Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы



Кіріспе.
1 тарау. Білім беру мен оқытудың теориялық негізі.
1.1. Бастауыш мектеп педагогикасы, оның құрылымы
1.2. «Оқыту теориясы» немесе дидактика пәні, оның зерттеу міндеттері
2 тарау. Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы
2.1. Педагогика ғылымдары жүйесінде бастауыш мектеп дидиактикасының даму және қалыптасуы
2.2. Қазақстан Республикасында бастауыш мектеп дидактикасының дамуы және қалыптасуы.
Қорытынды
Әдебиеттер
Қазіргі өскелең өмір талабына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған.
Әрбір елде халыққа білім беру ісі өндіргіш күштердің даму деңгейіне өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты. Сонымен бірге білім беру ісінің дамуы қоғам дамуның әлеуметтік экономикалық міндеттеріне әсер етеді, әр ұлттың ерекшеліктерімен сипатталады. Білім беру ісінде осындай түбегейлі мәселелер еске алынады.
Қазақстан республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Міне, осыған орай, заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін еске түсірген жөн.
1. Ю.К. Бабанский Педагогика.- М., Просвещение, 1993 г.
2. Ю.К. Бабанский Методика обучения в современный общеобразовательной школе. - М., Просвещение, 1985 г.
3. Ю.К. Бабанский Проблема повышения эффективнсти педагогических исследований - . М., Просвещение, 1982 г.
4. Ю.К. Бабанский Педагогикалық процесті оптималдандыру. /сұрақтар мен жауаптар/ - Алматы, Мектеп, 1984 г.
5. Т. Бегалиев Педагогика. – Тараз: ТарМУ ,1999 ж.
6. Ш. Беркімбаева Ұлттық мектептің ұлы мұратын ұмытпайық// Егем. Қазақст ,11.12.2001
7. Ш. Беркімбаева Алдағы мақсаттарды айқындайды (баяндама) //Қазақстан мұғалімі, 13.03.2002.
8. В.П. Беспалко Программированное обучения дидактические основы. - М., 1970
9. В.П. Беспалко Слагаемые педагогической технологии.- М., 1989 г.
10. Н.И. Болдырев Мектеп тәрбие жұмысының методикасы. - Алматы, 1987
11. В.В. Давыдов Поблемы разивающего обучения – М., Педагогика 1986 г.
12. Дидактика средной школы /под ред. М.Н. Скаткина.- М., 1982г.
13. Г. Жаманқұлова Педагогикалық жүйеге жаңашылдық керек// Қазақстан мектебі, 2002 ж.
14. Л.В. Занков Дидактика и жизнь.- М., 1968 г.
15. ҚР жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы//Республикалық баспа кабинеті – Алматы, 1995 ж.
16. В.Ф. Шаталов Точка опоры.- М., Педагогика, 1987 ж.
17. В.Ф. Шаталов Куда и как исчезли тройки.- М., Педагогика , 1980г.
18. В.Ф. Шаталов Эксперимент продолжается.- М., Педагогика , 1989г.
19. Г.И. Шукина Роль деятельности в учебном процессе. – М., 1986 г.
20. Г.Б. Эльконин Психология обучения младшего школьника.- М.: Знания 1974 г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу
және даму тарихы.

Мазмұны

Кіріспе.
1 тарау. Білім беру мен оқытудың теориялық негізі.
1. Бастауыш мектеп педагогикасы, оның құрылымы
2. Оқыту теориясы немесе дидактика пәні, оның зерттеу
міндеттері
2 тарау. Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы
2.1. Педагогика ғылымдары жүйесінде бастауыш мектеп дидиактикасының
даму және қалыптасуы
2. Қазақстан Республикасында бастауыш мектеп дидактикасының дамуы және
қалыптасуы.
Қорытынды
Әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі өскелең өмір талабына сай жастарға білім және тәрбие беру,
оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени
дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі, - деп жазылған.
Әрбір елде халыққа білім беру ісі өндіргіш күштердің даму деңгейіне
өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты. Сонымен бірге білім беру
ісінің дамуы қоғам дамуның әлеуметтік экономикалық міндеттеріне әсер етеді,
әр ұлттың ерекшеліктерімен сипатталады. Білім беру ісінде осындай түбегейлі
мәселелер еске алынады.
Қазақстан республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың
ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне
негізделіп іске асырылады.
Міне, осыған орай, заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі
міндеттерін еске түсірген жөн. Олар:
- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен
салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды
дамыту үшін жағдайлар жасау;
- азаматтық, үйілменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке
адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени,
қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысуы қажеттігін тәрбиелеу;
- республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер
жасау;
- жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді
дамыту;
- қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін оқып үйрету үшін жағдайлар
жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін іске асыруда кейбір
факторлардың ықпалын ескерген жөн. Олардың бірі – қоғамдық өндірістің дамуы
және оның ғылыми техникалық негіздерін жетілдіру. Қоғамдық өндірістің
үдемелі ғылыми техникалық деңгейін көтеру жеке адамның және техникалық
білім алу сапасына барынша ықпал жасайды, білім беру жүйесін жоғары сатыға
көтереді және үнемі дамытуын талап етеді.
Осыған орай, егеменді Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие
беретін мекемелер желісінің ұлғая түсуі кәсіптік техникалық, арнайы орта
және жоғарғы оқу орындарының жаппай мамандар дайындау жөніндегі ролі одан
әрі арта беруі тиіс. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру
білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан
мектептерінің практикалық материалына сүйене отырып, жалпы педагогикалық,
дидактикалық маңызы бар тақырыптар бойынша көп жұмыстар жүргізілді. Жалпы
педагогикалық мазмұнды жұмыстар мынадай мәселелер төңірегіне тапсырылды:
оқытудың даму дәрежесімен байланысты мектепті политехникаландыру, түрлі
жастағы мектеп оқушылармен жұмыс істеудің ерекшеліктері тағы басқа жөнінде
Р.Г. Лембергтің, С. Қожахметовтың, Д.Т. Тұрсыновтың, Г.Мейрамовтың, А.И.
Көшкінбаевтың, М.Құдайқұловтың, Х.Арғыновтың, Т.Ақшолақовтың,
Е.И.Ривлиннің, Н.Көшекбаевтың, П.Д. Устименконың, Б.З. Ақназаровтың, Э.И.
Шыныбекованың, Т.Мұсақұловтың тағы басқа жұмыстарында мектеп жағдайындағы
оқыту - білім беру процесінің ерекшеліктері қарастырылды. Жоғарыда
көрсетілген ғалымдардың көпшілігінің еңбектері жеке оқу пәндерін оқыту
методикасына арналған, сондықтан да олар дидактиканың негізгі міндеттерін
шешуге қызмет еткен деп саналады.
Жоғарыда әңгімеленгендерден басқа оқыту теориясына байланысты соңғы
жылдарда Х.А. Бекмұхамедова, Г.Ф. Гуревич,К.Ш. Губашева, Р.В. Ревина, К.
Бейсенбаева, Ш. Ахметов, Ш. Имашев, И.М. Ломоносов, Х.Сұрағанов, Р.Я.
Кеслер, И.Нұғыманов, Қ.Бадырақов, С.Жортанов т.б. авторлар бір қатар
байсалды зерттеулер жүргізді.
Бұл еңбектердің мектептегі оқу жұмысының сапасын артыруға әсері
болатыны сөзсіз. Алайда дидактиканың диалектикалық заңдылықтарға
бағынатындығынан оқыту заңдылықтарының өзгеруіне қатысты оқыту процесін
ұйымдастыру формаларында жаңа түрге келтіру қажеттігі туындайды.
Педагогика ғылымының ең ірі саласы болып табылатын дидактика
ғылымының мазмұндық және құрылымдық ерекшелігі үнемі өзгеру және даму
үстінде болатындықтан дидактиканың даму және қалыптасу тарихын зерттеу
арқылы қазіргі оқыту жүйесінің өзгеру динамикасы мен заңдылықтарының
арасында туындаған қайшылықтарды шешу үшін зерттеу тақырыбын: Бастауыш
мектеп дидактикасының даму және қалыптасу тарихы леа таңдауға мүмкіндік
берді.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектеп дидактикасының мазмұндық ерекшелігі
мен құрылымына тарихи және ғылыми талдау жасау.
Зерттеу нысанасы: Бастауыш мектеп дидактикасының даму процеі Зерттеу
пәні: Бастауыш мектеп дидактикасының даму және қалыптасу тарихына ғылыми
тұрғыдан салыстырмалы талдау жасау
Зерттеу болжамы: Бастауыш мектеп дидактикасының даму және қалыптасу
тарихын зерттеу арқылы дидактика ғылымының кещегі және бүгінгі
проблемаларының шешілу механизмдеріне салыстырмалы түрде талдау жасауға
болады, дидактиканың негізгі жаңа міндеттерін айқындауға, олардға қойылатын
педагогикалық шарттарды болжауға мүмкіндік туады деп санаймыз.
Зерттеу болжамынан төмендегі міндеттер туындайды:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми, әдістемелік және тарихи әдебиеттерге
шолу және талдау жасау;
2. Бастауыш мектеп дидактикасының даму кезеңдерінің ерекшеліктеріне және
қалыптасу тарихтарына сипаттама беру;
3. Бастауыш мектеп дидактикасының кезеңдік мазмұнының құрылымдық
компоненттерін айқындау және оларға сипаттама беру;
Зерттеу әдістері: талдау, салыстыру, әңгімелесу, баяндау,жинақтау,
шоғырлау.
Зерттеу кезеңдері:
1-ші кезеңде (2001-2002 ж.ж.) зерттеу проблемасының методологиялық негізі
талқыланып, тақырыптың өзектілігі дәлелденді. Ғылыми, әдістемелік және оқу
әдебиеттеріне талдау жасалынды, зерттеу проблемасының ғылыми болжамы
құрылып, міндеттері айқындалды.
2-ші кезең (2002-2003 ж.ж.) бастауыш мектеп дидактикасының даму және
қалыптасуы мен өзгеру динамикасы зерттелінді, оның тәуелділік заңдылығына
байланысты негізгі әсер етуші факторлары анықталынды. Бастауыш мектеп
дидактикасының құрылымдық элементтері мен компоненттері, олардың түрлі
өзгерістері жаңа педагогикалық технологияларға қатысты қайта зерттелінді.
Қорғауға ұсынылады:
1. Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму кезеңдері
2. Қазақстанда бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасуы мен дамуы

1 тарау. Білім беру мен оқытудың теориялық негізі.
1.1 Бастауыш мектеп педагогикасы, оның құрылымы
Қазіргі кезеңде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені,
қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі
принципінің толық іске асуын талап етеді. Қазақстан республикасының заңы
бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан республикасы барлық азаматтарының білім алу құқықтарының
теңдігі. Бұл принципке сай Қазақстан республикасының әрбір азаматы
әлеуметтік және мүлік жағдайына, ұлтына, жұмысына, тіліне, ұстайтын
дініне қарамастан білім алуға құқы бар.
2. Білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру қызметтерінің
теңдігі. Әртүрлі үлгідегі білім беру мекемелерінің бітірушілеріне
қойылатын талаптардың қажеті ең аз деңгейін анықтайтын мемлекеттік
стандартты республика үкіметі жасап бекітеді.
3. Меншік түрлері, қызмет ету бағыттары, тәрбие беру мен оқыту түрлері
бойынша білім беру мекемелерінің әртүрлі болуы.
4. Білім беру процесінің осы саладағы сатылардың сабақтастығы қамтамасыз
ететін үздіксіздігі.
Бұл барлық білім беру саласындағы мекемелерде, әсіресе бастауыш,
орталау және орта мектептерде білім берудің сабақтастығын, соған байланысты
қисыңдылық бірізділігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді.
5. Білім берудің ғылыми сипаты, құқылы және экологиялық бағыты. Ғылымның,
техниканың, мәдениеттің жаңа табыстарының негізінде білім беруді ғылыми
бағытта үнемі жетілдіру. Білім беру кеңесі заңды ұйым, оның өзіндік
мүлкі болады, өз атынан мүліктік және жеке мүлікті емес құқыққа ие
болады. Білім беру мекемесі айналадағы табиғи ортаны қорғайды, оның
үнемі жақсарып отыруына белсенді көмектеседі.
6. Білім берудің озыңқы дамуы. Халық шаруашылығының барлық салаларының
жетілуі білім берудің озыңқы дамуына байланысты. Білім беру ісі неғұрлым
ғылым негізінде тиімді ұйымдастырылса, өндіргіш күштердің, халықтың
материалдық жағдайының дамусыз өсуіне игі әсер етеді.
7. Білім беру жүйесіндегі басқару демократизмі. Халыққа білім беру ісінің
шешуші шарттарының бірі демократиялық жолымен басқару. Демократияландыру
– бұл білім беру мекемелерінің ведомоствалардан, жергілікті
мұқтаждықтардан құтылып, қоғамның және жеке адамның мүдесіне бет бұруы,
қоғамдық күштерде білім беру ісін басқаруға қатысуы.
8. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім берудің зиялылық сипаты.
Барлық оқу орнындарында және халық арасында оқыту мен тәрбиенің
зиялылығын сипаттау, табиғат құбылыстарын қоғамдық өмірді ғылыми
материалистік көзқарас негізінде түсіндіру, халық мәдениетіне зиян
келтіретін ымырашылдықпен, жоққа дамушылықпен күресу.
9. Ақиқат білім алуға кедергі болатын саяси және идеологиялық ықпалдарда
білім берудің тәуелсіздігі. Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына
негізделіп мектеп өмірінде жүзеге асырыла бастаған және асырылатын ең
басты мәселелер: оқытудың ғылыми негіздерінің өмір және еңбекпен
байланыстылығы; оқытудың политехникалық принципі; арнаулы факультативтік
курстар, бағдарламалар және дифференциялық оқыту, қоғамдық пайдалы және
өнімді еңбектердің оқу және тәрбие жұмысында алатын орны, кәсіптік
бағдар беру, техникалық құралдарды компьютерлерді, оқыту машиналарын
кеңінен қолдану т.б. болып отыр. Осы мәселелерді іс жүзінде асыру
мұғалімнің тікелей психологиялық және педагогикалық білім деңгейіне
байланысты. Сондықтан ол балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала
отырып, физиологиялық, психология және педагогика ғылымдарындағы
құбылыстардың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, принциптері мен
ережелерін және олардың табиғи байланыстылығын, атақты физиологтар И.М.
Сеченов, И.П. Павлов, белгілі психологтар А.А. Смирнов, А.Н. Леонтьев,
А.А. Давыдов белгілі педагогтар Б.П. Есипов, М.А. Данилов. Л.В. Занков,
М.Н. Скаткин т.б. ғылымдардың еңбектерін қол үзбей терең оқып меңгерген.
Сонда ғана мұғалім шығармашылық еңбектің тамаша шебері бола алады.
Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде
білім беру мен тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық
процесс немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды. Білім беру мен тәрбие
міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды
тәрбиемен үйлестіріп өткізу - оқу-тәрбие процесінің басты шарты.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы
біржағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан, тәрбие субъектісі болады.
Осыған орай, оқу, тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы,
олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады.Тәрбиенің
субъектілері мен объектілері арасында әртүрлі байланыстар пайда болады.
Мысалы, Тәрбиешілер мен оқушылар арсындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат
алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар
педагогикалық процестіңтабысты болуына игі әсер етеді. Тұтас педагогикалық
процестің өзіне тән компоненттері бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске
асырылады.Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы
күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп - қойылатын талаптармен оларды
орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер
қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне сай келсе,
онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.Тұтас педагогикалық процестің
мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары мен әдістері қоғамның әлеуметтік-
экономикалық талаптарына, саясатына байланысты. Қоғамның экономикалық
мүмкіншілігі өскен сайын тұлғаны әржақты дамытуға үлкен жағдай жасалады,
мектептің оқу-материалдық базасы жақсарады, тәлім-тәрбие, білім беру
жұмысының сапасы жоғарылайды. ҚР-сының субъектісі Білім беру туралы
Заңында (1992 жылғы 18 қаңтар ): Мемлекет білім беру мекемелерін
дүниежүзілік деңгейге бағдарланған нормотивтер бойынша қаржыландыру және
материалдық-техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік-мәртебесін
арттыруға кепілдік береді, -деп жазылған
Егер тәрбиенің органикалық бөлігі ретінде оқыту мәселесі
қарасытырылатын болса, онда педагогика ғылымының алдында бұл процестің
мәні неде және оны қалай жүзеге асыруға болдаы деген сұрақ туындайды.
Аталған сұрақтарды теориялық тұрғыдан негіздейтін педагогика ғылымының
ерекше бір саласы дидактика деп аталады.
Дидактика термины гректің didacticos - оқытушы және didasko -
үйренуші” деген сөздерінен шығады. Бұл терминді педагогика ғылымыныа
алғаш рет неміс педагогы В. Ратке (1571 – 1635) енгізген. Оның
түсініктемесіне сәйкес дидактика деп оқытудың теориялық және әдістемелік
негіздерін зерттеумен айналысатын педагогикалық пәнді айтады.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқытудың принциптерін,
оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың
негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский
(1592-1670). Оның Великая дидактика кітабында (1632) оқытудың мақсаты,
әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.
XVII ғ. швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827)
дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру
әдістерінің негізін жасады.
XIX ғ. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервег (1790-1966)
дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді
қолдана білуді атап көрсетті: көрнекілік, еліктіргіштік, жігерлілік,
оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан
күрделілікке көшу т.б.
К.Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді,
ал Кеңес өкіметі жылдарында Н.К. Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б.
үлкен үлес қосты. Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А. Данилов,
Л.В.Занков, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері
жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың
әдістері мен формаларын дәлелдеді.
Нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген
дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс.
Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру,
олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан
білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы
талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде
дәлелдеп, іске асыру қажет.
Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің
қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін,
формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.
Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды
белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін,
принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру. Дидактиканың
негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту
принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны,
формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Дидактиканың дамуы білім
беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені
зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.
Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта
білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде
оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейкесті мәселелер қарастырылады:
1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын,
бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру
2. Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар
беру.
2. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және
гуманитарландыру.
Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты - жастарды жан-жақты
дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне және кәсіптік орта жоғары оқу
орындарына түсуге даярлау.
Дидактиканың негізгі зерттеу проблемаларына төмендегі мәселелер
жатады:
- білім мазмұнының ғылыми-педагогикалық негіздерін дайындау;
- оқытудың мәнін, заңдары мен принциптерін ашып көрсету;
- оқушылардың оқу-танымдық қызметінің заңдылықтарын көрсету;
- оқыту әдістерін дамыту;
- оқу жұмыстарын ұйымдастыру формаларын жетілдіру және жаңарту.
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу
бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына
оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс,
гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі - оқу пәндері бойынша
сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші
идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларды ғылым мен практиканың
жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін!-деп
мектеп реформасында жазылған.
Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен
теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесін ұйымдастыра және
басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым
мен техника жетістіктерін пайдалана білуіне; үшіншіден, мұғалім мен
оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.
Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы
жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана
білген жөн. Бұл жөнінде И.П.Волковтың Творчествоға баулимыз, В.Ф.
Шаталовтың Баршаны да, әркімді де оқыта білейік еңбектерінде сабақты
өткізу принциптері мен әдістері көрсетілген. Жаңашыл-экспериментшіл
мұғалімдердің идеяларын сабақ үстінде шығармашылықпен пайдалану оқыту
процесін жақсартудың шешуші жолдарының бірі.
Қазіргі кезеңде еңбек тәрбиесі және оқыту, кәсіптік бағдар,
политехникалық білім беру мәселелеріне ерекше мән берілуде. Осы мақсатқа
лайық мектептің, кәсіптік-техникалық училищелердің базасын толық
пайдалануды қамтамасыз ету керек. Негізгі базалар мектеп лабараториялары,
оқу кабинеттері, шеберханалар, оқу-тәжірибе учаскелері, оқушылардың
өндірістік бригадалары, мектепаралық оқушылардың өндірістіккомбинаттары,
орта кәсіптік-техникалық училищелер т.с.с.
Еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беру ісін осылай ұйымдастыру
және жүргізу оқушылардың еңбек етуге ынтасын, қабілетін дамытады, өз
сүйетін мамандықты саналылықпен таңдап алуға қолайлы жағдай жасайды,
кәсіптік бағдар беру ісіне игі !әсер етеді.
Дидактиканың негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың танымдық
қызметінің іс-әрекеттік жүйесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан
негіздеу болып табылады.
Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің
логикасы, оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің
звенолары-танымдық іс-әрекеттің кезеңдері кіреді:
- таным міндеттеріне жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну және оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
- білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
- оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын
тексеру.
Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық
және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу
жұмыстары мүмкіндік туғызады. Олардың жетістіктерін талдау, білімін,
іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау – бұл оқытудың кері байланыс
процесі. Таным іс-әрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде тек
қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды,
сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерін – білім сапасын, байымдау
сауаттылығын, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап
отырған жөн. Оның негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға беріледі.
Оқыту практикасында оқытудың әртүрлі мотивтері болады. Олардың бірі –
тікелей талаптандыру мотивтері – бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған
сүйіспеншілігі. Өйткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді,
түрлі көрнекі және техникалық құралдарды, үйрету машиналарын шеберлікпен
қолданады. Осылардың бәрі оқышыларды терең білім алуға қызықтырады,
талпындырады.
Түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп (А.К.
Марков, Г.И Щукина В.И. Ильина т.б.) мотивтерді екі топқа ажыратуға болады:
1. Танымдық мотивтер:
а) оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау мотивтері;
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу мотивтері
2. Әлеуметтік мотивтер:
а) кең мағынадағы әлеуметтік мотивтер
ә) тар мағынадағы әлеуметтік мотивтер
б) ынтымақтастық әлеуметтік мотивтері оқу тәрбие жұмысында өзара
әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Мотивтер жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, кіші
жастағы балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтері, жоғары жастағы балалар
үшін перспективті талаптандыру және әлеуметтік мотивтер үлкен роль
атқарады. Ал ойдың талаптандыру мотивтері оқытудың барлық сатысында болуы
қажет.
Сонымен бірге қазіргі дидактика ғылымының өзекті мәселесінің бірі –
білім мазмұнының ғылыми-педагогикалық негізін оқыту процесіне
сәйкестендіру болып табылады.
Сондықтан білімнің мазмұны тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына
бағытталуы тиіс. Осы талаптардың негізінде мынадай принциптерге қолдану
білім мазмұнының деңгейін көтеруге өте қажет:
1. Оқушыларды біліммен қаруландырудың табиғатты қорғауға, еңбекке және
өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі.
2. Білім мазмұнының негізінде ұлттық мәдени тарихи байлықты жалпы азаматтың
мәдени мұрасымен ұштастыру.
3. Білім мазмұнында әлеуметтік экономикалық даму жолдарын ескерудің
маңыздылығы.
4. Пәнаралық және пәншілік байланыстарды ғылыми әдістемелік негізде жүзеге
асыру.
5. Қазіргі үдемелі ғылыми техникалық жағдайда ақпаратты технологияны
пайдалану, білім мазмұнын жаңарту.
6. Ұлттық тілді, халықаралық қатынас түрлерін оқып үйренудің тұрмыс,
мәдениет және ғылым салаларындағы маңыздылығы.
7. Жалпы білім мазмұнының политехникалық және кәсіптік білім мазмұнымен
ұласуы – теориялық, практикалық білімнің негізі.
Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:
- табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жағдайындағы білімді
қалыптастыру;
- диалектикалық-материалистік көзқарасты тәрбиелеу;
- адамды жан-жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу;
- жастарды өмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау.
Ю.К. Бабанский ғылымдар негіздерінің мазмұнын таңдап алу үшін
төмендегі критерийлер жүйесін атап көрсетті.
Тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру міндеттері білім мазмұнындағы
тұтас бейнелеу критерийі. Осы әдістердің негізінде оқу бағдарламасында
көрсетілген барлық негізгі теориялар, заңдар, және ұғымдар ғылымның осы
саласы жөніндегі жеткілікті тұтас түсінік береді.
Ғылым негіздеріне кіретін мазмұнның жоғарғы ғылыми және практикалық
мәнділік критерийі мұны қолдану арқылы өте қажетті теорияларды, бағалау
жолымен бағдарламада тым универсалды және информотивті элементтер мазмұнын
қалыптастырды.
Осы пәнді білуге берілген уақытқа мазмұн көлемінің сәйкестік
критерийі. Мұны пайдалануда қолданылатын әдістер: материалды толық
меңгеруге жұмсалатын уақытта лабораториялық эксперимент арқылы зерттеу;
оқушының тапсырманы орындауда жұмсаған уақытын жалпы мектеп бақылау
жұмыстары арқылы дәл жазып алу және үлгеретін оқушыларға көмек көрсету
осыған сәйкес білім мазмұнына басты лабораториялық және практикалық
жұмыстардың кіруі қажет. Оларды өткізу үшін мектеп өмір талабына сай
жабдықталуы тиіс.
1.2. Оқыту теориясы немесе дидактика пәні, оның зерттеу міндеттері

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның
ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі
кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазақстан
Республикасы Конституциясы Білім туралы Заңы – осының кепілі.
Оқу-әдістемелік жүйенің базисін түбегейлі жаңартудың бағыттарын, жаңа
мазмұнның теориялық негіздерін анықтап тұжырымдаған құжаттар бар. Олар: ҚР
Білім министрлігі құптап бекіткен Қазақстан республикасы мектептерінің және
осы мектептердегі білім мазмұнының тұжырымдамалары.
Ұсынылып отырған Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы
білім мазмұнының тұжырымдамасын үздіксіз білім беру жүйесіндегі бастауыш
буында осы стратегияны нақтылы жүзеге асырудың тактикалық шешімдерінің бірі
деп түсінген орынды.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру
жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен,
оқушы тұлғасы ұйтқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды,
қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Осымен байланысты интеллектуалдық, іскерлік, эмоционалдық,
коммуникативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен өзара белсенді
әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі
болып табылады.
Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының бұл сияқты
жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен, білім берудің мақсат
приоритеті түбегейлі өзгеруі керек: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны
пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу
әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты
қойылады.
Оқу мақсаты приоритетінің өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі
түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты деген бағыттарын анықтауға және
осымен бір мезгілде нақтылы міндеттерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, оқу жоспарына сай зерделенетін пәндердің барлығында
білімділік және тәрбиелік ролі жағынан бірдей маңызға ие болып, осы күнге
дейінгі тәжірибеде орын алып келген мынау негізгі, мынау қосымша пән
деп бөлінбей оқытылады. Мысалы, тіл, математика – негізгі, музыка, бейнелеу
өнері, еңбек, дене шынықтыру – қосымша пәндерге жатқызылып келгені мәлім.
Екіншіден, оқушылар тек пәндік білім, білік дағдылардың белгілі бір
жиынтығын меңгерумен шектелмей, бұған қоса оқу және сойлеу (ауызекі, жазба
тіл) әрекетін, өзін-өзі ұстау, мінез-құлық мәдениетін, этикалық,
эстетикалық адамгершілік нормаларын, яғни оқушының тәрбиелік деңгейін
сипаттайтын және қалыптасуында әр пән белгілі бір роль атқаратын құндылық
қатынастарды меңгереді.
Үшіншіден, білім мазмұнының жалпы адамзаттық құндылыққа бағдарлануы
білім беруді ізгіліктендірудің міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді, оқытуды шамадан тыс идеологизациялауға жол бермейді,
саясаттандыруды болдырмайды.
Сондықтан бастауышта білім бердің басты міндеттері:
- оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік
ортаға (мектеп – осындай орта) үйренуін, онда жаңа әлеуметтік мәртебе –
оқушы мәртебесінің қалыптасуын;
- оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас т.б. сияқты әрекет түрлерін қажетті
деңгейде меңгеруін;
- айналадағы дүниемен дара-тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық,
этикалық адамгершілік нормаларды меңгеруін;
- білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір
деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын
белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің
субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа
түсетін автор жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап
еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көпқырлы құрылымды білім
тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып
оқыту идеясы алынады.
Бастауыш саты – оқушыда, оның интеллектісі дамуының іргетасы – оқу
әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу
тапсырмалары түрінде құралады. Осы тапсырма түрлерін меңгеру оқушы ойын
тәртіптеп, оның белгілі бір бағытта жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз
етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты зейін,
рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет-амалдың ішкі жоспары сияқты жаңа
түзілімдер пайда болады. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп,
орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әрекетін бақылап-бағалауды, нәтижесін
эталонмен салыстыруды меңгереді.
Оқу әрекетінің қалыптасуы білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеру
ұстанымен тығыз байланысты. Бұл, білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың
үлесін арттыруды қажет етеді. Осыдан объектілер мен құбылыстардың тек
сыртқы түрін, белгілерін бақылап қана көріп тану тәсілін ғана емес, оқушыны
ынталандырып шығармашылық әрекетке жетектейтін ішкі байланыстарды, өзара
тәуелділікті, заңдылқтарды өздігінен ашып, түсініп танитындай әдіс-
тәсілдерді қолдануға мүмкіндік туады; оқу әрекеті арқылы оқушы осындай
тәсілдермен жұмыс істеу біліктерін меңгереді.
Көрсетілген ұстанымдардан оқушы ойлауының барлық түрлерін
диалектикалық бірлікте дамыту ұстанымын бөліп қарауға болмайды.
Педагогикалық психология бастауыш сатыда оқушының эмпирикалық (көрнекі-
бейнелі және көрнекі әрекеттік) ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса,
осыны тірек ете отырып логикалық (теориялық) ойлауы да тиімді дамиды деп
есептейді.
Ұғымдар жүйесінде ойлаудың барлық түрлері қамтылатындықтан, білім
мазмұнындағы эмпирикалық және ғылыми ұғымдардың ара қатынасын дұрыс анықтап
жүйелеу оқушы ойлауының осы заңдылықтарын ескеру арқылы ғана жүзеге
асатынын атап көрсеткен жөн.
Білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауда дамыта отырып оқытудың осы
айтылған іргелі үш ұстанымынан басқа мазмұнның интегративті сипатын
қамтамасыз ету, оқушының адамгершілігін эстетикалық талғамын, экологиялық-
салауатты өмір сүру мәдениетін халықтың озық салт-дәстүрі, рухани-мәдени
мұрасы негізінде тәрбиелеу сияқты ұстанымдар да басшылыққа алынады.
Бастауыш сатыдағы оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне
алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес білім мазмұнының
мынандай құрамы анықталады:
- дүние туралы (көркем, мифтік, т.б. түсініктермен байытылған дүниенің
ғылыми бейнесі);
- оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас);
- дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім
біліктер.
Бастауыш саты оқушысының жас ерекшелігіне сай таным мүмкіндігін және
оқыту мақсатының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағындырылатынын ескерсек, онда
бұл сатыда оқытылатын пәндерді ғылымдар негіздері түрінде құруға болмайтыны
түсінікті: мұнда, негізінен оқушыда мәдениеттің базистік қырларын
қалыптастыру бірінші орынға шығады. Осымен байланысты, білім мазмұнын әлі
де жете сараламай былайша жіктеуге болады: коммуникативтік мәдениет, ақыл-
ой мәдениеті, эстетика және адамгершілік мәдениеті, еңбек мәдениеті, дене
тәрбиесі.
Әрине бұдан білім мазмұнында ғылым негіздерінен ештеңе қамтылмайды
деген түсінік тумауы керек: оқу әрекетін қалыптастыру приоритетті мақсат
және мұның өз білімінің теориялық деңгейін көтерумен тікелей байланысты
болғандықтан әр пән ғылыми білім элементтерін, ұғымдар жүйесін міндетті
түрде қамтиды және танымдық, дамытушы ролімен қоса пропедевтикалық та
қызмет атқарады.
Осыған және мемлекеттік базистік оқу жоспарына сүйене отырып бастауыш
сатыдағы оқу пәндері жиынтығының тиімді деген бір нұсқасын көрсетелік:ана
тілі, екінші тіл, математика, дүниетану, еңбек, бейнелеу өнері, музыка,
дена тәрбиесі.
Оқытудың оқушыда оқу әрекетін қалыптастыруға бағытталуы пәнішілік
интеграцияны жүзеге асыруға көмектесіп, оның тіл заңдылықтарын зерделеу,
қолдана білу ауызекі сөйлеу және ойын жазбаша беру біліктерін,
коллеграфиялық дағдыларын тиімді меңгеруіне жол ашады. Осымен байланысты
оқушылардың әртүрлі тілдік талдаулар жасай алу біліктерін қалыптастыруға
ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан тіл пәні бағдарламасының жаңа жобасында
Тіл және сөйлеу, Сөйлеу мәдениеті сияқты пәнді оқытудың басты мақсатын
жүзеге асыруда айрықша маңызды арнайы блоктардың болуы орынды.
Ерекше көңіл аударатын бір мәселе – ана тіліне басқа тілдерден енген
әріптерді бастауыш сыныптарда оқыту проблемасы. Қазақ тілін-де мұндай
әріптердің саны 14. Егер осы уақытқа дейінгі қазақ тіліндегі ресмиленген 42
әріпті бастауыш кластарда таныту, меңгерту 30-35 ережемен беріліп жүрсе,
соның 18-20 ережесі жаңағы 14 әріптің үлесіне келеді екен де, өз тіліміздің
28 төл әрпі небары 12-15 ережемен оқытылады екен.
Әрине дәл қазіргі кезеңдегі 14 әріптің барлығын бағдарламадан шығару
мүмкіндігі жоқ екені түсінікті. Бірақ ана тілімізде қатынасымен құралатын
сөздер өте сирек кездесетін ё, ч, щ, ц, ь, э, ъ сияқты 7 әріпті бастауыш
сатыда қазақ тілі бағдарламасында арнайы уақыт бөліп оқытудан гөрі орыс
тілі пәнінде танытса, сол жеткілікті болар еді.
Тіл пәнінің жаңа мазмұнының дамытушы әлеуеті сауат ашу кезеңін
бұрынғыдай бір жылға созбай, бірінші жарты жылдықта аяқтап, одан соң екінші
жарты жылдықта тіл мен оқуды интеграциялап беруге мүмкіндік береді.
Сөйтіп сауат ашу кезеңінің өзінде-ақ шағын көркем текстерді мәнерлеп
оқу түрінде басталып, одан екінші жарты жылдықта оқушылар түсінігіне лайық
көркем шығармалар тілдік материалдар мен интеграциялап оқытылады.
Оқу – 2 сыныптан бастап жеке пән болып оқытылады. Бұл пәндегі елеулі
ерекшелік – приоритет, бұрынғыдай утилитарлық сипатта түсінік беру мен тек
оқыту техникасын меңгертуге емес, көркем шығарманы қабылдаудың ролін
күшейтуге, әдебиеттік оқу әрекетін қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін
дамытып, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге, дүниетанымын кеңейтуге, әдеби
шығармалардың кейбір жанрларын танытуға беріледі.
Осыған сай пән мазмұны халық ауыз әдебиетінің, қазақ балалар
әдебиетінің шығармаларымен елеулі түрде байытылады. Ұлттық мәдениет
шеңберімен шектелмей, басқа халықтардың да шығармашылық ой-қиялының, арман-
мақсатының жемісі болып табылатын шығармаларымен таныстыру көзделуі керек.
Сонымен қатар оқушыға реалды өмір шындығын таныту, әрі оның ғылыми тілде
сипаттап түсіндіре білу біліктерін қалыптастыру және ол ақиқаттың ғылыми
бейнесін көркем сөзбен өрнектеп берудің қуатты сезімдік әлеуеті болатынын
түсінуіне көмектесу – оқу пәні шешетін маңызды міндеттердің бірі.
Пән мазмұнының көркем шығармалар және ғылыми танымдық шағармалар
блоктары бойынша құрылуы оның білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат,
міндеттерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз ете алады.
Сонымен мектептің қай түрі болсын, бала қандай талантты болса да,
бірінші сыныпқа алғаш келгенде онда оқу әрекетіне нышаны да болмайды. Оқу
әрекеті - өте күрделі ұғым. Ол әріпті танып, оқи, жаза білу ғана емес. Бұл
– В.В. Давыдов, Б.Д. Эльконин сияқты белгілі педагогтардың зерттеулерінде
дәлелденген мәселе.
Қазақстан республикасында 1-4 сыныптарға арналған мемлекеттік білім
стандарты бар. Стандарт жалпы білім беретін мектептің де, гимназияның да,
лицейдің де бастауыш сыныптарына бірдей. Бастауыш сыныптары үшін әртүрлі
стандарт болу мүмкін емес. Себебі, бастауыш сыныптардағы оқытудың
приоритетті мақсаты беру ғана. Ол – оқу әрекетін қалыптастыру арқылы,
мәдениет ұстанымына негіздеп жас ерекшелігін ескере отырып бала тұлғасының
ұйтқысын қалыптастыру, тәрбиелеу. Оқыту, білім беру, білік дағды
қалыптастыру ең алдымен осы мақсатта қызмет етеді: баланың білімін әрі
қарай жалғастыру мүмкіндік беретін белгілі бір деңгейдегі тілдік,
математикалық т.б. эрудициясы болуының қажеттілігі (мақсат ретінде) екінші
кезекте тұрады.
Білім стандартының ең негізгі бөлімінде осы бастауыш білім берудің
приоритетті мақсат берілген.
Мектеп – қоғамның әлеуметтік институты болғандықтан, ондағы білім-
тәрбие берудің мақсатын осы қоғамның мүддесінен туындайтын әлеуметтік
сұраныс анықтайды. Ендеше, білім берудің мақсаты мемлекеттік стандарт болуы
– заңдылық.
Әдістемелік жүйенің 5 бөлімде білім беру мақсаты шешуші роль
атқарады, білім мазмұны сол мақсатқа сәйкес анықталады. Білімнің
мемлекеттік стандартының қалған үш бөлім мазмұнына байланысты. Олар:
базалық (инварианттық) білім мазмұны, оқушы дайындығы деңгейінен
қойылатын талаптар, оқушы дайындығы деңгейін тексеретін өлшеуіштер
жүйесі.
Таяуда Қазақстан республикасының Білім заңы бекітілгені мәлім.
Білім заңы бұған дейін де болғанымен, ол білім беру жүйесін жеткілікті
деңгейде реттей алған жоқ: жоғарыда айтылған оқулық, оқу бағдарламаларын
жасау жолындағы ізденістердегі лағушылық, Білім заңының іс жүзінде
нақтылы жүзеге асуы механизмінің жасалмағандығынан еді.
Білімнің мемлекеттік стандарты Білім заңы жұмыс істеуінің басты
механизмі болып табылады. Ал, Білім заңы - мемлекеттің тұтас қоғамның,
еліміздегі әртүрлі аймақтардың, мектептердің мүддесіне қызмет етіп, олардың
өз қажеттіліктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және әр отбасының, әр
оқушының білім саласындағы құқығын қорғайды.
Білімнің мемлекеттік стандартының жасауымен байланысты енді кез-
келген педагогикалық ұжым өз оқулығын, өз бағдарламасын жасап пайдалануына
болады. Тек бұл құралдар стандартқа сай жасалу керек.
Енді стандарттың әр бөлімнің функциясына, қолданылу аясына толығырақ
тоқталайық.
1. Бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері. Бұл бөлімнің қызметі
туралы айтылды.
2. Базалық (инварианттық) білім мазмұны. Мұнда мектептің 1-4 сыныптарында
әрбір оқушыға мектеп ұсынатын білім мазмұны беріледі. Бағдарлама нұсқасы,
оқулық осы мазмұнға құралады. Бағдарламадағы оқушының білім, білік,
дағдыларына қойылатын талаптардың мүмкіндік деңгейлерін осы бөлімнің
мазмұнын неғұрлым тереңірек ашатын бөлігі деп қабылдаған жөн.
Базалық мазмұн базистік оқу жоспарына негіз болады. Онда әрбір білім
сапалары, оған бөлінетін апталық сағат саны көрсетіледі. Бұл – стандарт.
Ал, оқытылатын нақтылы пәндерді осы білім сапаларына сай әр мектеп өзі
анықтай алады. Мысалы, Дүниетану пәні Адам, Қоғам, Табиғат туралы
білім сапаларын біріктіріп құрылған оқу пәнінің бір ғана нұсқасы.
Осы үш саланың әрқайсысына пән арнауға болар еді. Оған апталық сағат
саны жетпеген соң және бастауыш оқушының танымдық ерекшелігін ескертіп, біз
үш саланы бір пән етіп жасадық.
Сол сияқты, математикадан ең аз дегенде үш немесе төрт пән жасауға
болады: арифметика, алгебра, геометрия, компьютер. Бірақ, бастауышта
математика пәнінің болғаны тиімді, бұл – көп жылғы тәжірибемен дәлелденген
және теориялық негіздемесі бар дүние.
3. Бастауыш сыныпты бітіретін оқушы дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар.
Бұл талаптар да әр білім саласы бойынша нақтылық берілген: білімі
(нені біліп, жеткізуі, айтуы керек); білік (білгенін айта, көрсете, жаза,
қолданыла білуі); дағды (білім, білігін өз өміріне, еңбек әрекетіне, т.б.
пайдаланып іс жүзінде қолдануы).
4. Бастауыш сыныпты бітіретін оқушы дайындығы деңгейін бақылап, объективті
бағалайтын өлшемдер жүйесі.
Өлшемдер жүйесі оқушы білімі мен білік-дағдыларының міндеті деңгейдегі
талаптарға сәйкестік дәрежесін анықтауға қолданылады. Бұл жүйемен
эксперттік комиссияда да, әртүрлі, әлеуметтік институттар (мектеп, отбасы,
қоғамдық ұйымдар), жеке адамдар (оқушы, мұғалім, ата-ана) оқушы білімнің
мемлекеттік стандартына сәйкестігін анықтап бақылайды.
Мұғалім үшін бұл - өзінің педагогикалық жұмысына, әдістемесіне талдау
жасап, оны болашақта одан әрі жетілдірудің жолдарын белгілейтін әдіс; оқушы
үшін бұл - өзінің қол жеткен табысы жөнінде ақпарат алып, еңбегіндегі,
білімдегі әлсіздіктерді білудің, білім нәтижесін эталонмен салыстырып, өзін-
өзі бақылаудың әдісі, құралы: ата-ана үшін – баласының дамуын бағдарлап,
қажетінше көмек берудің әдісі. Бұл жұмыстың әдістемесі бағдарламаның
мазмұнында бар (мысалы, дүниетану пәнінен нақтылы жазылған)
Өлшемдер жүйесіне әр білім саласы бойынша жазылған тест – тапсырмалар
бар, бұл тест тапсырмалар оқушы дайындығы деңгейіндегі талаптарды түгел
қамтиды.
Әрине бұл білім стандартын жетілген деп айтуға болмас. Әзірге –
уақытша пайдаланып, 1-2 жыл тәжірибеден өткен соң жетілдіріп біраз жыл
қолданған жөн.
1998-1999 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасындағы бастауыш
білім беру жүйесіне Мемлекеттік стандарт сатылы түрде енгізіле бастады.
Биылғы оқу жылында Атамұра баспасы екі сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу-
әдістемелік құралдардың 24 түрін (оның 6-ы аударма) басып шығарды.
1999-2000 оқу жылында 3-ші сыныпқа арналған оқу-әдістемелік
құралдардың 44 түрі дайындалып, соның ішінде оқулықтың 27 түрі баспада
жарық көріп, 4-ші сыныпқа арналған оқулықтар, сынақ таралымен баспадан
шықты. 1999-2000 жылдары оқу жылында Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім
академиясы ғылымдары авторлар тобымен бірлесе отырып, жаңа буынның 1-4
сыныптарына арналған өзбек тіліндегі оқулықтарды дайындады. Осы оқу жылынан
бастап бастауыш мектеп жаңа буынға арналған оқулықтарға толығымен көшті.
Біз жаңа буын оқулықтарының мемлекеттік тілде және орыс тіліндегі
мектептер үшін ғана емес, сонымен қатар ұйғыр, өзбек тілдерінде
шығарылғанын мақтанышпен айта аламыз.
Біздің ойымызша, жаңа типті мектептерде оқыту мен тәрбиелеу
бағдарламасын іске асыру білім беру саласының барлық мекемелері арасындағы,
оның ішінде, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы
сабақтастыққа негізделеді.
Дидактикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, оқыту мен тәрбиелеудің
ажырамас негізгі бөлімдері: мақсат, мазмұн, түр, әдіс және нәтижесі арқылы
сабақтастықты бақылауға алуға болады.
Бастауыш мектепке үздіксіз білім беру сабақтастығын қамтамасыз етуде
баланың дамуына қолайлы әсер ететін жүйе ретінде қарау керек. Психологиялық
дамудың негізгі білімдері мен кезеңдерін қамтитын білім берудің
салыстырмалы түрдегі жаңа жүйесі арқылы орта мектеп оқушысының тұлғасы
қалыптасады. Қазіргі білім беру саласына еніп жатқан кең көлемдегі
көкейкесті мәселелерді, өзгерістерді балалардың ойлау қабілеті мен
денсаулығын дамытуға пайдалану қажеті туындап отыр.
Білім беру мекемелерінде жеке баланың дәрігерлік, рухани-жан
дүниелік, тәнтанулық және жан-жақты даму процесін айқындайтын бланк болу
керек.
Білім беру ұйымдарындағы оқу жоспары мен жүктемені талдау кезінде
көзіміз жеткен жағдай, балаға қатаң талап қоя білу бастауыш мектеп
жеткіншектеріне қалай оң әсер етсе, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарына да
беретін әсер бірдей. Атан-аналардың сұранысы, балалар мен ұстаздардың талап
тілектеріне орай, білім саласында, соның ішінде тілден (шет тілін ертерек
үйретуге) және компьютерлік сауаттылыққа үйретуден, сурет-сұңғат,
хореографиядан қосымша сағаттар берілді. Осыған байланысты әрбір балаға
аптасына бір сағаттан үш сағатқа дейін жүктеме деңгейі көтерілді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасуы мен дамуы
Бастауыш мектеп дидактикасының оқыту принциптерін қолдану жұмыстарын жетілдіру
Мектепке дейінгі музыкалық білім
Проблемалық оқыту туралы ұғым
Жоғары мектепте қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің жетілдіруі
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
Оқыту теориясы
Оқушыларды сабаққа дайындау
Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдалану
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының әдістемесі
Пәндер