Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ӘОЖ 378.02:37.6.013.41
Қолжазба құқығында
САДУОВА ЖАНАР НҰРӘЛІҚЫЗЫ
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыру
13.00.08 – Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми
жетекшілері:
педагогика ғылымдарының
докторы, профессор Керімов Л.К.,
педагогика
ғылымдарының
докторы, доцент
Беркімбаев К.М.
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ 8
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ...
1.1Жаңа педагогикалық технологиялардың болашақ мұғалімдерді
кәсіби даярлаудағы мәні және 8
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2Жаңа педагогикалық технологиялардың оқу үдерісінде алатын орны
және атқаратын 32
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
1.3Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ
БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... .. 80
2.1Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жаңа педагогикалық
технологиялар негізінде қалыптастырудың педагогикалық 80
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
2.2Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыру 100
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары және оның
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 117

ҚОРЫТЫНДЫ 122
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 124
ҚОСЫМШАЛАР 134
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу -
деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген [1]. Бұл
міндеттерді шешуде, әрбір білім беру мекемесі, әрбір мұғалімнің күнделікті
ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол
ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың
бірнеше жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті
интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды
және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; оқытушылардың
кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді
даярлау мен олардың кәсіби деңгейін жаңа педагогикалық технологиялар
негізіне көтеру қажет. Мұндай үдеріс әлемнің түрлі елдерде өздерінің ұлттық
ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне
қарай әртүрлі деңгейде көрініс тапқан.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен
мәнінің өзгеруі білім беру технологиясы деп аталатын жаңа ұғымның пайда
болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өзгеше дамытатын
жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың іс-әрекеті жетекші фактор
болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара
әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін
рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
ЖОО-да білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі болашақ
мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты.
Педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды
зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, болашақ мұғалімнің кәсіби мәнді
сапаларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, педагогикалық іс-әрекеттің
дидактикалық негіздерін айқындау, ЖОО-да оқу үдерісінің тиімділігін
арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар- А.П. Сейтешов [2], Н.Д. Хмель
[3], С.А. Ұзақбаева [4], Л.К. Керімов [5], Б.Р. Айтмамбетова [6],
Б. Әдікәрімұлы [7], М.А. Құдайқұлов [8], А.Е.
Әбілқасымова [9], Ғ.К. Ділімбетова [10], В.В.
Егоров [11], М.Ж. Жадрина [12], А.А. Калюжный [13], М.С. Молдабекова [14],
З.А. Исаева [15], Б.К. Момынбаев [16], Г.Ж.
Меңлібекова [17], Г.К. Нұрғалиева [18], С.А. Жолдасбекова [19],
М.Н. Сарыбеков [20], Қ.А. Сарбасова [21], Ә. Абуов [22], Б.С. Имандосова
[23] және т.б. еңбектерінде қарастырған.
Болашақ түрлі сала мамандарының кәсіби бағыттағы даярлығын әр қырынан
қалыптастыру бойынша ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Олар: С.Ж.
Пірәлиев [24], Л.А. Шкутина [25], С.Ә. Әбдіманапов [26],
К.М. Беркімбаев[27], Ж.К. Оңалбек[28] т.б. болашақ мұғалімдерді
кәсіби дярлау; Б.Т. Кенжебеков[29], Б.А. Оспанова [30] болашақ
мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен креативтілігі туралы еңбектері бар.
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды
ұсынған Н.П. Гузиктің [31], В.М. Монаховтың [32], В.Ф.
Шаталовтың [33], Т. Галиевтың [34], Л. Бектұрғановалардың [35] еңбектері
және т.б. ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектері біздің зерттеу
жұмысымызда басшылыққа алынды.
Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-
тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В.П. Беспалько
[36], Ж.А. Қараев [37], Ш.Т. Таубаева [38], Қ.Қ. Ералин [39], Б.Т.
Барсай [40], Д.М. Жүсібалиева [41], М.В. Кларин [42], Қ.Ө.
Қариева [43], С.А. Көшімбетова [44], Қ. Қабдықайырұлы [45], А.А. Саипов
[46], Г.К. Селевко [47], Б. К. Төлбасова [48] және
т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.
Көптеген ғалымдар жаңа педагогикалық технологияларды оқыту
үдерісінде қолдану мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А. Қараев
оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру, С.М. Кеңесбаев болашақ мұғалімдердің жаңа
ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, С.А. Көшимбетова оқу-
тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың
педагогикалық шарттары, Қ.А. Сарбасова инновациялық педагогикалық
технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру,
Ә.Е. Абуов мектептің оқу үдерісінде инновациялық білім беру
технологияларын қолданудың педагогикалық шарттарын қарастырған.
Біз жоғарыда аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда жаңа
педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану мәселесінің
ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай отырғандығын
анықтадық.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығына бүгінгі өркениетті қоғамның
сұранысы мен оларды жоғары оқу орындарында даярлауда жаңа педагогикалық
технологияларды пайдаланып теориялық және практикалық білім беруді
жетілдіруде әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар
бар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің
зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты Жаңа педагогикалық
технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастыру деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында кәсіби
даярлық үдерісі.
Зерттеудің пәні: жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ
мұғалімдердің кәсіби-бағыттылығын қалыптастыруды теориялық-әдістемелік
тұрғыдан негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ мұғалімдердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологиялардың мәні мен
мазмұны теориялық тұрғыдан айқындалып, моделі жасалса және педагогикалық
жүйе ұсынылып тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін
білікті және бәсекеге қабілетті мұғалім мамандары даярланады, өйткені бұл
қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұраныс.
Зерттеудің міндеттері:
- болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудағы жаңа педагогикалық
технологиялардың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу;
- болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделін жасау,
өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
- болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы
педагогикалық практикалардың мүмкіндіктерін айқындау;
- жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жүйесін құру;
- ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесін тәжірибелік-экспериментте
тексеру және тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Болашақ мұғалімдердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологияларды
пайдалану қазіргі заман талабына сай білікті мамандардың даярлығын
жетілдіре түседі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін тұтас педагогикалық
үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар бойынша тұжырымдар, жеке
тұлғаның әлеуметтік мәні туралы философиялық, психологиялық қағидалар, жеке
тұлғалық-бағдарлы білім беру теориясы, ғылым мен практиканы кіріктіру
теориясын құрайды.
Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы
Заңы, Қазақстанның-2030 даму стратегиялық бағдарламасы; Қазақстан
Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы;
Отандық және алыс-жақын шетелдік педагог ғалымдардың зерттеліп отырған
мәселе бағытындағы еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми
құжаттары, заңдары, қаулы-қарарлары, оқу-әдістемелік құралдар,
бағдарламалар, автордың өзінің жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге, жоғары және арнайы оқу
орындарының оқу-тәрбие үдерісінің құжаттарына талдау жасау; бақылау,
әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент
жүргізу, алынған нәтижелерді математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
1. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімнің кәсіби
бағыттылығының қалыптасуына теориялық тұрғыдан талдау жасалған.
2. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделі
жасалып, өлшемдері, көрсеткіштер мен деңгейлері нақтыланған.
3. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы
педагогикалық практикалардың мүмкіндіктері айқындалған.
4. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыратын жүйесі құрылған.
5. Ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесін тәжірибелік-экспериментте
тексеріліп және тәжірибелік-экспериментте дәлелденген.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары оқу
орнының студенттеріне арналған жаңа педагогикалық технология-лардың
мазмұндық сипаттамасы, болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастыру моделі мен педагогикалық жүйесі, Мұғалім іс-әрекетінің
психологиялық-педагогикалық негіздері және Қазіргі педагогикалық
технологиялар атты арнайы курс бағдарламалары болашақ ұстаздардың кәсіби
бағыттылығын қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орындарының тәжірибесіне
ендірілді.
Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу
орындарындағы мұғалім мамандарын даярлауда және Республикалық, аймақтық
мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми-теориялық мазмұны болашақ
мұғалім мамандарының педагогикалық білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол
кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені,
ол оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырып білікті, шығармашыл,
белсенді мұғалімдерді даярлауға септігін тигізуі.

мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттері бірлігінде байқалады
және нақты өлшемдер мен көрсеткіштер және деңгейлер арқылы сипатталады.

педагогикалық практикалардың мүмкіндіктері.

мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыратын жүйесі.
5. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың
педагогикалық жүйесі Мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық
негіздері және Қазіргі педагогикалық технологиялар атты арнайы курс
бағдарламалары, Педагогика, Жалпы психология және педагогика негіздері,
Студенттердің педагогикалық практикасы, Жас ерекшелік және педагогикалық
психология, Психология мамандығына кіріспе пәндері және педагогикалық
практика және арнайы курстар арқылы жүзеге асырылуы.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу үш кезеңге сәйкес жүргізілді.
Алғашқы кезеңде (2002-2004 ж.ж.) зерттеудің теориялық негіздері
анықталды, философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми-
әдістемелік зерттеулер мен педагогикалық технологиялар бойынша
әдебиеттер терең меңгеріліп, теориялық тұрғыдан талданды, зерттеудің ғылыми
аппараты анықталды.
Екінші кезеңде (2004-2006 ж.ж.) ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге,
қазіргі ғылым мен техниканың даму жағдайындағы, психологиялық және
педагогикалық бағыттағы пәндердің мазмұнын жетілдірудегі басты идеяларға,
жоғары оқу орындарында психология және педагогиканы оқытудағы алдыңғы
қатарлы озат тәжірибелер мен әдістерге сүйене отырып, Қазіргі
педагогикалық технологиялар және Мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-
педагогикалық негіздері атты курстарының мазмұны анықталып, бағдарлама
құрастырылды; оқытушыларға және студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар
дайындалды, экспериментке қатысушылардың әр түрлі топтары үшін тәжірибелік-
педагогикалық жұмыстардың бағдарламасы мен әдістемесі жасақталып, анықтау
және қалыптастыру, бақылау эксперименттері жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2006-2007 ж.ж.) жоғары оқу орындарында Қазіргі
педагогикалық технологиялар, Мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-
педагогикалық негіздері атты арнайы курстары тәжірибелік тексеруден
өткізіліп, алынған нәтижелер психологиялық және педагогикалық бағыттағы
пәндердің құрамды бөліктері бойынша эксперименттік және бақылау топтарының
оларды игеру деңгейлерін салыстыру әдісімен өңделді; теориялық және
тәжірибелік тексеру жұмыстарының нәтижелері жүйеленіп, тұтас зерттеу
бойынша қорытындылар шығарылды және әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-зерттеу жұмыстары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Кентау институтында, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерін талқылау және ендіру. Диссертациялық жұмыстың
негізгі нәтижелері Халықаралық (Шымкент, 2004, 2007, Қарағанда, 2005,
Көкшетау, 2005, 2007, 2008, Кентау, 2006, Тараз, 2007, Семей, 2007,
Алматы, 2007), республикалық (Шымкент, 2004, 2005) ғылыми-практикалық және
ғылыми-теориялық конференцияларда, республикалық педагогикалық оқуларда
(Шымкент, Түркістан, Кентау 2002-2007) және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің жыл сайынғы өтетін конференцияларда, ғылыми-
әдістемелік семинарларда, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облыстық,
аймақтық, қалалық білім беру басқармаларында баяндалды, мерзімді ғылыми-
педагогикалық басылымдарда, жинақтарда, бағдарламаларда, әдістемелік
нұсқауларда, оқу-әдістемелік құралдарда, электронды оқулықтарда көрініс
тапты. Жалпы саны –29.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жаңа педагогикалық технологиялардың болашақ мұғалімдерді кәсіби
даярлаудағы мәні және сипаты
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев қалыптасқан дәстүр
бойынша 2007 жылдың 28-ші ақпандағы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты
Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени
жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму бағыттарын атап
көрсетті. Қол жеткен нәтижелер - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары
білім беру үшін алтыншы міндет пен он сегізінші бағыттың маңызы ерекше.
Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты
экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен
көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту - деп атап айтты
[49].
Сондықтан бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері
қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда.
Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғаюы, бүкіл
педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз
арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда кез-келген оқу орындарында оқу
үдерісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың
тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің
теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады. Сондықтан біз
оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп отырған проблеманың
жағдайына талдау жасауды жаңа педагогикалық технологиялар ұғымына нақты
түсінік беруден бастағанды жөн көрдік. Зерттеуде, ең алдымен инновация,
технология, педагогикалық технология ұғымдары жөніндегі анықтамалар
жүйеге келтіріліп, жаңа педагогикалық технологиялар ұғымына мазмұндық
сипаттама беруді жөн көрдік.
Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. АҚШ, Нидерланды сияқты
кейбір мемлекеттерде бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес
мемлекеттерде инновация ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес.
Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау
мақсатымен ғылыми-педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, баспа
беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстан
мемлекетінде инновация ұғымына берілген анықтамалар жинақталды.
Ғылымның қайнар көзі - Ресейде инновация ұғымына өте күдікпен
қараған. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы бірден-бір білім реформаларында бұл
термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық
үдеріс өткен, бірақ инновация термині еш жерде аталмайды.
Мысалы, инновация ұғымының әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген
анықтамаларына тоқталсақ: Э.М. Роджерс: Инновация – нақтылы бір адамға
жаңа болып табылатын идея деп түсіндіреді [50].
Майлс пікірі бойынша: Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан
жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күтеміз - деген.
Американ ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияның
құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы
көзқарастардың комплексті өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс, - деп
түсінеді екен.
Найхоз инновацияны үдеріс деп есептейді де, инновация қандай да бір
идеялардан басталатын, өзгерістерге әсері, тұтынушылардың не қолдауы, не
бас тартуымен аяқталатын үдеріс, - дейді. Марклунды өзінің соңғы
еңбектерінде инновация мен өзгеріс арасындағы айырмашылықтарды
айқындаған. Инновация және өзгеріс ұғымдарын көбіне синонимдік
қатынаста қарастырады, егер өзгеріс бүкіл оқу орнында қолданылса, оны
инновация деуге болады. Бірақ кез-келген өзгерісті инновация деп тағы
айта алмаймыз. Инновация болу үшін алдын ала қойылған мақсаттардың оңды
нәтижесін, жемісін көру қажет. Инновация ұғымының негізін салуға көп үлес
қосқан неміс ғалымдары В. Замбарт, Метчемек және австралиялық экономист И.
Шумбеертді жатқызуға болады. Бірақ, олар бұл ұғымды саяси экономикалық,
технологиялық үдерістерге байланысты қолданған.
Инновация термині ғылымға XIX ғасырда оның антропология және
этнография салалары арқылы енді. Мұнда ол дәстүр терминінің антонимі
ретінде мәдениеттегі өзгерістер үдерісін зерттеуде қолданылады. Әсіресе,
тиісті ортада мәдени жаңа жасалымдардың диффузиясына, олардың басқа
мәдениетке өтуіне назар аударылды. Сол арқылы инновация ұғымы
диффузионинзм тұжырымдамасы мәніне енді. Бұл ұғым мәдениет өндірісіндегі
эволюционизмнің орнын ауыстырды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында
функционализм әсерінен өндірістер үрдісі батыстағы әлеуметтік ғылымдардың
перифериясына сәйкес келді. Ал инновациялар жүйедегі теңсіздік, қысымдардың
бой көрсетуі немесе жаңа қысымдардың бастау көзі қызметін атқаратын
қалыптан ауытқу ретінде көрінді. Бірақ экономика ғылымы ХХ ғасырдың басында
инновация ұғымын меңгеріп, субьектілердің шаруашылық өмірде қолданатын
және кәсіпкерлік пайда көзі ретінде жұмсалатын элементтеріне жаңа рең
берді, циклдық дағдарыстарды жеңудің маңызды құралы ретінде танылды.
70 - жылдардағы дағдарыстан соң, менеджерлер арасында фирманың
инновациялық саясаты термині кең қолданылды. 50-70 жылдары фирмалар және
басқа да іскер ұйымдар іске асыратын техникалық және ұйымдастыру-басқарудың
эмперикалық зерттеулері кең қанат жайды. Мұнда экономикалық саладағы
инновацияның жеке әлеуметтік факторлары белсенді түрде зерттелді.
Әлеуметтанушылар функционализмнің әлсіздігін жеңу үшін ХХ ғасырдың екінші
жартысында инновацияны әлеуметтік өзгерістердің жалпы үдерісінің сатысы
ретінде қарап, оның төрт негізгі элементін атап көрсетті: жаңашылдық,
жаңашыл, диффузия агенттері, бағалаушылар. Үдерістің сындарлы,
өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілімдерге сәйкес
бағалаушылардың іс-әрекетіндегі өзгерістер құрайды.
Білімнің теориялық саласын қалыптастырушы Г. Тардтың есімімен
байланысты жаңа енгізілімдер түрінде мақсатты бағыттағы өзгерістер заңын
пайдалануды зерттеуді қамтамасыз етуші ретінде инновацияның қалыптасу
кезеңіне қатысты алғашқы еңбектерде инновация көп функциялы ұғым
ретінде түсіндіріледі.
Г. Тардтың еңбектерінде (Әлеуметтік логика, 1901ж.) қоғамдық
прогрестің индикаторы болып жаңалық ашу мен жаңа енгізілімдер танылады.
Олардың айырмашылығы мынада: жаңалық ашу - жаңа бір нәрсе, ал жаңа
енгізілім - әлеуметтік мәдени мөлшер ретінде ашылған жаңалықты меңгеру.
Мұнда жаңа енгізілім қажеттілікті қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен
қатар ол адамның қоғамды өзгертуге бағытталған жаңа істерін ендіреді.
Австриялық экономист И. Шумпетер (Экономикалық даму теориясы 1901
ж.) жаңа енгізілімнің ерекше механизмін атап өтеді. Ол ғылым-зерттеу-
әзірлеме-өндіріс-тұтыну тізбегіндегі теориялық зерттеу мен өндіріс
арасындағы байланыстың болуымен ерекшеленеді. Осы негізде инновацияның бес
түрі ажыратылып, инновациялық өзгерістер субьекті ретінде адамға қажет
қасиеттерді суреттей отырып, жаңа кәсіпкердің образы қалыптасады [51]
Кеңес ғалымы И.Д. Когуратаев ХХ ғасырдың екінші жартысында ірі
көлемді жаңа енгізілімдердің 50 жылдық үлкен циклдарын (шетелде оларды
ұзын толқындар деп атайды) табады. Циклдың даму теориясы осы адамның
атымен байланысты. Мұнда бір уақытта әлеуметтік өмірді де өзгертетін
мақсатты бағытталған және жаңалықтарды қарқынды пайдалану ретіндегі жаңа
енгізілім динамикасы ерекше орынға ие.
Кейінен инновация ұғымы білім беру жүйесіне жаңаны енгізу
мағынасында педагогикалық еңбектерде кезіге бастады.
1957-1964 ж. Он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі
инновациялар және өзгерістер кезеңі енеді:
1) Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі - арнайы
қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді
көтеруді ұйымдастырушыларда және т.б.
2) Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға келеді:
Әрбір жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-
әрекет жасауы тиіс - дейді.
3) Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа
елдердің педагогтары да қарастырады.
90-шы жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары В.И. Днепрова[52],
А. Золвязинский [53], Л.А. Лазареваның [54] еңбектерінде
инновация ұғымы пайда болады. Олар инновация ұғымы білім беру
жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті
деп сипаттайды. М.М. Поташник [55], А.С. Доренсов [56].
жаңалық дегенді құрал ретінде (яғни жаңа әдіс, жаңа технология) ал,
инновация осы тәсілдерді меңгеру үдерісі деп санайды.
Қазақстан да инновация ұғымын пайдалану соңғы бес жылдыққа
жатады. Ең алғаш инновация ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым,
профессор Немеребай Нұрахметов. Оның пікірінше Инновация, инновациялық
үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек
қызмет [57].
Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың - инновация,
нововедение, новшество, новое және т.б. қазақша аудармаларын жасаған,
Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты
әдіскері Қ. Құдайбергенова болып табылады. Өз еңбектерінде инновацияны -
нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп тұжырымдаған. Осының
негізінде төмендегідей аудармалар жасаған: инновация - жаңарту,
нововедение - енген жаңалық, новое - жаңа, новшество - жаңалық,
инновационный процес - жаңарту үдерісі [58].
Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген;
инновация- сөзі латын тілінен енген - новый, яғни аударғанда обновление-
жаңарту, новинка- жаңалық, изменение - өзгеріс деген мағына береді.
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу,
яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды
жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсінеді:
а) жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үдерісі;
ә) өзгеріс;
б) құрал, әдіс.
Инновация ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасалмаған.
Ал, біз өз зерттеу жұмысымызда Ш.Т. Таубаева және Қ. Құдайбергенова және
т.б. ғалымдардың берген анықтамаларын негізге алғанды жөн көрдік, яғни
инновация - бұл нақтылы қойылған мақсатқа, ойға алынған жаңа нәтиже.
Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен
жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі
категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы
ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет
бұрудың кілті және қайнар бұлағы.
Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен практикасында
кеңінен қолданылуда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы белгілі
бір педагогикалық категория ретінде берілмеген. Көптеген ғылыми
педагогикалық еңбектерде инновация ұғымын білім беру жүйесінде
жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп
сипаттайды.
Инновациялық динамика жаңа білімдердің техникалық немесе
әлеуметтік шындыққа айналуының логикалық реттелген технологиясын танытады:
жаңа білімнің тауар немесе қызмет көрсету үлігісіне айналу сатыларын
білдіреді.
Педагогикалық инновациялардың феноменологиясын зерттей отырып,
В.Загвязинский инновациялық ағын ұғымын енгізеді. Ол бұл ұғымға
педагогикалық жаңалықтарға деген дұрыс қатынасын білдіретін мұғалімдердің
түрлі сипаттағы қызметтері енеді деп көрсетеді. Оның пікірінше, жаңашыл
педагог – жаңа педагогикалық жүйенің авторы, яғни өзара байланысты идеялар
мен тиісті технологиялардың жинтығының авторы [59].
Сонымен қатар зерттеушілер мұғалімдердің инновациялық-педагогикалық
үдерісіне деген қатынасына әсер ететін басқа да факторларды атап өтуде.
Мәселен, К. Ангеловский мұндай факторларға келесілерді жатқызады:
- жаңалықтың мақсаты;
- жаңалықты енгізу әдістемесі;
- жаңалықтың мотивациясы;
- студенттерді үлкен белсенділікке ынталандыруға талпыну;
- мектепте жаңашылдықты бекіту;
- қоғам талаптарын қанағаттандыру;
- оның жұмыс нәтижесін арттыратына көз жеткіздіру [60].
Білімдегі жаңа мен жаңалық мәселесі белгілі бір қызығушылық
тудырады. А.И. Пригожин атап өткендей, жаңашылдық категориясы уақытша
ғана емес. Сапа категориясы да сол сяиқты. Бірақ оның сапалық мазмұнын
былай анықтаған дұрыс болады: дұрыс жаңалық жаңалықтың осы параметрлік
қатарын дамытатын, сондай-ақ жаңалық ашатын үздік өндірістік немесе
тұтынушылық қасиеттерін білдіреді. Жаңалық мәнін бұлай анықтауда
өндірістік және тұтынушылқ қасиеттер басты орынға ие болады [61].
Н.Р. Юсуфбекова О педагогической инноватике деген еңбегінде
Инновация - білім беру жүйесіндегі жаңартудың үдерісі деп көрсетеді.
Сонымен қатар, ол инновациялық үдеріс дегеніміз: жаңалықтарды жасау, оны
педагог қауымының оқыту мен тәрбие беру тәжірибесінде қолдануы, - деп
түсіндіреді. Автордың пікірі бойынша педагогикалық инновацияға үш блок
түсініктер мен идеяларды енгізуге болады: біріншіден, жаңалықты жасау
классификациясы, жаңалық критерийлері, екіншіден, оларды қабылдау
проблемасын зерттеу, педагогтардың берген бағасы, үшіншіден, жаңаны білім
беру жүйесінде қолдану. Яғни ииновациялық үдеріс - педагогикалық
жаңалықтардың динамикалық бірлігін педагогтардың тәжірибесінде ғылыми
негізде қолдану Н.Р. Юсуфбекованың пікірінше, педагогикалық жаңалықтардың
жіктемесіне олардың төмендегідей параметрлер бойынша жіктелуі ене алады:
- пайда болу орнына қарай (ғылым немесе практикада);
- пайда болу уақытына қарай (тарихи немесе қазіргі);
- күтілу, бағдарлау және жоспарлау дәрежесіне қарай (күтілетін және
күтілмейтін, жоспарланған және жоспарланбаған);
- ендірілу мүмкіндігіне қарай (өз уақытында және өз уақытында емес,
жеңіл ендірілетін және қиын ендірілетін);
- педагогикалық білім саласы бойынша (дидактикалық, тарихи-
педагогикалық және т.б.);
- жаңашылдық дәрежесіне қарай (абсолюттік және салыстырмалы);
- педагогикалық үдерістердің қайта жасалу дәрежесіне қарай (түбірлі
өзгерістер мен ішінара өзгерістер енгізетін);
- педагогикалық жүйеге қатынасына қарай (жүйелі және жүйесіз);
- кереметтілігіне қарай (керемет және аздап керемет) [62].
Білімдегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе
педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалық болып
есептеледі. Мұнда инновациялық үдеріс ұғымы жаңалық жасау, қабылдау,
бағалау және қолдану деп анықталады. Осы жердегі басты сөз жаңа болып
табылады.
С.И. Ожеговтың сөздігі осы ұғымға мынадай анықтама береді:
Инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған,
бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген
жаңалық [63].
Профессор А.И. Кочетов инновацияны былай анықтайды: Бұл
ұсынылып отырған деңгейге жеткізетін педагогикалық іс-әрекетті жаңартатын
біртұтас теориялық, технологиялық және методологиялық тұжырымдама [64].
Ал ғалымдар В. Латкин [65] мен В. Кваша [66] бұған келіспей, келесі
анықтама береді: Кәсіби іс-әрекетті толығымен жаңа сапалы деңгейге
жеткізетін, норманың шегінен артатын іс-әрекеттің принципиалды жаңа
үлгілерді құруы.
Ғылыми әдебиетте жаңалық немесе жаңа нәрсе, инновация,
жаңалық енгізу ұғымының айырмашылығы болады. Жаңарту - бұл әдіс (жаңа
тәсіл, бағдарлама, әдістеме және т.б.). Ал инновация осы жаңарту әдісінің
қалыптасу үдерісі.
Инновациялық үдерістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану,
жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ
уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс,
жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Новация ұғымы (латынша Novus-жаңа) біздің тарапымыздан жаңа
енгізілім деп түсіндіріледі. Ғылыми әдебиетте нововведение деген орыс
сөзі бір жүйеден екінші жағдайға ауыстыру, ендірілу ортасына жаңа тұрақты
элементтер (жаңалықтар) әкелетін, мақсатты бағытталған өзгеріс ретінде
анықталады. Әрине, жаңа енгізілім жаңаруымен байланысты. Алайда, барлық
жаңа нәрсе барлық кезде және барлық уақытта дұрыс нәтиже бере бермейді.
Бұл біз қарастыратын төмендегі бірқатар себептерге байланысты.
Біріншіден, жаңа нәрсе барлық кезде өзекті мәселелерді шешу құралы
болып табылмайды. Шындығында, мұғалімдер оқу орны атқаруы тиіс мәселелерді
зерделемей, кейде оны бір жақты қарастырады.
Екіншіден, әрбір жаңа құрал толық бір нақты жағдайларда туындап,
белгілі бір педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталады. Алайда, көптеген
ұстаздар құралдарды таңдау кезінде нақты жағдайға талдау
жасауды басшылыққа алмастан, өздеріне ұнайтын нәрселерге ғана назар
аударады.
Үшіншіден, ғалымдар жаңа бір нәрсені пайдаланушылардың санының
ұлғаюы, оны меңгерудегі жаңа тәжірибенің пайда болуы жаңалықтың нәтижелі
болатын жағдайларын қатайта түсетіндігін бұрыннан байқаған. Сондықтан
біздер өзгермелі жағдайда жаңа құралдарды пайдалану дұрыс нәтиже
беретіндігіне деген ішкі сенміділігі болған жағдайдың өзінде, ұстаздар,
дәрігерлер, психологтар, әлеуметтанушылар тарапынан бақыланбайтын
эксперименттік бақылау жүргізу қажет деп есептедік.
Төртіншіден, әрбір жаңа педагогикалық құралдың екі жағы болады:
технологиялық жағы – педагогикалық құралдарды пайдалану ерекшелігімен
байланысты, тұлғалық жағы – мұғалімге өз жеке қажеттерін көрсету арқылы
кәсіби даярлығы, тіл табыса білуі, эмоционалдылығы, сезімталдығы, меңгеру
нәтижесіне әсер етуі. Сондықтан барлық жаңаны қарастыра отырып, оны
жасаушылар мен пайдаланушылардың тұлғалық сипаттамалары қай шамада нәтижелі
әсер ететіндігін ескерген жөн[67].
Ғылыми әдебиеттерде жаңашылдық немесе жаңа құрал ұғымдары бір-
біріне синоним болып табылады да, инновация, жаңа енгізілім ұғымдары
арқылы бір-бірінен ажыратылады.
Жаңашылдық - нағыз құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология,
бағдарлама және т.б.), ал инновация - осы құралды меңгеру үдерісі. Сауатты
түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің
табысқа кенелуіне кепілдеме беруі тіис. Жаңа енгізілген, жаңа құрал негізі
болып қаланған нәрсе оқу орнының даму мәселелерін шешуге мүмкіндік берсе,
ол сәтті деп саналады. Жаңашылдықты меңгерудегі сәтсіздіктер жаңа
енгзілімнің бүкіл жақсы-жаман жақтарын қоса алғанда теріс тәжірибені
көрсетеді.
Кез келген құралдың жаңашылдығы тұлғалық және уақыттық (тарихи)
тұрғыдан салыстырмалы түрде болады. Жаңашылдық әрқашан нақты тарихи сипатқа
ие. Нақты бір уақытта туылып, нақты бір тарихи кезең міндеттерін дұрыс шеше
отырып, жаңашылдық көпшіліктің жетістігі болуы мүмкін немесе дамуға тежеуші
болып, ескіруі мүмкін. Мәселен, сонау ХVI ғасырда Я.А.
