Балалар жұмбақтары мен балалар айтыстары


Балалар жұмбақтары мен балалар айтыстары.
Революцияға дейінгі кезеңде қазақ жұмбақтарын жинауға М. Иванов, М. Ибрагимов, А. Лютш, П. М. Мелиоранский, А. Алекторов, Ә. Диваев сияқты адамдар ат салысты. Қазан қаласында жұмбақтарға арналған кітаптар ғасыр басында-ақ шыға бастады.
Қазақ жұмбақтарының толық жинағы 1959 жылы ғана жарық көрді. Жұмбақтардың қыр-сыры С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин еңбектерінде кеңінен сөз етіледі.
Жұмбақтың шығу тегінің рулық қоғамдағы әскери дипломатия мен отбасылық әдет- ғұрыптарға байланысыты жатқандығы ғылымда айтылып жүр. Жұмбақтың бұл көне қызметі эпикалық көлемдегі фольклор жанрларында молынан көрініс тапқан. «Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған . . . , - деп жазады М. 0. Әуезов. Қазақ жұмбақтарының табиғаты Ә. Марғұлан еңбегінде де терең сараланған. «Оларды (жұмбақтарды - К. I. ) адам баласының ой-өрісі, дүниетанымы, білім көлемі ұлғая беруіне көмектесетін, тапқырлыққа, білмегенді білуге, ізденуге ой салатын, соған ұмтылдыратын білімдік, тәрбиелік мәні бар халық шығармасы деп қараймыз», - деп түйеді өз ойын М. Ғабдуллин. Жұмбақтарды қазақ «балалар фольклорынан үлкен орын алатын» жанр ретіндө алғаш қарастырушы Ш. Ахметов те жұмбақтың танымдық, тәрбиелік мәні жөнінде бағалы пікірлер айтады.
Жұмбақтың балалар репертуарына қай кезден бастап көше бастағанын тап басып айту қиын. Бірақ қай елдің халық шығармашылығында болмасын жұмбақ негізінен балалар еншісіндегі ең сүйікті жанр болып саналады. Балалар еркін бағындырған жұмбақтың осы тылсым күші жөнінде толғана келіп Джани Родари: Жұмбақты балалар соншалықты неге сүйеді?- деп сұрақ қояды да, былайша жауап береді: «Ақиқатына көшсек, басты себебі мынада: жұмбақтар жинақы, тіпті символикалық формада балалардың шынайы, өмірді танудағы тәжірибесін танытады. Бала үшін әлем жұмбақ дүниелерге, түсініксіз оқиғаларға, қол жетпес нәрселерге толы. Өмірге келген балаға қадам сайын түрлі сұрақтарды көлденең тартып, құпиясын шешуді талап ететін беймәлім дүниенің бәрі жұмбақ және бұл процесс - таным процесі, ол көпшілік жағдайда тосыннан ашылып, жұмбағын кездейсоқ қызық формада шешіп отырады.
Оның бар қазығы да, баланың ізденуден, тосын қызық шешімнен алатын ләззатында, ойын кезінде бала соған жаттығып жатқандай.
Шынында да, жұмбақтың балаларды қызықтырғыш қасиеті ең алдымен олардың білуге, үйренуге деген ынтасын қанағаттандыруында жатыр. Жұмбақтағы ойындық элемент те бұған улкен қозғаушы күш. Балалардың жұмбақты қарапайымнан, жеңіл-желпіден бастап, күрделіге қарай бірте-бірте игеретіні анық. Ауыз өдебиетінде өте салмақты орын алатын жұмбақ жанрының ішінде философиялық дүниетанымды жұмбақтаған бала түсінігіне өте ауыр күрделілері де бар. Сондай-ақ бас-аяғы жұмбақ пен оның шешуінен тұратын жұмбақ айтысы да асқан шеберлікті талап ететін қазақ поэзиясының өзіндік ерекше қыры болып табылады. Ақындар, әрине, бұл шеберлікке халықтық дәстүрді жасырын сіңіріп барып жетіледі.
Тілі шығып ана тілінің нәрін түсіне бастаған балалар:
Қардай аппақ,
Балдай тәтті-ақ (Қант) -
деген сияқты өз ұғымына жақын жұмбақтарды жаттай бастайды. Сөйте, сөйте:
Ұзын, ұзын жол
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың,
Қанып ішкен бар ма екен? (Оқу)
деген тәрізді көлемі де, мазмұны да күрделі жұмбақтарды игереді. Бала есейген сайын оның айналаны тануы мен өмірлік көзқарасының да жетіліп отыратыны сияқты олар жатпайтын жұмбақтардың ішкі құрылымы мен шешімі де күрделене береді. Тіпті, балалар өздері де жұмбақ құрастырады. Халық жұмбақтарының тақырыптык, ауқымы өте кең. Профессор М. Ғабдуллин «Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек құралдары хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т. б. жұмбақтардың басты тақырыбы» - деп келіп, олардың тақырыптық жіктерін мысалдар келтіре отырып айқындайды.
Жұмбақ белгілі зат пен құбылыстың ең негізгі қасиеттерін шебер жинақтап, адамды ойлануға мәжбүр ететін ой жаттығуы ғана емес. Ол баланы байқағыштыққа, көңіл зеректігіне, көп қасиеттердің ішінен ең мәндісін ажырата білерлік талғампаздыққа да үйретеді. Жұмбақ өз ойын жинақтап, аз сөзбен жеткізе білуге де тәрбиелейді. Ал жұмбақтың өлең оралымдары, ұйқастықтары, айшықты сөз қолданыстары, оның теңеу, метафора сияқты көркемдік тәсілдермен берер қиыстыратын суреттеу құралдары арқылы балаларға берер эстетикалық нәрі аз емес.
Төбелбайдың төрт ұлы,
Төбелесіп келеді .
Ерубайдың екі ұлы
Ерегісіп келеді.
Алдындағы Аңғарбай
Шөпшек теріп келеді.
Артындағы Артықбай
Шыбын қағып келеді (Түйе)
деген тәрізді жұмбақтар оның халық кәсібімен, күнделікті тұрмысымен де етене байланысып жатқандығын танытады. Бұл жұмбақты түйенің тайраңдаған төрт аяғы мен ербиген екі өркешін, «шөпшек» терген аузы мен «шыбын қаққан» құйрығын көз алдында елестеткен қазақ баласы ғана шеше алады. Әрине, бертінде халықтың көне кәсібі мен ескі ұғым түсінігіне байланысты көне жұмбақтар балалар репертуарынан ысырылып барады.
Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды (Шегіртке)
тәрізді кілең бейнелі өлеңге негізделіп құрылған тамаша жұмбақты бүгінгі балалар ұғына бермейді. Өйткені олар көз алдына арқардың мүйізін, бөрінің кеудесін де, бөкеннің санын да елестете алмайды. Оның есесіне балалар репертуарында: -,
Шыр-шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді. (Телсфон)
Апам үшін қам жеген,
Тозаң жұтып, шаң жеген,
Жатыр уйде айдаһар,
Ондай мешкей қайда екен? (Шаң сорғыш) .
деген сияқты жаңа жұмбақтар көп.
Қорыта айтқаңда, жұмбақ баланың ойлау жүйесін, қиялын дамытуга, талғамы мен танымын өсіруге, поэзияны сүюге тәрбиелейтін бүгінгі күн үлкендер репертуарларынан балалар арасына біржола көшкен ойын өлеңдердің ерекше маңызды формасы.
Балалар айтысы. Балалардың диалогқа негізделіп құрылған өлең ойындарының ішіндө салмақты орын алатын өзгеше жанрлардың бірі айтыс.
Айтыс - қазақ халқында ғана өзінің барша толық-қанды сипатын сақтап, даму биігін жоғалтпай жеткен көне де, көркем, өміршең фольклорлық жанр. «Қазақ ауыз әдебиетінің басқа әдебиеттерден бір ерекшелігі - айтыс жанрының барынша мол өркендеуі деп айтуға әбден болады», - деп жазады ол туралы академик С. Мұқанов. Оның өміршең табиғатын бүгінгі күнге дейін жалғасьп келе жатқан халық ақындарының өнер сайысы айқын дәлелдейді.
«Айтыс - суырып салма ақындардың өнер додасы, ақынға ақындық атақ әперетін поэзия жанры». Айтыста озған ақын халық алдында ақындыққа мандат алады».
Халық әдебиетінде айтыс түрлері көп. «Бәдік», «Өлі мен тірінің», «Жар-жар» сияқты әдет-ғұрыппен байланысты түрлері жырдың шығу тегінің тым көнелігін танытса, «Қыз бен жігіт айтысы», «Жұмбақ айтысы», «Ақындар айтысы» тәрізді бүгінге дейін жалғасып келе жатқан түрлері сөз өнерінің биік деңгейіне көтерілген белгісін танытады.
Әрине, балалар айтысынан ақындар айтысының осындай жоғары өлшемі мен айшықты бедер-белгілерін іздеу әбестік болары сөзсіз. Бірақ, тақыр жерге шөп шықпайтыны тәрізді, қандай құбылыстың болмасын негізсіз пайда болмайтыны тағы ақиқат.
XIX ғасырда жасаған айтыс дүлдүлдері Орынбай, Шортанбай, Шөже, Балта, Кемпірбай, Жанақ, Әсет, Құлмамбет, Сүйінбай, Біржан мен Сарадан Жамбылға дейінгі жүзден саналатын халық ақындарының қай-қайсысы болмасын халық құрметіне бірден ие болмаған. Суырып салма ақындықтың шыңы - айтыскерлік өнер әркімге қона бермейді, қонған күннің өзінде де тер төкпей тағы жеткізбейді. М. О. Әуезов сөзімен айтсақ: «Бұл қасиет оңай орламайды, ол шын ақпа ақын өнеріне бейім болған күнде де ұзақ сонар жол кешіп, сан айтыста сілкісе жүріп, сан рет жаға жыртып, тон тоздырып барып келеді». «Айтысқа түсетін ақындардың мұндай ақындық дарежеге жетуі үлкен даярлық, көп ізденудің нәтижесінде болмақ». - деп ол ойды профессор Е. Ысмайылов та қостайды. Міне, осы үлкен өнерге барар жолдағы дайындықтың табан тірері бала кезден басталады.
Көшпенді халықтардың еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін өлең, сөзге, поэзияға құмар болатындығы табиғи құбылыс екендігіне кезінде Ш. Уәлиханов та ерекше назар аударған болатын. «Склонность и поэззии, - деп жазады ол, - особенно к импровизации, отличает все кочевые расы. Поэтический ум бедуинов и поэты импровизаторы их хорошо знакомы европейпам. Все путешественники, посещавшие аравийские пустыни и шатры, писали с удивлением о голых мальчишках, которые на все вопросы выстреливали правильно сложенными, размерными четырехстишиями. Такие же явления представляют и монголо-тюркские поколения. Влияние ли беззаботной кочевой жизни или постоянное созерцание природы, всегда открытого звездного неба, беспредельных и зеленых степей были причиною к потическому и умозрительному расположению духа этих степных кочевников . . . ». Мұның айқын дәлелдерін белгілі айтыс ақындардың өнерге келу жолдарының да молынан табуға болады; Мәселен, әйгілі Кемпірбайға өлең жеті жасында қонса, ақын Сара 9 жасында домбыра алып топты жарған деседі. Жыр алыбы Жамбылдың 15 жасында әкесіне айтқан «Шағым» атты өлеңі сақталған. Дүмше молданың таяғы мен адам түсінбес сабағынан қашқан бала Жамбыл:
Өлең кірген тусіне,
Жөргегінде мен болам,
Қинама, әке, кинама,
Болмас енді зорлаған,
деп төгілтеді. Мұндай мысалдарды тізбелей түсуге болады. Бір ақиқат нәрсе - бала жүрегіндегі өлеңге, өнерге деген құмарлықтың ерте белгі беретінін халық жіті сезінген және оның бүр жара гүлдеуіне әрқашан қолайлы жағдай туғызуға тырысқан. Оған халықтың дәстүрлі тәрбиесіндегі әдетке айналған салттар дәлел. «Баланы жастан . . . », «Ұлым жақсы болсын десең, ұлы жақсынан ауылдас бол, қызым жақсы болсын десең қызы жақсымен ауылдас бол», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп мақалдайтын қазақ өнерге бейімділігі байқалған бүлдіршінді жасынан баулып, өсе келе үлгі-өнегелі адамдар айаласына жақын ұстауға тырысқан. Тіпті, әнші, ақындардың жатқан жерлеріне аунатып, сарқытын ішкізіп, баланың аузына түкірткізетін салт та болған. Балаға арналап киім тіктіртіп, домбыра (шіңкілдек) да жасатып берген. Мұның бәрі, өнерге деген құрмет, оны насихаттаудың, жалғастырудың дәстүрлі жолы. Әрине, шынайы өнер ілуде біреуге ғана дариды. Ал, халық мұрасына деген ілтипатты ұрпақ жүрегіне сіңіру - баршаның ісі. Яғни, айтыс өнеріне деген алғашқы ықылас осы бала кезден басталады.
Ең алдымен айтыстағы ұтқыр сөз тауып, қисынды ой, тапқыр қару айтуға негізделген диалогтың форма баланы ерекше қызықтырады. Сөзбен қағысу, оймен жарысу сияқты ойындық элөменттер бала психологиясына етене жақын құбылыс. Сондай-ақ балалар айтысында күлкі аралас жеңіл әзіл астарлар аралас келіп отырады. Әрине, айтыстағы диалогтар сұрамақтар мен тәжікелесулердегі жауаптасулардан күрделірек. Мұнда сұрақ-жауап немесе айтылған сөзге ұйқастыра жауап қату сияқты жеңіл қайырымдар болмайды. Айтыста бала өз ойын ең жоқ дегенде бір шумақ өлеңмен (4 жол) бере білу керек. Сондықтан да, әдетте, балалар айтысқа есейе бастаған шақта (жеті жастан кейін) ден қоя бастайды. Балалар арасында көп жағдайда ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан жаттанды жауаптасулар көп кездеседі. Бұл көбінесе қыздар мен ұлдардың арасындағы қағысулар ретінде келеді. Оның бір үлгісі мынадай:
Ұл: Домбырам басы ырғай-ды,
Қыздар қолын бұлғайды,
Бұлғаса да бармаймын
Әлдене деп қарғайды.
Қыз: Домбырам басы ырғай-ды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Шақырғанда бармасаң,
«Көк шешек» деп қарғайды.
Ұл: Ол қарғысың өзіңе,
Екі қара көзіңе,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz