастауыш білім беру қызметі алдымен орталау, кейін орта білім берудің бір сатысы болып өзгерді. Жаңа жағдайларда 6-11 жастағы балалардың оқу мүмкіндіктерін зерттеу қорытындысына байланысты бастауыш білімнің мақсаттары айқындалды. Осындай мақсаттағы зерттеулер нәтижесінде оқу қызметінің әртүрлі теориясы жасалды. ХХ ғ. соңындағы білім беру жүйесіндегі демократиялық жағдайда мұғалімдердің педагогикалық ғылыми-зерттеулер нәтижесіне деген қызығушылығы артты.
1. А.Омарбекова «Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру» Бастауыш мектеп №3 -2006ж 5-7б.
2.Қ.Сарбасова «Білікті маман даярлау-басты мақсат» №7 2006ж 11-12б

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби қызметін қалыптастырудың ғылыми-
педагогикалық негізі

Балалардың бойында оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру міндеттерінің
терең тарихы бар. Бастауыш білім беру көптеген жылдар бойы білім алудың
негізгі және жалғыз сатысы болды. Сондықтан ол оқуға, жазуға үйрету мен
қарапайым арифметика элементтерін білу мақсатын көздеді. Міндетті жеті
жылдық оқуға, кейінірек толық орта білімге көшуге байланысты психология мен
педагогикада кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың дамытушы міндеттеріне
мән беріле бастады. Осыған байланысты олардың өз бетімен білім алу білік-
дағдыларын қалыптастыру қолға алынды. Бастауыш білім беру қызметі алдымен
орталау, кейін орта білім берудің бір сатысы болып өзгерді. Жаңа
жағдайларда 6-11 жастағы балалардың оқу мүмкіндіктерін зерттеу
қорытындысына байланысты бастауыш білімнің мақсаттары айқындалды. Осындай
мақсаттағы зерттеулер нәтижесінде оқу қызметінің әртүрлі теориясы жасалды.
ХХ ғ. соңындағы білім беру жүйесіндегі демократиялық жағдайда мұғалімдердің
педагогикалық ғылыми-зерттеулер нәтижесіне деген қызығушылығы артты.
Бүгінгі таңда бастауыш мектеп мұғалімі мамандығының жобасын құру
жөніндегі педагогикалық еңбектерде негізінен үш үлгі қарастырылуда, оның
ішінде В.А. Сластениннің үлгісін негізге алуға болады. Олар қазіргі жағдай-
лардан туындаған мәселелер (немесе іс-әрекет түрлері); біздің еліміздің
қоғамдық-саяси құрылысының ерекшеліктерінен туындаған мәселелер (неме-се іс-
әрекет түрлері); кәсіптің, мамандықтың талаптарынан туған мәселелер (іс-
әрекет түрлері) ретінде шешуші орынға шығады.
Ол үлгінің бірінші блогы қазіргі маман ұғымына енетінді бейнелейді.
Жаңа заман маманға жаңа талаптар қояды. Ақпараттар тасқындап, білімдер тез
ескірген жағдайларда үздіксіз білім алу қажеттігі туады, яғни маман өз
бетімен жаңа білімдерді игеріп, жаңа мәселелерді шешуге даяр болуы тиіс.
Өзінің кәсіби іс-әрекетін әлеуметтік мәнді мақсаттарды есепке алып қайта
құру іскерлігі кәсіби іс-әрекеттің шартына айналады. Сондықтан маманды жаца
білім мен іскерліктерді игеруге үйрету, оқыту мақсаттарының бірі болып
табылады.
Үйрену іскерлігі өзінің қызметі бойынша іс-әрекеттің бірнеше түрлерін
қамтиды: жаңа ақпарат іздеу; жаңа ақпараттар алу үшін олардың көздерімен
(әдебиеттермен, компъютермен, Интернетпен, оқытушы-ғалымдармен және т.б.)
жұмыс істеуге тез бағдарлану; алған ақпараттан негізгіні ажырату оны
конспектілеп жазып алу; практикалық іс-әрекетті жаңа ойлап табылган
тәсілдермен, инновациялық технологиялармен жетілдіру, жеке веб-сайт ашу.
