Биопрепараттардың ауыл шаруашылығында маңызы
І.Кіріспе:
1.Биопрепараттар туралы жалпы мәлімет.
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Ауыл шаруашылығында өсімдіктерді қорғауға қолданылатын биопрепараттар түрлері.
2.Мал шаруашылығына қолданылатын биопрепараттар (аферменттер, антибиотиктер, вакциналар, қан сарысуы).
3. Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен
биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
4.Саңырауқұлақ препараттары.
5.Биопрепараттардың химиялық препараттардан ерекшеліктері.
6.Биологиялық препараттарды сақтау және кептіру әдістері
ІІІ.Қорытынды.
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Биопрепараттар- адам, жануар және өсімдіктің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.
1. Д.Б.Джусупова «Экологиялық биотехгология»
Алматы,2013.267 бет
2. Заядан Б.Қ. «Экологиялық биотехнология» Алматы,2013
3. Есімова А.М. , Кедельбаев Б.Ш. «Биологиялық препараттар өндірісінің технологиясы» ,2009
4. Жұмабаева Б.”Жануарлар биотехнологиясы” Алматы,2013
5. Х.Ә. Аубакиров «Биотехнология»

Жоспары:
І.Кіріспе:
1.Биопрепараттар туралы жалпы мәлімет.
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Ауыл шаруашылығында өсімдіктерді қорғауға қолданылатын биопрепараттар түрлері.
2.Мал шаруашылығына қолданылатын биопрепараттар (аферменттер, антибиотиктер, вакциналар, қан сарысуы).
3. Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен
биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
4.Саңырауқұлақ препараттары.
5.Биопрепараттардың химиялық препараттардан ерекшеліктері.
6.Биологиялық препараттарды сақтау және кептіру әдістері
ІІІ.Қорытынды.
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер.
І.Кіріспе:
Биопрепараттар- адам, жануар және өсімдіктің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.
Зиянкестерге қарсы биопрепараттар өте талғамалы: олар әр бау-бақша мен егістіктердегі пайдалы және керек насекомдарға тиіспейді, бірақ зиянкестерді жоюға әсерін тигізеді. Көптеген биологиялық қорғағыш заттар ішек немесе нерв жүйесі арқылы әсер етеді. Бірінші жағдайда зиянкестер өңделген жапырақтарды жеп, жай ғана уланып өледі; екінші жағдайда - препарат зиян насекомдарды семдіріп тастайды, кейін ол зиянкес аштықтан өледі. Биологиялық препараттармен өңдеп, екі күннен кейін біз ешқандай қауіптенусіз сол тағамдарды, көкеністерді, тұқымдарды және жеміс-жидектерді пайдалана аламыз.
Осы биопрепараттарды қолдана отырып, өсімдіктерді, ауыл шаруашылық егістіктерін әр түрлі зиянкестерден, аурулардан қорғауды биоәдіс (биометод) деп атайды.
Биопрепараттарға, сонымен қатар, өсімдіктерді қорғауға арналған биологиялық типті токсиндер негізіне жататын заттарды жатқызуға болады.
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1.Ауыл шаруашылығында өсімдіктер зинкестеріне қарсы қолданылатын биопрепараттар түрлері:
Негізінен биотехнологиялық әдістер ауыл шаруашылығында дәстүрлі түрде топырақ құнарлылығын арттыру, мәдени өсімдіктердің және хайуандардың зиянкестерімен және ауру қоздырғыштарымен күресу, азық-түлік өнімдерін дайындау, оларды консервациялау және жұғымдылық қасиеттерін жақсарту үшін пайдаланылады.
Химиялық препараттармен салыстырғанда, биологиялық препараттарға әдетте зиянды организмдерге әсер етудің жоғары талғампаздығы, мақсат етілмеген түрлерге азырақ улылығы, табиғи нысандарда қалдық мөлшердің болмауы тән. Осының барлығы көптеген биологиялық препараттарды өсімдіктерді қорғаудың экологиядық қауіптіліктің және қолдану тәуекелінің төмен деңгейі бар құралдарына жатқызуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығындағы өсімдіктерді, егістіктерді әртүрлі зиянкесерден қорғау үшін төмендегі кестеде берілген биопрепараттар түрі көп қолданылады.
Атаулары
Құрамы және қолданылуы
Нәтижесі
Әрекет етуші зат
нейтротоксиндер сияқты әсер ететін Streptomyces avermitilis деген топырақ саңырауқұлақтарынан өндірілетін табиғи авермектиндердің табиғи комплексі болып табылады. Препараттың мөлшері нақты зиянкес түріне қарай алынады. Және де бір литр суға 2-8мл аралығындағы мөлшерде алынады. Ерітіндіге жабысқақ болу үшін сулы сабынды қосу ұсынылады. Өңдеуді күндіз, желсіз, құрғақ күні жүргізу ұсынылады. Көбінесе 18°С температурада. Ыстық күні препараттың мөлшерін азайтуға болады.
Колорад қоңызын және оның дернәсілдерін, шіркейлерді, түнгі көбелектерді, жеміс көбелегін, жапырақ ширатқыш көбелектерді, беріштерді, күйе көбелектерді, өсәмдік қоректі кенлерді, жапырақ жегіш, гүл жегіштерді, шашаққанат көбелектерді жояды.
Битоксибациллин
Bacіlіus Thurіngіensіs var. Thurіngіensіs бактериясы негізінде. Бұл зат зиянкестердің ішектерінің жұмысын бұзады,3-7 күннен кейін олар өледі. Жұмсалу нормасы - 5 литр суға 35 мл (кенелерге қарсы болса, 2есе көп дозасы). Себу үшін оптимальды температура - 18-32°С.
Откөбелектен, колорадо қоңызынан, қантамшы көбелектен, кенелерден, орамжапырақ ақкөбелектерінен, орамжапырақ көбелегінен, алма көбелегінен, құрттардан, жібек құрттарынан, түнгі көбелектерден қорғайды.
Защищает от огневки,
Боверин
Bauverіa bassіana саңырауқұлағының спораларының және мицелийлерінің негізінде.
Грунттарда, жылыжайларда өсірілетін культураларға көптеп қолданылады. Себу үшін препараттың 1% ерітіндісі қолданылады. Өңдеу үшін ыңғайлы температура -
20-25°С.
Ызылдауық қоңызды, зауза қоңызының дернәсілдерін, бітелерді, жылыжай аққанаттыларын, колорадо қоңыздарының личинкаларын, бұзаубасты жояды.
Фитоверм
Әсер етуші заты - аверсектин С, Stereptomyces avermitilis деген топырақ саңырауқұлағынан алынған.
Өсімдікті өңдеу кешкі уақытта, құрғақ ауда, желсіз ауа райында жүреді. Препараттың концентрациясы өңделетін өсімдік культурасына байланысты болады. 1 литр суға 1-10 мл-ге дейін.Зиянкестердің толық өлуі 5-7 күннен кейін байқалады.
Барлық өсімдікпен қоректенетін кене түрлеріне, беріш кенелеріне, коллорадо қоңыздарына, бітелерге, орамжапырақ аққнаттыларына қолданған нәтижелі болып келеді.
Лепидоцид
Bacіlіus Thurіngіensіs var. Curstakі бактерия тобының жиынтығы негізіболып табылады. Өңделу мөлшері культураға байланысты және 10 литр суға 20-30 грамм мөлшері қолданылады. Қолданылуға алынған су жиырма градустан жылу болмауы қажет.
Алма күйесінің 1-3 жастағы жұлдызқұрттарын, америкалық ақ көбелектерді жою үшін қолданылады.
Метаризин
Препараттың негізі
Metarhizium anisopliae саңырауқұлағы болып табылады, құрамына сонымен қатар натрий гумматы кіреді. Ол топырақтың құнарлылығын арттырады. Метаризинді топырақтың 1 сот. 5-10 граммын ғана енгізеді. Бұл процедураны жаңбырлы кезеңде жүргізген дұрыс, яғни күзде. Саңырауқұлақтың таралуы үшін толық бір мезгіл қажет.
Бұзаубастың личинкаларына, зауза қоңызына, шартылдақ қоңызға, ызылдауық қоңыздарға, масаларға қарсы қолданылады.
Әсер еткіш заттары -
Arthrobotrіs olіgospora деген жабайы саңырауқұлақтың коидийлері мен мицеллийлері. Препаратты топыраққа егу арқылы енгізеді. 10 литр суға 100-300 миллилитр.
Ісік түзуші нематодтарға қарсы қолданылады.
Вертициллин
Әсер еткіш заты -
Verticillium lecanii деген энтемопатогенді саңырауқұлақтың споралары мен мицелийлері. Ерітіндіні дайындау үшін 10 литр суға 100-500 миллилитр препарат қажет, Өңдеуді жүргізу үшін қолайлы температура -- 16-28°С. Негізінен жылыжайларда қолданылады.
Жылыжай аққанаттыларына қоланған нәтижелі болып келеді.
Сібір майқарағайының негізінде жасалған. 8 литр суға 5 миллилитр мөлшері ерітіледі. Дайындалған ерітіндіні 10 күнге дейін сақтауға болады. Тіпті суық және жаңбырлы ауа райында да нәтижелі болып келеді. Бес градус температурада да.
Құмырсқаларды жақсы қуады. Көбірек мөлшерін алған кезде басқа да насекомдарға қарсы қолднуға болады.
Биопрепараттарды қолданған кезде мына ережелерді есте сақтау керек:
Бір рет бүріктіру көбінесе жеткіліксіз. Зиянкестерден толық құтылу үшін 3-6 рет қолданылуы мүмкін;
Биопрепараттарды қолданғанда жұмыстың нәтижелілігі бірден көрінбейді. Ережеге сәйкес, зиянкестер өңдегеннен кейін 2-3 күн өткен соң ғана қырыла бастайды. Ал толық жойылуы оптимальды жағдайда тек 5-7 күннен кейін ғана орын алады;
Биологиялық препараттардың әрекеттілігі үшін ауа райы көп рөл атқарады. Төмен температура кезінде, жаңбырда олардың нәтижелілігі біршама төмендейді.
Биопрепараттар іс жүзінде адамға, үй жануарларына, құстарға, балықтарға, араларға және тағы да басқа пайдалы насекомдарға зиянсыз болып келеді. Олар топырақты ластамайды, өсімдіктерде жинақталмайды, қоршаған ортада өте тез жойылады - жалпы экологиялық таза егін, түсім алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ микроорганизмдерден алынатын фитобактериомицин
деген биологиялық препараттар өсімдіктердің бактериялық
ауруларына қарсы қолданылады.
Микроорганизмдерден алынған препараттарға:
Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш
саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады.
Триходермин препараты өсімдіктердің
тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін
пайдаланылады.
биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин,
т.б. малдың салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт,
ет, т.б.) сапасын жақсартады.
энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин,
инсектин,боверин сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін,
жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы
микроағзалардан алынады.
Ал құрамында фосфор бактериялары бар -- фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды.
2.2.Мал шаруашылығында қолданылатын биопрепараттар (ферменттер, антибиотиктер, вакциналар, қан сарысуы).
Биологиялық препараттар, сонымен қатар мал шаруашылығында да қолданылады. Мысалы әр түрлі биопрепараттарды қолдана отырып, малдың ауруларын емдеуге, сүттілігін, еттілігін, салмағын арттыруға болады.
Биологиялық препараттардың ішіндегі ең құндысы - ферменттер.Ферменіттер -- барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді:
оксидоредуктазалар;
трансферазалар;
гидролазалар;
лиазалар;
изомеразалар;
лигазалар.
Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза
ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.
Антибиотиктер (грек тілінен аударғанда autі -- қарсы және bіos -- тіршілік) -- микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.
Антибиотик түрлері:
Синтетикалық және жартылай синтетикалық антибиотиктер - фторхинолондар - офлосацин, эноксацин, пефлоксацин және т.б., прокариоттардың ДНҚ-ның суперспирализациясына жауап беретін ДНҚ-гираза ферментінің активтігін ингибирлейді.
Өсімдік антибиотиктер - фитонцидтерді 1928ж. Б. Токин сипаттаған болатын; химимлық таза күйінде тұрақты емес, бунин, жалбыздан, шалғамнан, рафанин және т.б.
Жануартекті антибиотик заттар: осетрбалықтардан экмолин, эритроцттерден эритрин, лизоцим және интерферонның микробоцидтік әрекеті басым.
Бактериялардан алынатын антибиотиктерге - грамицидин, пиоцианин, субтилин, батцитрацин, полимиксин жатады.
Вакцина (латын тілінен аударғанда vacca -- сиыр, vaccіnus - сиырдікі) микроорганизмдерден (бактерия, вирус,т.б.)алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға ала өкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.
Вакцина түрлері:
Тірі вакцина -- микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады.
Өлтірілген Вакцина -- микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егілед.
Химиялық вакцина -- микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады.Анатоксиндер -- улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 -- 1926) француз ғалымы Г.Рамоналды.Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т.б. ауруларға қарсы қолданылады.
Ассоциацияланған Вакцина -- 2 -- 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынанқұяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 -- 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.
Қан сарысуы -- қанның сұйық бөлігі. Ол организмнен тыс ұйыған қаннан бөлініп алынады. Күрамы жағынан қан плазмасына ұқсас, бірақ сарысуда фибриноген болмайды.
Диагностикалық қан сарысуы зертханаларда серологиялық реакцияларды қою үшін және ауру малдың жадығатынан бөлініп алынатын микробтың түрін немесе оның антигендерін анықтау мақсатында қолданылады.Олар өздерінің қолданылуына байланысты: аглютинирлеуші,прециптирлеуші,флоур есцирлеуші, т.б. қан сарысуына бөлінеді. Қан сарысуы тек стерильді болып,өзіне тән антигендермен ғана әрекеттесуі керек.Диагностикалық биопрепараттар серологиялық реакциялар қан сарысуындағы немесе басқа биологиялық сұйықтықтарды анықтау үшін қолданылады. Емдік қан сарысулары (гипериммундық)- малды емдеу мақсатында немесе қауіпті аймақтарда аурудың алдын алу үшін қолданылады. Оларды ірі жануарлардан гипериммундеу арқылы алады.
Иммундік қан сарысулары нақты бір ауру қоздырғышына тән антиденелердің көзі болып табылады. Олар ауруға шалдыққан малдарды емдеу үшін және ардың алдын алу үшін қолданылады.Қан сарысуы егілген организмде пассивті иммунитет пайда болады. Соматикалық торшалар жасанды қоректік ортада өсіп өне алмайды,ал миолемма болса шексіз көбейе береді, басқа сөзбен айтқанда гибридома шексіз көбейетін,өте көп антидене түзе алатын клетка.
Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі -- мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді.
Гомеопатикалық дәрілік заттар - өсімдіктен, жануарлардан, минералдан алынатын заттардың өте аз мөлшерін қамтитын, дәстүрлі емес емдеу әдістері кезінде гомеопатикалық ережелер бойынша қолданылатын, арнайы технология бойынша дайындалған немесе шығарылған бір немесе көп компонентті дәрілік заттар. Ал
дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат.
Дәрілік заттар - аурулардың алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсенді заттарды қамтитын құралдар: дәрілік зат, дәрілік субстанция, табиғи тектес дәрілік шикізат, дәрілік ангро - балк өнімдері, дәрілік препараттар, иммунобиологиялық препараттар. Оның ішінде дератизациялық, паразитке қарсы, дезинфекциялық репелленттер және ауруларды диагностикалау, алдын алу, емдеу мақсатында пайдаланылатын басқа да ветеринарлық заттар;
Ветеринарияда қолданылатын биологиялық препараттар - инфекциялық, паразитарлық аурулар мен аллергиялық жағдайларды емдеуге, арнайы алдын алуға арналған, сондай-ақ микроорганизмдер штамдары мен эукариот жасушаларын өсіру, жануарлар мен өсімдіктер (аллергендер) биологиялық тіндерінен заттарды алу, рекомбинантты дезоксибо нуклеин қышқылы технологиясын, гибридомды технологияны енгізу, эмбриондардағы тірі агенттерді немесе жануарларды репродукциялау арқылы алынатын дәрілік препараттар. Оларға аллергендер, антигендер, вакциналар (анатоксиндер), цитокиндер, бактериялық шығу тегі бар иммуномодуляторлар және органдар мен талшықтар негізінде жасалғандар, қан мен плазмадан алынған препараттар, сарысулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондар жатады.
2.3. Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен

1.Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар өндіріске және қолдануға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана жіберіледі.
2.Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың айналымы оны өндіруді, әкелуді (импорттауды), тасымалдауды, сатуды, қолдануды, (пайдалануды), жоюды қоса алғанда, міндетті түрде ветеринариялық қадағалауға жатады.
3.Өндірістік үй-жайлардың қауіпсіздігі мақсатына қарай ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды шығаруға арналған ғимараттарды, құрылыстарды, құрылымдарды жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын арнайы талаптармен анықталуға тиіс.
4.Өндірістік үй-жайлар мен жабдықтарды олар өздеріне арналған процестерге сәйкес келетін етіп орналастыру, жобалау, құрастыру, орнату, қолдану және пайдалану керек.
5.Өндіріс объектісінде санитарлық-қорғаныш аймағы болуға тиіс. Санитарлық-қорғаныш аймағының мөлшері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес анықталады.
6.Жануарлар үшін шығарылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың қауіпсіздігі үшін қысталаң болып табылатын өндірістік операцияларға арналған үй-жайлар мен жабдықтарды шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін бақылау мен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын бөлімше тиісті түрде растауға тиіс. Әрбір технологиялық учаске үшін өндіріс регламентіне сәйкес тиісті тазалық сыныбы белгіленуі тиіс.
7.Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды шығару кезінде үй-жайлардан шығатын бүкіл ауаның тиісті түрде өңделуін және жұқпалы агенттердің болмауын қамтамасыз ету қажет. Микроорганизмдерден жұмыс басқа үй-жайлардан бөлек бөлмелерде жүргізілуге тиіс. Микроорганизмдермен жұмыс жүргізілетін үй-жайлар дайындық операциялары жүргізілетін үй-жайларға қатысты келеңсіз қысымы болуға тиіс. Стерильді жұмысқа арналған үй-жайлардың неғұрлым жоғары қысым деңгейі болуы тиіс.
8.Өнімді құюға арналған үй-жайлардың өнімнің стерильді құйылуын қамтамасыз ететіндей жағдайы болуы тиіс.
9.Қоймаға қою аймақтары материалдар мен өнімнің (бастапқы шикізаттың және орау материалдарының); аралық, өлшеп оралмаған және дайын өнімнің; карантиндегі өнімнің, шығаруға рұқсат етілген, кейінге қалдырылған, қайтарылған немесе кері қайтарып алынған өнімнің) әр түрлі санаттарын тиісінше сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті сыйымдылығы болуы тиіс.
Дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорындарда жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды сақтау мен босату кезінде олардың қауіпсіздігі мен қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін үй-жайлар, жабдықтар және мүкәммал болуы тиіс.Мыналар:
1) дәрілік заттарды сақтаудың температуралық режимдерінің сақталмауы;
2) өнімнің түрінің бұзылуы;
3) тасымалдау кезінде өнімнің зақымдануы;
4) препараттарды қолдануда дайындау, тағайындау ережелерінің бұзылуы;
5) дәрілік заттарды жою кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптардың бұзылуы дәрілік заттарды қолданған жануарлар, адамдар және қоршаған орта үшін қауіптің туындау мүмкіндігін анықтайтын негізгі факторлар болуы мүмкін.
2.4.Саңырауқұлақ препараттары.
Құрт-құмырсқалар, жәндіктерді зақымдау үшін энтамопатоенді саңырауқұлақтардың бұл үшін түйісу механизмін қоса отырып, әр түрлі механизмдерге ие сан көптеген түрлері қолданылады. Саңырауқұлақтар споралар түрінде жақсы сақталады және олардың патогенділігін арттыратын әр алуан биологиялық белсенді заттарды продукциялайды. Саңырауқұлақ зиянкестерінің денін жануарлар құрайды. Саңырауқұлақтармен тек жәндіктер ғана емес, моллюсктер, кенелер, көпаяқтылар, құстар, сүтқоректілер қоректенеді. Атап айтқанда, сүтқоректілерді ішінен саңырауқұлақты тиін жақсы көреді, әсіресе, маслята саңырауқұлағын. саңырауқұлақтарға ең көп зиянды жәндіктер келтіреді.
Саңырауқұлақ препараттары жапырақ кеміретін бақ зиянкестеріне , алманың жеміс кеміргішіне , орман зиянкестеріне, сондай-ақ картоп зиянкестеріне колорадо қоңызының личинкаларына қарсы тиімді болып табылады. Боверинді өсімдіктерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz