Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары



Кіріспе
І.Тарау Бастауыш мектептегі тәрбие процестерінің ерекшеліктері
1.Бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық мүмкіндіктері
2.Мектепте тәрбие жұмысын жан.жақты ұйымдастырудың әдіс.тәсілдері
3.Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының әдіс.тәсілдерінің мәні
ІІ.Тарау Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары
1.Мектептегі сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Зерттеу көкейкестілігі. Қоғамдағы білім беру саласындағы ізгілендіру мен демократияландыру процестері мектептердегі тәрбие мазмұнын жаңартуды және мұғалімдерге қойылатын талап деңгейін өзгертуді қажет етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы бекітіліп, жаңа формация мұғалімінен қойылатын талаптардың бірі «болашақ мұғалімдердің теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолдана білуге дайындығын қалыптастыру» делінген. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Б.З.Ақназаров, О.А.Аяшев, З.Әбілова, Д.Ф.Ақбердиева, Д.Б.Биданов, Е.А.Дмитриенко /1983/ Р.Д. Ержанова, Р.М.Қоянбаев, М.Д.Көпжасарова 1976/ Б.Т.Кенжебеков, Н.М.Иргебаева, Б.Т.Набиева, Т.Қ. Жұмажанова, Ғ. Қажығалиева, У.Жарқынбеков, Қ.И.Қаңдыбаев, У.Танабаев, Қ.И.Қаңлыбаев, Н.М.Сағитова, Е.А. Ушуров, М.К.Садықованың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Аталмыш еңбектерге көз жүгіртсек, тәрбие жұмыстарының қалыптасу теориясының түрлі тәрбие салаларына қатысты айқындалғанын көрсетеді. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруды теориялық тұрғыда шешу қжеттілігі мен оның мектепте өз дәрежесінде болмауы арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі айқындалды. Аталмыш қарам-қайшылықтың педагогикалық білім теориясы мен практикасында жеткіліксіз зерттелуі және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігіне байланысты зерттеуіміздің тақырыпты «Бастауыш мектепте тәрбие процесінің ереешеліктері» - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш мектептегі тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Зерттеудің мақсаты: Тәрбие жұмыстарын қазіргі талапқа сай ұйымдастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу және технологиясын дайындау.
Зерттеудің болжамы: тәрбие жұмысын ұйымдастыру нәтижелі болады, егер: тәрбие мазмұны бүгінгі талаптарға сай құрылып, осы кезеңге дейінгі жинақталған алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелер ескерілсе; тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары басшылыққа алынса, онда бүгінгі өмір талабына сай бастауыш мектептен болашақ тәрбиелі ұрпақты дайындай аламыз.
Зерттеудің міндеттері:
–тәрбие жұмысын ұйымдастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу;
– тәрбие жұмысының моделін дайындау ;
– педагогикалық эксперименттің нәтижесін қорытып, әдістемелік нұсқау ұсыну.
– Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген жұмыстарымен және мерзімді баспа материалдарына талдау жасау, педагогикалық эксперименттер(анықтау, қалыптастыру, бақылау) өткізу барысында әңгімелесу, даму деңгейін сапалық сандық деректерін білдіруде статистикалық әдістерді қолдану, педагогикалық бақылау, сауалнамалар жүргізу, бастауыш мектептегі тәрбие жұмысын бақылау.
1.Абай . Қара сөздер. Алматы. Ел. 1993-272 бет.
2. Ашайұлы А. Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру /бастауыш мектеп оқушылары үшін/ п.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты. 1995.
3. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері. Алматы АлМу. 1994.
4. Амоношвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценка учения школьников. Москва. Педагогика. 1984г. /47/
5. Асанқайғы. Аңызды баспаға әзірлеген Н.Мұхаметқалиев. Алматы «Жазушы» 1973 /36/.
6. Асанов Ж.А. Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі. Қызылорда. 1993.
7. Арын Мұхтар . Бес анық. (Тәрбие туралы толғамдар). Алматы «Арыс» 1996.
8. Амантурлин Ш. Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. Алматы. 1978.
9. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор. 1924.
10. Ақназаров Б., Әбдіжапарова Ж., Айтбакина Р. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының мәселелері. Алматы «Мектеп» 1986.
11. Асқарова Ж.А., Сураншиева М.К. тәрбие жұмыстарын өткізу әдістемелері. Алматы ЖенПИ. 2000.
12. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері Алматы. 1991.
13. Әмірәлиев Ш. Жақсы дәстүр жалғаса береді. Алматы 1983.
14. Әмірова Ә.С. Балаларды әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы . «Рауан» 1998.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
І.Тарау Бастауыш мектептегі тәрбие процестерінің ерекшеліктері
1.Бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық
мүмкіндіктері
2.Мектепте тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
3.Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерінің мәні
ІІ.Тарау Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері
және формалары
1.Мектептегі сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Зерттеу көкейкестілігі. Қоғамдағы білім беру саласындағы ізгілендіру мен
демократияландыру процестері мектептердегі тәрбие мазмұнын жаңартуды және
мұғалімдерге қойылатын талап деңгейін өзгертуді қажет етеді. Осыған орай
Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық
білім беру тұжырымдамасы бекітіліп, жаңа формация мұғалімінен қойылатын
талаптардың бірі болашақ мұғалімдердің теориялық білімін тәжірибе жүзінде
қолдана білуге дайындығын қалыптастыру делінген. Тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру бойынша Б.З.Ақназаров, О.А.Аяшев, З.Әбілова, Д.Ф.Ақбердиева,
Д.Б.Биданов, Е.А.Дмитриенко 1983 Р.Д. Ержанова, Р.М.Қоянбаев,
М.Д.Көпжасарова 1976 Б.Т.Кенжебеков, Н.М.Иргебаева, Б.Т.Набиева, Т.Қ.
Жұмажанова, Ғ. Қажығалиева, У.Жарқынбеков, Қ.И.Қаңдыбаев, У.Танабаев,
Қ.И.Қаңлыбаев, Н.М.Сағитова, Е.А. Ушуров, М.К.Садықованың еңбектерін
ерекше атап өтуге болады. Аталмыш еңбектерге көз жүгіртсек, тәрбие
жұмыстарының қалыптасу теориясының түрлі тәрбие салаларына қатысты
айқындалғанын көрсетеді. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруды теориялық
тұрғыда шешу қжеттілігі мен оның мектепте өз дәрежесінде болмауы арасында
қарама-қайшылықтар бар екендігі айқындалды. Аталмыш қарам-қайшылықтың
педагогикалық білім теориясы мен практикасында жеткіліксіз зерттелуі және
көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігіне байланысты зерттеуіміздің
тақырыпты Бастауыш мектепте тәрбие процесінің ереешеліктері - деп
таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш мектептегі тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Зерттеудің мақсаты: Тәрбие жұмыстарын қазіргі талапқа сай ұйымдастыруды
ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу және технологиясын дайындау.
Зерттеудің болжамы: тәрбие жұмысын ұйымдастыру нәтижелі болады, егер:
тәрбие мазмұны бүгінгі талаптарға сай құрылып, осы кезеңге дейінгі
жинақталған алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелер ескерілсе; тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың педагогикалық шарттары басшылыққа алынса, онда бүгінгі өмір
талабына сай бастауыш мектептен болашақ тәрбиелі ұрпақты дайындай аламыз.
Зерттеудің міндеттері:
–тәрбие жұмысын ұйымдастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу;
– тәрбие жұмысының моделін дайындау ;
педагогикалық эксперименттің нәтижесін қорытып, әдістемелік нұсқау ұсыну.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық әдебиеттермен, зерттеу
тақырыбына қатысты жүргізілген жұмыстарымен және мерзімді баспа
материалдарына талдау жасау, педагогикалық эксперименттер(анықтау,
қалыптастыру, бақылау) өткізу барысында әңгімелесу, даму деңгейін сапалық
сандық деректерін білдіруде статистикалық әдістерді қолдану, педагогикалық
бақылау, сауалнамалар жүргізу, бастауыш мектептегі тәрбие жұмысын бақылау.
І.Бастауыш мектептегі тәрбие процестерінің ерекшеліктері

Бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық
мүмкіндіктері

Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді,
үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған
негізгі міндет. Осыған байланысты мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу-
тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықаралық деңгейде халықтық тәлім-
тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып жүргізу бүгінгі күн талабының
өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңгі шығармашыл
кемеңгерлерін тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып,
ұдайы үздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны белгілі. Тәрбие жайында
осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбие
терминін әрдайым тар мағынада мұғалім тәрбиелеейді, кең мағынада өмір
тәрбиелейді – деп қолданады.
Тәрбиені педагогиканың бірт бір бөлігі ретінде қарастырмастан бұрын,
бұл ұғым туралы бірнеше қалыптасқан көзқарастарға тоқталайық.
Н.И.Болдыревтің Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі оқулығында Тәрбие
– бұл тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бір мақсатиқа бағытталған және
өзара байланысты іс-әрекеті, осы жұмыс процесіндегі қарым-қатынасы, жеке
адамды және ұжымды қалыптастырудағы ықпалы деген. Қысқа психологиялыө
сөздікте 1985 Тәрбие – жас ұрпаққа қоғамдық-тсрихи тәжірибені
диалектикалық-материалдық көзқарасты, жоғарғы моралды, терең идеяны,
қоғамдық белсенділікті, шығармашылық қатынасты, жоғары еңбек мәдениетін
және тәртіпті жеткізу жолдары деп, сол
Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ғылыми негізін салған ғалым
педагог А.С.Макаренконың Тәрбие туралы лекция, Мектептегі кеңестік
тәрбие мәселелері атты еңбегінде сол кездегі тәрбие жұмысының әдіәстемесі
қажет емес деген пікірлерге қарсы шығып, мектептегі тәрбие жұмысының
өзіндік логикасы бар, педагогика ғылымының бір саласы екендігін түсіндіруге
тырысты.
Жалпы тәрбие мәселесінің негізін салған Н.К.Крупская оқушылардың жан-
жақты дамуын зерттей келе, тәрбиелеу мен оқытуды бірдей, өзара байланыстыра
отырып жүргізуді ұсынады. Қарапайымдылық пен кішіпейілділік қасиеттерін
Н.К.Крупская өте жоғары бағалады, оларды адамның көркі деп санады. Сонымен
қатар сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының ролі күшті деп есептеді.
В.А.Сухомлинский Тәрбие туралы атты еңбегінде Воспитание – это
многогранный прцесс постоянного обогащения и обновления – и тех, кто
воспитывается деген пікірінен тәрбие жұмысын ұйымдастыра отырып,
тәрбиелеуші де тәрбиеленуші де өзгеріске ұшырайтындығын айтады. Сол сияқты
мектепте сабақтан тыс үйірмелер мен балалар бірлестіктерін ұйымдастырып,
ондағы педагог орнын жоғары бағалады.
Тәрбие ісін - деді Луначарский, тек оқыту деп қарауға болмайды,
себебі, адам ойы оқыту жолымен толықтырылатын тек ақылдан ғана тұрмайды -
деп тәрбие ісін негізінен алғашқы білім берудің бастамасы деп қарайды.
Психология ғылымында жеке адамның дамуын сыртқы факторлардың әсері
ғана емес, адамның жеке позициясы, оның көзқарасы және әрекеттері,
практикалық тұрғыда іске асуы арқасында ие болатындығын дәлелдейді.
Сыртқының ішкі жәйтқа көшуі, сыртқы құбылыстарды ішкі түрткі етіп қорыту,
тоқтамдар, өмірлік бағдарлар – жеке адамның қалыптасуы мен жамуының қажетті
шарты. Қоршаған ортадан, жеке адамның қызметі мен араласып-құраласуынан
келетін әсерлер бірден жүзеге асырылмайды. Олар тәрбиеленушінің жеке
тәжірибесі мен қажеттіліктері арқылы талқыдан өтеді. Жеке тұлғаны дамыту
мәселелері Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Элконин, Б.Г.Ананьевтің
зерттеулерінде қарастырылған.
Психолог С.Л.Рубинштейн қалыптасу үстіндегі жеке адам психологиясы
бәрі қадай болғанмен де сырттай сабақтас, бірақ оның дамуында ешнәрсе де
тікелей сыртқы ықпалдардан шығарылмайды деп көрсеткен. Жеке адамның
тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы тәрбие үрдісінің
заңдылығы. Оның мазмұны, формалары мен әдістері көбіне тәрбиеленушілердің
жалпы даму деңгейіне тәуелді. Олардың дамуы алдымен тәрбие берудің
нәтижесі. Жеке адам тәрбиелене және үйрене отырып дамиды деп тұжырымдайды.
Л.С.Выгодскийдің айтуы бойынша тәрбие дамуды жетелейді, дамудан озық
тұрады. Тәрбие роцесінде оқушының сыртқы талаптары мен ішкі ұмтылыстары
арасында қарама-қайшылықтар болады. Осы қайшылықты оқушы психологиялық
тұрғыда жеңе білген кезде ғана тәрбиенің нәтижесі болатындығын айтады.
Психолог А.В.Зопорожецтің пікірінше кіші жастағы оқушылардың
психикалық дамуындағы басты рольді пионер ұйымдарына қатысы, жүйелі еңбек
тапсырмаларын орындауы және қоғамдық өмірге көбірек араласуы тек
психикасының дамуына әсер етіп қана қоймайды, жеке тұлға ретінде
қалыптасуына ықпал етеді деген сөз.
А.Любинская бастауыш мектеп оқушыларының күнделікті құрбыларымен
сабақтан тыс жұмыстарға бірігіп араласуға ұмтылысы белсенділігі артады.
Балаларда жаңадан қамқорлық, сезім, ой, қызығу пайда болады. Сыныптан тыс
ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарында оқушы ретінде өсіп қоймай, кішкентай
азамат ретінде де өзге алдындағы жауапкершілігі, өзін істе сынау
қалыптасады деп психологиялық тұрғыдан түсіндіреді.
Социалистік өмір тәжірибесінде және социалистік педагогикада солай
қалыптасып және дамыды. Бірақ көптеген объективтік себептерге байланысты
бұл мақсат қазіргі педагогика теориясы мен практикасында нақтыланған
тәрізді. Дегенмен, тәрбие мақсаты туралы баламалы мақсаттар туындады.
1980 жылдардың ортасында көптеген жетістіктерге жетумен қатар,
қоғамның дағдарысқа ұшырауы және бір партиялық әкімшілік-командалық жүйенің
басшылық жасауы, маркстік-лениндік социолизм тұжырымдамасының басшылыққа
алынуы тәрбиені тек мемлекеттің қызығушылығына бағдарлап жүргізуді мақсат
етіп, жеке тұлғаның қажеттілігінің дамуына зиянын тигізді. 1985 жылдың
сәуір айынан бастап, қоғамдағы қайта құрулар осы қарама-қайшылықты шығарып,
тәрбиенің бір жақты бағдарланып жүргізілуін әшкерелеп, оқу-тәрбие процесін
адамға бағыттап жүргізуді, олардың толық қанды дамуы мен жеке жоспары мен
өмірлік ұмтылысын жүзеге асыруға бағытталуы қажет деп түсіндірді. Көп уақыт
бойына жіберілген кемшіліктер оқу орындарын, мұғалімдерді, оқушылардың өзін-
өзі дамыту, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру қабілеттерінің дамуын
тежеді. Тәрбие және тәрбие жұмыстарының қадірі түсе бастап, қоғамның
интеллектуалдық және моралдық деграциясы жүріп, өктемділік (авторитарная)
педагогика салтанат құрды.
1988 жылы Жалпы орта білім беру тұжырымдамасының қабылданып, оның
жаңа нұсқасында тәрбие мақсаты туралы айтылды. Ұзақ уақытқа созылған алға
ұмтылу туралы ұрандарды өзгерту, мектеп алдына басты мақсатты- не қоғамдық
даму кезеңіндегі жүзеге аспаған (алты жастан оқыту, орта жалпы оқыту), не

өзіне тән жалпы білім беру мектебін ( жаппай кәсіби дайындау). Бұл
мақсаттарда жаппай енгізуге ғылыми тұрғыда негізделмеген,
қаржыландырылмаған, кадрмен қамтамасыз ету және ресурстармен қамтамасыз
етілмеген, – деп көрсетілді. Педагогика тарихындағы тәрбие мақсаты туралы
ойларға жүгінсек, тәрбие мақсат өте қозғалмалы және өзгермелі нақты тарихи
сиапат алады. Оны нақтылайтын өмір сүріп отырған мемлекеттің саясаты мен
идеологиясы, қоғамның қажеттілігі және табиғат, қоғам, адамның объективтік
даму заңдылықтарына сүйеніп анықталады. Соның ішінде қоғамның қажеттілігіне
өндіріс күштердің даму деңгейі және өндірістік қарым-қатынастың сипаты,
ғылыми-техникалық погрестің даму қарқыны, қоғамның экономикалық
мүмкіндіктері, педагогикалық теория мен практиканың даму деңгейі, оқу-
тәрбие мүмкіндіктері, тәрбиеші, мұғалімдердің даму деңгейі сәйкес келуі
қажет. Сондықтан бүгінгі таңда адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту ең
басты мақсат болып, қазіргі өмір талабына сай толықтырып өзгертілген. Жалпы
білім беру мектептеріндегі тәрбиенің мақсаты: жеке тұлғаның ақыл-ой,
адамгершілік, эмоциональдық, дене дамуын қамтамасыз етіп, шығармашылық
мүмкіндіктерін ашу, ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру, жас ерекшелігін
есквкере отырып, жеке дарағының көрінуіне жағдай жасау. Міне осындау
мақсаттарды жүзеге асыру үшін мектептегі тәрбие жұмыстарының
ұйымдастырылуына, мазмұнын, әдіс-тәсілдеріне талаптар туындап отырады.
Ресейде мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесіне орай
бірқатар зерттеулер және әдістемелік құралдар жарық көрді. В.М. Коротов,
С.П. Сластенин, Б.П. Битинас, Л.И Новикова, Е.В. Бондаревский, В.А.
Караковский, В.А. Мудрик, В.С. Кукушина, Н.Е. Щуркованың мектептегі тәрбие
жұмыстарын жүргізудің ғылыми, әдістемелік жолдарын зерттеген және
тәжірибеге енгізген.
Е.В. Бондаревскийдің тұжырымдамасы бойынша тәрбие қызметін, тәрбие
мазмұнын жеке тұлға қалыптастыруда мәдениеттілігін тәрбиелеуге бағыттауды
көздейді. Сөйтіп, оқушыларды еркін, ізгілікті, рухани дүниесі мол,
шығармашылықпен ізденетін, практикалық жеке тұлғм етіп тәрбиелеу қажет
деген.
А.В. Мудриктің тәрбие жүйесі бойынша жеке тұлғаның қалыптасуының үш
деңгейін көрсетті. Соның ішінде 1-кезеңі бастауыш мектеп оқушыларына
лайықты, яғни оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына макро, мезо, микро
субъективті факторлардың әсерін көрсетті.
Н.Е.Шуркова жаңа тәрбие атты еңбегінде тәрбиеге мәдени көзқарасын
білдіреді. Бүгінгі тәрбие жұмысының жаңатұстары көп, өткен жылдардағыдан
ерекше айырмашылығы бар дейді. Жоғарыдағы көзқарастарды ескере отырып,
бүгінгі таңда тәрбиенің төрт түрлі тәрбиенің қалыптасқандығын төмендегідей
тұжырымдай аламыз; өктемдік, демократиялық, либеральдық, ізгілендіру.
Өктемдік тәрбие – тәрбиеленуші тәрбиешінің айтуымен орындаушы ролін
атқарып, тәрбиелік ықпалдың объектісі болады. Демократиялық тәрбие –
тәрбиеленушінің жеке тұлғасы қалыптасуында тәрбиеші мен тәрбиеленуші
партнер.Тәрбие процесі екі жақты: бір жағынан тәрбиелік ықпал, екінші
жағынан тәрбиеленушінің өзіндік әрекеті. Либеральдық тәрбие – еркін тәрбие
теориясы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ересектің көмегі мен жетекшісін қажет
етпейді. Гуманистік тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеші мен
тәрбиеленушінің өзара ықпалы арқылы жүреді.
1990 жылдарға дейін мектептегі тәрбие жұмысы төмендегі мына
бағыттарда жүргізіледі: дене тәрбиесі (денсаулықты түзеу, санитарлық-
гигиена мәдениетін сақтау, ақыл-ой), адамгершілік тәрбиесі (саналы
қатынастар, таным белсенділігін арттыру), ғылыми көзқарасты қалыптастыру,
саяси саналылық, әдет-ғұрып, еңбек тәрбиесі, құқық, азаматтық жауапкершілік
тәрбиесі, эстетикалық тәрбиесі. Бұл жағдай 90-шы жылдарыжеке тұлғаны
қалыптастыруда бөлшектеу деген түсіністікпен сынға ұшырады. Дегенмен жаппай
тәрбие беру жағдайында ерекше нәрсені ойлап табу мүмкін емес. Сонымен бірге
тәрбие бағыттарына бөлу іс жүзінде болмай, тек тәрбие жұмысын жоспарлауды
жеңілдету үшін пайдаланған болатын. Іс жүзінде барлық тәрбие жұмысы кешенді
жүргізілген еді, тек жұмысындағы кейбір іс-шараларға көбірек көңіл бөлу
өмір қажеттілігінен туындап отырды.
Тәрбие бағыттарындағы кемшілік оның жеке түрлерге бөлінуінде емес, ол
жеке бағыттылықтың болмауында еді. Бұл жағдай тәрбиенің өзіндік жеке
маңызын жойды. Осыған байланысты 90-шы жылдары тәрбие жұмысының мазмұнына
өзгерістер ендірілді, енді жеке адамды қалыптастыру проблемасын дамытуға
көңіл бөлінді.
Қазіргі таңда адамды әлеуметтік тіршілік иесі және қоғамдық
қатынастар субъектісі деп қарап, оны беске бөледі.Олар: белсенділік
(батылдылық, ынталылық, еңбекқорлық,еркіндікті,борышты сезіну қасиеттері,
тәртіптілік),қайырымдылық (жауапкершілік, саналылық, мырзалық, адалдық,
мейірбандық), қарапайымдылық (сыпайыгершілік, ұстамдылық, шыдамдылық,
үнемшілдік), білімділік (білімқұмарлық, зейінділік, еңбекқорлық,
мәдениеттілік), адамгершілік-бекзаттылық (ұстамдылық). В.С.Селиванов тәрбие
теориясы мен әдістемесін зертей отырып, бастауыш мектепте сабақтан тыс
уақытта мінез-құлық нормаларын игеруде, еңбекке, адамгершілік-эстетикалық
құндылықтарға қарым-қатынасын қалыптастыруда ойынның маңызын ескеріп, оны
тәрбиелік ойындар деп атауға болады дейді. Бастауыш мектептерде қоғамдық
орындардағы мінез-құлық ережелері, отбасы мерекелерін инсценировкалау,
ертегі, ұлттық ойындардан конкурс жариялау, телефонмен сөйлесу, ым-ишарат
техникасын меңгеруге ойын практикумын ұйымдастыру қажет дейді.
Білім берудің дамыған өркениетті елдердің үлгісіне қарап,
мемлекетімізге сай ұлттық сана мен халықтық дәстүр даму ерекшеліктерін
ескере отырып, тәрбиелеудің жаңаша түрлі жүйесінің бағдарламасы қолға
алынғаны, алға қарай талпыныс – бүгінгі күннің талабы.
Әлемнің өркениеті елдерінің қатарына қарыштап қадам басқан өз
еліміздің болашақ иегерлерін тәрбиелеу ісінде жаңа қажеттілігі де басым
еді. Қоғамның болашақ азаматтарының жаңа өмірге көзқарасын қалыптастыру
жолдарын нақтылау зиялы қауымның, мұғалімдердің үлгісінде болады. Өйткені,
халқымыз жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеу жайында үнемі небір сындарлы пікірлер
айтып, оған көп көңіл бөлгендегі баршамызға да белгілі. Сондықтан оның
берік негізі өскелең ұрпаққа тәрбиені дұрыс жолға қоя білуіне байланысты
болмақ. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл
бөлу міндеті бүкіл халыққа жүктеліп тұр.
Баршамыз тәуелсіз мемлекеттің болашағына зор сеніммен қарау үшін
өмірге қажетті бүкіл қасиеттерді қалыптастыру қажет. Қазіргі таңда қазақ
елі қоғамның дамуына бағыт-бағдарын өз қолына алып, Қазақстан
Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің даму қарсаңында, егеменді
іргелі ел қатарына қосылу барысында, ұлттық тұғырдан орын алып тарихи
дәуірінде тәрбие тағылымдарының өзіндік терең сыры мен қыры оның ұлттық
сипатында екен баршаға хақ.
Халық тәрбиесінде қалыптасқан тәрбие жайында көптеген мақал-мәтел,
жаңылтпаш, ертегі, әңгіме, өлеңдер жазылған. Оған небір сын, пікірлер
айтылып ақын-жазушы ағаларымыз, педагогтар және т.б. көп назар аударды.
Баланы сүйсең тәрбиесін сүй, Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп
баптау жетілдіреді,- деген мақал-мәтелдер баланы құр айналайын - дей
бермей, оны тәрбиелеу жағын ойластыру қажеттілігін, ұшатын ұясынан, әке-
шешесінен, мектеп қабырғасын алатын тәрбие қандай болса, көп жағдайда оның
алдағы өмірде соған орай құрылады деген ойды аңғартады.
Бала тәрбиесі туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ
даласының ойшылдары да Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари тәрбие туралы аз
пікірлер айтпаған.
Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің пікірінше Адамға ең бірінші білім емес,
тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте
оның өміріне қауіп әкеледі деген. Бұл біздің қай-қайсымызды да ойлантуы
тиіс деп санаймын. Қайырымды қала тұрғындар қатарына шәкәрттерді жатқыза
отырып, мінезі түзу шәкәрттерге білім еш қиындықсыз қонады, оларды
тәрбиелеуге ұстаздар жалықпауы қажет деп ескертеді.

2.Мектепте тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
Мектептегі өскелең ұрпақтар –болашағы Қазақстан азамат, ескінің
көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ-ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын
дүниежүзілік мәдениеттті танитын, сыйлата алатын рухани дүниесі бай,
интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті, болуы шартты.
Мектепте тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыра отырып, оқушыны тәрбиелеу
болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік,
Отанын сүйгіш еңбекқор, іскер шығармашылықпен іздемпаз қабілетті адам
даярлау мақсатына бағытталады. Адамның адам болып қалыптасуындағы тәрбиенің
маңызын ескерсек, баланың отбасы және мектепте алатын тәрбиенің маңызы зор
екенін, қаншалықты құндылығын түсіну қиын.
Өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу болашағына жол сілтеу бүгінгі күн
тәрбиесіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігін
байқатады. Қазіргі кезеңде біздің елімізде тәрбие тек мектепте ғана
жүргізіледі деп түсініп, Ұяда нені көрсек, ұшқанда соны ілерсің, Отбасы
– ошақ қасынан -жүргізілетінін тәрбиеге кей ата-ананың аса мән бермеуі
аян. Бұндай тәрбие баланың санасында әдепке, тәртіпке деген немқұрайлылық
көзқарас тудырып, көптеген балалардың қайырымсыздығын, мейірімсіздігн
байқатып отыр. Сондықтан жастарды тәрбиелеудің алғы шарттары – отбасы,
мектепке дейінгі кезеңнен, балабақша тәрбиесімен басталып, мектеп
қабырғасымен жалғасып және одан әрі дамыту міндеті туындайды.
Жас ұрпақтың сегіз қырлы, бір сырлы азамат болып өсуіне бірден-бір
атсалысатын мектеп екені белгілі жас баланың санасы жазылмаған таса
таспадай. Олай болса, Білім негізі бастауышта -дегендей осы сөзді ескере
отырып, нақты тәрбие беру біздің міндетіміз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу материалының логикалық құрылымы
Мектептің оқу тәрбие процесі
Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктері
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Негізгі мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру
«Педагогика» пәнінен дәрістік тезистері
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Пәндер