Бастауыш мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс ерекшелігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

Мектепке дейінгі және

бастауыш білім кафедрасы

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: Бастауыш мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс ерекшелігі

Орындаған: Омарова Анар

Мамандығы: 050102-Бастауыш оқыту

педагогикасы мен әдістемесі

Факультет: Педагогика және психология

Курсы, тобы: 402-курс

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент м. а.

С. Н. Жиенбаева

Қорғауға ұсынылады

кафедра меңгершісі

п. ғ. д., профессор Қ. А. Аймағамбетова

Хаттама № «»2008 ж.

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2-11

1-тарау. Бастауыш мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ғылыми - теориялық негіздері . . . 12

1. 1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың сипаттамасы . . . 12-22

1. 2 Даму педагогикасының психологиялық негіздері . . . 23-26

1. 3Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар. . 27-30

2-тарау. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі . . . 31-39

2. 1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың маңыздылығы . . . 31-39

2. 2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі . . . 40-47

Қорытынды . . . 48-50

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 51-55

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында [1] : орта білім беру міндеттерінің бірі - азаматтықа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу деп көрсетіледі. Ел президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін» Жолдауында [2] : «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді». Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [3] және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушылардың тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттігі баса айтылды.

Бұл міндетті қабілетті, дарынды балалар сапалы, саналы жүзеге асырады. Ал дарындылықты бастауыш мектептен қолға алған дұрыс.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесін жүзеге асыру қажеттілігіне Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1996 жылы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекет тарапынан қолдау және дамыту» [4] бұйрығын шығарумен ерекше назар аударды. Осы бұйрықтың негізінде 1996 жылы Республикада «Дарын» жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы» [5] шығарылды. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [6] тұңғыш рет «элитарлық білім» термині енгізілді.

Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін жасайды) . Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.

Балалардың дарындылық мәселесі өзінің тамырымен бірнеше ғасырға жайылған. Ежелгі грек философтары Платон [7], Аристотель [8] еңбектерінде тұлғаның дарындылығы туралы айтылғанын көреміз. Сондай-ақ, Қайта өрлеу дәуіріндегі еңбектерде де дарындылық мәселесі ерекше орынға ие болған.

Дарындылық теориясының дамуына ағылшын психологы Фрэнсис Гальтон (ХіХ ғ. ) [9], неміс педагогы және психологтары Э. Мейман [10] (ХіХ-ХХ ғғ. ), В. Штерн [11] (ХХ ғ. Бірінші жартысы) ерекше ықпал етті.

Тұлғаның дарындылық проблемасын Орта Азия ғалым-ағартушылары: аль-Хорезми, Фергани, аль-Фараби, Ибн сина, Беруни [12] т. б. және Қазақстанның ақын-жазушылары: Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев) еңбектерінде қозғаған. Сондай-ақ, ХХХ ғасырдық педагогтары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров [12] т. б. дарындылық мәселесін жан-жақты зерттеген.

Дарындылық теориясының дамуына таяу және алыс шетелдің белгілі ғалымдары: А. М. Матюшкин [13], Б. Т. Ананьев, С. Л. Рубинштейн, П. А. Рудик, А. И. Савенков, Б. М. Теплов, В. Д. Шадриков, В. С. Юркевич, Ф. Гальтон, Дж. Гилфорд, М. Карне, Э. Мейман, Дж. Рензулли, Т. А. Саймон, Г. С. Спирмен, Р. Стернберг, В. Штерн, Дж. Керролл, Х. Гарднер, М. А. Холодная, А. Дружинин [14] және т. б. бұл ғалымдардың еңбектерінде біздің қарастырып отырған феноменіміз тұлға қабілеттерінің сапалық үлесімі ретінде қарастырылады.

Дарындылықтың жалпы және арнайы ерекшеліктері мен сәйкестік мәселен зерттеуге насана етіп алған А. Т. Ковалев [15], В. Т. Крутецкий [16], Д. Н. Леонтьев [17], С. Л. Рубинштейн [18], В. Д. Шадриков [19] болды.

Психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде: Дж. Рензулли [20], М. Карне [21], А. Шведел [22], Ф. Уильс [23], Х. Пассов [24], В. И. Панов [25], А. И. Савенков [26], В. С. Юркевич [27], Т. В. Хромова [28], С. Д. Деребко [29], В. П. Лебедева [30] дарынды балаларды оқытудың «стратегиясы» туралы материалдар қарастырылады.

Дарынды балаларды оқыту үшін В. В. Давдовтың [31], Л. С. Занковтың [32] дамыта оқыту, И. Я. Лернер [33], М. И. Махмутовтың [34] проблемалық оқыту, Н. П. Блонский [35], Н. М. Шахмаевтың [36] даралап оқыту, т. б. зерттеулердің маңызы зор.

Дарынды балалар мәселесі бойынша Қазақстанда Ж. О. Умбетова [37], Г. С. Байтурееваның [38] зерттеулері орындалған. Бұл ғалымдардың зерттеулерінде оқушылардың математикалық қабілеттерін айқындау мен дамытудың әдістемелік аспектісін көрсеткен. Ал, Л. М. Нарықбаеваның [39] ғылыми зерттеу жұмысы дарынды балалармен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдердің дайындығын қалыптастыру мәселесіне арнады. Г. Ж. Ақылбекова [40] өз зерттеуін ерекше дарынды балалардың қабілетін дамытуға арнаған. О. Жумадиллаева [41] мектепке дейінгі балалардың дарындылығы мен шығармашылық қабілетін дамытуға, У. Б. Жексенбаева [42] Қазақстан Республикасында дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін басқарудыдың ғылыми-педагогикалық негіздеріне арнаған.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ пікірге келе қойған жоқ. Сондықтан біз баланың дарындылығы деп оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарылығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.

Дарындылық ұғымы «сый» (дар) деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төмендегіше анықтама берген: «Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі».

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ған жетуге болады. сондықтан ата-аналардың, мұғалімдердің алдында жаңа міндет. Балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт бер тұр. Осы аталан мәселенің өзектілігі жеке тұлғаның дарндылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі оны дәлеледеуді қажет етпейді.

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселеленің түп-тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білім де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең негізгі мәселел екені даусыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интьеллектуальдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырылғаны белгілі.

Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауға тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан қимы сұрақтар тұрары сөзсіз. «Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не?», «Дарындылық пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па әлде тәрбие ме?», «Оқушы дарындылығын, оның әлеуметті қабілеттілігін қалай анықтауға болады?», «Дарындылықты анықтайтын психолдиагностикалық әдістемелердің қайсысы нәтижелірек, қайсысы тиімдірек?», «Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, моцарт, Гаус, Гете, т. с. с. қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі (Ньютон, Гегель, Дарвин, Менделеев, Декарт. т. с. ) ересек жаста пайда болады?». осы сұрақтарға талмай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай алмақ.

Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбіне «дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торростың [43] зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз өз жұмысымен айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торростың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін және оның нашар оқитын оқушылардың арасына да аз емес екендігін айқындаған.

Дарындылық шығармашылықпен тығыз байланысты.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі болып табылады. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өлшеуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

Шығармашылық іс-әрекет-оқушының өзі жеке шығармашылық қажеттігіне және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет деп санаймыз.

Қазақстанда шығармашылықты қалыптастыру мен дамыту жөнінде құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың Ж. Алтаев [44], Д. Кішібеков [45], Ұ. Сыдықов [45] , Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов, Ә. Нысанбаев, М. Орынбеков [46] , Қ. Әбішев [47], Ә. Тұрғынбаев [48], сондай-ақ шетел философтары Б. С. Гершунский [49], Г. Гегель, Декарт, Д. Дьюи, Г. Лейбниц, И. Кант, Платон, И. Фихте, [50] А. Спиркин [51], және т. б. еңбектерінде жан-жақты талқыланған.

Оқушыларда шығармашылық іс-әрекеттер қалыптастыру мен дамыту мәселесін зерделеген. Отандық психолог-ғалымдар: Ж. Аймауытов [52], С. Қ. Бердібаева [53], Қ. Жарықбаев [54], М. Мұқанов [55], Т. Тәжібаев [56] және т. б. Сонымен қатар шетел психологтары Б. Г. Ананьев [57], Л. С. Выготский [58], П. Я. Гальперин [59], В. В. Давыдов [31], Л. В. Занков [32], А. А. Люблинская [62], Л. С. Рубинштейн [18], Н. Ф. Талызина [61] т. б. арнайы зерттеу объектісі етіп алған. Педагогика және әдістемесі саласында оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетін зерттеген қазақстандық ғалымдар: Қ. Аймағамбетова [62], А. Е. Әбілқасымова [63], А. А. Бейсенбаева [64], А. Н. Ильясова [65], Ж. А. Қараев [66], Р. Б. Қоянбаев [67], Н. Н. Хан [68], Б. И. Муканова [69], С. Рахметова [70], Т. Сабыров [71], С. Ұзақбаева [72], Н. Д. Хмель [73] және т. б.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады.

Дарынды балалрмен жүргізілетін жұмыстардың алатын орын ерекше. Біздің зерттеуіміз бойынша әртипті мектептің оқу-тәрбие жоспарларында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі өз дәрежесінде болмайтынын; тұлға дарындылығының негізгі көрсеткіші ретінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілмейтінін; мектеп мұғалімдері дарындылықтың мәні туралы қажітті біліммен қаруланбағанын сондай-ақ, балалардың ақыл-ой және шығармашылық дарындылығының қасиеттерін, өлшемдерін сипаттай алмайтынын аңғартты.

Сол себептен де дарынды балалрмен жүргізілетін жұмыс мәселесін зерттеу қажеттігі туындады. Солай бола тұра, дарынды баллармен жүргізілетін жұмыстардың қазіргі жағдайының арасында; бүгінгі қоғам талабына сай зерттеліп отырған мәселенің өзектілігі мен оны жүзеге асыруда ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістемелердің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар туындайды.

Осы қайшылықтардың шешімін табуда зерттеу жұмысымыз дарынды баллармен жүргізілетін жұмыстар мәселесіне бағытталады. Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда өз деңгейінде қарастырылмағандықтан біздің-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Бастауыш мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі» - деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың теориялық және әдістемелік негізін жасау.

Зерттеу нысаны: Б астауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері.

Зерттеу болжамы: Егер:

- Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың қабілеттілігі мен дарындылығы ескерілсе,

- дарынды және қабілетті оқушылар шығармашылық әдіс-тәсілдер арқылы оқытылса;

- дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар туралы оқу-әдістемелік кешендер болса, онда дарынды балардың мүмкіндіктері одан әрі дамитын еді.

Зерттеу міндеттері:

- дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ғылыми-теориялық негізін айқындау;

- дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің педагогикалық мүмкіндіктері анықтау;

- дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістемесін жасау.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері:

Дарынды, дарындылық, қабілеттілік туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар негізге алынады.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау; бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелерді жинақтау, қорыту; сауалнама жүргізу, салыстыру, тестілеу, сұхбаттасу, диагностикалау, тәжірибелік-эксперимент өткізу барысында бақылау, олардың нәтижелерін сұрыптау, даму деңгейінің сапалық сандық деректерін білуде математикалық өңдеу әдістерін қолдану.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ғылыми-теориялық негізін айқындалды;

- дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің педагогикалық мүмкіндіктері анықталды;

- дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі жасалып, ұсынылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін айқындау мақсатында:

  • дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар бойынша ұсынылған әдістемені бастауыш мектеп мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибесінде қолдана алады;

- зерттеу материалдары болашақ ғылыми ізденістерге негіз болып, жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу орындарында, бастауыш мектеп педагог мамандарының білімдерін жетілдіру институттарында, бастауыш сыныптың оқу тәрбие үрдісінде пайдалануға болады.

Зерттеу базасы: Эксперименттік және тәжірибелік-педагогикалық жұмыс Алматы қаласындағы №128, 140 орта мектебінде өтілді.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдардан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, нысанасы, пәні, болжамы, міндеттері көрсетіліп, жұмыста қолданылатын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері ашылып, зерттелудің әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні сипатталып, диплом жұмысының құрылымы сипатталған.

«Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педогогикалық, шет ел және отандық зерттеулердегі ғалымдардың ой-пікірлері талданды. «Дарынды» ұғымына ғылыми тұрғыда сипаттама беріліп, дарынды балалрмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылды.

«Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі» деп аталатын екінші бөлімінде дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдары айқындалып, әдіс-тәсілдері мен әдістемесі көрсетілді. Зерттеліп отырған мәселе жайында педагогикалық ізденістің сипаты беріліп, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері мәселесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысы берілді.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымы баяндалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

1-тарау Бастауыш мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ғылыми-теориялық негіздері

1. 1. Бастауыш мектептегі дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы

Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішкі қабілеттілігі туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтрының еңбектерінде кездеседі.

Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшеліктері мен оларда табиғи қабілеттің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақынның туындылары өзінің өнерлігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен.

Бір кезде ХІҮ ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған.

Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркемөнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін айтады.

Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.

Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып-білу мәселесімен испандық Хуан Уарте айналысты. Ол испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекттік қызметке аса дарынды азаматттарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін қалады деуге болады.

Хуан Уартенің пікірінше талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ мұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.

Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердоуси, Ибн Сина, Беруни және т. б. ) философия, логика, химия, астрономия, география, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған. Мысалы, Әл-Фарби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі.

Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Қабілеттелік жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологі Френсис Гальтон есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселелсін зерттеген. Ол өзінің «таланттың тұқым қуалаушылығы: оның заңдылығы мен шығу тегі» еңбегінде қабілеттіліктің шығу тегін әдіснамалық тұрғыда негіздеп, келесі заңдылықтарды белгіледі: [120-122]

  • өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды;
  • өте жоғары қабілеттілігі бар адамдардың тек аз бөлігі ғана қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды.

Ф. Гальтон көптеген ұлы да қабілетті адамдардың өмірін бақылай келе кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқымқуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келген.

Ф. Гальтоннан кейін неміс педагог-психологы Э. Мейман [10] (ХІХ-ХХ ғғ. ) дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыда жалғастырып, соның негізінде (дарындылық белгілерінің типтерін) белгіледі. Сонымен қатар туа біткен дарындылық пен кейіннен игерілген дарындылықты біріктіре қарауға тырысты. Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектілерін: оқу мен тәрбиенің дарындылықтың дамуына әсерін, дарындылық, қабілеттілік, жетістікке жетушіліктің арасалмағын қарастырды. [156-158]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Бастауыш сыныптарда жеке пәндерді оқыту барысында дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу және мұғалімнің рөлі
Математика сабақтарында дарынды балалар мен бастауыш сынып мұғалімі жұмысының ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Жеке оқушымен жұмыс. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды басқару және ұйымдастыру жүйесін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz