Банк тәуекелінің бір бөлігін үкімет мойнына алса, несие үстемесі төмен болады



1 Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының банктер үшін қажеті қанша?
2 банктердің ЕҚҚДБ.дан қанша пайыздық үстемемен несие алауы
3 Тікелей және аз пайызды несие алу үшін не қажет?
– Бұл үшін біздің банктің несие беруші ғана емес, инвестиция салушылық құқы да бар екенін білу керек. Несие дегеніміз – белгілі бір соманы келісілген пайыздық үстемемен шектеулі мерзімге қарызға беру. Қарыз алушы – банк немесе мемлекет, не жеке кәсіпорын. Олар алғанын қайтарады. Ал инвестицияда банк салған қаржысын қайтып алмайды, бірақ акционерлік қоғамға мүше болып, жеке меншік иесіне айналады. Бастапқысына қарағанда, соңғысы жайлы шешім қабылдарда банк басшылығы «жеті рет өлшеп, бір рет кес» дегеннен де ыждаһаттырақ болады. Өйткені бұл белгілі бір мемлекетте банктің меншігін ұстау деген сөз ғой. Мұндай жағдайда меншік орналасқан елдің экономикалық жағдайы ғана емес, сонымен қатар ондағы саяси тұрақтылық сенімділігіне көзің жетуі қажет. Біздің банктің меншігі қазір біраз елде бар, бірақ ол елдердің саны онша көп емес. Қазақстан – сол аздың бірі. Мұны елдегі саяси тұрақтылыққа сенімнің орныққаны деп ұққан жөн. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының акциясын сатып алуымызды да біздің банктің ақша жасап қалайын деген ниеті емес, керісінше, Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың сенімділігіне экономикалық жағынан қолдау көрсету пиғылынан іздеген дұрыс.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Банк тәуекелінің бір бөлігін үкімет мойнына алса, несие үстемесі төмен
болады

АНДРЕ Куусбек, ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ (ЕБРР – ЕҚҚДБ)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДИРЕКТОРЫ:
БАНК ТӘУЕКЕЛІНІҢ БІР БӨЛІГІН ҮКІМЕТ МОЙНЫНА АЛСА, НЕСИЕ ҮСТЕМЕСІ ТӨМЕН
БОЛАДЫ
– Директор мырза, айтыңызшы, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының
қазір 10 пайыздық, кейінірек тағы да 10 пайыздық акциясын сатып алудың
сіздердің қаражаттан онсыз да кенде емес банктеріңіз үшін қажеті қанша?
– Бұл үшін біздің банктің несие беруші ғана емес, инвестиция салушылық
құқы да бар екенін білу керек. Несие дегеніміз – белгілі бір соманы
келісілген пайыздық үстемемен шектеулі мерзімге қарызға беру. Қарыз алушы
– банк немесе мемлекет, не жеке кәсіпорын. Олар алғанын қайтарады. Ал
инвестицияда банк салған қаржысын қайтып алмайды, бірақ акционерлік
қоғамға мүше болып, жеке меншік иесіне айналады. Бастапқысына қарағанда,
соңғысы жайлы шешім қабылдарда банк басшылығы жеті рет өлшеп, бір рет
кес дегеннен де ыждаһаттырақ болады. Өйткені бұл белгілі бір мемлекетте
банктің меншігін ұстау деген сөз ғой. Мұндай жағдайда меншік орналасқан
елдің экономикалық жағдайы ғана емес, сонымен қатар ондағы саяси
тұрақтылық сенімділігіне көзің жетуі қажет. Біздің банктің меншігі қазір
біраз елде бар, бірақ ол елдердің саны онша көп емес. Қазақстан – сол
аздың бірі. Мұны елдегі саяси тұрақтылыққа сенімнің орныққаны деп ұққан
жөн. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының акциясын сатып алуымызды да
біздің банктің ақша жасап қалайын деген ниеті емес, керісінше,
Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың сенімділігіне экономикалық жағынан
қолдау көрсету пиғылынан іздеген дұрыс. Кез келген саясат экономикалық
тұғыры болмаса, тұрақсыз, сенімсіз. Демек, біздің банктің Қазақстан
экономикасына тікелей инвестиция арқылы енуіміздің әрбір қадамын бұл
елдегі қалыптасқан қазіргі саяси-әлеуметтік жағдайды сақтап және оның
экономикадағы көріністерін нәтижелірек етуге қолдау көрсеткендік деп
бағалау керек секілді.
– Осы уақытқа дейін Қазақстанға сіз басқарып отырған банктен түскен
тікелей инвестиция мөлшерін айтпас па екенсіз?
– Соңғы 13 жылда біздің банк Қазақстан экономикасына 950 млн. еуро қаржы
салды. Жасыратыны жоқ, оның дені несие сипатында болды. Тікелей
инвестиция мөлшері аз. Осы көлемдегі қаржы – 30 жеке меншік, 10
мемлекеттік жобаға бөлінді. Ең көп қаржы банктерді несиелендіруге
бөлінді. Бұл – Қазақстанға түскен барлық қаржының 31 пайызы. Ал
акционерлік капитал – 4 пайыз. Міне, осы соңғы көрсеткіш өскен сайын
Қазақстанға сырттан келетін қаржы молая түседі. Жасыратыны жоқ, сіздің ел
нарық әлеміне енді ғана келді. Сырттың жаңаны тосырқауы табиғи заңдылық.
Бұл – барыңды кәдеге асыра алмау деген сөз. Ал Еуропа ЕҚҚДБ бүкіл жер
шарына танымал. Ол ұсынған қызмет те, тауар да өтімді. Демек, Қазақстан
ақшасы біз арқылы әлемдік рынокқа шығып, үйдегіден үлкенірек пайда
әкеледі. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының акционері болуымыздан
Қазақстанға осындай пайда түседі. Олай болса, біздің банк сіздерге несие
беруші ғана емес, жалпы, Қазақстанды әлемдік рынокқа жетелеуші қызметін
атқаруды да қолға алды деп ойлаған жөн. Ескерте кетейін, болашақ
зейнеткерлер қорға біздің кіруімізден ұтпаса, ұтылмайды. Өйткені қордағы
салымға пайыздық үстеменің ең төменгі мөлшерін мемлекет белгілейді. Одан
төменге жол жоқ. Ал турасын айтсақ, біз арқылы зейнетақы қорындағы
қаржыға жұмыс істеуге әлемдік нарықта балықтай жүзіп үйренген саланың
нағыз білгірлері келеді. Бұл қор пайдасы белгілеген мөлшерден де көп
болады деген сөз. Үшінші пайда, елде айналымда жүретін ақша массасы
азаяды, яғни қор қаржысының бір бөлігін шет елге инвестиция есебінде
сыртқа шығару арқылы ішкі инфляцияға тежеуіштік қызмет те атқарамыз.
Қазір Қазақстан қорларында қаржы көп жинақталған. Оларды іште жұмсап,
елдегі айналымда жүрген ақша массасын көбейтуге әсте болмайды. Сондықтан
да ол қаржылар шет елдерге инвестицияланса әлдеқайда пайдалырақ болып
шығады. Бұл мәселе төңірегінде Қазақстан Үкіметі мен қаржы институттары,
екінші деңгейдегі банктер бірқатар жобаларды қарастырып жатқан секілді.
– Сіз біздің елде сіріңке шығаратын зауыттың өзі жоқ екенін білесіз ғой.
Сөйте тұра, қолдағы бар қаржыны сыртқа шығаруды қолдайсыз. Мұны қалай
түсінуге болар екен?
– Дұрыс айтасыз, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінде де, экспортында да
дайын бұйымдар үлесі тым аз. Инновациялық қор жаңа жұмыс істей бастады.
Экономиканы диверсификациялау бағдарламасы да енді қолға алынып жатыр.
Әрқашан да жаңа өндіріс орнының түпкі мақсаты – экспорт болуы керек.
Әйтпесе барлық еңбек пен жұмсалған қаржының қайтарымы сізді қуанта
алмайды. Осы орайда қазақстандық жаңа өнімді бір бөгет күтіп тұратынын
ұмытпайық. Айталық, қазақстандық кәсіпкер миллиардтарын жұмсап зауыт
салды да, автомобиль шығарды. Сапасы өте жақсы. Бірақ Қазақстан деген
елді біліп үлгермеген тұтынушы Мерседес пен Тойота тұрғанда, сіздің
сапасына әлі ешкімнің көзі жетіп үлгермеген бұйымыңызды алмайды. Бұл
дегеніңіз, нағыз тұйық. Одан шығатын бір ғана жол бар, ол – танымал
шетелдік кәсіпорындармен бірлескен кәсіпорындар құру. Мәселен,
Сименспен бірігіп шығарған өніміңіз тез өтеді. Тіпті жарнаманың да
қажеті жоқ. Айтқандай, осы мәселені сіздердің кәсіпкерлеріңіз енді түсіне
бастағандай. Бұл бүкіл әлем кәсіпкерлерінің басынан өткен жағдай. Оған
Тойота автокөлігінің Еуропада да, Америка құрлығында да шығарылатыны
нақты дәлел. Автокөліктердің маркасы Тойота, ал зауыттардың негізгі
иесі ортақ, яғни бірлескен кәсіпорын. Міне, сондықтан да менің ойымша,
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі мен экспортындағы дайын бұйымдардың үлесін
өсіретін бірден бір жол – шет ел инвестициясы құрамына енетін бірлескен
кәсіпорындар. Ал қаржыларын сыртқа шығарушыларға өкпелеудің қажеті жоқ.
Олардың қаржысына салынса екен дейтін кәсіпорын өнімінің тағдыры жайлы
жоғарыда айттық.
– Демек, әлемге танымал маркаларды пайдалану дұрыс жол, соның бірі
дүние жүзіне кеңінен танымал сіздің банк арқылы қаржыны сыртқа шығару
екен ғой.
– Әрине, солай. Егер Қазақстанда Тойота немесе басқа да танымал
маркалар өнім шығаратын болса, оның елге берері көп болмақ. Мәселен,
Шеврон, Бритш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің несиелік тәуекелін басқару кезеңдері
Барлық банктер мен Қазақстанның ипотекалық компаниясы
Банк тәуекелдерінің түрлері
ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі банктік тәуекелдерді басқару (тәуекелдің бір түрі мысалында)
Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының ІІ-ші деңгейлі банктерінің банктік тәуекеліндерін басқару
Маркетингтегі баға құрудың теориялық негіздері
Жаңа тауарға баға белгілеу
Нарықтық экономика жағдайында шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Баға және баға жасау
Пәндер