Қазіргі маманның кәсіби іс-әрекетінде инновациялық технологияны, яғни
ғылымның жаңа табыстарына негізделген технологияны жасау, игеру және
пайдалану талап етіледі. Іс-әрекеті инновациялық технологиямен байланысты
маманның шығарған өнімінің де оның өзінің де бәсекелестік қабілеті жоғары
болады. Модельдің бірінші блогымен байланысты оның екінші блогына нарықтың
даму жолына түскен егеменді еліміздің маманы шешетін мәселелер енеді.
Біздің еліміздің қоғамдық-саяси ерекшеліктерінің мамандарға талаптары
мынадай: инновациялық экономиканы дамыту, инновациялық технологияны дамыту,
инновациялық-индустриалдық дамуды жүзеге асыру, білім беру жүйесін
инновациялық есепке алып жетілдіру, инновациялық әлеуетті қалыптастыру.
Модельдің бірінші екінші блоктарымен байланысты оның үшінші блогына
біздің зерттеу объектімізге сәйкес болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін
инновациялық оқыту мен тәрбиелеу саласында шешетін мәселелері енеді.
Енді осы үшінші блоктың қосалқы блогын, яғни болашақ бастауыш мектеп
мұғалімдерін инновациялық даярлығының іс-әрекетінің үлгісін құруымыз керек.
Ол үшін жоғарыда баяндалған мұғалімдер іс-әрекетінің, ерекшеліктерін
(үлгісін) маман үлгісін құру тәжірибесін басшылыққа аламыз. Өйткені жалпы
модельдер (мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің моделі, маман
іс-әрекетінің үлгісі) жеке модельді (болашақ мұғалімнің кәсіби-
педагогикалық іс-әрекетінің үлгісін) құруға қатысты әдістеме қызметін
атқарады.
Сондықтан, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби іскерліктер
мен дағдыларын қалыптастыру мазмұны жаңа мәселені шешудің дайындық
кезеңдерін; оны іске асырудың актілерін; үрдістің күйін (фазасын); оны
дамытудың кезеңдерін (стадияларын) анықтау арқылы жүзеге асырылады. Бұл
үрдісті жүзеге асырудың актілерін М.Құдайқұлов (интуиция - білім -
ебдейлік), В.А.Ким (идея-ұстаным-орындау) зерттеулері көрсеткен. Ал
Б.М.Утегенованың зерттеулерінің нәтижелері шығармашылық үрдісті орындаудың
мынадай кезеңдерін анықтаған: интеллектуалдық дайындық, мәселені таңдау,
идеяның тууы, оны шешудің жолдарын іздеу, жаңалықты шешудің ұстанымдарын
айқындау және рәсімдеу.
Ал Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалым-педагогы Л.А.Шкутина
шығармашылық үрдісті үш сатыға бөліп, ондағы көрінетін қабілет-қасиеттерді
көрсету қажет деп санайды:
жаңаны, өзгеше тың дүниені сезіне білу, қарама-қайшылықтарды түсіне білуде
сезімталдық, сындарлылық, шығармашылық ой-талдауға бейімділік, жан
дүниесінде ішкі тартысты оята білу қабілеті, танымдық қызығушылық, яғни
шығармашылық көңіл күйдің туу кезеңі;
интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы,
қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі, батылдық, шығармашы-лыққа
деген ішкі құштарлық, яғни оқиға, образ жасаудың бағдар ұстанар кезеңі;
өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме, дәйектемелер
ұсына білу, оның формаларын табу, яғни, сын, дәлелдеме сатысы.
Сол себепті болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби даярлығын
қалыптастырудағы болашақ мұғалімнің өзін-өзі дамыту ұмтылыстарын
қарастырған жөн балып табылады: 1) Өзін-өзі тану мотивтері: тәжірибелік-
зерттеу жұмыстарымен айналысуға талпыныс (құлшыныс) білдіруі; өзінің
мақсатындағы басты жетістіктерді бағалай алуы; өзінің педагогикалық
еңбегінде жоғары нәтижеге жетуге мақсаттылығы; жоғары нәтижеге, табысқа
жетудегі болашақ мұғалімнің өзіндік жауапкершілігінің артуы және т.б.; 2)
өз мүмкіндіктерін анықтау мотивтері: кәсіби іс-әрекеттің мақсатын түсінуге
талпыныс; тәлімгерлердің, мектеп әкімшілігінің, инноватор мұғалімдердің
пікіріне құлақ асу; өзінің кәсіби-шығармашылық қызығушылық кеңістігін
кеңейту, оны тереңдетуге ат салысу; инновациялық іс-әрекеттің артықшылығын
мойындау; педагогикалық мамандықтың ашылмаған қыр-сырын меңгеруге құлшыныс
таныту; оқытудың тиімді инновациялық технологияларын меңгеруге талпыныс;
тәжірибелік-зерттеушілік іс-әрекеттің ерекшіліктерін меңгеру және т.б.; 3)
инновациялық өзін-өзі басқару мотивтері: инновациялық іс-әрекеттің басым
бағыттарын анықтау басқару мәселелерін шешуге қатысты мәселелерді алдын-
ала сезе алу қабілеттерін көре алуға талпыныс; тәжірибелік-зерттеу іс-
әрекеттерін жоспарлай алу; инновациялық іс-әрекетке қатысты өзін-өзі
бақылауға талпыныс; инновациялық іс-әрекетке өзіндік бақылаудың адекватты
критерийлерін анықтау; өзінің іс-әрекетінің нәтижесін объективті бағалай
алу; уақытты ұтымды пайдаланудың тиімді жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру; жаңа
ғасырдың ақпарат көздерін (Интернет, телекоммуникация желілері, т.б.)
шұғыл тиімді пайдалану; өзінің инновациялық қабілеттерін одан әрі дамыту,
жаңа идеяларды табу, үсыну, жинау оны жүзеге асыруға ат салысу;
инновациялық іс-әрекетке деген мақсаткершілікті арттыру, жүзеге асыруға
ұмтылу;өзінің еңбек жолын өзін-өзі шығармашылықпен жетілдіру инновациялық
білім алуға бағыттау; 4) инновациялықты жүзеге асыру мотивтері:
инновациялық іс-әрекеттегі ең басты, өзектісін назарда ұстау; өзекті,
көкейкесті, маңызды мәселелерді ажырата алу, оларды тиімді шешудің жолдарын
анықтау; инновациялық іс-әрекеттің үлкен жетістіктеріне мақсатты түрде қол
жеткізу; әрқашан кеңінен ойластырылған ұтымды жаңа шешім қабылдау; өзінің
кәсіби біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыру; өзінің педагогикалық
мәдениетін арттыру; шығармашылық іс-әрекетке инициатива таныту, басқа
жағдайларға тәуелсіз, жеке, дара идеялар ұсыну; өзінің ішкі
сенімсіздіктерін жеңе алу шығармашылық бастаған ісін аяғына дейін жеткізу;
тәжірибелік-зерттеу іс-әрекеттін жүргізу барысында жоғары оқу орны
ғалымдарымен, инновациялық зерттеу орталықтары қызметкерлерімен тығыз
байланыстар орнату; өзінің инновациялық іс-әрекетінің одан әрі
зерттеушілік іс-әрекетке ұласуына атсалысу; 5) өзін-өзі жетілдіру
мотивтері: іс-әрекеттің тиімділігін педагогикалық ұжымның, мектеп
әкімшілігінің мойындауы қолдануы; инновациялық іс-әрекеттің нәтижелі
болуына атсалысу, өзінің жіберген кемшіліктерін, сәтсіздіктерін талдау, оны
жою жолдарын табу, кемшіліктерді болдырмау жолдарын іздестіру; инновациялық
іс-әрекеттің қолжеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктерінің себебін
ашу, тереңірек талдау, өзінің шығармашылық әлеуетін одан әрі жетілдіру;
инновациялық іс-әрекетті нәтижелі жүзеге асыру үшін өзінің барлық
мүмкіндіктерін пайдалану; инновациялық қабілеттерін одан әрі арттыру,
өзінің әдіснамалық мәдениетін көтеру; өзінің педагогикалық шеберлігін
шыңдау; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құзыреттілік теориясы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Білім берудің құрылымы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми- әдіснамалық сараптама
Пәндер