«Балабақшада сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың маңызы»


МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:
2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2008.
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2004.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - Астана, 2004.
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.
Кәсіптік-білім беру бағдарламасы. ҚР МЖМБС 5. 03. 007-2006. Негізгі ережелер. 2006. - 8 б.
Білім беру бағдарламасы. ҚР МЖМБС 5. 01. 021 - 2008. Негізгі ережелер. 2008. - 8 б.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:
Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты - жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.
Білім беру бағдарламасы - білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.
Оқу үдерісі - оқытудың арнайы ұйымдастырылған түріндегі жеке тұлғаның жалпы дамуы мен тәрбиесінің, білім беру мақсатын айқындайтын біртұтас педагогикалық үдерістің нақты көрінісі.
Оқу жоспары (ОЖ) : білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.
Оқу жоспарының тұрақты бөлігі - оқу жоспарының өзгертуге жатпайтын бөлігі. Оқушы тұлғасын жалпы адамзаттық мұраттар мен мәдени дәстүрлерге сәйкес қалыптастыруды қамтамасыз етіп, мемлекет аясында тұтас білім кеңістігін құрады.
Оқу бағдарламасы: ә рбір оқу пәні бойынша меңгерілуге жататын білім, іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
Кәсіби дайындық - белгілі кәсіп бойынша арнаулы білім, дағды, шеберлік, еңбек тәжірибесін қалыптастыру. Кәсіби дайындық кәсіби біліктілігінің күрделілігі мен әзірлік деңгейіне қарай жоғары, арнайы, орта немесе төмен білім түрлеріне бөлінеді.
Құзыреттер - студенттердің оқыту үдерісі кезінде алған білім, іскерлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті.
Құзыреттілік - оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.
Кәсіби құзыреттілік - маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби - педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік кәсіби сипаттама.
Дидактикалық жүйе - оқыту мақсатына жету жолында қолданылатын бірыңғай, іштей тұтас құрылым мен элементтер жиынтығы.
Портфолио білім алушының белгілі бір оқу кезеңіндегі оқу және әлеуметтік маңызы бар жеке жетістіктерін көрсететін тәсіл. Бұл тәсілдің көмегімен білім алушының бағытталған, жүйелі және үздіксіз бағалау мен өзін-өзі бағалау нысаны ретіндегі рефлексияға қабілеті белгіленеді және бағаланады.
Пәнді оқыту нәтижелері - игерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыреттіліктер.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ЖОО - жоғары оқу орны
ЖБП - жалпы білім беру пәндері
БП - базалық пәндер
КП - кәсіптендіру пәндері
ОӘК- оқу-әдістемелік кешен
СӨЖ- студенттердің өз бетімен жұмысы
ОБСӨЖ - оқытушының жетекшілігімен орындайтын студенттердің өзіндік жұмысы
ББСМТД - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығы
БОПӘ - бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
ОБТ - оқытудың бірыңғай технологиясы
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі . “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Әсіресе, Қазақтанның халықаралық білім кеңістігіне енуге бағытталған шарттары ретінде 12 жылдық білім беруге көшуді басты фактор деп қарастырады [1] .
Сондықтан, ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Бұл міндеттер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, балалардың сюжетті-ролдік ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады.
Осыған орай мектепке дейінгі білі беру мекемелерінде берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір баланың жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының қалыптасуына қызмет етуі тиіс.
Сонымен тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму үдерісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады.
Отандық ғалымдар Н. Құлжанова, В. Н. Андросова, Л. А. Давиденко, Е. Б. Дайрабаева, Г. И. Исмагулова, А. Қаржаубаева, Т. Ж. Қалдыбаева, А. К. Меңжанова, О. А. Михалькова, В. Я. Никитин, М. Т. Турскельдина, Б. Баймұратова, Қ. Қойбағаров, К. Сейсенбаев, Ж. Рысбекова, Қ. Т. Шериазданова және М. Оспанбаеваның Ғ. З. Таубаева және т. б. еңбектерінде қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырғанын атап көрсетуге болады.
Көптеген философтар, педагогтар және психологтар ойынды білім беру үдерісінде пайдалану мәселелері көптеген еңбектерінде орын алып отыр. Ойынның педагогикалық дамытушы мүмкіншіліктерін И. Г. Пестолоцци, Р. Оуен, Ф. Фребель, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, П. Ф. Лесгафт, Л. Н. Толстой, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко және т. б. жоғары бағалаған.
Ойынның теориясы мен практикасы мәселелерімен белгілі психологтар Л. С. Выготский, А. Н. Льеонтев, Д. Б. Эльконин, А. В. Запорожец, П. П. Блонский, т. б. ойынның бала дамуы мен оның тұлғасының қалыптасуында алатын орны туралы өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Баланың психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев т. б. айтып кеткен.
Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда ойынның мәнін психологиялық негізін және т. б. жүйелеген.
Ойын дамуының тарихи аспектісі адамзат әрекетінің ерекше формасы ретінде Е. А. Аркин, Е. А. Покровский, Р. И. Жуковская, Р. И. Меджерицкая, В. Г. Яковлева, Т. И. Шамова және т. б еңбектерінде көрсетілген.
Ойынды қалыптастырудың негізгі бағыты - баланы қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, шығармашылық қабілетінің қалыптастыру арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау.
Елімізде балабақшадағы балалардың ойын әрекеті туралы және оның ішінде дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын Ф. Н. Блехер, Джафарлы, Г. И. Камаева, Г. А. Ляпина, Э. М. Муртазина, М. Мұхамедин, А. К. Никифорова, Н. Н. Страздас, М. Т. Тұрыскелдина, Р. Т. Талипова, Т. Иманбеков зерттеуінде мектеп жасына дейінгі балалардың дамытушы ойындар арқылы шығармашылық қабілет әрекетін қалыптастыру мәселесі ішінара қарастырылған. Т. Ж. Бекботчаева, А. К. Айтпаева, Қ. Сағындықов, Г. М. Қасымованың зерттеулерінде қазақтың ұлттық ойындарын сюжетті-ролдік ойындар арқылы мақсаттарын жіктеген. Дей тұрғанмен, қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекеме жағдайында балалардың сюжетті-ролдік ойындар арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастырудың қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде нақты қалыптасқан жағдайында оқытуды белсендіру мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарының жеткіліксіздігі қарама-қайшылықтарды туындатып отыр. Осы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты « Балабақшада сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың маңызы» атты тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді. Осыған орай зерттеудің негізгі мәселесі сюжетті-ролдік ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мекемелерде балалардың ойын әрекетінде балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
- Балабақшадағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін айқындау.
- Балабақшадағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолдану негізінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтау.
- Балабақшадағы балаларға шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін қарастыру.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі білім беру мекемедегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі білім беру мекемедегі ойын әрекетінде балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық, педагогикалық әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озық тәжірибелерді талдау, балалардың ойын әретінде шығармашылық қабілеттерінің дамуын саралау, бақылау, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.
Зерттеудің теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы :
- Балабақшадағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың педагогикалық-психологиялық тұрғыда талдау жасалынып, оның мәселелерінің мәні айқындалды;
- сюжетті-ролдік ойындардың тәрбиелік жақтары таразыланып, қазақстандық педагогикалық ой-пікірлердің дамуына қосқан үлесі анықталды;
- Сюжетті-ролдік ойындарды қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың мүмкіндіктері айқындалып, педагогикалық-әдістемелік ұсыныстар берілді;
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Әрбір жас кезеңіндегі балалардың өзара жас ерекшеліктеріне байланысты және даму дағдарыс барысындағы балалардың қарым-қатынасқа түсудегі сюжетті-ролдік ойындардың қиыншылықтары мен өзіндік мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасау барысында балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы; «Қазақстан - 2030 даму стратегиясы»; Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»; Елбасының жолдаулары; зерттеу мәселесі бойынша философтардың, әдебиеттану мен педагог, психологтардың еңбектер.
Зерттеудің көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, білім беруді дамытуға арналған бағдарламалар, ҚР «Білім туралы» Заңы т. б.
Зерттеу базасы: Түркістан қаласы, «Алия» балабақшасы.
Диплом жұмыстың құрылымы: Белгілеулер мен қысқартулардан, анықтамалар мен нормативтік сілтемелерден, кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
1 БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАЛАРҒА СЮЖЕТТІ-РОЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Балабақшадағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшадан бастап қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі [2] . Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет. Cондықтан республикамыздың білім беру жүйесі де қоғам дамуымен бірге дамып, жетіліп отыр. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби өзінің "Бақыт жолында" атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқтасақ, ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі - оқу, білім деп тұжырымдайды.
Сонымен, баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады .
Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: "Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін де емес" десе [3], ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде "ойын" түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында "ойын" сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды - деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп - тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды. Ойын - таным процесінің дамытудың негізгі болғандықтан әрбір тәрбиеші оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойынды дұрыс колдану үшін тәрбиешіге ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.
Ойын тек баланың іс-әрекеті ғана емес, ойын - еңбек, ойын - оқу, ойын - әлеуметтік қарым - қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс - әрекетін жан - жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырып келген.
Іс-әрекетте ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ал ойын бала үшін алғашқы рет қоршаған ортаны тану құралы болып табылады.
Ойын ұғымына анықтама берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқаруымен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс - әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде сюжетті-ролдік ойындардың орны ерекше.
Ойын - балаларға ең тиімді әрі қолайлы іс-әрекеттің түрі, қоршаған ортадан алған әсерлерін ойын барысында өңдейді, қарым-қатынас жасайды. Ойынның мазмұны баланың тікелей байқағанын, болмаса үлкендердің қызметін қайта жаңғыртумен байланысты. Ойын барысында балалардың ойлауы және қиялы, оның эмоционалдылығы, белсенділігі, қарым-қатынас қажеттілігінің ерекшеліктері көрініс табады. Ойын балаларда келешекте оқу әрекеті мен еңбекте қажет ақыл-ойын дамытады, оның тұлғасының қалыптасуына ықпал етеді, қасиеттері қалыптасады. Өз кезегінде ойын ойнаушыдан ақылдылықты, төзімділікті, дербестілікті, белсенділікті, эмоционалдылықты талап етеді.
Ойын - адамның іс-әрекетінің бір түрі. «Ойын», «ойнау» көпмағыналы ұғым. Мысалы, ертеде гректер ойынды тек балаларға тән іс-әрекеттер десе, еврейлерде қалжың мен күлкі мағынасында қолданылған, кейінірек келе, барлық европалық мемлекеттердің тілдерінде «ойын» бір жағынан ауыр еңбектен айырмашылығы бар адамдардың кең ауқымды әрекеттері ретінде, ал екінші жағынан адамдарды қуантатын, сауықтыратын және рақаттандыратын әрекеттері ретінде қолданылып келеді. Сонымен, бұл ұғым бала ойынынан бастап сахнада кейіпкерлерді сомдау әрекеттерінің барлығын қамтып отыр.
Ойын ғылыми зерттеулердің пәні ретінде қарастырыла бастағанға дейін, балаларды тәрбиелеудің бір құралы ретінде ғана қолданылып келген. Қазіргі кезде ойынды - адамның дүниетанымының алғашқы қадамы ретінде қарастырып отырмыз. Ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін толықтырып жетілдіреді.
Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
Көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді С. А. Шмакова айтуға болады делінген:
- Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық ләззат) ;
- Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы») ;
- Әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат») ;
- Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
1. Әлеуметтендіру қызметі. Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
2. Ұлтаралық қатынас құралы қызметі. Себебі, ойын - балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық, әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.
Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
3. Ойынның қатысымдық қызметін - балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.
4. Ойынның диагностикалық қызметі - педагогқа баланың әр қырынан: нтеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т. б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
5. Ойынның емдік қызметі - баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д. Б. Эльконин аса жоғары бағалайды.
6. Ойынның түзеу қызметі деп - баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
7. Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.
Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық - кеңістігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz