Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері


Мазмұны:
Кіріспе 3
I Бөлім Бастауыш сыныптарда дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу
- Дарынды балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне оларды бастауыш сыныптарда есепке алуға қойылатын педагогикалық талаптар. . 9
- Бастауыш мектеп мұғалімінің дарынды балалармен жұмыс жүргізуде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруының өзіндік ерекшеліктері. 21
II Бөлім. Математика сабақтарында дарынды балалармен
жүргізілетін жұмыстар
- Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту әдістері мен тәсілдері. . 36
- Математика сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жүргізуде жаңа оқыту технологияларын пайдаланудың тиімді жолдары……. . 47
Қорытынды. 75
Пайдаланған әдебиеттер . . . 78
Қосымша
Кіріспе.
Диплом жұмысының көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуальдық дамуы, жеке адамның дарынды-лығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалар ішінен шығады.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие еру, оларды жан -жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
«Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз туге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі». Осы процесте арынды балалар мен жастардың жетілуіне өркениетті жағдай туғызу қажет. Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі негізделеді. Балалар дайындаған ертерек айқындауға байланысты жүргізілетін зерттеу тәжірибесі дарынды баларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдейді.
Қазақстан республикасы президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемелекеттік қолдау» нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998 жылы 24 наурызда республикалық ғылыми-практикалық «дарын» орталығы құрылды. Осыған орай «Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау мен дамыту тұжырымдамасы» нормативті-құқықтық құжаттар жинағы, ғылыми - әдістемелік материалдар мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарға, «Дарын» орталығының аймақтық жетекшілеріне көмекші құрал қызметін атқарады. Дарынды балаларды таңдау және олардың және олардың бойындағы ерекшелік қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу-басты парызымыз.
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер жиналған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі. Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғылымдарының және алдыңғы қатарлы әр елден озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.
Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ олар бұл ерекшелікті құдіретті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеді. Платон пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлігі мен біліміне емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен.
Ерте кезде, XIV ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептелген. Грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретімен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.
Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық мәселесімен испандық Хуан Чарте айналысты. Оның пікірінше, талант адам табиғатына байланысты, дегенмен оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ бұнда жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе.
Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезм Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және т. б) адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөлді.
Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөнінідегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. (Д. Хебб, Г. Айзенк, Ф. Гальтон, Котс)
Қабілеттілік ілімі жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологы Френсис гальтон (XIX ғ) есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеген. Ол өзінің «таланттың тұқымқуалаушылығы: оның заңдылығы мен шығу тегі, еңбегінде қабілеттіліктің шығу тегін әдіснамалық тұрғыда негіздеп тұқым қуалаушылық негізгі шарт» деген қорытындыға келді.
ХІХ-ХХ ғасырда дарындылық мәселесін зерттеу теориялық тұрғыда жалғастырылып (Э. Мейман, В. Штерн) оқу мен тәрбиенің дарындылықтың дамуына әсері қарастырылды.
Әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілет дамытуға болатыны жөніндегі негізді қолдай отырып, Америка ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеді.
Дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындаған шақта психологтар (А. Бэн, В. Вунет, Д. Милль, Т. Спенсер, Т. Циген) .
Дарындылық теориясының негізі орыс психологтарының (Л. Выготский, Б. Ананев, В. Крутецкий, Н. Лейтес, В. Теплов) еңбектерінде көрініс тапқан.
Адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы (А. А . Леонтьев О. Н. Овчинникова, Ю. Б. Гипперней, К. А. Гельвеций ) ғылыми еңбектер жариялады.
XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты
ауқаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере
бастады. Ағартушы Ыбырай Алтынсарин «табиғи ақыл өзін
қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып өзі көрмегендіде
танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін
озық білім»-дейді.
Шоқан Уалиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші ролі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай:
«Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл-ойы жүйріктелмеген таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді». Ш. Уалиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады.
Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта- табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген тамаша сыйы- оның қабілеті дейді. Ақыл адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті негізінде қалыптасады деп тұжырымдайды. Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады.
XX ғасырдың бас кезінде Қазақстан педагогикалық теория
негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қайраткерлер (Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Мұмабаев) мұраларында
білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін
қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған.
Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ол баланың мойындатуға біткен қасиеттерді дамытатын оқу мен тәрбие.
Қазіргі таңдаға дарынды балаларды оқыту мәселесі бойынша
жарық көрген жұмыстар зерттеу жұмысымызға айтарлықтай негіз
болды. Дарынды тану және оқыту мәселелері, дарынды балалармен
жеке жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы
білім беру ісінің үздіктері (Н. Ғ. Даумов, М. Губаева, Ж. Қайыңбаев)
дарыи мектеп интернатының директорлары (Қ. Жұмашев, Ж. Аманжолова) мен дарын мектептерінің мұғалімдерінің (Ғ. Шаймұратова, Р. Жұабаева, З. Сатыбалдина, Ү. Жексенбаева, К. Ауданбаева т. б. ) еңбектерін өз зерттеуімізде пайдаландық.
Бүгінгі егеменді мемлекетімізде өскелең ұрпаққа тәрбие
тәрбие мен білім беруде, олардың өзіне тән жеке дербес
ерекшеліктерін, яғни дарындылықтарын байқауда және оны жан-
жақты дамытуда келелі жұмыстар жасалуда.
Осы тұрғыдан қарастыра келе білім беруді ұлттық сипатта алып, дарындылық қабілетін ашу, тәрбиелеу негізге алынуда. Бастауыш
сыныптардағы ерекше қабілетті оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу,
оларды дарынға жеткізу бүгінгі таңның өзекті мәселесі болып отыр.
Сондықтан математика сабақтарында дарынды балаларды оқыту мен
мұғалімнің міндеті жайлы мәселелер диплом жұмысымыздың
тақырыбын «Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда
дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері» деп
таңдауымызға себепші болды.
Диплом жұмысының мақсаты: Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмыстарын басқару және ұйымдастыру.
Диплом жұмысының міндеттері:
1 . Дарынды балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Дарынды балаларға тәрбие мен білім берудегі мектептер тәжірибелерін жинақтау және талдау.
Дарынды балалармен жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмыс бағыттарын анықтау.
Зерттеу нысанасы: Бастауыш мектептің математика сабақтарындағы оқушылардың дарындылық қабілеттері.
Зерттеудің әдістері: Психологялық-педагогикалық, ғылыми теориялық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, озат мектеп тәжірибиесін анықтау. Дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны: Дипломдық жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
I Бөлім. Бастауыш сыныптарда дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу.
1. 1. Дарынды балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері және оларды бастауыш сыныптарда есепке алу да қойылатын педагогикалық талаптар.
Психология ғылымында бала дүниеге келгенде қайсы бір саладағы қабілеттікке ыңғайлы болып келуді сипаттайтын тұқым қуалаған нышандарымен өмірге келеді.
Мәселен, ата-аналардан балаларға дене қалыптасуы мен конституция ерекшеліктері және кейбір басқа дене күші сапаларымен қасиеттері: шаштарының түр -түсі, көздерінің, терілерінің реңі ауыса алады. Осының бәрі туа біткен дене ерекшеліктері де тұқым қуалап ауыса алады, осының негізінде қоршаған шындық өмірмен өзара әрекеттесудің нәтижесінде жоғары нерв қызметінің белгілі бір типі (холериктік, сангвиникалық, флегматикалық, меланхоликалық) дамиды.
И. П. Павловтың іліміне сәйкес, адам туған кезде толып жатқан туа біткен қасиеттерге және инстиниктерге ие болады, бұлар шартсыз рефлекстер тобына жатады. Бұлардың ішінде тамақ рефлекстері (асты көргенде сілекейдің бөлінуі), қорғану (ыстықтан қолды тартып алу, шақырайған жарық түскенде көзді жұму т. б. ), бағдарлау (дыбыс шыққан жаққа, жарыққа т. б. басты бұру) рефлекстері бар. Бұл қасиеттер жануарларға да, адамдарға да тән болып келеді.
Тік жағдайда жүру нышандары, тілдің дамуы, сондай-ақ ойлауға және еңбек етуге қабілеттілік сияқты, адамның өзіне тән нышандар (адам тегінің қасиеттері) тек адамдарм ен араласқанда ғана дами алады.
Балаларды жануарлар ұрлап әкеткен немесе жағдайларының ыңғайына қарай олар ерте балалық шағынан орманда қалып қойып, тек кейде ғана, бірқатар жыл өткеннен соң барып музыкаға, живописке, биге, ғылымдарға, әсіресе математикаға, тілдерді меңгеруге т. б. қабілеттерін көрсете бастайды. Қызметтің белгілі бір түрін ойдағыдай атқарудың аса маңызды шарттарының бірі болып табылатын жеке бастың дара-психологиялық ерекшеліктерін қабілеттіліктер деп түсіну қабылданған.
Физиология мен психологияның деректеріне сәйкес адамның бойындағы туа біткен қабілеттіліктер дайын қабілеттіліктер бола алмайды, бұларды, яғни нышандарды дамыту үшін потенциальды мүмкіндіктер ғана болады. Мұнда нышандар дара психологиялық ерекшеліктер қабылдау, ойлау, ес, қиял және басқа да жеке бастың психикалық қасиеттерімен өте тығыз байланыста болып келеді.
Арнаулы психологиялық зерттеулер мен орасан мол практикаға қабілеттердің көрініп, дамуы туралы мәселеде белгілі бір қасиеттерді көрсетуді талап ететін бала әрекетінің жағдайлары шешуші болып табылатындығын дәлелдейді. Арнаулы іріктеуге ұшырамаған балалардың үлкен бір тобына музыкалық тәрбие беру тәжірибесі дұрыс педагогикалық басшылық етіп, музыкалық әрекетте тиісінше практикада болған жағдайларда балалардың бәрі түгелдей толық құнды музыкалық білім алғандығын көрсетеді. Музыкалық білімді, әдетте музыкалық қабілеттері айқын көрінген балаларға ғана беру тиімді деп саналады.
Екінші жағынан, тәжірибе кейінде аса көрнекті қабілетке ұласып дамыған, тіпті аса күшті нышандардың өзі осы өркендерді тиісті қызмет көрсете алатын жағдай болғандықтан, ұзақ уақыт бойына көрінбей келгендігін тәжірибе паш етіп отыр. Әсіресе ақыл және таным күштерінің даму кезіне алынатын интеллектік қабілеттердің орталық қабілеттердің тұқым қуалауы туралы мәселе күрделі болып келеді.
Адамзат еншісіне ғана тиісті тәрбие мен білім беруде еліміздің интеллектуалды, шығармашыл потенциалын дайындау, дарынды балалардың жетілуіне жағдай жасау қазіргі заманымыздың экономикалық және әлеуметтік факторы болып отыр.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде мұндай мысалдар көп. Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды адамдардың өміріне бір сәт көңіл бөлсек., олар дарындылығымен жас кезінен көзге түскен.
Германияның любектік төрт жасар дарынды баласы кристиан Гейнрих Хейнекеннің дарындылығы жұртты таң қалдырды. Ұстазы Кристиан Фон Шенах жазған «Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі іс-әрекеті, саясаты мен өлімі » деген кітабы дарынды бала туралы жазылған алғашқы кітап болды.
Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих суретке салынған заттардың көпшілігін айырып айтатын болды. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың 4 амалын мен есеп шығара алады, көп ұзамай сәби француз тілін үйреніп, географиядан жақсы мағлұмат алады және мыңнан астам латын мәтелін білетін болған. Сол сияқты Дюрер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт соната жазған. Лист, Шопен мен Иегуди Менухин он бір жасында үлкен концерт қоюға қатысқан. Тоғыз жасар Гете неміс, латын грек тілдерінде өлең жазатын болған. Қазіргі математиканың негізін салушы Гаусс үш жарым жасында әкесінің салық төлеу жөніндегі есебін көріп, соның қатесін шығарыпты. Сөйтіп әкесінің 25 талер ақшасын сақтап қалыпты деседі. Ол алгебралық есептер мен сандар теориясы жөніндегі өзінің дарынын ерте танытқанға ұқсайды. Гаусс өзінің ең басты жаңалықтарын негізінен 14 пен 17 жастың арасында ашыпты. Кибернетиканың атасы Ноберт Винер бес жасында 18 жасар балалармен бірге оқиды. 12 жасында колледжге түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ берілді.
Кейде дарынды балардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері бар. Мәселен, Д. Байрон, Н. Дарвин, В. Скотт бала күндерінде түк білмейтін болған екен. Олардың көпшіліп өз уақытын бос өткізген. Олар өлең жазып, сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинаумен айналысқан.
Дарынды балалар Қытай тарихында да жиі кездесіп отырған. Ертедегі Қытайда дарынды балаларды, «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған. Киелі балаларға байланысты ең ертедегі жазбалар Чунь Цю Чжанго дәуірінде (б. д. б. 770-б. д. б. 221) кездеседі. Үш патшалық дәуіріндегі атақты қолбасшы Цао Цао-өз перзенті Цао Чуннің тапқырлығына таң қалды. 5 жасар бала сыйға тартқан пілдің салмағын өлшейтін таразы таба алмай тарығып жатқанда, «алдымен пілді қайыққа салыңдар, онан соң орнына тас салып, оны бөліп өлшесеңдер пілдің салмағы шығады » дейді. Сөйтіп Цао Чуннің піл өлшеген әңгімесі ауыздан ауызға тарап, жұрт 5 жасар баланың талантына таң қалды.
Қазақ халқының біртуар ұлдарын аса қабілетті, дарын иесі деп айтуға болады. Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Ш. Уалиханов та аз ғұмырының ішінде азаматтық ғылымға баға жетпес үлес қосты. Ол музыка, сурет, тіл, география публицистика мен жазушылық әндерде өзін жоғары биіктен көрсете білді. Шоқан жөнінде С. Мұханов былай деп жазды: «Аз өмірде осынша тығыз, зұлымдықпен арпалыса жүріп, атқарып үлгерген еңбегінде қисап жоқ . . . Шоқанды . . . 27 жасында өлген Лермонтовтың, 24 жасында өлген Добролюбовтың қатарын қоюға болады. Шоқан да солар сияқты: шын мағынасында данышпан, шын мағынасында дарын иесі. Ал атақты күйші Дина Нүрпейісованың күйшілік өнері 8 жасында байқалған.
Бұл ұлы тұлғаларды өзге адамдардан ерекшелендіріп тұрған дарындылық емес пе?
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, оңай өзгеруі) байланысты болып келеді. Олай болса, нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Ал Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық - табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей біреуге көптеу, біреулерге мүлдем жарытпай тарататыны да анық.
Сонымен біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшелендіретіндерді айтып жүреміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен әдістеме саласында көптеген «тар жол тайғақ кешулерден» өтіп, өз жолын енді тауып келеді.
Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Кезінде Платонның өзі ақындықты «өнер мен кернеген сезімнен туындайды» деген болатын. Ал Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде «маған көмекке әрдайым мейірімді перім гений келеді » деген екен.
Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы ұрпақтан ұрпаққа берілетіні сөзсіз.
Ф. Гальтон әлемге әйгілі, дарынды түлғалар өмірнамаларын талдай отырып XX ғ. Котс әлемдік өтпес даңққа бөленген әйгілі неміс композиторы Иоганн Себастьян Бахтың арғы атасы В. Бахтың ерекше қабілет толғанын айтады. Ал, Абай ұлы тұлғаны дүниеге әкелген Құнаңбайды дарын емес деп кім айтады? Бұл туралы поляк революционері Г. Янушкевич өз жазбаларында келтіреді. Осыны негізге ала отырып Канада ғалымы Д. Хебб «генотиптік интеллект» деген ұғым енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, «фенотиптік интеллектіні» құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісінен аныкталады. Д. Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8-тұқым қуалаушылық, 2-сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) - бұл мәдени әлеуметтік орта мен индивидтің тәжірибесінен пайда болатын өнім ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты, белгілі американдық ғалым Эдисон дарындылық дегеніміз 98% еңбекшілдік, ал 2 % талантылық деген екен.
Д. Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жинақтаушылардың тұжырымдары практик-ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылығы, «қатып қалған интеллектіні» жоққа шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50%-і ғылымның әр түрлі саласынан әр дәрежеде ой өріс деңгейін көрсете білген. Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интеллектуалды дарындылығын танытқан.
Нақты шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық туралы тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы жетістіктерге қарамастан оны жоқ деуге болады. әйтсе де бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушілерді көп қиналта қоймайды. Тіпті кейбіреулері мұны дұрыс заңды нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады. Белгілі ағылшын психологы Г. Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай тұжырымдайды: «термометрді алғаш ойлап тапқанда ғылымда жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды . . . түбінде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе. Сөйтіп Г. Айзенк дарындылық туралы түбегейлі тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдады өз ойын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz