Археология ұғымы және археологияның қалыптасу тарихы



Кіріспе
1. Археология ұғымы және археологияның қалыптасу тарихы.
2. Археологиялық ескерткіштер.
3. Археологияның зерттеу тәсілдері мен әдістері.
4. Археологиялық материалдарды өңдеу.
5. Археологиялық жұмыстарға дайындық және археологиялық
6. ескерткіштерді қорғау.
7. Қазақстандағы археологияның дамуы.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Археология – адамзаттың өткен тарихын заттай ескерткіштер арқылы зерттейтін ғылым. Археология терминін ежелгі грек тілінде – архайос-ежелгі, логос-ғылым – деген мағынаны береді. Бұл терминді алғаш рет ежелгі грек философы Платон (427-347жж.) пайдаланған. ХҮІІІ ғасырда бұл терминді ежелгі өнер тарихы деген мағынада пайдаланған. Осы уақытқа дейін көптеген елдерде археология тарих ғылымдарына емес жаратылыстану ғылымдарына қосылады.
Біздің елде (Бұрынғы Кеңес Одағы территориясында) археология тарихтың бір саласы болып саналады.
Археология – тарихтың жазуға дейінгі кезеңін зерттеуде үлкен рөл атқарады. Егер адамзат тарихы 2,5 млн. жылды құрайтын болса, жазуға дейінгі тарих адамзат тарихының 99,9 % құрайды. Сондықтан, адамзат тарихының көп бөлігі археологиялық деректер арқылы зерттеледі.
Алғашқы археологиялық қазба жүргізу және деректерді түсіндіруге талпыныс ежелгі дәуірде басталған.
Ежелгі рим ақыны және ойшылы Лукреций Кар (б.д.д. Іғ.) жазуға дейінгі тарихты тас, мыс және темір дәуірлеріне бөлген. Лукрецийдің дәуірлерге бөлуін археологтар қазір де пайдаланады.
Орта ғасыр кезеңінде археология біржолата ұмытылған болатын. Археологияға жаңа көзқарас қайта өрлеу дәуірінде болды. ХҮ-ХҮІ ғасырларда Италияда көптеген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл қазба жұмыстарының басты мақсаты ежелгі грек және ежелгі рим ескерткіштерін, әшекейлерін, асыл заттарын табу болды. ХҮІІІ ғасырда Помпей және геркуланума қалаларында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Археологиялық жұмыстардың қайта жандануы ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдары басталды. Бірақ нағыз ғылыми зерттеулер тек ¦лы Француз революциясынан кейін бастау алды. Археология ғылым ретінде тек ХІХ ғасырда қалыптасты. Бұл кезде Қосөзен мен Египеттегі ежелгі өркениеттер табылған еді. 1836 жылы дат археологы Х.Томсен археологиялық материалдар бойынша адамзат тарихының алғашқы үш ғасыры (тас, қола, темір) туралы гипотеза айтты, оның гипотезасын Е.Ворсо ары қарай дамытты. Буше де Перт табылған тастарды еңбек құралдар екенін дәлелдеді. 1837 жылы француз археологы Э.Лартэ алғашқы тас құралдар жасаған адамдар мамонттар және басқа да қазба жұмыстары кезінде аталған жануардың замандасы болғанын анықтады.
1869-1893 жж. белгілі француз зерттеушісі Г.Мортилье Томсеннің және Ворсоның хронологиялық жүйесін ары қарай дамытты. Ол тас құралдардың алғашқы хронологиялық сызбасын (схемасын) жасады. Оның ғылыми айналымға енгізген терминдері (ашель, мустье және т.б.) әлі күнге дейін қолданылады. 1865 жылы археолог және этнолог Д.Леббок тас ғасырын екі дәуірге: палеолит және неолитке бөлуді ұсынды. ХІХ ғасырдың аяғында француз археологы Э.Пьет олардың арасындағы өтпелі кезең мезолитті ашты.
Қола және темір ғасырлары да ежелгі және кейінгі болып екі дәуірге бөлінді, ХІХ ғасырдың аяғында археологиялық жаңа термин «Энеолит» - мыс-тас ғасыры пайда болды. Ол тас ғасыры мен қола дәуірінің арасындағы өтпелі кезең.
2. Археологиялық ескерткіштерді шартты түрде топқа бөлсе болады. Олардың ішіндегі ірі екеуі – елді-мекендер және қабірлер болып табылады.
Елді-мекендер бекініссіз (тұрақтар, ауылдар) және бекіністі (қала, қалашық) болып бөлінеді. Қалашық және ауыл деп қола және темір дәуірлерінің ескерткіштерін атайды. Тұрақтар деп тас және қола дәуірлерінде адамдар мекендеген жерлерді айтады.
1. Авдусин Д.А. Основы археологии. М., 1989.
2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А., 1993.
3. Валк С.Н. Советская археология. М., 1948.
4. Гальперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. Москва, «Вече».- 2002.
5. Мартынов А.И. Археология. М., 2002.
6. Мартынов А.И. Методы археологического исследования. М., 1989.
7. Массон В.М. Историческое реконструкция в археологии. М., 1990.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Археология ұғымы және археологияның қалыптасу тарихы.
2. Археологиялық ескерткіштер.
3. Археологияның зерттеу тәсілдері мен әдістері.
4. Археологиялық материалдарды өңдеу.
5. Археологиялық жұмыстарға дайындық және археологиялық
6. ескерткіштерді қорғау.
7. Қазақстандағы археологияның дамуы.

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

1. Археология – адамзаттың өткен тарихын заттай ескерткіштер арқылы
зерттейтін ғылым. Археология терминін ежелгі грек тілінде – архайос-ежелгі,
логос-ғылым – деген мағынаны береді. Бұл терминді алғаш рет ежелгі грек
философы Платон (427-347жж.) пайдаланған. ХҮІІІ ғасырда бұл терминді ежелгі
өнер тарихы деген мағынада пайдаланған. Осы уақытқа дейін көптеген елдерде
археология тарих ғылымдарына емес жаратылыстану ғылымдарына қосылады.
Біздің елде (Бұрынғы Кеңес Одағы территориясында) археология тарихтың
бір саласы болып саналады.
Археология – тарихтың жазуға дейінгі кезеңін зерттеуде үлкен рөл
атқарады. Егер адамзат тарихы 2,5 млн. жылды құрайтын болса, жазуға дейінгі
тарих адамзат тарихының 99,9 % құрайды. Сондықтан, адамзат тарихының көп
бөлігі археологиялық деректер арқылы зерттеледі.
Алғашқы археологиялық қазба жүргізу және деректерді түсіндіруге
талпыныс ежелгі дәуірде басталған.
Ежелгі рим ақыны және ойшылы Лукреций Кар (б.д.д. Іғ.) жазуға дейінгі
тарихты тас, мыс және темір дәуірлеріне бөлген. Лукрецийдің дәуірлерге
бөлуін археологтар қазір де пайдаланады.
Орта ғасыр кезеңінде археология біржолата ұмытылған болатын.
Археологияға жаңа көзқарас қайта өрлеу дәуірінде болды. ХҮ-ХҮІ ғасырларда
Италияда көптеген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл
қазба жұмыстарының басты мақсаты ежелгі грек және ежелгі рим
ескерткіштерін, әшекейлерін, асыл заттарын табу болды. ХҮІІІ ғасырда Помпей
және геркуланума қалаларында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Археологиялық жұмыстардың қайта жандануы ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдары
басталды. Бірақ нағыз ғылыми зерттеулер тек ¦лы Француз революциясынан
кейін бастау алды. Археология ғылым ретінде тек ХІХ ғасырда қалыптасты. Бұл
кезде Қосөзен мен Египеттегі ежелгі өркениеттер табылған еді. 1836 жылы дат
археологы Х.Томсен археологиялық материалдар бойынша адамзат тарихының
алғашқы үш ғасыры (тас, қола, темір) туралы гипотеза айтты, оның
гипотезасын Е.Ворсо ары қарай дамытты. Буше де Перт табылған тастарды еңбек
құралдар екенін дәлелдеді. 1837 жылы француз археологы Э.Лартэ алғашқы тас
құралдар жасаған адамдар мамонттар және басқа да қазба жұмыстары кезінде
аталған жануардың замандасы болғанын анықтады.
1869-1893 жж. белгілі француз зерттеушісі Г.Мортилье Томсеннің және
Ворсоның хронологиялық жүйесін ары қарай дамытты. Ол тас құралдардың
алғашқы хронологиялық сызбасын (схемасын) жасады. Оның ғылыми айналымға
енгізген терминдері (ашель, мустье және т.б.) әлі күнге дейін қолданылады.
1865 жылы археолог және этнолог Д.Леббок тас ғасырын екі дәуірге: палеолит
және неолитке бөлуді ұсынды. ХІХ ғасырдың аяғында француз археологы Э.Пьет
олардың арасындағы өтпелі кезең мезолитті ашты.
Қола және темір ғасырлары да ежелгі және кейінгі болып екі дәуірге
бөлінді, ХІХ ғасырдың аяғында археологиялық жаңа термин Энеолит - мыс-тас
ғасыры пайда болды. Ол тас ғасыры мен қола дәуірінің арасындағы өтпелі
кезең.
2. Археологиялық ескерткіштерді шартты түрде топқа бөлсе болады.
Олардың ішіндегі ірі екеуі – елді-мекендер және қабірлер болып табылады.
Елді-мекендер бекініссіз (тұрақтар, ауылдар) және бекіністі (қала,
қалашық) болып бөлінеді. Қалашық және ауыл деп қола және темір дәуірлерінің
ескерткіштерін атайды. Тұрақтар деп тас және қола дәуірлерінде адамдар
мекендеген жерлерді айтады.
Қабірлердің негізгі екі түрі бар: мола басында белгілері бар
(қорғандар, мегалиттер және т.б.) және топырақты қабірлер, яғни басында
ешқандай белгілері жоқ. Ең күрделісі – мегалитті қабірлер (мегас – үлкен,
литос - тас), яғни үлкен тастардан салынған қабірлер – дольмендер,
менгирлер және т.б. Батыс Еуропа мен Россияның оңтүстігінде дольмендер
(доль – стол, мен - тас) кең тараған.
Үлкен тастардан жасалған қабірлер – пирамидалар. Пирамиданың ең үлкені
– Хеопс пирамидасын салу үшін 6,5 млн. т. тас кеткен. Оның биіктігі – 140м.
Бұрынғы Кеңес Одағы территориясындағы пирамидалар ағаштан және топырақтан
жасалған. Олардан тек топырақты қорғандар сақталған.
Қабірлер - өлген адамның жасын анықтайды, яғни сол дәуірдегі
адамдардың орташа өмір сүру мерзімін, олардың өмір салтын, немен
қоректенгенін анықтауға мүмкіндік береді. Мамандар адамның сыртқы бейнесін,
бойын, жыныстық айырмашылығын және тағы басқа белгілерін адам сүйектері
толық табылмаса да анықтай алады. Кейде ұйықтан (болотадан) адамның
шірімеген сүйектері табылады. Мысалы, 1984 жылы Линдоу-Мосс ұйығынан жасы
жиырма-отыздағы, бойы – 167 см, сары сақал-мұртты, самай шашы
(бакенбардасы) бар, тырнақтары алынған ер кісінің сүйегі табылған. Оның
денесі 2500 жылдай балшықтың арасында жатып шірімеген. Оны арқанмен
қылқындырып өлтіріп ұйыққа тастаған. Осындай табылымдар өткен өмір туралы
көптеген мәліметтер береді.
Қабірлер, әсіресе жерлеу рәсімдері өлген адамның руластарының діни
көзқарастарын, сенімдерін, дүниеге көзқарасы туралы мағлұматтар береді.
3. Археологиялық зерттеулер далалық және камералды, яғни
лабораториялық болып екіге бөлінеді.
Далалық зерттеу тек қазба жұмыстары емес, ол ең алдымен археологиялық
ескерткіштерді іздеу.
Кез-келген құрылыс басталмас бұрын (қала, завод, су қойиасы және т.б.)
ескерткіштерді қорғау туралы Заңға сәйкес құрылыс аймағында археологиялық
зерттеулер жүргізілу керек. Егер ескерткіш табылса құрылыс басталғанша
зерттелуі тиіс.
Ескерткіштерді табу үшін алдымен археологиялық барлау жүргізіледі.
Барлау жүргізудің ең сенімді әрі қарапайым тәсілі – зерттейтін территорияны
жаяу аралау қажет. Ортағасырлық қалалар, пирамидалар, қорғандар алыстан
көзге түсіп тез табылады. Ал, көне тұрақтарды табу үшін археолог жерде
жатқан заттарға ерекше назар аударуы тиіс. Сондықтан, археолог зираттардың
әрбір кезеңге тән белгілерін білуі керек және заттың табылған жерін
топографиялық картаға түсіріп отыруы қажет. Карта арқылы заттардың көп
шоғырланған ауданын анықтап, сонда қазба жүргізуі мүмкін. Егер жер бетінен
заттай дерек аз табылса немесе кездеспесе, онда барлау шурфын немесе
траншеясын (ор) қазады.
ХХ ғасыр басында әуе шары арқылы римдік Ости портының фото суреті
түсірілген. Осыдан бастап аэрофотосурет тәсілі пайдаланылған. Аэрофото –
тәсілі ежелгі қаланың көлемін, жолдарын, ежелгі каналдардың орындарын
табуға мүмкіндік береді.
Электро барлау тәсілі де кең қолданылады. Оның негізінде ток арқылы
жер қарсылығы өлшенеді.
Жер қарсылығы оның ылғалдылығына байланысты.
Егер жердің астында ежелгі қабырғалар болса ылғалдылығы төмен болады.
Сондықтан, электроқондырғыдағы көрсеткішті өзгеруіне қарап отырып көзге
көрінбейтін жердің астындағы ежелгі тұрғын үйлердің жоспарын (жобасын)
қалпына келтіруге болады. Сондай-ақ, металды деректорларды және радарлы
аппараттар да пайда болды.
Далалық жұмыстардың негізгі түрі – қазба жүргізу.
Қазба жүргізу – мыңдаған жылдар бойы желмен, сумен, өсімдіктердің
шіріген қалдықтарымен қалыптасқан жердің беткі қабатын, оның астында қалған
ежелгі заттар немесе қабырға қалдықтарына зиян келтірместен қазып, аршып
алу. Қазба жұмыстары тек күрекпен ғана емес, сонымен қатар, пышақпен,
медициналық скальпельмен, кейде сурет салатын щеткамен жүргізіледі.
Қазба жүргізілетін жер алдымен бірдей квадрат алаңдарға бөлініп, әрбір
квадрат нөмірленеді. Бұл тор деп аталады.
Қазба жүргізілгенде адамдар бірнеше рет мекендеген көп қабатты
ескерткіштер жиі кездеседі. Адам өмірінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Аргеологиялық ескерткіштерді қорғау
Тарихи археологиялық музей қорларын жинақтау тәртібі
Тарих ғылымдарының докторы
«Археология теориясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Академик Әлкей Марғұлан
Алғашқы қоғам тарихының зерттеу пәні
Археологиялық зерттеулер
Археологиясындағы орны мен қызметі
Археология ғылымы
Пәндер