«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені



1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДҮНИЕТАНУДАН САБАҚ БЕРУДІ ДАМЫТУ ТАРИХЫНАН
2 САБАҚТА ДҮНИЕТАНУ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ҰҒЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.
3 «ЖОО.да қазақ тілін оқытудың әдістемесі» пәнінен СИЛЛАБУС
4 Б АЙ ЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
5 ГРАММТИКА ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ
6 ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ.
7. (ПРАКТИКАЛЫҚ) ЛАБОРОТОРИЯЛЫҚ САБАҚТЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК.ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Оқушылар дүниетануды оқып үйренуді бастауыш сыныпта бастайды. 1 сыныптың өзінде-ақ экскурсияларда айналадағы табиғат құбылыстарымен танысады, табиғаттың кейбір объектілерін бақылайды, өздерінің бақылағандарын “Бақылау күнделігіне” жазады.
Табиғатпен танысу оқу және тіл дамыту сабақтарында жалғаса түседі. Ол сабақтарда оқушылар табиғаттануға байланысты щағын әңгімелер мен мақалаларды оқиды.
1 және 4 сыныптарда оқушылар бақылау жүргізуді және өз бақылауларын тіркеуді онан әрі жалғастырады. Бақылаулар кеңейеді, әрі тереңдей түседі. Балалар мұғалімнің басшылығымен бақылау жүргізіп қана қоймайды, сонымен бірге оларды жинақтайды, табиғат құбылыстарының қарапайым байланыстарын және өзара тәуелділігін анықтайды, тірі табиғат пен өлі табиғаттың арасындағы өзара байланыстарын анықтайды.
Мысалы,1 сыныпта балалар күзде ауа температурасының төмендейтінін, ағаш жапырақтарының түсі өзгеретінін, жапырақ түсе бастайтынын көреді. Бұл фактілерді балалар өзара байланыста қабылдауы керек. Олар табиғатта өздері бақылаған құбылыстардың себепті байланыстарын түсінетін болуы керек. Табиғатты материалистік түсінудің негіздері осылай қаланады, соның нәтижесінде балаларда атеистік сенімдердің бастамалары қалыптасады.
Оқушылармен бірге айналадағы табиғатты зерттеу арқылы олардың табиғатқа сүйіспеншілігін және оны қорғауға ықыласын тудыра отырып, мұғалім төменгі сынып оқушыларын Отанын, өз өлкесін сүюге тәрбиелейді.Оқушылар өздері тұрған жердің табиғат ерекшеліктерімен, еліміздің әр түрлі аудандарындағы табиғат айырмашылықтарымен таныса отырып, бұл айырмашылықтардың себептерін анықтайды. Мұғалім осылай балалардың кеңістік жайлы түсініктерін қалыптастырады да, оларды алаң, карта және глобуспен жұмыс істеу арқылы бекітеді.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынастарымен, табиғатты халықтың шаруашылық әрекетіне пайдалануымен, село халқы мен қала халқының маусымдық еңбегімен танысу оқушыларды еңбекке және болашақ іс- әрекетіне психологиялық дайындауға негіз болып табылады.
1. Қоянбаев Ж.Б, Қоянбаев Р.М. Педагогика Алматы, 2000ж
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, Дарын 2004
3. Бегалиев Т. Педагогика Тараз 2000
4. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004
5. Қалиев С., Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы. Алматы 2001
6. Сабыров Т. Оқыту теориясы. Алматы, 2000
7. Подласый И.П. Педагогика. 100 вопросов-100 ответов учебное пособие для студентов высших учебных заведений.
8. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шлянов Е.Н. Пдагогика М.,2000
9. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. Минск, 1990
7. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, 1990
8. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. Алматы, 1995
9. Гребенюк О.С., Гребенюк Т.Б. Теория обучения. – М., 2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 224 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқып үйрену міндеттері
Жоспары:

1.Дүниетанудан сабақ беру методикасының пәні және міндеттері.
2.Бастауыш мектепте дүниетанудан сабақ беруді дамыту тарихы.
Оқушылар дүниетануды оқып үйренуді бастауыш сыныпта бастайды. 1
сыныптың өзінде-ақ экскурсияларда айналадағы табиғат құбылыстарымен
танысады, табиғаттың кейбір объектілерін бақылайды, өздерінің
бақылағандарын “Бақылау күнделігіне” жазады.
Табиғатпен танысу оқу және тіл дамыту сабақтарында жалғаса түседі. Ол
сабақтарда оқушылар табиғаттануға байланысты щағын әңгімелер мен
мақалаларды оқиды.
1 және 4 сыныптарда оқушылар бақылау жүргізуді және өз бақылауларын
тіркеуді онан әрі жалғастырады. Бақылаулар кеңейеді, әрі тереңдей түседі.
Балалар мұғалімнің басшылығымен бақылау жүргізіп қана қоймайды, сонымен
бірге оларды жинақтайды, табиғат құбылыстарының қарапайым байланыстарын
және өзара тәуелділігін анықтайды, тірі табиғат пен өлі табиғаттың
арасындағы өзара байланыстарын анықтайды.
Мысалы,1 сыныпта балалар күзде ауа температурасының төмендейтінін,
ағаш жапырақтарының түсі өзгеретінін, жапырақ түсе бастайтынын көреді. Бұл
фактілерді балалар өзара байланыста қабылдауы керек. Олар табиғатта өздері
бақылаған құбылыстардың себепті байланыстарын түсінетін болуы керек.
Табиғатты материалистік түсінудің негіздері осылай қаланады, соның
нәтижесінде балаларда атеистік сенімдердің бастамалары қалыптасады.
Оқушылармен бірге айналадағы табиғатты зерттеу арқылы олардың
табиғатқа сүйіспеншілігін және оны қорғауға ықыласын тудыра отырып,
мұғалім төменгі сынып оқушыларын Отанын, өз өлкесін сүюге
тәрбиелейді.Оқушылар өздері тұрған жердің табиғат ерекшеліктерімен,
еліміздің әр түрлі аудандарындағы табиғат айырмашылықтарымен таныса
отырып, бұл айырмашылықтардың себептерін анықтайды. Мұғалім осылай
балалардың кеңістік жайлы түсініктерін қалыптастырады да, оларды алаң,
карта және глобуспен жұмыс істеу арқылы бекітеді.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынастарымен, табиғатты халықтың
шаруашылық әрекетіне пайдалануымен, село халқы мен қала халқының маусымдық
еңбегімен танысу оқушыларды еңбекке және болашақ іс- әрекетіне
психологиялық дайындауға негіз болып табылады.
Бастауыш сыныптарда табиғатты зерттеу мұғалімге, балаларға эстетикалық
тәрбие беру үшін мол мүмкіндік тудырады. Ол кез келген экскурсия кезінде
орманның, даланың, шалғынның, күн батуының әсемдігіне, құстардың әніне,
орманның шуылына т.с.с. оқушылардың назарын аударып отыруы керек.
Бастауыш сыныптарда осымен бірге термометрді, компасты
пайдалану,қарапайым тәжірибелер жасау жөнінен практикалық дағдылар
қалыптастырылады.
Дүниетануды оқып үйренуде табиғатты қорғау мәселелері және осы маңызды
іске балалардың тікелей қатынасуы жөніндегі шаралар көрнекті орын алады.
Басты міндет- оқушыларды табиғатты қорғау қажеттігін түсінуге жеткізу.
Оқушыларға сквердегі, көшедегі, парктегі, мектеп маңы алаңындағы жасыл
көшет егістерге құнтты және қамқорлық жасауды, табиғат достары сақшыларын
ұйымдастыруды ұсынуға болады. Бұл балаларды жасыл көшет егістерге құнтты
және қамқорлықпен қарауға үйретеді.
Сонымен, бастауыш табиғаттану табиғат құбылыстарын түсінудің
материалистік негіздерін қалап, балаларға айнала қоршаған әлемнің ең
қарапайым нақты заттары мен құбылыстары туралы нақтылы деректер беруі,
жекелеген табиғат құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстарды және
табиғат құбылыстарының өзгерушілік себептерін қарапайым түрде түсіндіруі,
адам табиғаттың күші мен байлығын қоғам мүддесіне қалай пайдаланатынын,
табиғатты қорғау жөнінде қалай жұмыс жүргізетінін айқын мысалдармен
көрсетуі тиіс.

Дүниетанудан сабақ беру әдістемесі және пән.

Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшеліктеріне
және дайындықтарына сәйкес табиғаттану курсының мазмұнын әр сынып бойынша
талдау кіреді. Әдістеменің міндеті- балаларға курстың мазмұнын, хабарлау
формаларын, әдістері мен тәсілдерін іріктеу. Әдіс қандай болмасын
материалдың мазмұнын оқушыларға қайткенде тәуір әдіспен жеткізу керек деген
сұраққа жауап береді.
Кез келген оқыту әдісі сияқты табиғаттану әдісі де дидиактика
принциптеріне, балалардың жаңа білім игеруінің психологиялық
заңдылықтарына, табиғаттану курсының өткен сыныптардағы мазмұнына сүйенеді.
Дүниетанудан сабақ беру әдісі педагогикалық ғылымдар цикліне жатады.
Болашақ мұғалім бастауыш сыныптардағы табиғаттану курсының мазмұнын,
балаларды бұл пәнге оқытудың негізгі формаларын, әдістерін және тәсілдерін
айқын білуі керек.
Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің сабақтың
мақсатына, оқытылатын материалдың көлеміне, табиғаттану сабақтарында қалай
пайдаланатынын ұғып алу қажет. Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында
ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра
алатын болуы үшін табиғаттану бағдарламаларын, оқулықтар мазмұнын, олардың
идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білуге тиіс: оқыту процесінде тәрбие
берудің, балалардың жалпы дамуының және олардың политехникалық дайындығы
мен еңбек дайындығының міндеттерін жүзеге асыра білуі; оқытудың бүкіл сан
алуан сыныптан тыс табиғаттану жұмыстарын ұйымдастыра және жүргізе білулері
керек.

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДҮНИЕТАНУДАН САБАҚ БЕРУДІ ДАМЫТУ ТАРИХЫНАН

Біз бұл параграфта революцияға дейінгі және совет бастауыш мектебінде
жаратылыстану мен географияны оқытудың даму тарихына қысқаша тоқталамыз,
жеке методистерді бөліп алып, олардың табиғаттану пәндерін (жаратылыстану,
география, табиғаттану) оқытуға көзқарастарымен танысамыз.
Ушинский Константин Дмитриевия (1824-1890) бастауыш білім беру
саласындағы аса ірі методист және педагог. Ол кіші мектеп жасындағылардың
логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде жаратылыстану
мен географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол балаларды оқыту сөзге
негізделмей, олардың тікелей қоршаған әлемнен алған әсерлеріне негізделуі
керек деп есептеді.
К.Д. Ушинский білімді саналы игеруге орасан зор мән берді және оқу
анық, жүйелі және бір ізді болғанда ғана балаларға толық мағыналы білім
бере алады деп есептеді. Ол көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін
дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады.
Герд Александр Яковлевия (1841-1888) – Россия мектептерінде
жаратылыстанудан сабақ берудің озық орыс методикасының негізін қалаушы.
Ол бастауыш кластарда балаларды жаратылыс ғалымдарының негіздеріне дұрыс
оқыту мүмкіншілігі үшін күресті, Ч.Дарвиннің ізбасары оның еңбектерінің
аудармашысы болды және Россияда алғашқылардың бірі болып отра мектепке
арналған зоология оқулығында дарвинизм идеясын жүзеге асырды.
Вахтеров Василий Порфирьевич (1853-1924) – бастауыш мектептің педагог-
методисі
15 жыл бойы халық училищелерінің инспекторы болып жүріп, В.П.Вахтеров
мұғалімдердің жұмысына көмектесуге тырысты , жалпыға бірдей міндетті
бастауыш оқуды кеңінен насихаттады, жұмысшыларға арналған мектептер
ұйымдастырды, оқытудағы формализмге қарсы күресті.
В.П.Вахтеров баспасөзде педагогикалық тақырыптарға жиі мақалалар жазып
тұрды: Білім берудің талас мәселелері (1907), Оқытудың заттық әдісі
(1907), Жаңа педагогика негіздері (1913), Бүкіл халықтық мектепте және
мектептен тыс білім беру (1917) және т.б.
Половинкин Александр Александрович (1887-1955), Москва мемлекеттік
педагогикалық институттының профессоры, өзінің негізгі еңбектерін орта
мектепте географияны оқыту методикасына арнаған. 1939 ж. В.И.Грузинскиймен
бірігіп ІІІ және ІV кластарда жұмыс істейтін мұғалімдерге көмек ретінде
географияны оқытудың тұңғыш методикасын жазып, басып шығарды. Онда сабақта
оқушылардың белсенділігін арттыру идеяларын жүзеге асыру жолдары
көрсетілді, мектеп оқушыларын оларды қоршаған жермен таныстыру үшін
табиғатқа экскурсиялар жасау қажеттігі анықталды, планмен және картамен
жұмыс істеуге, география сабақтарында педагогикалық суретті пайдалануға
көңіл бөлінді. А.А.Половинкин бастауыш класс мұғалімдер алдында сөйлеген
сөздерінде сабаққа тыңғылықты дайындалу және көрнекті құралдарды дұрыс
пайдалану қажеттігін атап көрсетті.
Сангайло Константин Антоновия (1890-1961) – көбінесе бастауыш
кластарда географияны оқыту методикасы мен мазмұны саласында жұмыс істеген
географ-методист.
1935 ж. бастап мектептерде (ІІІ – V кластар) оның жасаған
программалары іске қосылды. Ол өзінің программаларында балалардың планмен
картаны оқып үйренуіне, практикалық жұмыстарды, экскурсияларды және класс
пен даладағы бақылауларды жүргізуге, оқушыларды өлке тану принципін қолдану
негізінде қоршаған табиғатпен және халықтың тіршілігімен жүйелі түрде
таныстыруға қойылатын талапртарды бірізділікпен баяндайды.
Перротте Александра Александровна (1880-1963) – бастауыш кластардың
жаратылыстану жөніндегі методисі. Ол мұғалімдермен үлкен жұмыс жүргізді,
оларды жаратылыстанудан жұмыс істеуге іс жүзінде оқытты. Мұғалімдер білімін
жетілдіру институтында ұдайы семинарлар жүргізді, курстарда жаратылыстану
методикасынан лекциялар оқыды және баспасөз бетінде жұмыстар жариялады.
Мектептерде жұмыс істеген кездерінде А.А.Перротте ІІІ – ІV кластарда
жаратылыстанудан үлгі сабақтар және әр түрлі кластан тыс жұмыстар жүргізді.
Ягодковский Константин Павлович (1877-1943) – бастауыш мектепте
жаратылыстануды оқыту методикасы жөніндегі көптеген жұмыстардың авторы:
“Бастауыш мектептегі жаратылыстану сабақтары,”, “Бастауыш мектептегі
жаратылыстанудан практикалық сабақтар”, “Бастауыш мектепте жаратылыстанудан
қалай сабақ беру керек”, “Мектептегі және үйдегі тірішілік мүйісі,”,
“Бастауыш мектептегі шағын табиғат мүйістері”, “жаратылыстанудан сабақ беру
тәжірибесі ” және т.б.
Завитаев Петр Алексеевич (1890-1970) бастауыш кластарда табиғаттанудан
сабақ беру методикасына маңызды үлес қосты. Ол өзінің жұмыстарында
жаратылыс ғалымдарына тән әдістерге сүйене отырып табиғаттану түсініктері
мен ұғымдарын қалай қалыптастыру керек екенін көрсетуге тырысты. Ол жасаған
бақылаулар, тәжірибелер және экскурсиялар жүргізу методикасы табиғаттану
ұғымдарын қалыптастыруға қажетті нақтылы сезім негізін құруға көмегін
тигізді. П.А. Завитаев заттық сабақтар жүйесін белгіледі, олардың мазмұнын
және өткізу методикасын анықтады (ІІІ – ІV кластардағы экскурсиялар мен
заттық сабақтар).
Валерьянова Екатерина Александровна (1885-1970) – бастауыш кластардағы
жаратылыстану жөнінен методист. Ол көп күші мен уақытын мұғалімдермен жұмыс
істеуге арнап, жаратылыстануды оқытуда көрнекілік принципінің үлкен орын
алатындығын және мәнін атап көрсетті. Оның І, ІІ, ІІІ, ІV класс
оқушыларына арнап құрған “Табиғатты және адамның еңбек әрекетін бақылау
күнделіктері” осы кезге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Е.А.Валерьянова бірқатар көрнекі құралдар, соның ішінде диафильмдер
, диапозитивтер серияларын және оларға методикалық басшылықтар жасады, оқу
кинофильмдерінің консультанты, бастауыш класс мұғаліміне көмек беретін
бірқатар баспа жұмыстардың авторы болды.
Скаткин Михаил Николаевич (1900) – бастауыш кластарда жаратылыстанудан
сабақ беру және мектеп оқушыларына политехникалық білім беру жөніндегі
методист; бастауыш мектептегі жаратылыстану программаларының авторы; ІІІ
және ІV кластарға арналған табиғаттану оқулықтарының авторы. Ол
табиғаттанудан сабақ беру методикасының мәселелеріне, әсіресе экскурсиялар
жүргізу методикасының мәселелеріне, календарь жүргізуге, табиғатта
бақылаулар жүргізуге, оқушылардың таным әрекетін жандандыруға, бастауыш
кластардағы табиғаттану бойынша кластан тыс жұмысқа, білім берудің
тиімділігін арттыру жолдарына үлкен көңіл бөледі. Ол көрнекі құралдардың,
таблицалардың, суреттердің, коллекциялардың, кинофильмдердің бір тобын,
сонымен бірге оларды сабақта қолдануға методикалық нұсқаулар құрды.
Скаткин Михаил Николаевич (1900) – бастауыш кластарда
жаратылыстанудан сабақ беру және мектеп оқушыларына политехникалық білім
беру жөніндегі методист; бастауыш мектептегі жаратылыстану программаларының
авторы; ІІІ және ІV кластарға арналған табиғаттану оқулықтарының авторы. Ол
табиғаттанудан сабақ беру методикасының мәселелеріне, әсіресе экскурсиялар
жүргізу методикасының мәселелеріне, календарь жүргізуге, табиғатта
бақылаулар жүргізуге, оқушылардың таным әрекетін жандандыруға, бастауыш
кластардағы табиғаттану бойынша кластан тыс жұмысқа, білім берудің
тиімділігін арттыру жолдарына үлкен көңіл бөледі. Ол көрнекі құралдардың,
таблицалардың, суреттердің, коллекциялардың, кинофильмдердің бір тобын,
сонымен бірге оларды сабақта қолдануға методикалық нұсқаулар құрды.
Сұрақтар мен тапсырмалар. 1. Бастауыш сыныптарда табиғат зерттеудің
міндеттері қандай? 2. Дүниетанудан сабақ беру әдістемесінің алдына қандай
міндеттер қойылған? 3. К.Д.Ушинский балаларды жаратылыстану негіздеріне
оқытуға қандай мән берді? 4. А.Я. Герд пен В.А.Вахтеров балаларды жаратылыс
ғылымдарына қандай әдістермен оқытуды Ғсынды? 5.1934 жылы жарияланған
бастауыш мектептерге арналған география және жаратылыстану
бағдарламаларымен танысыңдар? 6.1935ж.география мен жаратылыстанудан қандай
оқулықтар тҒңғыш басылып шығарылды?7.География мен жаратылыстанудан қандай
кеңес кезіндегі әдіскерлерді (методисті) білесіңдер, бастауыш сыныптардағы
география мен жаратылыстануды оқытуды дамытудағы олардың еңбегі неде?

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНУ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ҰҒЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
Жоспары:
1. Жекелеген табиғат құбылыстарын қабылдау.
2. Түсініктер.
3. Ұғымдар.
4. Сабақтарда жекелеген табиғаттану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру
әдістері.
КІРІСПЕ.
Балаларды жалпы дамыту жөніндегі жұмыс олардың сабақ үстінде білімі
мен дағдыларды жүйелі түрде игеру процесінде және үй тапсырмаларын орындау
кезінде жүзеге асырылады. Балалардың оларды қоршаған әлем туралы білімдерді
жеке деректер жиынтығынан тұрмай, қайта белгілі бір жүйемен және
бірізділікпен берілуінің, олардың бастауыш сынып оқушылары үшін түсінікті
түрде ұғындырылуының маңызы өте зор.
Мысалы, 2 сыныпта мұғалім балаларды жыл мезгілдерімен таныстыра
отырып, бірінші кезекте олардың назарын жылдың бір маусымының екінші
маусымымен ауысуының заңдылығы мен реттілігіне, мұндай ауысудың өсімдіктер
мен жануарлар тіршілігі, адам еңбегіндегі мәніне аударады. Мұғалім 3
сыныпта балалармен аудандарының табиғат айырмашылықтарын қарастырғанда,
негізгі көңілді бұл айырмашылықтардың күннің көкжиектен биіктігі, күн
жарығының ұзақтығы, өсімдіктердің өсіп-өнуіне қажетті жылы күндер саны т.б.
сияқты қарапайым себептерін анықтауға аударады. Бұл білімдер табиғаттағы
тікелей бақылауларға, өз жері туралы деректерге, оқулық материалдарына,
мұғалімнің әңгімелеріне, картиналармен танысуға, басқа аудандарының
табиғаты туралы түсінік беретін кинофильмдер, телевизиялық хабарлар көруге
негізделеді.

ЖЕКЛЕГЕН ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН ҚАБЫЛДАУ.

Кез келген ғылым мен оқу пәні логикалық бірізділікпен дамитын ұғымдар
жүйесі болып табылады. Балаларға дүниетанудыоқытудағы міндет – олардың
түсініктерін тудырып, ұғымдарын қалыптастыру жөніндегі күнделікті, жүйелі
жұмыс жүргізуде.
Бұл жағдайда білімді игерудің бірінші кезеңі жеке табиғат
құбылыстарын немесе фактілерді қабылдау болып табылады. Егер балалар
олардың алдына белгілі бір міндеттер қою арқылы жаңаны қабылдауға даяр
болса, игеру сапасы артады.
Балалардың қабылдау кезіндегі белсенділігі олардың алдына мұндай
табиғат құбылысы неліктен болады? Оны қалай түсіндіруге болады – деген
нақтылы сұрақтар қою арқылы проблемалық жағдай тудыра алғанда ғана артады.

ТҮСІНІКТЕР.
Мұғалімнің бақылауға тапсырма алғанан кейін балалар оны жүзеге
асырады. Нәтижесінде олардың санасында объектінің немесе табиғат
құбылысының сыртқы түрі туралы алғашқы түсінік туады. Түсінік балалардың
санасында көрнекі бейнелер түрінде туады және нақтылы сипатта болады, бірақ
бұл бейнелер қарапайым қабылдауға қарағанда біршама жалпы түрде болады.
Мұғалім түсінікті тереңдету кеңту үшін оқушылардың алдына заттың
немесе құбылыстың негізгі қасиеттерін анықтайтын сұрақтар қояды. Неліктен
шырша мен қарағай қылқанын тастамайды? (Өйткені қылқан арқылы су аз
буланады.) Ақыр соңында оқушылар жапырақ күзде түседі деген қорытынды
жасайды. Бұл жапырақты ағаштардың қысқы суықтарға дайындығы.
3 сыныпта балалар экскурсия кезінде ең алдымен төбе туралы нақтылы
түсінік алады, жер бетіне бұл формасының негізгі қасиеттерін анықтайды,
оның етегімен тік және жатық беткейлерімен, ұшар басымен танысады. Онан
кейін үшінші сынып оқушылары сыныпта мұғалімнің нұсқауымен картиналардан
төбелердің әлде неше түрлерін көреді, олардан табиғатты бақылаған
бөліктеріән табады, оқулықтағы мақаланы оқиды, соның нәтижесінде олардың
жалпы төбе туралы және оның белгілері туралы түсінік қалыптасады.

ҰҒЫМДАР.
Жұмыстың келесі кезеңі – балаларда белгілі бір ұғымдардың қалыптасуы.
Оқушылардың айқын және дәл түсініктерінің болуы бұл ұғымдарды
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұғымның белгілі бір мазмұны мен көлемі
болады. Ұғымның мазмұнына заттың немесе табиат құбылысының оны басқалардан
ажырататын маңызды белгілері кіреді. Біз дүниетануда ұғымның екі түрімен –
географиялық және биологиялық түрлерімен кездесеміз. Географиялық жеке және
жалпы ұғымдар: билогиялық ұғымдарға түр және туыс ұғымдары жатады.
Жеке географиялық ұғымдар – Волга, Москва, Кавказ сияқтылар.
Жалпы географиялық ұғымдар - өзен, қала, тау.
Жалпы ұғымдар терминдермен, ал жеке ұғымдар атаулармен немес жалқы
есімдермен айтылады.
Биологиялық түр ұғымдары – қоян, шырша, көктікен. Биологиялық туыс
ұғымдары – жануар, қылқан жапырақты өсімдік, гүлді өсімдік.
Туыс (биологиялық) немесе жалпылама (географиялық) ұғымдарының барлық
маңызды белгілері әрбір жеке объектіге, яғни жеке немесе түр ұғымына да
қатысты.

САБАҚТА ДҮНИЕТАНУ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ҰҒЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ
МЕН ӘДІСТЕРІ.

Сабақта жұмыстың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін қолдану, балалардың
бұрыннан бар түсініктерін пайдалану, түрліше көрнекі құралдар қолдану
мұғалімге жалпы дүниетану ұғымдарын қалыптастыруға көмегін тигізеді.
Ұғымдардың қалыптасуын да мұғалімнің баяндауының белгілі
жүйеде болуының үлкен мәні бар. Жүйелікке оқу процесінің барлық бөліктері
жетекші идеямен байланысқан және оны ашуға, қоштауға қызмет еткен жағдайда
жетуге болады.
Мұғалімнің жүйелі әңгімесінде көрнекілік үлкен орын алады: балалар
көрнекі, көріп қабылдаудан қорытуға, яғни ұғым құруға оңай барады.
Көрнекі құралдар тек жеке нақтылы заттардың түсініктері мен
бейнелерін туғызу үшін ғана емес, сонымен бірге ұғымды қалыптастыру үшін
бастапқы материал ретінде де пайдаланылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар. 1. Балалардың дүниетануға байланысты ұғымдарының
құрылу процесін қандай кезеңдерге бөлуге болады? 2.Дүниетануға байланысты
ұғымдардың бастауыш кластарда қалыптасуының қандай мәні бар? 3.ІІ класқа
арналған дүниетану бағдарламасын табиғаттанудың туыс және түр ұғымдарын
бөліп алыңдар? 4. ІІІ класқа арналған дүниетану бағдарламасынан жалпы және
жеке табиғаттану ұғымдарын бөліп алыңдар? 5.Бір жалпы (туыстық) ұғымның
мысалында оны қалыптастыру үшін балалармен жұмысты қалай ұйымдастыру керек
екенін көрсетіңдер?

ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ.
Жоспары:
1.Табиғаттану жөніндегі типтік жабдықтар мен көрнекі оқу құралдары.
2.Қолдан жасалатын көрнекіліктер.
3.Тірі табиғат бұрышы.
4.Өлкетану бұрышы.
5.Географиялық алаң.

ДҮНИЕТАНУ ЖӨНІНДЕГІ ТИПТІК ЖАБДЫҚТАР МЕН КӨРНЕКІ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫНА
ҚЫСҚАША ШОЛУ.
Оқытудың көрнекі құралдарына таблицалар мен картиналар табиғи
объектілер, үлестірме материал, кинофльмдер, кинофрагменттер, диафильмдер,
диапозитивтер, кодотранспоранттар жатады. Олар оқушылардың білім алуының
маңызды көзі болып табылады. Көрнекі құралдарды қолдану сабақтың
тиімділігін арттырады, кіші мектеп жасындағылардың өзінше дайындығын
ұйымдастыруға жағдай жасайды, таным қобілетін дамытады.
Дүниетануды оқыту процесінде табиғи көрнекі құралдардың үлкен маңызы
бар. Оларға мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер үлгілерінің гербарийлері,
топырақ үлгілері, үлестірме материалымен қоса қазбалар коллекциялары,
жануарлар тұлыптары, пайдалы және зиянды насикомдар коллекциялары, сонымен
бірге тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстарға арналған ыдыс пен құралдар,
экскурсиялық жабдықтар жатады.
Мысалға, ІІІ сыныпта “Пайдалы қазбалар” тақырыбын өткенде өндірістер
жасап шығарылатын “Пайдалы қазбалар”, “Гранит”, “Торф”, “Ізбестас”
коллекцияларын пайдалануға болады. Оқушылар нақтылы мысалдар арқылы
программа бойынша өтілуге тиіс жеке пайдалы қазбалардың қасиеттерімен
танысады.
Қолдан жасалынатын көрнекі құралдар.
Көптеген көрнекі оқу құралдары мен жабдықтарды тікелей оқушылардың
өздері жасауына болады. Табиғат сан алуан (ең алдымен табиғи) көрнекі
құралдардың дарқан дайындаушысы болып табылады. Тек қажетті материалды дер
кезінде жинап, дұрыс жабдықтай білу керек. Табиғат объектілерін оқу
экскурсиялары мен сыныптан тыс экскурсиялар, жорықтар, серуендер кезінде
жинауға болады. Көптеген мектептер басқа табиғат зоналарында орналасқан
мектептермен өлкетану материалдарын алмасу ісімен табысты түрде айналысып
келеді. Бұл жұмысты мектепті дүниетану бойынша өлкетану материалдарымен
толықтырудың перспективалық жоспары негізінде тұрақты жүргізіп отыру қажет.

Өлкетану мүйісі
Бастауыш сыныптарда табиғатты зарттеу негізінде өлкетану бұрышымен
таныстыру жұмысы алынған. Оны дүниетанудан сабақ беруде жүзеге асыру өз
өлкесін жүйелі түрде зерттеуді көздейді. Ол туған жер туралы фактілер мен
дерктерді үнемі жинап әрі, қарай ол материалдарды қорытып отыру қажет.
Материал жинауды оқушылар экскурциялар, серуендер, жорықтар кезінде жүзеге
асырады.
Өлкетану мүйісінің негізгі бөлімдері мынадай болуы мүмкін.
І. Біздің мектеп
1. Мектеп тұрған микроаудан. 2. Мектептің тарихы туралы деректер.
ІІ. Біздің өлкенің табиғаты
1.Қаланың, ауданның, поселкенің планы. 2. Облыстың жер беті, пайдалы
қазбалар үлгілері. 3. Облыстың су ресурстары ( облыстың өзендері, көлдері,
каналдары, су қоймалары белгіленген физикалық картасы( жеке объектілердің
суреттері).4. Облыстың ауа райы жағдайлары ( ауа райын бақылаудың қорытынды
материалы, “Бақылау күнделіктері”, альбомдар, жеке табиғат құбылыстарының
суреттері). 5. Облыстың өсімдік және жануарлар дүниесі(жергілікті
өсімдіктердің гербарийлері, картиналары, пайдалы және зиянды насекомдардың
коллекциялары, жергілікті аңдар мен құстардың тұлыптары). 6. Табиғатты
қорғау.
3. Біздің өлкенің қазіргісі мен болашағы
1,Ауданның шаруашылығы. Негізгі кәсіпорындары, өнім үлгілері, өнеркәсіп
озаттарының суреттері. 2.Транспорт құралдары және облыстың басқа
аудандарымен байланысы. 3.Қаланың немесе поселкенің мәдениет мекемелерінің
суреттері. 4.Өлке өміріндегі имәнді оқиғалар мен кітаптар, өлке туралы
газет қиындылары папкасы мен альбомы.
Сонымен өлкетану мүйісін құру оқушылардың өз жерін оқып білу, өлкетану
материалдарын жинау және ол материалды мұғалімнің сабақ беру кезінде
пайдалану мақсатын көздейді. Бұл жұмыста мұғалімнің атқаратын рөлі зор,
өйткені бұл жұмыстың тәсілдеріне кіші мектеп жасындағыларды үйретуі оның
өзінің өлкесін қаншалықты жақсы білуіне, оны зерттеу әдістерін игеруіне
байланысты болады. Өлкетану материалдарын жинау мектептің өмірмен
байланысын күшейтеді, оқушылардың өз өлкесінің табиғатын қорғау және қайта
құру жұмысына белсенді түрде күресуіне мүмкіндік туғызады.

Тірі табиғат мүйісі.
Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып,
оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың өсімдіктер мен
жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларды
қалыптастырады. Бұлар жоғарғы сыныптарда және онан кейінгі өмір
тәжірибесінде кәдеге асады.
Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті
бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспидистра, аспарагус, бальзамин, бегония-
рекс, глоксиния, кактустар, тасжарғыш, кливия, пеларгония, традесканция,
фикус, фукция т.б.) тікелей сынып бөлмесінде арнаулы тіркестерге
орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею
жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге оқушыларды жер шарының
шар тараптарының өсімдік әлемі өкілдерін таныстыруға болады.
Сынып бөлмесіндегі терезелердің аралығына іліп қоятын аквариум мен
шағын террариум құруға болады. Олар жергілікті және аквариум балықтарының,
бауырымен жорғалаушылардың немесе қос мекенділердің жеке өкілдерін ұстауға
қолайлы. Оқушылар аквариумның шынысы арқылы су асты патшалығының бәрі өзара
тығыз байланысты екендігіне көрнекі түрде көздерін жеткізеді. Дұрыс
жабдықталған аквариумде хайуанаттар табиғи жағдайға жақын жағдайда болады,
сондықтан аквариумдегі бақылау олардың тіршілігі мен мінез-құлқы туралы,
сонымен бірге су ортасына алуан түрлі беймделулері туралы қызық деректер
береді.
Тір табиғат мүйісі террариумында әр түрлі хайуанаттар: құрбақа, шөп,
көл,бөген бақасы, жалды тритон, кәдімгі су жылан, күйрек веретеница, дала
тасбақасы, сергек және тірі туатын кесіртке ұстайды.
Қосмекенділер үшін террариумде шалшық және күн сәулесінен
жасырынатын пана болуы керек. Бауырымен жорғалаушыларға террариум шалшықсыз
жарай береді. Тритонға су ортасында ол аз уақыт тыныстайтын алаңы бар шағын
аквриум болғаны дұрыс.
Егер тіршілік бұрышы жеке бөлмеде орналасса, ондай жағдайда құстар
ұстауға болады. Бәрінен де шымшықтар, қараторғайлар, қызылбауыр шымшықтар,
чечеткалар, пайыз торғайлар, қарғалар, ұзақ қарғалар жақсы көндігеді.
Құстар мен сүтқоректілерді (тиін, кірпі, теңіз свинкасы, аламан, ақ тышқан
т.б. сияқтыларды) ұстау үшін түбі жылжымалы, астаушасы және суаратын ыдысы
бар әр түрлі мөлшердегі торлар қажет.

Географиялық алаң
Ашық жерде табиғаттанудан бақылаулар мен практикалық сабақтар жүргізу
үшін бастауыш мектепте географиялық алаң болуы керек.
Алаңның мөлшері 10х10 м-ден кем болмауға тиіс. Оны биіктігі 1м-ге
дейін баратын қашамен қоршайды, қашаның бір бөлігін түрлі түске (мысалыға,
ақ пен қара) кезектестіріп бояйды да, өлшеуіш қаша ретінде пайдаланады.
Алаңға арналған орынды мүмкіндігінше ашықтау жерден таңдайды. Оның дәл
ортасында тіктегіші бар, биіктігі 1м вертикал қада (гномон) орнатады, оның
көмегімен оқушылар көкжиек тұстарының бағытын анықтайды. Талтүстегі
сызықтың көрсетуін пайдалана отырып, алаңда көкжиектің негізгі және аралық
тұстарын көрсететін жолдар төсеуге болады. Ауа райын бақылау үшін
метрологиялық будка орнатып, оның ішіне термометр қояды. Желдің бағытын
анықтау үшін биіктігі 10м бағанаға флюгер орнатады (мектеп маңында ашық жер
болмаса, флюгерді шатырға бекітеді). Оқушылар жеке заттардың биіктігін көз
мөлшермен анықтау дағдысын қалыптастыркға пайдаланулаы үшін бағананы әр
метр сайын бояйды.
Географиялық алаңда өлшем учаскесі бөлініп, онда дециметрлерге
бөлінген текше метр орнатылады. Қар жамылғысының қалыңдығын анықтау үшін
ұзындығы 1,5-2м, ені 8-10 см қар өлшейтін рейка қолданылады. Рейканың бет
жағы ақ түске боялады да, ақ бояумен 10 см сайын бөлінеді. Оқушылар жылдың
жылы мезгілінде географиялық алаңда құмнан рельеф формаларын мүсіндеу,
жасанды көлшікте аралдар мен түбектердің, өзеннің түйетайлы және жарқабақты
жағаларының үлгілерін жасау, өзеннің жасанды схемасында бастауын, арнасын,
сағасын және тарамдарын көрсету жөнінен әр тұрлі тапсырмалар орындай алады.
Бастауыш сынып жөнінен географиялық алаңда бақылау жүргізген кезде
мұғалімнің басшылығымен қарапайым құралдармен(термометрмен, флюгермен)
жұмыс істеу дағдысын қалыптастырулары, күннің көкжиектен биіктігін анықтау
үшін тал түстегі сызықты өлшеуді үйренулері (гномонмен); табиғат
құбылыстарын (бұлттылық, жаңбыр, қар, қырау, тұман т. б.) бақылауға және
көре білулері; жақын маңдағы заттарға дейінгі қашықтықты көзбен өлшей
алулары; көкжиектің негізгі және аралық жақтары бойынша еркін бағдарлай
білулері керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар. 1.Дүниетанудан сабақ беруде оқу құралдары
мен оқытудың көрнекі құралдарының алатын орны қандай? 2.Дүниетану
сабақтарында көрнекі құралдардың қандай түрлері қолданылады? 3.Өлкетану
мүйісінде қандай объектілер мен құралдарды пайдалануға болады?
4.Географиялық алаңда қандай бақылаулар мен практикалық жұмыстар
ұйымдастыруға болады? 5.Дүниетану курсының тақырыптарының біріне лайықтап
көрнекі құралдар мен жабдықтар іріктеңдер. Оларды сабақта пайдалану
мүмкіндігін дәлелдеңдер (оқытушы-әдіскердің ұсынуы бойынша)

ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ.
Жоспары:
1.Дүниетану сабақтарының негізгі типтері.
2.Заттық сабақтар.
3.Табиғаттану экскурсиялары.
4.Үй тапсырмалары.
ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ.
Мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу әртүрлі ұйымдастыру формаларында
өтеді. Оқу жұмысының әрбір формасы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің
сипатына, оқушылар құрамына, оларды сабақ кезінде ұйымдастыруға, сонымен
бірге оқу уақытының режиміне байланысты.
Қазіргі кезде бастауыш мектептегі дүниетану сабақтарында ұйымдастыру
жұмысының мынадай формалары қолданылады: сынып сабағы, экскурсия, үйдегі
оқу жұмысы, мұғалімнің тапсырмасымен жүргізілетін және тікелей оқу
материалымен байланысты сабақтан тыс жұмыс (табиғаттағы тірі табиғат
мүйісі, мектеп маңы алаңындағы бақылаулар), сыныптан тыс жұмыс.
Дүниетану сабағы бұл пән бойынша оқыту мен тәрбиенің негізгі
ұйымдастыру формасы болып табылады. Сабақ мұғалімге әртүрлі әдістер
тәсілдер жүйесін қолдана отырып, негізгі табиғаттану түсініктері мен
ұғымдарын қалыптастыру бағытында жоспарлы және мұқият жұмыс істеуге
мүмкіндік береді. Бірақ бұл жұмыстың бір сабақтан екінші сабаққа ұдайы
жүргізілетінін, сондықтан бағдарламаның әрбір тақырыбы өзара логикалық
байланыстағы сабақтар жүйесі болып табылатынын естен шығармау керек.
Табиғаттану сабақтарына мынадай талаптар қойылады:
1. Мұғалім сабақтың мақсатын, сабақта қандай дүниетану білімдері, іскерлігі
мен дағдылары қалыптасатының, оқушыларды жалпы дамыту жөнінен, әсіресе
олардың таным әрекетін дамыту жөнінен қандай жұмыс жүргізілетінін дұрыс
елестете білуі керек.
2. Дүниетану материалының мазмұны ғылыми және осы жастағы балаларға
түсінікті болуы керек. Оқушылардың дамуының әртүрлі деңгейде болатынын
ескере отырып, жекеше тапсырмаларды саралап көрсету қажет.
3. Мұғалімнің жұмысында және оқушылардың оқу әрекетінде ең үлкен жетістікке
жеткізетін әдістер мен тәсілдер жүйесін тыңғылықты түрде ойластырған жөн.
Мұнда айтарлықтай көмекші информацияны қысқаша түрде беруге мүмкіндік
тудыратын экрандық құралдар үлкен рөл атқарады.
4. Сабақта оқушылардың шығармашылық ойын және таным дербестігін дамыту
жөнінен ұдайы жұмыс жүргізіп отыру; дүниетануға байланысты түсініктер мен
ұғымдарды саналы және берік игеруді қамтамасыз ету қажет.
5. Сабақты оқу процесінің бүкіл барысы оның әрбір кезеңіндегі тиімділікті
қамтамасыз етуге тиіс.
Сабақтарды түрлі типтерге бөлуге болады: жаңа материалды өту, баянды ету,
қайталау және қорыту, білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру, аралас
сабақтар.

Заттық сабақтар.

Заттық сабақтың ерекшелігі онда оқушылар қоршаған болмыстың
құбылыстарымен және заттарымен нақтылы танысып, олардың арасындағы
байланысты анықтайды.
Мұғалім заттық сабақтарды өкізгенде ең алдымен осы пән жайында
оқушыларға қаншалықты нақтылы түсініктер мен ұғымдар беретінін айқын
елестетіп алуы керек. Белгілі бір затпен жұмыс атқара отырып, балалар әр
түрлі деректерден алған білімдерін тексереді және дәлелдей түседі. Заттық
сабақтар практикалық іскерлік пен дағдыларды тудыруға жәрдемдесуі керек.
Әдетте барлық заттық сабақтар экскурсиялардан кейін өтіледі. Экскурсиялар
кезінде оқушылардың зерттейтін затымен нақтылы табиғат ортасында
танысуларына, оның басқа заттармен және құбылыстармен байланысын көрулеріне
мүмкіндіктері болады
Сонымен, заттық сабақтың мынадай негізгі кезеңдері болады: затты көрсету
және оның атын анықтау; заттың жалпы көрінісін байқау және оның негізгі
бөліктерін белгілеу; затты жан-жақты қарап, басты және екінші дәрежедегі
белгілерін ұмытпау, оқушыға жақсы таныс басқа заттармен ұқсастық және
айырмашылық белгілерін ашу (бәрінен бұрын оқушылардың экскурсиялар
кезіндегі өз бақылауларының нәтижесінде осы алған білімдеріне сүйену
керек); зат туралы білімдерді талдап қорыту алынған білімдерді баянды ету
және оларды одан әрі жетілдіре тұсу (үй жұмысын орындау процесінде).
Дүниетану экскурсиялары.

Бастауыш мектепте табиғаттанудан сабақ беру процесінде экскурсияларға үлкен
орын беріледі. Экскурсия оқушылардың зерттейтін объектілері мен
құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына
негізделеді.
Экскурсиялардың мазмұны мұнан бұрынғы сабақтарда өтілген материалмен
тікелей байланысты болуы керек.: сонымен бірге экскурсияда алынған
түсініктер бақылау нәтижелері және жинаған материалдар кейінгі сабақтарда
пайдаланылады.
Экскурсиялардың танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Олар
оқушылардың білімін кеңітіп тереңдетеді. Балалар табиғат объектілерін
табиғи ортада көреді. Өсімдіктердің топырақпен жануарлардың өсімдікпен
өзара байланысын бақылайды. Бұл оқушыларды табиғаттың барлық бөліктері бір-
бірімен тығыз байланысты болып келетінін, бір тұтастығы туралы түсінігін
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сынып сабақтарында, экскурсияларда
қабылданған жеке ұғымдар табиғат деген анағұрлым кең ұғымға бірігеді.

Үй тапсырмалары.
Оқу жұмысы түрлерінің бірі – оқушылардың үй тапсырмаларын орындауы.
Мұғалім үй тапсырмасын түсіндіруді сабақтың маңызды кезеңіне айналдыруға
қол жеткізу керек. Оқушылардың үй тапсырмасын ойдағыдай орындауы оның
тапсырма сипаты қаншалықты ұғынуына байланысты. Әрбір оқушы не істеу керек
екенін ғана емес, сонымен бірге оны қалай орындау керек екенін де білуге
тиіс.
Үйдегі оқу жұмысының табысты болуының маңызды шарттарының бірі
оқушыларды өздігінше жұмыс істеуге үйрету міндеті болып табылады. Ол үшін
оқушыларды оқу материалын жаттап алуға емес, оқытушы сабақты беретін
деректер мен оқушылар оқулықты оқығанда өздігінше алатын деректердің
арасындағы байланысты орнатуға бағыттау керек. Мектепте білім алудың бүкіл
әдісі оқушылардың үйде өздігінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға
негізделіп құрылған. Оқушыларды сабақта алатын білімдерден өмір
тәжірибесіне пайдалануға, ал екінші жағынан өмірде алған білімдерін оқу
процесінде толығырақ үйретудің маңызы зор.
Сұрақтар мен тапсырмалар. 1. Дүниетану сабақтарының басқа оқу
пәндерінен негізгі айырмашылықтары қандай? 2.Бастауыш сынып мұғалімдерінің
жұмыс тәжірибелерінде сабақтың қандай типтері кездеседі? 3.Заттық сабақты
жүргізуді қалай жақсы ұйымдастыруға болады? 4.Экскурсияны дайындаудың және
жүргізудің қандай негізгі кезеңдерін ажыратуға болады? 5. ІІ және ІІІ
кластарда табиғаттанудан үй тапсырмаларының қандай түрлерін бөлуге болады?
6.Заттық сабақтың немесе экскурсияның конспектісін жасаңдар (оқыту
шы-әдіскердің тапсырмасы бойынша)

Оқыту әдістері мен тәсілдері туралы ұғым.

Жоспары:
1.Оқыту әдістері мен тәсілдері туралы.
2.Бақылаулар – табиғатты өздігінен оқып үйренудегібірден-бір негізгі
әдістер.
Оқыту әдістері дегеніміз ол мұғалімнің мектеп оқушыларына танымдық
қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір суруге
дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері. Оқыту әдістері
оқушыларға жаңадан білім беріп, бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді,
соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді.
Оқыту әдістері оқытудың мазмұнымен тығыз байланысты.Мұғалім мазмұны
бойынша қажетті оқу материалын іріктей отырып, одан сабақ берудің белгілі
бір формасын анықтайды. Оқушылардың міндеті мұғалімнің берген білімін
меңгере отырып, оны оқу және практикалық іс-әрекетке қолдана білу болып
саналады. Демек ,бағдарламадағы қандай да бір мәселені оқып үйрету әдісін
анықтаған кезде мұғалім мен оқушылар іс-әрекеттерінің сипатын, сондай-ақ
осы кезде пайдаланылатын білім көзін ескеру қажет.
Белгілі бір әдіс сабақтың мақсатына, оқу материалының мазмұнына және
танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты әр түрлі бағыт, түрліше
күрделілік дәрежесіне ие балады. Егер әңгімелеу І класта нақтылы
айқындап,пысықтауға бағытталатын болса, ІІІ сұрақтар оқушыларға белгілі бір
қорытындылар мен тұжырымдар жасауға, логикалық ой қалыптастыруға түрткі
болуы керек. Материал оқып үйренген кезде мұғалім оқушыларды көбірек
өздігінен жұмыс істеуге және алған білімді іс жүзінде қолдануға біртіндеп
баули отырып, қолданылатын әдістерді түрлендіруге ұмтылыс жасауға міндетті.
Бастауыш кластарда бір сабақта бір ғана әдіс қодану сирек пайдаланылады.
Әдеттегідей бір әдіс екінші әдіспен үйлестіріліп отырады. Мұғалім
әңгімелеу барысында картиналар мен диафилмдерді көрсетуді пайдаланады,
әңгімелеу әдісі әңгімемен жиі кезектестіріліп отырады, мұғалім практикалық
жұмыс барысында түсінік береді немесе оқушылар, нұсқау кеңес берілетін
оқулықтарды және т.б. пайдаланады.
Дуниетанудан сабақ беру барысында әрбір әдістерді тақырыптың
мазмұнына, оқушылардың жалпы дамуына және мұғалімнің шеберлігіне
сәйкестендіре отырып, пайдалана білу қажет.
Оқыту әдісіне жұмыстың әр алуан тәсілдері енеді, оларды әдістің
детальдары, элементтері ретінде қарастыру керек. Тәсілдер, әдетте, қосалқы
мәнде болады.Олар бір әдістің ғана емес, әр түрлі әдістердің бірқатар
бөлігі болуы да мүмкін. Мәселен, мұғалім табиғаттану сабақтарында көбіне
әңгіме немесе әңгімелесу, практикалық жұмыс және бақылаулар кезінде са
лыстыру тәсілін пайдаланады.
Сұрақтар мен тапсырмалар. 1. Оқыту әдісі дегенді қалай ұғынуға болады?
2.Оқу барысында оқыту әдісінің қандай маңызы бар? 3.Әрбір әдістің мәні
неде? 4.Қажетті әдісті қалай таңдап алу керек? 5.Сабақты тиісті тәсілдер
қолдана білудің қандай маңызы бар? 6.Базалық мектепте табиғаттану сабағына
қатысқанда сабақта қолданылған әдістер оқу материалының мазмұнына сай келе
ме, оқушылардың ой- өрісінің дамуына себепші бола ала ма, тәрбиелік мәні
бар ма, әдістер бір-бірімен өзара үйлесімділік таба алды ма деген
мәселелерге көңіл аударыңдар.

Бақылаулар-табиғатты өздігінен оқып үйренудегі бірден-бір негізгі
әдістер

Бақылау дегеніміз - оқушылардың түсінік пен ұғымдарды, іскерлік пен
дағдыны дұрыс қалыптастыру мақсатында тірі және өлі табиғат объектілерін
тікелей қабылдауы деп ұғынуымыз керек.
Бақылау, біріншіден, қоршаған болмыстан нақтылы және бейнелі
түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға, соның негізінде төменгі класс
оқушыларының логикалық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға
мүмкіндік береді. Екіншіден, ол материалистік дүние танымның қалыптасуына
себепкер болып, табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына,
табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына,
дүниенің материалдылығына және табиғаттың біртұтастығына балалардың көзін
жеткізеді. Бақылау діни нанымға қарсы күрес жүргізуге көмектесіп, сол
арқылы атеистік сенім қалыптастыруға себепкер болады. Үшіншіден, бақылау
жеке адамда ең маңызды сапаның бірі-бақылағыштықтың қалыптасуына мүмкіндік
береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеу, ес, талпынғыштық, білуге
әуестенудің дамуына, әр түрлі табиғи құбылыстар арасындағы байланыстарды
анықтай түсуге тікелей байланысты.
Екінші кластағылар өсімдіктер мен жануарларды бақылайды. Бұл
бақылаудың деректерін ауа райын бақылау таблицасының оң және сол жақ
бөліктеріне жазады. Төменгі жағына оқушылардың творчестволық жұмыстарының
материалын орналастыруға болады, олар: әңгімелер, өлеңдер,жұмбақтар,
мақалдар, мәтелдер, суреттер және т.б.Календарьдың астынғы жағына
желімделген арнаулы параққа график немесе таблица түрінде бақылау
материалдарын жинақтайды. Маусымға арналған календарьды қатырма қағазға
желімдейді; оның сырт бетіне жинақталған матеиалдарды бекітіп, солардың
барлығын басқа маусыммен салыстыруға және келесі жылғы оқуда қажетті жұмыс
үшін пайдалануға сақтап қояды. Бұл материалды келер жылғы бақылаулармен
салыстыру жеке құбылыстар арасындағы себеп –салдарлық байланыстарды
айқындап, қарапайым заңдылықтар белгілеуге себебін тигізеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар. 1.Төменгі класс оқушыларының айналадағы
табиғатты танып білуінде бақылау қандай роль атқарады? 2.Кластар бойынша
бақылау ұйымдастыруды және оны өткізу методикасын қандай негізгі кезеңдерге
бөлуге болады? 3.Дұрыс ұйымдастырылған бақылау қорытындылары балалардың
ойлау логикасын дамытуға жәрдемдесетіні неліктен? 4.Әр сынып бойынша
күрделенуін айқындай отырып өлі және тірі табиғат объектілері мен адамның
еңбек етуін бақылау таблицасын жасаңдар? 5.ІІ және ІІІ кластағы “Бақылау
күнделігінің” деректері (оқытушы-әдіскердің нұсқауымен) бойынша бір айдағы
бақылау нәтижелерін жасаңдар. 6.Базалық мектептің ІІ немесе ІІІ
кластарындағы оқушылардың бірімен “Бақылау күнделігін” жүргізуге (оқытушы-
әдіскердің берген схемасы бойынша) талдау жасаңдар.

Табиғи көрнекі құралдармен жұмы.

Жоспары:
1.Табиғи көрнекілікпен жұмыстар.
2.Дүниетану сабағында әңгімелесу.
3.Дүниетанудан сабақ берудегі әңгіме.
Мұғалімдер бастауыш кластағы табиғаттану сабақтарында табиғи көрнекі
құралдарды (топырақ үлгілері, үлестірме материялдармен бірге пайдалы
қазбалар коллекциясы, мәдени және жабайы өсімдіктер герьарийі, экскурсиядан
әкелінген өсіп тұрған өсімдіктер, пайдалы және зиянды насикомдар
коллекциясы және т.б) кеңінен қолданылады. Табиғи нәрселерді табиғи күйінде
көрсететін осы құралдар табиғаттану сабақтарына қажетті де маңызды болып
саалады,мектеп оқушылары олармен жұмыс істеуге ынтық болады және олар білім
алуға жәадемдеседі.
Мектеп оқушылары ІІІ класта егістікке экскурсия жасау соңынан заттық
сабақта астық дақылды өсімдіктердің жеке гербарий анықтап қарай
отырып,масақ,шашақ танысады, сөйтіп бұдан соң оқулықтағы сұрақтарға жауап
береді.Мұғалімің ІІ класта өсімдік бөліктерін оқып уйрену кезінде сабаққа
түрлі овощ өсімдіктерін әкелуіне болады.Оқушылар овощтардың әрқайсысын жеке
анықтап қарай отырып , адам өсімдіктің қай бөлігі тағамға пайдаланатына
көрнекі түрде көз жеткізеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар. 1.Қандай құралдар табиғи құралдар деп
аталады? 2. ІІ және ІІІ кластар үшін табиғи құралдар жиынтығын жасаңдар.
3.Сабақта табиғи құралдардың біреуін пайдалану жөнінде тапсырма
құрастырыңдар

Дуниетану сабақтарында әңгімелесу.

Әңгімелесу – бастауыш кластардағы өте кең тарағанжәне тиімді әдіс.
Мұғалім әңгімелеу барысында мақсатқа бағытталған сұрақтар жүйесінің
жәрдемімен төменгі класс оқушыларының бақылау және өмірдегі тәжірбиесі
негізінде оқушыларды жаңа материялдықабылдай білуге әзірлейді, олардың
өздігінен қортынды талдап қорыту жасауына тұрткі болып , жаңа білімді
игеруге ықпал жасайды. Әңгімелесу солармен бірге өтілген материялдыжүйелі
түрде пысықтап,бекітуді жүзеге асырады.
Мұғалім әңгімелесуді іскерлікпен пайдалана отырып, оқушылардың
танымдық әрекетінің жандануына жәрдемдеседі, әңгімелес процесінде олар
ойлауға,талқылауға, талдау жасауға, өз бетімен қортындылар жасауға
уйренеді.Әңгімелесу мұғалімнің әрбір оқушымен олардың ой-өрісінің дамуы мен
дайындығына қарай жеке-жеке жұмыс жүргізуіне көмектеседі.
Сұрақтар мен тапсырмалар. 1.Бастауыш кластардағы дүниетанудан сабақ
берудегі әңгімелесудің маңызы қандай? 2.Әңгімелесудің негізгі түр
өзгешеліктерін сипаттап беріңдер? 3.Табиғаттану сабақтарында әңгімелесудің
тиімді болуын қалай жүзеге асыруға болады? 4.Әңгімелесі барысында сабақ
берудің басқа әдістерін пайдалануға болатыны неліктен? 5.Базалық мектептегі
сабақта әңгімелесуді пайдаланудың тиімділігін талдап көрсетіңдер.
6.Дүниетанудағы тақұырыптардың бірінен (оқытушы-әдіскердің көрсетуі
бойынша) әңгімелесу өткізіңдер.

Дуниетанудан сабақ берудегі әңгіме

Әңгіме-бұл нақтылы материалды жүйелі баяндау немесе табиғи объектінің
не табиғат құбылыстарының әйтеуір біреуін сипаттау. Мұғалімдер көбінесе
материал оқушыларға онша таныс болмаған жағдайда әңгімені қолданады.
Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың материалмен ретті, жүйелі түрде
танысуына мүмкіндік береді, оларды дұрыс және логикалы ойлауға
үйретеді.Мұғалім айқын , нақтылы және түсінікті баяндау арқылы төменгі
кластағы мектеп оқушыларын біліммен және іскерлікпен қаруландырады, олардың
ойлау әрекетін жандандырып,
оқытылатын материялға деген қызығуын дамытады, көзқараспен сенімін
қалыптастырады.
Әңгіме идеалық бағытта және ғылыми тұрғыдан дұрыс құрылуы;
формасы жағынан қарапайым да жеңіл,әдемі де әсерлі,оқушылардың ойлау
қызметін жұмылдырып қызықтыра білуі; сталистикалық дұрыс құрылып, мазмұны
жағынан қысқа болуы; артық дерктер мен сипаттардың болмауы; белгілі бір
қарқында айтылуы тиіс.
Әңгіме барысында көрнекі құралдар пайдаланылып карта,кинофильмдер мен
диафильмдер көрсетіледі, таблицалар мен карталарға талдау жасалынады. Міне
сонда ұсынылатын материял барынша толықтырылып оқушылар оны жақсы есте
сақтайтын болады.Көрнекі құралдардың әңгімеде пайдалану орнын ойластыру
керек. Егер сөз обьектіні қарастырған уақытпен сәйкес келсе, онда мұғалім
үлкен тиімділікке қол жеткізеді.
Мұғалімнің әңгімеге даярланудағы негізгі сәттер мыналар: мұғалім
әңгіменің сабақтағы орнын анықтайды; мақсаты мен тақырыптарын белгілейді;
баяндалуға тиісті мәселе мазмұнының өзіне қаншалықты түсінікті екенін
тексереді; әңгіменің жеке көріністеріниллюстрациялау үшін қажетті көрнекі
құралдарды белгілеп, тауып алады; жаңадан мұғалім болғандар оны көркемдеп
орындауға жаттығады.
Бастауыш кластағы сабақ беру практикасында әңгіме көбіне әңгімелесумен
ұштастыра өткізіледі. Мұғалім сабақ барысында көрнекі құралдардың (картина,
таблица, карта, схема және т.б.) біреуіне назар аудара отырып, балалардың
құралдарды белгілі-бір жоспар бойынша қарастыруына бағыт береді, әңгімені
тереңірек ойлауға жәрдемдестін елеулі сәттерге назар аудара отырып, қажетті
пікірге келтіретін шағын әңгіме өткізеді.
Әңгімені әңгімелесумен ұштастыру, әр алуан тәсілдерді кең
пайдалануға мүмкіндік беріп, балаларды хабарланған деректерге тереңірек ой
жіберуге және оларды саналы түрде меңгеруге мәжбүр етеді. Алайда әңгіме
оқушылардың белсенділігі мен дербестігін біршама әлсіретеді.
Сұрақтар мен тапсырма. 1.Дүниетануға арналған әңгімеге қандай негізгі
талаптар қойылады? 2.Мұғалім әңгімеге дайындықты қалай жүзеге асырады?
3.Суреттеу әңгімесін қандай жағдайда пайдалану дұрыс болады? 4. Әңгіменің
сабақта жұмыс істеу әдісі ретіндегі кемшілігі неде? 5.Әңгімелердің бір
түрін оқытушы-әдіскердің тапсырмасы бойынша құрастырыңдар.

Дүниетану сабағында оқулықпен жұмыс істеу
Жоспары:
1.Бейнелеу көрнекі құралдарымен жұмыс.
2.Экрандық құралдармен жұмыс.
3.Планмен, картамен жұмыс.
Мектеп пен мұғалімнің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі
балаларға жалпы кітаппен, оның ішінде оқулықпен жұмыс істей білуді үйрету.
Әрбір оқулық балаларды белгілі білім минимумымен қамтамасыз етіп, олардың
сабақта алған мәліметтерін бекіту қызметін атқарады, алған білімді
практикада қолдануға үйретеді.
Табиғаттануды оқып-үйренуде оқулықпен класта, сондай-ақ үйде жұмыс
істеуге едәуір орын берілген. Мұғалімге балалардың табиғаттағы бақылауын
оқулықтың алмастыра алмайтынын, тек олардың назарын белгілі объектілерге
бағыттап, бақылауда болатын құбылыстарды жинақтап, қорытуға және оларды
жүйеге келтіруге жәрдемдесетінін есте ұстау қажет. Балалар оқулықтың
(мақала, тапсырма, сұрақтар, иллюстрация) жәрдемімен бақылаудағы
құбылыстардан негізгілерін бөліп, оларды жинақтап қорытып, соның негізінде
түсініктер мен ең қарапайым ұғымдар қалыптастыруды үйренеді.
Оқулықпен өз бетімен жұмыс істеу әдетте үйде өткізіледі, бірақ
оған оқушыларды дайындай білу керек, олай етпесе, балалар тексті жаттап
алып, оның мазмұнын саналы меңгере алмайды.
Үйге берілген тапсырманы дайындау кезінде оқушыларғатексті
дауыстап оқуды ұсыну керек. Оқу сөздің дұрыс болуына, оңай есте қалуына
үйретеді. Мақаланы тұтас оқып шыққаннан соң берілген сұрақтарға жауап
қайтару керек (тыңдап оқу арқылы).
Балаларға қиындық келтіретін сөздерді, сөз тіркестерін, ұғымдарды
мұғалім әңгімелеу барысында сабақ үстінде түсіндіруге тиіс.
Оқулық оқушылардың программа белгілеп берген тірі және өлі табиғат
туралы түсініктерді, олардың өзара әрекеттері мен адам еңбектеріне әсерін
игеруге көмектеседі. Оқулықпен жұмыс балалардың табиғатты бақылауымен, оны
“Бақылау күнделігіне” және жалпы кластық табиғат пен еңбек календарына
жазып алумен ұштастырылуы қажет.
Оқулықта берілген карталар “жұмыс істеуі” үшін балаларға әртүрлі
мақалаларда ескертілген географиялық объектілердің бірін картадан таба
білуді жиі ұсыну керек. Оқулықта түрлі-түсті иллюстрациялар өте көп. Алайда
суреттер дегеніміз ол оқулықты көркемдеу емес, оқулықтың мазмұны мен
методикалық құрылымының маңызды элементі. Суреттер балалардың ойлау
әрекетіне көрнекі тірек болып, сананы табиғат нәрселері мен құбыфлыстары
туралы нақтылы түсініктермен байыта түседі, баланың сезіміне әсер етеді.
Мұғалімдер оқулық текстімен жұмыс істеуді ұйымдастыра отырып,
көбінесе иллюстрацияларды пайдаланбайды, балаларға суреттерді анықтап
қарауды, текспен үйлестіруді, олардан қандай да бір мәлімет алуды
үйретпейді.
Егер балалар суретке тек шала шарпы ғана көз салса, онда
бейнеленгеннің көпшілігн байқамай қалады. Суретті бұлай үстірт қабылдаудан
келер пайда аз. Мектеп оқушыларын бейнелерге жүйелі түрде зер сала білуге,
суреттің мазмұнын аша отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте қоршаған орта пәнін оқытудың әдістемесі
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Жалпы Физикалық география
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқытудың әдіс тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
Білікті маман дайарлау
Пәндер