Коменский [68] ойлап тапқан сыныптық-сабақтық оқыту жүйесі, А.С.
Макаренко [69] немесе В.А. Сухомлинскийдің [70] тәжірибесі, Ростовтық
үлгерімнің алдын-алу тәжірибесі, сабақтардың алуан түрлі құрылымдары
бойынша липецкілік тәжірибе, мәселелік оқыту тәжірибесі, оқу-тәрбие
үдерісін тиімділеу тәжірибесі, В.Ф. Шаталовтың [71] тірек конспектілері
және басқалардың жаңалықтары өз дәуірінің көрнекті идеялары болып табылады.
Оларды тарихтан тыс қарастыруға және бағалауға болмайды.
Инновация мәселерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың
еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның
түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау
деп айтқанды жөн көрдік. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып
жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған.
Осыларды негізге ала отырып, инновацияны жаңалық, жаңа әдіс, өзгеріс,
әдістеме, жаңашылдық, ал инновациялық үдерісті жаңа әдістеме құралы
деп ұғамыз.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі
кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп,
тарату мәселесін қарастырады. Н. Апатова [72], В.Я. Лядуис [73] және т.б.
ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді.
Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп
отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы - оқу
орындарының жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек дейді. Енгізіліп
отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның
басқа әдістемелермен қандай байланыста екенін білу керек.
Педагогикалық инноватика теориясының даму болашағын анықтау үшін
жаңалық белгілерін түсіне білуді анықтап алуымыз қажет. Бұл жерде түрлі
пікірлер пайда болады. Абонементтік (бұрын белгісіз болған жаңалық) және
салыстырмалы (жергілікті, жеке, шартты), псевдожаңалық (жақсы жаңалық
түріне келтіруге талпыну), өнертапқыштық, ұсақ жаңалықтар деген жаңашылдық
түрлері бар.
А. Пригожиннің жалпы инноватика бойынша инновациялық үдерістерді
зерттеу еңбектерінде ең бастысы - белгілі бір жүйенің басқа бір жағдайға,
жаңа жағдайға өтуі және жаңа енгізілімдер үдерістерін басқару болып
табылады. Оның пікірі бойынша, басқару аспектісінсіз инновациялық үдерістер
туралы айтудың қажеті жоқ. Инновациялық үдерістер жаңалықтарды жасау және
қолдану үрдістерін басқарудың мүмкіндіктерін ашу болып табылады [61; 52б].
Педагогикалық инновациялық үрдістер батыста өткен ғасырдың 50-ші
жылдарының соңынан бастап ғалымдардың арнайы зерттеу нысанына айналды. Ал
соңғы он жылдықта біздің еліміздің ғалымдары да осы саланы зерттеумен
айналыса бастады. Біздің елімізді педагогикалық инноватиканың дамуы қиындау
еді. Оған себеп - бір идеологияның үстемдік танытуы, ғылым салаларын
басқарудағы әміршілдіктің орын алуы. Алайда соңғы жылдардағы демократиялық
өзгерістер, педагогикалық шығармашылыққа арналған заңмен бекітілген
құқықтар ұзақ жылдар бойы біздің ұстаздық қызметіміздегі шығармашылық
әлеуетімізді жасанды түрде құрсауда ұстаудан азат етті. Оқу орындарын
сауатты түрде дамытуды үйрену үшін жаңаны еркін ажырата алуымыз қажет.
Білімдегі инновациялық үдерістер бүгінгі күнде уақыттың басты талабы
ретінде қоғамдық дамудың құрамдас бөлігі болып келеді.
Инновациялық үдеріс деп жаңалықты жасау (тудыру, әзірлеу), меңгеру,
пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекет ұғынылады.
Білім беру қызметінде орталық орынды иеленетін оқу-тәрбиелік үдерісін
инновациялық тұрғыда қарастыруға болады. Өйткені оның мақсаты – жастарға
тұлғаның жаңа қасиеттерін қалыптастыруда жаңа білімдер беру.
Тұлғаны қалыптастырумен байланысты жағдайларды зерттеуге деген қызығушылық,
соның ішінде инновацияға деген қызығушылық мәселесі соңғы уақытта
әлеуметтанушылардың да назарында тұр.
Атап айтсақ, философ Н.И. Лапшин [74] жаңа енгізілімдерді талдаудың
түрлі деңгейлеріне назар аудара отырып (жалпы ғылыми, жалпы әдіснамалық,
нақты - ғылыми, қолданбалы), инновациялық үдерістердің құрылымын, жаңа
енгізілімдердің негізгі параметрлерін аша отырып, инновациялық үдерістермен
байланысты бастапқы ұғымдарға түсінік бере отырып, жаңа енгізілімдердің
жүйелік-әрекеттілік тұжырымдамасын ұсынады. Мәселен, жаңа енгізілімдердің
өмірлік циклы, рутилизациялау, жаңа енгзілімнің динамикасы және нәтижелігі
және т.б.
Инновациялық іс-әрекет мәселесіндегі түрлі әдістерге деген көзқарас
өткен ғасырдың 80-жылдарының соңына қарай анықталады. Бұл кезеңде
педагогикалық шығармашылыққа арналған еңбектер пайда болды. Ең алдымен озық
тәжірибенің маңызы мен өлшемдері айқындалып (В.И. Бондарь [75], Ю.Ж.
Кулюткин [76], С. Турбовской [77], Ф.Ш. Торегулов [78], Л.М. Калин [79]),
оның түрлері анықталды. Мысалы:
- өнертапқыштық, білімгерлермен жұмыс істеудің белгілі формалары мен
әдістерін комбинациялау және толықтыру;
- жаңалық ашушы, педагогикалық еңбектің нәтижелілігін едәуір
арттыратын жаңа әдістер мен формаларды жасау;
- инновациялық ғылыми-зерттеу негізінде педагогикалық жаңа жұмыс
әдістері мен формаларының, жаңа жұмыс мазмұнының, ғылымның жаңа идеяларының
маңызды байланыстарын іске асыру;
- оқытушылар мен ғалымдардың біріккен шығармашылық ізденісі.
Соңғы жылдары жинақталған педагогикалық білім, соның ішінде іргелі
сипаттағы білім мен оны педагогикалық практикаға енгізу және пайдаланудың
қиындығы арасындағы қайшылық ерекше күшейе түсуде. Бүгінгі жағдайда жаңа
ғылыми, тәжірибелік және практикалық білімді жасау үдерісі мен іс жүзіндегі
қызметкерлердің педагогикалық тәжірибесін, зерттеу нәтижелерін меңгеру
үдерісі арасында маңызды алшақтық пайда болды. Мұндай алшақтықтың бір
себебі мынада деп ойлаймыз: осы күндегі педагогикалық білімді дамыту
мәселесі және оны енгізу іс-әрекеті мәселесі бір-бірінен бөлек түрде.
Олардың өзара тұжырымдық негіздерінен тыс әзірленіп келді.
Педагогикалық инноватика – теория мен тәжірибенің синтезі.
Педагогикалық инноватика педагогикада жалпы және жеке бір әдіснаманы
пайдаланады. Жаңалық жасау, оны меңгеру мен білім беру мекемелері іс-
әрекетіне ендіру үдерісі педагогикалық инноватиканың пәні болып табылады.
Шамасы, педагогикалық инноватика педагогикалық білімнің басқа
салалары сияқты өз даму сатысынан өтеді: түсіндірмелік және жасампаздық.
Сондықтан бірінші сатыда өз күшін жаңалық жасау, оны меңгеру мен енгізуді
ұйымдастырудың қағидадаларын, мазмұны мен әдістерін негіздеуге бағыттайды.
Педагогикалық инноватика терминін Польшада ХХ ғасырдың 70
жылдарының басында З. Петрашевский ендірген. Педагогикалық теория мен
практиканың өзара қарым-қатынасына жасалған талдауға деген эволюциялық әдіс
зерттеу нәтижелерін практикаға ендіру үдерістерін (Л.И. Гусеев [80],
П.И. Карташов [81], Х.И. Лийметс [82], Н.В. Кухарев [83], Н.О. Нильсон,
Л.И. Новикова [84] және т.б.), педагогикалық ғылымдардың білім
беру-тәрбиелеу практикасының өзара байланысына дейін зерттеу жұмыстарын
жүргізеді (Н.В. Краевский [85], Т.И. Щукина [86], В.Е. Шукшунов [87],
Г.Б. Корнетов [88] және т.б.).
Педагогикалық инноватика осындай байланысты іске асырып,
педагогикада жаңалықтарды жасау, оларды меңгеру мен практика жүзінде
қолдану үдерістерін біріктіретін инновациялық үдерістерге тән қызмет
мөлшерлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған қайшылық педагогикалық
инноватикалық білімнің ерекше саласы ретінде педагогикалық инноватиканы
әзірлеу мәселесін айқындауға мәжбүр етті. Мұнда жаңаны құру мен оны
практикада қолдану үдерістерін үйлесімді біріктіру жолдары көрсетілді. Бұл
талдау педагогикада инновациялық үдерістер теориясын, инновациялық
үдерістерді бейнелейтін жетекші категориялар мен қағидаларды және қоғамдағы
инновациялық үдерістердің жалпы теориясының ерекше бөлімі ретіндегі
педагогикалық инноватиканың құрамдас негіздерін терең түрде әзірлеу
қажеттілігін көрсетіп берді.
Тұжырымдай келгенде, инноватика ғылымының негізінде мына мәселелер
шешіледі:
а) педагогикалық инноватика ғылым-білімнің ерекше саласы;
ә) педагогикадағы инновациялық үдерістер - әдіснамалық зерттеулер
пәні;
б) әлемдік педагогикадағы инновациялық үдерістер мәселесін әзірлеу
жағдайы;
в) қазіргі педагогикадағы инновациялық үдерістерді әзірлеудің
жетекші бағыттары;
г) білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістерді дамыту
тенденциясы;
д) білім беру жүйесінде инновациялық үдерістерді дамытудағы
қайшылықтар;
е) педагогикалық практиканы жаңартудың перманенттілігі -
инновациялық үдерістердің дамуының әлеуметтік-педагогикалық заңдылықтары
ретінде;
ж) педагогикалық инноватиканың құрамы, құрылымы мен функциялары;
з) педагогикалық инноватика негіздерінің қолданбалы аспектілері;
к) ғылыми-педагогикалық білім жүйесіндегі педагогикалық инноватика;
л) педагогикада инновациялық үдерістерді іске асыруға қажетті
шарттар;
м) педагогикада инновациялық үдерістерді ұйымдастыру мен іске асыру
бойынша қызмет мөлшерлері.
Педагогикалық инноватиканың ұғымдық-категориялық құрылымын схема
түрінде келесі күйде анықтауға болады: бірінші блокта жетекші ұғым-
педагогикалық жаңашылдық, екіншісінде - педагогикалық қауымдастық,
үшіншісінде - педагогикалық жаңашылдықтарды қолдану. Бұл ұғымдар өз
айналасына басқа барлық ұғымдарды біріктіреді.
В.М. Полонскийдің [89] Педагогикалық зерттеулердің нәтижелігін
бағалау мен өлшемдер атты монографиясында жаңашылдық толықтыру мен қайта
жасаулары нақтылаудың түрлі деңгейлеріне негізделеді деп көрсетіледі.
Алғашқы екі деңгейде ол таза (рафинадталған) ұғым ретінде емес,
нақтылануы мен толықтырылуы қажет белгілі ұғым қосылған қабат ұғым ретінде
көрінеді. Тек қайта жасалу деңгейінде ғана таза күйдегі өзгеше бір жаңа
пайда болады. Мұндай жаңа дәстүрлі түрде адамның шығармашылық қызметімен
байланысты болады. Өйткені шығармашылық өзін-өзі ұйымдастыруды қарастыратын
жаңа ақпарат әкелетін қызметке байланысты. Осы негізде жаңашылдық
шығармашылықтың жеке қағидасы және адам қызметінің бір түрі ретінде
көрінеді. Жалпы алғанда, шығармашылық үдеріс дегеніміз – жаңа, қоғамдық
маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды жасау.
Сонымен, инновациялық үдерістердің қалыптасуындағы бірінші кезеңде
жаңалықтың екі типі туралы айтуға болады:
- таза жаңа, алғаш жасалған, мұндай жаңа белгілі кезеңде
жаңалық деңгейінде тұрады, яғни жаңа белгіленген ақиқат түрінде көрінеді;
- жаңа, ескінің қоспасы бар немесе нақты айтқанда ескі мен
жаңалық қоспасынан тұратын жаңа.
Жаңалық маңыздылығын, формаларын, өлшемдерін айқындаудағы
педагогика міндетін шешу педагогикалық неология пәнін құрайды. Оның
әзірленуі сөзсіз түрде педагогикада болып жатқан инновациялық үдерістерді
түсінуге ықпал етеді. Осыған байланысты инновациялық үдерістер мен
педагогикадағы жаңалық ұғымдарының қатынастарының мәселесі туындайды.
Қарастырылып отырған мәселе мен соған сәйкес оның ұғымдық қамтамасыз
етілуі 1980 жылдары педагогиканың зерттеу пәніне айналды. Мәселен, В.П.
Кваша инновациялық динамикада екі бағытты атап көрсетеді:
а) педагогикалық инновация;
ә) педагогикалық шығармашылық [66].
Білім берудегі инновация және педагогикалық инновация терминдері
категория ретінде қолданыла отырып, ғылыми түрде негізделеді және
Н.Р. Юсуфбекованың педагогика оқулығының категориялық аппаратына
енгізілді. Оның еңбектерінде педагогикалық инноватика өз нысаны, пәні мен
зерттеу әдістері бар педагогикалық ғылымның өз бетінше жеке саласы ретінде
қарастырылады. Автор күрделі, әрі көпжақты педагогикалық инновация
ұғымының неологиялық, аксиологиялық және праксиологиялық сипаттамаларын
бөліп көрсетеді.
Неология – педагогикадағы жаңаны бағалауға бағытталған
педагогикалық инноватиканың құрамдас бөлімдерінің бірі.
Құндылық табиғатын айқындамай, педагогикалық құндылықтар жүйесін,
педагогикалық құбылыстарды бағалау өлшемдерін анықтап алмай, пайда болған
педагогикалық жаңалықтардың (оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен үрдісінің
жаңа аспектілерін) теориялық және практикалық маңызын ұғынуға болмайды.
Атап айтқанда, нақ осы мәселелер инноватиканың тағы бір тарауы -
педагогикалық аксиология мазмұнына енуі, сондай-ақ оның ерекшеліктерін
анықтауы тиіс.
Аксиология бүгінгі күнде құндылықтар теориясы, құндылықтар табиғаты,
олардың шындық өмірдегі орны туралы және құндылық дүниенің құрылымы туралы,
яғни түрлі құндылықтардың бір-бірімен байланысы туралы ілім.
Құндылық ұғымы аксиологияда басты ұғым болып саналады. Ол құндылық
қатынастарға енген шындық өмір құбылыстарының әлеуметтік- мәдени маңызын
сипаттайды. Аксиология үшін педагогикалық және ғылыми- педагогикалық
құбылыстардың құндылығын бағалау және анықтау өлшемдері мәселесі маңызды
болып келеді, олардың құндылық қасиеттері бойынша зерттеу нәтижелері
жаңалықты жалпы ғылыми өлшемдері ретінде бұл жағдайда зерттеу түріне
(дидактика, тәрбие теориясы және т.б.) байланысты болды. Педагогикалық
құбылыстарда бағалау өлшемдері туралы мәселе өте күрделі мәселе, мұнда
жаңалықтың пайда болуы мен іске асырылуындағы субьектілік бастаудың рөлі
үлкен.
Педагогикалық құбылыстарды бағалаудың жалпы өлшемі адаммен және
білім беру нәтижесі ретіндегі оның (оқыту, тәрбиелеу) іс-әрекетімен
байланысты, егер білім беру ісінің нәтижесі осы қойған мақсатқа жақын
келсе, онда оның мазмұны мол әлеуметтік-педагогикалық маңыздылыққа ие
болады.
Праксиология – адам қызметінің нәтижелігі туралы ілім. Оның негізін
қалаған поляк ғалымы Т. Котарбинский. Ол кез келген адам қызметінің жалпы
заңдарын тапқысы, осы негізде мұндай қызметтің неғұрлым жалпы ережелерін
шығарғысы келеді. Осы пән тұрғысынан ендіру және оның түрлі мәселесіне
жаңаша қарау керек болады. Әсіресе, ендіру мәселесін бағалау тек қана
практикалық-шарушылық мәселе емес, ең алдымен дүниетанымдық, философиялық
мәселе.
Сонымен білім берудегі инновациялар – қоғамның тұрақты өзгеріп
отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи
шарты. Бір жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал ете отырып, екінші
жағынан, олар барлық ескі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта
жасалымдардың негізін өздері қалайды. Осыдан келіп, оқу үдерісін қазіргі
деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.
Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, инновациялық прогресс процедуралар
мен құралдардың жиынтығын танытады. Олардың көмегі арқылы ғылыми жаңалық,
идея - әлеуметтік, оның ішінде білім берудегі жаңа енгізілімге айналады.
Сөйтіп, идеялардың жаңа енгізілімге айналуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ
осы процесті басқару жүйесін қалыптастыратын іс-әрекет инновациялық іс-
әрекет болып табылады.
Инновациялық іс-әрекет - дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде
ерекше-леніп тұратын индивид іс-әрекетінің негізгі түрлерінің бірі. Ол
барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады. Іс-
әрекеттердің дәстүрлі модельдері тиімсіз болса, ары қарай оның жетілдірілуі
қажетті нәтиже бермейтін жағдайда жүзеге асырылады.
Ж.Р. Баширова [88] инновациялық іс-әрекет нәтижелілігін төмендегі
көрсеткіштер бойынша бағалайды:
- инновация сипаты, оның білім беру субьектісіне қатысты, білім
беру жүйесіне қатысты және білім беру кеңістігіне қатысты нәтижелері;
- инновацияның бейімделген варианты;
- талқыланған инновация;
- нәтиже іс-тәжірибеге ендірілген инновация;
- білімділіктің өсуі;
- кәсіби-педагогикалық біліктіліктің өсуі;
- дененің саулығын және психикасының саулығын сақтауы (жақсартуы);
-тұлғаның бағытталуының өзгеруі;
- инновацияға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz